ПоәК 042-18. 31 55/03-2014 Баспа №1 11. 06. 2015 ж


Тақырып: Педагогикалық эксперимент және оның түрлері, өткізу әдістемесі



жүктеу 1,55 Mb.
бет5/9
Дата11.12.2017
өлшемі1,55 Mb.
#3939
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырып: Педагогикалық эксперимент және оның түрлері, өткізу әдістемесі.
Жоспар:

1. Педагогикалық эксперимент туралы жалпы түсінік.

2. Зертханалық эксперимент және оны жүргізу әдістемесі.

3. Табиғи эксперимент және оны жүргізу әдістемесі.


Педагогикалық эксперимент – алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс – тәсілдерін, формалары мен мазмұнын көрсетеді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеудің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжерлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теорялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.

Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін асихикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғаға заңдылықтарды ашу, аса қолайлы жағдайлар кешенін бөліу мақсатында жрспарлы түрде ықпал етеді. Бұл әдіс негізінен, педагогика саласындағы ғылыми жұмыста қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады. Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі физикалық приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнай жабдықталған орынжайларда /жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда/ жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейненлесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің педагогикалық проблемаларын шешуге сирек қолданылады. Экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу керек, эксперименттік топ және бақылау тобы. Дегенмен басқа әдістен өзгешедегі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге мүмкіндік береді.



Табиғи эксперимент ойын, оқу немесе еңбек ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекетінің табиғи жағдайларында тұрған балалардың психикалық зерттеу жүргізілуін білмеуімен ерекшеленеді. Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да өзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бөлігін қосады, оның нәтижелерін сандық өңдеуге салу күрделі болады. Бірақ бұл жерде эмоционалды ынта-зейіннің теріс әсері мен жауапты реакцияның ниеттілігі жоқ. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда, зерттеушілер рөлін атқарып, бақылау жасырын жүргізіледі.

Модельдеуші эксперимент психикалық құбылыстарды модельдеу арқылы түсіндіріледі. Экспериментті жағдайда бала өзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан өндіреді /модельдейді/. Эмоциональдық немесе эстетикалық әсерленушлік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында зерттеушілер сондай-ақ аталған процесте ас қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады.

Эксперимен ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.


Қолдынылған әдебиеттер тізімі:

1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.

2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.

3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.

4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.

5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.

6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.

Тақырып: Ғылыми зерттеу жұмысының түрлері.
Жоспар:

1. Реферат жазу әдістемесі.

2. Ғылыми мақала, есеп және баяндама жазу әдістемесі.
Бүгінгі қоғамға өздігімен дамитын, кәсіби біліктілігін және әрекетін үнемі жетілдіретін маман қажет. Өзінің қызметін адекватно «барабар» орындайтын, жоғары алғырлық, әлеуметтік кәсіби білімді тез меңгеруге икемді, біліктілігі мен дағды шеңберін кеңейте алатын, әрекетінің жаңа аймағын меңгере алатын болады. Осындай үздіксіз өздігімен білім алу үрдісіне педагогикалық зерттеу жатады.

Зерттеу әдебиеттен басталып, библиография құрастырады.Ceбeбi әpбip зерттеуші зерттеу жұмысына байланысты жетекші педагогикалық тұжырымды және теорияны анықтап алуы керек. Студент ең басты негігі әдебиеттерді кейін қосымша әдебиеттерді жинақтайды.

Әдебиетпен жұмыс жасаудың екі кезеңі бар. Бірінші кезеңінде зерттелетін мәселенің тарихи қалыптасуын зерттеу. Мәселен, дамуының кезеңгі кезендерін сипаттау; Heгігі бағыттарын көрсету. Екінші кезеңінде зерттелетін мәселенің шешілмеген, зерттелмеген қандай мәселе қалды, бұрыңғылар қандай қор қосты,олардың әдістемесі, дұрыстығы, қорытындылары мен ұсыныстарының мән iтуралы айтылады. Зерттеуші өзі үшін нақты зерттеу жұмысының әдіснамалық базасын жасап алу керек.

Педагогикалық зерттеу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек:

- Негізгі ғылыми ұғымдарды біліп және түсінігі болуы.

- Терминологияларды пайдаланып, фактілерді және құбылыстарды сипаттама бере алуы.

- Heгізі белгілері бойынша бip-бipiне жақын фактілерді іріктеу.

- Фактілер мен құбылыстарды талдап, саралап бере алуды үйрену,

- Ұғымдарды дәл анықтау, ал ұғым ғылыми танымның жоғары сатысы болғандықтан ғылымның жеткен деңгейін тізеді.

- Әртүрлі ғылыми зерттеудің нәтижелеріне сай дәлелдеулер беруді ескерту қажет.

Әдеби материалдармен жұмыс істеу библиография құрастыру, аннотациялау, реферат жазу, конспектілеу, деректер мен цитаталар көшіріп алу сияқты жалпы ғылыми жұмыстың түрлерін орындауда қолданылады. Әлеуметтік қоғамдық өзгерістердің тез жүруіне байланысты соңғы шыққан әдебиеттерді қолданған жөн. Студенттерге әдебиеттің екі түрі: негізгі әдебиеттер және қосымша әдебиеттер таңдау ұсынылады.

Негізгі әдебиеттерді жетекші беріп, оған негізгі тақырыпқа сәйкес оқулықтар, оқу құралдары, құжаттар көрсетіледі. Ал қосымша әдебиеттерді студенттің өзі таңдауы керек. Бұл үшін кітапханадан каталгпен жұмыс істеп ізденуі қажет.

Қосымша әдебиеттерге журналдар, монография, брошюра, жинақтар жатады, Әдебиеттерді таңдауда арнаулы дәптер арнап альфавит бойынша орналастыру қажет. Әдебиетпен жұмыстың келесі кезеңдері бар.

1-кезеңінде алынған тақырыбыңыздың тарихын, бұрын қалай зерттелгеніне шолу жасау. Оның өзінде мына мәселерерге көңіл бөлу қажет: негізгі бағыттарын атау. Екінші кезең:таңдаған проблемаңыздың қазіргі таңдағы жағдайына талдау. Қандай проблема шешусіз қалды, пікірталас тудырады, әлде мүлде зерттмелмеген бе? Негізін салушылар кімдер? Олардың әдістемесі, көзқарасының дұрыстығы, қорытындыларының мәні мен ұсыныстарының тиімділігі қарастырылады. Әдебиеттегі материалды дұрыс таңдау үшін бірнеше рет оқу қажет. Бірінші оқуда материалдың көпшілік бөлігін түсінуді мақсат етіп , түсінбегенін белгілеу. Екінші рет оқуда ойланып, қайтадан оқу. Сөздіктерді қолданып, оқытушыдан консультация алуы қажет. Әдебиетпен жұмыс кезінде кейбір қызықты мәліметтерді және фактілерді конспектілеп немесе цитаты,сілтеме түрінде беруге болады.

Аннотация - (лат-ескертпе) мәні,мазмұны,формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан алғанда құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқыша сипаттамасы. Аннотация түсінігіне энциклопедиялар мен сөздіктерде мынадай анықтама берілген:

Аннотация-(лат аппоіаііо-ескертпе) кітаптің, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аннотация арқылы кез келген әдебиеттің зерттеу жұмысына қажет емес екендігін тез іріктей аламыз. Аннотация құру (аннотациялау) алғашқы құжаттарды аналитикалық синтетикалық қайта өңдеу процесін камтиды. Бұл процесс аннотация құрумен екінші дәрежелі құжатпен аяқталады. Аннотация оқырманға таныс емес басылым туралыалдын ала түсінік береді және оған қажетті мағлұматты іздестіруге, жинақтау.

Цитата - (лат. Сііо- келтіремін, шақырамын)–баяндалып отырған пікірдің дәлелді болуы үшін бір автордың шығармасынан алынған үзінді. Цитата ықшамды күйде алынады. Сөйлем ұзак болған жағдайда керек жері алынып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Цитата әдетте тырнақшаға алынып жазылады. Ғылыми анықтама еңбектерде цитатаның алынған әдебиеті сілтеме көрсетілуі тиіс. Цитатаның бір түріне эпиграф та жатады. Сонымен, цитата дегеніміз - кез-келген қандай да бір мәтіннен, мақала ішінен, кітап бөлімінен. Ағартушы ойшылдардың нақыл сөздерін сөзбе-сөз, дәл алынған үзіндісі. Цитата берген кезде бір мәтіннің ішінде бірнеше пікірлердің өзара логикалық байланыста болса да, оларға цитата келтіруде бөлек-бөлек береді. Цитата келтірген кезде белгілі бір ойдың басталып кеткеннен кейінгі пікірі алынса, онда цитатаның алдында көп нүкте қойылады, ал егер сол мәтіндегі абзац аяқталмай қалып немесе ой толық аяқталмаса көп нүкте соңынан қойылады.

Цитатаның тікелей емес цитата келтіру сияқты түрі де бар. Онда цитат келтіруші автордың сөзін сол күйінде алмай, тек ойын алып, оны өз сөзімен баяндап берсе, онда оған сілтеме жасалынады.

Сілтеме- сілтенетін, (біреудің еңбегінде айтылған ескертүшілік), ссылочное примечание- сілтеме ескертпе деген мағынаны білдіреді. Сілтеме- бұл белгілі бір автордың ой пікірін өз жұмысымызда майдалансақ, онда оған сілтеме келтіріледі, яғни әдебиеттің тізімін құрудағы альфавиттік реті және сол пайдаланылған бет саны жақша арқылы көрсетіледі.

Мысалы, Төлеген Төжібаев адам ойының қандай категориясының, қандай операциясы болмасын, ол түбінде объективтік дүниемен байланысып отыратындығын айтып көрсетті.

Конспектілеу дегеніміз – бұл белгілі бір кітаптағы, мақалалардағы маңызды ой- иікірлерді, керекті даталарды, фактілерді, атаулы күндерді, нақыл сөздерді цитата келтіну, сілтеме жасау арқылы мазмұнын баяндап жазып алу. Әрбір адам конспектілеудің өзіндік ерекшеліктерін меңгере алады. Ол сөздерді қысқартып, белгілі шартты белгілермен анықтай отырып, цифрларды пайдалана отырып конкспектілеуіне болады. Дегенмен, мұндай конспектілеу үлгісін сол адамның өзі ғана оқи алады (уақытты үнемдеу және жылдамдату мақсатында жүргізілген). Конспектілеу неғұрлым толық жазып алуды көздейді.

Конспектілеудің бірнеше түрі болады:

1. Жоспарлы конспектілеу – кітаптың мазмұны бойынша конспектілеу, оның бөлімі, тараулары, тармақшасы бойынша жасалады.

2. Еркін конспектілеу – цитатыға сәйкес бір бөлігін өзіңіздің сөзіңізбен сілтемемен беру. Автордың сөзімен цитаты беріледі.

3. Текстуалдық конспектілеу – Цитатыларды жинақтау түрінде берілетін конспекті,әдебиеттің негізгі мазмұнын автордың айтуымен басты идеялары көркетіледі.

4. Тақырыптық конспектілеу- тақырыптың мазмұны бойынша цитата әртүрлі әдебиеттерден таңдалып, авторлардың ойлары айдар бойынша топтастырылады.

Реферат - зерттеу натижесін жазбаша түрде жеткізетін зерттеудің бастапқы формасы. Реферат тақырыбын таңдау- ең жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген ғылыми салаларға байланысты тақырып таңдау теориялық немесе практикалық қайта өңдеуді, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмусытар жүргізүге болады.

Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде-кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырып таңдауға, ғылыми жұмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі аз адамға көмегін тигізеді. Тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны басқа жақтан емес өзінің практикалық қызметінен іздеу қажет.

Рефератта тақырыптың теориялық және практикалық мәні ашылады. Тақырып бойынша әдебиеттер талданады. Ғылыми материалдарға талдау жасалынып, олар бойынша қорытында беріліп өзінің көз қарасымен бағаланады. Реферат зерртеушінің эрудициясын, өздігімен талдай білу біліктілігін, ғылыми ақпараттарды жалпылай және жіктей білу біліктілігін көрсетеді. Реферат жазуда цитата қолданылады.

Ғылыми мақала- зерттеушінің ең көп тараған әдебиет түріндегі өнімі. Ғылыми мақала ғылыми журналдарда, ғылыми және ғылыми әдістемелік жинақтарда жарияланады.

Ғылыми мақалада ғылыми қорытындылар, тұжырымдар және ұсыныстар беріледі. Мақаланың алғашқы бөлігінде зерттеу қорытындысының мәнді аспектілерін және педагогикалық практикада жүзеге асырудың жолдарын дәлелдеу керек.

Ғылыми есеп және баяндама. Ғылыми есеп беруге қойылатын талаптар: құрылымы нақты айтылатын материалдар логикалы жүйелі орналасқан, аргументтері мол, ойын қысқа және нақты тұжырымды беруі, жұмыстың нәтижесі деректермен берілген, қорытындысы дәлелдермен беріліп және ұсынысы негізделген болуы керек. Ал ғылыми баяндама- мазмұны бойынша ғылыми есеп беруге жақын. Бірақ ол барлық зерттеу мәселелерін қамти алмайды.

Бір ғана аяқталмаған бөлігін немесе аспектісін береді. Ғылыми есеп беру тәрізді безендіруге мән берілмейді. Тілі әдеби тілге жақын ауызша айтуға болды.
Қолдынылған әдебиеттер тізімі:

1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.

2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.

3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.

4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.

5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.

6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.

Тақырып: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау
Жоспары:

1. Мұғалімдердің озық тәжірибесі, оның түрлері

2. Педагогикалық зерттеудің кезеңдері

3. Озық педагогикалық тәжірибені тарату


Қазіргі заманғы мектепте педагогикалық қызметте асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшылықта ол тәжірибені зерттеужәне қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.

Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді, өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен тәжірибенің қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атақарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскеде субъективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесімен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет.Педагогикалық тәжіәрибеде объективті және даралық құндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды.Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшелітері ғана назарға алынады.Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю.К.Бабанский). Озық педагогикалық тәжірибенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алыап баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П.Волков, Т.И.Гончаров, И.П.Иванов, Е.Н.Ильин, В.А.Кериновский, С.П.Лысенкова, Р.Г.Хазанкин, М.П.Шетинин, П.М.Эрдинов, Е.А.Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелері мұғалім қауымына көп көмегін тигізеді.

Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі – психологиялық-педагогикалық эерттеулердің нәтижесін және педагогикалық қызметтің тәжірибесін ендіру. Педагогика мен психолгия бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкелеріне белгісіз болып қалып отыр. Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін тәжірибеге енгізу үшін қызметкерлер алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асыруды, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдануға деген қажеттілігі анықталғандығы жайында В.Е.Грурман, В.В.Краевский, П.И.Керташева, М.Н.Скаткин және басқа ғалымдардың арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік көмек көрсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру әдістері мен тәсілдерін игеруге болады.

Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сұрақ туындайды. Жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.

Бұндай топты құрудың қажеттілігі бірқатар жағдайларға байланысты.Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың немесе түбірлі педагогикалық идеяның, технологияның авторы, оның құндылығы мен перспективалығын аңғара бермейді.

Екішіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын іске асруға көбіне құлшына кіріпейді.

Үшіншіден, жаңалық автордың баяндауында жүйелі ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алуы мүмкін.

Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске асыру жолдары туралы баяндалғанда өзінің немесе әріптестерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты мұғалім-әріптестері тарапынан «кері тебу» реакциясына тап болуы мүмкін.

Бесіншіден, аталған топтың функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау түзетумен де айналысады.

Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық мониторинг қызметін атқарады отандық және шетелдік баспасөз материалдары және жоғарғы оқу орнының тәжірибесі бойынша жаңа идеялар, технологиялар жүйелі түрде талдап, іріктеп отырады.

Педагогикалық жаңалықты тәжірибеге енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес шығармашылық мүмкінідктеріне ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша мектеп жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттаушылардың күші біріктіріледі. Нақты тәжірибе инновациялық үдерістердің сипаты алынған нәтиженің мазмұнымен , енгізілуге тиісті жаңалықтың маңыздылығымен , сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайыныдғының деңгейімен ерекшеленеді.

Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі.

Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық үдеріске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальды – абсолютті, шартты, субъективті, танымдылық деңгейі және қолдану аймағы.

Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсіліның тиімділігін айқындайды. Әр түрлі мұғалімдер әр түрлі еңбек жағдайымен бөлек оқушылар ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді.

Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде мұғалім қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді, өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады.

Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерийі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогика лық идея немесе технология шартты ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік.

Бұқаралық педагогикалық тәжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекеленген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызмтеіне негізделгенімен олар сыннан өтіп, объективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған критерийлерді білу және педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қалайды.

Арнайы әдебиеттерді және мектеп қызметінің тәжірибесін талдағанда оқу орнының жұмысында педагогикалық жаңалықты тәжірибеде қолдануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал осындай педагогикалық инновациялардың іске асрылмай қалуының ең кем дегенде екі себебін атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның қажетті сараптама мен сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп, педагогикалық жаңалықты көбіне ешқандай алдын ала ұйымдық, техникалық, ең бастысы тұлғалық, психологиялық қатынастар тұрғысында дайындықсыз енгізіледі.

Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың әдіс – тәсілін меңгеру жеке мұғаліммен бірге оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді объективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді. Мектептерде жоғарының нұсқауымен енгізілген инновациялық жаңалықтар қысқы мерзімде ұмытылыпкетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады.

Осы сияқты жағдайлардың негізгі себептерінің бірі – мектептік инновациялық ортаның ұйымдық, әдістемелік,психологиялық сипаттағы оқу үдерісінде инновацияны енгізуді қамтамасыз ететін кешенді шаралардың болмауы. Бұндай инновациялық ортаның болмауы мұғалімдердің әдістемелік тұрғыдан дайындықсыздығын, оларда жаңа енгізілімнің мәні туралы мағлұматтың аздығынан байқалады. Ал қолайлы инновациялық орта педагогикалық ұжымда мұғалімдердің жаңа енгізілімге «қарсылық» коэффицентін төмендетеді, кәсіптік қасаңдықты жоюға көмектеседі. Инновациялық орта мұғалімдердің педагогикалық инновацияға қатынасынан нақты көрініс табады.

Педагогика ғылымының оның қолданбалы саласындағы мәні озық педагогикалық тәжірибені, оны тарату және тиімді енгізу жағдайларын зерттеу болып табылады.

Озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз, қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз. Озық педагогикалық тәжірибе оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.

Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып йренуге негіз жасайды. Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар:

а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;

ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.

10. Озық тәжірибенің критерийлері:


  • Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;

  • жоғары нәтижелілік;

  • ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік;

  • тұрақтылық;

  • тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;

  • тәжірибенің оңтайлығы;

  • көкейкестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшын құндылығы;

  • оптималдық;

  • бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.

Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі, оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үдеріс.

Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озық педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесіндегі жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озық тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озық тәжірибенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәдірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп тарату керек. Ал бұл оңай емес, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс – тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.

Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озық тәжірибенің екінші беогісі – педагогикалық қызметттің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жаулап алынатын сұрақтар :


  • оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;

  • өз беттерімен білім ала білуі:

  • білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

  • оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.

Оқушылардың тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.

Озық тәжірибенің үшінші белгісі – оқу, тәрбие тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озық тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық – озаи педагогикалық тәжірибенің төртінші белгісі.

Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көріністерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерінде терең зерттеп, өз ісінде пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде, мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске асырыла бастады. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау; Педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; Бір педагогикалық тақырыптар бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; Жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибесін тарату және оны оқу тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласында орын алып отырып тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқу мен тәрбие тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз тәжірибесін өзң зерттеп, жинақтау ісі –әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу тікелей мұғалімнің өзіне байланысты. Мұғаліс оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты басты мәселелрді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерттейді. Зерттеу материалдарына талдау жасап, қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту ды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиімді қорытынды жасайды.

Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте- бірте жинастыра береді. Оларға: сабақ жоспары, бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын тақырыптық персспективалық жоспар, оқушылардың жазба бақылау және кестелік жұмыстыры, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жосапры, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүйеге келтіріп жинақтайды. Әрине мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап жазып шығуы оп-оңай жұмыс емес, оған уақыт қажет.

Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми-практикалық конференциясында талқылайды, құнды деп тапса аудандақ «Педагогикалық оқуларға» ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашлық еңбегі бірте-бірте облыстық, республикалық талқылардан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.

Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озық тәжірибені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пен бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді:



  1. Іс-тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзімен, сабақ беретін сыныптардағы сынып жетекшілерімен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы және белсенділігі туралы әңгіме жасалады. Зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.

  2. Оқу-тәрбие жұмысына байланысты соңғы 2-3 жылдардың ішінде құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтүзбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасаған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары және басқа еңбектері.

  3. Адын-ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып, бақылау жүргізіледі.

  4. Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмыстарына қатысып, олардың іс-нәтижелері тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.

  5. Басқа сыныптарды немесе басқа мектептерде осы пән бойынша үсақ тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.

Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми зерттеу институтының жазба пікірі бойынша «педагогикалық оқуларға», егер көлемді болса балаларда жариялауға ұсынылады.

Соңғы кездерде көптеген педагогикалық аса көңіл аударып жүрген мәселелерінің бірі – оқу мен тәрбие юөлігі, пән аралық байланыс, сабақтың тиімділігін арттырут.б. осы сықылды жалпы педагогикалық тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін зерттеп жинақтауға болады.

Бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеудің нәтижесінде мектептегі бір-бірімен тікелей байланысты ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жоспарлы түрде мақсатқа бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз.

Соңғы жылдары біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі, педагогика шеберлерінің және белгілі ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Көптеген құнды педагогикалық еңбектер жазылады. Олардың авторлары прлфессорлар ш.А.Амонашвили және П.И.Иванов, мұғалімдер В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, М.П.Щетинин т.б. Осы авторларыдың әрқайсысы оқу тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Ш.А.Амонашивили кіші мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайтын мектеп практикасында алты жастағы балалармен жұмысты ұйымдастыру принципі жағдайын ғылыми дәлелдеді. И.П.Иванов қазіргі жағдайда А.С.Макаренконың идеясын дамыта келіп, ұжымшылдарды қалыптастыру мен тәрюиелеудің, қоғамдық балалр ұйымдарына әлеуметтің өмірді жетілдірудің жолдарын ашты. В.Ф.Шаталов педагогикалық міндеттерді табысты шешу үшін әрбір оқушыны күнделікті ақыл-ой еңбегіне бар күшін салуға қатыстыру, әрбір оқушының абыройын, өз бетімен және шығармашылық іс-әрекеті негізінде оқушылардың даму қабілетін және бейімділігін анықтауға байланысты сыныптан тыс жұмыстың белгілі жүйесін жасады. Бұл кіші мектеп жасындағы балалармен шығармашылық сабақ өткізіп, олардың нышаны және қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Білім беру саласында қажырлы еңбек етіп, үлес қосқан республиуамыздағы жаңашыл мұғалімдерді де атап кеткен жөн. Олар: Құрмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев, Нұртазина рафика Курбатов, Қанапина Бітібаева т.б. Бұл мұғалімдердің идеялары және педагогикалық тәжірибелері қысқа түрде Б.Р.Аймамбетованың еңбегінде жазылған.

Жаңашыл мұғалімдеодің тәжірибесі орта, жоғары мектептердің мұғалімдері мен оқушыларының игілігіне айналады. Сондықтан олардың тәжірибесін зерттеуде зор көңіл аударушылық байқалып келеді. Өйткені, әрбір жаңа педагогикалық құбылыс талқылауды, зерттеуді және талдауды қажет етеді. Озық тәжірибені зерттеу және оны тұтас педагогикалық процеске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік етуді , теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді.

Осындай дербес және ұжымдық ізденуге мектеп және мұғалімдердің білім жетілдіру институты қызметкерлерінің тікелей қатысуы, олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға үнемі ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістіктерімен танысып отыруға мүмкіншілік жасайды.

Мұғалім озық педагогикалық идеяларды және жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірибені енгізу мен таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.



жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау