Тақырып: Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері
Жоспар:
1. Ғылыми зерттеу, оның стихиялық, эмпирикалық зерттеуден айырмашылығы.
2. Педагогикалық зерттеулердің деңгейлері: әдістемелік, шығармашылық, эмпирикалық.
Ғылым аймағындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу таным үрдерісінің ерекше формасы екені белгілі. Белгілі бір нысаны мақсаты зерттеуге бағытталады, оның барысында ғылым құралдары мен әдістері қолданылады. Нәтижесінде зерттеу нысаны туралы білім алынады.
Танымның тағы бір формасы – стихиялы-эмпирикалық. Педагогика танымының осы екі түрінің айырмашылығы нақтылы көрсетіле бермейді. Болашақ мұғалімдердің оның ерекшеліктерін білгендері жөн. Педагог-тәжірибеші алдына арнайы мақсат қоймай-ақ, ғылыми танымның құралдарын қолданбастан зерттеуші жағдайында болуы мүмкін. Осы тұрғыдан қарастырғанда ғылыми білімді тәжірибелік педагогикалық іс-әрекет процесінде алуға болатындығы алға тартылады. Бірақ бұл тұжырым дұрыс емес. Ғылыми танымдық іс-әректінен, таным құралдарынан, оның нысаны мен білімдерінен құрастырылады.
Стихиялы-эмперикалық білім әруақытта алғашқылардың қатарынан табылады. Стихиялы-эмперикалық білімнің көзі – адамдардың нысаны мен сан алуан тәжірибелік іс-әрекеттері. Адамдар өз тәжірибесі арқылы осы нысананың қасиеттерін біледі, онымен әрекет жасау жолдарын үйренеді. Стихиялы-эмперикалық білім адамдардың көп ғасырлық тәжірибесіне негіз- деледі. Педагогика саласында стихиялы-эмпирикалық білім көзі халықтық педагогикада ғасырлар бойы тәжірибеден өткен педагогикалық құндылық- тар қалдырады. Мысалы, мақал-мәтел, тәрбие ережелері т.б. оларда белгілі бір педагогикалық үдеріс барысында білімін толықтыра түседі.
Ғылымдағы танымдық іс-әрекетті арнайы дайындығы бар адамдар тобы жұзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу танымдық құралдар, ғылыми зерттеу әдістерін өмірге әкеледі және зерттеуде қолданылады, ал стихиялы-эмперикалық тан-ымда бұл көрінбейді. Мысалы, ғылыми-танымдық құралдарына модельдеу, теория жасау, болжау, эксперименттеу жатады.
Ғылыми танымның стихиялы-эмперикалық таным үдерісінен ерекшелігінің бірі тәжірибеде кездесетін мәселелерді ғана зерттеумен шектелмей, сонымен қатар, ғылым дамуы барысындағы анықталған мәселелерді де зерттейді. Сондай-ақ ғылыми білімді стихиялы-эмпирикалық білімнен ажырату мақсатында критеоийлер дайындалады. Стихиялы-эмпирикалық білімнен ажырату мақсатында критерийлер дайын-далады. Стихиялы-эмпирикалық таным әруақытта табиғи тілмен берілсе, ғылыми білі табиғи тілмен қатар арнайы символикалық және логикалық құралдарды пайдаланады.
Ғылыми танымның стихиялы-эмперикалық танымнан ерекше айырмашылығы оның жүйелі және мақсатты сипаты, мәселені шешуге бағытталуы.
2.2 Педагогикалық зерттеулердің деңгейлері әдістемелік, шығармашылық, эмперикалық болып үшке бөлінеді.
Әдістемелік – тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.
Әдістемелік белгілері:
Мақсатқа бағыттылығы;
Нақтылығы;
Анықтылығы;
Көлемінің шағындығы.
Әдістемелер машықтандыру (практикалық) жұмыстарға керекті әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар т.б. беруге бағытталған.
Әдістемелік зерттеу – зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге бағытталған.
Эмпирикалық – педагогика ғылымында жаңа деректер белгіленіп, соның негізінде заңдылықтар анықталады. Практикалық зерттеудің алынған педагогикалық деректерін жинақтау, таңдау, салыстыру, ойша талдау және жинақтау, сандық және сапалық тұрғыдан өңдеу.
Шығармашылық субъекті мәселені өзі талқылап, өзі шешеді. Мәселені шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылыс. Кейбір зерттеулер шығармашылық – интуитивтік процесс, екіншілер – алгоритм идеяалары, үшіншілері – эвристикалық көрініс ретінде түсіндіреді.
Интуиция – алдын ала сезу, әрекет нәтижесін білу, алған білімі мен тәжірибе негізінде жаңаны табу, шындықты білу қасиеті.
Интуиция;
Орасан зор білім қорының жиналуы;
Білімді меңгерудегі сезімдік «дайындығы»;
Стандартты емес тапсырмаларды шешу білігінің нәтижесі ретінде көрінеді.
Алгоритм – берілген мәлеметтерді пайдаланып көздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегін көрсететін ереже. Алгоритм ғылыми ізденісте статистикалық және динамикалық сипаттамаларды талдауда, модельдеуде, зерттеу пәні мен құбылыс жүйесі дұрыс бағалауда қолданылады.
Зерттеуші ғылыми ізденісте өзінің әрекетін жалпы эвристикалық ізденіс еережелерімен сәйкес құрып, мынадай элементтерді енгізді:
Педагогикалық жағдайға талдау (диагноз);
Бастапқы мәлеметтерді нәтижемен салыстыра отырып жобалау, болжау;
Оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру;
Алынған мәлеметтердібағалау;
Жаңа міндеттерді қалыптастыру.
Мұндай эврестикалық ойды қалыптастыру үшін ғылыми теориялар, идеялар мен ұстанымдар негізінде жасалатын соңғы ғылыми білім жүйесін игеруі тиіс.
В.Бурцеляның пікірінше, ғылыми-нәтижелі ізденіс мынадай белгілер бойынша сипатталады:
Ізденімпаздық, шағармашылық;
Болашақ мамандығына ғылыми тұрғыдан жақындығы;
Білімін тереңдетуге және жеке дамуына мән беру.
Ғылыми қызығушылық көбінесе ғылыми білікке құмарлық, ғылыми еңбектен қанағат алу немесе «жаңалық ашуға ұмтылуға» байланысты.
Шығармашылық тынымсыз ізденістің нәтижесі. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау процесіне қалыптасады.
Шығармашылық шаралар (процедура);
Бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға бейімдеу;
Таныс жағдайдағы мәселені көре білу;
Нысананың құрылымын анықтау;
Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу;
Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану;
Шығармашылық – адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты, белсенді іс-әрекеті.
2.3 Шартты түрде педагогикалық зерттеулерді төрт топқа бөлуге болады.
Олар іргелі, теориялық, қолтаңбалы, экспериментальды болып бөлінеді:
Іргелі зерттеу – оқыту мен тәрбие процесінің заңдылықтарын ашу, жаңа құбылыстарды зерттеу, жаңалық ашуға, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталады.
Іргелі зерттеулердің мақсатты педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық ақиқаттың терең де, тасада жатқан құпияларын, негіздерін табу, оған, ғылыми түсінік беру болып табылады. Осындай зерттеулердің нәтижесінде оқыту мен тәрбие теориясы, мазмұн теориясы, әдістер мен ұйымдастыру нысандарының теориясы және т.с.с құрылады.
Іргелі зерттеулердің тағы бір мақсаты – әлем туралы, оның мәңгілік элементтерімен бірге, жаңа білімді, рухани танымдық құндылықтар туралы жаңа ілімді алу.
Іргелі зерттеулердің құндылық өлшеуіштері – дәлдік, нақтылық, нақты бір білім жүйесіне сәйкестілік.
Іргелі зерттеулер табиғаттың жаңа іргелі заңдарын ашуға, табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға және құбылыстарды, процестерді, айғақтарды түсіндіруге бағытталды. Бұл жұмыстар негізінен академиялық институттарда және бас жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Іргелі зерттеулердің тікелей нәтижелері көбінесе абстрактілі сипатта болады, әйтсе де келешекте бұл зерттеулердің іс жүзінде қолданылуы көптеген жағдайларда экономикалық тиімділік беретінін атап өтуге болады. Іргелі зерттеулердің мысалдІргелі зерттеулердің мысалдары реары ретінде А.Эйнштейннің саластырмалылық теориясын немесе дифференциалдық және интегралдық есептеулер теориясын келтіруге болады.
Іргелі зерттеулІргелі зерттеулергерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір мақсат қоймайтын жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жатады. Олардың нәтижесі болжамдар, теориялар, әдістер, т.с.с іргелі зерттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар жасаумен аяақталынуы мүмкін.
Іргелі зерттеулердің нәтижелері тәжірибемен тікелей байланысты мәселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін теориялық негіздемелер құралады. Көбіне олар іргелі зерттеулерімен бір кешенде жүргізіледі және олардың нәтижелері іргелі еңбектерде олардың нәтижелері іргелі еңбектерде олардың қолданбалыбөлігі ретінде беріледі. Қолданбалы зерттеулер тәжірибенің нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған. Алайда мұндай зерттеулердің мәні іргелі зерттеулерден кем болмайды.
Іргелі зерттеулер әдетте абстрактылы сипатқа ие геопотетикалық теорилық схема құрудан басталады. Жекелеген теориялық ережелер тәжірибе арқылы тексеріледі. Осы негізде зерттеу объектісінің мәні туралы, ондағы қарым-қаныстар туралы теориялық түсінік алынады.
Бірақ зерттеудің түпкі мақсаты – нақты білім алу. Келесі кезең – бастапқы абстракцияны шынайы өмірге аудару және мән мен мағынаның осы шынайы өмірден нақты көрінісін аңғару. Бұл мәннен мазмұннан құбылысқа, абстарактылықтан нақтылыққа апарар жол. Мысалы, «сабақ беру», «оқыту» деген абстрактылы ұйымдарды бірдей ала отырып, біз педагогикалық шындықтағы оқу мен оқыту арасындағы қатынастардың өмір сүруінің нақты нысандарын тауып, сол арқылы нақты білім аламыз.
Теориялық зерттеу – бұрынғы деректерді түсіндіруге қажетті жалпы педагогикалық заңдылықтар анықталады.
Теория – ойлауда объективтік табиғи және әлеуметтік шындықты жүйелі және логикалық бірізді қайта жаңғырту. Теориялық объективтік шындықтың логикасы ұғымдар жүйесінің қатаң бірізділігінен туындайды. Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні теорияда ашылады. Білімдердің жиынтығы ретінде теорияны құру шындықтың қандай да бір болмысын, құбылыстарын зерттеу адамның теориялық іс-әрекетінің мазмұнынқұрайды.
Теория – идеялар, көзқарастар жүйесі, адамды қоршаған әлем және оның заңдылықтары ретінде көрініс беретін құбылыс.
Педагогикада теориялық зерттеулер мен оның әдістері ерекше орын алады. Теориялық зерттеулердің мәні, белгілі бір дүниетаным тұрғысынан алып қарағанда, эмперикалық және қорытылған материалды жүйеге келтіруде, талдауда және бағалауда болып табылады.
Теориялық зерттеулерде ең бастысы негізгі және қосымша деректерді нақтылайтын идеяларды табуға, дәлелдеуге үйретуболып есептеледі.
Қолтаңбалы зерттеу – заңдылықтарды пайдалану жолдарын табу. Мақсаты – іргелі зерттеу нәтижелеріндегі зерттеулердің қорытындысы негізінде алынған ғылыми білімдерді адам әрекетінде пайдаланудың жолын табу қарастырады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл жұмыстар педагогикалық үдерістің жеке жақтарын терең зерттеуге педагогикалық тәжірибенің жан-жақты заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Қолданбалы зерттеулер дегеніміз нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған маңызды жұмыстар. Қолданбалы зерттеу іргелі зерттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан мәселелерді шешудің жаңа әдістерін анықтайды.
Қолданбалы зерттеу мақсаты – рухани-танымдық емес, әлеуметтік тапсырысты орындайтын тәжірибелік нәтиже болып табылады. Қолданбалы зерттеулердің құндылық өлшеуіштері – өнім-нәтижесінің тұтынушылық сипаттамасы, технологиялық үдерістің технологиялық-экономикалық сипаттамалары.
Қолданбалы жұмыстар бұрыннан белгілі әдістерді елеулі түрде жетілдіруге немесе жаңа әдістер құруға тікелей бағытталады, бұл әдістер негізінде жаңа жабдықтар, машиналар, материалдардан тұрады.
Қолданбалы зерттеулердің барысы бұдан өзгеше болады. Қолданбалы зерттеудің іргелі зерттеуден айырмашылығы сол, мұнда теориялық негіздемелер зерттеушіге беріліп қойылатын. Ол зерттеушіні қолда бар теориялар арқылы педагогикалық тәжірибедегі жоюға тиісті кемшіліктерді (мысалы, белгілі бір мақсаттарды орындау үшін оқытудың қолда бар әдістерінің тиімділігінің жеткіліксіздігі) табуға және сипаттауға еліктіреді. Бұл зерттеудің басы. Бұдан кейін байқалған кемшіліктерді қалай жою керектігі жөнінде түсінік қалыптасады. Осы түсініктің қандай теориялық дәрежеде екендігіне байланысты оның жекеленген элементтерін тексеруге бағыттаған эксперимент жүргізуі мүмкін. Одан соң іс-әрекеттің жобасы (мысалы, оқыту тәсілдернің жүйесі) жасалады, және осы түпкі нәтиже тәжірибе жұмысының барысында тексеріледі. Бұдан кейін соңғы қорытындылар ұсынылады. Бір жағынан эксперимент, екінші жағынан тәжірибе жұмысы арасында айырмашылықтар болуы мүмкін, оны зерттеу жұмысының барысында ескеру қажет.
Философиялық тұрғыдан әдіснама таным және объективті шынайылықты өзгерту үрдісінің тәсілдері мен жолдары жөніндегі ғылым.
Педагогика ғылымындағы әдіснаманың алатын орны, атқаратын ролі ғылыми зерттеулерде ғана емес, практикалық деңгейде де күн санап өсіп келеді. Оның себептері:
Ғылымдарының арасындағы нақты шектің жойылуы, объективті әлемнің кешенді талдаулар арқылы өтуі, бір заттың бірнеше ғылымның зерттеу пәніне айналуы. Әдіснама зерттеулердің ғылыми тұтастығын, жүйелілігін, кәсіби бағытталуын анықтайды;
Ғылыми зерттеулердегі зерттеу объектісінің, пәнінің жаңа қырларының ашылуына байланысты әдіснама педагогиканың іргелі мәселелерін шешуге бағыттайды.
Әлеуметтендіру үрдісінің басымдылығына сай педагогиканың әдістемелік жүйелерін жетілдіру үшін әдіснама рөлінің ғылыми зерттеулер үшін де тәжірибелік әдістер үшін де қажеттігі артып отыр. Практикада қолданылып жүрген әр саласының әдіс-тәсілдерін педагогика талаптарына сай өңдеуден өткізу әдіснаманың 1-ші міндеті болса, ересектерге арналған көптеген тәсілдер мен әдістерді студенттің деңгейлеріне сай реттеу әдіснаманың екінші міндеті.
Ғылымның әдіснамасы – адамның әр түрлі теориялық және тәжірибелік әрекетін реттеудің, ұйымдастыру принциптерінің, жолдарының, ережелерінің жүйесі, жалпы осы жүйе туралы ілім.
Ғылыми білім эмпирикалық деректердің жай жиынтығы емес, сол деректерді теориялық негіздеу деп түсініледі.
Қазіргі ғылым тануда әдіснаманы ғылыми танымдық қызметтің нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды.
Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттерінің сипаттамасын – оның объектісін талдау пәнін, зерттеу міндеттерін, оны шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығын береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін, шешу үдерісіндегі қимыл-қозғалыстардың дәйектілігі туралы түсінікті қалыптастырады. Осыған байланысты педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және болмысты қайта құру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қараған жөн.
Ғылымның әдіснамасы – ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның құралдары мен әдістерін, білімді дамыту мен негіздеу тәсілдерін зерттейтін ғылымтану бөлімі. Әдіснамалық мәселелердің жүйеленген шешімі белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құрылатын әдіснамалық тұжырымдамада беріледі.
Ғылымның әдіснамасы дегеніміз ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.
Ал, ғылыми танымның әдіснамасы – ғылыми-зерттеу әрекетінің принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.
Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде, арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснамасының пәні болып педагогикалық құбылыстар мен оның нәтижесі педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу үдерісі екендігі анықталған.
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама қызметін атқаратын әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда, әдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогикалық категориялары,педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы-терминдік жүйесі жатады.
Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін жасау «білетін туралы білім» береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, «білетін туралы білім», яғни, педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр (В.Е.Гмурман, Г.В.Воробьев, В.И.Журавлев).
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәні, заңдылықтары, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасы, педагогикалық үдерісте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым, ұжымның тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.
Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пән аралық және ғылым аралық байланыстарын дифференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог-зерттеушілер мен практиктердің зерттеу үдерісін ұйымдастыруы оңтайлы шешілуі мүмкін.
Педагогика әдіснамасы дегеніміз не? Осыған тоқталайық.
Біріншіден, ол әрқашанда өзгеріп отыратын педагогикалық шығармашылықтың алынатын ғылыми білімдер әдістерін анықтайды (М.А.Данилов);
Екіншіден, ғылыми-зерттеу мақсатына жеткізетін бағыттар мен негізгі жолды анықтайды (П.В.Коппин);
Үшіншіден, зерттеліп жатқан процесс пен құбылыс туралы ақпараттың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (М.Н.Скаткин);
Төртіншіден, педагогика теориясының қорына жаңа ақпаратты енгізуге көмектеседі (Ф.Ф.Королев);
Бесіншіден, педагогика ғылымындағы түсініктер мен терминдерді түсіндіреді, жинақтап қорытындылайды және жүйелейді (В.Е.Гмурмин);
Алтыншы, ғылыми танымның обьективті және логикалық, аналитикалық құралдарына сүйенетін жүйелік ақпарат құрады (М.Н.Скаткин).
Педагогикалық әдіснама – жалпы әдіснама негізінде құрастырылған педагогикалық білім туралы, білім алу үдерісі мен оны іс-тәжірибеде қолдану туралы ілім.
Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттейді. Педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды жүйеге келтіреді.
Педагогикалық әдіснама (В.И.Журавлев) «Педагогикалық шындықты, ақиқатты тану мен қайта құрудың принциптерін, әдістері, нысандары мен рәсімдері туралы ілім». Әдіснаманы бұдан да кең мағынада нақты ғылымдағы танымның ғылыми әдістерінің жиынтығы немесе жалпы алғанда ғылыми әдіс туралы деп түсінеді.
«Әдіснаманың» осындай анықталған қызметтері бойынша, педагогиканың әдіснамасы – зерттеу әдіснамасының, мазмұнының, мақсатының концептуалды баяндалуы. Мұндай баяндамалар арқылы педагогикалық процестер мен құбылыстар туралы обьективті, дәл, жүйелік ақпарат алуға болады.
Әдіснама термині гректің «әдіс жөніндегі ілім» немесе «әдістер теориясы» деген мағынаны білдіреді. Әдіснама –кең мағынасында алдымен дүниетанымдық ұстанымдар, тар мағынасында ғылыми зерттеулердің әдістері жөніндегі ілім.
Әдіснаманың мәнін түсінуде ғалымдар оның негізгі қызметтеріне тоқталады:
Әдіснама – үнемі өзгеріс үстіндегі педагогикалық шынайылықты көрсететін ғылыми білімді алу тәсілдерін, нақты ғылыми-зерттеу мақсатына жету жолдарын анықтайды (Новиков А.М.), құбылысты немесе үрдісті оқу жөніндегі ақпараттарды алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (Данилов М. А., Скат- кин М.Н.). Әдіснама – (әдіс және логос) қызметтің логикалық ұйымдастырылуы, әдістері және құралдары, құрылымы жөніндегі ілім (Кеңестік энциклопедиялық сөздік).
Әдіснама – теориялық және практикалық қызметі ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдары жүйесі жөніндегі ілім (филосифиялық энциклопедия сөздігі).
Әдіснама – қандай да бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы; 2) теориялық (танымдық) және тәжірибелік-өзгертушілік әрекетті ұйымдастыру мен құру тәсілдері принциптерінің жүйесі. Әдіснаманың жалпы танымдық іс-әрекет процесін зерттейтін таным теориясынан ерекшелігі – ол шынайы және тәжірибелік тұрғыдан тиімді білімге жету әдістерімен жолдарына баса назар аударады. Егер теория таным процесінің нәтижесі болса, әдіснама осы білімге қол жеткізу мен оны құру тәсілі болып табылады.
Берілген анықтамалар педагогика әдіснамасы бұл зерттеудің әдістерін, мазмұнын, мақсатын мазмұндау тұжырымдамасы де -ген қорытындыға әкеледі (Құдайбергенова К.С.).
Әдіснама нақты ұйымдастыру, тәсілдер жиынтығын құрай -тын әдіс емес, әдіснама зерттелетін нысананың, пәннің нақты анықтамасы арқылы қойылған мәселеге қай қырынан, қай бұрышынан келу керектігін қарастырады.
Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылымилық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В. В. Краевски, В. А. Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.
Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылымынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады.
Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады.
Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез – келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайылықты көрсете - тін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралыбілім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмыстарының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.
Әдіснаманың технологиялық деңгейі (зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оның бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Чехтың педагог – зерттеушісі Яна Скалкова былай деп тұжырымдайды: «Педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негізі мен құрылымы туралы білім беру жүйесін ұсынады». Мұндай педагогика әдіснамасының ұсынысы толық бола алмайды. Мәнін ашып түсіндіру үшін педагогика әдіснамасының қандай қызмет атқаратынына көп көңіл бөлуіміз керек.
М. А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы мынадай: «Педагогика әдіснамасы дамып келе жатқан қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп отыратын педагогикалық ақиқатты дұрыс көрсететін педагогикалық теорияның бастапқы ережелері, оның негіздемесі мен құрылымы туралы, білім алудың тәсілдері мен әдістерінің принциптері туралы білімдер жүйесі». В.И. Загвязинский берген анықтама әдіснаманың қазіргі анықтамасына көбірек жуықтайды: «Педагогикалық әдіснама – ғылыми – техникалық зерттеудің бастапқы (басты) ережелер құрылымы, функциялары және әдістері туралы ілім».
Әдіснаманы түсіндірудің әр түрлі нұсқаларын талдай келіп А. М. Новиков былай деп жазды: «Әдіснама дегеніміз іс – әрекетті ұйымдастыру туралы ілім». Мұндай анықтама әдіснаманың пәнін іс – әрекетті ұйымдастыруды заңдастырады.
Іс – әрекетті ұйымдастыру дегеніміз оны логикалық құрылымының нақты белгіленген сипаттамаларымен және оны жүзеге асыру үдерісімен бірге тұтас жүйеге келтіру деген сөз.
Айтылғандарды жинақтай келе, классикаға айналған В. В. Краевскийдің әдіснамаға берген анықтамасымен «әдіснама – педагогикалық теория құрылымы амалдар ұстанымдары және педагогикалық шынайылықты бейнелейтін білімді іздеу тәсілдері, сол секілді қызмет жүйелері бойынша білім алу, бағдарламаларды,логиканы зерттеу жұмыстарының сапасын негіздеу жөніндегі білім жүйесі» қорытындылаймыз.
В.В. Краевский анықтамасында, педагогикалық теория жөніндегі білім жүйесімен қоса, зерттеушінің қызметтер жүйесін айқындайды. Демек, әдіснама ғылыми таным саласы ретінде білімдер жүйесі, ғылыми зерттеу қызметтер жүйесі деген екі бағытта қарастырылады. Яғыни, әдіснамалық зерттеу, әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
2.5 Әдіснамалық білім беру студенттердің оқу үдерісіндегі белсенді өзіндік іс-әрекет етуі үшін қажет құрал және шарт әрі алдағы кәсіби қызметінде жүзеге асыратын әрекеттің мақсаты мен нәтижесі.
Суденттердің оқу мен зерттеу үдерісіндегі саналы оқу әрекетінің шешуші әдістемесі ретінді қарастырылады. Оны игерген студент:
Өз іс-әрекетінің әдіс-тәсілдерін біледі;
Мақсаттарға, шарттарға және пәнгеи бара-бар әдісті таңдауды, модификациялауды, құрылымдауды және құрастыруды біледі;
Оны өзінің зерттеу ісіндегі белгілі мақсаттарға пайдалануға даяарлығы.
Әдіснамалық білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1.Әдіснамалық білім беру элементерін меңгеріп оларды тәжірибеде қолдану қажет.
2.Әдіснамалық білім беру үдерісін студенттердің ғылымды жұмыс құралы ретінде меңгеруімен, дамуымен және қолдануымен тығыз байланыстыру қажет.
3.Студенттерге оқу үдерісіндегі жүйелі әдіснамалық білім беру үшін ғылыми қызметтің негізгі түрлеріне және кәсіби іс-әрекетін одан әрі жетілдіруге бағытталған үнемі артып отыратын талаптар жүйесін дайындау қажет.
Әдіснамалық білім беру мәселелерін шешу үшін:
Студенттердің тарихи-диалектикалық әдістерді меңгеруге қызығушылығын ояату;
Студенттерді әр ғылымға тән жалпы және ерекше әдістерді меңгеруге және өзіндік ғылыми қызметінде оларды сабақтастыра қолдануға үйрету;
Әдіснамалық білім беруді жалпы тәрбие және білім беру үрдісіне бөлмей, шығармашыл тұрғыдан қалыптастырудың кең үдерісіне қосып қарастыру қажет.
Студенттердің белсенділігі мен дербестігін, сол сияақты ғылымға белсенді шығармашылық қатынасын арттыруға қажет басты жағдайлар:
Студенттердің ғылыми-әдіснамалық білімі;
Оқытушы мен студенттердің оқу мен ғылымда сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлесекен қызмет стилін қалыптастыру;
Студенттердің өзіндік оқуы мен ғылыми әрекетіне деген оң ынтасын (мотивациясын) арттыру.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білім құрылымын философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық деңгейлерге жіктейді.
Философиялық деңгей мазмұны әдіснаманың жалпы категориялық құрылысын және танымдық ұстанымдарын құрайды.
Философиялық білім жүйесінің барлығы әдіснамалық қызмет атқарады.
Жалпы ғылыми деңгей барлық ғылыми пәндерге тән теориялық тұжырымдарды біріктіреді.
Нақты ғылыми деңгей арнайы ғылыми пәндерге қатысты пайдалынылатын зерттеу ұстанымдарының, рәсімдерінің, әдістерінің жиынтығы.
Технологиялық деңгейді зерттеу техникасы мен әдістемесі құрайды.
Барлық деңгейлер өзара байланысты белгілі бір жүйеге бағындырылған.
Педагогикалық әдіснаманың жүзеге асыру аймығы:
1. Ғылыми-педагогикалық білімдер жүйесі
педагогиканың пәні, функциясы және міндеттері;
педагогиканың адам туралы ғылым жүйесіндегі орны;
педагогика пәндерінің жалпы және өзіне тән міндеттері;
педагогиканың терминологиялық жүйесі.
2.Педагогикалық құбылыстың ғылыми үрдісі
зерттеу әдістерін таңдау мәселелері;
зерттеу әдістерінің ерекшеліктері мен өзара байланыстылығы;
сандық және сапалық сипатының мазмұндық және формалық әдістерінің арақатынасы;
зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейі;
болжаудың әдіснамалық мәселелері.
3.Педагогикалық тәжірибе білімнің жүзеге асыру аймағы ретінде
Тәрбие үрдісінің мәнін, заңдылық, заңдарынзерттеу;
тәрбиенің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын анықтау;
жеке тұлғаны қалыптастыру шарттары (факторлар) зерттеу және салыстыру;
тәрбие үрдісінің қағидаларын, формасын, әдістерін, ұйымдастыру құралдарын жүзеге асыру әдістемесі.
Кез-келген педагогикалық зерттеулерден мынадай әдіснаманың негізгі белгілерін бөліп көрсетуге болады:
- біріншіден, ғылымның даму деңгейін ескеріп, тәжірибе қажеттілігі, ғалымның және ғылыми ұжымның өзекті және шын әлеуметтік мүмкіндіктерін зерттеу мақсатын анықтау;
- екіншіден, зерттеудегі барлық ішкі және сыртқы, даму және өзіндік даму үдерісін зерттеу.
Мысалға, тәрбие – ол қоғам, мектеп, жанұя және бала психологиясы мен бірге дамитын құбылыс; бала – ол өзіндік таным мен дамытуға сай өзгере алатын дамушы жүйе, педагог әрқашанда өзгеретін, дамитын маман, ол өзінің шығармашылыққа қойған мақсаттары арқылы өзгереді;
Достарыңызбен бөлісу: |