4. Банктің активтерін басқару және кредиторлардың шағым-талаптарын (өтініштерін) қарау
64. Банктің активтеріне банктің меншік мүлкі, заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар, сондай-ақ банктің басқа да талаптары жатады және тарату массасын қалыптастыру үшін негіз болады.
65. Тарату комиссиясы тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде банк қызметкерлерінің қатысуымен банктің мүлкін (активтерін), жеке шоттарын, кредиттік және өзге де шарттарды түгендеуді, сондай-ақ баланс шоттарының және меморандум шоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексеруді жүргізеді. Түгендеудің қорытындысы бойынша акт жасалады.
Содан кейін бухгалтерлік есеп деректерінің дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы түгендеуді жылына кемінде 1 (бір) рет, сондай-ақ мынадай жағдайларда міндетті түрде:
материалдық жауапты және лауазымды адамдар, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) бас бухгалтері ауысқан кезде;
қымқыру немесе асыра пайдалану, сондай-ақ мүліктің бүліну фактілері анықталған кезде;
дүлей зілзалалар, өрт, апаттар немесе қиын-қыстау жағдаяттарда туындаған басқа да төтенше жағдайларда жүргізеді.
66. Барлық кредиттік істер, оның ішінде банктік қарыз шарттары және өзге де шарттар қолда бар құжаттарды қоса бере отырып сипатталуға және одан кейін есептік-тіркеу құжаттарымен салыстырып тексерілуге тиіс. Айырмашылық анықталған кезде не құжаттар болмағанда себептері көрсетіліп акт жасалады.
67. Банктер туралы заңның 74-1-бабында көрсетілген активтерді қоспағанда, банктің түгендеу жолымен анықталған барлық активтері тарату массасына енгізілуге тиіс. Таратудың басында банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер банктің аралық тарату балансында көрсетіледі.
Нұсқаулықтың 65-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жүргізілген түгендеу барысында анықталған мүліктің кем шығуы аралық тарату балансына енгізіледі және жеке шотта есепке алынады.
68. Тарату комиссиясы банктің мүлкін бағалауды мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып жүргізеді.
69. Егер банкте бар ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті өткізу жоспарына сәйкес мүлікті сатады.
Банктің ғимараттары мен құрылыстары, өзге де жылжымайтын мүлік объектілері олардың құнына қарамастан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 910 және 916-баптарында көзделген тәртіппен жария сауда-саттық (аукцион) арқылы ғана өткізілуге тиіс.
70. Банкте кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің мүлігін сату жоспарын бекітеді және бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін жіберіледі.
71. Тарату комиссиясы таратылатын банктің мүлкін мына:
сатылатын мүлікке осы өңірдегі мүліктің ұқсас түріне нарық бағасынан кем емес баға белгілеу;
мүлікті мүмкіндігінше неғұрлым жоғары бағамен өткізу;
мүлікті сатудан болатын шығынды азайту талаптары мен мақсаттарына қарай сатады.
72. Мүлік бағалау туралы есеп болған кезде ғана берешекті өтеу есебінде, оның ішінде сот шешімін орындау есебінде беріледі.
73. Тарату комиссиясы берілген қарыздар бойынша кредиттік шарттарды өтеудің нақтылығы мен перспективалары, борышкерлердің мүліктік жағдайы нысанасына талдау жасайды және кредиттік пакетті қалыптастырады. Кредиттік пакетті иеліктен шығару немесе талап етуді беру туралы шешім кредиторлар комитетінің отырысында қабылданады.
74. Кредиторлар растау құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып тарату комиссиясына жазбаша шағымдарын (өтініштерін) береді.
Кредиторлардың шағымдарында (өтініштері) талаптың негізі мен мөлшерін растайтын құжаттар қоса беріле отырып (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар), талаптың мөлшері туралы мәліметтер (негізгі борыштың, сыйақының, шығындардың, айыппұл санкцияларының мөлшері туралы жеке) болады.
75. Тарату комиссиясы заңды немесе жеке тұлғаның шағымдарын қараған кезде қойылған талаптың заңдылығын және оның негіздемесін тексереді.
Тарату комиссиясы шағымды алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде оны қарауға тиіс.
76. Шағымды (өтінішті) алған тарату комиссиясы өтініш иесінің дәлелді талаптарын мойындайды және оған шағымды (өтінішті) қарау нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Шағымға (өтінішке) берілген жауапта:
1) шағымды (өтінішті) берген тұлғаның және жауапты жіберетін тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілетін шағымның (өтініштің) күні мен нөмірі;
2) шағым (өтініш) толық немесе ішінара мойындалған жағдайда, мойындалған сома не егер олар ақшалай бағалануға жатпаған жағдайда, шағымды (өтінішті) қанағаттандыру мерзімі мен тәсілі;
3) шағым (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда - қабылданбау себептері мен шағымды (өтінішті) қабылдамауды дәлелдейтін құжаттар;
4) жауапқа қоса берілген құжаттардың және өзге дәлелдердің тізбесі көрсетіледі.
77. Егер шағым (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда, өтініш иесіне шағыммен (өтінішпен) бірге қабылданған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ тиісті құжаттарды қоса бере отырып, шағымның (өтініштің) негізді бас тарту жіберіледі.
78. Тарату комиссиясының кредитор растау құжаттарын бермеуіне байланысты шағымды (өтінішті) қабылдамауы кредитордың тарату комиссиясына шағыммен (өтінішпен) және шағымды (өтінішті) қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінде талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып қайта өтініш беруіне кедергі болмайды.
79. Жауап оның жөнелтілгендігін белгілеуді қамтамасыз ететін тапсырысты немесе бағалы хатпен, байланыстың басқа да құралдарымен жіберіледі.
80. Шағымдарды (өтініштерді) ұсыну үшін арналған мерзім баспасөзде Нұсқаулықтың 13-тармағының 5) тармақшасында көзделген банкті ерікті тарату туралы хабарландыруды жарияланған күннен бастап есептеледі және кемінде 2 (екі) айды құрайды.
81. Шағымды (өтінішті) ұсыну, сондай-ақ ұсынылған барлық шағымдарды (өтініштерді) қарау үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде активтер мен міндеттемелерге жүргізілген түгендеудің нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды.
82. Егер шағымды (өтінішті) берген кредитор бірмезгілде банктің борышкері болып табылған жағдайда, онда тарату комиссиясы шағымды (өтінішті) қарау кезінде ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкердің бір тұлға болуына қарай өзара талаптарын есепке алуды жүргізу туралы мәселені қарайды және аралық тарату балансына пайда болған айырма сомасын енгізеді.
Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін өзара талаптарды есепке алу осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісті кезегі келген кезде ғана жүргізіледі.
83. Филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар банктің аралық тарату балансы банк филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің аралық тарату балансын ескере отырып жасалады.
Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасағаннан кейін оны акционерлердің жалпы жиналысында бекіткенге дейін банк кредиторларының талаптар тізілімін қарау үшін уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган таратылатын банктің аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды. Таратылатын банктің аралық тарату балансы және банктің кредиторлар талаптарының тізілімі қаралғаннан кейін құжаттардың 1 (бір) данасы тарату комиссиясына қайтарылуға тиіс, ал екіншісі уәкілетті органда қалады.
Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттардың және ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, банк акционерлерінің жалпы жиналысында аралық тарату балансы мен тізілім бекітілмейді.
Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жою себептері мен мерзімін және бекіту үшін аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін қайтадан ұсынуды көрсете отырып бұл жөнінде тарату комиссиясына жазбаша хабарлайды.
Банк акционерлерінің жалпы жиналысына аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін қайта ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.
Тарату комиссиясы банк акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген банктің аралық тарату балансының көшірмесін есептілік және құжаттар нысандарының көшірмелерімен бірге олар бекітілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.
84. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келеді.
Кредиторлардың талап ету тізіліміне банк кредиторларының даусыз және тарату комиссиясы дұрыс деп шешкен кредиторлар талаптары енгізіледі.
85. Сот шешімдері бойынша орындау құжаттары дұрыс деп шешілген талаптар болып табылады және олар аралық тарату балансында және кредиторлардың талап ету тізілімінде тиісті кезектілік бойынша орындалмаған сома мөлшерінде ескеріледі.
Заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша банктің ағымдағы шотына қойылған орындау құжаттары тарату комиссиясының төрағасына кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін беріледі.
5. Кредиторлар комитетінің қызметі және оны қалыптастыру ерекшеліктері
86. Ерікті таратылатын Банктің кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды, оған тарату комиссиясының төрағасы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды және бекіту үшін уәкілетті органға жіберіледі. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.
87. Кредиторлар комитетінің құрамына Банктер туралы Заңның 74-2-бабымен көзделген кредиторлардың әрбір санатынан бір өкілден кредиторлар талаптарының тізіліміне қосылған талаптарының ең жоғары сомасы бар кредиторлар енгізіледі.
Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды тарту ісін жүргізуге қатысу үшін кредиторлар комитеті құрамына қосу туралы ұсыныс жібереді.
Кредитордың жазбаша келісімі болған кезде ол кредиторлар комитетінің құрамына қосылады.
88. Кредиторлар комитетінің құрамына банктің басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұрын оларға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүддесіне нұқсан келтіретін не басқаларға басымдық беретін іс қимылдарды жасау фактісінің (фактілерінің) болуы белгіленген екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар (олардың өкілдері) қосылмайды.
89. Кредиторлар комитетіне қосылған кредиторлардың саны кемінде 3 (үш) адам болады.
Кредитордың талабы толық қанағаттандырылған жағдайда, бұл кредитор кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады және тарату комиссиясы уәкілетті органға бекітуге кредиторлар комитетінің тізімін ұсына отырып кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізеді.
90. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісін өткізу орны мен күні туралы кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін хабардар етеді.
Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Кредиторлар комитеті бірінші мәжілісте:
кредиторлар комитеттің төрағасын сайлайды;
кредиторлар комитетінің отырысын және дауыс беру рәсімін өткізу тәртібін регламенттейтін кредиторлар комитеті туралы ережені бекітеді.
Кредиторлар комитетінің төрағасына дауыс беру рәсімінде дауыстардың теңдестігі кезінде шешуші дауыс құқығы беріледі.
Кредиторлар комитетінің келесі мәжілістері кредиторлар комитеті айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде шақыртылады.
Кредиторлар комитетінің төрағасы кредиторлар комитетінің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.
91. Кредиторлар комитеті:
1) тарату ісін жүргізу барысында жасалатын барлық құжаттармен танысады;
2) банктің тарату ісін жүргізу барысында кредиторлардың құқықтарының, мүдделерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамағандығы және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органды хабардар етеді;
3) тарату комиссиясының іс қимылына қатысты сотқа және уәкілетті органға шағым береді;
4) мүліктерді өткізу бойынша сауда-саттықты қоса алғанда, кез келген тарату рәсімдерін жасау кезінде қатысатын кредиторлар комитеті және тарату комиссиясының мәжілісі мүшелерінің арасынан кредиторлардың өкілдерін сайлайды;
5) тарату комиссиясынан банктің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ұсынуды талап етеді;
6) банктің дебиторлық берешегін өндіріп алу мүмкін емес көлемін бекітеді;
7) тарату комиссиясы ұсынған банк мүлкін сату жоспарын бекітеді;
8) банктің қаржылық жағдайын ескере отырып, тарату шығыстарының сметасын бекітеді;
9) тарату комиссиясының жекелеген кредиторларды хабардар ету мүмкін еместігі туралы актісін бекітеді;
10) тарату комиссиясының банктің балансынан мүлікті есептен шығару туралы актісін бекітеді.
Кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, сондай-ақ олар өз функцияларын жүзеге асырмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген өкілдіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.
92. Кредиторлар комитеті мәжілісінің нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған мәжіліске қатысқан кредиторлар комитетінің барлық мүшелері қол қояды.
Кредиторлар комитетінің шешімі «кредиторлар комитеттің бір мүшесі – бір дауыс» қағидаты бойынша кредиторлар комитетінің мәжіліске қатысқан мүшелерінің жалпы санының қарапайым басым дауысымен қабылданады.
Егер кредиторлар комитеті мәжілісіне құрамының үштен екісі қатысса заңды ретінде танылады.
93. Банктің кредиторлар комитетінің құрамына кірмеген қалған барлық кредиторлары кредиторлар комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кредиторлар комитетіне ұсынымдар беру құқығымен кредиторлар комитеті мәжілісіне қатысады.
94. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің мүшесін мынадай негіздемелер бойынша кредиторлар комитетінің құрамынан алып тастайды:
1) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің мәжілістеріне себепсіз қатарынан екі реттен көп қатыспауы;
2) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар талаптарының тізілімдемесіне қосылған талаптарды толық қанағаттандыруы;
3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитеті құрамына қатысудан бас тартуы;
4) кредиторға кредиторлар комитеті құрамында болуға кедергі жасайтын басқа да жағдайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредитор-заңды тұлғаны тарату не кредитор-жеке тұлғаның қайтыс болуы және басқалар).
95. Уәкілетті орган мына негіздемелер бойынша кредиторлар комитетінің құрамын қайта бекітеді:
кредиторлар комитетінің оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қарсы келетін шешімдерді қабылдауы;
кредиторлар комитетінің мәселе кредиторлар комитетінің мәжілісіне екіден көп рет шығарылған кезде, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдамауы;
кредиторлар комитетінің кредитор-жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзатын шешімдерді қабылдауы.
Кредиторлар комитетінің құрамын қайта бекіту туралы шешім тарату комиссиясының және кредиторлар комитетіне жіберіледі.
96. Нұсқаулықтың 94 және 95-тармақтарында көзделген жағдайларда тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді, кейіннен кредиторлар комитетінің тізімін бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.
Тарату комиссиясы банкке талап қоюдың ең көп сомасы бар мына кредиторға ұсыныс жібереді.
Ерікті түрде таратылатын банктердің
тарату комиссиялары қызметінің
ерекшеліктері туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
нысан
________________________________________________________________
(таратылатын банктің атауы)
____________ жылғы _____ тоқсандағы
тарату шығыстарының сметасы
№
|
Шығыстар баптарының атауы
|
Жоспарланатын шығыстар сомасы (мың теңгемен)
|
1
|
2
|
3
|
Ай
|
|
1
|
Еңбекақы төлеу шығыстары
|
|
1.1
|
Тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы, оның ішінде:
|
|
1.1.1
|
сыйақы
|
|
1.1.2
|
жеке табыс салығы
|
|
1.1.3
|
міндетті зейнетақы жарналары
|
|
1.2
|
Еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлерге ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:
|
|
1.2.1
|
лауазымдық жалақы
|
|
1.2.2
|
жеке табыс салығы
|
|
1.2.3
|
міндетті зейнетақы жарналары
|
|
1.3
|
Ақысы төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсетуге тартылған қызметкерлерге ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:
|
|
1.3.1
|
көрсетілген қызметтерге ақы төлеу
|
|
1.3.2
|
жеке табыс салығы
|
|
2
|
Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар
|
|
2.1
|
әлеуметтік салық
|
|
2.2
|
әлеуметтік аударымдар
|
|
2.3
|
мүлік салығы
|
|
2.4
|
көлік құралына салық
|
|
2.5
|
жер салығы
|
|
2.6
|
қосымша құнға салық
|
|
2.7
|
жер телімдерін пайдалану үшін төлем, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем
|
|
2.8
|
өзге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
|
|
3
|
Әкімшілік шығыстар
|
|
3.1
|
қызметтік және шаруашылық мұқтаждар үшін көлік жалдау қызметтері
|
|
3.2
|
байланыс қызметтері
|
|
3.3
|
үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация қызметтері
|
|
3.4
|
көлікті күзету қызметтері
|
|
3.5
|
көлік тұрағын ұсыну қызметтері
|
|
3.6
|
көлікті тіркеу қызметтері
|
|
3.7
|
көлікті техникалық тексеру қызметтері
|
|
3.8
|
көлікті сақтандыру қызметтері
|
|
3.9
|
қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері
|
|
3.10
|
коммуналдық қызметтер
|
|
3.11
|
негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, оларға техникалық, сервистік қызмет көрсету (тексеру) жұмыстары
|
|
3.12
|
үй-жайды жалдау
|
|
3.13
|
жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу қызметтері
|
|
3.14
|
мүлікті бағалау қызметтері
|
|
3.15
|
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері
|
|
3.16
|
жылыту жүйесін іске қосуға дайындау қызметтері
|
|
3.17
|
сантехникалық жұмыстар
|
|
3.18
|
мүлікті сақтау қызметтері
|
|
3.19
|
мемлекеттік бажды төлеу
|
|
3.20
|
нотариалдық куәландыру қызметтері
|
|
3.21
|
мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері
|
|
3.22
|
терезелерге темір тор, есіктер дайындау және орнату жұмыстары
|
|
3.23
|
аукциондар өткізу қызметтері
|
|
3.24
|
инкассация қызметтері
|
|
3.25
|
сараптама жүргізу қызметтері
|
|
3.26
|
аудит жүргізу қызметтері
|
|
3.27
|
құжаттарды аудару қызметтері
|
|
3.28
|
телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату
|
|
3.29
|
акционерлер тізілімін актуалды жай-күйде ұстау үшін тіркеушінің қызметтері
|
|
3.30
|
банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымдары мен төлемдері бойынша қызметтер
|
|
3.31
|
құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру қызметтері
|
|
3.32
|
таратуды тіркеу үшін алым төлеу
|
|
3.33
|
коллекторлық қызметтер
|
|
4
|
Тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары
|
|
4.1
|
офис жабдықтарын жұмыс бабында ұстау
|
|
4.2
|
көлік құралдарын ұстау
|
|
4.3
|
үй-жайларды ұстау
|
|
4.4
|
қағаз және бланк өнімдерін сатып алу
|
|
4.5
|
кеңсе тауарларын сатып алу
|
|
4.6
|
жанар-жағар май материалдарын сатып алу
|
|
5
|
Іссапар шығыстары
|
|
6
|
Болжанбаған шығыстар
|
|
7
|
Басқа да шығыстар
|
|
Бір айдың жиынтығы
|
|
|
|
|
|
|
|
Бір айдың жиынтығы
|
|
|
|
|
|
|
|
Бір айдың жиынтығы
|
|
Барлығы тоқсан ішінде
|
|
Тарату комиссиясының
төрағасы _______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы _________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Телефон
Ерікті түрде таратылатын банктердің
тарату комиссиялары қызметінің
ерекшеліктері туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
нысан
____________________________________
(таратылатын банктің атауы)
______________________________________________
Кассир қабылдаған және берген ақшаларын (құндылықтарды) есепке алу
КІТАБЫ
Басталды: _____________
Аяқталды: _____________
Кітаптағы жазба оны толық пайдаланғанға дейін жүргізіледі
Кіріс
|
Келіп түскен күні
|
Кімнен қабылданды
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Кіріс құжаттарының саны
(данамен)
|
Сомасы цифрмен
(валюта түрін көрсете отырып, бірліктермен)
|
Сомасы жазба-ша
|
Мақсат-ты пайдалану
|
Кассирдің қолы
|
Таратылатын банктің тарату комиссиясы бас бухгалтерінің (бөлімше бухгалтерінің) қолы
|
Таратылатын банктің тарату комиссиясы Төрағасының (бөлімше басшысының) қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бір күн үшін жиынтығы.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шығыс
|
Келіп түскен күні
|
Кімнен қабылданды
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Кіріс құжаттарының саны
(данамен)
|
Сомасы цифрмен
(валюта түрін көрсете отырып, бірліктермен)
|
Сома-сы жазбаша
|
Мақсатты пайдалану
|
Кассирдің қолы
|
Банктің тарату комиссиясы бас бухгалтерінің (бөлімше бухгалтерінің) қолы
|
Банктің тарату комиссиясы Төрағасының (бөлімше басшысының) қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бір күн үшін жиынтығы ...
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Растау жазбасы
20 ___ жылғы «____» ________ жазбаға арналған осы кітаптың жиынтығы
(күні)
__________________________________________________ _____ нөмірден бастап ______
(таратылатын банктің атауы)
нөмірді қосқандағы нөмірленген, тігілген және тарату комиссиясының мөрімен жабылған ________________________________________ парақтар бар.
(саны жазбаша көрсетіледі)
20 ___ жылғы «___» ________________
Банктің тарату комиссиясының
төрағасы
|
|
|
(бөлімше басшысы)
|
___________________
|
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
қолы
|
|
Банктің тарату комиссиясының
Бас бухгалтері
|
|
|
(бөлімше бухгалтері)
|
___________________
|
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
қолы
|
|
Банктің тарату комиссиясының
кассирі
|
|
|
|
___________________
|
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
қолы
|
|
Ерікті түрде таратылатын банктердің
тарату комиссиялары қызметінің
ерекшеліктері туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
нысан
_______________________
(таратылатын банктің атауы)
________________________
БСК нөмірі
___ жылғы «__» _______
Тарату комиссиясының кассасындағы қолма-қол ақшаға және құндылықтарға ревизия
АКТІСІ
Біз, төменде қол қоюшылар, __________________ құрамындағы комиссия
тарату комиссиясындағы қолма-қол ақшаға және құндылықтарға _____ жылғы «____» ______________ жағдай бойынша ревизия жүргізді.
Мыналар анықталды:
Тарату комиссиясы кассасында ұлттық валюта банкноттары мен монеталары - теңге
р/с№
|
Атауы
|
Номиналы
|
Саны
|
Сомасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
Банкноттар
|
|
|
|
|
Жиынтығы:
|
|
|
|
|
Монеталар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиынтығы:
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
Кассадағы ақшалай қолма-қол ақша, оның ішінде ________ теңге сомасындағы банкноттар түгел беттеп қайта саналды, __________ сомасындағы монеталар біртіндеп қайта саналды.
Баланс бойынша кассадағы қалдық қолма-қол ақша ______________ теңге
Анықталды
Кем шыққан _____________ _______________________________
(сомасы цифрмен) (сомасы цифрмен)
Артық шыққан _____________ ________________________________
(сомасы цифрмен) (сомасы цифрмен)
Төраға (бөлімше басшысы) ____________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер ___________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Кассир _________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Ерікті түрде таратылатын банктердің
тарату комиссиялары қызметінің
ерекшеліктері туралы нұсқаулыққа
4-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
___ жылғы «____» ____________
_______________________
бекітілген
Кредиторлар комитеті құрамының тізімі
__________________________________________________________________
(таратылатын банктің атауы)
р/с
№
|
Кезектілік
(санат)
нөмірі мен атауы
|
Таратылатын банктің, кредиторлардың комитеті құрамына кіретін кредитордың атауы
|
Кредиторлық берешек сомасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тарату комиссиясының төрағасы____________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер ___________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы _________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Телефон ______________
Достарыңызбен бөлісу: |