Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года №258 «о стратегическом плане Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2014 2018 годы»



жүктеу 0,54 Mb.
бет1/6
Дата13.02.2020
өлшемі0,54 Mb.
#28918
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: білім беру және ғылым саласындағы мемелекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін ұлттың интеллектуалдық әлеуетін жетерліктей дамытуды қамтамасыз ететін
«Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясы рухында өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Пайымы: Қазақстан экономикасының дамуының негізгі драйвері ретінде тиімді қызмет етуші және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне кіріктірілген, республиканың әрбір азаматының өзінің еліне мақтаныш сезімін дамытуға ықпал ететін білім беру мен ғылымның озық жүйесі.


2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару


1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.

Қазақстанда білім беру саясатының басты бағыттарының бірі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту болып табылады.

2016 жылы 9 410 мектепке дейінгі ұйым қызмет етті. 2014 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар желісі 943 бірлікке артты (2014 жылы – 8 467 бірлік, 2015 жылы – 8 834 бірлік).

Соңғы үш жылда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 52,3% -дан 64,5%-ға артты, өсім 12,2% құрады (2014-2015 оқу жылы – 52,3%, 2015-2016 оқу жылы - 53,8%, 2016-2017 оқу жылы – 64,5%), 3 жастан 6 жасқа дейін 78,6%- дан 85,8%-ға дейін артты (2014-2015 оқу жылында – 78,6%, 2015-2016 оқу жылында – 81,6%, 2016-2017 оқу жылында – 85,8%), өсім 7,2%-ды құрады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту көрсеткішінің артуына қол жеткізу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен мектепке дейінгі ұйымдар құрылысын салу арқылы ғана емес, сондай-ақ шағын орталықтарды ашу, бұрын жекешелендірілген балабақшаларды беру және сатып алу, жекеменшік балабақшаларды ашуды ынталандыру, коммуналдық меншіктегі жеке тұрған, жалға берілген ғимараттарды босату, мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға жарамды басқа да ғимараттарды беру есебінен болып отыр.

Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 19 балабақшаны салу жоспарланған, оның 14-і пайдалануға берілді.

2016 жылы толық емес күн болатын шағын орталықтардың саны 2 208 бірлікті құрады. 2014 жылмен салыстырғанда олардың саны 517 бірлікке қысқарды (2014 жылы – 2 725 бірлік, 2015 жылы – 2 408 бірлік, 2016 жылы –
2 208 бірлік).

Сонымен қатар жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Үш жылдың ішінде олардың саны 876 бірлікке артты және 2 336 бірлікті құрады (2014 жылы – 1 460, 2015 жылы –


1 775, 2016 жылы – 2 336 бірлік). Бұған заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік тапсырысты орналастыру ықпал етті.

2016 жылы мемлекеттік тапсырыстың жалпы санынан (412,9 мың орын) 42,8% (177 мың орын) 1 931 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға орналастырылды (2013 жылы - 988, 2014 жылы – 1 029, 2015 жылы – 1 043).

Мектепке дейінгі ұйымдардың санының артуы педагог кадрлар санының өсуіне оң ықпалын тигізді. 2014 жылмен салыстырғанда педагогтардың саны 10,5 мыңға артты және 84,7 мың адамды құрады (2014 жылы – 74,2 мың адам, 2015 жылы – 80,8 мың адам, 2016 жылы – 84,7 мың адам). Сонымен қатар, кәсіби білімі бар кадрлар тапшылығы байқалады. 82,2 мың педагогтардың 29,7 мыңы (36,1%) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар (2014 жылы – 31,8%, 2015 жылы – 35,1%, және 2016 жылы – 36,1%).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты жаңартылды және үлгілік оқу бағдарламасы әзірленді.

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

1. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен деңгейде қамтылуы.

2016 жылы Қазақстанда 1-3 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 30,6%-ды құрады. Бірақ, көрсеткіш ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішіне жақындады.

1-3 жастағы балалар Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ҚР бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе артық қамтылды. Осы өңірлердің көрсеткіштері Данияда ерте жастағы балаларды қамту көрсеткіштерімен салыстыруға болады және ЭЫДҰ бойынша орташа мәннен
2 есе артық. Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 жастағы балаларды қамту сәйкесінше 18% және 24,4% артты.

2. Мектепке дейінгі кәсіби білімі бар кадрлардың тапшылығы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі кадрлық мәселесі арнайы кәсіби дайындықты меңгермеген педагогтардың басым болуы болып табылады.

3. Инклюзивтік білім беру үшін жағдайдың жеткілікті жасалмауы.

Республикада 10% (2015-2016 оқу жылдарында - 10%) мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті тәрбие мен оқытуға жағдай жасалған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде жан басына қаржыландыру негізгі білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың шығындарын қарасытрмайды.

1.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атаулары

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Көшіп-қону процесі және демографиялық жағдай

Мектепке дейінгі ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік-жекешелік серіктестікті белсенді дамыту.




2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау

2.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.



Орта білім беру білім жүйесінің базалық деңгейі болып табылады. Соңғы үш жылда шағын жинақты мектептердің жабылу есебінен мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің 122 бірлікке қысқару үрдісі байқалуда (2014-2015 оқу жылы – 7 222 мектеп, 2015-2016 оқу жылы – 7 160 мектеп, 2016-2017 оқу жылы – 7 100 мектеп). 2016-2017 оқу жылы республикада оқушылардың контингенті 2,9 млн. баланы құрады. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 314 мың балаға өскенін көрсетеді (2014-2015 оқу жылы - 2 615 898 оқушылар, 2015-2016 оқу жылы - 2 724 127 оқушылар, 2016-2017 оқу жылы - 2 930 583 оқушылар).

2014-2016 жылдар аралығында апатты мектептер саны 99 бірлікке азаюы байқалуда (2014-2015 оқу жылы – 136 бірлік, 2015-2016 оқу жылы - 69 бірлік, 2016-2017 оқу жылы – 37 бірлік).

Үш ауысымды мектептердің саны 11-ге дейін ұлғайды (2014-2015 оқу жылы - 95, 2015-2016 оқу жылы – 87, 2016-2017 оқу жылы –106).

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2015-2016 жылы елімізде 35 мектеп ашылды, бұл 27 мектепте үш ауысымды және 5 мектепте апаттылықты жоюға мүмкіндік берді.

2017 жылы 118 мектептің құрылысына Ұлттық қордан 68,1 млрд тг. көлемінде қаражат бөлінді, жылдың сонына дейін 76 мектепті іске қосу күтілуде.

Республиканың орта білім беру жүйесін ЭЫДҰ елдерінің білім беру жүйелерімен құрылымды түрде интеграциялауды қамтамасыз ету үшін Министрлік Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірбиесін және 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен ауысуды ескере отырып орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жұмыс жүргізуде.



Үкімет қаулысымен Бастауыш, негізгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) бекітілді.

2016-2017 оқу жылы орта білім беру мазмұнын жаңартуға көшу кестесіне сәйкес оқу бағдарламасын, оқулықтар мен жаңартылған білім беру оқу-әдістемелік кешендерінің кезеңдеп апробациялау (1-сыныптан бастап), сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі басталды.

117 мектепте оқу үш тілде жүргізілуде, оның ішінде 20 НЗМ, 30 ҚТЛ, дарынды балалар үшін арнайы 33 мектептер және басқалары.

2015 жылдан 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың жол картасы іске асырылуда (үш министрліктің біріккен бұйрығы: ҚР БҒМ – 2016 жылғы 5 қараша № 622, ҚР МСМ – 2015 жылғы 9 қараша № 344, ҚР ИДМ – 2015 жылғы 13 қараша № 1066).

Әр аз қоныстанған мекен-жайларда мемлекет шағын жинақты мектептердің (ШЖМ) жұмыс істеуіне кепіл береді. Мектептердің 3 036-сы ШЖМ болып табылады. Кейбір облыстарда көптеген мектептер ШЖМ болып саналады: Солтүстік Қазақстан облысында – 79,9%, Ақмола облысында - 68,4%, Қостанайда – 68,1% және Павлодар – 64%.

2016-2017 оқу жылы елімізде дарынды балалар үшін контингенті 65,2 мың оқушылар бар мамандандырылған 125 білім беру ұйымы жұмыс істеуде.



2013-2016 жылдары қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадаларда қатысу нәтижелері бойынша Қазақстан химия, физика және математика бойынша ең үздік 15 елдің қатарына енді. Интеллектуалды жарыстарда жеңімпаздардың жалпы саны 306 адамға өсті (2013 жылы – 967 адам, 2014 жылы – 1 376 адам, 2015 жылы – 1 309 адам, 2016 жылы – 1 273 адам).

Орта білім беру жүйесінде 73 пилоттық мектеп базасында жан басылық қаржыландырудың апробациясы жүргізілуде (республиканың 5 өңірінде: Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары, Астана мен Алматы қалаларында).

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру және оларды әлеуметтік бейімдеу олардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, қамтамасыз етіледі.

2016-2017 оқу жылы білім алудағы ерекше қажеттілікті қажет ететін балалар саны 144 783 мың, олардың ішінде 96 555 бала мектеп жасындағы.
Ерекше білім беру қажеттілігімен 88 899 оқушылар (92%) қамтылған, олардың ішінен 45 104 бала жалпы білім беру мектептерінде инклюзивті оқуда, бірақ олардың 32,9% коррекциондық-педагогикалық қолдаусыз білім алуда.

2016-2017 оқу жылында республиканың 3 289 мектебінде инклюзивті білім беруге жағдай жасалды, бұл барлық мемлекеттік мектептердің 46,3 %-ын құрайды (2014-2015 оқу жылында -30%, 2015-2016 оқу жылында – 44,8%).

Инклюзивті білім беруге ең аз жағдай жасалған мектептердің саны, пайызбен есептегенде Қызылорда облысында 12,3%, Шығыс Қазақстан облысында 16%, Қарағанды облысында 24,7% байқалады.

Инклюзивті білім беруге ең көп жағдай жасалған мектептердің саны, пайызбен есептегенде Астана қаласында (66,3%) және Қостанай (63%),


Батыс Қазақстан (59,1%) облыстарында байқалады.

Орта білім беру жүйесіндегі білім беру процесі негізінде қосымша білім беру арқылы іске асырылатын тәрбиелеу компонентімен үздіксіз байланыста.

Білім беру жүйесінде балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары желісінің азаюы байқалады, 2015 жылмен салыстырғанда 26 бірлікке (2015 жылы – 860, 2016 жылы - 834).

2016 жылы қосымша біліммен қамту 1 928 682 бала санын (65,8%) құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 228 109 балаға артық (2014 жылы - 1 590 724 немесе 60,5%, 2015 жылы – 1 700 573 немесе 61,9%).

Жалпы білім беретін мектептерде спорт түрлері бойынша спорт секцияларының желісі артуда. 31 мың спорт секциясы жұмыс жасауда.

Балалардың өсуі мен дамуын жүйелі бақылау өскелең ұрпақ денсаулығының жағдайын күнделікті бақылау жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. 2015 жылы мектептерде 6 243 медициналық кабинет жұмыс жасады. Мектеп оқушыларына медициналық қызмет көрсетуді 260 дәрігер және 7 525 медбике қамтамасыз етеді. Бұдан басқа созылмалы аурулары бар 507 мың балалардың 20 мың (4%) мектеп оқушысы арнайы медициналық топтарда айналысады.

Соңғы үш жылда 512 Кбит/сек жылдамдығымен кеңжолақты интернетке мектептердің қол жетімділігі 62,8%-дан 81,6%-ға дейін ұлғайды (2014 жылы – 62,8%, 2015 жылы – 75,9%, 2016 жылы – 81,6%). Жаңа модификациялы пәндік кабинеттері бар мектептердің үлесі 45%-ды құрайды.

2015 жылдың 1 қазанына қарағанда 1 070 (15%) мектептерде электрондық оқыту жүйесі енгізілді.

Білім беру сапасы ең біріншіден білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлердің сапалық құрамымен анықталады.

2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда орта, білім беру жүйесінде 6 805 адамға педагогикалық кадрлар үлесінің үлкею үрдісі байқалуда (2014-2015 оқу жылы - 297 293, 2015-2016 оқу жылы - 325 184 адам, 2016-2017 оқу жылы – 304 098 адам).

Мұғалімдер беделінің жоғарылауына, олардың кәсіби өсуіне «Үздік педагог», авторлық бағдарламалар конкурсы және т.б. септігін тигізеді, олардың жеңімпаздары материалдық және рухани жағынан көтермеленеді.

2013 жылмен 2015 жылдар аралығында деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығымен өткізілді. Деңгейлік бағдарламалар бойынша елде 48 236 мұғалімдер оқытылады (2013 жылы – 15 126 адам, 2014 жылы – 16 518 адам, 2015 жылы – 16 592 адам).

2016 жылы біліктілікті арттыру курстарында жаңартылған бағдарламалар бойынша кестеге сәйкес 74 мыңнан астам педагогтар оқытылды.

2016-2017 оқу жылында республиканың 2 500 мектебінде 5-11 класс оқушыларына арналған «Робототехника» элективтік курсы енгізілді.

«НЗМ» ДББҰ 5-11 сынып оқушылары үшін «Робототехника» элективті курсын енгізу шеңберінде робототехника бойынша 80 тренер дайындалды және жалпы білім беру мектептерінің 2 999 информатика мұғалімдерін оқыту жүргізілуде. Оқыту аймақтардағы интеллектуалдық мектептердің базасында өтуде. «Робототехника» элективтік курсының негіздерін қарастыру, LEGO MINDSTORMS EV3 Education табымен танысу, құрастыру элементтері мен роботтарды бағдарлау мүмкіндіктері берілуде.

Бала өмірінің сапасын арттыру үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету.

2016 жылдың 1 қазанына 18 жасқа дейінгі бала саны 5,3 млн., 2015 жылы – 5,5 млн., 2014 жылы – 5,3 млн. құрайды. Оның ішінде 140 мың даму мүмкіндіктері шектеулі балалар (2014 жылы – 158 мың., 2015 жылы – 143 мың.), 28 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (2014 жылы – 32,4 мың., 2015 жылы – 29,6 мың.), 11 мыңнан астамы девиантты мінез-құлықты (2014 жылы – 10,4мың., 2015 жылы – 11,6 мың.). 2016 жылы 5 мыңнан астам қадағалаусыз қалған балалар анықталады (2014 жылы – 4,7 мың., 2015 жылы – 6,4 мың.).

Балалары бар отбасыларын мемлекеттік қолдау шаралары неғұрлым жүйеленуде.

Отбасы құндылықтарын, ата-ана жауапкершілігінің, балалық шақты қорғаудың басымдылықтарын, балаға қатысты барлық зорлық-зомбылықтың және жазалаудың барлық нысандарына төзбеушілікті насихаттайтын Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Балалардың құқықтық ақпараттануы артуда және балалардың қоғамдық ұйымдарға қатысу сауаттылық деңгейінің артуы көбеюде.

2014 жылмен салыстырғанда балалардың өз құқықтары туралы хабардар болу деңгейі 11,8%-ға артты (2014 жылы – 58%, 2015 жылы - 63%, 2015 жылы – 69,8%).

Шалғай елді мекендерде тұратын 97,8% оқушылардың білім алуға қол жеткізу құқығын іске асыру үшін, сапалы және қауіпсіз тасымалдаумен қамтамасыз етілген (2015 жылы – 91%).

Аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың 100%-ы мектептік тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі әлеуметтік жетімдікті азайту.

28,4 мың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен 21,2 мың бала (2014 жылы – 23,6 мың., 2015 жылы – 21,6 мың.) отбасыға орналастырудың баламалы нысандарымен (қамқоршы, патронат, асырап алу) қамтылды.

2016 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда 7 236 бала (2014 жылы – 9,1 мың, 2015 жылы – 8,0 мың) тәрбиеленуде.

Әлеуметтік жетімдік пен отбасылық сәтсіздіктің негізгі себептері: материалдық және баспана қиындықтары, бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын (маскүнемдік, нашақорлыққа салыну) отбасылардағы адамдар саны, некесіз туудың артуы (29%), ана мен әке болуға деген жеккөрініштілік, отбасы және отбасы тәрбиесі құндылықтарының нашар насихатталуы, бала тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігінің төмендеуі, қарқынды көшіп-қону процесі.

Қазақстандық азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру жүйесі құрылды - баланы қорғаншылыққа алушыларға 10 АЕК, патронаттық тәрбиешілерге 9-10 АЕК, баланы асырап алушыларға 75 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

ҚР Бас Прокуратурасының деректері бойынша, 2016 жылы 2 мыңнан астам балаға қатысты қылмыс, балалар арасында – 3 мыңнан астам құқықбұзушылық жасалған (2014 жылы – 7 284, 2015 жылы – 3 796, 2016 жылы – 3 343).

Девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін 7 арнайы білім беру ұйымды және ерекше режимде ұстайтын 1 білім беру ұйымы қызмет жасайды.

Республикада 20 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызмет жасауда, оларда өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға, ата-аналарына (заңды өкілдеріне) кеңестік, құқықтық, психологиялық,педагогикалық пәрменді көмек көрсетіледі. Соңғы үш жылда 11 470 ата-аналарға және балаларға көмек көрсетілді.

Қазақстанда Президент Жарлығымен Отбасы күні - мерекесі белгіленді, қыркүйектің әр екінші жексенбісінде тойланады.

Жыл сайын әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған балалы отбасының үлесі, жалпы санынан 0,01%-ға азаюда (2014 жылы – 12 469 отбасы, 2015 жылы – 12 324 отбасы, 2016 жылы – 11 778 отбасы).

2016 жылы Бас Прокуратураның деректері бойынша елімізде кәмелетке толмағандар арасында аяқталған суицидтің 175 жағдайы және 411 әрекет жасағандар тіркелген, бұл аяқталған суицидтің 2015 жылмен салыстырғанда 12,9% азайғандығын көрсетеді (2014 жылы – 192 аяқталған суицид және 509 әрекет, 2015 жылы - 201 аяқталған суицид және 485 әрекет).

Суицидтің негізгі себептері ішкі отбасылық шиеленіс - 23 (11,4%), өмірдің қиын жағдайы - 7 (3,5%), өмірге қанағаттанбауы - 7 (3,5%), табыспаған махаббат - 6 (3 %), 137 (68%) суицидтің себебі анықталмаған.



2.2) Негізгі проблемаларды талдау

Орта білім беру жүйесінде мынадай мәселелер орын алуда:



1. Мектеп инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.

2016 жылы 7 100 күндізгі жалпы білім беретін мектептерден: 1 598 мектеп (22,5%) бейімделген ғимараттарда орналастырылған, 37 мектеп (0,5%) – апатты жағдайда, 106 мектеп (1,5%) сабақтарды үш ауысымда жүргізеді, 1 337 мектептің (18,8 %) спорт залы жоқ.

2. Қалалық және ауылдық ШЖМ арасындағы білім сапасының алшақтығы.

2016-2017 оқу жылында республика бойынша ШЖМ саны жалпы көрсеткіштерге қарағанда қысқаруда, олардың үлесі 42,7%-ды құрайды. Оларда білікті мамандардың тапшылығы орын алуда, материалдық-техникалық қамтамасыз ету денгейінің төмендігі байқалуда. Жаңа модификациялық оқу кабинеттері жоқ мектептер: физика 33,7%, химия 39%, биология 39,3%, математика 29,3% және лингофондық кабинеттер 49%. 2015 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ШЖМ орта балы республикалық көрсеткіштен (74,67 балл) төмен, яғни 4,45 балл.



3. Қосымша білім беру инфрақұрылымының әлсіздігі.

2016 жылы 834 ұйымның 380-і типтік ғимаратта орналасқан. Мектептен тыс ұйымдарда балаларды қосымша біліммен қамту 22,2%-ды, мектеп үйірмелері мен секцияларында – 33,3%-ды құрайды. Жас туристер, техниктер, натуралистер станцияларының саны жеткіліксіз. Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтарі және мамандары жүйелі біліктілік арттыруды қажет етеді.



4. Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық қолдау мен түзете-дамыту жұмыстары жетілдіруді қажет етеді.

Арнайы білімі бар педагог кадрларға сұраныс артып отыр, әдістемелік қолдау қажет, инклюзивті білім беру мәселесі бойынша жалпы білім беру мектептердегі педагогтардың біліктілігін арттыру қажет.

Білім беру ұйымдары арнайы оқу-әдістемелік кешендермен қамтылуы төмен денгейде (көру қабілеті нашар балалар үшін Брайл шрифтісімен жазылған оқулықтар).

5. Оқытуда инновациялық технологиялар толық түрде қолданылмауда. Сапалы білімге қол жетімділікке жетуде мектептердің жоғары желідегі Интернетпен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі әсер етеді, сонымен қоса сандық ақпараттық ресурстар саны да. Оқушылардың ақпараттық технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі шектелген. Мектептердің әлемдік білім беру интернет ресурстарына шығу көрсеткіштері төмен деңгейді сақтап қалуда.

6. Балалардың өз құқықтары туралы жеткіліксіз хабардар болуы

Қоғамның реформалануы, әлеуметтік саралау, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, отбасының қолайсыздығы және өзге де факторлар балалар құқықтарына әсер етеді.



7. Балалардың өмір сүруі үшін жайлы және игілікті қоршаған орта құрумен байланысты проблемалар бар.

Осал топтағы балалардың әлеуметтік шеттелуі (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек - балалар, әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар).

2016 жылдың қорытындысы бойынша балалар ұйымдарындағы балалардың 18%-ы жетімдер. Қалғандары - ата-аналары тірі бола тұра жетімдер, олар ата-ана құқығынан айрылған, қамау орындарында, іздеуде, ұзақ уақыт емделуде жүргендер .

Балалармен қатігездік қарым-қатынас жағдайлары азаймауда: физикалық, эмоционалды, балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық, олардың негізгі қажеттіліктерін елемеу.

Мектеп оқушыларының мінез-құлық факторлары денсаулық жағдайына әсері ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.

Баланың жиі күйзеліске түсуі аяқталған суицид санын арттыруға әкеледі.

Кәмелетке толмағандар арасында алкоголді пайдалану, шылым шегу және нашақорлық мәселелері шиеленісе түсуде: балалардың 20%-ы спирттік ішімдікті қолданады, жасөспірімдердің 50% шылым шегеді, 17% - есірткі қолданады.

Балалар арасында және кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық жасалуда, анықталған балалар құқығын бұзушылық саны да төмендемеуде.



8 Қолайсыз отбасылармен және балалармен профилактикалық жұмыстар тиімділігінің төмендігі, ата-ана құқығынан айыру және әлеуметтік жетімдік тәжірбиесінің таралуы.

2016 жылдың қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында 5,5 млн. балаға 12 мың. астам мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, қамқорлық органдарында 300 астам мамандар жұмыс істейді. Жалпы балалар санынан әлеуметтік-педагогикалық қызметпен тек 0,2% қамтылған.

Әлеуметтік-психологиялық, консультациялық және құқықтық қызметтерге тек қана кәмелетке толмағандар ғана емес, сонымен қоса олардың ата-аналары, заңды өкілдері қажет етеді.

1.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атаулары

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Демографиялық өсім және миграциялық процестер үш ауысымды мектептер санының және оқушы орнының тапшылығына әкеледі

РБ және ҰҚ есебінен мектеп және кеңейтілген құрылыстар

PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулерді жүргізуге ықпал ететін техникалық (бағдарламаның қателіктер беруі) жағдайлар

Сапалы компьютерлер мен USB жинақтаулармен оқушыларды қамтамасыз ету

Интернаттық мекемелерге ата-аналарынан қамқорсыз қалған балалар мен жетім балалардың қайта түсуі

PR-компаниялар өткізу, интернаттық ұйымдарды отбасын қолдау орталығына қайта құру,

балалы отбасын сүйемелдеу қызметін құру, отбасына баланы қабылдаушы әлеуетті ата-аналарды дайындау



Балаға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгез қарау фактілерін жасыру

Бала құқығын қорғау саласында қызмет ететін әлеуметтік педагогтар мен психологтарды даярлау және қайта даярлау


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау