Постановление Правления алматы қаласы город Алматы Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде



жүктеу 328 Kb.
бет1/2
Дата17.01.2020
өлшемі328 Kb.
#27000
түріПостановление
  1   2


Жоба


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы




город Алматы



Ерікті түрде таратылатын

банктердің тарату комиссиялары

қызметінің ерекшеліктері

туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. «Банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 60 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде


№ 4688 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі


Министр ____________ А. Мұхамедиұлы

2016 жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының

2016 жылғы «__» ______

№ ___ қаулысымен

бекiтiлген


Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары

қызметінің ерекшеліктері туралы нұсқаулық



  1. Жалпы ережелер

1. Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және ерікті таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметінің ерекшелігін, оның ішінде тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері мен тәртібін, ерікті таратылатын банктердің тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтауы бойынша талаптарын, ерікті таратылатын банктердің кредиторлар комитетінің қалыптасу ерекшеліктерін және қызметін айқындайды.

2. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы ерікті түрде таратылатын банктің тарату комиссиясын (бұдан әрі – тарату комиссиясы) ерікті түрде таратылатын банк (бұдан әрі – банк) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) оның филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей құрады.

Тарату комиссиясының құрамын өзгерту банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

3. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап және банкті тарату процесі аяқталғанға дейін:

1) органдардың және банктің басқа қызметкерлерінің, оның ішінде банктің мүлікті басқару және міндеттемелерін өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;

2) банктің атынан немесе есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттің, егер оларды тарату комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылды атқаруға төраға Қазақстан Республикасы  заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат берген тұлға жүзеге асырғанда ғана заңды күші бар;

3) тарату комиссиясы банкке қатысты мүліктік сипаттағы талаптарды Нұсқаулыққа және  Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қарайды.

4. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оған банктің ісін және мүлкін басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер көшеді.

Тарату комиссиясы банктің ісін, оның ішінде оның кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуын қамтамасыз етуін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.

Тарату комиссиясы банктің атынан іс-әрекет жасайды және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес бола алады.

5. Тарату комиссиясының жұмысын тарату комиссиясының төрағасы басқарады.

Банктердің тарату комиссияларының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға тағайындайтын орынбасары атқарады.

6. Банктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері болса, оларды сол жерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.

7. Бөлімшені тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төрағаның бұйрығымен тағайындалған басшы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басқарады.

Бөлімше басшысы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімше басшысы және бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

8. Тарату комиссиясы мүшесінің (бөлімше басшысының) құқықтары мен міндеттері, еңбекақы төлеу талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын еңбек шартында айқындалады.

Жұмысқа қабылдау банктердің тарату комиссиялары төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

Тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеусіз қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекіткен әрбір қызметкердің қызметтік нұсқаулықтарында айқындалады.

9. Тарату комиссиясының төрағасы шұғыл басшылықты жүзеге асырады, бөлімшелердің қызметін және оның басшыларының жұмысын бақылайды.

10. Тарату комиссиясы тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес банкті тарату рәсімін жүзеге асырады.

11. Жұмыс жоспары жартыжылдыққа бөліне отырып бір жылға жасалады және тарату комиссиясы құрылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде және кейіннен жоспарланған кезеңнің алдындағы 10 (он) күннен кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынады.

Тарату комиссиясы жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпаратты жартыжылдық қорытындылары бойынша уәкілетті органға ұсынады.

12. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  88-бабының 3-тармағына сәйкес ерiктi тарату кезiнде тарату комиссиясының құрамына банк кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізіледі.

13. Құрылған күннен бастап тарату комиссиясы:

1) бірінші жұмыс күні банктің басшылығынан банктің құқықтық негізді құжаттарын, мөрлерін (бар болса), мөртабандарын, ақпараттың электронды тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, банктің бланктерін және басқа да құжаттарын, құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілерді жасай отырып, талап етеді;

2) бірінші жұмыс күні Нұсқаулықтың 48-тармағында көзделген касса қалдығының ұлттық валютадағы күнделікті лимитін қоспағанда, кассаны дереу түгендейді, ақша қалдығын банктің ағымдағы шотына аударады;

3) тарату комиссиясын құрған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға және (немесе) банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысында көзделген нысан бойынша қол қою үлгілері мен мөрінің бедері бар құжаттар ұсынады;

4) «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамынан тарату комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысын құрған күнгі жағдай бойынша банктің бағалы қағаздары ұстаушыларының тізілімін сұратады;

5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде кредиторлардың шағымдарын (өтініштерін) беру тәртібін, мерзімдері мен мекенжайларын, филиалдар желісі болған кезде – банк кредиторлары өз талаптарын ұсынатын филиалдар мекенжайларын міндетті түрде көрсетіп, банкті ерікті түрде тарату туралы ақпаратты 10 (он) жұмыс күні ішінде жариялайды;

6) 10 (он) жұмыс күні ішінде банктің корреспонденттің шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және теңгемен және шетел валютасымен ағымдағы шоттарды ашады;

7) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдарына және мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелеріне банктің ерікті түрде таратыла бастағандығы туралы хабарлайды;

8) қабылдау-өткізу актісі бойынша банктің активтерін, оның ішінде мүлкін қабылдайды;

9) уәкілетті органның банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы шешімінің, акционерлердің жалпы жиналысының тарату комиссиясын құру туралы шешімінің көшірмелерін көру үшін қолжетімді жерде орналастырады;

10) банктің активтерін анықтайды;

11) банкті тарату мақсаттарына сәйкес оның активтеріне иелік етеді;

12) банктің атынан талап қояды және сотта мүддесін білдіреді;

13) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысында көзделген нысандар бойынша, тарату комиссиясы тағайындалған күнгі екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы (700-Н нысан), электрондық түрдегі есепті (700-Н индексі) және екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы (700-ВН индексі) электрондық түрдегі есепті есептік автоматтандырылған жүйе деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер) басып шығарады. Бұл ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қолда бар қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

14) толық материалдық жауапкершілігі бар адамдар тобын, оның ішінде банктің бухгалтерлік есебін жүргізудің және қаржылық және өзге есептілігін өңдеудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсаты бар адамдарды айқындайды;

15) банктің істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін банк құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындайды;

16) банктің бағдарламалық қамтамасыз етуінің және ақпаратының электронды тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа да ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

17) банктің басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;

18) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеусіз қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды жұмысқа қабылдайды;

19) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайларын белгілейді және талдамалық есеп деректерімен салыстырып тексереді;

20) банктің әрбір кредиторын банктің ерікті таратылатындығы туралы жазбаша хабардар етеді;

21) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қолда бар деректемелерді және жазбаша хабарлау мүмкіндігінің болмау себептерін көрсетіп акт жасайды;

22) банк кредиторлары талаптарының заңдылығын айқындайды және оларды банктің бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

23) банкті таратудың бүкіл кезеңінде банктің құжаттарын және мүлкін сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

24) банктің дебиторларынан берешекті алу шараларын қабылдайды;

25) банктің бағалы қағаздары шығарылымының күшін жою мақсатында уәкілетті органға тиісті құжаттарды ұсынады;

26) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін мүліктің жеткіліксіз болу фактісі анықталған жағдайда сотқа банкті банкрот деп тану туралы өтініш береді;

27) тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды банк акционерлері жалпы жиналысының бекітуіне ұсынады;

28) сақтау үшін құжаттарды мұрағатқа тапсырады және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді;

29) Нұсқаулыққа көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

14. Банктің теңгемен және шетел валютасымен ағымдағы шоттары оның бас офисінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті филиалында немесе уәкілетті органның келісімімен екінші деңгейдегі банкте ашылады.

Филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін қоса алғанда, банктің барлық ақшасы Нұсқаулықтың 48-тармағында көзделген кассадағы ұлттық валютадағы қалдықтың күн сайынғы лимитін қоспағанда, банктің ағымдағы шотына есептеледі.

Банк алдында берешегі жоқ жеке немесе заңды тұлғалардың жазбаша талабы бойынша тарату комиссиясы уәкілетті органның банкті ерікті түрде таратуға рұқсатын алғаннан кейін банктің банк шоттарына түскен ақшаны қайтаруды жүзеге асырады.

Банктің шотына қате түскен ақшаны қайтаруды тарату комиссиясы «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

15. Тарату комиссиясы мүшелері мен қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгінеді, сондай-ақ бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

16. Жұмыс жоспарында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, тарату комиссиясы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органға тиісті құжаттардың көшірмелерімен қоса тиісті жазбаша түсініктеме ұсынады.

17. Тарату комиссиясы уәкілетті органға істелген жұмысы туралы есептерді және қосымша ақпаратты ұсынады.

Тарату комиссиясының банк филиалдарында және (немесе) өкілеттіктерінде қызметін жүзеге асыратын бөлімшелері істелген жұмысы туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

18. Тарату комиссиясы сақталуға жататын, оның ішінде тарату комиссиясының қызметіне қатысты құжаттарды мұрағатты және құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есепке алуды, ресімдеуді және сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктерге қойылатын барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

19. Құжаттар мұрағат ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз жойылмайды.

20. Банктің тұрақты сақталуға жататын құжаттары реттелген түрде банктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік мұрағаттарға беріледі, ал сақталу мерзімдері банкті тарату толық аяқталған сәтте аяқталмаған, уақытша сақталатын, оның ішінде жеке құрам бойынша құжаттар қабылдау-өткізу актісі бойынша уәкілетті органның филиалдарына беріледі.


 

2. Тарату шығыстарының сметасын қалыптастырудың және бекітудің ерекшеліктері мен тәртібі

 

21. Банкті ерікті таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.



22. Тарату өндірісімен байланысты, оның ішінде тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, сондай-ақ банктің негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты жүргізіледі.

Тарату массасын мақсатсыз жұмсау жүргізілмейді, тарату массасына қаражатты резервтеу мерзімі 3 (үш) айдан аспайды.

23. Тарату комиссиясының қызметі кезеңіндегі банктің шығыстарын ретке келтіру мақсатында Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарату шығыстарының сметасы жасалады.

24. Тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы ол құрылғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жасайды.

Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

Тоқсан үшін тарату шығыстарының сметасы әрбір ай бойынша жасалады.

Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгеннен кейін тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын, жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың 5 (бесінен) кешіктірмей кредиторлар комитетіне бекітуге береді.

Кредиторлар комитетінің тарату шығыстарының сметасын бекіту туралы немесе бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.

25. Тарату комиссиясы бекітілген тарату шығыстары сметасының көшірмесін оған түсіндірме жазбаны қоса бере отырып ол бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күні уәкілетті органға ұсынады.

26. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасына тарату комиссиясының төрағасы енгізген өзгерістер мен толықтыруларды кредиторлар комитеті алдын ала бекітеді.

27. Егер тарату шығыстары алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаса және оларды жоспарланып отырған кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі болса, көрсетілген шығыстар жоспарланып отырған кезеңнің тарату шығыстарының сметасына енгізуге жатады.

28. Тарату комиссиясының төрағасы және кредиторлар комитеті тарату шығыстары сметасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

29. Банктің тарату комиссиясы банктің тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және кредиторлар комитеті банктің тарату шығыстарының сметасын бекіту кезінде нақтылық, негізділік, орындылық және тарату шығыстарының дәйектілік қағидаттарын басшылыққа алады.

Тарату шығыстарының нақтылық қағидаты тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде банктің нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлемін негізге алу қажеттілігін білдіреді.

Тарату шығыстарының негізділік қағидаты тарату өндірісінің белгілі бір кезеңінде болжанатын шығындардың объективтік қажеттілігі деп түсініледі.

Тарату шығыстарының орындылық қағидаты тарату комиссиясы жұмсаған шығындар қойылған мақсатқа сәйкес келетінін, яғни тарату өндірісін және банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды аяқтауға бағытталғандығын білдіреді.

Тарату шығыстарының дәйектілік қағидаты тарату комиссиясының жұмсалған шығындарды құжаттамалық растауын білдіреді.

30. Тарату шығыстарының сметасында мынадай шығындар баптары көзделеді:

1) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар;

3) әкімшілік шығыстар;

4) тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары;

5) іссапар шығыстары;

6) көзделмеген шығыстар;

7) басқа да шығыстар.

31. Еңбекке ақы төлеу шығыстарында мынадай шығындар көзделеді: тарату комиссиясы төрағасы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, банктің филиалдары мен өкілдіктері ескеріле отырып, тарату комиссиясына тартылған, еңбек шарттары мен өтеусіз қызмет көрсету шарттары негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу.

32. Тарату шығыстарының сметасына өтеусіз қызмет көрсету шарттары бойынша тарату комиссиясының ақы төлеуі енгізілген кезде есеп айырысулар қызметтер күн сайынғы негізде көрсетілетін және ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылатын жасалған өтеусіз қызмет көрсету шарттары негізінде жүргізіледі.

33. Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтарға және өтеусіз қызмет көрсету шарттарына негізделеді. Еңбекке ақы төлеу шығыстарының бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штат кестесіне сәйкес қалыптастырылады.

Штат кестесіне тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, еңбек шарттары мен өтеусіз қызмет көрсету шарттары негізінде жұмыс істейтін адамдар кіреді.

34. Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

35. Тарату комиссиясы тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға шығыстарды сметаға енгізген кезде есеп айырысулар тиісті өңірде белгіленген тарифтік сеткалар мен орташа нарықтық бағалар негізінде жүргізіледі.

36. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің және тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Іссапарға жіберілген қызметкерге іссапарда болған күнтізбелік күндер үшін, оның ішінде жолда болған уақыт үшін тәулікақы төленеді, сондай-ақ тұрғын үй жалдау бойынша шығындар, іссапарға барып-қайтуға арналған көлік шығыстары өтеледі.

37. Көзделмеген шығыстар тарату комиссиясы кезек күттірмейтін мұқтаждар үшін жоспарламаған, мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын шығындар болып табылады.

«Көзделмеген шығыстар» шығындар бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық жұмсауға байланысты шығыстар, сондай-ақ бекіту Нұсқаулықта көзделген мұқтаждарға арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.

38. Жоспарланып отырған және жұмсалған шығыстарды тарату комиссиясы шарттармен, шот-фактуралармен, чектермен және өзге құжаттармен растайды.

39. Тарату шығыстарының сметасы бекітілгенге дейін тарату комиссиясының бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуіне байланысты шығыстарды жүзеге асыруы мынадай шығындар баптары бойынша жүргізіледі:

1) банктің ерікті түрде таратылатыны туралы хабарландыруды жариялау бойынша қызмет;

2) байланыс қызметі (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызмет бойынша шығыстар, интернет-ресурстарды пайдаланғаны үшін шығыстар);

3) коммуналдық қызмет;

4) қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар құжаттарды нотариатта куәландыру бойынша қызмет.

40. Тарату шығыстарының сметасын бекітуден бас тарту үшін негіздемелер:

1) тарату комиссиясының Нұсқаулықтың 29-тармағында көзделген тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру қағидаттарын сақтауы көрсетілетін түсіндірме жазбаны;

2) жоспарланған (жұмсалған) шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынбау болып табылады. 

41. Тарату шығыстары сметасының басқа бабы бойынша үнемдеу есебінен бір шығындар бабы бойынша артық жұмсау жүзеге асырылмайды.

3. Тарату комиссияларының

кассалық тәртіпті сақтауы бойынша талаптар
42. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, ал бөлімшелерде – бөлімше басшысы, бухгалтері, кассирі қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді, тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кіріске алынуына бақылауды жүзеге асырады.

43. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларды бұйрықпен айқындайды.

Бір кассирі бар тарату комиссияларында оны ауыстыру қажет болған жағдайда, кассирдің міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.

44. Қолма-қол ақшамен операцияларды орындайтын, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

45. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау банктің қоймасында (сақтау орнында) немесе күзет, өрт және дабыл сигнализация құралдарымен нығайтылған және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтарымен жарақталған үй-жайда жүзеге асырылады.

46. Тарату комиссиясының касса (бұдан әрі - касса) жұмысы аяқталған соң банктің қоймасы (сақтау орны) немесе ақшаны және құндылықтарды сақтауға арналған үй-жай кілтпен жабылады, бір жиынтығы кассирде, ал екіншісі - тарату комиссиясының бас бухгалтерінде не төрағасында (бөлімше басшысында) болады және тарату комиссиясының мөрі басылады.

47. Кассада жасалатын қолма-қол ақшамен операциялардың есебі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық қаржылық есеп стандартына және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Кассада қолма-қол ақшамен кіріс-шығыс операциялары жасалады. Қолма-қол ақша және құндылықтар касса үй-жайында сейфтерде сақталады.

48. Қолма-қол ақшамен касса операцияларын жасау үшін ұлттық валютамен төмендегі шекте касса қалдығының күн сайынғы лимиті белгіленеді:

1) тарату комиссиясының бас кеңсесінде – 600 000 (алты жүз) теңге;

2) тарату комиссиясының бөлімшесінде – 200 000 (екі жүз) теңге. 

Бір күндік лимит сомасынан асып кеткен жағдайда, тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысуды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарынан, екінші деңгейдегі банктерден мүлікті өткізуден, дебиторлық берешекті өндіруден алынған қолма-қол ақшаны сақтауы уәкілетті органның қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті филиалында немесе екінші деңгейдегі банкте ақшаны алған күнді есептемегенде, кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

49. Кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері және кассирі (бөлімшенің бухгалтері және кассирі) қол қоятын кассалық кіріс құжаттары бойынша (қолма-қол ақшаны енгізуге хабарландыру және кассалық кіріс ордері) жүзеге асырылады және кіріс бойынша Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабында (бұдан әрі – касса кітабы) көрсетіледі. Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді.

50. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) кассаға сол күні кіріске алынады.

51. Тарату комиссиясының кассасында қолма-қол ақша беру кассалық шығыс ордерлері бойынша жүргізіледі.

Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам кассалық шығыс ордерінде көрсетілген тұлғаға ғана береді.

Ақшаны кассалық шығыс ордері бойынша беру кезінде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, кім және қашан бергенін жазып алады.

Егер ақшаны беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат бойынша жүргізілсе, ордер мәтінінде ақша алушының аты-жөнінен (ол болған кезде) кейін кассир ақшаны алуға сенім білдірілген адамның аты-жөнін (ол болған кезде) көрсетеді. Егер ақша ведомость бойынша берілетін болса, ақшаны алу үшін қол қоятын орынның алдына кассир «Сенімхат бойынша» деген жазба жасайды.

Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне қоса тігіледі.

Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордер бойынша ресімделеді.

52. Кассалық операциялар нәтижесінде пайда болған және кассалық құжаттармен ресімделмеген ақшаның және құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы тиісінше кіріске алынады немесе акт жасала отырып, кассирден өндіріп алынады.

53. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, тарату комиссиясының бас бухгалтері және кассирі қол қояды, ал бөлімшелерде – бөлімше басшысы, бухгалтері және кассир қол қояды.

54. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің және тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық шығыс ордері жасалмай төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосы не қызметкердің банк шотына соманы аудару бойынша жүргізіледі.

Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосының бірінші (аты көрсетілген) бетінде тарату комиссиясы төрағасының және тарату комиссиясы бас бухгалтерінің, ал бөлімшелерде – бөлімше басшысы мен бухгалтерінің қол қоюмен, қолма-қол ақшаны беру мерзімін және сомасын жазбаша көрсете отырып қолма-қол ақшаны беру туралы рұқсат беру жазбасы жасалады.

Кассир жалақы төлеудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін:

1) төлем жасалмаған тұлғалардың фамилиясының қарсы тұсына мөртабан қояды немесе қолдан «Депонирленген» деген белгі қояды;

2) депонирленген соманың тізілімін жасайды;

3) төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосының соңында жалақының нақты төленген сомасы мен депонирлеуге жататын жалақының алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосының жалпы жиынтық сомасымен салыстырады және өзінің қолын қояды;

4) ведомоста нақты төленген соманы көрсетеді.

55. Қолма-қол ақша тарату комиссиясының қызметкерлеріне тарату өндірісіне байланысты мақсаттарға есепке беріледі.

Тарату комиссиясының бас бухгалтері және төрағасы, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысы мен бухгалтері қол қойған осы шығыстардың (тарату комиссиясының баянжазбасы, есептері, хаттамалары және басқалар) қажеттілігін негіздейтін, тиісінше ресімделген құжаттар ақшаны есепке беруге негіздеме болып табылады.

56. Есеп беретін тұлғалар алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей есепке берілген сомалар, іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап іссапар шығыстары бойынша алынған сомалардың мақсатты бағытта жұмсалғанын растайтын құжаттарды (барлық растау құжаттарын қоса бере отырып аванстық есептер, тауарларға ақы төлеу және көрсетілген қызмет туралы чектер) береді.

Есепке берілген ақша оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, іссапар шығыстары кезінде іссапар аяқталған күннен бастап мына:

1) мақсатты бағыты бойынша пайдаланбаған;

2) мақсатты пайдалануын растайтын құжаттар болмаған жағдайларда қайтарылады.

Есепке алынған және пайдаланылмаған ақшаны жалақыдан ұстап қалу жүзеге асырылмайды.

57. Кассалық кіріс құжаттары, кассалық шығыс ордерлері және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп, өшірілмей, түзетусіз және тазартусыз толтырылады.

Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері көрсетіледі және оған қоса берілетін құжаттар аталады.

Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге күні, айы және жылы көрсетіліп, кассирдің немесе оның орнындағы адамның «Алынды» немесе «Төленді» деген қолымен немесе мөртабанмен міндетті түрде жабылуға тиіс.

58. Жұмыс күнінің соңында кассир кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде


№ 1482 тіркелген «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысының талаптарына сәйкес күн ішіндегі кассалық айналымдар мен құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды, және оның қорытындысын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады. Салыстырып тексеру тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирінің, ал бөлімшелерде – кассир мен бухгалтердің қолдарымен расталады.

Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында айырмашылықтар болған жағдайда, бас бухгалтер (бөлімше бухгалтері) бұл туралы тарату комиссиясының төрағасына айырмашылықтың себептерін анықтау бойынша шаралар қолдану үшін дереу хабарлайды. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.

Кассир күн сайын жұмыс күнінің соңында касса кітабындағы күн ішіндегі операциялардың (кіріс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейді, қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ басқа құндылықтардың келесі күнге қалған қалдығын шығарады, олар тарату комиссиясы кассирінің, бас бухгалтерінің және төрағасының (бөлімше кассирінің, бухгалтерінің және басшысының) қолдарымен расталады.

59. Кассир касса жинақталған кейін касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тігеді. Қалыптастыру кезінде кассалық құжаттар баланстық шоттар бойынша (нөмірлеудің өсу ретімен) және кіріс пен шығыс бойынша жеке-жеке іріктеледі. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірі бойынша – басында кіріс, содан кейін шығыс деп іріктеледі.

60. Касса құжаттары келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей әр күн үшін жеке папкаларға қалыптастырылады. Жинақталып тігілген құжаттардың жиынтық деректері саналады және күн ішіндегі касса айналымы туралы жиынтық анықтама деректерімен салыстырып тексеріледі.

Кассалық және мемориалдық ордерлерінің кірісі мен шығысы бойынша күн ішіндегі кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардың алдында, папканың басына орналастырылады.

61. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысы мен мақсатты пайдаланылуының есебін жүргізу үшін касса кітабын жүргізеді, ол нөмірленеді, тігіледі және тарату комиссиясының мөрімен бекітіледі. Кассалық кітап парақтарының саны тарату комиссиясы төрағасының (бөлімше басшысының) және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.

Қате түзетілген кезде «Түзетілді» деген жазба жасалады, ол тарату комиссиясының кассирі мен бас бухгалтерінің, ал бөлімшелерде – кассир мен бухгалтердің қолдарымен түзету жасалған күнін көрсете отырып расталады. Касса кітабында өшіруге және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.

Касса кітабының дұрыс және уақтылы жүргізілуіне бақылау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге, ал бөлімшелерде – бухгалтерге (бухгалтер болмаған кезде – бөлімше басшысына) жүктеледі.

62. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ тоқсанына 1 (бір) реттен кем емес қолма-қол ақшаны толық қайта санау арқылы (банкнотты - парақтап, монеталарды – топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жүргізіледі.

Тарату комиссиясының кассасындағы банкноттарға, монеталарға және басқа да құндылықтарға ревизия, сондай-ақ оларды сақтау тәртібін тексеру тарату комиссиясы төрағасының өкімдері бойынша:

1) тоқсанына 1 (бір) реттен кем емес;

2) тарату комиссиясының төрағасы (бөлімше басшысы), кассирі ауысқан кезде;

3) тарату комиссиясы төрағасының ұйғаруы бойынша басқа жағдайларда (тарату комиссиясының құндылықтарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың уақытша ауысуы, құндылықтардың жоспардан тыс ревизиясы және басқасы.) жүргізіледі.

63. Кассаға ревизия жүргізу үшін төрағаның бұйрығымен комиссия тағайындалады, оның құрамына тарату комиссиясының бас бухгалтері (бөлімшенің бухгалтері), не оның орнындағы адам, тарату комиссиясының қолма-қол ақшамен және құндылықтармен байланысты операцияларды жүзеге асырмайтын қызметкерлері кіреді.

Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргізу және құндылықтар мен ақшаны талан-таражға салу және кем шығу мүмкіндігін жасыра алмайтын бірізділік бойынша жүргізіледі.

Құндылықтарға жүргізілген ревизияның қорытындысы бойынша тарату комиссиясы кассасының қолма-қол ақшасы мен құндылықтары ревизиясының актісін Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кем шығуды және артық шығуды (олар орын алған кезде) көрсете отырып, акті жасалады, оған ревизияға қатысқан қызметкерлер мен кассир қол қояды.

Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда, тарату комиссиясы кассасының қолма-қол ақшасы мен құндылықтары ревизиясының актісінде кем шығу немесе артық шығу сомасы және олардың пайда болу жағдайлары көрсетіледі.

Егер қолма-қол ақшаның және басқа да құндылықтардың кем шығуы қымқырудың нәтижесі болып табылса, тарату комиссиясының бас бухгалтері немесе кассир (бөлімшенің бухгалтері, кассирі) бұл факті туралы тарату комиссияның төрағасына (бөлімшенің басшысына) және құқық қорғау органдарына хабарлайды.


жүктеу 328 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау