Полугодовой (годовой) отчет о выполнении педагогической нагрузки


Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары



жүктеу 7,39 Mb.
бет31/32
Дата14.05.2018
өлшемі7,39 Mb.
#12910
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары


1. тақырып: Философияның пәні мен функциясы

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Көзқарас ұғымына анықтама беру

  2. Сипатына қараа көзқарастың қандай түрлері болатындығын және көзқарастардың орын ауыстыруы мен дамуы неге байланысты екендігін түсіндіру.

  3. Философиялық көзқарастың негізгі белгілері мен сипаттарын қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Белгіленген тақырыпқа дайындалу барысында тек арнайы оқу материалдарын ғана емес, әдебиеттер шеңберін кеңейту керек. Ең алдымен бір қарағанда күрделі емес сұрақтардан бастау керек. Бұлар – ғылым дегеніміз не және ғылыми көзқарастардың ерекшеліктері қандай деген сұрақтар. Діни көзқарастың табиғаты қандай және оның қалыптасуындағы басты себептер қандай? Өнердің қызметі неде? Осы сияқты сұрақтарға жауап тапқаннан кейін, сіздер философиялық көзқарастың ерекшеліктерін талдауға кірісулеріңізге болады.

Осы белгіленген тақырып бойынша, біз сіздерге мына әдебиеттерді ұсынамыз:

Бақылау жұмысы ретінде сіздерге мына тақырыптар бойынша шағын шығарма жазуға ұсыныс жасаймыз. Олар: менің түсінігім бойынша философиялық сұрақтардың шеңберіне қандай сұрақтар кіреді? Менің ойынша қандай сұрақтар мен және мәселелермен философия айналысуы керек? Философияның көзқарастардың басқа типтерлік ерекшелігі қандай, ал айырмашылығы неде?

Бақылаудың альтернативті формасына негізгі тапсырманың ішіне кіретін сұрақтар бойынша оқытушымен пікірлесу болып табылады.

Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.

4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

СӨЖ тақырыбының атауы

2.тақырып: Ежелгі Үнді және Қытай философиясы

Тапсырмалары:


  1. Үнді еліндегі философияның пайда болу ерекшеліктерін оқыту. Ол үшін упанишада көзқарасы жайындағы материалдармен танысу керек. Упанишада қасиетті ілім болып табылады. Ол ведалық әдебиеттің уақыт жағынан ең соңғы циклы болып табылады.

  2. Ежелгі Үнді философиясындағы санкхья, йога, ньяя, вайшешика миманса, веданта сияқты ортодоксальды мектептің түрлі ерекшеліктері мен джайанизма, буддизма, локаята сияқты ортодасальды емес діни философиялық ілімдердің ерекшеліктерін қарастыру.

  3. Қытай философияның қалыптасуы ерекшеліктерімен танысу. Ол үшін конфуцийшылдық, доо ілімі, Ван Чун ілімі сияқты дәстүрлі философиялық мектептер мен «классикалық кітаптың тарихын оқып шығу керек.

  4. Бақылау рефераттық формада, жоғарыда аталған бүкіл тапсырмалар бойынша, баяндама немесе реферат формасында шағын мәліметтер жазу керек.


Әдістемелік нұсқаулар:

Біздің курсымыздың белгіленген бөлімін оқып зерттеу өте күрделі, сонымен бірге танымдық қатынас барысында өте қызықты. Ол алдыңғы ғасырлардағы жазылған көптеген текстік материалдарды оқу керек. Сонымен бірге, оқу және монографиялық әдебиеттерге де тоқталуымыз керек. Философияның тарихын оның ішінде ежелгі философияны оқу барысында біз өзімізді қызықтырған авторлардың жазған шығармаларындағы тілдік ерекшеліктерді меңгере бастаймыз. Бұлар ежелгі грек, латын, санскрит, әр түрлі диалектілер, ежелгі Қытай тілдері, араб тілдері сияқты әртүрлі тілдер. Философия тарихы жөніндегі әдебиеттер көбінесе философтар және олардың ілімдері жөнінде жалпы ақпарат беретін анықтамалық – биографиялық материалдарға бай болады. Студенттердің қақтығысып жүрген тағы бір мәселесі идеологияландыру, яғни негізгі идея мемлекеттік саясат пен мемлекеттік идеологияға сәйкеспейтін немесе қайшы келетін философиядағы бағыттарға үстіртін қарау. Сондықтан берілген бөлімді оқу барысында әдебиеттерді таңдағанда мұқият болу керек. Ол үшін философия тарихында нақты бағытқа немесе белгілі бір кезеңге ғана арналған оқулықтарды қолдану керек.

Мысалы: Орта ғасыр тарихы, Ежелгі Шығыс философиясының тарихы, ХХ ғасыр философиясының тарихы және т.б.

Философия тарихы әлемдік әдебиеттің тарихынан ажырамас болып табылатындықтан, атақты ойшылдардың көптеген шығармашылығы «әлемдік әдебиет» сериясында басылып шықты. Мысалы, фрацуз ғалымы, философ Б.Паскальдың шығармалары, ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіш болып табылатын Махабхарата мен Рамаяна және т.б. осылармен қоса студенттер үшін өте қажетті журнал !философия сұрақтары» мен «философиялық ғылымдар» . Философияны оқып зерттеуді медицинаны оқып зерттеумен салыстыруға болады. Философия да медицина сияқты тірі болмақ, егер де бұл ғылымдардда жаңа көзқарастар мен жаңа бағыттар болса, «философия сұрақтары» және «философиялық ғылымдар» деп аталатын журналдарда өзіңді қызықтырған тақырып немесе сұрақ бойынша, материалдар таңдап алуыңа болады.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы
Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

  2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

  3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.

  4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

  5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

  6. Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.


СӨЖ тақырыбының атауы

2. тақырып Философияның қайнар көздері. Антика философиясы

Тапсырмалары:

  1. Ежелгі грек мәдениеті, ежелгі грек мифологиясының ерекшеліктерін анықтау. Мифке берілген анықтамаларды салыстыру. Миф және мифологиялық көзқарас анықтамасын қалыптастыруға ұмтылыс жасау. Мифологиялық санадан ғылыми және философиялық санаға өтудегі әр түрлі мәліметтерді салыстыру.

  2. Антикалық философияның тарихын шартты түрде 3 түрлі кезеңге бөлуге болады. Олар: натурфилософиялық, классикалық және эллинистік. Екінші тапсырманың тақырыбы – натурфилософиялық кезең немесе ежелгі дәуір философиясының тақырыбы болып табылады. Фалес, Гераклий, Демокрит сияқты алғашқы грек ойшыл-философтарының басты мәселелері жөнінде түсініктер қалыптастырып, олардың идеялары мен көзқарастарының ерекшеліктерін ашу.

  3. Үшінші тапсырма ежелгі грек, әлемдік философиядағы сияқты әлемдік мәдениет тарихындағы ұлы тұлғалардың өзіне арналады. Мұндағы басты мәселе, Сократ, Платон,Аритотель және олардың ойын жалғастырушылардың шығармашылығы жайында болып отыр.

  4. Төртінші тапсырма грек философиясының соңғы кезеңінде зерттеп, оқуға арналған, мұнда грек филосфиясының құлдыраған кезеңі, яғни бұл кезеңдегі ойшылдардың шығармашылығы Рим империясының және Рим мәдениетінің құлдырау кезеңіне сәйкес келеді. Бұл эпикуризм, стоицизм, неоплатонизм және т.б. бағыттар сияқты ілімдер. Бірақ дәл осы кезеңде кейінгі философиялық текстерде кездестіруге болатын көптеген мәселелер қалыптасты деп айтуға болады. Егер натурфилософтардың еңбектері асқталмай, және ондағы авторлардың идеялары да сақталмаса оларды біз кейінгі өкілдерден біліп жатамыз, ол классикалықкезеңдегі философтардың еңбектері фрагментарлық түрде сақталынған,ал үшінші кезеңін тарихы Рим дәуіріндегі авторлардың сақталған шығармаларының арқасында,толығымен көрініс береді деуге болады.

Әдістемелік нұсқаулар:

Біздің курсымыздың белгіленген бөлімін оқып зерттеу өте күрделі, сонымен бірге танымдық қатынас барысында өте қызықты. Ол алдыңғы ғасырлардағы жазылған көптеген текстік материалдарды оқу керек. Сонымен бірге, оқу және монографиялық әдебиеттерге де тоқталуымыз керек. Философияның тарихын оның ішінде ежелгі философияны оқу барысында біз өзімізді қызықтырған авторлардың жазған шығармаларындағы тілдік ерекшеліктерді меңгере бастаймыз. Бұлар ежелгі грек, латын, санскрит, әр түрлі диалектілер, ежелгі Қытай тілдері, араб тілдері сияқты әртүрлі тілдер. Философия тарихы жөніндегі әдебиеттер көбінесе философтар және олардың ілімдері жөнінде жалпы ақпарат беретін анықтамалық – биографиялық материалдарға бай болады. Студенттердің қақтығысып жүрген тағы бір мәселесі идеологияландыру, яғни негізгі идея мемлекеттік саясат пен мемлекеттік идеологияға сәйкеспейтін немесе қайшы келетін философиядағы бағыттарға үстіртін қарау. Сондықтан берілген бөлімді оқу барысында әдебиеттерді таңдағанда мұқият болу керек. Ол үшін философия тарихында нақты бағытқа немесе белгілі бір кезеңге ғана арналған оқулықтарды қолдану керек.

Мысалы: Орта ғасыр тарихы, Ежелгі Шығыс философиясының тарихы, ХХ ғасыр философиясының тарихы және т.б.

Философия тарихы әлемдік әдебиеттің тарихынан ажырамас болып табылатындықтан, атақты ойшылдардың көптеген шығармашылығы «әлемдік әдебиет» сериясында басылып шықты. Мысалы, фрацуз ғалымы, философ Б.Паскальдың шығармалары, ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіш болып табылатын Махабхарата мен Рамаяна және т.б. осылармен қоса студенттер үшін өте қажетті журнал «философия сұрақтары» мен «философиялық ғылымдар». Философияны оқып зерттеуді медицинаны оқып зерттеумен салыстыруға болады. Философия да медицина сияқты тірі болмақ, егер де бұл ғылымдардда жаңа көзқарастар мен жаңа бағыттар болса, «философия сұрақтары» және «философиялық ғылымдар» деп аталатын журналдарда өзіңді қызықтырған тақырып немесе сұрақ бойынша, материалдар таңдап алуыңа болады.

Ежелгі грек философиясын қарастыру барысында, грек мифологиясы мен философиясының тығыз байланыстылығына назар аудару керек. Өйткені грек философиясы және ондағы алғашқы кезең ең басты тақырыпты, яғни дүниенің пайда болуы жөніндегі тақырыпты грек мифологиясынан алды. Бірақ бұл мәселені өзі дербес, әрине басқаша қарастырады. Бұл мифологияға және оған дейінгі ойшылдарға деген қарым-қатынасты білдіре отырып, өз тұжырымын беру арқылы дүниеге басқаша, сыни тұрғыдан қарап, жалпы философияның ерекшелігін құрайды.

Грек философиясының тарихы Ежелгі Грециядағы бірегейлік полистік жүйеден көрініс береді. Сондықтан ежелгі гректердің ойын түсіну үшін, олардың қалай өмір сүргендігін, бір-бірімен қандай қатынаста болғандығын түсіну керек. Негізінен қоғамдағы шынайы қатынастар сол қоғамның көзқарасында өз бейнесін табады. Мысалы, мифологиялық көзқарас рулық тайпалық қатынастардың кезеңінде қалыптасады. Сондықтан ежелгі грек құдайлары да рулық күйде болып, табиғи стихиялар басқа стихилармен туып, және өздері тудырушылар болып табылады, ғни әрбір адамның,әрбір заттық әкесі мен анасы болады, мысалы Гея мен Уран, форма материя сияқты. Тарихқа дейінгі кезеңде бұл хаос болды, натурфилософтардың түсінігі бойынша бұл алғашқы негіз­­ – архэ.

Ежелгі грек полистері – бұл мемлкеттегі қалалар. Сондықтан тағы бір ерекше фактор ол грек мәдениетінің қалалық мәдениет ретінде көрініс беріп басқа мәдениеттерге ұқсамауында. Қаладағы өмір сүру ырғағы ондағы тұрғындарға жаңа талаптар қойып отырады. Сондықтан бұрынғы діни - әдет ғұрыптарды қаййтадан қарастыру қажеттіліігі туады. Мұны грек философиясының сынға ұшырауынан көруге болады, яғни ондағы атақты философтардың шәкірттері өз ұстаздарына сыни көзбен қарай бастады. Анаксимен, Платон, Аристотель сияқты ойшылдар өз ұстаздарының идеяларын қайтадан қарап өзгерте бастады. Сонымен бірге грек полистеріндегі кіріс көзінің негізгі бөлігі болып табылатын сауда заттарды эквивалентті түрде қарастыруды біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік тудырды, яғни әрбір затты басқа бір затқа айырбастау негіздері қалыптасып, әрбір затқа анықтама беру дәстүрі өңделді. Мысалы: 5 амфора май /аливковый/ ол 10 амфора шарапқа тең.

Сол уақытта демократиялық жүйе бұл депутаттардан іскерлік пен нақты шешім қабылдауды талап ететін сайлау жүйесі, яғни философия дұрыс ойлау өнері ретінде шешендік өнерден, яғни риторикадан бөлінбес болды. Бірақ бірнеше уақыт өткеннен кейін философия білімінің жеке саласы, кәсіби қызмет ретінде ажыратылып, жеке көрініс береді.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Антология мировой философии. М.,1969.

  2. История философии в кратком изложении

  3. Мир философии. М.,1991 ч.1, раздел 1, п. 2

  4. Фрагменты ранних греческих философов. М., 1969, ч. 1.

  5. Асмус В. Ф. Античная философия. М.,1976.

  6. Богомолов А.С. Античная философия М., 1996.



СӨЖ тақырыбының атауы

3 тақырып: Ортағасыр философиясы

Тапсырмалары:

  1. Шығыстық хрестиандық философияның қалыптасуы. Хрестиандық- діннің ерекше монотистік түрі ретінде. «әлемдік монотеистік діндердің пайда болу заңдылықтары. Христиандыққа дейінгі плотонизм және христиандық неоплотонизм. Византиядағы философия.

Әдістемелік нұсқаулар:

Егер Ежелгі грек философиясының тарихы грек мифологиясымен тығыз байланысты болса, онда ортағасыр философиясы христиандықпен тығыз байланысты. Бұл ең алдымен сол кездегі 325-ші жылдағы Никей соборының уақытынан бастап христиандық Рим империясындағы басты және мемлекеттік дін болып қатыптасты. Император Константиннің саясатының арқасында шіркеу заңды тұлға болып қабылданды, онда мүліктік құқықтар бекітіледі. Шіркеулік заңдар біртіндеп мемлекеттік заңның күшіне ие бола бастайды. 6 ғасырдан бастап Шығыс Рим империясы жаңа мемлекеттік құрылымға, яғни Византияға айналады. Мұның территориясында антикалық философиясының тарихындағы анықтаушы кезең болып табылады. Құранды түсіндіру, грек философиясы оның қайнар көздеріне айналды. Арабтардың философиялық және ғылыми мұраларды меңгеруі «аудармашылық қозғалысы» деген атауға ие болды.

Августиннің ілімі Европадағы ортағасырлық қоғамның рухани және саяси өміріне зор әсер етті. Августиннің арқасында католик шіркеуі жоғарғы билікке қатысында біріншілікке ұмтыла бастады. Батыс Рим империясының құлдырауынан жаңа мемлекеттер мен христиандық құрылымының жаңа жүйесі п/б., ол мұның негізінде геология мен жеті түрлі еркін өнердің мәні жатты. Философия логика ретінде ғылыми пәндердің құрамына енді, ал метафизика мен этика ретінде теологияның құрамына енді. Ал диалектика пайымдадың өнері ретінде көрініс бере отырып теологияда да қолданылды. Орта ғасыр фиолософиясындағы негізгі мәселелердің бірі ол әмбебаптар мен жалпы ұғымдар жөніндегі пікірталас болып табылады. ХІІ ғасырдағы кемеліне жеткен ортағасыр философиясының көрнекті өкілі Пьер Абеляр.

Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Спиркин А.Г. Философия: Учебник. М.,2000.

  2. Философия: Учеб. под ред. В. П. Кохановского. Ростов - на - Дону, 1998.

  3. Философия: Учеб. под ред. В. Д. Губина. М., 1996.

  4. Радугин В.А. Философия. Курс лекций. М., 1994.

  5. Философский энциклопедический словарь. М., 1994.

  6. Майоров Г.Г. Формирование средневековой философии. М., 1979.

  7. Соколов В.В. Средневековая философия. М., 1979.

  8. История философии в кратком изложении. М., 1995.

  9. Краткий очерк истории философии. Гл.4. Разд. 2. М.: Мысль, 1969.

  10. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней и средневековой философии. М., 1991.

  11. Перевезенцев С.В. Практикум по истории западноевропейской философии: Античность. Средневековье. Эпоха Возрождения. М., 1997.

  12. Реале Дж., Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней. Т.2. Средневековье. СПб., 1994.

  13. Антология мировой философии. В 4-х тт. М., 1969, 1972.


СӨЖ тақырыбының атауы

3 тақырып: Исламдық ортағасырлық мөдениет контекстіндегі арабтық-мүсылмандық философия.

Тапсырмалары:

  1. Араб – мұсылмандық ортағасыр философиясы. Ортағасырлық Еуропалық философияның ежелгі тарихы. Аврелий Августин. Әмбебаптар мен диалектика жөніндегі пікірталас. Философия. Пьер Абелер. Фома Аквинский.

Әдістемелік нұсқаулар:

Арабтардың алғашқы философы ретінде «Әл-Кинди көрініс береді. Ол аудармашылықпен айналысып, Аристотельдің еңбектеріне түсініктеме береді. Әл-Киндиден кеін арабтық Шығыс еліндегі Ұлы философтар. Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Ругид. Христиандық көзқарас шіркеудегі Батыс әкейлерінің күш-жігерімен пайда болды, Өйткені олардың шығармалары II-V ғасырлардағы латын патристикасының негізін құрды. Латындық Батыс елінде христиандық философияның орталығы ретінде Африкандық шіркеу көрініс береді, оның көрнекті өкілі Аврелий Августин болатын.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

Философия: Учеб. под ред. В. П. Кохановского. Ростов - на - Дону, 1998.

Философия: Учеб. под ред. В. Д. Губина. М., 1996.

Философский энциклопедический словарь. М., 1994.

Григорян В.С. Философия народов Ближнего и Среднего Востока. М., 1986.

Шаймухамбетова Г.Б. Арабо-язычная философия средневековья и классическая философия. М., 1979.

Современная философия: Словарь и хрестоматия. Ростов - на - Дону: Феникс, 1995.
СӨЖ тақырыбының атауы

4 тақырып: Қайта өрлеу және Жаңа дәуір философиясы

Тапсырмалары:


  1. Жаңа дәуірдің ерекшеліктерін ашу. Ежелгі Греция мен Еуропаның қайта өрлеу дәуірінің тарихи ерекшеліктерін салыстыру. Өнер мен ғылымның дамуы. Қалалық типтегі мәдениетті қалыптастыру.

  2. Еуропалық ғылымның даму ерекшеліктері мен оның философиялық идеялардың қалыптасуына тигізген әсері, гелиоцентризм және әлемнің шексіздігі ілім, коперник, кеплер.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл бөлімде көптеген тақырыптар ғылым тарихымен ығыз байланысты болғандықтан, философиялық идеяларды талдап, қарастыру кезінде көзқарастың типтері және ғылыми көзқарастың ерекшеліктері жөніндегі алғашқы тақырыптан, сұрақтарды еске түсіру керек. Цивилизация мен ойшылдықпен күресу кезеңінідегі ғылым мен діннің бір-біріне қарама-қарсылығына көп көңіл бөлудің қажеті жоқ.

Бізді ғылым мен діннің ашық қақтығысы жөніндегі мәселе онша қызықтыра қоймас. Бұл көбінесе математика, астрономия, механика саласындағы жаңалықтармен тығыз байланысты. Ал бұл мәселе нақты ғылымдар саласында неге қызығушылықтар туғызды, Өйткені бұл діни, теологиялық мәселелерден алшақ болған болатын. Мұнда грек математиктерінің кейбір кітаптарын товар ретінде тасыған маңызды фактор. Испанияның Араб халифатыныан бөлектенуімен тығыз байланысты. Ежелгі грек ойшылдарының, ғылым философтарының еңбектері латын тілдеріне аударылып, католик шіркеуінің ресми тілі болып табылады. Краковтан шыққан Николай Коперник Болон университетінде білім алды, мұнда атақты пифогоршыл Д.ж. Повар математиканы оқытқан болатын. Тако-Брагиінің ассистенті И.Леплер чех королы Рудольф елінің математигі болған.

Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.

4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.
СӨЖ тақырыбының атауы

4 тақырып: Жаңа Уақыт мөдениетіндегі батысеуропалық философия»

Тапсырмалары:


  1. Жаңа типті филосфияның қалыптасу мәселелері. Схоластикалық ойлауды сынау. Ф.Бэконның творчествосы.

  2. Жаңа дәуір философиясындағы әдіс мәселесі. Р.Декарт – Еуропалық рационализмнің негізін қалаушы. Спиноза философиясындағы субстанция идеясы. Әлемнің механикалық – материалистік бейнесін тудыру.

  3. Ағартушылық дәуіріндегі философияның әлеуметтік-тарихи алғышарттары. Философиялық ойдың негізгі бағыттары.Философия тарихындағы антропологиялық бағыттың қалыптасуы.


Әдістемелік көрсеткіштер:

Жаңа дәуір Еуропалық ғылым тарихы және жаңа буржуазиялық ойлауды қалыптастыруға да зор қызығушылық танытты. Ғылым тек теологияны қамтамасыз етіп соған қызмет етпейді, бірақ дербес өндіргіш күшіне айналды.Бұл атақты ағылшын саяси қайраткері, Ф.Бэконның қызметінің арқасында мүмкін болды. Ол бірінші болып, ғылыми қызметтің сферасын діни сферадан ажырату жайында ұсыныс жасады.

Егерде ағартушылық және бүкіл ХІХ ғасыр үшін бұл өзгеріс революциялық тұрғыдан көрініс берсе, онда көптеген философтар, мұндай түсініктен ғылымның мақсаты мен міндеттерін, рухани және экологиялық дағдарыстың себебін көре білді. Франциядағы Ф.Бэконның ілімін жалғастырушылар Р.Декарт, ал Голлодияда Б.Спиноза болды.

Ағартушылық дәуір философия тарихында және мәдениетінде негізгі рөлге ие. Ағартушылық идеялар Англияда Д.Локк, Д.Юмның еңбектерінде, францияда Руссо, Д, Дидро, Вольтердің еңбектерінде көрініс табады.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ғабитов Қ. Философия. Оқулық – Алматы, 2005.

2. Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия- Алматы, 2004.

4. Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5. Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

СӨЖ тақырыбының атауы

5тақырып: Неміс классикалық философиясы

Тапсырмалары:

1.Неміс философиясының өкілі – И.Канттың философиялық көзқарастарының қалыптасуы мен дамуы.

2.Г.В.Гегельдің философиялық концепциясы, диалектика жөніндегі ілімі. Фейрбахтың антропологиялық материализмі.

3.Гегельдің ойын жалғастырушылар, Маркс пен Энгельстің ілімінің пайда болуы мен дамуы.

4.Бақылау рефераттық формада.

Әдістемелік нұсқаулар.

Неміс классикалық философиясының тарихы философиядағы күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады. Бұл француз философтарына қарағанда неміс ойшылдарының тілдерінің күрделі болуы мен байланысты. Сондықтан бұл тақырыпқа дайындалу кезінде Батыс ойшылдарының философиясын бірінші болып зерттеушілер үшін атақты басылымдарға назар аудару керек. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы, Кенигсберг қаласынан шыққан И.Кант ғалым – энциклопедист- философиялық ғылымдардың даму сферасын мынадай сұрақтар арқылы анықтады, Олар: мен нені біле алам,мен не істеуім керек, мен неге үміттенуім керек. Сол кездері теология факультетінің мәртебесі биік болатын. Бұл факультет философия факультеті пайда болмас бұрын болатын. Тюбецеген институтының теология факультеттін бітіріп шыққан Гегель, болашақта Берлин университетінің профессоры атанды. Гегельдің философия жөніндегі еңбектері арқасында Германия Еуропалық «философияның» орталығына айналд, ал оның шәкірті К.Маркс ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалардың ббасты қозғаушы тұлғасы болды. Сонымен бірге К.Маркстің көзқарасына атақты неміс философы Людвиг Фейрбах әсер етті. Ол дінді философиямен алмастыруда ұлы қадам жасады. Бұл соевттік дәуірде көрініс берген болатын. К.Маркстің философиялық идеяларымен Фейрбахтың өзінің философиялық идеялары, идеологиялық догмаларға айналды.



Бақылау нысаны.

Тапсырманы орындаудың бағалық балы

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Антология мировой философии. Т.1. ч.2.

  2. Философский энциклопедический словарь. М., 1994.

  3. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия. М., 1986.

  4. Гулыга А. В. Кант. М., 1981.

  5. История философии в кратком изложении. М., 1995.

  6. Краткий очерк истории философии. М.: Мысль, 1969.

  7. Абдильдин Ж.М. Кант и диалектическая логика. Алма-Ата, 1972.

  8. Мотрошилова Н.В. Путь Гегеля к «Науке логики». М., 1984.

  9. Кант И. Критика чистого разума. Соч. в 6 т., Т. 3. М., 1964.

  10. Шеллинг Ф. Сочинения. В 2 т. М., 1987.

  11. Гегель. Наука логики. М., 1972.

  12. Губин В. Философия. М., 1997.

жүктеу 7,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау