Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года №258 «о стратегическом плане Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2014 2018 годы»



жүктеу 0,54 Mb.
бет2/6
Дата13.02.2020
өлшемі0,54 Mb.
#28918
1   2   3   4   5   6

3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру

3.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2016-2017 оқу жылында республиканың ТжКБ жүйесі 817 колледжді, оның ішінде 456 мемлекеттік (2015-2016 оқу жылында – 849, 2014-2015 оқу жылында – 807, 2014-2015 оқу жылында-820) колледжді құрайды. Оның 20%-ы ауылдық жерде орналасқан.

2015-2016 оқу жылында білім алушылардың саны 489,1 мың адамды құрады (2015-2016 оқу жылында – 499,4 мың адам, 2014-2015 оқу жылында 531,4 мың адам), оның 97,7 мың адамы (19,6%) жұмысшы біліктіліктері бойынша, 402,1 мың адам (80,4%) орта буын мамандықтары бойынша. Күндізгі бөлімде 420,6 мың адам (65,4 мың адам сырттай бөлімде, 3,1 мың адам – кешкі оқыту нысаны бойынша), олардың 244,9 мың адамы немесе 50,1%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.

Кадрларды даярлау 213 мамандық және 693 біліктілік бойынша жүргізіледі.

Кадрларды даярлаудың құрылымы 296 мың адам (60,5%) техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша жүргізілетінін көрсетті, бұл еңбек нарығының сұранысына сәйкес келеді.

Экономиканың кадрларға қажеттілігі оның жалпы сұранысының 20,5%-ы жұмысшы кадрларды, 38,5%-ы- орта білікті, 41%-ы жоғары білікті мамандарды қажет ететінін көрсетті.



Мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде 244,9 мың адам (50,1%), ақылы негізде 244,3 мың адам (49,9%) білім алады.

Колледж студенттерінің 50%-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алады. Бірақ, жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде басымдық орта буын мамандықтарына беріледі (жалпы мемлекеттік тапсырыстың 60%).

Республика колледждерінде кадрларды даярлаудың талдауы контингенттің жылдан жылға төмендеуін көрсетеді. ЭЫДҰ-ның (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мектеп және колледж оқушылары арасында жүргізген әлеуметтік зерттеуі оқушылардың 91,4%-ы ТжКБ-ға баруды жоспарламайтынын, 49,2%-ы мамандық таңдауда көмекті қажет ететінін, 45,9%-ы оқуға төлеуге мүмкіндігінің болмауын немесе қиналатындығын көрсетті.

Тиісінше жастардың жұмысшы мамандықтарын алуын тежеу факторлары мәртебесінің жоқтығы, ақылы білім алу, нашар кәсіптік бағдар беру жұмысы.

Осыған орай техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарту, қолжетімділігін арттыру және беделін көтеру бойынша шаралар қабылдануда.

2016 жылы ТжКБ-нің 817 ұйымынан тек 390-ында ғана (жобалық қуаты

78,6 мың орын), соның ішінде 296 мемлекеттік колледжде жатақхана болды (жобалық қуаты 57,9 мың орын).

Өңірлік тұрғыдан 2012-2016 жылдары колледж студенттерін жатақханалармен қамтамасыз етудің оң динамикасы Шығыс Қазақстан (+28,6%), Маңғыстау (+22,7%), Жамбыл (+10,7%), Оңтүстік Қазақстан (+8,7%),

Қарағанды (+6,8%), Қостанай (+4,7%) облыстарында және Астана қаласында (+7,4%) тіркелді. Едәуір өсімге (+26,2%) қарамастан, ТжКБ-нің білім алушыларын ыңғайлы тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең төмен көрсеткіші Атырау облысында тіркелді. Осы көрсеткіштің күрт төмендеуі Павлодар
(- 36,5%) және Батыс Қазақстан (-31,8%) өңірлерінде де тіркелді.

2014-2016 жылдарында РБ-нің қаражаты есебінен Жамбыл облысының Тараз қаласында 200 орынға және Қарағанды облысы Нұра ауданының «Киевка» ауылында 100 орынға арналған жатақхана пайдалануға берілді. ЖБ-нің қаражаты есебінен 2015-2016 жылдарында Алматы облысының Алакөл ауданында 50 орынға және Жамбыл облысында 100 орынға арналған жаңа жатақханалар салынды. Қарағанды облысында оқу корпусы 40 орынға арналған жатақхана болып қайта салынды және Қостанай облысында 7 жатақхана қалпына келтірілді.

2016 жылы ел колледждерінің 64%-ы типтік ғимараттарда, 36%-ы бейімделген ғимараттарда орналасты. Заманауи құралдармен 1 442 шеберхана жабдықталды (РБ-тен 388 бірлік, ЖБ-тен 209 бірлік, ҚДХБ-нің займдары есебінен 207 бірлік).

Білім алуға ерекше сұранысы бар балалардың техникалық және кәсіптік білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда. ТжКБ-ға қабылдау кезінде мүгедектерге арналған 2012 жылдан бастап белгіленген квотакөлемі 1% -ды құрайды (2011 жылы – 0,5%).

Колледждерде дуальді оқыту жүйесінің элементтері енгізілуде. 2016-2017 оқу жылында еліміздің 421 колледжі білім беру қызметін кәсіпорындармен әріптестік негізінде жүзеге асырады (2015-2016 оқу жылында – 348 мың адам, 2014-2015 оқу жылында – 170 мың адам). Ынтымақтастық туралы 27 200 шарт жасалды. Кадрларды мақсатты даярлау шеңберінде 5 мың адам білім алуда.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» білім беру көші-қон арқылы еңбек ресурстарының өңірлік теңсіздігін реттеуге амалдар жасалуда. Солтүстік, орталық және шығысөңірлердің 34 колледжінде 2200 студент оқиды.

Жалпы, ТжКБ жүйесі кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына көшуде, біріктірілген модульдік оқу бағдарламалары енгізілуде.

Дүниежүзілік банкі қарызы есебінен «ТжКБ-ны жаңғырту» жобасы шеңберінде 147 кәсіптік стандарт негізінде 147 модульдік бағдарлама жасалды, оның ішінде 29 модульдік білім беру бағдарламасы ТжКБ-ның 33 оқу орнына енгізілді.

«Кәсіпқор» холдингі халықаралық тәжірибе мен жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып 45 білім бағдарламалары әзірледі, оның 27-сі ТжКБ ұйымдарының оқыту процесіне эксперимент тәртібінде енгізілді.

2012 жылдан бастап Қазақстан Турин процесіне қатысушы болып табылады.

Қазақстанның Турин процесіне қатысуының негізгі бағыттары: ТжКБ-ның негізгі индикаторларына талдау, индикаторлар негізінде ілгерілеушілік мониторингі, озық практика мысалдарын, саясатын әзірлеу, бағалау және тарату, мүдделі тараптардың барлық топтарын белсенді тарту, әдіснамалық құралдарды әзірлеу.

Турин процесі бойынша елдік баяндаманың нәтижесі Қазақстан Республикасында кәсіптік білімді дамыту саясатын жасаудың негізі болды.

Колледждерді аккредиттеудің Жол картасы әзірленді және бекітілді. 2016 жылы 17 колледж (10-институциялық аккредиттеу, 7 - мамандандырылған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тізілімге енгізілген Тәуелсіз қазақстандық агенттік базасында аккредиттеуден өтті.

Индустриалдық-инновациялық басым жобаларды іске асыру үшін 10 базалық колледж айқындалды.

Инженер-педагог қызметкерлердің әлеуетін дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Республика колледждерінде 2016-2017 оқу жылы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің саны 42 785 адамды (2015-2016 оқу жылында – 43 112 оқытушы, 2014-2015 оқу жылы – 42 922 оқытушы), 5 722 өндірістік оқыту шебері (2015-2016 оқу жылы – 5982, 2014-2015 оқу жылында - 5631) құрады.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын есепке ала отырып, білімнің қолжетімділігімен қатар, жастардың қосымша біліктілік алуларына жағдай жасау мәселесін пысықтау қажет. Заманауи өндірісті автоматтандырудың қарқынды процесін игеруді колледж бітірушілерінің қосымша және шектес дағдыларды, бағдарламалау негіздерін және робототехниканы зерделеуді, ағылшын тілін білуді қажет етеді.

3.2) Негізгі мәселелерді талдау

1. Жастардың кәсіби дамуына деген шаралардың жеткіліксіздігі және ТжКБ алуға уәждемесінің төмендігі.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, 2016 жылы типтік жастағы жастардың ТжКБ-дегі (14-24 жас) үлесі тек 16,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш еуропалық одақ елдері мен ЭЫДҰ-дан 3 есе төмен. Халықтың 22% -ы ғана ТжКБ-ны беделді деп санайды. Ал Еуроодақ елдерінде халықтың 71%-ы үшін жұмысшы мамандығының оң имиджі бар. Бұл жұмысқа орналасуды, қамтудың, еңбек ақы көлемінің және халық пікірінің көрсеткіштері.

Елдің жұмысшы кадрлары компьютерлік жобалау біліктіліктерін, күрделі дәнекерлеу құрылымдармен жұмыс істеуді және техникалық ағылшын тілін меңгермеген. Жыл сайын 30 мың шетелдік қызметкер жұмысқа тартылады, оның ішінде 24,9 мың (83%) - өнеркәсіп үшін.

2. Білім беру мазмұны мен сапасының халықаралық стандарттарға және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмеуі.

Қолданыстағы Кәсіптер мен мамандықтар жіктеуіші ХББА-ға сәйкес келмейді. Әзірленген оқу бағдарламалар өзектендіруді, білім берудің барлық деңгейінде сабақтастықтың болмауы модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген бағдарламаларға көшуді талап етеді. Колледждердегі мамандардың даярлық сапасына талдау жүргізу үшін жұмыс берушілер тарапынан ТжКБ түлектерін тәуелсіз сертификаттау жүйесі жеткіліксіз дамыған.



3. Инженер-педагог қызметкерлерінің кәсіби өсуін ынталандыру тетіктерінің болмауы

Техникалық және кәсіптік білім мазмұнын жаңғырту процесі білім беру саласындағы инновациялық технологияларды меңгерген, педагогтардың кәсіби ұтқырлығын арттыруға бағытталған нақты кадрлық саясатты талап етеді. Алайда, қолданыстағы біліктілікті арттыру жүйесі педагогтарды ынталандыру мен уәждемелеуді көздемейді.

Жыл сайын 3 мыңнан астам инженер-педагог қызметкерлер өндіріске кетеді. Колледждердегі төменгі жалақы өндірістен қызметкерлерді тартуға мүмкіндік бермейді, жастар ТжКБ-ге қиналып барады.

Педагогикалық қызмет нәтижелері бойынша оқытушыларды ынталандыру және біліктілікті арттырудың айқын тетігі жоқ.



4) Жеткіліксіз дамыған инфрақұрылым мен кәсіптік және техникалық білім беруге қолжетімділік

Колледждердің материалдық-техникалық базасы кадрларды даярлау сапасын және ТжКБ жүйесінің тартымдылығын қамтамасыз етпейді. Басқа қаладан келген білім алушыларға жағдай жасау мәселелері толық шешілмеген. Ауылды жерлерден келген студенттердің 70%-ның ғана жатақханадан орын алуға мүмкіндіктері бар. Қазақстандағы ТжКБ шығыстары әлемдегі дамыған елдердің көрсеткіштерінен 2,5-3 есе төмен.



3.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атаулары

Тәуекелдерді басқару

бойынша іс-шаралар



1

2

Жастар арасында жұмысшы мамандығы беделінің төмендігі

Жұмысшы мамандығының беделін көтеру және танымал ету.

Жастар арасында ақпартаттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.


4-стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

4.1) Реттелетін саланы немесе қызмет өрісін дамытудың негізгі параметрлері

2016-2017 оқу жылында республикада 130 ЖОО жұмыс істейді (10 ұлттық, 32 мемлекеттік, 14 азаматтық емес, 1 ААҚ, 1 халықаралық, 18 акционерлік, 54 жеке) (2013-2014 оқу жылында – 132, 2014-2015 оқу жылында – 127, 2015-2016 оқу жылында - 125).

ЖОО білім алушылардың жалпы контингенті 2016-2017 оқу жылында 512 677 адамды (2014-2015 оқу жылында – 506,4 мың адам, 2015-2016 оқу жылында – 455,1 мың адам) құрады, соның ішінде, бакалавриатта – 477 074 адам, магистратурада – 32 893 адам, докторантурада – 2 710 адам.

2016 жылы ПОҚ саны 38 241 адам (2013-2014 оқу жылында – 41 635, 2014 жылы – 40 320). ПОҚ дәрежелілігі 53 % құрайды (2013-2014 оқу жылында – 49,8%, 2014-2015 оқу жылында - 49,1%, 2015-2016 оқу жылында - 50,4%,).

2017-2018 оқу жылына арналған кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі: бакалавриат – 38 983 грант, магистратура – 10 046 орын, PhD докторантура – 1 279 орын (2015-2016 оқу жылы: бакалавриат – 32 168 грант, магистратура – 7 241– орын, докторантура 623– орын, 2016-2017 оқу жылы: бакалавриат – 31 702 грант, магистратура – 7 429, докторантура – 628). Осылайша, ЖОО кейінгі білім мен жоғары білімге деген мемлекеттік тапсырыстың жалпы арақатынасы 2016 жылы – 25,4%, 2015 году – 24,4%, 2014 году – 22,5% құрады.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» атты жоба жүзеге асырылуда.2015-2016 оқу жылында жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші тапшы облыстарға тарту мақсатында оқытатын ЖОО мамандықтарының тізімі кеңейтілді. 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс 150 орынды құрады.

Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорындар үшін 11 базалық ЖОО-нда 4 400 маман даярлануда.Шетелдік серіктес ЖОО сарапшыларының қатысуымен 24 инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленді. Оларды әзірлеу барысында базалық ЖОО-ның 283 оқытушысы Назарбаев Университетінде, сондай-ақ серіктес ЖОО-нда және кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2015-2019 жылдары ИИДМБ басым бағыттары үшін базалық ЖОО-нда бейіндік магистратурада даярларланатын кадрлар саны 2019 жылға дейін 8200 адамды құрайды. Осылайша, 2015 және 2016 жылдары ИИДМБ10 базалық ЖОО бейіндік магистратурасына 4700 адам қабылданса, 2017 жылы 1900 магистрант оқуын тәмамдады (оқу мерзімі 1,5 жыл), 2017 жылы бейіндік магистратураға 3500 адам қабылданады деп жоспарлануда.

«Орта білімді жаңарту» жобасының 1.3. «Педагогикалық білім беруді жаңарту» тармақшасы бойынша педагогтың кәсіби стандарты әзірленіп бекітілді.



Нақтылы аймақтың кадрларға деген сұранысы арқылы еңбек нарығы ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін ЖОО-ның академиялық еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында ЖОО білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындау құқығы кеңейтілді:бакалавриатта 65% дейін, магистратурада 75% дейін, докторантурада 90% дейін.

Болон үдерісі параметрлерін орындау отандық білім беру бағдарламаларын шетелдік бағдарламалармен үйлесімділікте болуына ықпал етіп қана қоймай, салғастырмалы білім беру бағдарламаларының үлес санының артуына, жоғары білімді халықаралық деңгейге көтеруге септігін тигізеді. ЕСTS типіндегі кредеиттерді қайта тапсырудың қазақстандық моделі енгізілді.

Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы дамып келеді. Соңғы 3 жылда шамамен 4 187 студент пен магистрант шетелдік ЖОО білім алды: 2014 жылы – 805 студент, 2015 жылы – 909 студент, 2016 жылы – 2 473 студент.

Бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламаларын іске асыруға шетелдік ғалымдар тартылуда. Соңғы 3 ішінде Еуропа, АҚШ, Ресей Федерациясы, Оңтүстік-шығыс Азиядан 2 642 шетелдік ғалым шақыртылды (2014 жылы – 1726 адам, 2015 жылы– 547 адам, 2016 – 369 адам).

Қазіргі уақытта ЖОО жоғары білім мен ғылым саласындағы серіктестік туралы 400 ЖООаралық келісімдер (келісім-шарттар), Қазақстанның ЖОО мен шетелдік ҒЗИ арасында 104 келісім, меморандум және келісім-шарттар жүзеге асырылуда.

42 ЖОО-ның педагогикалық, техникалық және жаратылыстану мамандықтарында оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Оның ішінде, 15 ЖОО-ның педагогикалық мамандықтарында 3,5 мың адам оқытылуда. Сонымен бірге, 2015 жылы 531 адам аталмыш бағдарламаларды тәмамдап, оның 500-і Назарбаев зияткерлік мектептеріне, түрлі пәндерді тереңдете оқытатын дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарға, мектеп-гимназияларға жұмысқа орналастырылды.

Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін ЖОО аккредиттеудің ұлттық моделі енгізілді. Аккредиттеу бәсекелестік ортаға тапсырылды№. жүйесін тиімді аккредиттеуші органдардың ұлттық тізбесіне 7 аккредиттеуші агенттік кіреді, оның 2-уі қазақстандық және 5-уі шетелдік
(2 –Германиядан, 2 – АҚШ-тан, 1 – Ұлыбританиядан).


2016 жылы қазақстандық акредиттеуші агенттіктерден институционалдық аккредиттеу өткен ЖОО саны – 96 (2015 жылы – 72), ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден – 86 ЖОО (2015 жылы – 55).

Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша корпоративті басқару енігізілуде. 10 ЖОО-нда іске асырылуда және 19 ЖОО-нда бақылаушы кеңестер құрылуда. 64 ЖОО Қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеу принциптері қайта қарастырылу үстінде.

Білім, ғылым және бизнестің интеграциясы күшеюде. ЖОО-нда 16 коммерцияландыру кеңсесі, 3 техносаябақ, 4 бизнес-инкубатор,500-ден астам ғылыми-зерттеу бөлімшелері мен құрылымдары қызмет атқарып отыр.

Соңғы 5 лет жылда қазақстандық ЖОО әлемдік рейтингтерге белсенді қатысуы байқалуда, атап айтқанда: QS WorldUniversityRankings, Webometrics, UniversityRankingbyAcademicPerformance (URAP) және басқалары.

QS WUR рейтингісі бойынша 2016 жылы 8 қазақстандық ЖОО аталған.

«Топ-300» үздік рейтингісіне енген ЖОО: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - 236 орын, 2015 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 39 орынға көтерілді, «Топ-400» үздіктерінің қатарында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ – 345 орын, бұрынғы көрсеткіштерінен 26 орынға көтерілді. «Топ 411-420» қатарына көрсеткіштерін 74%-ға жақсартқан К.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ кірді. «Топ 501-550» – Абай атындағы ҚазҰПУ, алдыңғы көрсеткіштерін 100 орынға жақсартты, «Топ 601-650» – М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Топ 651-700» – ҚБТУ, «Топ 701+» –Букетов атындағы ҚарМУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ.

Бұған білім, ғылым және бизнестің интеграциясы, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігініңартуы, халықаралықтандыру деңгейінің өсуі, шетелдік студенттер санының артуы, қосдипломдық білімді дамыту септігін тигізді.

Аталмыш жайттар Қазақстан ЖОО-ның имиджіне оң әсерін тигізіп, Қазақстан Республикасы жоғары білімінің табыстарын халықаралық деңгейде мойындатты.

4.2) Негізгі мәселелерді талдау.

1.Түлектер әрдайым жұмыс берушілердің болжалдарына сай келе бермейді.

ЖОО білім беру бағдарламалары еңбек нарығы қоятын талаптарға сәйкес құзіреттіліктерді бере алмайды, бұл жағдай көптеген қызмет салаларында кәсіби стандарттардың болмауы салдарынан орын алып отыр. Білім беру саласы мен еңбек нарығының өзара әрекеттесуінің төмен деңгейде болуы сондай-ақжұмыс берушілердің бірлесе кадр даярлауға, кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыруға деген қызығушылығының төмендігіненкөрініс табады.

2. Үштілді оқыту бағдарламалары бойынша білім алушылардың аз қамтылуы.

Күндізгі бөлімде оқитын 358 мыңнан астам студенттердің тек 5% үш тілде білім алады. ЖОО оқытушыларының 38 мыңы шетел тілін еркін меңгерген, ал үш тілде сабақ жүргізетіндері 10% құрайды.

3. Материалдық-техникалық, оқу-зертханалық және ғылыми базаның төмен деңгейі.

ЖОО мемлекеттік қаржыландырылуының негізгі көзі білім гранттары болыр табылады, оның 70% оқу үдерісін қамтамасыз етуге қажетті ағымдағы шығындарға жұмсалады. Сәйкесінше, материалдық-техникалық базаны дамытуға және нығайтуға байланысты шығындар толық қаржыландырылмайды. Жоғары білім беруге бағытталған мемлекеттік шығындардың 94% мемлекеттік тапсырысқа тиесілі. 6% – басқа да шығындар, оның ішінде материалдық-техникалық базаны қолдау. Бұл мақсатттарға бөлінетін бюджеттен тыс қаржыландыру шамалы ғана.

4.3) Тәуекелдерді басқару



Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдер атаулары

Тәуекелдерді басқару

бойынша іс-шаралар



1

2

Жұмыс орындарының тапшылығы

Жоо өз алдына басқаруын кеңейту, жұмыс берушілерді кадырларды даярлауға тарту.

Жоғары біліммен қамтуды ұлғайту.

Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу арқылы нарықтың талабына сәйкес кадрларды даярлау.

Жоо академиялық бостандығын ұлғайту және білім беру нәтижесіне бағытталған бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеу.



Білім миграциясы, жастардың шетелдік жоо-ға кетуі

Талапкерлерді жоо-ға қабылдау ережелерін жетілдіру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде оқыту.


5-стратегиялық бағыт Ғылымды дамыту

5.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстанның Ғылым жүйесінде ірі жүйелік өзгерістер болды. 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 407 -IV Заңына сәйкес ғылымды басқарудың және ғылым қаржыландырудың түбегейлі жаңа моделі жұмыс істейді.

Ғылымның алдында тұрған негізгі міндеттер ғылыми кадрларды даярлаудың қазіргі кездегі жүйесін қалыптастыру, сапалы нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, елдің индустриалдық қажеттілігіне ғылымды бағыттау, «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу жолымен гуманитарлық бағытты дамыту, ғылым жетістіктерін дәріптеу, халықаралық интеграция болып табылады.

Ұйымдардың қызметін талдау ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары инженерлік әзірлемелер мен технология саласындағы зерттеулер болып табылатының көрсетті, олардың ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың ішкі шығындарының жалпы сомасындағы үлесі 45,3% құрады. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулерге жұмсалған шығындар 35,3%, ауылшаруашылық ғылымдары саласында – 10,4%, медицина ғылымдары – 3,4%, гуманитарлық ғылымдар – 4% және әлеуметтік ғылымдар – 1,6% құрайды.

Кадрлық әлеует жағдайы тұрақтанды. 2016 жылы ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалпы саны 22,9 мыңды құрады (2015 жылы – 27,7 мың адам, 2014 жылы – 25,8 мың адам) олардың ішінде зерттеуші-мамандар 17 421 адам, табылады. ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналасатын ғылым докторларының саны 1 829 адамды құрады, бейін бойынша докторлар – 509 адам, PhD философия докторы – 462 адам, ғылым кандидаттары – 4 754 адам және магистрлардың саны 3 908 адамды құрады.

Алайда, соңғы үш жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдардың саны 9 447-ден 8 167-ге дейін азайды (2014 жылы – 9 447, 2015 жылы – 9 008, 2016 жылы –


8 167).

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындайтын 390 ғылыми-зерттеу ұйымы бар: ғылыми-зерттеу институттары – 245, ЖОО - 89, басқалар - 58.

Ғалымдар үшін маңызды ынталандыру – әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық болып табылады, ҚР БҒМ-нің атаулы сыйлықтары - 7, мемлекеттік ғылыми стипендия: 50 - жас ғалымдарға, 25 – көрнекті ғалымдар үшін.

Тәуелсіз ғылыми-техникалық сараптама жүйесі жұмыс істейді. Сараптаманы Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы және 5 Ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) жүргізеді. Олар ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша түбегейлі шешімді қабылдайтын алқалы орган болып табылады.

Ғылыми зерттеулер бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберінде қаржыландырылады.

2016 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған ішкі шығындар өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға азайып, 66 600,1 млн. теңгені құрады. Қолданбалы зертеулерге жұмсалған шығындар үлесі ішкі шығындардың жалпы көлемінен 53,8%-ды құрады, іргелі зерттеулер – 20,7% және тәжірбиелі-конструкторлық әзірлемелер – 25,5.



Барлық ғалымдар үшін дүниежүзілік ақпараттық ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етілген - Clarivate Analytics, Springer тәрізді ірі шетелдік компаниялармен және басылымдармен лицензиялар мен келісімдерге қол қойылған.

Халықаралық рейтингтік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жариялау қызметінің елеулі өсуі байқалады. 2016 жылы әлемдік рейтингтік журналдардағы қазақстандық ғалымдар жарияланымдарының саны – 2 066, соның ішінде Web of Core Collection (Clarivate Analytics).

Қаржыландырудың жаңа түрлерін енгізу тұтастай алғанда республиканың ғылыми процесін күшейтті. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен ЖОО базалық қаржыландыру. Ғылыми-зерттеулердің өздері бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыланыдрумен қаржыландырылады.

Гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаларды қаржыландыру ғылыми қызмет субъектілеріне тең жағдайдағы конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2017 жылы гранттық қаржыландыру бойынша 1 550 жобаны және 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 56 ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру жалғасуда.

100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 64-қадамын іске асыру шеңберінде «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.



Дүниежүзілік қайта құру және даму банкімен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» атты бірлескен жоба іске асырылуда. 2016 жылы ҚР мен ДҚҚДБ арасында қарыз туралы келісім ратификацияланды:

- Жобаны басқару тобы құрылды;

- Жобаның басқарушы комитеті құрылды;

- Ғылым және коммерцияландыру бойынша халықаралық кеңес құрылды, оған коммерцияландыру және инновация саласындағы белгілі шетелдік сарапшылар мен ғалымдар енді;

- 2016 және 2017 жылдары аға және кіші топтағы ғылыми қызметкерлер үшін гранттық бағдарлама бойынша екі конкурс өткізілді (жобаның 1.2 «Өнімді инновацияларды ынталандыру» компоненті бойынша). Үш жылдық кезеңде іске асыру үшін ғылым және коммерцияландыру бойынша халықаралық кеңес мүшелерінің конкурстық деректері бойынша 50 жоба іріктелді. 2016 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша 27 жобамен 4 857 126 186 теңге сомасына Грант туралы келісім жасалынды, соның ішінде 310 666 500 теңге бірлесе қаржыландыру, 2 жоба бойынша экология жөнінде Дүниежүзілік банктің рәсімдері өткеннен кейін Грант туралы келісім жасалатын болады. Сонымен қатар, 2017 жылы іріктелген 21 жобамен Грант туралы келісім жасау жұмыстары жүргізілуде (ЖШС құру, ПООС мен ОВОС әзірлеу және келісу).

Сондай-ақ, «Ғылым қоры» АҚ операторы болып анықталған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға 2016 жылы конкурс өткізілген. Конкурстың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 4 855 939 492 теңгеге 27 шарт жасалынды, жеке инвестицияларды тартудың жалпы көлемі 423 086 491 теңгені құрады.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларына және Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын сараптама және ұйымдастыру өткізу қағидаларына мен толықтырулар енгізілді.

Жоғарыда аталған конкурстар шеңберінде іріктелген жобалар тағам өнімдерін шығару, қалдықтарды жинау, өңдеу, алып тастау және жою; металургия, электір құралдарын шығару; фармацевтика, бейметал минералды өнімдерді шығару; компьютерлерді, электронды және оптикалық өнімдерді шығару сияқты секторлардағы отандық өнімдерді шығаруға бағытталған.

Ғалымдардың ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында Қазақстанның технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал жасауға және табиғаттың, қоғамның, адамның даму заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған университет оқытушыларының, докторанттарының, магистранттарының және студенттерінің ғылыми зерттеулерінің жүргізілуін үйлестіру мақсатында 24 коммерцияландыру офистері жұмыс істейді.

2016 жылы қолданбалы ғылыми-зерттеу қызметтерінің жалпы саны – 1 217, коммерцияландырылған жобалардың барлығы 210, соның ішінде 111 мемлекеттік органдар, технологияларды коммерцияландыру жобалары 65, «Өнімді инновацияларды ынталандандыру»шеңберінде 33 жоба.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде елдің 17 ЖОО жұмыс жүргізілуде. Университеттің қызметкерлері «Кәсіпкерлік университет» бағыты бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қарамағында 30 ғылыми ұйым бар (биологиялық бейінде – 13, гуманитарлық бейінде – 8, математикалық және ақпараттық бейінде – 5, мұражайлық бейінде – 2, сонымен қоса «Ғылым қоры» АҚ мен «МҒТС ҰО» АҚ).

Екі жақты негізде ғылыми-техникалық ынтымақтастық дамуда: Ұлыбритания, АҚШ, ҚХР, Корея, Жапония, Египет, Германия, Италия, Франция, Польша, Ресей және т.б. елдермен ғылым мен техника саласында 30-дан астам мемлекетаралық келісімдер жасалынды.

2017 жылы Clarivate Analytics компаниясының Web of Science Core Collection деректері бойынша қазақстандық басылымдардың (ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша) саны 568 бірлікті құрайды (2015 жылы – 1 808 бірлік, 2016 жылы – 2 066 бірлік).

2017 жылы Elsevier компаниясының Scopus деректері бойынша қазақстандық басылымдардың (ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қарағанда) саны 1 119 бірлікті құрайды (2015 жылы – 2 472 бірлік, 2016 жылы – 3 232 бірлік).

2017 жылдың 1 жартыжылдығында «МҒТСҰО» АҚ Springer Nature және Clarivate Analytics өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы бойынша 113 оқу семинарын ұйымдастырды және өткізді (2015 жылы – 215, 2016 жылы - 208), сонымен қатар 44 онлайн семинар өткізілді (2015 жылы – 90, 2016 жылы - 122).

5.2) Негізгі проблемаларды талдау



1. Ел экономикасының тұрақты дамуы үшін ғылымның қосқан үлесі төмен деңгейде қалып отыр.

Ғылыми кәсіпкерлік нашар дамыған. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері бизнес үшін қажетсіз болуда және кәсіпорындар өндірістік процесте қолданбайды.

Қазақстан дамыған мемлекеттерге қарағанда ҒЗТКЖ нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша айтарлықтай артта қалуда. Соңғы 5 жылда тәжірбиелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалған шығындар 3 есе артса да, ЭЫДҰ елдеріне қарағанда айтарлықтай төмен.

2.

3. Ғылым саласындағы менеджмент жеткіліксіз дамыған. ҒЗИ шашыраңқылық байқалады.

Ғылыми жобаларға әкімшілік етумен басқарудың, материалдық-техникалық базаны пайдаланудың бірыңғай механизмі мен ғылым саласындағы менеджменттің жоқтығы. Соңғы үш жылда (2013-2015) ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізілмеген.

5.3) Тәуекелдерді басқару


Негізгі мақсатқа жетуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі

іс-шаралар



1

2

ҒЗТКЖ төмен нәтижелілігі

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқару тетіктерін жетілдіру.

Өзінің ғылыми әлеуетін іске асырудың анағұрлым қолайлы перспективалары болғандықтан ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуі

Ынталандыру, ғылыми-техникалық базаларды жаңарту; ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайту; ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу үшін жағдайлар жасау.



3-бөлім. Салалардың басым бағыттары
жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау