ПоәК042-14-505. 01. 20. 10/03. 2011 №1 басылым орнына



жүктеу 1,38 Mb.
бет2/6
Дата22.05.2018
өлшемі1,38 Mb.
#16298
1   2   3   4   5   6
<>, <>, <> гиперфонемалары инициал позицияда да, І-буында да жүйелі таңбаланып отырса, ( ыдқ (ыдуқ), ыт (ыт), ырқ (ырақ), од (өд), өз (өз), өлглі (өлгелі), үч, үчн (үчүн)), <ү>, <у> фонемалары барлық позицияда беріледі [13]. Сонда , , графемалары таңбаланып, оған сәйкес фонемасы және дыбыс реңктері оқылады, ал бұл әріптер жазылмағанда <> фонемасы дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-жіңішкелігіне қарай не [а], не [е], [ә], [э] болып оқылады. КТЖ-ға қатысты зерттеулерде және КТЖ-ның оқылуына қатысты еңбектерде ө-ү графемасының қандай белгіге сүйеніп, <ө> не <ү> болып оқылатыны айтылмайды. Дегенмен, мынадай ерекшелікті байқауға болады. Ескерткіштерде ө-ү, о-у графемасы <о>, <ө> фонемасын бергенде сөз басында және І буында ғана жазылған [13, 20б.], ал <у>, <ү> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясында кездескен. Мысалы, чөлг (шөлдік), күнтүз (күндіз), дгү (едгү) [13]. Сонда І буындағы <ө>, <о> фонемаларының кейінгі буынды еріндікке айналдыра алмауының, ал <ү>, <ұ> фонемаларынан кейінгі буында <ү>, <ұ> сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады? Жалпы, КТЖ зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай сақталатынын, тіпті жуан езулік пен жуан еріндік қатар келе беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің ауытқуы көп екенін мақұлдайды (көңүл-көңл, отұз-отз т.б.). Еріндік күші де қазіргі еріндік фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров КТЖ-да <о> фонемасы кейінгі буында <а> <у> фонемасына сәйкессе, <ө> - <ү> - ге, <е>-ге сәйкесетінін көрсеткен [13, 50б.], яғни еріндік сапасының күштілігі ө→ү→о→ұ қатынасында. Тарауша соңында КТЖ-ның графикасына қатысты шешілуге тиіс проблемалар көрсетілді.

ХVIII-ХІХғғ. араб жазулы ескерткіштердің әліпбиі мен орфографиясына зерттеу жүргізген Г.Мамырбекованың диссертациялық жұмысының барлығы ескеріліп, араб графикасына негізделген қазақ жазуының (ары қарай АГнҚЖ) кейбір ерекшеліктеріне ғана пікірімізді білдірдік. Мысалы, АГнҚЖ-нда сөз басында <е> фонемасы жүйелі түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>дыбыстарымен қатар /һа/ арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісі қойылып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың жазуда белгіленбейтін фонематикалық сипатына сәйкес келді. Ал <п> фонемасының сөз басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен сөз ортасында бірде /ба/, бірде /пе/-мен берілу [14] жүйесінен сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен, бірге /ве/-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң <б> вариациясын білдіруі деп түсінуге болады.



жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау