Тақырыбы: Ғылыми зерттеу парадигмасы туралы ұғым
Қазіргі заманғы табиғаттанудың негізгі парадигмалары. Табиғаттану парадигмаларының жетістіктері мен кемшіліктері. Гуманитарлы парадигмаларының жетістіктері мен кемшіліктері. Ғылыми зерттеуді құрудағы интегративті-электикалық бағыт.
Парадигма — қазіргі тандағы ғылым методологиясындағы негізгі үғымдардың бірі. Ол білімнің қандай да бір саласының ғылыми пайымдалуының даму сатысын белгілейді және оларға тән ерекшеліктерді көрсетеді, білім дамуының сатысындағы ғылыми бейнелеудің объектісін зерттеу әдістемесінің өзіндік сипатын анықтайды. Ғылымның парадигмалық мәселесі ғылыми білімдердің өз дамуында салыстырмалы дербестікке ие екендігін бейнелейді, өйткені таным процесінде рационалды дәлелденген жүйе ретіндегі ғылыми дәстүр пайда болып дамиды. Осы дәстүр ғалымдардың ғылыми іс-әрекеттерінің базалық негізін құрып, оларға өздерінің дербес ғылыми инструментарийін жасауға көмектеседі. Шынайы ғылыми тұрғыда дүниені қабылдаудың нәтижесінде ғылыми танымның осы сатысында дүниенің ғылыми бейнесі қалыптасады. Өте тар мағынада, парадигма — ғылыми проблемалар мен оны зерттеу мөселесінің қойылуы мен қалыптасуының логикалық моделі. Парадигма ұғымының құрылымы келесі қағидаларды қамтиды:
1. Ғалымдардың қазіргі бірлестігіне тән ғылыми принциптердің, сенімдердің, қүндылықтардың жиынтығы, осының негізінде ғалымдар өздерінің зерттеу объектісінің ғылыми картинасын, яғни ғылым пөнін жасайды.
2. Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын "пәндік матрица"деп аталатын техникалық тәсілдер, ғылыми инструментарийлер жүйесі және мұны игеру мен пайдалану нәтижесінде бірін-бірі түсінетін ғалымдардың бірлестігі жасақталынады.
Ғылыми білімнің деңгейлері және олардың қатынастары.
Ғылыми білім екі негізгі өзара байланысқан, бірақ сапасы жағынан әртүрлі деңгейден тұрады – эмпирикалық және теориялық. Олардың әрқайсысы белгілі қызмет атқарады және зерттеудің арнайы әдістерін қарастырады.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Эмпирикалық әдістің негізгі бірнеше түрлер бар: бақылау, эксперимент, өлшеу, сипаттау, салыстыру.
Осындай әдістер нәтижесінде алынған ақпарат статистикалық өңдеуге ұшйрайды.
Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері.:
Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б.
Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.
Дәріптеушілік – (идеализациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді.
Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикальщ деректер қортыңдыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді
Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет
Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Дәріс №5
Тақырыбы: Психологиялық зерттеудегі эксперименттік әдістің мәні
Психологияда эксперименттік әдісті қолданудың тарихи алғы шарттары. Эксперимент және ғылыми психологияның қалыптасуы. В.Вундтпен жасалған эксперименттік әдістің критерийлері. Эмпирикалық психологиялық зерттеулердегі объективті әдістің құрылу мәселесі (Г.Эббенгауз). Бірінші эксперименттік зерттеу (С. Холл, Д. Кеттелл, П. Жане, А. Бине және т.б.).
Зерттеуді жоспарлай отырып, оны жете түсіне білу керек, барлық экперименттік жағдайды толығымен, жұмыс рәсімін, зерттелетін затпен өзара әсерлесу процессін толықтау ойластыру керек.
Нұсқауды әзірлеу.
Нұсқаулықта әрбір сөз мұқият ойласытрылу керек. Мүмкіндігінше сауалнама мәтініндегідей онда ұзақ сөйлемдер болмау керек. И.А.Бутенконың пікірінше, сауалнамадағы сөйлемдер 11 сөзден аспау керек.
Негізгі эксперимент баталғанға дейін құрастырылған нұсқаулықты оның түсініктілігіне сынақтан өткізіп көру керек. Шкала түрін таңдау мен шкаладағы градация санын таңдауда зерттеу нәтижелеріне сүйену керек.
Экспериментальды рәсімді талқылау.
Мақсатты ттүрле бірнеше сынақ тәжірибелерін жүргізу керек. Экспериментті ойша моделдеуде барлық бөліктерін ескеруге мүмкін болмайды. Әрбір зерттелетін объектімен эксперименттік рәсімді бірдей жүргізу – дәл және сенімді психологиядық өлшеулер жүргізуге қажетті компонент болып табылады.
Экперимент рәсімі.
Экспериментті барлық зерттелетін объектіге ретімен жүргізу керек. Егер экперимент реті көп болса, олардың реттілігі тізімі қолда болу керек.
Экперимент хаттамасы.
Көптеген эксперименттік жағдайларға мынадай хаттама формасы келеді:
Эксперимент хаттамасы
(әдіснаманың, сынақтың атауы...)
Серияның атауы
(егер бірнеше серия жүргізілсе)
Сынақ номері
|
Зерттелген үлгінің көрсеткіші
|
Уақыт (сек)
|
Стандарт бойыша баға
|
Ескерту
|
Хаттама формасын әзірлегенде эксперименттік рәсімнің ерекшеліктерін есепке алу керек және нәтижелердің қарапайымдылығы мен өңдеуге қолайлылығын есепке алу керек. Мәліметтерді қолмен өңдеуде қаншалықты аз операциялар болса, қателер мен ауытқулар ықтималдығы соншалықты аз болады. Өңдеудңғ ең жақсы формасы қазіргі уақытта мәліметтерді бірден хаттамадан электрондық кестеге компьютерде жасалған мәліметтер базасын басқару жүйесіне енгізу болып табылады. Хаттамаға шақпақтарға сызылған А4 форматындағы қағаздар ыңғайлы. Бұл жазбалардың біркелкі масштабын қамтамасыз етеді және кестелерді сызуды жеңілдетеді. Жазбаны қағаздың бір бетіне жазу керек, ол нәтижелерді келесі енгізгенде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Эксперимент барысында хаттаманы толтыру алгоритмі алдын ала ойластырылу керек. Әрбір көрсеткіштің жазу формасын ойластыру және ол үшін хаттамада белгілі тұрақты орынның болуы өте маңызды.
Дәріс №6
Тақырыбы: Эксперимент ұғымы және оның бақылаудан айырмашылығы
Психологиялық эксперимент түрлері: лабораториялық (классикалық, психометрия), табиғи, психоло-педагогикалық (констатациялық, қалыптастырушы). Эксперимент айнымалыларды манипуляциялаушы ретінде (Д. Кэмпбэлл). Эксперименттік психологиялық зерттеу белгілері (Р.С. Немов)
Эксперимент (ғылыми тәжірибе). Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.
Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі.
Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А.Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.
Эксперимент ол бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай - сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген эксперимент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлікген топтардын дұрыс жауаптарының санына қарай шығарылады.
Эксперимент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады, көрінеді, бағаланады. Эксперименттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі. Эксперимент лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.
Лабораториялық эксперимент зерттелінетін құбылыстардың тереңірек бағалау үшін жасанды жағдаяттар әзірлейді.
Табиғи эксперимент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Экспериментатор эксперимент барысында араласпайды, оның өтілу барысын сол қалпында белгілейді. Табиғи экспериментті алғаш қолдануға енгізген орыс ғалымы А.Ф. Лазурский болды. Табиғи эксперимент нәтижесі кейде қатаң бақылау болмағандықтан, толық болмауы мүмкін.
Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті жеке әдіс деп қарастыруға болады. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кезде пайдаланған тиімді. Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсыз да жүргізілуі мүмкін. Үлгілеу: техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық т.б. болып бөлінеді.
Зерттеу кезінде объектілерді іріктеуде жіктемелердің маңызы өте кең. Критерии негізгі сапалар жиынтығын анықтап, оны белгілі бір класқа байланыстығын анықтайды. Пирьов осындай бірнеше дербес әдістерді атады.
Лабораториялық эксперименттің кемшілігі: нәтижені табиғи жағдайда үйлестірудегі қиыншылық. Табиғи экспериментті А.Ф.Лазурский еңгізді. А.Ф.Лазурский бойынша табиғи экспериментті қолдану сыналушының индивидуалды және типтік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Эксперименталды зерттеуде констатациялау және қалыптастыру болады. Констатациялау экспериментінде психологиялық құбылыстың немесе сапаның болу деңгейін анықтауға бағытталған. Шетелде констатациялық зерттеуге оқытуды тепе-теңдікте қарастырады. Оқытушы эксперимент әдісі сыналушының нәтижелерін салыстыру арқылы жүзеге асады. Қалыптастыру эксперименті Л.С. Выготский есімімен байланысты. Қалыптастыру (немесе эксперименталды-генетикалық, генетикалық-модельдеу) Эксперименті психикалық даму үрдісін жасанды қайта жасауда тұрады. Мақсаты- психикалық жаңа құрылымның пайда болу заңдылығы мен шартын зерттеу. Сыналушының алдына қалыптастыруға арналған жаңа мақсат қойылады.
Дәріс №7
Тақырыбы: Психологиялық экспериментті ұйымдастыру
Ғылыми психологиялық зерттеу психологиясының мәселесі ұғымы. Жіктелген ғылыми мәселе кезеңдері (В.Н. Дружинин). Зерттеу объектісі мен пәні ұғымы. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері ұғымы
Психологиялық зерттеу жұмысы арнайы ұйымдастырылған эксперимент ұғымымен тікелей байланысты. Себебі кез келген психологиялық зерттеу эксперименттің көрсеткіштері мен қорытындысынсыз ешқандай нақты дәйектер бермейді. Олай болса, эксперимент – «тәжірибе» деген мағынамен сипатталып, ежелден қалыптасқан ғылыми зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Ал психологиялық эксперимент – зерттеуші мен зерттелінушілер арасындағы жоспарлы ұйымдастырылған іс–әрекет түрі. Ол теориялық талдаулар негізінде ғылыми болжамды тексеруге бағытталады. Сонымен біздің зерттеу жұмысымызда тұлғаның кәсіби мамандануын, яғни шығармашылық белсенділігін тәжірибелік сынақтан өткізу мақсаты қойылған.
Адам шығармашылыққа қабілетті. Шығармашылық бұл процесс, қазіргі уақыттың категорияларын бірнеше жолмен қарастыруға болады, өтіп кеткен осы процестің өзінің негізі тұлға жасау, оның қасиеттері мен қабілеттіліктері, мұның өзі нағыз процесс ал келешекке бұл шығармашылық өнім. Сонымен қатар, жалпылауда, шығармашылық фактісінің үстіңгі талдауын, психологиядағы бүтін бағыттың негізі, креативтіліктің астарында деп белгілейді.
Адамның белсенділігі өзара әрекеттесудің ішкі формасы және олардың сыртқа көріну формасы ретінде байқалады. Оны бір жағына «өзіне» деген ерекше қабілет ретінде сипаттауға болса, екінші жағынан түрлі өзара қатынаста көрінетін қасиет ретінде бағалауға болады. Белсенділік мәселесіне жалпы сипаттама беретін болсақ, бір жағынан, оны іс-әрекет өлшемі ретінде процестің өтілу деңгейі және жалпы арақатынасы, екіншіден – субьектілердің өзара әрекеттестікке потенциалды мүмкіндігі. Басқа сөзбен айтқанда кез-келген өзара әрекетке немесе процестің жүру деңгейіне оның бағасы, сапалық және сандық сипаттамасы, сонымен қатар субьектінің өзара әрекетке потенциалды мүмкіндік бағасы.
Сонымен адамның шығармашылық белсенділігінің жалпы және мәнді белгілерін қосу арқылы, ол өзіне, біріншіден кез келген өзара әрекет, екіншіден, процестің интенсивті жүру деңгейінің сапалық және сандық сипаттамасы; үшіншіден, субьектінің сырттан тыс жанама ішкі қарама–қайшылықтарының бастауларында болатын кез-келген процесс немесе өзара әрекеттің негізі туралы түсінік.
Біздің зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімінде 37-ден (N=37) астам зерттелушінің өлшеу қорытындысы талқыланды. Барлық алғашқы мәліметтер бойынша сыналушылардың ұқсас көрсеткіштерінің нәтижесі топтастырылды. Барлық сыналушыларды біз екі топқа іріктедік. Олар 20 бақылау тобы болса, 17 тәжірибе тобы болды.
Біздің нәтижеміз бойынша зерттеудегі адамның индивидуалды белсенділігін келесі негізгі теориялық түсініктерден көруімізге болады:
а) адамның белсенділігі индивидтің тұрақты қасиетіне тән қарастырылған, іс-әрекет пен мінез-құлық қарқынды жүзеге асырылуда жоғары деңгейді көрсетті, бағыттылығы, беріктілігі мен әртүрлілігі немесе оның қатынас әрекеті, адамның нақты ішкі тілегінен туындайды;
ә) Адам белсенділігінің қажеттілігі шамаланған таным жиынтығының белгілі сандық көрсеткіші және іс–әрекет пен мінез–құлықтың нақты актілерін ұйымдастыру тәсілдері ішкі механизмдер мен индивидуалды ерекшеліктерді табу болып табылады;
б) Адам белсенділігін нақты көрсету үшін өзін негізге алады. Осы негіздемелерді оқу түсінудің мүмкіндіктерін көрсетеді, неге мұндай, оның қарқындау шегі адамның мінез –құлқы және іс –әрекетін басқаша жүзеге асыру емес іс жүзінде жүзеге асыруына ынталандырады және көлемін кеңейтеді;
в) Адам белсенділігінің қозғалмалы күші соңы емес оның ішкі немесе сыртқы факторлары болады, мұндағы қарсы шығу, осы немесе ондағы іс– әрекеттердің кейбір қарама–қайшылықтары арқылы жүзеге асырылады;
г) Басқаша қарым–қатынастың белсенділігі екі қарым–қатынасты қосқанда мүмкіндігінше көріну белсенділікті есепке алу жинақтауда нақты көрсетуі қаншалықты көрсете алмауы адам белсенділігін зерттеуді болжайды;
д) Бірліктерді талдау сапасында индивидуальды адам белсенділігінің көрінуі әрекеттестік актілері нақты қызмет ете алады және адам мінез–құлқындағы оның түсінушілік жүйесі, қоса алғанда өзіндік мотивациялық ой операциясының динамикалық және тиімділік қорытынды компоненттері болып табылады.
Біздің зерттеу жұмысымызға таңдалып алынған осы жастағы тұлғалардың шығармашылық белсенділігін зерттеуге іріктелген әдістемелер төмендегі міндеттерді шешуге бағытталды:
– біріншіден, тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық бағдарланған, ол тұлғалық дамуына, жалпы қалыптасатын қабілеттеріне, интеллектуалды потенциалына ықпал ететін танымдық процестерге бағытталатын, өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын, пайдалы ақпараттар арқылы қызықтырылуы тиіс;
– екіншіден, олардың тіршілігі үшін мәнді, көп уақытты қажет етпейтін, сонымен қатар олардың басқалардан құпия жақтарын сақтайтын әдістер тобы;
– үшіншіден, түрлі әдістеме арқылы тұлға еш қиындықсыз өз бетінше және қызығушылықпен орындай алуына жағдай жасау.
Олай болса, зерттеудің болжамын дәйектеу мен ұйымдастыру барысында зерттеу мәселесіне байланысты айқындалған эмпирикалық міндеттері мыналар:
– зерттеудің негізгі әдістерін іріктеу, талдау;
– негізгі зерттеу әдістерінің өлшемдерін өңдеу, айқындау;
– Тұлғаның шығармашылық белсенділігін анықтайтын параметрлері негізінде оның даму деңгейін анықтау.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік міндеттері: алынған нәтижелер негізінде тұлғаның шығармашылық белсенділігін әлеуметтік психологиялық тренинг ықпалына арналған арнайы бағдарлама құрастыру, оны өңдеу және тиімділігін бағалау.
Дәріс №8
Тақырыбы: Психологиялық эксперименттегі айнымалылар және оны өлшеу
Психологиядағы өлшеу ұғымы. С.С. Паповян бойынша психологиялық өлшеулің жіктемесі. Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар. Айнымалылар арасындағы қатынас.
Өлшеу жеке өзі зерттеу әдісі тәжірибенің бір бөлігі ретінде қолдануы мүмкін. Субъектінің іс әрекетін жеке айырмашылықты таңдап алу үшін өлшем жеке әдіс ретінде пайдаланады. Тәжірибе контекстіне зерттеу объектінің көңіл күйін тіркейтін әдіс ретінде қосылып, өзгеріп отырады.
Өлшеу теориясының негізінде психологиялық тестер құрылады. Тест-психологиялық өлшемнің уақытпен қысқартылған, өте жай түрде жасалған, практикалық есептің шешуіне арналған жұмыс. Психологиялық өлшемнің мәні қандай? Психологияда психологиялық өлшемнің үш негізгі жұмысын анықтайды. Айырмашылық негізі болып, өлшем объектісі болады. Біріншіден, психолог бір адамның екінші адамнан айырмашылығың іс әрекетінің ерекшеліктерін өлшей алады, зерттеуге алынғанның психологиялық өлшемі болып табылады. Екіншіден, зерттеуші зерттелетін өлшем ретінде объектінің сыртқы бейнесін бағалайды. Бұл жұмыс көбінесе стимулды өлшем болып табылады. Үшіншіден, стимул мен адамдар ісінің қосылған өлшемі.
Бұл кезде стимул мен адамдар бір осьте жайғасады. Психологиялық өлшем психологиялық тәжірибеден айырмашылығы аз сияқты. Бірақ психологиялық тәжірибе жүргізгенде бізді себеп байланысы қызықтырса, психологиялық өлшемнің нәтижесі зерттеушінің бір класқа бөлінуі болып табылады. Психологиялық өлшемді жүргізетін зерттеуші емес, психологиялық тәжірибенің барысында зерттеуші өткізеді, өлшем приборының ролін зерттеуші атқарады. Психологиялық өлшемнің жұмысы бірнеше бөліктерден тұрады. Психологиялық өлшем негізі болып математикалық өлшем теориясы есептеледі. Қазіргі кезде-математикалық психологияның үлкен бөлімі. Математикалық көзқараста белгіленген көптеген объект пен символ (сан) бір-бірімен қарым-қатынасы беріледі. Символ (сан) анық бір ережелермен заттарға жазылады. Осы ережелер өлшем шкаласын анықтайды. Шкала (латын сөзі-саты) тура мағынада өлшем приборы дегенді білдіреді.Қазіргі кезде өлшем деген әрбір функцияның конструкциясын түсінік ретінде қолданады. Негізгі бірнеше шкала типтері бар: атау, рет, интервал, қатынас.
2. Психологияда көптеген нақтылы өлшем әдістемелері қолданады. Әртүрлі негіздемеде психологиялық өлшем мынадай классификацияға бөлінеді:
1. берілген өндірілмеген жиын жұмысы;
2. өлшем заты;
3. шкала түрі;
4. шкала материалының типі;
5. шкала моделі
6. өлшем саны
7. «жиын» күші
8. индивид жаубының типі
9.олар қандай детерминистік немесе сенімділік.
Тәжірибе өткізетін психолог үшін өлшем заты және берілген жиынтық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |