ПоәК 042-39 104/03-2014 №1 басылым 18. 09. 2014ж



жүктеу 0,87 Mb.
бет6/8
Дата01.01.2020
өлшемі0,87 Mb.
#25615
1   2   3   4   5   6   7   8

7 апта


Тақырып 8. Функциялар

Дәріс жоспары

  1. Ішкі программа ұғымы.

  2. Функцияларды сипаттау.

  3. Функциялар мен олардың типтерін сипаттау.

  4. Функцияны шақыру.


Дәрістің қысқаша конспектісі

Көбінесе программаларда бірдей есептеулерді орындайтын бір типті, бірақ, әр түрлі берілгендермен аумақтар кездесіп жатады. Программаның бұндай бөліктерін ішкі программалар ретінде рәсімдейді.


Функциялар

Си тіліндегі әр программа– бұл функциялардың жиыны. main атты функция негізгі функция болып табылады. Бұл функциясыз программа орындалмайды. Бұл негізгі программаның аты барлық программалар үшін бірдей және өз еркімен таңдалына алмайды. main() функциясы орындалуға ОЖ –нің командасымен жіберіледі. main() функциясы қайтаратын мән ОЖ-ге беріледі.

Си тіліндегі функция ұғымы екі сипатта болады. Бір жағынан, функция – бұл еркін типтердің бірі. Екінші жағынан, функция – Си тіліндегі прграмманың минимальді орындалатын модулі . Бұл екінші ұғымның синонимі басқа тілдерде ішкі программа деп аталады.

Функцияны ішкі программа ретінде қарастырайық .

Ішкі программа – қосымша алгоритмді жүзеге асыратын программа.

Көбінесе программаларда бірдей есептеулерді орындайтын бір типті, бірақ, әр түрлі берілгендермен аумақтар кездесіп жатады. Программаның бұндай бөліктерін ішкі программалар ретінде рәсімдейді.


Функцияларды сипаттау Си тіліндегі түрі:
функция_атының (формальді_параметрлердің_спецификациясы)

типі {

обьект_сипаттамасы;

орындалатын _операторлар;

}
Бірінші жол– бұл функцияның тақырыпшасы.Ол келесі берілгендерден тұрады:

Тип – функция қайтаратын мәндердің типі. Егер функция мән қайтармаса, онда оның типі ретінде void қолданылған.

Функция аты – программаның қызметтік сөздерімен, басқа обьектілердің атымен сәйкес келмейтін, программист өз еркімен таңдайтын ат.

Формальді параметрлер спецификациясы – не формальді параметрлер тізімі, не бос, оның әр элеентінің түрі келесідей:

типтің_анықталуы параметр _аты


Функцияның денесі – бұл фигуралық жақшалармен шектелген және функцияның тақырыпшасынан кейін орналасатын функция сипаттамасының бөлігі. Функция денесі обьектінің сипаттамасынан (мысалы, айнымалыларды сипаттаудан) және орындалатын оператордан тұруы мүкін. Си тілінің ерекшелігі функция денесінің ішінде басқа функцияны сипатай алмауында.

Функция денесінің міндетті операторы функциядан шақыру нүктесіне қайту болып табылады, оның екі түрі бар:

return;

return өрнек;



Бірінші форма ешқандай мән қайтармай, функцияны аяқтайды, яғни, оның сипаттамасында функция атына void типін көрсеткен.

Екінші формада өрнек функция атының алдында, оны сипаттау бөлімінде функция қайтаратын мәнге автоматты түрде түрлендіретін типке сипатталуы керек.
Ескерту: Си тілінде функцияны сипаттаудың "ескі" формасы бар:
Функция атының типі (формальді _ параметрлер _типі)

параметрлер _ спецификациясы;

{

Обьектілер _сипаттамасы;



Орындалатын _операторлар;

}
Мысал:



1.Функцияның сипаттамасының стандартты формасы:

double f(int n, float x)

{

Функция денесі



}
2. Функцияның сипаттамасының "ескі" формасы:

double f(n, x)

int n;

float x;


{

Функция денесі

}
Бұл функциялардың сипаттамалары эквивалентті.

Функцияның сипаттамасы

Функция шақырылмас бұрын негізгі программада сипатталуы керек.

Стандартты түрде анықталған функцияның сипаттамасы негізгі программада орналасатын, оның прототипі болып табылады:
функция_ атының типі (формальді _ параметрлер _типі);
Функцияның тақырыпшасына қарағанда, оның прототипінде форальді параметрлердің атын көрсетпеуге болады.
Ескерту:

Егер функцияның сипатталуы негізгі программа мәтінін дейінгі программа мәтінінде орналасса, онда негізгі программада прототипті жазу міндетті емес.



Негізгі программада функцияны шақыру.

Функцияға рұқсат алу үшін:

функция_аты (фактілі_параметрлер_тізімі)
Аргуметтер деп аталатын фактілі параметрлер тізімі - бұл функцияның формальді параметрлерінің санына тең өрнектер тізімі. Формальді және фактілі параметрлердің арасындағы сәйкестік олардың тізімдегі өзара орналасуымен анықталады. Формальді және фактілі параметрлердің арасында типтері бойынша сәйкестік болуы керек. Егер фактілі параметрдің типі формальді параметрдің типімен сәйкес келмесе, онда компилятор автоматты түрде типтерді түрлендіретін командаларды іске қосады, бірақ ол тек типтерді келтіруге рұқсат етілген болса ғана орындалады.

Функцияның формальді параметрлері сонда жергіліктендірілген, яғни, функция сипаттамасы сыртында рұқсат етілмеген және функция денесінде формальді параметрлермен жүргізілген операциялардың ешқайсысы фактілі параметрлердің мәнін өзгертпейді.

Функцияны шақыру өрнек болып табылады, бірақ, бұндай өрнектерді программа мәтінінде орналастыру функцияның қайтаратын мәннің типіне байланысты.Егер функция қайтаратын мәннің типі void болса, онда функция қайтарылмайтын мәнді функция болып табылады – бұндай функция білімді қажет ететін ешқандай өрнекке кірмейді, тек жеке өрнек –оператор түрінде шақырыла алады:
функция_аты(фактілі_параметрлер _тізімі);
Ескерту:

main() негізгі фуннкциясы қарапайым функцияларға қарағанда, параметрлерімен де оларсыз да қолданыла алады. main()функциясын параметрлерсіз қолданғанда, жақшалар бос қалдырылады.
Өзін- өзі тексеру сұрақтары


  1. Ішкі программа деген не?

  2. Функция деген не?

  3. Функцияны қалай сипаттауға болады?

  4. Негізгі программада функцияны шақыру қалай орындалады?


8.1. Негізгі әдебиеттер

1. Нейбауэр А. Моя первая программа на С/С++ /Перев. с англ. – СПб: Питер, 1995

2. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке СиЖ Учеб. пособие. – 2-е доп. изд. – М.: Финансы и статистика, 1999

3. Информатика. Базовый курс. 2-е издание / Под ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2005

8.2. Қосымша әдебиеттер

1.Дейтел Х., Дейтел П. Как программировать на Си. – М.: Бином, 2000

2. Мейер Б., Бодуэн К. Методы программирования. Т. 1 и 2. – М.: Мир, 1984


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау