ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



жүктеу 0,75 Mb.
бет1/4
Дата14.12.2017
өлшемі0,75 Mb.
#4106
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Құжат СМК 3 деңгей

ПОӘК



ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

ПОӘК

«Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы


Редакция № 1 ______

«Дауыс қою»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

2013 жыл





ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

Ред. № 1 _______20__ ж.

Бет 2__

Мазмұны:





1

1 Глоссарий













2

2 Тәжірибиелік сабақтар













3

3 Студенттің өздік жұмысы














































































ПОӘК

042-18.1.32/02-2013



Ред. № 1 _______20__ ж.

Бет 3_

ГЛОССАРИЙ

Вокализ” – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.



«Артикуляция» -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі.

«Фонема» - тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстары

«Фонация – (phone)» – (звук., грек тілінде) - дыбыс алу.

«Резонатор» - дыбысты маңғыртып күшейтуші қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақ. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді.

«Регистр» - лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленуі

«Орфоэпия» - грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз.

«Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. Ырғақтың музыкада атқаратын ролі ерекше.

«Лад» – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері:

«Мажорлық лад» - ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіреді.

«Минорлық лад» - жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызады. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді.



«Тональдік» – лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгым.

«Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы.

«Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық)» – музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісі.

Екпін түрлері: Presto - шапшаң, тез

Allegro – екпіні жылдам жүруін.

Moderno - умеренно, орташа, асықпай

Andante – не спеша, спокойно, асықпай, байсалды.

Gento – медленно, жай

Yardo – широкий, өте жай, кең, шалқыта.

«Агогика» – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады.



Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату;

Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату;

Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату;

PuuMosso – более подвижно, жылдамдата;

MeneMosso – менее подвижно, жайлата;

«Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.

«Дауыс биіктігі» - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі.



«Дауыс күші» - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі.

«Фальцеттік» (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) - қасиет тон.

«Дыбыс» - әуеннің ең бір кішкене белгісі.

Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді.



«Тенор» – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің әліңішпе дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның «ми» дыбысы мен 2 октаваның «ре», «ми» дыбыстары аралығын қамтиды.

Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның «ЛЯ» және І октаваның «ФА», «СОЛЬ» дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның «МИ» және І октаваның «ФА» дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның «СОЛЬ» және кіші октаваның «СИ», «СИ» «СИ-БЕМОЛЬ» дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар «бас неофунде» немесе октавиеттер деп аталады.

Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді.

«Сопрано» – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы.



«Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады.

«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б.



«Баркаролла» – (Италия тілінен қайық) қайықшылардың, балықшылардың әні. Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.

«Элегия» – (грек тілінен аударғанда арыз айту әні). Ән көңілсіз, терең ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған атақты элегиялар С.Рахмановтың, Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия, дауысқа, фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады.

«Кантата» – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.

ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы мен көркем үйірме ашылып, өнердің көне түрін қалпына келтіруге үлкен жұмыс жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы, бөліктері махаббат лирикасымен ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалы, рухани кантатада.

Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда хор кантаталары көп тарады. Кантата немістің атақты композиторы И.С.Бахтың мәдени шығармашылық өте жоғары орын алады. Бах шіркеудің жанынан кеңсе ашып, кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге жуық кантатасы жарық көреді. Олар философиялық, лирикалық, рухани, комедиялық кантата болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы және халықтың үміті мен күресі қайғы – қасіреті жайында болады.

«Оратория» – қуатты католик шіркеуі әлсіреп тұрған кезде католиктер өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар қолдана бастады. 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.

«Ария» - италиян сөзінде ән деген сөз.

Ария-опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын әуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар бар.



«Вариация» - құбылту деген сөз. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отрады.

«Вокалдық» музыка – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуімен жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма.

«Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке ән.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік статусын алуы қоғам өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен өзгерістер әкелумен катар, ғылым мен білім беру саласына жаңа талаптар кояды.

Жас жеткіншектерді биік өнер шыңына терең талғампаздыққа ұмтылуы - эстетикалық тәрбие берудің, тұлғаны жан-жақты, кеңпейілдікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, имандылыққа, ина-баттылыққа талпынтудың негізгі нысанасы деп түсінген жөн. Әлбетте, адамның өнерге деген ұмтылысы сана-сезімімен, көркемдік тұрғыда түйсінуі мен талғампаздығы арқылы байқалады.

Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.

Жалпы адамзат дамуының заңдылықтарына көз жіберсек, жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері туралы мағлұматтар ерте кезден бастау алады. Бұл жөнінде ұлы ғұламалар (Әл-Фараби, Дәуріш Әли, Ибн Сина т.б) музыка өнерінің теориялык және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызы зор ғылыми еңбектер, тұжырымдар қалдырды.

Халыққа білім беру жүйесінің үнемі дамып, оқу және тәрбие жұмыстарының жақсы жолға қойылып, уақыт талабына сай да­муына қазіргі кезде еңгізіліп отырған мектеп реформасының маңызы зор. Осыған байланысты эстетикалық білім мен тәрбие берудің қаншалықты маңызды роль атқаратындығы белгілі, әсіресе бұл ретте, Вокал пәнінің алар орны ерекше. Вокал пәні жал­пы оқыту жүйесінің бөлінбес негізгі бір бөлігі - жастарды сезімталдыққа тәрбиелеуде, жан-жақты дамуына әсер етудегі қосар үлесі орасан зор. Вокал сабағында балалардың алдынан бұрыннан таныс емес, ғажайып дыбыстар әлемі көрініс береді, мұғалім оларды аталған әлем көкжиегіне жетелей отырып, шәкірттерін ести және де сезіне білуге, халықтың жан - дүниесі туғызған өнерді түсіне білуге баулиды.

Музыка сабағы - бастауыш сынып оқушылары үшін ең бір әдемі кең тараған музыкалық тәрбиенің түрі. Олар ән айтуды сүйеді, жан тәнімен беріле орындайды, мұның өзі олардың ішкі сезімдерін сыртка шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады.

Әсіресе окушылардың ән айту қабілетіндегі жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың дауыстарын сақтауға жэне ең жаксы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мїмкіндік туғызады. Бұл мәселелер И.И.Левидовпен, А.А.Сергеевпен,И.Малининамен,Н.Д.Орловпен, Н.Н.Добровольскаямен, Т.Н.Овчиниковамен жэне басқалармен зерттеліп, бірнеше рет қарастырылған.

Бірқатар еңбектерде балалар даусын тәрбиелеу аркылы эстетикалық тәрбие беру Ә.Нұғманова, халык әндері аркылы музыкалық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру Дүйсенбінова Р.Қ., өндік дауыс дағдыларын қазақ тілі фонетикасы негізінде қалыптастыру Қожахметова А.Ш. зерттеулерінде жан-жақты талданды.

Дегенмен. осы жолда көптеген еңбектер істелді, көптеген же-тістіктерге қол жетті дей отырсақ та, балаларды әнге баулу ең бір киын жұмыстардың бірі болып отыр. Бұл көптеген жылдар бойы осы мәселе төңірегінде бастауыш мектеп мұғалімдерінің «Вокал» сабағында жеткілікті көңіл бөлмеуінен болса керек.

Фарабидің музыкалық еңбектерінің ішіндегі ең көрнектісі -«Музыканың ұлы кітабы». Трактаттың алғашкы бөлімінде Фа­раби жалпы музыка ѳнеріне қатысты пікірлер айтады. Мысалы, музыка өнерін тәжірибелік және теориялык дел екіге бѳледі. Музыка әуен імен оның қоғамдық қызметіне тоқтала келіп, адамды ләззатқа бөлейтін әуен, әдеби текспен (өлеңмен) байланысты әуен және белгілі бір эмоциялық әсер туғызатын әуен деп үшке бөледі. Атап өтерлік бір жай Фараби музыка мен поэззия арасындаєы табиғи бірлікті мойындайды. Мұның өзі ғалымның өнердің синкреттік сипатынан хабардар болатындығын дәлелдесе керек. Ол дауыстарды бірнеше түрге жіктей отырып, ән - әуен сөздерін де үлкен мән береді. Дауысты (созылыңқы) және дауыссыз (қысқа) дыбыстардың ерекшеліктерін саралайды. Сѳз буындарын мен бунақтарды талдайды, олардың музыкалық ырғақпен байланысын зерттейді. Поэзиия түрлері мен ашык, яғни жабық тондарды анықтай отырып, музыкалық әуен мен сөз тексінің ара - қатынасын сөз етеді. Одан әрі ән әуені ырғақ және сөздің өзара байланысын теориялық тұрғыда зерттей түседі. Әуеннің басталуымен аяқталуы, басқа бөлімдеріне өтудің ерекшеліктері, әуенді түрлі мелизмдік өрнектермен көркемдей түсу, кемел әуендерінің түрлері, адамға тигізер әсері туралы толғанады. Мұның бәрі биік профессионалдық - теориялық және тәжірибелік арнада зерттелген.

Фарабидің көңіл қойған басты мәселелерінің бірі тәжірибе. Ол жүре біткен музыкалық тәжірибе арқылы әсем әуендерді әсерсіз, жасық мамандардан ажырата білуге болады дейді: «Му­зыка шығаруды үйретуге келсек, ол үшін әр түрлі жанрдағы му­зыка үлгілерін көп тыңдап, ұзақ уақыт жүйелі түрде үнемі жаттығу керек», - деген (16).

Кез-келген әдет - ғұрыпты белгілі музыкалық мақаммен атқару ежелден келе жатқан мәдени құбылыс. Мақам бір үлгіде түрленіп қайталана береді. Мұны ғылым тілінде варианттылық немесе вариациялық деп атайды.

Кейде музыкалық мақамда өзара жақын орналасқан дыбыстардың күрделі байланыстарымен арақатынастары (хрома­тизм) да кезедсіп отырады. Бірақ мақамның ауқымы кең емес. Негізгі басқыштан бесінші басқышқа (примадан квинтаға) дейінгі аралықпен шектеледі. Мұның бәрі ладтық ерекшелікті құрайды.

Кәсіби маман дайындау барысында, студенттердің вокалдық өнер саласында алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен түрлі көркем - өнерпаздық жұмыстарға дарыта білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажет екендігі айқындалады.



Жоғарғы оқу білім беру кешеніндегі оқу мақсатынан туындайтын аталған пәннің негізгі міндеті академиялық ән салу мәнерін қалыптастыратын вокалдық-педагогикалық біліммен қаруландыру және осы кәсіби ән салу қағидаларын алған білімдерін оның әдістемелік принциптерін бала дауысымен жұмыс барысында пайдалана алу. Вокалдық білім мен ілімнің қорытындысы академиялық концерттерде, тыңдауларда, рубеждік бақылау, сынақ, емтихандарда анықталады.

ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Пәннің мақсаты – студенттер дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың дауыс ережелерін к,атаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру.

Музыкалық-педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттер ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Жалпы мақсатқа ие бола тұрып, ол музыка сабақтарында әртүрліше жүргізіледі.

Вокал сабағынын негізгі басты шарты - студенттердің музы­калық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Ән айту музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез-құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі эстетикалық талғамын арттырып, ой - өрісін ұштап, таным - түсінігін жетілдіре түседі.

Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы студенттердің дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.

Ән айту балалардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Ән айту педегогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет. Ән айту сапасы - мұғалімнің сол соңғы «азық-түліктік» негізге ала оты­рып, осы арқылы балалардың ән айту қабілеттеріне белсенді кіреді.

Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.

Вокал сабағында және студенттердің өздік жүргізілетін жұмыстары арқылы дауысын дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтау.

Пәннің негізгі міндеттері:

  • әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.

  • Студенттердің вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.

  • Вокалдық-музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

  • балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесімен үйрету.

Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы студенттерді патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.

Қазақ мектептерінде сауат ашу сабағын әуенмен айту тәсілі қолданылғандығы революцияға дейінгі оқымыстылардың кейбір еңбектерінде көрсетілген. Онда «мұғалім әрбір сөз бен буынды айтып, балаларға қайталату арқылы үйреткен»- деп жазылған.

Оқытудың мұндай тәсілі, яғни әндетіп айту арқылы үйрену көптеген Азия жэне Африка халықтарында да кеңінен таралған. Баланың көпшілікпен қосылып әуенмен айтуы музыкаға деген қызығушылығын, таза айтуын, есту және есте сактау қабілетінің дамуын арттырып отырған. Оның әсерімен бала өзінің отбасындағы басқа балалармен, үйренген әуенді күнделікті бірігіп айтып, кейде өзі де әртүрлі ойындарға әуен шығаратын болған.

ЖЕКЕ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

Жеке сабақ № 1,2,3

Ән өнері жайлы әңгіме.

Жоспары:

  1. Дауыс аппараттарымен таныстыру

  2. Дипазон жайлы түсінік

Дауысты құбылтып айту

Жоспары:

  1. Тіл, ерін, көмей арқылы дайысты және дауыссыз дыбыстарды әндетіп, ашық айта білу.

  2. Артикуляция ұғымы

Ән айту техникасын меңгеруге арналған музыкалық – теориялық білім негіздерін меңгеру

Жоспары:

Теориялық меңгеруді практика жүзінде көрсету.

Бүгінгі таңда айтылып жүрген әндер дауысына қарай халық әні, лирикалық ән, эстрадалық, опералық орындалатын әннің түрлері және т.б. болып бөлініп жүр. Тарихтың прогрестік жолымен дамуы дүниеге алуан – алуан идеялық мазмұнды әндерінің көлемді шығармалардың тууын жеделдетті. Мысалы: «Амангельді сарбаздарының маршы», «Өндіріс», «Жас қазақ» т.б.

Әншілік өнер - қолдауды және қорғауды керек ететін, табиғаттың берген сиы. Өкінішке орай, соңғы уақыттары мектеп жасындағы балалардың дауыс аппараттарынын, бұзылу саны кѳбейіп барады. Ән айту жастардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының ана­томиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет. Вокал пәнінің негізгі басты шарты - жастардың музы­калық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі ерекше. Өйткені, дауысты дыбыстар созылымға бейім келеді де, ән айтудың негізін қалайды. Олар ән айту процесінде дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты және ұлғайтқыш қуыс мүшелерінің ықпалымен сан құбылып, көптеген бояулар табады. Сондықтан, адам дауысы тек дауысты дыбыстардың көмегімен ғана өзінің көркемдік қасиетін әуенін барынша көрсете алады. Олай болса, дауысты дыбыстарды дұрыс айтып үйрену, олардың әрқайсысына тән артикуляциялық пішінмен, үн нақышын таба білу басты міндет. Сондықтан, сөзбен әуенге қатысты дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу ерекшеліктеріне жақсы мән беруіміз қажет. Бұл ән айтудың сауатты болуына көмегін тигізеді.

Әнді орындамас бұрын бір қалыпты ұстап, денені тік, басты жоғары, екі қол ыңғайлы екі жағына турғаны дұрыс. Бұл тәртіп әншінің эстетикалық көрініуіне ғана емес, ол дауыстың ашық және еркін шығуына көмектеседі.

1) жаттығулар: жабық ауыз, иекті төменге қарай түсіру, ерін еркін, жұмсақ болуы тиіс, ауз суға толы сияқты, дыбысты жоғары жіберіп “мыйға”- қарай до-ре – дыбыстарын кезек, кезек “қайық” – (бір октава ішінде).

2) дауысты дыбыстарды айту – ма, ме, ми, мо, му – ашық дыбыстарды жинақы (үш дыбыстың біктігінде).

3) дауыс аппаратын қыздыру үшін, легатоға, стоккатоға, диапозонды кеңейтуге.

Адамның тыныс алу мушелері үш салады тұрады:

І – тыныс мүшелері.

ІІ – тамақ.

ІІІ – қуыс мүшелері.

1) Тыныс мушелеріне ең басты - өкпе, екінші қолқаның, көмекейдің және жоғарғы резонаторлардың құрылысы.

2) Тамақ және дауыс шымылдығы. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кенірдектің екі жағынан бір біріне қарсы біткен жиырмалы қыртысты ет.

3) Қуыс мүшелеріне мұрын қуысы, ауыз қуысы жатады

а) ауыз қуысына: тіл, ерін, тіс, таңдай, кішкентай тіл, иек

б) мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты.

Тыныс алудың 3 түрі:

1. Мұрын арқылы – ол шулы естіледі – қолайлы емес

2. Ауыз қуыс арқылы – ол тамақты кептіреді – қолайлы емес

3. Аралас – мұрынмен және ауыз қуысы арқылы “гүл искегендей” – қолайлы және қажетті тыныс алу.


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау