Дәрістер
№1 Тақырып «12жылдық білім – қазақстан мектебінің болашағы»
Мақсаты: 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу жағдайымен танысу
1. 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу жағдайы
2.12жылдық білім туралы түсінік
Мазмұны
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
Жалпы орта білім беретін оқу орындарының бағдарлы сыныптарына оқушыларды қабылдау ретін және оқушылардың білім жетістіктерінің рейтінгісі болып табылатын портфолио жөнінде жан – жақты жұмыстар топтамасы ұсынылады. «Мен таңдауды үйренемін» атты бағдаралды, бағдарлы сыныптарда жүргізілетін, оқушылардың саналы түрде өзінің таңдай алу мүмкіндігін, өздігінен шешім қабылдауын, бағдарлы сыныптарды өзі таңдауын, кәсіптік өзін- өзі анықтау қабілетін қалыптастыруға арналған 3 бағыттағы және 6 кезеңнен тұратын бағдарлама, осы салада жұмыс атқарушы ұстаздар үшін қажетті әдістемелік нұсқау болып табылады.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата – анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым – қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
12жылдық білім – қазақстан мектебінің болашағы
12-жылдық беру мәселелері,перспективасы
К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау
Дәріс 2 Бейімді оқытуды ұйымдастыру
Мақсаты: Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік Бейімді оқытудың мазмұны
Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі
Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу
Мазмұны
Бейімді оқыту дегеніміз бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды жіктеуге, оқушыны элеуметтендіруге,сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және кәсибі білім берудегі сабақтастықты жузеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Кәсіптік бағдар беру деп жеке тұлғаның,қоғамның ,мемлекеттік мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен күәландырылған нақты кәсибі мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты үрдісін айтамыз.Кәсіптік бағдар беруде жастарға психологиялық көмек көрсетуге болады,олардың кәсибі қызығушылығын, бейімділігін анықтауға көмектеседі.
Бейімді оқыту тұлғалық бағдарлық білім беру парадигмасын жүзеге асыруға бағытталған.Бейімді –бағдарлы оқытудың мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы туралы идеялар өткен ғасырларда прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық ой пікірлерде өз жалғасын тапқан Я.А.Коменский, Ш.Амонашвили, Д.Локк, К.Д.Ушинский, Г.И.Шамова, В.С.Мухина, В.А.Мясищев, Фрейд; Л.С..Выготский, В.Г.Белинский, .А.Рубинштейн, және т.б. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыда тусінуі әр турлі жеке тұлға теориясын өмірге әкелді, соның ішінде:
- биологиялык
Биологиялық теория 17 ғасырда пайда болған әйгілі ағылшын ғалымы зерттеген Ч.Дарвиннің көзғарастарының технологиясы және басқа ғылымдарға тигізген әсерінің негізінде 19 ғасырда дамыды,оған үлес қосқан ғалымдар (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, А.Илиада т.б.). Биологиялық теория бойынша адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тән тұқым қуалаушылық қасиеті.Осы өзара қарым қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарт аралығында туатын қарама қайшылықтарды жоюға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин).
Сұрақтар: Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі
Бейімді оқытудың проблемалары Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы
Оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы
Бейімді оқытуды ұйымдастыру моделі .Бейімді оқытуды басқару мекемелері
Дәріс 3 К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау
1.Ресурс орталықтарының жұмысы
2. Білім беруді дамытудың бағыттары
Мазмұны
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Демек, отандық білім жүйесі өз қызметін «білім беруге салынған бүгінгі инвестиция – мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық» деген қағидатқа сүйеніп жұмыс жасау керек деген сөз.Жалпы білім бастауын мектептен алады, оның қайнар көзі десек те болады. Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді,шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады. Нәтижесінде отбасы, қоғам, өмір жақсарып,сапалық көрсеткіштер жоғарылайды. Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет.Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі.Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез – келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның жүргі де, тірегі де мұғалімдер қауымы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау
Бейімді оқытудың мазмұны
Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі
Бейімді оқытудың проблемалары
Дәріс 4 Бағдарлы оқыту туралы түсінік
1 Бағдарлы оқыту
3. Бағдарлы оқыту пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті.
Мазмұны
Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Бағдарлы оқытуды енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады. Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын. мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады. Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. «Бағдарлы оқыту» және «кәсіптік білім беру» ұғымдарын шатастыруға болмайды. Кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландыратын нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді. Бағдарлы оқыту идеяларының шығуы мен дамуы оқу жоспарларының құрылымын жетілдіру және базистік оқу жоспарын жасау мәселелерімен тығыз байланысты.
Бағдарлы оқыту пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті компетенциялармен (құзырлармен), шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табы-лады. Жоғары сыныптардағы бағдарлы саралау осы міндетті жүзеге асыруға бағытталады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Бағдарлы оқыту і оқытудың мазмұны
Бағдарлы оқыту оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі
Бағдарлы оқыту оқытудың проблемалары
Дәріс 5 Педагогикалық технология бастауыш мектеп мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің құрамдас бөлігі ретінде.
1.Педагогикалық технологияның мәні.
2. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің тиімді технологияны қолдануы
Мазмұны
. «Технология» деген сөздіктің түп тамыры гректің techne - өнер, шеберлік, кәсіп + logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түбірдің бірлігінен өндіріс процестерін жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы немесе білім немесе шеберлік туралы ғылымды білдіретін сөз пайда болады, мысалы, металдар технологиясы, экологиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және тағы басқалар. Бұл термин сонымен бірге мүлдем басқаша белгілі қажетті шикізат формаларын өзгерту, материалдары немесе жартылай фабрикант өнімді өндіріс процесінде жүзеге асыратын өңдеу жиынтығы ретінде анықталады. Технологияның ғылым ретіндегі міндеті – физиологиялық, химиялық, механикалық және басқа да заңдылықтарды айқындап тәжірибеде өндіріс процесінің ең тиімдісін анықтау және қолдану. В. В. Беспалько ұсынған өте кең тарап кеткен технология ұғымына анықтама болып отыр: технология – білім берудің мақсатын тиімді жүзеге асырудың негізі болатын теориялық негізделген оқыту мен тәрбиелеу процесін суреттеп берудің құралдары мен әдістерінің жиынтығы болады. Технология оған сәйкес ғылыми жобалауды ұйғарады, онда бұл мақсаттар жеткілікті дәрежеде бір жақты беріледі және онда қол жеткен нәтижелерді сатылы өлшеу мен бағалауға объективтік мүмкіншілік сақталады . Дәріс 5 Сұрақтар:
1 Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдама жобасы
Белсенділік, оның түрлеріБастауыш білім беру стандарты
Дәріс 6 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі.
1.12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі.
2.Мұғалім тұлғасының сапасын айқындау
Мазмұны
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі», - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой.
Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да, педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол, икемді де инабатты, кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік тудырып отыр. Болашақ маман өзінің педагогикалық іс - әрекетінде бостандық шеңберінің кеңдігін сезінуге жағдай мол.
Сұрақтар
12 жылдық білім беру сатылары.Оқу жоспары.Оқу бағдарламалар оқулықтар жайында.
Ата-аналардың 12 жылдық білімге көзғарастары.
12 жылдықта жеке тұлғаға рухани- адамгершілік білім беру мәселелері
Дәріс 7 12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі
1.12жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі
2. Жаңа формация мұғалімі
Мазмұны
Педагогикалық ғылымда «кәсіби біліктілік» түсінігі былай қарастырылады: білім мен білік жиынтығы, еңбек нәтижесін анықтау; орындалған міндеттерге жету көлемі, жеке сапалы қасиеттер комбинациясы, білім кешені және кәсіби маңызды жеке қасиеттер; шеберліктің векторы, теориялық және практикалық еңбекке дайындық бірлігі.
Білім жетілдіру жүйесіндегі педагогты оқыту екі қайталанатын циклдік бөлімнен тұрады – курстық және курсаралық, бұлардың әрқайсысының өзіндік бағыттары бар.
Жаңа формация мұғалімі.
Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан - жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан - жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек? Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Жаңа формация мұғалімі.
тұлғалық бағдарлы білім беру туралы айтқан педагогтардың ой пікірлері
Мұғалім бойындағы кәсіби біліктілік, сапалық қасиеттер қандай критериймен өлшенеді
Модуль 3
Дәріс 8. Муғалімнің кәсіби құзіреттілігі.
Муғалімнің кәсіби құзіреттілігі
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жағдайлары.
Кәсіптік өзін- -өзі анықтау
Мазмұны
Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.
«Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері».
Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.
Сұрақтар
Бағдарлы және бейімдіоқыту туралы не білесіз?
ҚР. Білім беру заңына еңгізілген өзгерістер
Дәріс 9 Оқушылардың қабілетіне қарай оқуға қызығушылыктарын арттыру
1.Оқушылардың қабілетіне қарай оқуға қызығушылыктарын арттыру
2. 12 жылдық білім беруде тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері.
Мазмұны
Оқушылардың өздері оқу бағытын демократиялық анықтау жағдайын-дағы нақты тәжірибеде оқу бағдарын кездейсоқ (ата-аналарының талабы, жолдастарымен бірге болуға талпыныс, беделді жоғары оқу орнына түсуге бағыт-талуы және т.б.) таңдап алатын жағдайлар кездеседі.
Оқушылардың оқуға қызығушылыклары орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдау кезінде, жалпы алғанда, өздерінің ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алынған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бүл сыныпта оқу барысында қанағаттанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағдарын ауыстыруға ниет білдіреді. Бүл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екендігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады. Осы түрғыда білім мазмүнын бағдарлы саралауды үйымдастырудың неғұрлым оңтайлы жолдары мен түрлерін жүзеге асыру орынды болмақ.
12 жылдық білім беруде тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері.
Адамның өмір сүру әрекеттерінің қоғамдық негіздері туралы дәстүрлі білім жеке тұлғаның қалыптасуы,эмоционалды ерік спалары,өзін-өзі тану,өзін іске асыру механизмдері туралы білімдерімен толыға түсті.Социологияның өзіндік аспектісі осында жатыр,оған назар аударған түбі ресейлік американ социологі Питирим Сорокин (1889-1968).П.Сорокин социологияның зерттеу обьектісі,ең алдымен,адамдардың әлеуметтік мінез-құлығымен әрекеті,әлеуметтік топтар және бүтіндей қоғам болып саналатындығын айтады.Оның ойынша,барлық қоғамдық өмір мен барлық әлеуметтік процестер екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әсерлесу құбылыстары мен процестеріне бөлінуі мүмкін.
Индивид(лат. Individ – бөлінбейтін, ақырғы) – адамзат тегінің бір ғана өкілі және оның «алғашқы кірпіші»,жеке даралық-бір индивидті басқасынан ажыратушы қасиеттер жиынтығы.
Сұрақтар
Оқу жоспарының түрлері, айырмашылықтары,ұқсастығы.
12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты.
12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі.
Дәріс 10 Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамытуда мектептін рөлі
Дарынды балаларды анықтау.
Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты
Мазмұны
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі
2. Қ.Р. білім беру жүйесінде дарынды балаларды тәрбиелеу және дамыту
Дәріс 11 Жаңа үрдістегі білім беру жүйесі
1. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс,
2.Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.
Мазмұны
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2050 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-5анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кон). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Өзін өзі тексеру сұрақтары
Білім беру мазмұны.,білім,білік,дағды түсініктеме беру
12 жылдық білім беру жобасы.
Технология ұғымы туралы түсінік беру
Дәріс 12 Кәсіби бағдар беру жүйесінде тұлғалық –бағдарлық білім беру мәселелері.
Кәсіби бағдар беру жүйесінде тұлғалық –бағдарлық білім беру мәселелері.
Мазмұны
Қазіргі кезеңде білім беруді реформалау үрдісінде ұлттық құндылықтың қалыптасуы өте маңызды болып саналады.Ел Президенті ұсынған әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті өркендеген 50 елдің қатарына кіру стратегиясы осы аса жауапты міндеттерді іске асыруды көздейді.Жақында ғана «жаңа әлемдегі жаңа Қазахстан атты жолдауында да Н.Назарбаев «Еңбек рыногының даму ырғағы мен келешегіне сәйкес келетін білім беру мен кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат бағыттарын атап көрсеткенӘлемдік бәсекелестік нысанында табысқа жету үшін күшті рух пен тұлғалық бағдарлық білім беру өте қажет.Жолдауда көрсетілген осы заманның білім беру мен кәсіптік бағдар беру мәселесі нақтыланғаны де бізге мәлім.Жаңа 12 жылдықбілім берудің тарихи кезеңдегі білімнің мәні оның тек танымдық сипатымен ғана емес, жастардың өмір дағдыларының негізіне қаншалықты сай келуімен де өлшенбек.Бұл – отандық білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастырудың шешуші шарты. Білім беру мазмұны.,білім,білік,дағды түсініктеме беру
12 жылдық білім беру жобасы.
Технология ұғымы туралы түсінік беру
Дәріс 13 Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары
Мазмұны
Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тәрбие теориясы педагог-практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын ала болжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкіндік туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деген ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесін ғылыми түрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи даму сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек-мүдделеріне сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу-тәрбие жүйесін құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Сөйтіп, қолданбалы ғылымның ролін атқарады Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың тсориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен аның жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады. Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі
2. Қ.Р. білім беру жүйесінде дарынды балаларды тәрбиелеу және дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |