ПоәК 042-18-22. 61/03-2014 2014ж. № басылым


Тіршілік сүру жағдайларын жақсарту үшін



жүктеу 0,54 Mb.
бет5/7
Дата04.02.2020
өлшемі0,54 Mb.
#28168
1   2   3   4   5   6   7

Тіршілік сүру жағдайларын жақсарту үшін: өсімдіктер, жануарлар, минералдармен қосымша қоректендіру, уақытша азық және қорған жағдайларды құру (ағаш кесінділерін қалтыру, уақытша паналайтын орын жасау, шала кесулер, қуыс ағаштар, биік түбір қалдыру), уақытша суаттар құру, малта тас-галечник және пыр-пыр етіп ұшу орнын құру, жыртқыштар санын бақылау, жем-шөптің, суаттардың қолайлығы, тынышсыздық факторы әсері мен уақытын реттеу, ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізу керек. Жануарлардың орнығу санын реттеу үшін: дарақтық-популяциялық құрылымды, орнығу құрамын (түрлер ара қатысы), орнығу санын (жануарлар орнығуының тығыздығы), жануарлардың кейбір түрлерінің жерсіндіруін-интродукция білу керек. Жабайы жануарларға әсер ететін орман шаруашылығындағы іс-шаралар. Орман шаруашылығы қызмет процесінің жабайы жануарларға тікелей және жанама түрдегі әсерлері.

Тынышсыздық факторы (жануарларды жұмыс процесінде үркіту).

Баспананы бұзу және жою.

Жануарлардың өзін жою (салынған жұмыртқаларды, балапандарды, төлдерді, ірі жануарларды).

Ормандағы мекен орнының өзгеріске ұшырауы-трансформация.

Жаппай кесу әсері.

Кесі технологиясы мен тұқым ауыстырудың маңызы.

Жаппай кесудің омыртқалыларға тигізетін әсерінің жалпы бағасы.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Пайдаланатын жер-су сапасын жақсарту, ауланатын жануарлардың тұрақтары жағдайын уақытша жақсарту, аңшылық мақұлықаттың сан және сапа құрамын көбейту, ауланатын жануарларды қорғау іс-шаралары қалай өтеді?

  2. Жыртқыштарды сұрыптап, санын реттеу үшін неге атады?

  3. Биотехниялық жұмыстар кешеніндегі орман шаруашылығының іс-шараларын сипаттаңыз.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)
3 Модуль Аңшылықтану.

14 дәріс тақырыбы–Ауланатын жануарларды аулау тәсілдері және құрал-саймандары. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы. Аң аулау шаруашылығының экономикалық тиімділігі.



Дәріс жоспары:

Аң аулау қару-жарақтары және оқ-дәрілері. Өздігінен аулайтын тұзақтар.

Зиянды кемірушілермен күресу шаралары және зиянды жануарлар түрлерін жоюға арналған улы химикаттарды қолдану.

Аң аулайтын иттер, олардың тұқымдары.

Иттерді жаттықтыру және пайдалану (қолдану).

Аушы құстар.

Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы.

Аң аулау шаруашылығының экономикалық тиімділігі.



Дәрістің қысқаша жазбасы. Адамзат жер шарының тіршілік тараған аймағы-биосфераның бір бөлігі, оның біртіндеп тарихи дамуы-эволюцияның өнімі болып келеді. Бірақ, адам мен табиғи бірлестіктің-сообщество өзара қарым-қатнасы еш уақытта бұлтсыз болған емес. Адам ертеден алғашқы қарапайым қаруды дайындаған бері табиғат құрған заттармен риза болмай, өз тіршілігіне қажет тұрмыс заттарды т.б. кіргізуде. Олар табиғи биологиялық зат айналымынан тыс жатуда. Өркениеттің-цивилизация пайда болуы, ол биологиядан жоғары жатқан қажеттік пен материальдық технология ортасы туғанын көрсетеді. Жабайыадамдардың аң аулау қызметі, сөз жоқ, көптеген ірі шөпөоректі жануарлардың құрып бітуін жылдамдатты. Аң аулау мақсатымен өсімдіктерді жағу территорияның босауына жеткізді. Онымен қатар, аңшылар мен жинаушылар тобының бірлестікке деген әсері әдетте айтарлықтай болмайды. Адам мал шаруашылығына, егіншілікке көшкендіктен бірлестіктер тобын ауыстырып, жоя бастады. Соңғы 100 жыл ішінде 2 өте маңызды өзгеріс-сдвиг өтті. Біріншіден, Жерде халық саны күрт өсті (1969-минутына 150 адам; 1989-179; 2000 ж. Жердегі халық саны 6,1 млрд. адамға жетті; 2025-9,4 млрд. адам болады). Екіншіден, оданда күрт өнеркәсіп, қуат-энергия өндірістері және ауыл шаруашылық өнімдері (21 ғасыр басында Жердегі барлық халыққа күнделікті 2 млн. т. жуық азық, 10 млн. куб.м. ішетін су, тыныс алу үшін 2 млрд. куб.м. оттегі қажет) артты. Бүгін барлық адамзатқа қажет 300 млн.т. заттар мен материалдар өндіріледі, 30 млн.т. жуық отын жағылады, 2 млрд. куб.м. су және 65 млрд. куб.м. оттегі пайданылады. Халық санының өсуі азық өнімдерін өндірілуінің көбеюін, жаңа жұмыс орнын құруды және өнеркәсіп өндірісін кеңейтуді талап етуде. Аң аулауды анықтау (ізіне түсу, аңды індету, олжалау, еріксіз ұстау).

Аң аулау түрлері: кәсіпшілік (кәсіби), әуесқой, спорттық.

Аң аулау тәсілдері: мылтықпен, итпен, аушы құстармен (сұңқармен), қапқан кәсіпшілігі.

Аң аулаудың әр түрлілігі: мерзіммен (жазғытұрғы, жазғы-күздік, қысқы), гаевая (қабанға), апанда (аюға), сайда (қасқырға), шұңқырда (құрға), өткелде (бұғы), өкіруде (үзбара), еліктіру, еліктіруші үйрек және т.б., жалау көмегімен сорда, құс ойнағында, құстың келуі-қайтуында-тяга, інде (түлкі, борсық, енот тәрізді ит).



Үкі–сирек кездесетін құс, аң аулау шаруашылығына еш әсер етпейді. Сондықтан үкіні аулап, ұстап алу үшін арнайы рұқсат қажет. Ақ жапалақ, Арктиканы мекендейді, тек анда-соңда шіл, үйрек, тіпті қарашақазды, жиі кемірушілер, тоқалтіс тышқандарды аулайды. Ол үлкен Арктика шөлі мен дала кеңістігіндегі аң аулауға пайдаланатын жер-суда өте сирек кездеседі де, күшті зиянын тигізе алмайды. Басқа үкілер-өте пайдалы құстар. Олар көптеген жәндіктерді, кеміргіштерді жояды. Құстарға шабуыл жасамайды, қайта өздері қорғауды қажет етеді. Сондықтан, ол түнгі жыртқыш құстарды аулайды деу артық болар. Күндізгі жыртқыш құстар арасында көбі (аражеушілер, кезқұйрықтар, жамансары, ақсары, қыран, басқа) сөз жоқ пайдалы. Олардың кейбіреуі негізінен жәндіктер, кемірушілер, бақалар, жыландармен, басқалары - жемтіктермен қоректенеді де, санитар ретінде пайда келтіреді, ал үшіншілері өте сирек кездеседі де, өздері қорғауды қажет етеді. Шапшаң ұшатын, жиірек құстарға шабуыл жасайтын сұңқарлар-лашын, ителгі, ақсұңқар, жағалтай, бөктергіде өте сирек кездесетін болды. Бұрын оларды аушы құстар ретінде пайдаланды, қазірде кейбір жерде аушы құстар ретінде пайдалануда. Осы құстар кезінде атақты сұңқармен аң аулау деп аталды. Бүгін олардың өзі барлық жерде қорғауды қажет етеді. Бізде мекендейтін құладынның-лунь 5 түрінің ішіндегі, тек батпақты жердегісі қана аң аулау шаруашылығына зиянын тигізеді. Құр, шіл, сұр құр, ақтиін, тіпті қоянға шабуыл жасайтын қаршығада аз зиянын тигізбейді. Бірақ, қазір ғалым-табиғат зерттеушілер жыртқыштарға жем болатын көбінесе ауру, әлсіреген, жас немесе кәрі жануарлар екенін толық дәлелдеді. Сондықтан жыртқыштар бірталай аңдар мен құстар басын сауықтырады, ал біз оларды аулаймызда, пайда келтіреміз. Тек аң аулау шаруашылығы жақсы ұйымдасқан жағдайда, әсіресе барлық аңдар мен құстар есепте болып, адам өзі іріктеп атып алса, онда жыртқыш құстарсыз да шаруашылықты сауықтыруға болады. Мұндайда құстарды жақсы ажырата алатын осы шаруашылықтың қызметкерлері қаршығаларды, құладындарды атып алады. Жыртқыш емес, әдеттегі құс-ала қарға рөлін айқындау қиындыққа соғады. Бір жағынан, ол нағыз ұры. Себебі, ол суда жүзетін құстардың ұясынан жұмыртқаларды алып кетеді. Оның бұл кінәсі документті кино және фото кадрлармен дәлелденді. Ал, басқа жағынан, ол пайдалы рөлде атқарады. Оны байқағыш аңшылар жақсы біледі. Ала қарға алғашқы болып ну талда, суарма шабындықты мекендейтіндерге қауіптің жақындағанын хабарлайды. Адамды қайықта немесе күркеде көріп, әр ала қарға міндетті түрде "Міне, ол мұнда, одан сақ бол, қалай болса да, құылыңдар!"-деп, қарқылдайды. Осы ала қарғалар бірінші болып, ұшып келген жыртқыш құсқада қарсы ұмтылып, барлығы жабылып, оны қуады. Ала қарғалар, жемтікті теретін ең көптеген санитарлық құстар қатарына жатады. Жыртқыш аңдарды, әсіресе ірі аю, жолбарыс, барыс, қорқау қасқыр, қасқыр, сілеусінді аулау, ең күшті әсер береді және барлық аң аулау ішіндегі ең тартымдысы болып келеді. Жыртқыш аңдарды спорттық мақсатта аулау, өз мәні жағынан барлық ең қызықты спорт түрлеріненде басым болады. Жас аңшы, жыртқыш аңдарды аулауға әдеттеніп, өзіне көптеген тәжірибе алады. Жыртқышты қоршап ұстап алу, оны ізіне түсу, көлемін жалаумен белгілеу, аңды орман түпкірінде итпен ізіне түсу аңшыны әр уақытта толқытады, әрі өзін ерлікке тәрбиелеу мектебі болып келеді. Жауыз аңмен жекпе-жекке түсуде ерлік және батылдық туады. Қиын тайга жорығында шынығу және ептілік, тапқырлық және шыдамдылық пісіп, жетіледі. Жыртқыш аңдар аулауды ер жүректер спорты деп атайды. Бұл анықтамада ешқандай артып айтқандық жоқ. Аңшы ит мұрыны өтпейтін орманға жиі сабалақ жүнді аюға жалғыз, өзімен тәжірибелі иттің бір тұқымы-лайканы алып шығады да, жекпе-жекте орман күштісін жеңеді. Ол апаннан аюды көтеріп алып шығып, сескенбестен оны басынан атады. Ол түнде жұртшы-стервятник алдында да қорықпайды: аңды сұлыда немесе тұзақта аңдып, сабырлылықпен, асықпай, төбесі жоқ қора түгілі, жерге жасырынып тұрып атады. Атқан оғыңызды жыртқыштың өлетін жеріне тигізбей, тек азулы тістерімен немесе тырнағымен тырнатып көріңіз. Онда түнгі қаңғыбас ауырғаннан құтырып, сол бетте өзіңді жерге жаншып, өлтіреді. Нағыз аңшы тізбектеліп, бірінің ізімен бірі келе жатқан қасқырлар үйіріненде қорықпайды. Оларды алыстан көріп, шыдам мен қозғалмай жақындағанын тосып, ал оны сезіп қалып жалт бұрылса, онда оларға бүйірін тосып, уақытын өткізбей, басшысының жауырыны астынан ірі бытыра оқпен, одан кейін екінші қасқырды атады. Ол кезде басқалары жан-жаққа қаша бастайды. Аңшылар иттер көмегімен ұсталған жолбарысты тірідей ұстайды. Бұл да - оған тұмылдырық кигізіп, аяқтарын байлап, оны торға отырғызу зор батылдық емес пе? Ірі аңдарды аулау батылдық пен ұстамдылық түгілі, жыртқыштың биологиялық нәзік ерекшеліктерін, иір ойықты мылтықпен мергендік дағдылықты пайдалана білуді қажет етеді. Ия, зиянды жыртқыштарды жою мақсаты да, өте маңызды және пайдалы. Қасқырдың шексіз зияндығын айтпай-ақ, одан басқа қорқау қасқыр, сілеусін, құну-росомаха, шиебөрі-шакал, жабайы мысық және харза аң аулау шаруашылығына есепсіз зиянын тигізеді. Аңшылар оларды аяусыз жоюы керек. Біздің орман, тау, даланы мекендейтін көптеген жыртқыштар ішінде, пайдалы да түрлері бар. Оған тоқалтістерді жоятын сасық күзен және дала, үй тышқандарын жоятын аламан-хомяк, сарышұнақ, аққалақ-ласка жатады. Түлкі құстардың ұяларын бүлдіруімен, жоюуымен жартылай зиянын тигізеді. Олар негізінен дала, орман тышқандарымен азықтанатындықтан, шексіз зияндығын тигізетін аңдар қарарына жатқызуға болмайды. Бұлғын, зиянды жыртқыш болғанымен, оның зиянын тамаша құнды терісі ақтайды. Сондықтан оны қорғауымыз қажет, ал оны аулау арнайы рұқсат қағаз-лицензия арқылы өтеді. Қауіпсіздік техникасын біліп, сақтау жұмыс қабылеттілігін, денсаулықты сақтауға көмектеседі де, кәсіпшілік аулауда жиі суық, қиын, күрделі жағдайында тіршілікті сақтауға көмектеседі. Қандайда болмасын дәрімен атылатын аңшы қаруы, оның оғы әр уақытта аса қауіпті зат болып есептеледі. Сондықтан оған селқос, ұқыпсыз қарауға болмайды, аң аулауда қаруды, оның оғын қолданғанда қауіпсіздік техникасын білмеу, оны орындамау және елді мекенде сақтау мүлде жарамайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Аң аулау қару-жарақтары және оқ-дәрілері туралы не білесіз?

  2. Өздігінен аулайтын тұзақтарды атап, сипаттаңыз.

  3. Аң аулайтын иттерді, олардың тұқымдарын, пайдалануды (қолдану) түсіндіріңіз.

  4. Аушы құстар дегеніміз не?

  5. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы туралы не білесіз?

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)
3 Модуль Аңшылықтану.

15 дәріс тақырыбы–Құстар мен аңдардың құқын қорғау.



Дәріс жоспары:

Жануарлар әлемін қорғау және пайдалану туралы құжаттар (заң).

Қорықтар, ұлттық бақтар, т.б.

Заңсыз аң аулаумен (аулауға рұқсат етілмеген аңды аулаушылықпен-браконьерство) күресу.



Құстар мен аңдардың халықаралық құқығын қорғау.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Жануарлар топырақ түзілу процесіне, өлі органикаларды санитарлық тазалауға, түскен жапырақтарды, шөп төсеніштерін және өлген ағаштарды қорытуға қарқынды қатысады. Олар топырақты үздіксіз қопсытады, ауа түсуін жақсартады, оның құнарлығын арттырады. Табиғатта қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы өте қымбатқа түсуі мүмкін. Мысалы, Австралия ашалып, оны отарлауға дейін, онда тұяқты жануарлар болмаған. Оған қойлар мен ірі қара малдарды апарған. Жергілікті жәндіктер көңді қорытпағандықтан, ол жайылымда жыйнала берген. Оның қалыңдығы 4 см жетіп, шөптің өсуіне кедергі болады. Жайылым істен шығады. Тек содан кейін ғана, Африка мен Америкадан сасық қоңызды әкелген. Содан соң ғана жайылым көңнен қалыпты түрде тазалана бастайды. Жануарлар әлемінің құқын қорғау мемлекеттік және халықаралық келісімдер мен арнаулы мәселе жөнінде халықаралық шартпен-конвенция реттеледі. Жабайы жануарларды қорғау. ҚР сирек кездесетін жануарлар түрлері. 1902 ж.-айналадағы ортаны қорғау саласында бірінші халықаралық келісім қабылданды (құстарды қорғау). 1948-Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) құрылды. 1963 ж. жануарлардың Халықаралық Қызыл кітабы, ал 1978 ж.-өсімдіктердің Халықаралық Қызыл кітабы мерзімді басылымда шығуда. 1974 ж. КСРО сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғау мақсатымен Қызыл кітап ашылды. 1981 ж. Қазақстанның Қызыл кітабы жарық көрді. Оған еңгізілген түр құқын қорғау зерзаты-объектісі болып есептеледі. Жануарлар түрлерінің жіктелуі, олардың сирек кездесуі деңгейіне орай, мына дәрежелерге-категорияға бөлінеді: 0-мүмкін жойылған, 1-жоғалу қаупі бар, 2-саны қысқаруда, 3-сирек кездесетін, 4-белгісіз, 5-қалпына келудегі. ҚР жануарлар әлемін қорғау және пайдалану сұрақтары 1980 ж. заңға сай, республиканың Жоғары Кеңесімен реттеліп тұрды. 1993 ж. 21 қазанында «ҚР жануарлар әлемін қорғау, пайдалану және өсіру» атты заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстанның жануарлар әлемін мемлекеттік меншік және республика халқының жалпы мүлігі дегендіктен, біз: табиғи еркіндік жағдайында әр түрлі жануарлар түрлерін сақтауға; мекендейтін ортасын, көбею жағдайын және жануарлардың қоныс аудару жолын қорғауға; жануарлардың табиғи бірлестігі тұтастығын сақтауға; жануарлар әлемінің ғылыми дәлелдігі, ұтымды пайдалану және өсіру; халық денсаулығын қорғау және халық шаруашылығына зияндық болдырмау мақсатымен жануарлар санын реттеуге міндеттіміз. Табиғи ортаны сақтауда, әсіресе қоныс тепкен, шоғырланған-урбанизация аудандардағы мақұлықат-фауна, нәубетаттарды-флора қорғау, қалпына келтіруде үлкен рөлді қорғау территориялары-қорық, ұлттық бақ, биосфералық қорық, ботаникалық бақ, басқалар атқарады. Қазақстан териториясында барлығы 10 мемлекеттік табиғат қорығы-заповедник, 10 мемлекеттік ұлттық табиғат бағы, 4 мемлекеттік орман табиғаты резерваты, 50 мемлекеттік табиғат қорықшасы-заказник, 5 мемлекеттік табиғат аймағы-зона бар. Олардың ішінде ерекше орынды қорықтар алады. Қазақстанда алғашқы болып, Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстанда 1927 ж. 74 416 га территорияда ашылды. Жуырда Жоңғар (Жетісу) Алатауы территориясында жаңа ерекше қорғауда болатын табиғат территориясы-Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат бағы құрылмақ. Оның басты міндеті жабайы Сиберс алмасын қорғау болады. Одан кейін-

Ашылған жылдары

Қорықтар атаулары

Облыстар

1931

Алматы

Алматы

1934

Наурзум

Қостанай

1939

Барсакелмес (Арал теңізі аралында)

Қызылорда

1968

Қорғалжын

Ақмола

1979

Марқакөл

ШҚО

1994

Арқалық (Қазбек ауданы)

Қарағанды

Онда қоян, қарсақ, борсық, түлкі, қасқыр, елік, жапалақ-сова, құр-тетерев мекендейді, арқар-ұрғашысы, құлжа-еркегі, әрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген бүркіт, қарақұтан-черная цапля кездеседі. Қорықтарда табиғи ортадағы тіршілікке адам араласуына болады. Олар – ең құнды аң аулайтын жер, олардың мақсаты–мақұлықатты қорғау, оның санын арттыру, аң-кәсіпшілік жануарларды орналастыру, құндыз-бобр, бұлғын-соболь, жұпар тышқан-выхохуль, бұғы-олень, суда жүзетін және қарағайлы ормандағы жабайы құстарды жоюға тыйым салу. Ондай қорық 1972 ж. үстіртте муфлонды-арқарды немесе үстірт жабайы қойын сақтау үшін құрылды. Қазір оның саны 1200 басқа жетті. Қорықтар қазір әр облыста бірнешеден бар. Ұлттық бақ-ол табиғи территорияны қорғайтын ерекше форма. Кейбір территория, ландшафтың бағасын бағалау мүмкін емес, өйткені олардың құндылығы жердің геологиялық құрылысымен, ерекше өсімдіктерімен, жануарлар әлемімен, тарихи ескерткіштерімен, әрі өте әдемі ландшафтымен байланысты. Мұндағы табиғи ресурс өндіріс, ауыл шаруашылық өндірісінен шығарылған. Әлемде қазір 170 ұлттық бақ бар. Гренландияда–7 млн. га, Ботсванда–5,3, Канаданың Вуд-Буффало–4,5 млн га, МХР-МНР Үлкен Гобиінде–4 млн.га жуық. Қазақстанда 2 - Баянаул және Алтын емел ұлттық бақтар бар. Халықаралық табиғатты қорғау одағы 1600 ж. бастап, түрлердің ғылыми жазылуы басталысымен жануарлар мен құстардың құрып біткен түрлерінің есебін жүргізуде. Сол уақыттан бері Жер бетінен құстардың 94 түрі, сүтқоректілердің 63 түрі жойылып кетті. Адам кінәсінен аңдар түрлерінің 75%, ал құстардың 86% жойылды. Мысалы, американың кезеген көгершіні қайтпауға кетті. 1810 ж. олардың саны өте көп болғаны (3-5 млн дана) сондай, әуеге көтерілгенде күн сәулесін жауып кеткен екен. 1880 ж. оның біраз тобы ғана қалған. 1990 ж. кімде-кім көгершіндердің бір жұбы туралы мәлімет берсе, оған 1500 дол. сыйлық беретіні жарияланды, өкінішке орай, ешқандай дерек түспеген. Мұндай көгершіннің соңғысы 1914 ж. зоологиялық бақта өлген. Карол тотықұсы, ақ қанатты тоқылдақ, қайтатын эскимос шалшықшы құсы және басқаларда жоғалған. Америка, канада тырналарының саны да күрт қысқарған. Жануарларды және құстарды өзанайы рахаттығы үшін себепсіз жою немесе баю күні бүгінге дейін жалғасуда. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарында аулауға рұқсат етілмеген аңды аулаушылық өркендеуде. Мемлекет аумағында жануарлар әлемін қорғау, пайдалану және өсіру Заңын бақылауды ҚР экология және биоресурстар Министрлігі (оның бас басқармасы) іске асырады. Ол заң талаптарының орындалуын, өсуін, сақталуын, аң аулау шаруашылығының және қорықтардың дамуын, қорғау мерзімдері мен ережелерін анықтауды, басқаларды қадағалауға міндетті. Рұқсат құжаттары: жолдама-путевка, рұқсат қағаз-лицензия, аң аулау мерзімі, атып алу нормасы, аң аулаушының билеті. Аң аулау өнімдері: аң терісі, еті, майы, тұяқтылар терісі, дәрілік шикізат (панты, жұпарлы бездер-мускусная железа, өт), мамық-пух, қауырсын, олжалар-трофеи (мүйіз, азу тістер, терілер, бас сүйегі). Одан басқа, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына қарамай, балықшылық және балық қорын қорғау ережесін бұзған, заңсыз олжаланған немесе құнды балық түрін, теңіз сүтқоректілерін, су омыртқасыздарын жойған азаматтар, шет ел және лауазымды адамдар, әрі қандайда меншік түрінде болмасын кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар әртүрлі көлемде заттық шығынды өтеуге міндетті екені белгілі. Заңды тұлға және қоғамның құқықты мүшесі, шет ел азаматы контрабанда жолымен ҚР тыс әкетуге талпынса, әсіресе тибет медицинасы, аң аулау, балық кәсібшілігі өнімдерін әкетуде әлем бағасындағы валюта бойынша 2 есе көлемде қуыным алынады. ҚР Қаржы Министрлігіне аңшыларға, жеке адамдарға Қазақстан тұтынушылар одағына қасқыр терісін, олардың күшіктерін және шиебөрі-шакал тапсырса, сыйлық беру көзделген.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жануарлар әлемін қорғайтын, пайдаланатын заң туралы не білесіз?

  2. Аулауға рұқсат етілмеген аңды аулаушылықпен-браконьерство қалай күреседі?

  3. Құстар мен аңдардың халықаралық құқығын қорғау дегеніміз не?

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.6 (қосымша)
3.ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР – оқудың бір түрі, студенттердің өзін-өзі бақылауын, іздену әдетін қалыптастыруын, жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең зерделеуге мүмкіндік туғызады, студенттің өз бетімен дайындалғанын тексереді және оны бақылаудың негізгі түрі болып келеді. Осы сабақтар үстінде студенттер көкейтесті мәселелерді сауатты баяндап, өз ой - пікірін ерікті айтып, түрлі жағдайларды қарастырып, өзінің кәсіптік құзырын дамытуға мүмкіндік алады.

1 тақырып: Құстардың ішкі, сыртқы құрылысын сипаттау, суретін салу.

Мақсаты: Негізгі орман құстарын сыртқы пішінінен және жүйелеу (систематикалық) белгілерінен ажырату. Құстар қаңқасы қандай бөлімдерге бөлінетінін және ұшуға қандай белгілері бейімделгенін нақты елестету керек. Дене салмағының (ас қорыту, зәр шығару, өсіп-өну жүйелерінің құрылысына не әсер етеді) мейлінше жеңілденуіне белгілердің бейімделуін айқын қарап, тамырлар, тыныс алу, жүйке жүйелерінің құрылысын түсіну керек.

1 тапсырма. Құстардың ішкі, сыртқы құрылысын зерделей отырып, оның түрлі мекендеу ортасына бейімделуін, құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылысын түсініп, ұя салу, қоныс аудару, қайта қайтуына көңіл аудару қажет. Құстардың табиғаттағы, ауыл шаруашылығындағы және ветеринариядағы рөлі туралы сұрақтарды кең баяндаған жөн.

2 тапсырма. Кестеден кептер қаңқасының суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-бас сүйек; 2-қанаттың білезік бөлімі; 3-білек; 4-иық сүйегі; 5-жауырын; 6-қарғалық (врановая) сүйек; 7-ашасүйекке бітіскен бұғана; 8-төс сүйек; 9-жамбас белдеу; 10-сан сүйегі; 11-сирақ-толарсақ сүйектері (балтыр); 12-жіліншік; 13-мойын бөлімі; 14-қабырға; 15-құйымшақ сүйегі.

Әдебиеттер:

  1. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.6 (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Құстар класының жалпы сипаттамасын беріңіз.

  2. Құстың қауырсын-тері жамылғысы неден тұрады, оның қызметтері қандай? Мамық қауырсынның контуралық түрінен айырмашылығы неде? Бағыттағыш қауырсындар дегеніміз не?

  3. Құстардың өсіп-өну тәсілдерін және ұя салуын сипаттаңыз.

  4. Қандай құстарды қызылшақа балапандыларға, қайсысын бір ұядан өскендерге жатқызады?

  5. Құстардың тіршілігіндегі қайта қайтудың маңызы қандай? Мысал келтіріңіз

2 тақырып: Құстарды отрядтардың жүйелеу белгілері бойынша анықтау.

Мақсаты: Орман құстары отрядтарының негізгі түрлерін тікелей және жанама белгілері (құстар класы, қатары-отряды, тұқымдас, туыс, түр және түртармақтары) арқылы анықтауды үйренуі тиіс. Олардың аттарын есте сақтап, орманмен байланысы және орман, аң аулау шаруашылықтарында зор маңызы бар топтарын сипаттау қажет. Орман өсіруді жоспарлаудағы орман қорының белгілеген бөліміндегі құстар түрлерінің құрамын, мекендеудегі санын бағалай білуі керек.

1 тапсырма. Жердегі қазіргі құстар отрядтары құрамын зерделеу. Құстар класының әлемдегі әртүрлілігі 28 отрядқа, 174 тұқымдасқа, 2350 туысқа, 8600 түрге бірлескеніне көз жеткізіңіз. Дәптерге мына кестені салып алып, орманға тән қазіргі құстардың 18 отрядтары құрылымын толтырыңыз:

Отрядтар атаулары

Сандары

түрі

туысы

тұқымдасы













жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау