ПоәК 042-18. 31 55/03-2014 Баспа №1 11. 06. 2015 ж



жүктеу 0,87 Mb.
бет1/9
Дата15.01.2020
өлшемі0,87 Mb.
#26694
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ПОӘК 042-18.31.1.55/03-2014

Баспа №1 11.06.2015 ж.

беттің -шісі





ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру»

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Білімалушылардың өздік жұмысы

5 Бақылау тапсырмалары



1 ГЛОССАРИЙ
Альтернативтік гипотеза – нәтижесінің мазмұны басқа гипотезадан өзгеше түсіндірілетін экспериментальды зерттеудің гипотезасы

Альтернативтік шешімдер – басқа шешімдер сияқты неғұрлым шындыққа жанасатын кейбір проблемалардың мүмкін болатын шешімдерінің бірі

Психодиагностикалық әдістемелердің құндылығы (валидность психодиагностической методики)– берілген әдістеме бойынша алынған нәтижелердің бастапқы ойға сәйкестілігі.

Іріктеу – зерттеу жүргізуге болатын адамдар тобы

Іріктеу дисперсиясы – эксперименталды және психодиагностикалық мәліметтерді таратудың математикалық-статистикалық көрсеткіші

Гипотеза – арнаулы дәлелдеулерді талап ететін, ғылыми негізделген қойылған проблеманың мүмкін болатын жауабы.

Потенциалды даму зонасы – Адамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері

Бөлу заңы – варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық ара қатынас.

Биномалды бөлу – берілген жағдайдың математикалық моделі.

Нормалды бөлу – биномалды бөлудің шекті жағдайларының бірі.

Параметрлерді табу – жиынтықтың жалпы қасиетін көрсететін статистикалық бөлудің сипаттамасы.

ММРІ – белгілі тұлғалық психологиялық тест (Миннесотский Многофакторный Личностный Опросник) Тәуелді ауыспалылық –

Тәуелсіз ауыспалылық -



Зерттеу объектісі – ғылыми зертеу жұмысы жүргізілетін объект

Зерттеу пәні – белгілі уақытта оқып-зерттелінетін зерттеу объектісінң бір жағы

Латиндік квадрат – тәуелсіз өзгергіштіктердің деңгейлерін позициялы теңестіруге негізделген кросс – индивидуалды эксперименттің / көпдеңгейлі эксперимент/ ең көп тараған схемаларының бірі.

Мән – тәуелді өзгергіштікті өлшеу бірлігі, алынған мәліметтерді өндеудің соңғы нәтижелері.

Мәліметтер – хаттамада тіркелген алғашқы әрі өнделмеген эксперимент нәтижелері.

Нәтижелердің мәнділігі – эксперименттік гипотезаға жауап беретін тәуелді өзгергіштіктің орташа мәндерінің арасынан алынған айырмашылықтардың статистикалық дұрыстығы.

Негізгі әрекет нәтижесі - тәуелсіз өзгергіштіктің тәуелді өзгергіштікке әсерін, күшін сандық көрсету.

Нормалды бөлу - үзіліссіз кездейсоқ шамаларды бөлу.

Нуль – гипотеза - тәуелсіз өзгергіштіктің шарттарының арасындағы айырмашылықтың болмауы жайлы гипотеза.

Өзара әрекет - факторлары экспериментте бөлініп алынған екі немесе бірнеше тәуелсіз өзгергіштіктің арасындағы арақатынаспен шарттанған сандық нәтиже.

Өлшеу көрсеткіштері - сыналушының іс-әрекетінің сандық сипаттамасы, тәуелді өзгергіштіктің мәнін анықтайды.

Өзгергіштік - өзгеретін кез келген болмыс, экспериментте көрінеді және тіркеледі.

Өлшеудің сенімділігі - қайталауда өлшеу нәтижелерінің көшірілуі.

Өлшеудің статистикалық қатесі - өлшенетін көрсеткіштіктердің кездейсоқ өзгерісінің үлесінің / дисперсия / осы көрсеткішті өзгеру жиынтығына қатынасы бойынша /жалпы дисперсия / салыстырмалы үлесі.

Проблема (мәселе)– шешімі талап етілетін күрделі ғылыми немесе практикалық сұрақ

Рефлексия – адамның өз-өзіне, өзінің бейнесіне, ойы мен сезіміне санасының шоғырлануы

Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект

Зерттеу тақырыбы – нақты зерттеуде арнаулы оқып-зерттелінетін сұрақ, проблема аспектісі

Тест – қабылданған бағалау нормаларына сәйкес адам психологиясын қатаң сапалық және сандық анықтауға арналған психологиялық зерттеулердің стандартталынған әдістері

Психологиялық тренинг - адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту мен жаттығулар

Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы

Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдер аймағы

Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

Статистикалық қорытынды–тәуелді өзгергіштік мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шамасын табу.

Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.

Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.

Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.

Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез-құлқына әсер ететін кез келген болмыс.

Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.

Эксперимент – жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.

Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.

Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.

2 ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Тақырып: Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті
Жоспар:

1. Болашақ маманға қойылатын талаптар.

2. Педагогтың зерттеушілік және шығармашылық қызметі.

3. Педагогтың әдіснамалық қызметі.


«Егер мұғалім он бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген

сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз»
(Л.Толстой)

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.

Білім – адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол – педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «адамды» оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Көне грек философы Платон өз кезінде танымды, білім алуды еске түсіру деп түсінген екен: білім әр адамның бойында, ол туа біткен қасиет, таным мақсаты тек сол білімді еске түсіруде.Бұл ұстаным ұстаздан шәкіртке білімді тасымалдаудың мүмкін еместігін аңғартады: әрбір адам өздігімен білімді игермесе, яғни есіне түсірмесе , ол ешнәрсеге де үйрене алмайды. Шындығында да өзінде бар білімді ұстаз шәкірттеріне дайын күйде беретін болса, оның бұл ісінен мардымды нәрсе шығар ма екен? Халқымыздың «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген аталы ұғымы осындай жайтты меңземей ме?

Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдармалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді. Ақпараттық, оқытудың инновациялық технологиялары арқылы барлық балалар мен жастарға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді.

Білім беру сапасының критерийлері:
1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі
2. мұғалімнің білімділігі
3. мұғалімнің тәжірбиесі
4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі
5. білім беру сапалылығы
6. еңбектің тиімділігі
7. әдістемелік жұмыстағы шеберлігі


Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет.

Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:
• мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі

• білім беру жүйесінің сапалылығы

• мұғалімнің кәсіби шеберлігі.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.

Оның құрамына:

- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;

- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;

- педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;

- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы.

Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:

1. Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші

2. Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес

3. Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады.

4. Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.

Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеруі болып табылады.
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы. «Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлға субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. «Құзырлылық» - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алу дегенді білдіреді.
Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.
М.А. Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:

• тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті

• қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі

• қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы

• практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

• нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі

• тиімді шешім кабылдау қабілеті

Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырмасы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық сапасы, теориялық, білімдік және профессионалдық дайындығының бірлігі,жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар студенттерді – ертеңгі мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ мұғалімдерді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.

Басты міндеттердің бірі студенттердің өздігімен іздену жұмыстары негізінде ғылыми ойлау қабілетін шыңдап,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Болашақ мамандар оқыту-тәрбиелеу процесін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін төмендегі қызметті атқара білуі қажет:

1.Тәрбиешілік қызмет – оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбие жұмыстарын жүргізе алу біліктілігі, өзі де тәрбиелі болуы.

2.Оқытушылық қызметі – терең білімді, өз білімін үнемі толықтырып отыра алатын, педагогикалық шеберлікті меңгерген, білім беру, оқыту нәтижесін алдын ала көре алатын болуы.

3.Зерттеушілік қызметі – алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен қолдана білуі қажет. Болашақ мамандардың үшінші қызметті меңгеру үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.

Тәрбиеші педагогтың әдіснамалық мәдениеті. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі. Зерттеуші мен педагогтың іс-әрекеттерін салыстыра келсек, педагогикалық әрекет зерттеу әрекетіне қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Педагог – тәрбиелеу және оқытумен айналысса,зерттеуші - оқыту және тәрбиелеудің тиімді әдістерін анықтайды.Педагогтың объектісі – педогогикалық процесс және бала. Ғылыми педагогикалық зерттеудің объектісі – педагогикалық құбылыстар мен фактілер. Әдістер мен тәсілдерін салыстырса, педагог – оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін білсе, зерттеуші – құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін білуі қажет. Осы тұста сіздерде неге тәрбиешілерге ғылыммен айналысу керек, неге әдіснамасын және зерттеу әдістерін білуі қажет деген сұрақ тууы мүмкін. Бірақ, педагогикалық әрекетте үнемі шешімін таппайтын проблемалармен сұрақтар, жағдайлар болып тұрады. Мұның бари ғылыми жаңалық болмаса да, тәрбиешінің әдіснамалық мәдениеті кез келген педагогикалық ситуациялардан шыға білуге мүмкіндік береді. Сондықтан педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі мынандай:



  • нақты кеңістіктік-уақыттық жағдайларда оқу-тәрбие процесінің мақсат және міндеттерін түсіну;

  • берілген тапсырманы орындауға баланың дайындық деңгейін диагностикалауда әдістемесі мен әдістерді таңдау;

  • алынған нәтиженің негізінде оқу-тәрбиелеу процесін жобалау және құрастыру;

  • педагогикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешу және түйіндеу (фомулировка);

- психологиялық, педагогикалық және әдістемелік рефлекция, яғни өзінің әрекетін объективті түрде талдауы және бағалауы, қателігі мен сәтсіздігін көре білуі. Сонымен, тәрбиеші зертеушілік қызметті меңгере отырып, тәрбиеші-шебер, тәрбиеші-жаңашыл болуына және еңбегінің жемісі жоғары көрсеткіштерді беретіні сөзсіз. Сондықтан тәрбиешінің әдіснамалық мәдениеті оның педагогикалық құзырлығының және шеберлігінің басты көрсеткіші болып табылады.
Қолдынылған әдебиеттер тізімі:

1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.

2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.

3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.

4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.

5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.

6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.

Тақырып: Ғылым туралы жалпы түсінік
Жоспар:

1. Ғылымдағы таным процесінің философиялық, психологиялық негіздері.

2. Ғылымның логикасы.

3. Ғылымның жіктелуі және салдары.


Ғылым ерекше әлеуметтік инситут және танымдық қызметтің ерекше формасы ретінде XV-XVI ғасырларда пайда болып, қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білім қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғары пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналады. Ғылымның басты мақсаты:ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру» делінген.

Г.М.Коджаспированың берген анықтамасында “Ғылым- білімді болу ғана емес, оны саналы меңгеру, білімді қолдана білу біліктілігі”. Қазақ кеңес энциклопедиясында “Ғылым- объективті ақиқатқа жету, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы”. Қысқаша педогогикалық сөздікте “Ғылым- адамның әркет аймағы, ақиқат туралы объективтік шындықты теориялық жүйелеу және өңдеу, қоғамдық сананың формасы”.

А.Құсайынов «Салыстырмалы педогика» оқу құралында “Ғылым- ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі...”. делінген . Жоғарыдағы анықтамаларды басшылыққа ала отырып ғылымды ерекше тану процесі,- деп айта аламыз Ғылым-қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу қызтемінің бір саласы. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құралған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады. Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным- айналадағы дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларды құру мен дамытудың принцептерін зерттейтін философия ғылымының саласы.«Таным» педогогикалық сөздікте қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнелнуі және қайта жаңғыру процесі. Таным адам санасын дамытудың негізі. Таным екі топқа бөлінеді: сезімдік және логикалық. Сезімдік таным- адамның түйсігі, қабылдауы және елестетуі енеді. Танымның логикалық формаларына қоршаған ортадан түскен мәліметті аса маңызды байланыстарды мен заңдылығын ашу үшін сезімдік танымның жалғасы ойлау қызметі жатады. Ойлау арқылы тікелей қабылданатын құбылыстарды сезім арқылы танып білуден ішкі, жалпы, тікелей қабылданбайтын заңдылықтарды логикалық жолмен танып білуге болады. Соның нәтижесінде ұғым, пікір, ой тұжырымдары қалыптасады.

Ұғым дегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ойлау ұғымдар туғызу және оларды жүйеге келтіру, өмірде пайдалану және заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнеленуі. Пікір белгілі заттар мен құбылыстар туралы қолдау немесе жоққа шығаратын адамның ойы. Логикалық ойлаудың жоғары формасы ой тұжырымы бола алады. Ой тұжырымы арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа білім аламыз. Сонымен ой тұжырымы дегеніміз пікірлерден жаңа пікірдің пайда болуы ойлаудың жоғары формасы Филосов, психолог, педогогтардың еңбектерінде адамның таным қабілеттері, оның түрлері, мәні, мазмұны туралы М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Т.Балаубаев, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Б.Г.Ананьев, Д.Б.Эльконин, Т.Сабыров, Л.В. Занковтің еңбектері арналған. Шет елдердегі ғалымдардың адамның танымдық қабілеттерін зерттеуде Ж.Пиаже, Д.Карнеги, З.Фрейд, Г.Айзенк, Э.Торндайк, және т.б.. өзінше ерекше ой тұжырымдарымен танымал.Айналадағы дүние заттар мен құбылыстардың ішінде жалпының және дара немесе жекелердің арасындағы заңдылық байланыс кездеседі. Қоғамның тарихи даму процесінде адам өзінің теориялық және практикалық қызметінде осы заңдылық байланысқа үнемі ізденумен, зерттеумен келіп, оның бар екенін дәлелдеп, өзінің мақсатты қызметтеріне пайдалана білген. Сондықтан таным теориясы психология, педагогиканы ғылыми тану процесінде өзегі бола алады. Ғылыми тану – мәселені зерттеп аңғаруда таным теориясына сүйене келе, ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері негізінде адамның танымдық қабілеттерінің мүмкіндіктерін пайдалану. Исаева З.А., Таубаева Ш.Т., Педагогический эксперимент деген қысқаша лекция курсында «Ғылыми таным – жаңа білім алудағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу» деп тұжырымдаған.

Ғылым өзінің зерттеу сипатына, әрбір ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаларға байланысты педагогика, психология, философия, әлеуметтану, медицина, математика, тарих, тіл болып таралуын ғылымдардың жіктелуі деп атайды.Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің “Ғылымдар классификациясы” атты еңбегінде ғылымдарды төмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның таралуы; 3) математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылымдар; 4) физика тарулар, метафизика және оның тарулары; 5) азаматтық ғылым және оның тарулары заң ғылымы.

Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасы саласының өзіндік ерекшелігі бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. Ғылым өзінің зерттейтін объектісін ұғым мен ой формаларында бейнелеп, белгілі заңдылықтарды, ережелерді, теорияларды, шарттарын, принциптерін, әдістемесін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасының болуына байланысты, ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады.


Қолдынылған әдебиеттер тізімі:

1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.

2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.

3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.

4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.

5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.

6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау