ПоәК 042. 18-24 03/01 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж


Тері және тері асты клетчатканы тексеру



жүктеу 1,09 Mb.
бет6/10
Дата19.11.2018
өлшемі1,09 Mb.
#20934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тері және тері асты клетчатканы тексеру


Тері және тері астындағы клетчатканы көру және сипалау арқылы тексереді. Кейде нұқуды пайдаланады. Паразиттік және инфекциялық ауруларда микроскоптық әдісті қолданады. Алдымен терінің физикалық жағдайын (тері қабының, құстың қауырсындарының жағдайын, тері түсін, ылғалдығын, иісін, қызуын және иілгіштігін), ал содан кейін терінің патологиялық өзгерістерін (ісік, қабыну, эмфизема), бүтіндігінің бұзылуын тексереді.

Терідегі болуы мүмкін патологиялық өзгерістер


Мұнда тері көлемінің ұлғаюы- қабынулар, тері асты клетчатканың эмфиземасы, элефантиазис жатады. Тері бөртпелері біріншілік болып және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік бөртпелерге – дақ, төмпешік, күлдіреуік немесе күлдіреу жатады. Екіншілік бөртпелерге – қабыршық, қыртыс, эрозия жатады. Екіншілік бөртпелер біріншілік бөртпелерден түзіледі. Тері бүтіндігінің бұзылуына – сызат, жарылу, жарақат, ойық жара, шіру, тері жарасы мен тыртықтар жатады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы диагностиканың негізгі теориялары.

  2. Жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусы.

  3. Ветеринариялық таным негізіндегі клиникалық тексеру.

  4. Жоғарғы жүйке қызметі.

  5. Конституция.

Тері және тері асты клетчатканы тексеру



Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013



Қосымша әдебиеттер:

3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.

4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964

5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №3 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Жануарлардың жас ерекшелігіне байланысты морфофункциональдық қабілеттіліктің қалыптасуын бағалаудың физиологиялық-клиникалық диагностикадағы практикалық маңызы.

Құрал-жабдықтар: Бұраулар, қысқыштар, вазелин, термометр, залалсыздандыру заттары.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой, ауру жануарлар.

Сабақтың мақсаты: Жануарлардың жас ерекшелігіне байланысты морфофункциональдық қабілеттіліктің қалыптасуын бағалау. Организмге әсер ететін ішкі және сыртқы орта әсерлері тарапынан туындайтын клиникалық, физиолого-биохимиялық морфофункциональдық және басқадай заңдылықтар динамикасын бағалау және алынатын эксперимент нәтижесін сараптауды оқыта отырып, ветеринариялық пропедевтика ілімінің негізіндегі семиотикалар ажыратылып, диагностика қоюдың негізгі алғы шарттары қалыптастыру. Мысалы - организмге әсер ететін ішкі және сыртқы орта әсерлері тарапынан туындайтын клиникалық, физиолого-биохимиялық морфофункциональдық және басқадай заңдылықтар динамикасын бағалау және алынатын эксперимент нәтижесін сараптауды оқыта отырып, ветеринариялық пропедевтика ілімінің негізіндегі семиотикалар ажыратылып, диагностика қоюдың негізгі алғы шарттары қалыптасады.

Студенттерге көрінетін кілегей қабықтары мен беткі лимфа түйіндерін тексеруді үйрету. Олардың жұқпалы емес аурулардағы өзгерістерін анықтауды үйрету. Студенттерге қызбаның түрлерін ажыратуды үйрету.



Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:

Жұмысты ажырату әдістемесі


1. Жануарлардың (жылқы, сиыр, қой, қоян) конъюнктивасының және кілегей қабаттарының түсіне, ылғалдығына, ісінулеріне және түзілістердің бар-жоқтығына назар аудару.

Сау малдарда кілегей қабаты қызғылт түсті, қалыпты ылғалданған, ісінулер мен түзілістерсіз болу керек. Жылқылардың танау аралық пердесінің кілегей қабатының түсі көкшіл болады. Ауруларда кілегей қабаттар өзгереді. Қан кетуде кілегей қабаттары ақшыл түсті болып кетеді. Пневмонияда, жүрек мүкісі, қызба, қозу кезінде кілегей қабаттарының қызаруы байқалады. Сары ауру, инфекциялық анемияда кілегей қабаты сарғыш түсті болады. Кілегей қабаттарының домбығуы қабынуларда байқалады. Үлкейген конъюнктива көз саңылауынан қызыл валик тәрізді қатпар түрінде шығып тұрады. Ол инфлюэнца, жұғымтал ала өкпе, оба ауруларында кездеседі.

Кілегей қабаттарында ақ және сұр түсті түзілістер болады. Асқорыту трактісінің ауруларында ақшыл-сұр түсті түзіліс байқалады. Жылқылардың энфлюэнца ауруында конъюнктивада фиброзды түзілістер пайда болады.

Кілегей қабаттарының секрециясының көбеюі қабынуларда байқалады. Конъюнктивалық қап, ауыз, танау және қынап ауруларымен сипатталады. Ағындылар сірлі, кілегейлі, іріңді т.б. болады.

2. Дені сау жылқы, сиыр, қойдың лимфа түйіндерін және ауру малдардың лимфа түйіндерін тексеру.

Көру және сипалау арқылы лимфа түйіндердің көлеміне, пішініне, тығыздығына, қозғалғыштығына және лимфа түйінін жауып тұрған терінің қызуына назар аударады. Жылқыларда жақ асты, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.

Ірі қара малдарда және ұсақ малдарда жақ асты, жаурын алды, тізе қатпары және желін үсті лимфа түйіндерін тексереді. Түйелерде жақ асты, жоғары және төменгі мойын, жаурын алды, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.шошқаларда лимфа түйіндерін сипап табу өте қиын, бірақ оларды жұтқыншақ арты безі міндетті түрде тексеріледі, өйткені олар туберкулез, сібір жарасы кезінде зақымдалады. Иттерде, мысықтарда шап бездерін, ал құстарда төменгі мойын бездерін тексереді.

Ауруларды (лейкоз, туберкулез, сақау және т.б.( лимфа түйіндерінің ісінуі мен үлкеюі байқалады.

3. Әрбір студент жылқы, қой, сиырдың дене қызуын максимальді малдәрігерлік термометрді тік ішекке, ал құстарда клоакоға салу арқылы өлшейді. Дене қызуын өлшегенге дейін термометр дезинфекциялық ертінді құйылған сауытта тұрады. Дене қызуын өлшеу алдында термометрге вазелин жағады, түсіп қалмау үшін арнайы құрал арқылы құйрық түбіне қыстырып қояды. Дене қызуын жұмыс дәптеріне жазып алу керек.

Қызба. Патологиялық тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның жалпы жақсы жауап беруі, ал жылу түзілудің бұзылуымен және дене қызуының көтерілуімен және дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Қызбалық процесте қалтырау, асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелері мүшелерінің, жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады.

Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызба төмендегідей бөлінеді:

1) субфибрильді (1° жоғарылауы);

2) Фибринді (2° жоғарылауы);

3) Перитикалық ( 3° жоғарылауы);

4) Гипер перитикалық (3°ары қарай жоғарылауы);



Қызба түрлері:

Эфимерлік және өткінші:

Тұрақты;

Әлсіздендіргіш;

Аралық;

Қайталанбалы;

Антиптік;

Арықтандырғыш

Қызба ауруын емдеудің үш кезеңі:

Дене қызуының жоғарылау кезеңі;

Дене қызуының ең қатты жоғарылау кезеңі;

3) Дене қызуының төмендеуі, ол литикалық және критикалық болады.

4. Оқытушы берген мәлімен бойынша студенттер дене қызуының қисығын құрады да, қызба түрін және ол қай ауруды кездесетінін анықтайды.


жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау