Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
|
|
Национальный Банк
Республики Казахстан
|
_________________________________________________________________________________________________________________
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
2012 жылғы 24 тамыз № 250
|
|
Алматы қ.
|
г. Алматы
|
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
|
|
Т-л 3121
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Келесі нормативтік құқықтық актілердің:
1) «Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді, жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі
№ 65 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 5843 тіркелген, 2009 жылғы 22 желтоқсанда
«Заң газеті» газетінде № 193 (1616) жарияланған) қосымшасының
4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу үшін пайдаланылатын үй-жайларды Қағидаларға сәйкес келтірсін.
4. Екінші деңгейдегі банктер және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу үшін пайдаланылатын үй-жайларды Қағидаларға сәйкес келтірсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы
|
Г. Марченко
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
_____________________
2012 жылғы «___» ____________
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
_____________________
2012 жылғы «___» ____________
|
|
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 250 қаулысымен
бекітілген
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және:
екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) және олардың филиалдарының кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге пайдаланылатын үй-жайларында (бұдан әрі – үй-жайлар) күзетуді ұйымдастыру тәртібін;
үй-жайларды жайластыру тәртібін белгілейді.
2. Қағидалар кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізумен байланысты қызметтерді жүзеге асырудың барлық кезеңі ішінде сақталады.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар
3. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы техникалық күзет құралдары – күзет, қауіп, өрт сигнализациясының аспаптары мен құралдары, сигнализацияның бақылау-қабылдау пульттері, детекторлар, датчиктер, автоматты түрде табу және хабарлау жүйелері, басқа да осыған ұқсас құрылғылар;
2) автоматтандырылған касса – автоматтандырылған басқару құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және беру бойынша немесе сақтау және беру бойынша электрондық-механикалық жабдық;
3) автоматты сейф – банк қызметкерінің қатысуынсыз клиенттерден қолма-қол ақшасы бар сөмкелерді қабылдауды, содан соң оны алуды, санауды және клиенттердің шоттарына есепке алуды қамтамасыз ететін арнайы банк жабдығы;
4) бокс – қолма-қол ақшаны және құндылықтарды тиеу-түсіру жұмыстары үшін арнайы автомобиль көлігін орналастыруға арналған оқшауланған үй-жай;
5) жылжымалы кассалық торап – банктің, ұйымның (айрықша қызмет түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны қоспағанда) Қағидалардың 21-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда кассалық операцияларды жүргізуіне арналған үй-жай не тұрақты емес үй-жайы (орны);
6) кассалық торап – банктің, Ұлттық почта операторының кассалық операцияларды, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізуіне арналған үй-жайлардың оқшауланған жүйесі;
7) кешкі касса – операциялық күн аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері, қойма не сейф бөлмесі жабылғаннан кейін инкассаторлардың қолма-қол ақшаны қабылдауына, тапсыруына арналған, сондай-ақ операциялық күн аяқталғаннан кейін демалыс немесе мереке күндері, қойма не сейф бөлмесі жабылғаннан кейін келіп түскен қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар жүйесі;
8) клиенттердің ақшаны қайта санауына арналған үй-жай – клиенттердің қолма-қол ақшаны қайта санауына арналған арнайы жабдықталған үй-жай немесе операциялық кассаның қасындағы орын;
9) қойма – қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жай;
10) қойманың алдыңғы бөлмесі – қоймаға кіретін жердің алдында орналасқан, қоймаға кіргізілетін немесе одан шығарылатын қолма-қол ақшамен және басқа құндылықтармен операцияларды орындауға арналған үй-жай;
11) операциялық зал – операциялық кассаның алдында кассалық тораптан тыс орналасқан, клиенттерге қызмет көрсетуге арналған үй-жай;
12) операциялық касса – қолма-қол ақшаны алған немесе тапсырған кезде клиенттерге қызмет көрсететін кассирге арналған арнайы жабдықталған үй-жай;
13) орталықтандырылған күзет пункті – күзетілетін объектіден қауіп сигналын қабылдауға және одан кейін қарулы күзеттің әрекет етуіне арналған күзет объектісінің тұрақты техникалық пункті;
14) сейф бөлмесі – қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жай;
15) темпокасса – қолма-қол ақшаны қабылдау (сейфтегі арнайы тесіктер арқылы), сақтау және автоматтандырылмаған түрде беруге арналған ашу уақытын кідірту функциясы бар сейф;
16) темпосейф –құндылықтарды сақтауға арналған ашу уақытын кідірту функциясы бар сейф.
3. Күзетті ұйымдастыру
4. Банктердің, Ұлттық почта операторының және олардың филиалдарының кассалық операцияларды жүргізуге арналған үй-жайлары, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың филиалдарының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға арналған үй-жайлары, айырбастау пунктерінің үй-жайлары қарулы күзетпен күзетілуі және арнайы техникалық күзет құралдарымен жабдықталуы тиіс.
5. Үй-жайлардың қарулы күзетін:
1) «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жеке күзет ұйымының қарулы күзет постысы;
2) орталықтандырылған бақылау пунктіне түскен қауіп сигналы бойынша объектіге келетін жеке күзет ұйымының қарулы күзеті жүзеге асырылады.
Орталықтандырылған күзет пункті жоқ елді мекендерде банктердің, Ұлттық почта операторының және олардың филиалдарының кассалық операцияларды жүргізуге арналған үй-жайларын, айырбастау пунктерінің
үй-жайларын күзету осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Күзет постыларының санын, олардың орналасатын жерін күзет қызметін көрсету шартын жасау кезінде күзет қызметінің субъектісімен келісе отырып банктің, Ұлттық почта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың басшысы айқындайды.
7. Орталықтандырылған бақылау пунктіне келіп түскен қауіп сигналы бойынша объектіге келетін жеке күзет ұйымдарының үй-жайларды күзетуі орталықтандырылған бақылау пунктімен күзет қызметін көрсету шартының негізінде жүзеге асырылады.
8. Елді мекендерде орталықтандырылған күзет пункті болмаған жағдайда күзетілетін үй-жайлардан күзет, қауіп және өрт сигнализациясы үй-жайдағы күзет постысына орнатылған қабылдау-бақылау аспабына, бақылау панеліне (пультіне) шығарылады. Үй-жайдан қауіп сигналдарын үй-жайды пайдаланатын ұйым басшысының, ішкі істер органдарының учаскелік инспекторының үйіне (пәтеріне) беруге жол беріледі.
9. Күзетке қабылданатын үй-жайды комиссиялық тексеру Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнің, жеке күзет ұйымының, орталықтандырылған бақылау пунктінің және күзетке қабылданатын үй-жайды пайдаланатын банктің, ұйымның өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
10. Комиссияның талап етуі бойынша қоймадағы еркін нысандағы жасырын жұмысқа акт жасалады.
11. Зерттеу нәтижелері бойынша күзетке қабылданатын үй-жайдың дайындық дәрежесі айқындалады. Банктің, Ұлттық почта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың басшысы комиссияның қорытындысына сәйкес үй-жайды техникалық нығайту, оны арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру бойынша қажетті іс-шараларды орындайды.
12. Үй-жайды техникалық нығайту және арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру жөніндегі қажетті барлық іс-шаралар орындалғаннан кейін күзет қызметін көрсету шарты жасалады.
13. Банктердің, Ұлттық почта операторының және олардың филиалдарының кассалық операцияларды жүргізуге арналған үй-жайлары, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың филиалдарының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға арналған
үй-жайлары, айырбастау пунктерінің үй-жайлары:
1) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен;
2) «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентіне сәйкес өрт автоматикасымен жабдықталуы тиіс.
4. Кассалық операциялар жүргізуге арналған
үй-жайларды жайластыру
14. Банктер мен Ұлттық почта операторында кассалық операциялар жүргізу үшін кассалық торап жабдықталады.
15. Кассалық торап басқа үй-жайлардан оқшаулана отырып жабдықталынады және жабылатын қызметтік кіретін жері болады. Кассалық торапта бокстан немесе тиеу-түсіру алаңынан банкноттарды, монеталарды және құндылықтары инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу үшін жабылатын қосымша кіретін жерді жабдықтауға жол беріледі.
16. Касса торабына мынадай үй-жайлар кіреді:
1) қойма немесе сейф бөлмесі;
2) қойманың алдыңғы бөлмесі (қойма болған кезде);
3) операциялық касса;
4) банкноттар мен монеталарды қайта санау кассасы – банкноттар мен монеталарды қайта санау бойынша операциялар орындалатын жағдайда;
5) кешкі касса − кешкі кассада операциялар орындау қажет болған жағдайда.
17. Банкоматтар, автоматты сейфтер орнатылатын үй-жайды немесе орынды таңдау банктің, ұйымның ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Кассалық операциялар жүргізу үшін пайдаланылатын, бірақ кассалық торап құрылмайтын банк филиалының қосымша үй-жайына, Ұлттық почта операторының үй-жайына мынадай үй-жайлар кіреді:
1) қойма немесе сейф бөлмесі;
2) операциялық касса.
19. Кассалық операциялар жүргізу үшін пайдаланылатын, бірақ кассалық торап құрылмайтын банк филиалының қосымша үй-жайында, Ұлттық почта операторының үй-жайында:
1) жұмыс істемейтін уақытта құндылықтарды сақтауға жол бермейтін құндылықтардың күнделікті инкассациясы ұйымдастырылған жағдайда;
2) кассалық операциялар тек автоматтандырылған касса пайдаланыла отырып жүргізілген жағдайда, қойма немесе сейф бөлмесі үй-жайының болуы талап етілмейді.
20. Қойманың алдыңғы бөлмесінің болуы қойманың орнына сейф бөлмесі жайластырылған кезде талап етілмейді.
21. Іс-шараның қатысушыларына және халыққа кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру талап етілетін іс-шаралар өткізілген кезде, тұрғындарының саны 3 мың адамға жетпейтін ауылдық елді мекендерде жылжымалы кассалық торапты пайдалануға жол беріледі.
Жылжымалы кассалық торапты жайластыру үшін кассалық торап
үй-жайларының болуы талап етілмейді. Автоматтандырылған касса және (немесе) темпокасса орнатылатын жағдайларды қоспағанда, жылжымалы кассалық торапта сейф немесе темпосейф орнатылады.
22. Кассалық тораптың үй-жайларында терезе ойықтары болған кезде, олар металл торлармен қорғалады. Торлар диаметрі кемінде 16 миллиметр болатын, 150х150 мм ұяшықтар құрайтын болат сымдардан жасалады. Сымдардың қиылысқан жерлерін дәнекерлеу қажет. Торлар металл конструкцияларға дәнекерленеді немесе 75х75х6 мм металл бұрышпен қоршалады және периметрі бойынша 80 мм тереңдікте қабырғаға мықты етіп бекітілген, диаметрі кемінде 12 мм ұзындығы 120 мм болатын болат анкерлерге немесе 100х50х6 мм болат жолақтан жасалған тығын тетікке дәнекерленеді. Анкерлердің ең аз саны әрбір жаққа екіден кем болмауы тиіс. Торлардың орнына брондалған шыныны немесе соққыға төзімді қорғаныш пленкалармен бекітілген шыныны, қорғаныш жалюзилерді, ролеттерді қолдануға жол беріледі.
23. Қойманың үй-жайын жайластыру келесіге сәйкес болуы тиіс:
1) қойманың ауданы кассалық операциялардың жүргізіліп отырған және перспективалық көлемін және жүргізілетін кассалық операциялардың қолайлы болуы ескеріле отырып жобалауға немесе қайта құруға арналған тапсырмамен айқындалады;
2) қойманың темірбетон қабаты қабырғасының және төбесінің қалыңдығы кемінде 200 мм болып айқындалады;
3) темірбетон қабаттың қабырғалары бір мезгілде кассалық тораптың қоршап тұрған қабырғалары болып табылмауы тиіс;
4) қойманың бір ғана есігі болуы тиіс, қоймаға терезелер орнатуға жол берілмейді;
5) қойманың есіктері брондалған, отқа төзімді болуы тиіс және қойманың темірбетон қабаты арқылы сияқты бірдей дәрежеде кіріп кетуден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс;
6) қоймада брондалған есіктен басқа, сол ойықта ішкі металл торлы есік орнатылады, ол диаметрі кемінде 16 миллиметр болатын, 150х150 мм аспайтын ұяшықтар құрайтын болат сымдардан жасалады және әрбір қиылысқан жерінде дәнекерленеді. Торлы есік периметрі бойынша 75х75х6 мм болат бұрышпен қоршалады.
Торлы есік бір құлыппен жабылады. Торлы есіктің қорабы 75х75х6 мм болат бұрыштан жасалады, есік ойығыына диаметрі кем дегенде 16-18 мм, ұзындығы кем дегенде 120 мм болат «таутан» (балдақ) көмегімен бекітіледі, немесе электр дәнекерлегішпен дәнекерленеді;
7) қойманың астында коммуникациялық құрылыстар (кабель трассалары, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау трассалары және техникалық қамтамасыз етудің басқа коммуникациялық трассалары) салынған техникалық еден асты қабатын және жертөлелер салуға жол берілмейді;
8) жаңа кассалық торапты жабдықтау кезінде қойманың бүкіл периметрі бойынша ені 900–1200 мм. шолу дәліздері көзделеді. Қойма қабатының үстіңгі беті мен аражабын (жабын) плитасының арасында көріп бақылау үшін кемінде 250 мм ойынды көзделеді.
24. Қойманы жобалаған және құрылысын жүргізген кезде келесіні басшылыққа алу қажет:
1) қойманың фундаменті бетоннан дайындалады және қалыңдығы кем дегенде 600 мм болады. Фундамент пен темірбетон қабатының арасында гидроизоляция көзделеді;
2) қоймалардың темірбетон қабаты фиброарматурланған темірбетоннан дайындалады. Темірбетон қабаты үшін 400-500 кг/шаршы см маркалы бетон (400-500 маркалы портландцемент, граниттік немесе диабазалық ірілігі
15-20 мм ұсақ тас, модулі кем дегенде 2 мм құм) қолданылады.
Қалыпты конустың шөгуі бойынша бетон қоспаның жылжуы тік элементтер үшін 40-60 мм-ге және көлденең элементтер үшін 20-40 мм-ге тең деп қабылданады.
Фиброарматурлау диаметрі 0,5-1 мм сымнан немесе талшығының ұзындығы 30 мм-ге дейін болатын майы кетірілген, бұрын қолданылған болат арқандардан жасалған кесіндімен жүргізіледі.
Бетонды қойған кезде вибраторлармен нығыздап, содан соң бетонды қатыру және ылғалдау үшін 10 (он) күн бойы температуралық жағдай тудыру керек;
3) темірбетон қабатының арматурасы диаметрі 16 мм А-III класты болаттан жасалған, 100х100 мм. ұяшығы бар, бір-бірінен 100 мм қашықтықта параллель орналасқан екі металл тордан тұруы тиіс. Бір тордағы арматураның қиылысу торабы басқа тордың ұяшығының ортасына ығыстырылған болуы тиіс;
4) механизация құралдарын және күзет сигнализациясын электр қуатына қосу үшін қоймалардың қабырғаларында иілген металл тұрбалар түріндегі енгізу жолдары көзделеді. Қуат және әлсіз токқа арналған кабель әртүрлі құбырлардан өткізіледі. Енгізу жолдарының саны мен оларды орналастыру биіктігі орнатылатын механизация кешендерінің санына байланысты анықталады. Пайдаланылмайтын енгізу жолдары тығындармен жабылады;
5) қойманы желдету ондағы температураның 18-25˚С және ауаның ылғалдылығы шамамен 45-60 пайыз болуын, сондай-ақ үш еселік ауа алмасуын қамтамасыз етуі қажет.
25. Сейф бөлмесінің үй-жайын жайластыру келесіге сәйкес болуы тиіс:
1) сейф бөлмесінің қабырғалары өте мықты, беріктігі жағынан қалыңдығы 380 мм кірпіш немесе қалыңдығы кем дегенде 200 мм темірбетон қабырғалардан кем болмауы тиіс;
2) сейф бөлмесінің қабырғалары, төбесі және едені ішінен периметрін бойлай диаметрі 16 мм кем емес болат шыбықтардан жасалған, 150х150 мм ұяшықтар жасай отырып, әрбір қиылыста дәнекерленетін металл торлармен нығайтылады;
3) сейф бөлмесіне кіретін есік брондалған немесе металдан жасалған, екі құлпы бар, отқа төзімділік шегі EL 60-тан кем емес болуы тиіс. Тура сол ойықта Қағидалардың 23-тармағы 6) тармақшасына сәйкес келетін ішкі торлы металл есік орналастырылады.
26. Қоймаларда және сейф бөлмелерінде, кассалық операцияларды механизациялау, қауіпсіздік жүйелері және сигнализация құралдарына арналған құбырлар мен электр қуатының кабельдерін қоспағанда, коммуникациялық құрылыстар (кабельдік трассалар, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау трассалары және басқа да коммуникациялық трассалар) өтпеуі тиіс.
27. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлғаның сәйкестік сертификаты болған жағдайда модульдік типтегі қоймаларды, сейфтік конструкцияны пайдалануға жол беріледі.
28. Қойманың алдыңғы бөлмесінің үй-жайын жайластыру келесіге сәйкес болуы тиіс:
1) қойма алдыңғы бөлмесінің үй-жайы қоймаға тікелей жапсарласады және бір ғана кіретін жері болады;
2) қойманың алдыңғы бөлмесіне терезелер қоюға жол берілмейді;
3) табиғи және жасанды желдету жүйелері болмаған жағдайда, сүргішті қыздырған кезде қойма алдыңғы бөлмесіне арнайы сорғыш шкаф орнатылады.
29. Операциялық кассаның үй-жайын жайластыру келесіге сәйкес болуы тиіс:
1) операциялық кассалар орналасатын үй-жайлар оқшауланған, құлыппен жабылатын есігі бар жеке кіретін жері болуы тиіс;
2) операциялық кассалардың алдыңғы бөлігі ақша мен құжаттарды беру үшін арнайы тасымалдау құрылғылармен (бункерлермен) немесе лотоктармен жабдықталады. Олардың конструкциясы сырттан оқ атылған кезде қорғалатын аймаққа оқтың тиюін болдырмауы тиіс. Тасымалдау құрылғысын іске қосу және бекіту тетігі операциялық кассалардың ішінде болуы тиіс;
3) операциялық кассаның алдыңғы бөлігінің брондалған әйнегі бар терезе ойығы болуы тиіс.
Соққыға төзімді қорғаныш пленкамен нығайтылған әйнектерді пайдалануға жол беріледі.
Операциялық залға шығатын операциялық кассаларды техникалық нығайту қауіп сигналы бойынша қарулы күзет келіп жеткенге дейін кассирдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиіс;
4) қолданылатын брондалған әйнектің, соққыға төзімді қорғаныш пленкалардың, арнайы қорғаныш материалдардың, модульдік операциялық кассалардың сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгілеген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға берген сәйкестік сертификаты болуы тиіс;
5) операциялық кассалардың арасы кассирлердің жұмыс орнын бөліп тұратын қалқалармен жабдықталады;
6) клиенттердің ақшаны қайта санауына арналған үй-жайына шығатын қосымша терезе ойығымен жабдықталған операциялық кассалардың қасында клиенттердің ақшаны қайта санауына арналған үй-жайды немесе операциялық кассаның дәл қасында оқшауланған үй-жай жабдықтауға жол беріледі.
30. Сауда объектісінде, қонақүй, әуежай, халыққа қызмет көрсету орталығы үйлерінде, қарулы күзеті ұйымдастырылған басқа үйлерде орналасқан операциялық кассаның үй-жайын банк, ұйым басшысы бекіткен жеке жоспар немесе жоба бойынша жабдықтауға жол беріледі.
31. Операциялық касса үй-жайларының болуы:
1) кассалық операциялар тек автоматтандырылған касса пайдаланыла отырып жүргізілген кезде;
2) кассалық операциялар жылжымалы кассалық торапта жүргізілген кезде талап етілмейді.
32. Кешкі касса мынадай үй-жайлардан тұрады:
1) қойма не сейф бөлмесі;
2) қойманың алдыңғы бөлмесі (қойма болған кезде).
Қажет болған жағдайда банк, ұйым басшысының шешімі бойынша кешкі кассада кешкі кассаның кассиріне арналған оқшауланған үй-жай жайластыруға жол беріледі.
Кешкі кассаны жайластыру Қағидалардың 23, 28 және 29-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Қайта санау кассасының үй-жайын жайластыру келесіге сәйкес болуы тиіс:
1) қайта санау кассасы үй-жайының алаңы жобалауға арналған тапсырма бойынша айқындалады;
2) монеталарды қайта санауға арналған касса үй-жайының қабырғаларын дыбысты басатын материалдармен қаптауға рұқсат етілді.
34. Кассалық торапта немесе кассалық тораптан тыс, кассалық операциялар жүргізілмейтін, кассирлердің жеке заттары мен киім-кешегін сақтауға арналған үй-жай немесе орын көзделеді.
35. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу кезінде инкассация қызметінің арнайы автокөлігін қою үшін банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау үшін кассалық торапқа кіретін жерге жапсарласатын бокс үй-жайы жабдықталады. Бокстың есігі құлыппен жабылуы тиіс.
Бокс жабдықталмаған жағдайда кассалық торапқа кіретін жердің алдында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған тиеу-түсіру алаңы жабдықталады.
Бокс үй-жайын және тиеу-түсіру алаңын жайластыру кезінде бөгде адамдардың кіруін және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларының жүргізілуіне қарап тұруын болдырмауды қамтамасыз ету қажет.
5. Айырбастау пункттерінің үй-жайларын жайластыру
36. Көшеден жеке кіру есігі бар, үйлерде (ғимараттарда, үй-жайларда) орналасқан айырбастау пункттеріне мыналар кіреді:
1) операциялық касса;
2) операциялық зал немесе клиентке қызмет көрсетуге арналған үй-жай.
37. Айырбастау пунктінің операциялық кассасын техникалық нығайту Қағидалардың 29-тармағына сәйкес келуі тиіс.
38. Көшеден жеке кіру есігі бар айырбастау пунктіне отқа төзімділік шегі EL 60-тан кем емес кіретін метал есік орнатылады.
Көшеден жеке кіру есігі бар айырбастау пунктінің терезе ойықтары Қағидалардың 22-тармағына сәйкес жабдықталады.
39. Сауда объектісінде, қонақүй, әуежай, халыққа қызмет көрсету орталығы үйлерінде, қарулы күзет ұйымдастырылған басқа да үйлерде орналасқан, көшеден жеке кіру есігі жоқ айырбастау пунктінің операциялық кассасының жайластырылуы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарына сәйкес болуы тиіс.
6. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізуге арналған үй-жайларды жайластыру
40. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін мынадай үй-жайлардың болуы қажет:
1) «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне сәйкес жабдықталған қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтауға арналған үй-жай, қару-жарақты оқтау (оқтан босату) үй-жайы;
2) қойма немесе сейф бөлмесі – банкте, ұйымда кешкі касса болмаған жағдайда;
3) бокс немесе тиеу-түсіру алаңы – қойма немесе сейф бөлмесі болған кезде.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген үй-жайларды жайластыру Қағидалардың 23, 25-28 және
35-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметті қатар атқару үшін мынадай үй-жайлардың болуы қажет:
1) қойма немесе сейф бөлмесі;
2) қойманың алдыңғы бөлмесі (қойма болған кезде);
3) банкноттар мен монеталарды қайта санау кассасы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген үй-жайларды жайластыру Қағидалардың 23, 25-28 және 33-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |