«Mcdonald’S» Қазақстандағы бірінші мейрамханасын



жүктеу 20,68 Kb.
Pdf просмотр
Дата18.12.2017
өлшемі20,68 Kb.
#4837


«McDONALD’S» ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРІНШІ МЕЙРАМХАНАСЫН 

АШТЫ 


 

Әлемге  әйгілі    «McDonald’s»  желісі  Астана  қаласында  республикамыздағы  алғашқы 

мейрамханасының  есігін  айқара  ашты.  Ашу  салтанатына  Астана  қаласының  әкімі  Әділбек 

Жақсыбеков,  Мәдениет  және  спорт  министрі  Арыстанбек  Мұхамедиұлы,  «McDonald’s» 

корпорациясының  президенті  Стив  Истербрук,  Ресейдегі  «Макдоналдс»  президенті  Хамзат 

Хасбулатов және Қазақстандағы франшиза иесі Қайрат Боранбаев қатысты.  

     

Астаналықтарды  мейрамхананың  ашылуымен,  ең  алдымен,  Астана  қаласының  әкімі 



Әділбек Жақсыбеков құттықтап, мейрамхана жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететінін 

атап  өтті,  сондай-ақ,  желінің  одан  әрі  дами  түсетініне  үміттенетінін  айтты.  «Бүкіл  әлемдегі 

экономикалық  жағдайға  қарамастан,  «McDonald’s»  біздің  мемлекетіміздің  аумағында  да 

дами түспек», - деп Астана әкімі өз пікірін білдірді. 



 

   

«Біз  «McDonald’s»  сауда  белгісінің  Қазақстанда  ашылуын  мақтан  тұтамыз», – деп 

қуанышымен  бөлісті  «McDonald’s»  Корпорациясының  Президенті  және  Басқарушы 

директоры  Стив  Истербрук. – Біз  жергілікті  мәдениеттің  бір  бөлігіне  айналып, 

өзіміздің  мейрамхана  бизнесін  жүргізудегі  прогрессивті  алдыңғы  қатарлы  тәжірибемізді 

Қазақстанға  беру  үшін  қолымыздан  келгеннің  бәрін  істейміз. Бұл  ашылу  біздің  сауда 

белгіміздің халықаралық дамуындағы маңызды қадам». 

 

Қазақстандағы  «McDonald’s» франшизасының  иесі  кәсіпкер  Қайрат  Боранбаев  қазіргі 



уақытта Беларусьтегі «McDonald’s» франчайзи де болып табылады.  Қайрат Боранбаевтың 

Қазақстан  Республикасында  бизнес-бастамаларды  сәтті  жүзеге  асыру  бойынша  мол 

тәжірибесі  бар.    Ол  «Алмалы»  активтерді  басқару  компаниясы»  қазақстандық  холдингінің 

Басқарма Төрағасы болып табылады.  

  

   

«Мен  бүкіл  әлемдегі  ең  танымал  сауда  белгілерінің  бірі  «McDonald’s»    брендіне  аса 

құрметпен  қараймын,  және  өз  елімде  осы  брендтің  серіктесі  болғанымды  мақтан 

тұтам, –  деп  мәлімдеді  Қазақстандағы  «McDonald’s»  франшизасының  иесі  Қайрат 

Боранбаев. – «McDonald’s» желісінің  Қазақстанда  дамуы  жаңа  жұмыс  орындарын  ашып, 

біздің  жаңа  меймандарымыз  үшін  заманауи  және  жайлы  жағдайда  өнімді  ұсыну  және  ең 

жоғарғы  сапалы  қызмет  көрсетудегі  «McDonald’s»  тәжірибесімен  алмасуға  мүмкіндік 

береді.  Қазақстанда  «McDonald’s»   желісінің  ашылуы  жергілікті  кадрларды  дамытуға  зор 

мүмкіндіктер беріп қана қоймай, қалалық бюджетке тұрақты салықтық аударымдарды да 

қамтамасыз  етеді.  Оған  қоса,  бұл  халықаралық  инвесторлар  үшін  өңірдегі  қолайлы 

іскерлік ахуал туралы жақсы белгі болып табылады». 

 

Мейрамхананың  алғашқы  қонақтары  «Светоч»  жеке  меншік  балалар  үйінде  тәрбие  алушы 



балалар болды. Ашылу салтанаты барысында Қайрат Боранбаев осы ұйымның директоры 

Соловьева  Лилия  Вениаминовнаға  «McDonald’s»  компаниясының  атынан  микроавтобустың 

кілтін ұсынды.  

 

«McDonald’s»  мейрамханасында  кішкентай  қонақтарға  аса  көңіл  бөлінген.  Балаларға 



арналған  ішінде  ойыншығы  бар    әйгілі  «Хэппи  Мил»  асынан  басқа,  балалар  үшін 

«McDonald’s» мейрамханасының екінші қабатында ойын бөлмесі ұйымдастырылған. Бірінші 

қабатта бояуға арналған суреттер мен қарындаштары бар арнайы бокс орналасқан. 

 



Мейрамхана  863  шаршы  метр  жерде  орналасып,  206  отыратын  орынмен  жабдықталған. 

Мейрамхананы безендіру үшін ең жаңа дизайн-концепциялар, сондай-ақ, қонақтарға қызмет 

көрсету үшін заманауи жүйелер қолданылған, оның ішінде «McDrive» концепциясы,  өзіне-өзі 

қызмет  көрсету  киоскілері,  туған  күндерге  арналған  балалар  бөлмесі  және  отбасымен 

белсенді  демалуға  арналған  интерактивті  бөлме  бар.  Қазақстан  Республикасындағы 

алғашқы  «McDonald’s»  мейрамханасының  мәзірінде  компанияның  әлемге  әйгілі  тағамдары 

 

– Биг Мак, Фри картобы және Чикен Макнаггетс бар. 



 

«McDonald’s»  алғашқы  мейрамханасында  200-дей  қызметкер  жұмыс  істейді.  22  менеджер 

ресейлік  (Нижний  Новгород,  Казань,  Чебоксары,  Уфа),  белорусстық  (Минск,  Витебск) 

«McDonald’s»  мейрамханаларында  оқытылды.  Сонымен  қатар,  желінің  кәсіпорындарын 

ашуда  Қазақстандық  әріптестеріне  Ресейден  келген  «қолдау  көрсету  командасы»  көмек 

көрсетті. 

  

Қазақстандағы  «McDonald’s» мейрамханаларына  өнім  мақұлданған  жеткізушілерден  келіп 



түседі.  «McDonald’s» алғашқы  кәсіпорындарына  жеткізу  Екатеринбургтегі,  Ресей,  тарату 

орталығынан  жүзеге  асырылады.  Оған  қоса,  Қазақстандағы  «McDonald’s»  командасы 

жергілікті жеткізушілер базасын дамыту жұмысын жалғастырып жатыр. 

 

Компанияның  екінші  мейрамханасы  2016  жылдың  ішінде  ашылады  деген  жоспар  бар.  Ал 



Қазақстанда  одан  ары  даму  үшін  келесі  5  жыл  ішінде  15  мейрамхана  ашу  жоспарланып 

отыр. 


 

 

«Food Solutions KZ» ЖШС баспасөз қызметі 



 

 

жүктеу 20,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау