Өлшеу табиғи сондай-ақ жасанды жағдайларда да жүргізіледі. Бақылаудан ерекшелігі өлшеу, объект және өлшеу инструментімен приборлы-жанамаланған барысында жүрісінде: объектінің «мінез-құлқы» моделденбейді, бірақ прибормен бақыланады және тіркеледі. Өлшеу кезінде себепті-салдарлы тәулділікті көрсету мүмкін емес, бірақ объектінің түрлі параметрлерінің деңгейлерінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Психологиялық өлшеу реалдылық параметрлерінің көлемін бағалау, реалдылық объектісінің ұқсастығы және айырмашылығын бағалау деп есептеледі және бұл бағалауды зерттелуші жүргізеді. Осы бағалаулардың негізінде зерттеуші зерттелушінің субъективті реалдылығының ерекшеліктерін «өлшейді».
Жаратылыстану ғылымында С.С.Паповян ойынша, өлшеудің үш түрін көрсетеді:
1. Фундаменталды өлшеу, эмпирикалық жүйеден тікелей сандық қатынастар жүйесін алып шығуға мүмкіндік беретін, фундаменталды эмпирикалық заңдылықтарға сүйенеді.
2. туынды (производное) өлшеу - бұл айнымалыларды басқалармен байланыстыратын, заңдылықтар негізінде айнымалыларды өлшейді.
3. «анықтама бойынша» өлшеу, біз ырықсыз түрде, бақыланатын белгілер жүйесін, дәл мына нәрсе сипаттайды, басқа қасиет немесе күй емес деп болжам жаанда туындайды.
Эксперимент реалдылықты зертеудің белсенді әдісі болып табылады. зерттеуші тек сұрақ қоймайды ол оған жауап беруге мұқтаждық жасайды. Бақылау және өлшеу «Қалай? Қашан?, Қалайша?» деген сұрақтарға жауап берсе, ал экспермент «Неге?» деген сұраққа жауап береді. Арнайы құрылған жағдайда, себеп-салдарды байланыс туралы эксперменталды гипотезаны тексеру мақсатындағы жүргізілген зерттеу эксперимент деп аталады. Эксперимент процесінде зерттеуші объектінің мінез-құлқын бақылайды және оның күйін өлшейді. Зерттеуші объектіге оның күйін өлшеу үшін жоспарлы және мақсатты түрде бағытталады. Бұл операция эксперименталды әсер деп аталады.
Экспермент - қазіргі таңдағы жараылыстану және психологияға бағытталған жаратылыстануғылымының негізгі әдісі.
Өзіміз танып білген әлемдегі жағдайларды объективті және психологиялық бейнелеу әрекеті психология ғылымынан бұрын пайда болған. Психологияда психикалық процестерге ерекше мән беріледі. Мысалы, қабылдау, ес, ойлау бұлардың бәрінің мағынасы пәндік мағынада болуы керек. Бірақ та бұл процесс күрделі және ұзақ процесс болып табылады. Себеп, осы процестердің аралығындағы уақыт кеңістігінің болуы. Пәнділік – мағынада болмыста психикалық түрге ие болады. Ол белгілі-бір уақыт аралығында тіршілік ете алады. Бірақ кеңістікте тіршілік етпейді. Осыдан бональды ой туады. Ол түсініксіз болмыста орналастырылған. Сондықтан мидың психикалық кеңістігінде орналасады. Психологиялық зерттеудегі мәселелер күрделі және де шиеленіскен қарым-қатынаста әр түрлі типтік деңгейлерде болады. Біз жалпылай айтқанда психикалық түрде сөйлейміз. Психология бар болғаны әр түрлі ғылымдардан алынған абстрактілі жүйе және белгілі-бір ұғымдар жинағы бар теория болып табылады. Сонымен қатар ол әр түрлі көрініс беретін бір деңгейге тәуелді. Оған зерттеу жүргізілген және ол талдаудың әр бір қадамында өзгеріп отырады. Қарым – қатынас арасындағы жіберілген байланыстардың осындай жолдармен өтуі мұнда күрделі мәселе туғызуы мүмкін. Психиканың ғылыми талдауы өзінің нәтижелі көзқарасында пайдаланылатын бір өте күрделі талдауға берілген байланысты үзіп тастау. Бұл стихиялы спиритуализм. Адамның табиғи мүмкіншіліктерінің көп қалыпты қондырма бөлімі адамды табиғи-тарихи, себепті, әлем қатарына қосатын негізгі тірек болып табылады. Олар өздерінде менталды және саналы өмірдің өткірлік механизмдерін алып жүреді.
Зерттеуші айнымалылармен манипуляциялар жасайтын және басқа айнымалыларға осы әсердің нәтижесінде шыққан эффектілерді бақылайтын зерттеудің бөлігін біз эксперимент деп атаймыз.
Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар - Зерттелетін мәселелерде бірден артық айнымалылар болса тәуелсіз және тәуелді айнымалыларға ажыратылады. Тәуелді айнымалылар тәуелсіз айнымалылардың (аргументтердің) функциясы ретінде қарастырылады. Жоғарыда мысалға келтірілген қозғалыста, егер h биіктіктің t уақытқа тәуелділігі зерттелетін болса, онда тәуелсіз айнымалы - t уақыт болып есептеледі, ал тәуелді айнымалы t-ның функциясы - h биіктік болады; егер жылдамдықтың биіктікке тәуелділігі зерттелетін болса, онда биіктік тәуелсіз айнымалы, ал жылдамдық h-тың функциясы болады. Сонымен, айнымалы тек бір-біріне ғана қатысты тәуелді немесе тәуелсіз болады, бұлардың айырмашылығы есептің шарттарында анықталады
Айнымалы шама — әр түрлі сан мәндерін қабылдайтын шама. Ал сан мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты шама деп аталады. Дегенмен айнымалы шама мен тұрақты шаманың арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде болады. Өйткені кейбір мәселедегі тұрақты шама, басқа бір жағдайда айнымалы шама болуы мүмкін. Айнымалы шаманы математикаға енгізіп, оны жүйелі түрде зерттеуді бастаған француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) болды. Айнымалы шаманың негізінде өзгеріс пен қозғалыс жатыр. Сондықтан тұрақты шама математикасынан айнымалы шама математикасына көшу ғылыми ойлаудағы үлкен төңкеріс болды. Сөйтіп, интегралдық және дифференциалдық есептеу әдістері арқылы процестер мен өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік жасалды. Кейде айнымалы шамалар арасындағы байланысты функция деп те атайды. Математика онан әрі дамыған сайын зерттелетін функциялар саны да көбеюде.
Дәріс №9
Тақырыбы: Экспериментатор іс-әрекеті және сыналушылардың мінез-құлқы
Жеке топтармен немесе сыналушылармен жүргізілетін эксперимент. Зерттеудегі таңдау тобының қалыптасуы және оның үш критерийі. Таңдау санына қойылатын талаптар. Таңдау репрезентативтілігі ұғымы. Рандомизация «таңдау эффективтілігін» басқару тәсілі ретінде.
Танымдық қабілетті баланың ортаға деген қызығушылығының және оның қайдан неден , не үшін керектігін түсіну, сонымен қатар бұл сұраққа жауап көбіне іздену барысында жүзеге асады. Осы жас шамада ең бастысы зерттеулік ізденушілік әрекет барысында баланы жан-жақты дамыту өте тиімді. Танымдық дамытудың ерекшелiктерiнiң мәселесi тиiмдi ықпал ететiн құрастыруларда мектепалды балаларының таным белсендiлiктері көптеген жылдар бойы педагогикалық және психологиялық зерттеулерде басты орын алады. Оған көптеген педагогтармен психологтар жолықты П.П. Блонский, В.П. Вахтеров, П.Ф. Каптеров, Е.И. Конради, А.А. Смирнов және т.б.
Қазіргі заман психологтары әртүрлі тұрғыдан мектепалды балаларының дамуының жағдаяттарын шешті: әр түрлі жас шамадағы балалардың танымдық қызығушылықтарының құрастырылуын қарастырды. Зерттеушілер баланың қоршаған ортаға танымдық қатынасының ұйымдастырылуын ерекшелейді, онда ең өте мағыналы танымдық белсенділігі және танымдық қызығушылығы болып табылады деп есептейді.
Л.С. Выготский, М.И. Лисина, Е.И. Щербакова, Г.И. Щукиндардың жұмыстарында балалардың танымдық белсенділіктерінің құрастырылуының шарттары ерекшеленген: заттар мен танымдық қызығушылықтардың дер кезінде және бірдей барлық сала қызметтерін ескеру, баланының жұмыс істеу мен тәсілдердің таңдалуы, баланың тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу.
Алға қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты болжамды анықтауға болады.
Қызығушылық - бұл түрлі психологиялық ұстанымдарды қолданатын психологтар арсында көптеген тартыс тудырған күрделі психологиялық феномен.
Тұлғаның қызығушылық аумағы – тұлғаның бағытын көрсететін және белгілі бір өсу реттілігі бар қызығушылықтардың тұрақты байланысы. Қызығушылық деп әдетте тұлғаның ішкі дүниесінің белгілі бір қажеттілікті қамтамасыз етумен байланысты қандай да бір белсенділік түріне (әрекет, қатынас, өзін ұстауы) оянуын атайды. Қызығушылық ретінде идеалдар да, тұлғаның қызығушылықтары да, сенімдері, әлеуметтік қалыбы, құндылықтары да есепке алына алады.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуын әрине, оқыту процессімен байланыстырады, бала өмірінің негізгі мазмұны жүйелі түрде білімнің бір кезеңінен екінші бір кезеңіне өтуден тұратын болғандықтан, танымдық және тәжірибелік деңгейді меңгере отырып келесісіне, одан да жоғарысына өтуге болатынын көрсетуге болады.
Қызығушылықтың қалыптасуының түрлі жолдары анықталды:
1. Қызығушылықтың тұтас және ұсақ бөлікті қалыптасуын қамтамасыз ету; (шынайы «әрекет түрлерін ұйымдастыру арқылы, қатынасқа түсу және эталонды түсіну арқылы, қызығушылық мөлшерлерін бекіту);
2. Қалыптасу барысында қызығушылықты зерттеудің мақсатқа лайықтылығын атап көрсету(бастапқы кезеңді зерттеу, динамикасын, сапалық өзгерістердің пайда болуы, құрылымдық жаңадан пайда болған түрлер және олардың беріктігінің айқындау);
3. Қызығушылық аумақтағы өзгерістерді обьектендіруге мүмкіндік беретін диагностикалық әдістемелік тәсілдержиынтығын пайдалану. 4.Қызығушылықты қалыптастыру барысында оны зерттеп қана қоймай, зерттеуді жүргізу және тәрбие беру барысында да оның дамуының жеке жақтарын түзету, қызығушылықты қалыптастыру стратегиясын салыстыру қажет.
Психологгиялық эксперимент үш кезеңде өтті:
Айта алатын тәжiрибе;
Қалыптастыратын тәжiрибе;
Бақылау тәжiрибесi.
Педогогикалық тәжірибие зерттеуінде тәжірибелік топ құрайтын 20 мектепалды ересек тобының балалары қатысты.
Эксперименттік топтың мектепалды балаларымен өткiзiлетiн жұмыстардың жаттығуының тиiмдiлiгiн тексеру үшiн сонымен бiрге ересек тобынан 10 бала қатысты.
Табиғат әлемінің қатынасы мен экологиялық білмін ұйымдастыру деңгейі
Эксперименттік және бақылау топтарының диагностикасын салыстыра отырып айта аламыз:
1. Мектепке дейінгі балалардың эксперименттік және бақылау топтар экологиялық білім мен экологиялық табиғат әлемінің дұрыс қатынасын ұйымдастыру кезінде орташа деңгейді көрсетті – сәйкесінше 10 және 9,9 ұпай
2. Эксперименттік және бақылау топтарының жануарлар әлеміндегі білім деңгейі бірдей – 9,5 ұпай
3. Өсімдіктер әлемі мен табиғат әлеміне деген экологиялық дұрыс қатынас деңгейі мектеп алды балалардың эксперименттік топтағы балалардың білім деңгейлері төмен, ал бақылау топтары сәйкесінше 0,4 және 0,1 ұпай.
4.Мектеп алды балаларының бақылау топтары эксперименттік тобына қарағанда өлі табиғат және жыл мезгілдері туралы білімдері 0,5 ұпайға жоғары. Ұпайлардың қорытындысын санай отырып эксперименттік топтың көрсеткіші «шашыраңқы», оларда бақылау тобына қарағанда топпен жұмыс істеу қиынға түседі.
Мақсаты: қалыптастыратын педагогикалық тәжiрибенiң мақсаты мектепке дейінгі ересек топ балаларының экологиялық танымдылық деңгейдiң жоғарылатуының өте тиiмдi әдiсiнiң таңдауы болып табылды.
Қалыптастырылған тәжірибенің міндеттері:
мектеп алды балаларының экологиялық танымдылығын ұйымдастыруда жануарлар туралы шаралар кешенін құрастыру.
мектепке дейінгі балаларына эксперименталдi тобына менiмен игерiлген кешенді ресми түрде мақұлдау.
МДМ-дағы күнделікті өмірінде қолданылатын шараларды құрастыруда мен келесі ақпараттарға жүгендім:
Экспериментік топ балаларының қалыптасатын тәжірибе барысындағы диагностикасының қорытындысы лда тұрған міндеттерді дәлдеуге мүмкiндiк бердi. Қалыптасатын тәжірибе барысында экологиялық білім және табиғат әлеміне экологиялық қатынастың эксперименталді тобының ұйымдастыру айырмашылық деңгейі ескерілген: оның ішінен 20% жоғарғы көрсеткіш, ал 20% - төмен көрсеткіш көрсетті. Жұмыстар көрнекi - әсерлi және қоршаған ортаны балаға көрнекi - бейнелi қабылдауды есепке алумен құрастырылды. Табиғи құбылыстарға экологиялық бiлiмдер және экологиялық дұрыс қатынастың құрастыруына бағытталған жұмыстардың циклдерi жүргiзiлдi (жануарлар әлемін, өсімдіктер әлемін, өлі табиғат, жыл мезгілдері білімдері)
Балалардың зерттеу әрекеттеріне – тәжірибелер мен бақылауларға үлкен көңіл бөлдім. Оқыту барысында баланың назарларын тек есту және көру мүшелерімен ғана емес, барлық езім мүшелерін әрекеттенуіне мүмкіндік бердім. Сол үшін балаларға ұстап көру, иісін сезу, қауіпті болмаса дәмін сезуге мүмкіндік берілді. Мектеп алды балаларының жргізілетін маңызды әрекетінің бірі – ойынға үлкен мән берiлдi (сюжетті-рөлдік, қимылды, экологиялық және табиғи құрылымы бар дербес ойындар).
Дәріс №10
Тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін тағайындау
Нәтижелерді бақылау психологиялық болжамды эксперименттік зерттеудегі бітіруші кезең ретінде. Психологиялық болжамды тексерудегі статистикалық қорытынды.
Болжам дегеніміз – жорамал сипатындағы бекітулер, ғылыми ой қорытындысы Эксперименттік тексеруді талап етеді. Болжам қандай да бір жаңа ойды бекітеді және ол бос сөз емес. Эксперименттердің басым көпшілігінде бір ғана емес бірнеше әр түрлі логикалық байланысты болжамдар болады.
Жалпы болжам
|
Жеке болжам1
|
Жеке болжам2
|
Жеке болжам3
|
Жұмыс болжамы1
|
Жұмыс болжамы2
|
Жұмыс болжамы1
|
Жұмыс болжамы2
|
Жұмыс болжамы1
|
Жұмыс болжамы2
|
Жалпы болжам: өткізілген эксперимент нәтижесінде баланың ақыл – ой даму процесі жедел дамитын болады.
Жеке мақсат: даму процесін жеделдететін психологиялық – педагогикалық құралдарды тексеру.
Жеке болжам: баланың даму процесін жеделдетуге экспериментте қолданылған психологиялық – педагогикалық әсер ету құралдары қолданылады.
Жеке мақсат: эксперименттен қорытындыларды жасау және практикалық нұсқауларды тұжырымдау.
Жеке болжам: өткізілген эксперименттен шығатын қорытындылар мен нұсқауларды педагогикалық практикада енгізу баланың ақыл – ой дамуын жеделдетуге әкелу керек.
Жұмыс болжамы: берілген оқу пәні сабақтарын да осы типтегі міндеттерді пайдалану ғылыми ұғымға сәйкес келген оқушының психикалық дамуын жеделдету керек.
Жұмыс болжамы: проблемалық оқытудың мына тәсілдерін пайдалану. Оқушының себеп – салдарлық байланыс және қатынастарды анықтау іскерлігін дамытуға әсер ету керек.
Жұмыс болжамы: оқу пәндері сабақтың мазмұнына осы типтегі міндеттерді енгізу, оқушыларда ғылыми түсініктерді қалыптастыруды жеделдетуі керек.
Жұмыс болжамы: экспериментте тексерілген проблемалық оқытудың тәсілдері оқушыларда сөздік логикалық ойлаудың дамуына көмектеседі.
Фактілер мен аргументтер – шындығы тексерілген не дәлелденген ойлар, ал көрсету– бұл мағыналы ой қорытындыларының жиынтығы.
Процесс барысында аргументтер мен фактілерден болжамның әділдігі шығарылады.
Дәлелдеу сенімді болу үшін белгілі ережелерді сақтау керек:
Болжам, аргументтер, фактілер, тұжырымдар нақты және ұғынықты анықталуы керек;
Болжам дәлелдеудің барысында өзгеріссіз қалуы керек;
Болжамды бекітетін аргументтер мен фактілер шынайы болуы керек (сенбеушілік тудырмауы керек);
экспериментті анықтайтын фактілер мен жағдайлар кезектігі. Олардың статистикалық сенімдік байланысы.
“Эксперименталды болжауды” теориялық негізде қалыптастыру, экспериментті жоспарлау.
Экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
Эксперименттің экологиялығын бағалау (эксперимент жағдаятының зерттелінетін шындыққа сәйкестік деңгейі).
Эксперименталды нәтиженің теориядан ауытқуын бағалау.
Б.Г.Ананьев эксперименттің рөлін психологиялық зерттеуде ерекше екенін атап көрсетеді.
В.Н.Дружинин психикалық регуляция деңгейлік пен эмпирикалық суреттеме әдістерінің байланысын қарастырып, мынандай деңгейлерге бөледі:
физиологиялық деңгей
психофизикалық
сенсорлы-прецептивті процесс
психиканың интегративті деңгейі (ойлау, мотивация)
жеке бас
индивидуалдылық
Дәріс №11
Тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін тағайындау
Нәтижелерді жалпылау мәселесі: объектілерге қатысты; биологиялық сипаттамалар, әлеуми-мәдени ерекшеліктер бойынша; зерттеу шартына байланысты. Д. Кэмпбелл бойынша қосымша айнымалылардың артефактілердің қайнар көзі ретіндегі мәселесі.
Зерттеу жүргізілгендегі нәтиженің есебіне және кестелеріне алғаш қарағанда көз алдында қандайда бір түсініксіздік пайда болады. Сондықтан да, алғашқы зерттеулердің ең маңыздысы реттілік болып табылады. Мүмкіндігінше “шикі” мәліметтерді сапалық бағаға әкелуге тырысу керек. Мысалы, жоғары деңгейде жүргізілген зерттеу алғашқы өңдеудің өзінде алдын ала арнайы жіктеулерге және әр класта сандық мәліметтер есептеледі, яғни класқа түсу жиілігін анықтайды. Бұл жиілік өңделген әдіске сәйкес сан болады. Егер біз сандық мәліметтер алатын болсақ, ең алдымен қарапайым , бірақ өте тиімді әрекет жасауымыз керек. Яғни, реттелген сандық қатарға келтіру, алынған сандық мәліметтердің кемуі (өсуі) бойынша жазу. әрине, реттелген қатармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілдірек. Ол қандайда бір ақпаратты береді. Мәндердің өзгеру аралығын (максималды немесе минималды), бағалауға, қай мәлімет жиі кездеседі, ал қайсысы сирек кездесетіндігін, медианасын анықтауға болады.
Эмпирикалық ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу анықтама бойынша алдын-ала құрылған жоспар бойынша жүзеге асырылады. Жоспарда қарастырылған зерттеу схемасынан ауытқу қойылған есепті шешуден алыс жаққа қарай алып кетуі мүмкін.
Сауатты құрылған жоспар, валидтілік, сенімділік (нәтижелердің қайталануы) және дәлдік көрсеткіштерінің тиімді шешімдерін қамтамасыз етеді. Осы көрсеткіштер жүргізілген зерттеудің «сапасын», ең алдымен алынған нәтижелердің дұрыстығын анықтайды. Сондықтан психологияда зерттеуді жоспарлауға ерекше назар аударады. Жоспарлау процесі екі кезеңнен тұрады: мазмұнды және формалды.
Мазмұнды жоспарлау Мазмұнды жоспарлаудың бастапқы кезі осы зерттеудің тақырыбы болып табылады. Осы жоспарлаудың негізгі мақсаты- зерттеудің сыртқы валидтілігін қамтамасыз етуден тұрады.
Зерттеу жоспарының маңызды бөлігін құруға кіріспестен бұрын мыналарды жасау қажет:
Алдағы зерттеу тақырыбы бойынша арнаулы әдебиеттермен оқып танысу.
Егер әдебиеттен ізденіс нәтижесінде сіз өзіңіздікіне ұқсас есеп шешімін таппасаңыз басқа зерттеулерде өзін ақтай алатын эксперименттік әдістемені қолдануға тура келеді.
Егер тексерілген немесе танылған әдістемелер арасынан лайықтысы табылмаса онда жаңа біртума әдістемені дайындауға және негіздеуге кірісуге тура келеді.
Мазмұнды жоспарлау кезеңінде:
Зерттеу жүргізілетін теориялық концепция таңдалады.
Зерттеудің теориялық және эксперименттік гипотезалары тұжырымдалады.
Қажетті эмпирикалық әдіс таңдалады.
Сыналушылардың іріктеме мәселесі шешіледі: кім? қанша? қалай?
іріктеменің құрамы (гендерлі, жасына байланысты, әлеуметтік , мамандығына қатысты және т.б.)
іріктеменің көлемі
қалыптасу жолы (рандомизацияланған, қос-қостан, бақылау тобының қажеттілігі және т.б.).
Формальды жоспарлау Формальды жоспарлау зерттеудің эмпирикалық бөлігін ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етеді. Формальды жоспарлау келесі міндеттерді шешеді:
Зерттеудің эмпирикалық бөлігін жүргізу алгоритмін дайындау.
Зерттеуді жүргізуді экономикалық қамтамасыз ету.
Нәтижелерді салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Алынған мәліметтерді талқылау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Формальды жоспарлаудың басты мақсаты-мүмкіндігінше нәтижелерді бұрмалау себептерінің максимал санын болғызбау және осы зерттеумен байланысты қателер облысын минималдандыру, сонымен ішкі валидтілікті жоғарлату.
Сәтті формальды жоспарлаудың қажетті шарты жоспарлаудың тіпті мазмұнды бөлігінде басталатын эксперименттік жағдаяттардың барлық мүмкін факторларын алдын-ала талдау болып табылады.
Бұл факторлар зерттеу тақырыбымен, эксперимент экологиясымен, зерттеу тәсілі мен әдістемесімен, сыналушы іріктемесімен және болжау мүмкін емес басқа да себептермен (мүлдем кездейсоқ оқиғаларды қосқанда) анықталуы мүмкін.
Т.В.Корнилова формальды жоспарлау кезеңінде эксперименттік жоспарларды өңдеудің екі негізгі әдісін еңгізді (кесте).
Кесте
Келісім әдісі
|
Айырмашылық әдісі
|
(А,В,Х)→У
(С,D,Х)→У
Х→У
|
(А,В,С,Х)→У
(А,В,С)→У емес
Х→У
|
Егер айнымалылардың екі кешені бір ғана эффектіні (У) тудырса, яғни ол айнымалылардың осы тобы үшін ортақ болып табылады.
|
Х факторын қамтитын айнымалылар тобы У эффектісін тудырса, ал Х факторы жоқ сол топ жағымсыз нәтижеге әкелсе(У емес), онда У Х-айнымалысымен байланысқан.
|
Дәріс №12
Тақырыбы: Психология ғылымының әр түрлі салаларындағы эксперимент және оны ұйымдастыру
Психологиялық эксперименттің құрылымдық-әдіснамалық сызбасы. Жалпы психология және психофизиологиядағы эксперимент. Психологиядағы салалық эксперимент. Жасерекшелік психологиядағы эксперимент. Әлеуметтік психологиядағы эксперимент (Милграма эксперименті, Филипп Д. Зимбардоның Стэнфорд түрмелік эксперименті).
Психологиялық методологияның бастапқы бағыттарын анықтаған, отандық жаратылыс зерттеушілерінің ең алғашқыларының бірі И.М.Сеченов болып саналады. Оның фундаменталды еңбектерінің мағынасын қысқартылған түрде қарастыра отырып, оған ең бірінші бас миында адамның психикалық қызметінің әр түрлі структуралық және генетикалық мінездемесі ретінде пайда болған рефлекстердің психологиялық мағынасын анықтауға және барлық психикалық актілер рефлекс жолымен дамитынын, және сыртқы сезім қоздырғыштарының әсері әр түрлі қылықтардың болуына бірінші себепкер бола алатынын және онсыз ешқандай ой болмайтынын сәтті дәлелдегенін айтып өткен жөн. Типі бойынша рефлекторлық бола отырып, психикалық процесстер рефлекторлық акттың басталуымен ғана емес, сонымен қатар, оның нәтижесімен, яғни – адамның қылықтарымен, әрекеттерімен, мінез-құлықтарымен, ойлап жасайтын әрекеттердің барлық себептерімен тығыз байланысты, олардың әртүрлілігі ең соңында бұлшық еттердің қимылына әкеледі Ал психология - бұл психикалық әрекеттер туралы ғылым, ол сезімнің, ойлаудың, қабылдаудың, елестетудің және т..б. даму жүйесін зерттейтін ғылым.
Оның методологиялық идеялары ойлаудың сипаттамасында өзінің айқын да анық көрінісін, объектілердің бөлектілігін тапты; оларды бір-бірімен салыстыру; сол салыстырулардың бағыты, олардың шектестігінің бағыты, ұқсастығы, себептілік байланыстары қандай болуы керек екенін көрсетті. И.М.Сеченовтың айтуы бойынша баланың ойлау қызметінің түп тамыры оның сезімталдығында жатыр, және оның ақылын сезім органдарынан бөлуге болмайды, ал, баланың ойлауының бастапқысы, оның сезім органдары арқылы берілетін әсер алу процесі бірге араласқан (слитый) сезімдерінің бөлшектену процессімен тұспа-тұс келеді. Ойлаудың барлық сипаттамалары қабылдаумен үздіксіз біріккен танумен тығыз байланысты.
Ұлы ғалымның осы мықты методологиялық мұралары психологиялық теорияда және тәжірибеде бүгінгі күнге дейін толық игерілмеген және қолданылмай келеді.
Адамда, кейіннен оның зерттеуші, атақты ойлаушы, ғалым, суретші болып қалыптасуына әсерін тигізетін барлық ақыл-ой құрылымдарының іздерінің болуын, тіпті ұрықтану сатысында да цивилизацияның көріністерінің болуын, И.С.Сеченов толық жауапкершілікпен пайымдаған.
Басқа атақты жаратылыс зерттеушісі И.П.Павлов психологиялық методологияны жүйкенің жоғарғы қызметін ашуымен қаруландырды және оның – күшті, ұшқалақ немесе «ұстаусыз»; күшті, байсалды немесе баяу; күшті, байсалды, қозғалғыш немесе еті тірі; жоғарғы жүйке қызметінің әлсіз түрі деп төрт түрін анықтады. Осы бір өте маңызды, қазіргі практикада, әсіресе педагогикалық практикада аяғына дейін меңгерілмеген, әлі толық қолданылмаған жаңалық қазіргі зерттеушілердің алдында жаңа міндеттер қояды, сонымен қатар, олардың өздерінің актуалдануларын арттырады және методологиялық мәдениеттің өздігінінен дамуына көмектеседі. Осы мәселені ең алғашқы болып зерттеген Б.М.Теплов және В.Д.Небылицин сияқты орыс ғалымдары, олар жүйке жүйесінің қасиеттерінің күрделі жақтарын анықтап, адамның жеке психологиялық айырмашылықтарының физиологиялық негізінде жаңа түсініктер өндірудің алғы шарттарын құрды.
Психологияның ғылым ретінде дамуына В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский, В.А.Вагнер, П.Ф.Лесгафт сияқты жаратылысты зерттеуші ғалымдар белгілі бір үлес қосты. В.М.Бехтеревтың “Психика и жизнь”, “Объективная психология”, “Коллективная рефлексология” сияқты негізгі жұмыстары, В.А.Вагнердің “Возникновение и развитие психических способностей” сияқты көлемді және мағыналы еңбектері А.А.Ухтомскийдің шығармалары психологияның методологиялық негіздерін байытты. Барлық психологиялардың ішінде өзінің методологиясын дамытудың өткір қажеттілігін бастан кешіріп отырғаны ол - “жалпы психология”. Ол жалпылап алғанда психологияның алдында тұрған принциптік сұрақтарға жауап беруге, теориялық принциптерді жасап шығаруға, психологиялық танымның әдістерін негіздеуге, психологиялық нақтылықтардың пайда болуының және дамуының негізгі заңдылықтарын бір қисынға келтіруге талпынады. Жалпы психология психологиялық заңдылықтарды, психологияның теориялық принциптерін және әдістерін анықтайтын эксперименттік және теориялық зерттеулердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Оның негізгі ұғымдары, тек қана психологиялық циклдың емес, басқа да оқу курстарының индивидтары игеретін методологияның өзіне айналады. Сондықтан, оның алдында өзінің методологиялық базасын қалыптастыратын, дамытатын, жетілдіретін аса жауапкершіліктер тұр.
Әрине бірінші кезекте, жалпы психологияның негізін қалаушы қалпындағы принциптер өзіне көңіл аудартады, оның негізінде маманның теориялық және тәжірибелік қызметі айқындалады.
Әлбетте, Р.С.Немовтың [1] жоғарғы оқу орындарына арналған оқулығында жалпы психологияның принциптері және методологиялық принциптер жайлы ештеңе айтылмаған. Қазіргі уақыттағы күрделі психологтардың бірі Е.И.Роговтың құрастырған дәрістер жиынтығында екі принцип ғана аталған. Олар – детерминизм және даму принциптері. Оның өзінде анықтама көп сөзбен көміліп, айқын көрсетілмеген, сол көпсөздікті алып тастағанның өзінде де, оның мазмұны өзгермейді. Авторлар ұжымының оқулығында да методология жайында ештеңе жазылмаған. Қазіргі уақыттағы ең атақты ғалымдардың бірі Л.Д.Столяренко да бұл проблеманы қозғамайды, бірақ, өзінің жаңа оқулығында дамудың генетикасын, шығармашылықтың және сананың бірлігі, детерминизм принципін қысқартылған түрде мінездеуді (суреттеуді) жөн көріпті. А.В.Петровский басшылық еткен жалпы психологияның авторлар ұжымының принциптерге берген мінездемелері де мардымсыз.
Қолданбалы психология (жасөспірім, педагогикалық, әлеуметтік, экономикалық, медициналық, әскерлік, инженерлік және т.с.с) саласында жұмыс істеп жүрген ғалымдарға методологиялық мәні зор жалпы психологияның орталық ұғымы - жоғарғы жүйке қызметінің типі (темперамент) болып табылады. Осы ұғымның әдіснамалық негізі – адамның мәнін тану, тәрбиелеу, білім беру, дамыту әдістерін қалыптастыру кілті болып табылады. Методологиялық проблеманы жалпы психологияның авторлары қалай шешеді екен? Л.Д.Столяренконың жоғарыда аталған оқулығынан темпераментке берілген мінездемелерінен тек қорытынды ойларды ғана келтірейік:
“Холерик: көңілдің көтерілуінің жағымды циклдарының жігерліліктің жағымсыз циклдарының төмендеуімен алмасып отыруы, мінез-құлық пен көңіл-күйдің бір қалыпты еместігіне, адамдармен қарым-қатынаста невротикалық олқылықтың байқалуына және дау-жанжалға икемдігіне әкеледі”.
“Сангвиник: стресстік жағдайларда “жолбарыстың реакциясын” көрсетеді, яғни, өзін белсенді және ойланып қорғайды, жағдайдың дұрысталуы үшін күреседі”.
«Флегматик: көңіл-күйі бір қалыпты, тұрақты. Маңызды жағымсыз жағдайларда сырттай бірқалыптылық көрсетеді».
“Меланхолик: жүйке жүйесінің жоғарғы сезімталдығына ие бола отырып, меланхоликтерде анық айқындалған шығармашылық және интелектуалдық қабілеттер бар”.
Жалпы психология бойынша басқа оқулықтың авторы Р.С.Немов психологиядағы жеке тұлға түсінігі анықтамасының күрделілігі мен маңыздылығының методологиялық қырының жан жақтылығы жайында көп ойланбастан неміс философы И.Канттың ілімін пайдалана отырып темпераменттің барлық түрлерін айқындап берді.
Жалпы психология бойынша дәрістер жиынтығын құрастырушы Е.И.Рогов, темпераменттердің түрлеріне мінездеме бере отырып, “сангвиниктер жаңа танысқан адамдармен тез тіл табысып, жаңа талаптар мен жағдайларға тез үйреніп кетеді. Бір жұмыстан екінші жұмысты еш қиындықсыз ауыстырып қана қоймай, жаңа дағдыларға тез үйренеді. Холериктер болса, сангвиниктерге қарағанда қозғалыстарында әсемдік аздау және салғырттығы басым. Флегматик, әдетте, жаңа танысқан адамдармен тез тіл табыса алмайды, сыртқы әсерлерге сирек үндеу көрсетеді. Меланхоликке барлық психикалық процесстердің бәсендетілген екпіні және назардың тұрақсыздығы тән”.
“Психология” оқулығының авторлар ұжымын басқарған И.В.Дубровина былай деп жазады: “Сангвиник бейтаныс адамдардың ортасында өзін суда жүзген балықтай сезінеді, ал ерекше және жаңа жағдай оны тек қоздырады. Ал флегматикте өзінің адамдарға деген қарым-қатынасы тұрақты және бір қалыпты. Меланхоликтер өте ренжігіш, басынан өкпелер мен сәтсіздіктерді ауыр өткереді. Көп сөйлегенді ұнатпайды, жалғыздықты жаны сүйеді. Үйреншіксіз, жаңа жағдайларда өзін ыңғайсыз сезініп, жиі ұялады”. Жас ұрпақпен жұмыс істеуге дайындалып жүрген болашақ мамандарға бағытталған оқулықтағы мынадай мінездемелердің қаншалықты сандырақ екенін аңғару қиын емес.
А.В.Петровскийдің жетекшілігімен дайындалған оқулықтарында әдістемелік ерекшеліктер тиянақты қарастырылған. Бұнда жеке тұлғаның ой қабілетімен, оның жалпы қызметімен, жеке тұлғасының қабілеттілігімен, тәрбие мен оқытудың ерекшеліктерімен, кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен байланысты, темпераменттің методологиялық проблемалары қозғалған. Әлбетте, оқулықтағы материал біраз ескірген, және жаңа методологиялық, инновациялық өңдеулер негізінде түзетулер мен толықтыруларды қажет етеді.
Б.Ц. Бадмаевтың айтуы бойынша, психологияда маңызды бөлімдердің бірі – бұл жасөспірім психологиясы. Бірақ біз ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының негізінде толық талдау жасауды мақсат тұтпаймыз, тек екеуіне ғана тоқталып, мұнда ұсынылған методологиялық инструментариелерді талдаумен шектелеміз.
Бірінші өкілдікке В.С. Мухинаның болашақ мамандарға арналған оқулығы және жасөспірімдерге арналған хрестоматиясын еңгізуге болады.
Оқулық өсу кезеңінің туылған күнінен бастап жастық кезеңге дейінгі мерзімді қамтиды; соңғы бөлімді қорытындылау тұрғысында көрсетіледі және біздің көзқарасымызда белгіленген фактілері кейбір түсініктемелері бар өзгеше бақылау күнделігі болып бейнеленген. Не оқулықтың басында, не бірде-бір тарауда мамандарға арнайы қолдану үшін берілген ұсыныстары бар әдістемелік нұсқаулар көрсетілмеген; студенттерге зерттеу жұмыстарындағы теориялық мақсатын кеңейте және бекіте түсетін шығармашылық тапсырмалары жоқтың қасы. Ал “жас ерекшелік психологиясы” курсының бағдарламасы бойынша оқулықта берілген қосымшасы оқытушының жоғарғы оқу орнындағы қызметі әдістемелік негіз ретінде маңызды компоненттермен ешқандай сәйкес көрініс таппайды. Бағдарламаның ешбір бөлімі әдістемелік кеңестермен, нұсқаулармен, ұсынылатын әдебиеттер тізімімен, қысқа әрі нұсқа жасалған сараптамалармен және оқу курсын оқытушысы үшін тәжірбиелік кеңестермен жабдықталмаған. Әдістемелік негізден айрылған оқулық маманның шығармашылық, психоло-педагогикалық ойлау, даму қабілетінің үлкен кедергісі болып табылады.
Алайда, В.С.Мухинаның біздің айтылып жүрген хрестоматия оның дайындалған еңбегі болды. Оның көрсеткен атақты авторлардың кең “тізімі” оқулықтың әдістемеліктен айрылған тұстарын компенсация жасаудың едәуір дәрежесін көтеруге мүмкіндік береді.
Е.О.Смиридов, В.Т.Утробин, В.С.Мухинаның өзінде, Р.Т.Баярд, Д.Ж.Баярд, Е.А.Леванов, А.Е. Личко, А.Р. Абрумов, Е.Г. Гройнин, Ю.В.Панов зерттеулерінде, Хрестоматияға қосылған қосымшалар тек қана біздің бақылауымызды әдістемелік ойлау қабілетімізді байытып қана қоймай, қарқынды дамытады, әрі жетілдіре түседі.
Жас ерекшелік психологиясының мазмұнын көрсететін Р.С.Немовтың еңбегі, яғни, біздің ойымызша, жас ерекшелік психологиясын анықтаушы әдістемелік инструкциялар екінші кітаптың негізі болмақ. Онда Қазақстан Республикасының реформаланған оқу жүйесінің байланысы үнемі жаңаша толықтырылып отыруы, әлемдік кең көлемде білім алу прогресіне кіру, сондай-ақ, мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық қарқынды дамуы, тәжірбелік жұмыстарда оқытушылар мен дарынды студент жастардың ынталануы болатын 5 түрлі мәселе сәтті анықталады.
Болашақ мамандардың шығармашылық- әдістемелік өздік дамуының біздің заманымыздың көрнекті ғалымдары негізін және рет-ретімен мазмұндап көрсеткен. Сондай-ақ, артық ауыз сөзі жоқ, психодиагностиканың шығармашылықта және іс жүзінде қолданылатын аспектілері бар ынталандырғыш материалдарды жиырма төртінші тарауынан табады. Бірақ қолданбас бұрын ғалымның еңбек сүйгіштігін қарыз ретінде өтеу керек, - ол тек ғана психодиагностиканың қажетті әдебиеттерін анықтап ғана қоймай, болашақ маман осы материал арқылы жеке қызығушылығы мен қалауының жолын дәл бағыттай алатын қажетті ақпарат көздерін, әр тарау мен беттерден ала алатынын көрсетті.
Психологиялық теорияларда педагогикалық психология үшін көптеген көрсетілген еңбектер жетерлік. Сараптама үшін біз негізгі бастама болған оқулықтарда И.А.Зимней және Р.С.Немов еңбектерінде әдістемелік аспектілерді ғана бөліп көрсетіп анықтадық.
И.А.Зимняяның «Педагогикалық психология» оқулығын сараптай отырып, біз мына бір жайттарды аңғардық: Кез-келген автор өз кітабын басапаханаға дайындағанда ең бастысы өзінің болашақ оқырмандары туралы елестету керек. Осы жағдайда педагог кең мағынада және мұғалім - ана ғұрлым тар мағынада көрсетіледі. Сөз жоқ, нормативтік құжаттарда ішкі себептерден пайда болатын негіздісінің алынып тасталсын деген шартымен жасалған белгілі принциптердің қалыптаспаған түрі бірде-бір педагогта, жетекшілерде, білім мекемелерінде жоқ. Және басқа жете зерттелген көрнекті ғалымдар принциптері принцип кез келген теория, білім, ғылымның негізі болғандықтан мұғалімдердің қызметтік жұмыстарын өзара ретке келтіруші және оқу процесіндегі тәрбиешілердің, қатардағы оқу департаментімен бірге педагогикалық ұжымда мектеп жетекшілігін атқарып жүрген педагогтардың, ата-аналар қауымының қолданысқа кең түскен тиімді факторы болып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын, іс-әрекетін анықтайтын адамның көз жеткізген сеніміне айналмақ. Бұл жеке тұлғаның мінез-құлық және оның мінезін көрсететін негізгі критерийлердің мөлшері болып табылады.
Мұндай көрнекті оқулықта келер ұрпақты тәрбиелейтін мамандарға бағыштала көрсетілген не маңызы зор әдістемелік категориялар, не педагогикалық принциптері хақында бірде-бір ескертпелер жоқ. Бірақ оқулықтың жалпы әдістемелік негізін жоққа шығарғанымыз әділсіз болар еді.
Біздің ойымызша «студент жастардың «педагогикалық психологияның зерттеу әдістемесі» тарауы белгілі бір қызығушылықты арттырады. Автор, педагогикалық психологияның ең негізгі әдістеме ретінде ақпарат көздерін анықтады. Мұнда анықталған үш ақпарат көзі бар: Л – бақылау қорытындысы және эксперттік баға фактісі бойынша адам өмірін тіркеу жолы арқылы алынған мәлімдемелер. Q- түрлі сұрақнамалар және өзін-өзі бағалау әдісі негізінде алынған басқа да мәліметтер; Т- обьективті тестілер.
Негізгі әдістерге автор мыналарды қосады: бірінші курс студенттеріне де жақсы мәлім болған бақылау жұмыстары және студенттер арқылы жинақталған тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен педагогикалық тәжірибенің кең көлемдегі мәліметтері автордың интерпретациясында тіпті де ешқандай жаңа ақпарат көрсетпейді. Сондай сапалы деңгейге өзін-өзі бақылау әдісі, әңгімелесу, интервью, анкета алу, эксперимент, іс әрекеттердің сараптамалары кіреді.
Автордың ұсынған тестілеу әдісін біз ең өнімді және мағыналы деп санаймыз. Өйткені, бұл әдіс білім беру жүйесінің қазіргі заманғы даму кезеңінде болашақ маманның педагогикалық тәжірбиесінде және мұғалімнің тәжірибелік қызметінде үлкен орын алады.
Автордың әдістер классификациясын анықтауын зерттеудің жаңалығы деп есептеуіміз керек, оған мыналарды жатқызуға болады: ғылыми танымның деңгейі; зерттеуші-педагогтың объектпен әрекеттесу түрі; зерттеудің мақсаты мен ұзақтығы; объектінің өзін-өзі зерттеу, танып-білу ерекшеліктері.
Бүгінгі күнде зерттеу әдістері, әдістердің жіктелуін методологияның бөлігі ретінде студент жастар кең қолданады және ол ғылыми өндірістің сапасын арттырады (баяндамалар, ғылыми хабарламалар, ғылыми мақалалар, студенттік конференцияларға арналып дайындалған баяндамалар, т.б). Кітаптың мазмұнына сонымен қатар, зерттеудің тәсілдері, ойын моделінің құрылымы, мұғалімнің кәсіби міндеттерінің модульдік ұсынылымдары енген. Бірақ, жалпы алғанда, мұғалімнің кәсіби қызметін жоғарылату фактілерін, оның еңбегінің психологиялық маңызын зерттеу әдістері толық ашылмаған. Бұл жағдай оқулықтың методологиялық құндылығын төмендетеді.
Басқада белгілі автор Р.С.Немов өзінің “Педагогикалық қызметтің психологиясы” деп атаған жұмысында, педагогикалық еңбектің методологиялық құрылымдар мәселесіне тиіспейді, тек қана, жалпы түрде теориялық талқылаумен шектеледі.
Өзіміздің теориялық және тәжірибелік қызметімізден біз мынадай тұжырымға келдік: білім беру мекемелерінде болашақ маманның психологиялық мәдениеті жоғарғы оқу орындарының білім беру жүйесінің жағдайында, өзінің нақты Мен-концепциясы болғанда ғана дамып, кемелденеді. Ал болашақ маманның Мен-концепциясы жоғарғы оқу орнында білім алу барысында қажеттілікке ие болған қасиеттердің құрылу негізінде, методологиялық негіздер мен педагогикалық принциптердің қалыптасу негізінде пайда болады. Психолого-педагогикалық саласындағы магистранттар мен студенттерге, барлық мамандықтардағы пән-мұғалімдеріне тірек болады деп есептеп, бөліп алған принциптер мыналар деп санаймыз: ең бірінші, бұл оқушының тұлғалық қасиетін өзінің пәнінің құралдары арқылы дамыту принципі. Мұғалім бұл принципті терең ұғынып, жақсы меңгерсе, оқушыларға өзінің оқу пәнін меңгертудегі, тапсырмалардағы кейбір қиындықтардан, мәселен өзіне және оқушыға шамадан тыс күш түсуінен құтылады.
Өзінің пәні арқылы оқушыны дамыту дегеніміз – болашақ кәсіби мамандығымен байланысты жеке – бейімділік білімін және оған деген дара-дифференцияланған ыңғайларды кемелдендіру деген мағынаны білдіреді. Бұл принцип білім мекемесінің орта тобы және мектеп түлектерімен жұмыс жасайтын жоғарғы топ мамандарының атқаратын мамандық қызметін жетілдіруге өте маңызды.
Маманның қызмет процесінің екінші принципіне тәрбиелеуге деген шынайы махаббат, оны сыйлау және кемшіліктерін толтыруды талап ету қатынастары жатады.
Егер, педагогтың құрылымы тұлғалық жинағында көрініп тұратын болса, бұл принцип машықтанудың негізгі критерийлері болып табылады.
Сыныптасының, мектепте бірге оқитындарының бетін қайтаратын, оларды жақсы көрмейтін, сыйламайтын, олардан алшақ жүруді қалайтын көптеген оқушы бары даусыз. Ал машықтанған маманның бұлай етуге құқығы жоқ. Табиғатынан өзінің-өзі маңызын көтеру потенцияларына ие, яғни, табиғи болмысын қалыптастыра алатын қадірлі тұлғаларды тәрбиелеу – оның басты міндетті. Мұндай жағдайларға түрлі мысал келтіруге болады. Мәселен: үнемі жолдастарының күлкісіне қалып жүретін, шеттен тыс қалған мектеп оқушысы жасырын, немесе, жария түрде сол, немесе, басқа да мұғалімдердің қолдауымен өсе келе жақсы студент, инженер, мұғалім, жазушы, ақын болып шығып жатады. Жеке тұлғаның кемшіліктеріне не жатады? Бұл ұғымға әдістемелік негіздеме берген А.С.Макаренко болатын. Ол өте қатаң түрде “Неліктен адамда тұлғалық кемшілік болуға тиіс? Ешқандай да кемшілік болмауы керек. Егер сізде 20 артықшылығыңыз болса, 10 кемшілігіңіз болса, біз оның әуелі бесеуін, сосын тағы 3-еуін жойыып көруіміз керек.Сонда, 2 кемшілік қалады. Ал ол бізге не қажеті бар? Маман жақсы, бірақ, қызба. Бұдан құтылуға болмай ма? Адамнан талап ету керек. Сондай-ақ, өзіңнен де талап ете білу керек. Міне сонда, керемет адам шықпақ” деген еді.
Бұл тәжірибеде де бекітілген еді.Белгілі авторлардың бірі өз дәрісінде мектеп директорлары арасында қызметтік ойын өткізді. Бұл ойында микротоптар ойыншыларына тұлғалық 35 кемшілігінен 5 кемшілігін ғана қалдыру талап етіледі. Ойын осы 5 кемшіліктің тізімі жазылып, әрқайсысына арнайы өңдеу жасау түрінде өткізіледі. Қорытынды соңында әрбір кемшілік кілтте көрсетілген және қатал талқылауды талап етті. Соңғы қорытындыда кілтте көрсетілген нұсқауларға толығымен келіспейтіндігін аңғартты.
Студент мұндай сауалдар жайлы өте сирек ойланады. Сондықтан меңгерілген, сіңірілген және меншіктелген, тұлғалық көз жеткізуге айналған принцип, әдістемелік мәдениеттің қалыптасуын, ақыл-ойда шығармашылық серпіліс және психолого-педагогикалық көрегендікті көрсетеді.
Маман-педагогтың үшінші принципіне педагогтың әйгілі педагогикалық принциптік мақсаты, мақсаттық бағыты, мақсатқа лайықтылық, пән мұғалімінің, тәрбиешінің, психологтың, педагогтың “Мен” концепциясы жатады. Мақсат – болжамдық кейіп, оның жетістігі – педагогтың өзінің кәсіби функциялары мен компетенциясының аймағындағы ынтасымен ойлану әрекеті. Сонымен қатар, мақсат – жеке тұлғаның ішкі жүйесінде тұйықталмаған, керісінше, ұжымдағы оқушылардың, ата-аналардың назарына педагогикалық концепцияларыда жарияланып, ұйымдастырушылық мекемелерде, педагогикалық кеңестерде, әдістемелік бас қосуларда, ата-аналар комитетінде мақұлданып, педагогикалық өзіндік түзету процесстерінде түзетулер, тілектер, барлық пайдаланушы тұлғалардың тілектері, ұсыныстары қабылданып, коррекцияланған. Түзетулер еңгізілген, келісілген мақсат, біздің көзқарасымыз бойынша, егер үнемі тексерулер, түзетулер, күнделікті болатын процестерге бағынатын инспекторлық тексерістер, мысалы: әлеуметтік статусы жоғары қонақтардың келе беруі немесе т.б. кедергілер жасалмаса, онда арнайы маңызды құндылықтарға ие болу мүмкіншіліктерін алар еді.
Білім беру саласындағы заңдылықтар мақсатына жету үшін педагогтардың өздігімен білім алу және өздігімен еңбектену жұмыстарының барлық түрі жүзеге асуы керек және оған кедергі келтіретін әрбір себептің білім беру процесінен жойылуы және жеке тұлғалық көріністерінен ығыстырылуы қажет.
Келесі принцип – жақсы жүйеге қойылған және үнемі жетілдіріліп отыратын психолого-педагогикалық диалог, оның көмегі мынада:
- педагог және оның көзқарастарымен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының білім туралы заңымен келісе алмайтын әр түрлі контингенттегі мұғалімдермен, әдеттен шығатын және өздерінің балаларына жөндеп тәрбие бере алмайтын ата-аналармен, девиантты оқушылармен күрделі әлеуметтік ситуацияларда кездесетін түсінбеушілікті және жаңа пайда болып келе жатқан қақтығыстардың басын ашып, шешу;
- жас жеткіншектерге білім беру, оларды дамыту барысында жоғарғы деңгейдегі өнімді технологияларды енгізудің қорытындысын көрсете отырып, конструктивті дау-дамайлар жасап, оны жеңіп шығу және қазіргі талапқа сай инновациялық түлектерді дайындау.
Білім беру мекемелеріндегі маманның педагогикалық процесстердің әдістерін таңдау принципі. Қазакстан Республикасының білім туралы заңының негізінде құрылған. Бұл заңның аясында педагог әр түрлі “сәнді” теория, концепция құрылымдарын қолданудан босатылып, маман педагог “білім беру мемлекеттік стандартты сақтау шарты бойынша, өзінің педагогикалық қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін еркін таңдау” мүмкіндігіне ие болады.
Маманның педагогикалық қызметтің өнімді әдістерін таңдауы - оның зерттеушілік, методологиялық қыр-сырын жеткілікті білуіне және оқушылардың тәжірибелік ілімінің технологиясына байланысты. Жас жеткіншектерге білім беруде нәтижелі әдістерді анықтау мақсатында біздің ойымызша педагог ең бірінші нені білу қажет?
Қолында жеке технологиялық журналы болу керек. Бұл журналдың бірінші жартысына өзінің тәрбиеленушісінің жоғарғы жүйке жүйесінің түрін, өзінің болашақтағы нәтижелі еңбек қызметі жайлы жазып, өз басының саулығына педагог өз еркімен өзіне үлкен жауапкершілік арту керек. Ары қарай журналда тәрбиеленушінің мінезіндегі ерекшеліктер және орта және жоғарғы буындағы оқушылардың акцентуациясының бар болуы немесе жоқ болуын бекітіледі; бұл жерде жас өспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларының акцентуациясы қысқартылған түрде белгіленеді, содан кейін когнитивтік процесстердің – ойлау, қиялдау, назар аудару, қабылдау диагностикасының қорытындысы, ерікті-эмоционалды жағдайы, оқушылардың қажеттіліктерін жоғары, орташа, төмен деген деңгейлерінің мотивтерінің қорытындысы белгіленеді. Осы толтырылған технологиялық журнал педагогтың ойларының салмақтылығына, жоғарғы мәдениетті тұлға қалыптастыру, өзінің тұлғалық-сапалық кешенінде қандайда бір кемшіліктері бар қыз балалар мен ер баларды назарынан “өткізіп алмау” ниетінің кепілдемесі болып табылады. Бұл жерде жастардың осы көрсетілген процесстерін дамыту тәсілдері қысқартылған түрде белгіленеді.
Журналдың бұл бөлігін біз Р.С. Немов, Л.С.Столяренко, Е.И.Рогов, және Н.И.Шевандрин сияқты авторлардың ұсынған зерттеу әдістеріне сүйене отырып, толтыруды ұсынамыз.
Журналдың екінші бөлімінде кәсіпқой тәрбие мен оқудың, яғни білім берудің даму процесінде өзі қадағалаған мектеп директорының, әріптестерінің, ата-аналардың, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарының қорытындысында, ең бастысы, тәрбиеленушінің белсенді шығармашылық өздік жұмысының қорытындысында пайда болған өзгерістерді белгілейді.
Осы қарастырылып отырған принципте барлық жеке қасиеттердің дамуының перспективалық әдістердің бірі деп біз өзіміздің өкілеттігімізбен және өзіміздің кейбір кәсіби функцияларымызбен оқушылармен бөлісу (делегирование школьникам) деп ойлаймыз. Кезінде бұл әдісті атақты педагог Т.И.Гончарова қолданып, және ол ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Бүгінгі күнде қолымызда қызықты да мағыналы оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар мен мақалалар бар кезде бұны қайта жаңғырту уақыты жетті. Т.И.Гончарованың көп жылғы тәжірибесі және біздің тәжірибеміз көрсеткендей, оқып жүрген тәрбиеленушілер педагогикалық функциялармен бөлісуді (делегирлеуді) жасөспірімдер мұғалімнің сенімі деп санап, ал, жоғарғы сынып оқушылары оны өздерінің болашақ кәсіптеріне қолдануға көмектесетін қосымша педагогикалық-психологиялық білім алу мүмкіндігі ретінде санап, бұл құбылысты үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Оқушылар үлкен ынтамен пән мұғалімінің ассистенті болып, жасы кіші оқушының когнитивтік құбылыстарын кемелдендіре және дамыта отырып, оның жетекшісі функциясын атқарады. Жоғарғы сынып оқушыларынан құрылған микротоптар, әсіресе, гуманитарлық пәндер аумағында құрылған топшалар, 2-3 ай көлемінде нақтыланған тақырып бойынша сабақ жүргізуге дайындалып, оны өте жоғарғы көрсеткіште өткізеді, өйткені, пән мұғалімінің көмегімен сабақ өткізу әдісі олардың ойында әбден қалыптасып, ал физика, химия, математика және т.б. сабақтарда микротоптағы оқушылар көп айлар бойы жасаған шығармашылық есеп қорытындысын көрсетеді. Делегирлеу әдіс ретінде өзін-өзі толық ақтайды. Өйткені, оқушының қабілетінің интелектуалды дамуына оң әсер етіп, жұмыс уақыты кезінде мұғалімді интелектуалдық күштеуден босатып, өзін басқасы шеше алмайтын басқа да шығармашылық мақсаттарды орындауға босатады.
Педагогикалық еңбектің тағы бір принципі жоспарлау болып табылады. Аталған оқу құралының авторлары осы принципті жүйелі қолдана отырып, нақты айқын қорытынды алды. Мынадай тәжірибе өткізілді: жоспарлы күндері кезіндегідей сол қалыпты еңбек жолының белсенділігімен апта бойы жоспарлаудан бастарту.
Бір апталық жұмыстың қорытындысын шығарғанда әр кезде жоспарлы апталармен салыстырғанда 10-15 пайызға төмендедік. Қазіргі уақытта өзінің ғылыми түсіндірмесін таппаған осы феномен қорытындылануда.
Жоспарлау өзіне педагогикалық қызметтің барлық түрлерін қамтиды, әсіресе, оқушының жеке тұлғасының барлық бағыттағы даму жүйесімен органикалық байланысына маңызы зор: интеллектуалдық – шығармашылық дамуы, когнитивтік процесстерді дамыту және қалыптастыру, әсіресе, ойлау, қабылдау, креативтік және т.б.
Жоспарлау принципі – педагогикалық тәжірибеде аса күрделі мәселе. Өйткені, оны іске асыру білім беруде жоғары жетістіктерге жеткізгенмен, мектептің басқармасына, жетекшіге күнделікті мәселелерді шешуге кедергі жасайды. Жетекші жоғарғы органдардың тапсырмасын орындауға уақыт бөліп, жоспарлы жұмыстар мен жоспарлы тапсырмаларды орындауды кейінге қалдырады. Принцип ретінде жоспарлау әдісі нені қамтиды? Бұл төмендегі ойлап-толғанып жасалған операциялар жүйесі:
- жаңа әлеуметтік – экономикалық Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін құру, оның жоғары дамыған дүние жүзілік білім кеңістігіне ену жағдайында тәрбиеленушінің жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту бойынша қызметін бағалау және ұғыну;
- тәрбиеленушінің психологиялық қасиеттерін кемелдендіруге және дамытуға қызмет жасаған әріптестердің еңбектерін бағалау және ұғыну. Жұмыстағы әріптестерімен әңгімелесу арқылы анықтамалар жинау, сабақтан тыс, соның ішінде, жиналған ақпараттарды қорытындылау және продуктивті ойлау дұмысы негізінде пайда болған рационалдық қосымшаларды стратегиялық және тактикалық жоспарлауға еңгізу сабақтарына қатысу;
- Стратегиялық және тактикалық жоспарлауды өзара үйлестіру, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің мәнін анықтау. Стратегиялық жоспарлауда жеткілікті үлкен уақыт мерзіміне, тіпті түлектің мектепті тәмамдаудың ақырғы күндеріне дейінгі мерзімге жасалған болжамды қорытындыны белгілеу өте маңызды, және оның жеке қасиеттерінің қандай көлемге дейін қалыптасқандығын белгілеу қажет. Бұл жерде көбіне эмоционалдық – жігерлі - әлеуметтік – маңызды – тапқырлық, ойы мен ісінің белсенділігі, ұстамдылық, мінезінің тұрақтылығы және т.б. қасиеттеріне көп назар аудару керек.
Бұдан кейін тәрбиеленушінің ой өрісін дамытуды, оның шығармашылық потенциялын және оның ойлау, сөйлеу, қабылдау, назар аудару, еске сақтау сияқты когнитивтік қабілеттерін жалпы креативтік жолмен дамытуды қалыптастыру, жоспарлау қажет.
Ары қарай, тәрбиеленушінің күрделі әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі ұстай алу, тапқырлық таныту қасиеттерін қалыптастыру және дамыту. Мектепті бітірген соң тәрбиеленуші әке мен шеше арасындағы қатынасты ғылыми негізде сауатты дамытып және кемелдендіре алады. Туыстарының мінез ерекшеліктерінің кепілдемелерін психологиялық сауатты түрде өңдей алады, когнитивті қасиеттерді дамыту жүйесін кемелдендіре алады, кенеттен науқастанып қалған мұғалімді алмастырып, сабақтарды және оқудан тыс сабақтарды жеткілікті ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізе алады.
Стратегиялық (перспективалық) жоспарлау түрлерінің бірі мынау болуы мүмкін:
2008-2009 оқу жылының 11 сынып (мектеп бітіруші) оқушылары (бүгінгі 9 сынып, 2006-2007 оқу жылында) ұжымының даму стратегиясы.
Жоспарланған істер:
1 мектеп түлегінің өзінің болашақ мамандығын және өзінің интеллектуалды – ұйымдастырушылық, мінезінің креативтік қасиеттерін қорғауы. (Сыныптың ісіне мектептің көрші сыныптарының, басқа мектептерден түлектер, пәндік мұғалімдер шақырылды);
2) тәжірибелік қызметті иммитациялау (іскерлік ойын);
3) Ми “шабуылы” (күрделі әлеуметтік және тәжірибелік проблемаларды шешу) және т.б. Оннан астам өзекті жұмыстарды жопарлауды ұсынуға болмайды.
Ары қарай жоспарда мына беттің сол жақ жартысында сынып ұжымының және педагогтың тәжірибелік қызметінің мақсаты мен жобалы уақыты, ал оң жақ бөлігінде болжамдық қорытындылар көрсетілген. Мұның арасында мынадай болуы мүмкін: талант компоненттерін (қабілеттер, дарындылық) анықтау және дамыту, лицейлердің, колледждердің, жоғарғы оқу орындарының, өндіріс орындарының басшылығының арасындағы байланыстарды қалыптастыру,
Стратегиялық жоспар әр 9 сынып оқушысына: оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту стимулы бар, ал қорытындысында, табиғи болмысы және өз тілегі бойынша мамандық алу мүмкіндігі мәлім.
Педагогтың мақсаты – мектептен қоғамдық және мемлекеттік сұраныстарды қанағатттандыратын, бойында педагогикалық сауаттылығы жоғары, дені сау, инновациялы, тапқырлық, қасиеттері бар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген инновациялық тұлғалар шығару.
Тактикалық жоспарлау стратегиялық жоспарлаудан ойларды “бөліп алып” және бір оқу жылын қамтиды. Сонымен қатар, екінші жарты жылдық стратегиялық дамуға жақын түсіп, ал бірінші жарты жылдық айлармен жоспарланады. Жұмысын жаңа бастап жатқан педагогке жоспарды толық және апталап жасауды ұсынамыз, сонымен, оқушылардың қатысуы жоспарды нақтыландырады.
Тактикалық жоспарлаудың мынадай түрлерін ұсынуға болады: айлар мен күндер, мақсат пен ұйымдастырушылық формалар, нақтылы істер мен күтілетін қорытынды (әрине күтілетін қорытынды графасында тек сыртқы көрсеткіштер байқалады, өйткені, жоспарды дайындауда оқушылар өздері қатысады, ал оларға әлі көздеген мақсатқа жету процесінде қандай ішкі қасиеттер қалыптасатынын сараптап түсіну қиын).
Тағы да қосарымыз, барлығын еске сақтау мүмкін болмағандықтан педагогта қиын оқушылармен және олардың ата-аналарымен, микротоптармен жұмыс жасау жүйесі көрсетілген өзінің жеке “құпиялы” жоспары болу керек.
Келесі кешендік принцип - өзінің педагогикалық іс-әрекеттерін мөлшерлеу, есептеу және мониторинг жүргізу. Жоғарыда атап өткендей Қазақстан Республикасының білім жөніндегі заңына сүйене отырып, оларды қосымша деп атауға болады..
Еңбекті мөлшерлеу бір жағынан нормативтік құжаттармен және әр оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларымен, жалпы мектептік құжаттар – мектеп жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерімен, жалпы мектептік жоспармен, оқу жүктемесін бөліу жөнінде мектеп директорының бұйрығымен және т.б. анықталады. Басқа жағынан, пән мұғалімі психоло-педагогикалық іс-әрекетінің уақытын, жеке дифференцияланған қызметін, қиын балалар мен жеке ата-аналарды қайта тәрбиелеу жұмысын өзінің жеке жоспарында белгілей отырып, сынып ұжымының мүмкіндіктерін, дарынды және қабілетті оқушылардың дидактикалық мүмкіндіктерін және тағы басқа мәселелерді ескерген жөн.
Осы принципте педагогтың жасаған жұмыстарының жыл бойғы қорытындысы мен есебі үлкен рөл атқарады. Әдетте пән мұғалімдері мен жетекшілер білімнің жылдық есебі қатарына формальдік іс ретінде қарайды.
Жылдық есеп беру – бұл өзінің пәні арқылы тұтас ұжымның немесе жеке тұлғаның даму қорытындысымен ілескен мониторингтың құжат түрінде көрсетілген жүйесі. Бұл педагогикалық еңбекті кемелдендірудегі ойластырылған кепілдемелер мен қорытындылар. Жетекшілер үшін бұл- өзінің ұйымдастыру-басқару жұмыстарын талдауда, білім беруді ұйымдастыруды дамыту стратегиясын анықтауда, ЖОО, колледждер, лицейлар сияқты басқа да оқу орындарымен мектепаралық байланыстың тиімді жүйесін құруда баға жетпес материал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |