Экзогенді және эндогенді биологиялық өнімді немесе биосынамалық зерзатты зерттеу (қан, сүт, несеп, нәжіс т.б).
Ветеринариялық практикада қалыптасқан тәжірибе бойынша негізінен қан және қан сары суының құрмындағы көрсеткіштер тексеріледі. Бұнда:
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
Қан сарысуынды анықтау.
Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.
Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.
Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.
Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойын күре тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.
Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы өте зор.
Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау.
Анализ үшін гепаринмен, натрий оксалатымен, Б трилонымен қалыпқа түскен қанды пайдалануға болады, центрифугаланған қанды зерттеу үшін жарамсыз.
Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай түрде ауытқып тұрады:
ІҚМ –1,047 –1,055; қойда 1,042- 1,052; ешкіде-1,044-1,053; жылқыда-1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056; тауықтарда-1,039-1,057.
Қанның салыстырмалы тығыздығының ұлғаюы оның қоюлануы, терлеу, полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.
Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сары ауру, кахексия, гидремияда болады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісімен жүргізеді. Сау малдарда ЭТЖ (мм/ с): ІҚМ-0,5-0-1,5; қойда-0,5-1; ешкіде-0,3-1; жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.
Неводов әдісі: Эритроседиометрге скальпельдің ұшымен (0,02гр жуық) натрий оксалатын кіргізеді де тамыр қанын «о» белгісіне дейін алады, резеңке қақпақпен жауып, мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып, қанды антикоагулянтпен араластырады. Пробирканы штативке қояды. ЭТЖ-ны плазма бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.
ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты терлегенде, полиурияда, іш өтуде, шаншуде гастроэнтеритте, механикалық және парехиматоздық сарғаюда, механикалық илеус, инфекциялық энцефаломиелит, стахиботритоксикозде және т.б. болады.
Қан сарысуынды анықтау.
Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.
Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.
Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.
Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г/ 100 мл): ірі қара малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15; жылқыда-8-14; шошқада –9-11; итте-11-17; тауықта – 8-12.
Гемоглобиннің (г/л) мөлшері мынадай болады: ірі қара малда-100-130; қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140; шошқада-90-110; иттерде-110-170; тауықтарда-80-120.
Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.
Қанның аталған жасушаларының санын есептеу үшін есептеу камералары мен электронды есептеу құралдарын пайдаланады. Эритроциттердің санын эритрогемометр және фотоэлектроколориметрлердің көмегімен есептеуге болады.
Есептеу камерасындағы эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.
Қандағы жасушалардың санын есептеу үшін әр түрлі есептеу камералары (Горяев, Предтеченский, Бюркер, Фукс- Розенталь және т.б.) пайдаланады.
Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.
Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометр әдісімен анықтау.
Бұл үшін рефрактометрдің әртүрлі түрін қолданады (ИРФ-1, ИРФ-22, ИРФ-23, РЛУ, РЛ және т. б. ).
Сау малдардың сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері(г/100 мл): ӘҚМ-7,2-8,6; қойда-6-7,5; жылқыда-6,8-7,8; шошқада-6,5-8,5, итте-5,9-7,6; тауықта-4,3-5,9.
Бақылау сұрақтары:
Клиникалық тексерудің жалпы әдістері.
Жануар организмін клиниалық диагностиалық тексеру
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
Қан сарысуы көрсеткіштерін анықтау.
Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
Қандағы жасушалардың (эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер) санын есептеу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №3 Дәріс
Модуль 1 Ветеринариялық пропедевтиканың жалпы ветеринариялық диагностикадағы маңызына таным
Тақырыбы: Жануарлардың жас ерекшелігіне байланысты морфофункциональдық ерекшеліктерінің қалыптасуын бағалаудың физиологиялық-клиникалық маңызы.
Жоспары:
Жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусы және ауытқулықты тану.
Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты морфофункциональдық қалыптасуы.
Жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусы және ауытқулықты тану.
«Ветеринариялық пропедевтика» пәні гректің propaideuo – алдын ала оқу яғни, жануарлардың клиникалық-физиологиялық және ауруларын танып анықтаудағы ветеринариялық таным негізіндегі әдістер тұрғысындағы жиынтық шығарылым. Осы себепті пропедевтика негізіне жүйе және мүшелердің функциональдық жағдайын оқудың әдістері жатады. Сондай-ақ, жануарлардың морфофункциональдық ерекшеліктеріне қатысты тіршілік шарттарының байланыстылығын оқытады. Сонымен қатар организмге әсер ететін ішкі және сыртқы орта әсерлері тарапынан туындайтын клиникалық, физиолого-биохимиялық морфофункциональдық және басқадай заңдылықтар динамикасын бағалау және алынатын эксперимент нәтижесін сараптауды оқыта отырып, ветеринариялық пропедевтика ілімінің негізіндегі семиотикалар ажыратылып, диагностика қоюдың негізгі алғы шарттары қалыптасады.
Ветеринария / лат. Veterinfrius – малды күтуші, малды емдеуші/ мағынада түсінік бергенімен заманауи түсінікте – жануарды құрылымдық кешені, денсаулығы уру организмді тану, өмірлік анатомиялық құрылымдар заңдылығын білу тануды оқытатын ғылым болып танылған.
Диагноз /гр. Diagnosis (ticos) ауруды анықтаудағы қысқаша тұжырым.
Семиотика /гр. Semiotica – ауру белгілері туралы оқып тану) яғни, ауру симптомдарын зерделеудегі диагностикалық маңыздылығын оқу болып табылады.
Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты морфофункциональдық қалыптасуы.
Жануарлардың барлық даму сатыларындағы оргнизмнің физиологиялық мүмкіншілігін білу, зерттеу ветеринария ғылымындағы негізгі мәселе болып табылады. Яғни кез-келген организм өзінің құрылым ерекшеліктерімен сипатталып, белгілі бір тіршілік әрекеттерін атқаратын мүшелер жиынтығынан құралған функциональдық бірлестіктегі мүшелер жүйесі болып табылады. Егер тіршілік барысында әер етуші факторға бейімделе алмас, организмдегі функциональдық үрдістер әлсірей бастайды.
Мысалыя. И.Месробян., Ш.Г.Берган (1977., И.М.Карпуть (1981) пікірінше жұқпалы аурудың пайда болуында қарсы тұру тек қана иммундық қасиетіне ғана емес, организмнің табиғи резистенттілігіне де байланысты екен.
Бұл құбылыс жануарлар түрлеріне, генетикалық ерекшеліктеріне, метаболизмдік әрекетпен организмнің жекелей қасиеттеріндегі – кілегей қабықтардың қорғау қабілеттері, қарын сөлінің сапалылығы қандағы фагоциттік қабілеттің пәрменділігі және жасушалық, гуморальдық факторлардың өзіндік қасиеттеріне тікелей байланысты болып келеді.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек қанның бактериоцидтік қасиеті, жас мөлшері, физиологиялық жағдай және патологиялық жағдайларды анықтауда септігін тигізетіндігі айтылады. Сонымен қатар жыныстық, жыл мезгілі және тәуліктік ритмдегі физиологиялық процестерді ескеру керек.
Сондай-ақ, жас организмнің жетілу мерзімдерін білу барысында төлдің эмбриональдық және постэмбриональдық қалыптасу кезеңдеріне қатысты ауру патогенезін жыратуға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
Жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусы және ауытқулықты тану.
Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты морфофункциональдық қалыптасуы.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен № 4 Дәріс
Модуль 1 Ветеринариялық пропедевтиканың жалпы ветеринариялық диагностикадағы маңызына таным
Тақырыбы: Жануарлар организміндегі морфофункциональдық жағдайдың қалыптасуы. (Өмірге бейімділігінің төмендеуінің негізгі себебін тудырушы факторлардың клиникалық көрсеткіштерге байланысы).
Жоспары:
Төлдердің өсу мерзіміндегі негізгі морфофункциональдық көрсеткіштер.
Организмнің дамып жетілуі және жалпы құрылымдық қағидалары: ( мүше, мүшелік жүйе және тұтиас организм туралы түсінік; қозғалыс мүшелерінің жүйесі).
Төлдердің өсу мерзіміндегі негізгі морфофункциональдық көрсеткіштер.
Жалпы организмнің дербес дамуы гендік бағдарламада болып, оның жүзеге асуы зиготалық түзілімнен басталады. Бұндағы алғашқы жағдай – аналық организм ортасына байланысты бола келіп, төлдің дербес дамуы барысында яғни, туғаннан кейін организмнің өзіндік дамуына әсер ететін факторларға байланысты болып келеді. Бұл факторлар нейроэндокринді механизммен жүзеге асырылады.
Төл мен енесі аралық байланыс плацента арқылы іске асады. Болашақ төлге тітіркендіргіш жағдай әсер еткенде мысалы, қандағы оттегі қоры жеткіліксіз болса, төлдегі қозғалыс артып, плацента арқылы қан келуі ұлғайып, жетіспеушілік қалпына келеді.
Сондықтан да төл енесінің жағдайына байланысты болашақ төл организмінің қалыптасуы дамиды. Төл өмірге келгеннен кейін: уыз, сүт ему және физиологиялық жетілу барысында жынытық жетілу, жоғары өнім беру кезеңдерінен өтеді. Жалпы төл организмі туа ала мүлде басқа ортаға тап болып, өзгеше жағдайға душар болады. Мысалы, жердің гравитациялық өрісі басқадай әсер етеді. Сондай-ақ, төл туғаннан кейін 1-2 аптадан соң терморегуляция пайда болады. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыр жүйесі бойынша плаценталық қан айналыс немесе қамтамсыз етілуі кенет өзгеріп, ірі жануардікі тәрізді қызметке ауысады.
Төлдің қаны гемоглобинге бай болады (фетальный Ғ-Hb). Бұл үрдіс 3-айлық жасына дейін жалғасып, ірі жануар гемоглобині тәрізді түріне ауысады (А-Hb, - ге). Ал төлдегі эритроцит көлемінің үлкен болуы арқасында төлде – оттегі жетіспеушілігі туындамайды. Өнімі жоғары малдың төлдерінде бұл ерекшелік айқын байқалады. Лейкоцит мөлшері уыз қабылдағаннан кейін 24/сағ. соң 1,2 ее өседі. g- глобулин (уыздық), 60-күнге одан да артық сақталады. Өзіндік интез 30-50 күннен бастап қалыптаса бастайды.
Лимфа түйінінің қызметі алғашқы уыз қабылдаған соң басталады. Иммундық жүйе – туа сала қызметі қабілетсіз болады. Иммундық жүйе тарапынан: сүйек кемігі (костный мозг), тимус, көк бауыр, таңдай (небные миндалины) туғаннан кейін қалыптсады. Арнайы (спецификалық) емес факторлар: комплемент, лизоцим, пропердин. Фагоцитарлық қабілет.
Ветеринариялық тәжірибеде организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігін анықтау тәсілдерінеде әртүрлі әдістемеліктер мен қатар тері рекциялары қолданылып келеді. Бұнда 0,1% гитмин ерітіндісі тері астына енгізіледі. Бұл ұсыныс бойынша – табиғи резистенттілік қасиеттегі организмнің біртұтастығын, жалпы биологиялық тұрғыдан түрдің эволюциялық дамуы, ал екінші жағынан – организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделу мүмкіндігін көруге болады. В..Николский /1958/ бұзаулардың алғашқы 10 күндік мерзімінде, тері реактивтілігі әлсіз болып, жасына қарай арта отырып, 2-3/айылық жасында өте айқын білінетіндігі айтылған.
Сонымен қатар жыныстық, жыл мезгілі және тәуліктік ритмдегі физиологиялық үрдістерді ескеру ұысынылады.
С.С.Абрамов /1990/ пікірінше 4-5/апталық жасында сүт құрамындағы антиденелер азаюына байланысты организмнің қорғаныстық қабілеті де әлсірейді.
Жалпы жас организмнің жетілу мерзімдерін нақтылай білу – жануарларды емдеу-сауықтыру шараларында аурудың патогенезін ажыратуда мүмкіндік береді.ғылыми дәлелдемелерге қарағанда, бұзаулардың туғанынан 12-айлық жасына дейінгі мерзімдеріндегі нақтыланбаған резистенттілікті зерттеу жұмыстары бойынша: бұзулардың айлық жсына таман фагоцитарлық белсенділік арта отырып 6/айлық жасына таман бір қалыпқа келеді. Бірақ кейбір табиғи резистенттілік көрсеткіштері ертерек қалыптасып үлгереді екен. Мысалы, қан сары суындағы бактериоцидтік беленділік 3/айлық жасында ересек малдағы дәрежеге тең келеді. Сондай-ақ лизоцим түзу қабілеті болып, 2/айлық жасындағы лизоцимдік көрсеткіш шегіне жетіп, 6/айлық жасына дейін бір қалыпта сақталады.
Төлдер ауруларының екінші бір ерекшелігі олардың организмінің физиологиялық қызмет атқаруға қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт мөлшері қажет. Сол уақыт аралығында физиологиялқ қызметі дұрыс қалыптасып үлгермеген организм сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төтеп бере алмай, ересек малдарға қарағанда әртүрлі ауруларға жиі шалдыққыш келеді. Аурудың себептерін, даму процесстерін ескере отырып, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін қалыптастыру мақсатымен жан-жақты емдеу тәсілдерін қолданған жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.
Бақылау сұрақтары:
1Төлдердегі негізгі морфофункциональдық көрсеткіштер.
Организмнің дамып жетілуі және жалпы құрылымдық
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен № 5 Дәріс.
Модуль 1 Ветеринариялық пропедевтиканың жалпы ветеринариялық диагностикадағы маңызына таным
Тақырыбы: Морфофункциональдық қалыптасудағы жалпы биологиялық мәселелердің негізгі себептерін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.
Жоспары:
Жануарлар организмнің өсіп жетілуіндегі жалпы биологиялық мәселелер
Жас ерекшелігіне сай: төлдердегі уыз, сүт ему, жыныстық жетілу, тұқымдық және тұқым ішілік ерекшеліктер мен ауытқулықтар
Сау оргнизмнің тіршілік әрекетіндегі негізгі заңдылықтарды білмей тұрып, ауру малдағы клиникалық-диагностикалық маңызы бар мағлұматтарды алу мүмкін емес.
Патологиялық үрдістердің білінуі мен дамуының қалыпты кездегіден өзгешелігі. Оның басқаша заңдылықта әртүрлі клиникалық, биохимиялық және морфологиялық көріністе өтіп, басқадай көріністердің пайда болуымен сипатталынады. Осығн қажетті көптеген мағлұматты біз патологиялық физиология ілімінен алмыз. Мысалы, молекулалық патофизиология малдың әртүрлі аурулары кезіндегі жасушалық органелладағы өзгерістерді зерттеп – дұрыс диагноз қоюға және емдеу тиіммділігін арттыруға дәйектеме бере алады.
Бұнда клиникалық көрініс деректердің негізінде әрі тиісті талдау жүргізіліп, қорытындылау арқылы патологиялық үрдістің бірқатар даму заңдылықтары анықталады. (Вавилон патшаы Хаммурбидің заңдар жинағында мал дәрігерлігі мамандығы туралы 224 бап болды).
Ал ауруына анықтама бергенде басты көрсеткіштің бірі ретінде, олардың өнімділігінің бұзылуы қарастырылады.
Малдың қорғаныш-физиологиялық функциясын жұмылдыру организмнің зиянды тітіркендіргіштерге төзімділігін арттыру.
Жалпы ауру кезінде функциональдық және морфологиялық-патологиялық өзгерістер байқалады.
Кейде ауруды патологиялық күйден ажырата қою оңайға түспейді. Осы себепті патологиялық үрдістің тұтастай организмді ауруға шалдықтыруы, ауру организмнің дамуы бұзылуынан болатын таза сандық, сондай-ақ, сапалық жаңа форм болып саналады.
Сондықтан аурудың дамуы организмнің күйіне оның тұқым қуалаушылық конституциялық қасиеттеріне, мал организмінің оған жауап беру сияқты мәселелерге байланысты. Мысалы, организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда болуында және даму барысында үлкен рөл атқаратындығы дәлелденген (гомеостаз). Сондай-ақ, тұқым қуалаушылық ең қиын, әрі уақытта түсіндіруге келмейтін жұмбақ құбылыс.
Осы жоғарғыдағы айтылған мәселелерді клиникалық физиология оқытып, пайда болу құбылыстарының заңдылығын, аурудың дамуын – этиологиясы мен патогенезіне мағлұмат береді. Бұл үшін біз жануарлар организмінің дербес жүйелеріне қатысты әр мүшенің жануарлардың жас ерекшелігіне организмнің морфофункциональдық қабілетіне байланысты өзіндік қызмет атқаруын нақты бағалай алуымыз керек.
Мал дәрігерлік емдеу ғылымының бағынатын негізгі заңы организммен қоршаған ортаның бірлігі С.П.Боткиннің «Ауруды емес ауру организмді емдеу керек» деген қағидасы да осы заңға байланысты. Сондай-ақ емдеу ғылмының ең негізгі заңдарының бірі оның физиология ғылымының заңына бағынуы. Организмнің өте күшті қорғану қасиеттері бар, соның арқасында қоршаған орта мен тепе-теңдік сақталып отырады. Фагоцитоз, иммунитеттің пайда болуы, түрлі рефлекс жүйесі, организмнен удың ішек-қарын, бүйрек, бауыр, тыныс ағзалары арқылы шығарылуы, сияқты әрекеттер ауру организмнің жазылуына көп әсерін тигізеді. Бұл өте күрделі жүйе малда ұзақ уақыт, филогенез процессі кезінде пайда болған.
Бақылау сұрақтары:
Жануарлар организмнің өсіп жетілуіндегі жалпы биологиялық ерекшеліктер
Жас ерекшелігіне сай: төлдердегі уыз, сүт ему, жыныстық жетілу, тұқымдық және тұқым ішілік ерекшеліктерді тану.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №6 Дәріс
Модуль 1 Ветеринариялық пропедевтиканың жалпы ветеринариялық диагностикадағы маңызына таным
Тақырыбы: Жұқпалы емес аурулар патогенезі салдарынан туындайтын қан құрамындағы биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруін анықтаудың ветеринариялық-пропедевтикалық методологиясы.
Жоспары:
Ветеринариялық ғылыми практикадағы биохимиялық көрсеткіштерді анықтудың маңызы
Қан сары суындағы жалпы белок және оның фракциялық бөлімдерін зерттеудің т.б клиникалық-диагностикалық негізгі әдістер.
Гуморальды қорғаныс фкторлардың жануарлар организмінің физиологиялық жағдайларын байланысты өзгеруіне сипаттама.
Ветеринариялық ғылыми практикадағы биохимиялық көрсеткіштерді анықтаудың маңызы
Ветеринариялық пропедевтикалық методология негізіне эндогенді және экзогенді химиялық компоненттерді, клеткалық және клеткадан тыс түзілген биологиялық сұйықтар мен тіндерді зерттей отырып, олардың биологиялық сұйықтық ара қатынсы (қан, сүт, несеп) және т.б тексеру жалпы клиникалық диагностикада өте маңызды мағлұмат беруімен ерекшеленеді.
Бұл құрылымдық жүйенің жалпы функциональдық қабілетін тексере алу, оны талдау арқылы организмнің клиникалық физиологиялық жағдайын нақты бағалауға, емдеу және алдын алу шараларын тиімді жүргізуге болды.
Осы мақсатқа орай жануарларды жоспарлы түрде тексеріп, аурудың диагнозын қою, аурудың этиологиясын және патогенезін дәйектеудің методологиясын меңгеру қажет. Сондықтан да жануарлардың клиникалық-биохимиялық және морфофункциональдық жағдайын бақылау әсіресе ғылыми зерттеулер барысында эксперименттік бақылауларда өте маңызды болып саналады.
Бұл зерттеулердің маңыздылығы қазіргі жағдайдағы мал шаруашылықтарында болып жатқан күрделі өзгерістер кезінде өте маңызды. Себебі кәсіптік және әуесқойлық мақсатта әртүрлі жануарлар мүлде басқа құрлықтар мен елдерден тасымалданып, біздің жерімізге, табиғатымызға бейімделу барысында күтпеген келеңіз жағдайларды туындатуы мүмкін. Міне, сол клиникалық-физиологиялық құбылыстарға дәйектеме беруде биохимиялық зерттеулер мол мағлұмат бере алады.
Қан сары суындағы жалпы белок және оның фракциялық бөлімдерін зерттеудің т.б клиникалық-диагностикалық негізгі әдістер.
Соныен қатар биохимиялық зерттеулерді жүргізу жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алуда, диагноз қоюда маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қан жүйесі қызметі: қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа, ол ұлпалық сұйық, организмде әртүрлі қызмет атқарады. Тасымалдаушы, қорғаныстық – жасушалық, гуморальдық, жылу реттеуші, байланыстырушы жасушалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап мүшелерді өзара байланыстырады.
Плазма және қан сары суы – құрамында бояғыш заттардың (лютейн, каротин, ксантофилл) болуына байланысты. Плазма белоктары – альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан сары сұйықты қан сары суы деп атайды. Қан сары суының құрамында фибриноген белогы ғана болмайды.
Ветеринариялық диагностика тәжірибесінде – зертханалық тұрғыда жануарлар организмінің әртүрлі жүйелерінің қызметі зерттеу кезінде ондағы зат алмасу жағдайын және дер кезінде ауруды анықтауда ветеринария ғылымының осы күнгі ғылыми-техникалық жетістіктеріне сәйкес төмендегідей саралау әдістемеліктері қолданылады:
Морфобиохимиялық зерттеуде қанның морфологиялық көріністік жағдайын анықтау жүргізіледі. Бұнда лейкограмма Филипченко әдісі бойынша есептелінсе, гемоглобин Сали гемометрі арқылы анықтау қлыптсқан.
Эритроцит пен лейкоцит мөлшерін анықтау Горяев камерасы арқылы.
Қан сары суы құрмындағы жалпы белок рефрактометр және белоктық бөлімдері фотоэлектрокалориметр арқылы тескеріледі.
Лизоцимдік қабілеттілікті анықтау агарлы (қоректі орта) ойықтағы литикалық көрініс бойынша жүргізіледі.
Айналымдағы иммундық кешен (ЦИК) – нефелометриялық түрде – иммуноглобулиндердің полиэтиленгликол ортасындағы өзгеруін анықтауға негізделген.
Каротинді – петролейлі эфир немесе ұшақ отынымен колориметриялық әдіспен анықтайды.
Қан құрамындағы: Т – лимфоцитін қой эритроцитін пайдалану арқылы розетка түзілуі әрекеті нәтижесінде, В – лимфоцитін 3-ші комплемент компонентіне лайықты рецептор арқылы анықталады. Бұнда қой эритроцитіне қарсы құрғақ гемолитикалық қан сары суы (гемолизин) қолднылады.
Организм өзінің морфофункциональдық жағдайының ерекшеліктеріне байланысты өзіндік иммунологиялық қорғаныстық жүйесі бола тұра, сыртқы және ішкі факторлардың жағымсыз әсерлері салдарынан әртүрлі дәрежедегі – клиникалық көріністерімен организмдегі иммуноморфобиохимиялық құрылымдардың қалыпты жағдайынан ауытқуы мен сипат танытады.
Мысалы, белок организмдегі барлық маңызды үрдістерде төмендегідей басты қызмет атқарады:
Ішкі орта тұрақтылығын сақтау, өсу, көбею, тұқым қуалау, сондай-ақ, табиғи резистенттілікті дәйектеуде иммунитеттің қалыптасуында негізгі қызмет атқарады. Ал, осы белок: альбуминді және глобулинді фракциялардан тұрады.
Альбумин осмостық қысымды реттеп, эритроцитті гемолизден сақтап, коллойдтық қорғаныстық қызмет атқарады. Жалпы организмде тотығу-тотықсыздану процесі артқан сайын альбумин мөлшері де артуы шарт.
Гамма глобулин белоктық фракциядағы иммунобиологиялық процессте ең басты қызмет атқарады. Мысалы, бауыр функциясы бұзылған жағдайда, яғни ретикулоэндотелилік қызмет өзгерсе, бета – глобулин мөлшері де өседі екен.
Осы жоғарғыдағы дәйектемелер мақсаты организмдегі биохимиялық өзгерістерді анықтауға негізделген. Бұл, патогенездік жағдайды саралауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жануарлар жасының өсуіне қарай организмдегі зат алмасу деңгейіне байланысты қан мен тіндегі бірқатар биохимиялық көрсеткіштер өзгереді. Ол негізінен маусымдық және азықтану түрлеріне де байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |