Лекция № 3. Азамат соғысы жылдарындағы демографиялық жағыдай
1917-1918 жылдардағы демографиялық үрдіс.
1921-1922 жылдардағы аштық салдары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Этностық-демографиялық дамудағы бұл және басқа қисындар, Қазақстанның көп ұлтты бола түсуінің күшеюі, әсіресе Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде үлкен қарқынмен жүрді. Қос төңкеріс аралығында қазақ халқының әлеументтік-экономикалық жағыдайлары төмендеді. Нәтижесінде қазақ халқының демографиялық дамуы шектелді.
Азамат соғысы Қазақстандағы демографиялық дамуға өзіндік өзгерістер әкелді. Соғыс нәтижесніде өлкенің тұрғындар санының табиғи өсімі кемісе, Ресейдің басқа өңірлерінен келген әскери бөлімдер және қоныс аударушылар есебінен тұрғындардың ұлттық құрамы өзгерді.
Кеңес өкіметінің жүргізген әскери-коммунизм шаралары еліміздің ауыл шаруашылығын құлдыратты. Ауыл шаруашылығындағы болған апат нәтижесінде Қазақстанда аштық басталды. Сол кездегі мәліметтерге қарасақ, 1921-1922 жылдары республикада 2,3 млн. адам аштыққа ұшыраған. Аштықтан және оның салдарынан басқа жаққа көшу үрдісі күрт өскен. 1914 жылғы көрсеткішпен 1922 жылғы тұрғындар санын салыстырсақ өлке халқы шамамен 1 млн. адамға қысқарғанын көруге болады.
Лекция № 4. 1926 жылғы халық санағы
Тұрғындар саны және орналасуы.
Тұрғындардың ұлттық құрамы және жас-жыныстық құрылымы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1920 жылы қазан айында Ресей Федерациясынын, құрамында Қазақтың Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы жарияланды, астанасы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бұл қазақтың этностық жерінің бір бөлігін мемлекеттік құрылымға біріктіруге мүмкіндік берді.
1924 жылы Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары белгіленді, осының нәтижесінде Түркістан АКСР-ның қазақтар тұратын аудандары (Сырдария мен Жетісу облыстары) Қазақстанның құрамына кірді Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына беріліп, Қазақ АКСР-ның астанасы 1925 жылы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.
1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның, қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 пайызы қазақ, 20,6 пайыз орыс, 13, 9 пайыз украин, 2,1 пайыз өзбек, 1,3 пайыз татар, 1,0 пайыз ұйғыр, 0,8 пайыз неміс және басқа ұлт өкілдері болды. Егер мұны 1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағының мәліметтерімен салыстырсақ 29-30 жыл ішінде республиканың халқы шамамен 1,5 есе өскен, оның ішінде орыс 2,8 есе, басқа халықтардың өкілдері 4,3 есе, қазақ небәрі 234,8 мың адам, яғни 7 пайыз ғана өскен. Қазақтық үлес саны 23,2 дәрёжеге төмендеген, орыс —9,6 дәрежеге, басқа ұлттар 13,7 дәрежеге өскен.
Қазақ АКСР-ындағы негізгі ұлттардың көпшілігінің сан жағынан өсуі төрт негізгі бағыт бойынша: 1920 жылы ортасынан бастап көшіп келушілер санының көшіп кетушілер санынан артық болуы; табиғи есім, туылғандар санының келгендерден артық болуы; автономиялық республика құрылғаннан және 1924 жылы Орта Азия Республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары белгіленгеннен кейін республиканың нақты әкімшшік шекарасының кеңеюі, ассимиляциялық және қосылу процестерінің есебінен өсті.
Лекции № 5. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдар басындағы тұрғындар
ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдардағы демографиялық жағдай.
1931-1933 жылдардағы аштық салдары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1920-жылы басында демографиялық құбылыстардың қолайсыз болғаны мәлім, бір жағынан, 1921 жылы егін шықпауы және жұттың салдарынан шаруалардың бір бөлігі РКФСР мен Украинаға өз бетімен көшіп кете бастады. Қазақ АКСР-ның Орталық Атқару Комитеті республиканың шаруа халқына олардың көшіп кетуін тоқтату үшін арнаулы үндеу қабылдады. Екінші жағынан, 20-жылы басында Ресейдің әртүрлі аудандарынан (мысалы, Саратов, Астрахань губернияларынан) Қазақстанға тек шаруалар (орыс, украин, мордва және басқалар) ғана емес, сонымен бірге қазақтар да көшіп келе немесе қайтып орала бастады.
1925—1926 жылдары көшіп келушілер мен кетушілердің балансы анықталған сияқты, бірте-бірте көшіп кетушілерден келушілердің саны көбейе берген.
1926 жылы халық санағы кезінде тұрақты халық саны 6268 мың адам болған жағдайда көшіп келушілер 1601 мың адамға жеткен. Олардың жартысы әкелінген шаруалар және 1916 жылға дейін көшіп келген қазақтар еді. Сонымен, 1926 жылы желтоқсанда 1916 жылдан 1926 жылы дейін 800 мыңнан астам жергілікті емес ұлттың өкілдері көшіп келгені тіркелген.
Республикаға көшіп келгендер онан көшіп кеткендерден 638,8 мың адам артық болған. Олардың көпшілігі Украинадан, Волга бойынан, РКФСР-дың Солтүстігінен, Батысынан, Орталығынан, азырақ белігі Сібірден, Уралдан, Белоруссиядан, Орта Азиядан, Қиыр Шығыстан еді. Еуропалық бөліктен көшіп келгендердің көпшілігі егіншілік аудандарында қоныстануды қалаған. Мәселен, келгендердің 15 пайызы Қостанай облысына, 40 пайызы Ақмола және Ақтөбе облыстарына, 24 пайыз Семей облысына орналасты. Демек, бұл орманды дала және дала өңіріндегі тәлімі егіншілік аудандары көшіп келушілердің көшкен аудандарының ауа райы мен топырақ жағдайына жақын деген сөз. Оның үстіне Ресейдің Еуропалық бөлігінен көшіп келгендер бұл өңірлерден өздеріне жақын этностық ортаға тап болды.
Орта Азия республикаларымен де көші-қоныс қарым-қатынасы орнады. Жоғарыда аталған факторлардан басқа бұл ауданның көші-қоныс процесіне ұлттық-территориялық шекараны белгілеу ісі әсер етті. Шығыс Түркістаннан 1916 жылы ұлт азаттық қозғалысына қатысқандар республикаға қайтып оралды. Республиканың өз ішіндегі көші-қоныс жергілікті халықтың отырықшылануына байланысты олардың шөл және шөлейт аймақтардан суармалы және тәлімі егіншілік аудандарына келіп орналасуымен сипатталды. Осымен бірге қазақтардың қалаларға келіп орналасу тасқыны байқалды. 1926—1929 жылы Қазақстанда халық санынын, өсуі қарқынды жүріп жатты. КСРО мен Қазақстандағы демографиялық тенденциялардағы айырмашылық көзге көріне бастады: елдің өнеркәсібі дамыған және урбанизацияға ілінген аудандарында бала туу төмендесе, оңтүстік шығыс аудандарында ол көбейді. Республикада бала туу орыс халқының да, украин халқының да арасында азайған жоқ.
1928—1934 жылы Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпелі және жартылай көшпелі елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізу салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украиндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бой-ынша 1929—1934 жылы 1610 мың қазақ қырылды, 1935—1938 жылы әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 1750 мың адам болды.
Халықтың 20-жылдың ортасына дейін созылған өз бетінше көшіп-қону процесі бірте-бірте ұйымдасқан сипат алды. Елдің орталық әнеркәсіпті аудандарында болған, 1,3 млн. адамға жеткен аса күшті жұмыссыздық ондаған мың адамдарды жұмыс пен нан іздеп, Қазақстанға Түрксибтің, Қарағанды көмір бассейінінің, Балхаштың және басқалардың құрылысына кетуге мәжбүр етті. Қазақстанға елдің басқа аудандарынан да 1931-1940 жылы жұмысшы күшінің ұйымдасқан түрін қабылдау арқылы ғана 509 мың адам келді. Бұл жұмысшылардың және жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп орындарының, темір жолдардың, қалалардың, жұмысшы поселкелерінің құрылысы аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа ауысып, осында қалып қойды.
Осымен қатар аграрлық қоныс аудару жүріп жатты. 20 жылдың аяғында —30 жылдың басында Қазақстанға Ресейден, Украинадан және басқа ресубликалардан тәркіленіп жер аударылған шаруалар, сондай-ақ елдін, Еуропалық белігінен, Сібірден әскер қатарынан босатылған қызыл әскерлер және қоныс аударған шаруалар келе бастады, соңғылары жер-жерде коммуналар мен ауылшаруашылық артельдерін құрды. 1928-1930 жылдардың ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940 жылы Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордовия, Чувашия, Татарстан және басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды. Сөйтіп Қазақстанға 24,4 мың отбасы көшіп келді, оларды тың жерлерде астық шаруашылығын дамыту үшін республиканың солтүстік облыстарына орналастырды.
Лекция № 6. Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы демографиялық даму
1937, 1939 жылдардағы халық санағы.
Соғыс қарсаңындағы Қазақстан халқының ұлттық құрамы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
ХХ ғасырдың 30-жылдың ақырында жекелеген ұлт өкілдерін жер аудару бас-талды, олардың бір бөлігі Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Казақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзербайжан, курд, армян отбастары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.
1939 жылы халық санағы бойынша республикада 6094 мың адам тұрды, яғни 1926 жылмен салыстырғанда республиканың халқы 100 мың адамға, немесе 1,7 пайыз азайған. Неғұрлым күшті қырғын қазақтардың басына түскен, олардан бар болғаны 2314 мың адам ғана қалған, 1926 жылмен салыстырғанда 1314 мыңға немесе 63,8 пайызға азайған. Украиндардың саны 203 мың, өзбектер 26 мың, ұйғырлар 28 мыңға азайған. Алайда 1926—1939 жылдар арасында басқа эт-ностардың саны өскен, әсіресе орыстар 1174 мың адам, яғни 92 пайыз, татарлар 27 мың —34 пайыз, белорустар 6 мың —22 пайыз өскен.
Сөйтіп, 1939 жылы қарай Қазақстанда этностардың мүлде жаңа жағдайы қалыптасты. Көшіп-қону экспансиясы күшті қарқынмен жүрді. Қазақтардың үлес саны 1926 жылы салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38 пайызға теңесті, украиндардың үлесі 13,9-дан 10,8 пайызға, өзбектер 2,1-ден 1,7 пайызға, ұйғырлар 1,0-ден 0,66 пайыз темендеді. Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2 пайызға жетті. Немістер 1,5 пайыз, корейлер 1,6, татарлар 1,6, белорустар 0,5 пайыз болды.
Лекция №7. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері
Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері.
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Ұлы Отан соғысы еліміздің демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Қазақстанның әрбір төртінші азаматы соғысқа шақырылды. Нәтижесінде тұрғындар арасында жанұялық қатынас бұзылды. Ер адамдар жаппай соғысқа аттана бастады. Туу көрсеткіші кеміп, өлім көрсеткіші өсіп, нәтижесінде табиғи өсім көрсеткіші кеміді.
Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымының бұзылуы туу көрсеткішінің төмендеуіне тікелей әсер етеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ер адамдардың әскер қатарына және тыл жұмыстарына шақырылуының нәтижесінде отбасылық байланыстың бұзылуы, XX ғасырдың 40-жылдарында бала туу көрсеткішін төмендетті. Соғыс жылдарындағы бұл демографиялық өзгеріс бүгінгі күнге дейін еліміздің жас-жыныстық құрылымына әсерін тигізуде.
Ұлы Отан соғысы жылдарында туу көрсеткішінің кемуі нәтижесінде болашақ аналар - қыз балалар саны кеміді. Мұны табиғи өсімнің брутто-коэффициентінен көруге болады. 1960-жылдардың аяғындағы, 1970-ші жылдардың басындағы өнікті жастағы әйелдердің 1941-45 жылдарда туылғанын ескерсек, брутто-коэффициент Казақстан бойынша (әр анаға шаққандағы өмірге келген қыз балалар саны) 1941 жылы 2,5, 1942 жылы 1,6, 1943 жылы 0,9, 1944 жылы 0,5, 1945 жылы 0,6 болды. Бұл көрсеткіш әліде бірнеше ұрпақ алмасуында қайталанады.
Қазақстанда оның түпкілікті тұрғындарының мүдделеріне зиян келтіре және көшіп келушілердін, үлес санын арттыра отырып, көші-қоныс арқылы экспансиялау Ұлы Отан соғысы дәуірінде және онан кейін де одан әрі күшейе берді.
Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Қазақстанға елдін, батыс бөлігінен көшіріп әкелінген 536 мың адамнан басқа автономиясы алдын-ала жойылған түтас халықтар осында жер аударылды. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 литван және басқа ұлт өкілдері тұрды. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349 713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944—1945 жылдары қоныс аударылды. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн. адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді. 50-жылы әскери тұтқындарды өз отандарына қайтару аяқталды.
Орта Азия мен Қазақстанға 1944 жылы ақпанда шешендер мен ингуштер, наурызда-балқарлар, қарашада месхет — түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріп әкелінді.
Лекция №8. 1950-1960 жылдардағы демографиялық ақуал
ҰОС кейінгі демографиялық даму.
Тың және тыңайған жерді игерудің Қазақстан демографиясына әсері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1957 жылы чечен және ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар тарихи отаны Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының, поляктардың, корей ұлт өкілдерінің, Еділбойы немістерінің бір бөлігі бұрынғъі тұрған жерлеріне қайтып оралды. Бірақ олардың негізгі бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда тұрақтап қалды. Кеңестік Балтық жағалауы республикаларына латыштар, эстондар, литвандар ағылып қайтып жатты.
Соғыстан кейін 50-жылы ортасына дейін Қазақстанға ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу азайды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты республикаға аса ірі көші-қон тасқыны келді, мұның өзі уақыт жағынан ірі өнеркәсіптік құрылыстар жүруімен түспа-түс келді. 1954—1962 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. жуық адам, олар негізінен елдің Еуропалық бөлігінен келді. Өнеркәсіп, құрылыс жөне транспорт үшін жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде тарту арқылы 1954—1965 жылдары 0,5 млн, адам келді, бұл республикаға ұйымдасқан түрде жұмысшы күшін тарту-дың 80 пайыз еді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавия мен Литвадан іріктеп алынды. Мұның өзі бір жағынан түпкілікті халық саны мен екінші жағынан келушілер саңының арасындағы алшақтықты бұрынғыдан да күшейте түсті. 1959 жылы орыстардың үлес саны 42,7 пайыз жетті де, қазақтардъщ үлес саны 1939 жылы салыстырғанда 8 дәреже төмендеп, 30 пайыз ғана болып қалды. Басқа этностық топтардың үлесі өзгерген жоқ. Қазақстанға көші-қон тасқыны мұнан кейінгі кезде де аздап баяулаған қарқында жүріп жатты, бірақ ол 70-жылы келушілерден көшіп кеткендер саны артық болып қалыптасты.
Республика халқының саны 1959 жылы 9294741 адам, яғни соғысқа дейінгі саңынан 1,5 есе артық болды.
Қазақтардың саны 20 жыл ішінде бар болғаны 474 мың адамға (20 пайыз), орыстар 1523 мың ( 62 пайыз), украиндер 105 мың (16 пайыз), белорустар 76 мың (3,4 есе), ұйғырлар 24,4 мың (69 пайыз), басқа халықтар 311 мың (2,6 есе) өскен. 1939 жылы немістердің саны 92379 адам болғаны мәлім, ал олар 1959 жылы 659658, әзірбайжандар 12 мыңнан 38 мыңға жеткен. Осы уақыт ішінде корейлердің саньі 0,8 пайыз кеміп, жалпы саны 22 мың адамға азайған.
Лекция №9. 1970 жылдардағы Қазақстан халқы
1970 жылдардағы Қазақстан халқы.
1970-1979 жылдардағы халық санағы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1970 жылы қарай Қазақстан халқының саны 13 млн. адамнан астам болып, 40 пайыз жуық өсті, олардың ішінде қазақ 4234 мың (32,6 пайыз), орыс 5522 мың (42,5 пайыз), украин 933 мың (7,2 пайыз), неміс 858 мың (6,6 пайыз), татар 288 мын, (2,2 пайыз), езбек 216 мың (1,7 пайыз), белорус 198 мың (1,5 пайыз), ұйғыр 121 мың (0,9 проц,), корей 81 мың (0,6), әзірбайжан 58 мың (0,4 пайыз), басқа ұлттар 498 мың болды.
Бұдан Қазақстандағы ең саны көп этнос 1939, 1959, 1970 жылы халық санағы арасында орыстар болды. 1939—1970 жылдар арасында орыстар, украиндар, белррустар (қосып санағанда) халықтың басым көпшілігі болып келді.
Осыған қарамай 1969—1970 жылдары қазақ халқынын, демографиялық дамуында бетбұрыс болды. Бүған бірсыпыра факторлар: салыстырмалы түрде табиғи өсімнің жоғарылығы, көші-қон үрдісі қарқынының төмендеуі, келушілерден кетушілер санынын, артуы көмектесті. Осының нәтижесінде қазақтардың жалпы санының өсуімен бірге, республика халқының құрамында олардың үлес санының да үнемі өсу тенденциясы басталды. Оның үлее саны қазан төңкерісіне дейін-ақ үнемі кеміп келе жатқаны мәлім, ал 1897—1959 жылдары 81,8 пайыз 30 пайыз дейін темендеді. Республикада қазақтардың жалпы саны 1959—1970 жылдары 1446,9 мын, адамға, яғни 51,9 пайыз көбейді. Сөйтіп XX ғ. 60-жылы қазақтардың біршама шапшаң табиғи өсіп, болашақта өзінің этностық территориясында неғұрлым саны көп халық болуының негізі қаланды.
1970 жылы қарай негізгі этностардың урбанизациялану дәрежесіндегі алшақтықтар елеулі түрде азайды. Қазақтар мен орыстардың урбанизациялау дәрежееінде 1970 жылы екі еседен астам айырма болды, ал бұл айырмашылық 1926 жылы 10 есе болатын. Мұндай айыр-машылықтың шұғыл азаюына республиканы индустриаландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, КСРО-дағы мәдени революция көмектесті. Орыстар, татарлар, корейлер, негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер, өзбектер, әзірбайжандар ауыл-селолық этностар болды.
Егер республиканы тұтас алғанда қала тұрғындарының үлес саны 1959-дан 1970 жылы дейін 6,5 дәрежеге өссе, орыстар (10,1 дәр.), украиндар (13,4), корейлер (17,9), әзірбайжандар (13,1 дәрежеге) неғүрлым шапшаң урбанизацияланды. Белорустар ғана бұрынғы урбанизациялану дәрежесін сақтап қалды, қалған этностар қала халқын қалыптастыруда соңында қалды.
1979—1989 жылдары этнодемографиялық құрамның ағымы мынаны көрсетеді: 1979—1989 жылдары. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 пайыз болды. Оның бер жағында Қазақстанда қазақтардың өсуі 23,5 пайыз, орыстар 3,9 пайыз, немістер 6,4 пайыз, татарлар 4,6, өзбектер 26,1, белорустар 11 пайыз, ұйғырлар 25,3 пайыз, корейлер 12,3 пайыз өсті. Жанұядағы бала саны қазақтарда үнемі төмендеп келеді: 1972 жылы 5,01 болса, 1978 жылы 4,85, 1985 жылы 4,27. Қазақ әйелінің бала тууы 1979 жылы 5,787 болса, 1989 жылы 3,584, бұл 1979 жылы дәреженің 61,9 пайыз Қазақстанда қазақтардың табиғи есуі 1962 жылы 110 мың адам (халықтың жалпы табиғи өсімінің 37 пайыз) болса, 1964 жылы 111 мың болған (43 пайыз), 1970 жылы 107,7 мың (48,1 пайыз), 1972 жылы 114 мың (49,0 пайыз), 1979 жылы 125 мың (52,1 пайыз), 1989 жылы 162 мың адам (63,5 пайыз) болған.
Лекция №10. 1980-1990 жылдардағы демографиялық ақуал
1989 жылғы халық санағы.
Кеңес өкіметінің ыдырауының демографиялық дамуға әсері.
1980-1990 жылдардағы демографиялық ақуал.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
1980—1989 жылдары бүрын аграрлық этностар болып келген қазақтардың (53,3 пайыз) ұйғырлардық (52,8 пайыз) өзбектердің (30 пайыз) урбанизациялану дәрежесі неғүряым шапшаң өсті. Сейтіп Қазақстан этностарының екі тобының әлеуметтік-экономикалық даму жөнінен шапшаң теңесу тенденциясы бар, дегенмен бұлардың арасындағы зор айырмашылық сақталып отыр. 1970—1989 жылдары ауылдық жердегі қазақ халқының этностық топтасқандығы сақталып қана қоймай, ол күшейе түсті. Бұған ауылдық жердегі халықтың табиғи өсу дәрежееінің жоғарылығы, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа райы жағдайының КСРО-ның Еуррпалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыздығы көмектесті. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталық ведомстволарының күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі келемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстанушылар жіберіліп жатты. 1989 жылы қазақтардың урбанизациялануы 38,4 пайыз, немістер 49,1 өзбектер 37,3, ұйғырлар 34,2 пайыз жетті. Неғұрлым урбанизацияланған ұлт орыстар (77,8 пайыз), украиндар (65,3), татарлар (77,2), белорустар (61,6), корейлер (84,2 пайыз) болды.
1951—1970 жылдары жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстанға кеші-қон үрдісінің бәсендеуі байқалды. 1951—1970 жылдары 100 мың адамнан астам дәрежеден кетушілерден кетушілердің басымдылығына дейін өзгерді. Осымен бірге қазақтар басқа республикалардан, еол сияқты 1955—1959 жылдары және 1962-жылы Қытайдан кері көшіп келіп жатты.
1970—1990 жылдары республикааралық көші-қон үрдісінде келушілерден кетушілер артық болды. 1970 жылы көшіп кетушілер 35 мыңнан 1988 жылы 95 мың адамға жетті. 1985—1988 жылдары республика аралық айырмашылық Қазақстандағы саяси процестерді кейбір орыстардьщ өздері үшін қолайсыз деп санауы нәтижесшде олардың көшіп кетуінің көбеюінен болды. Қазақстанда 1983—1987 жылдары халықаралық эмиграция санаулы ғана еді. 1988 жылы бастап КСРО-да эмиграцияға шек қою тоқтатыла бастады. 1988 жылы бұл процесс өсе түсіп, ол 92,3 мың адамға жетті. Эмигрантгардың негізгі бөлігі немістер, еврейлер, гректер болды.
1989—1990 жылдары республикааралық теріс көші-қоныс 1989 жылы 46,8 мыңнан 1990 жылы 36,6 мыңға дейін азайды.
Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988—1990 жылдары орыстар 53—55 пайыз, украиндар 9—12, немістер 6—8, қазақтар 6—9 пайыз, республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 пайыз украиндар 8, немістер 5, қазақтар 20 пайыз болды. Сөйтіп 1990 жылы республикааралық көші-қоныста орыстардың саны 17,7 мың, украиндер 4,1 мың адамға азайды, қазақтар 16,6 мық адамға көбейді. Қазақ этносының тарихи отанына жиналу процесі күшейді. 1989 жылы бастап қазақтардын, Өзбекстаннан (әсіресе Қарақалпақстаннан), Ресейден, Түрікменстаннан көшіп келу процесі күшейді.
Лекция №11. 1999 жылғы халық санағы
Санақ жүргізу әдістемесі.
Тұрғындар саны және орналасуы
Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Тұрғындар туралы негізгі статистикалық мәліметтер жинаудың негізі, арнайы ұйымдастырылған, бірыңғай бағдарлама, әдіспен барлық жерде бір уақытта жүргізілетін халық санағы болып табылады және соңғы санақ қорытындысын бұрынғы өткен санақ мәліметімен салыстырып, алдағы уақытқа болжам жасауға болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистика комитеті 1960 жылдан бастап барлық мемлекеттерге он жылда бір рет халық санағын өткізуді ұсынды. Мұның өзі жекелеген мемлекеттің және жер шарының тұрғындарының нақты санын білуге мүмкіншілік береді.
Қазақстанда ең алғашқы санақ 1897 жылы патша өкіметінің кезінде жүргізілсе, кеңес өкіметі орнаған соң 1920, 1923, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдары халық санағы өткізілді.
1999 жылы 25 қаңтардан 4 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық статистикалық агенттігінің басқаруымен республикада тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші рет халық санағы жүргізілді. Санақтың ерекшелігі, біріншіден, бағдарламасы, стандарты, методологиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының талабына сай, екіншіден, XX ғасырдағы қорытынды санақ болғандықтан XXI ғасырдағы еліміздің демографиялық жағдайына болжам жасауға болады.
Санақтың бағдарламасын 1998 жылы 4 тамызда Республикалық комиссия бекітті, оған әлеуметтік- демографиялық, экономикалық, баспана мәселесі сияқты 23 сұрақ енгізілді. Оның 18 сұрағы демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, 5 сұрағы тұрғындардың баспана мәселесіне (жеке меншік немесе жалға алынған баспана, пәтердің, үйдің тұрмысқа ыңғайлылыгы) және бірге тұратын адамдар санын анықтауға арналған. Кеңес өкіметі жылдарындағы санақ сұрақтарымен бірге тұрғындардың табысы, адамның еңбек статусы (жұмыс беруші, жалдамалы жұмысшы, жұмыссыз), мемлекеттік тілді білуі, көші-қон үрдісі сияқты сұрақтар енгізілді.
Лекция №12. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы
1. Тұрғындардың ұлттық құрамы.
2. Тұрғындардың орналасуы.
3. Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Санақ аралығындағы он жылда Қазақстан Республикасының халқының демографиялық дамуы өзгеріске ұшырады. Тұрғындар арасында туу көрсеткішінің азайып, өлімнің көбеюі табиғи өсімді кемітті, көші-қоным үрдісі нәтижесінде механикалық өсім болмауы 1989 жылғы Бүкілодақтық, 1999 жылғы республикалық халық санағы аралығында облыста тұрғындар санын азайтты.
Санақ қорытындысы Республикада он жыл аралығында болып өткен (1989 жылдың 12 қаңтарынан 1999 жылдың 25 ақпаны аралығы) және тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеті жыл ішінде қалыптасқан демографиялық үрдіске талдау жасаута мүмкіндік береді.
1999 жылы Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 283,3 шаршы шақырымды алып жатты, ол Республика территориясының 10,4%-ын құрайды. Көлемі жағынан Шығыс Қазақстан облысы Республика бойынша Қарағанды (428,0), және Ақтөбе (300,6) облысынан кейін үшінші орында. Облыс территориясында 14 аудан, 10 қала (оның 5 облыс қарамағында), 30 поселка, 224 ауылдық округ, 846 ауылдық елді мекен орналасқан. Санақ аралығындағы он жылда облыста 84 ауылдық елді мекен қысқарды.
Санақ мәліметі бойынша облыста халық тығыздығы 1989 жылғы әрбір шаршы шақырымға 6,2 адамнан келіп (республикада 6 адам) республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болса, 1999 жылы халық тығыздығы 5,4 адамға төмендеп республикалық көрееткішпен теңесті. Шығыс Қазақстан облысы халық тығыздығы жағынан республика бойынша 14 облыс арасында 7 орында. Егер республикамен шектелетін басқа мемлекеттермен салыстыратын болсақ, Россияда халық тығыздығы 9 адам болса, Түркіменстанда 10, Қырғызстанда 22, Өзбекстанда 52, және Қытай мемлекетінде 125 адам. Көрші мемлекеттердің халық санының көп болуы және халық тығыздығының Қазақстан Республикасындағы көрсеткіштен 2 еседен 23 есеге дейін артық болуы еліміз үшін қай жағынан болмасын қауіпті.
1999 жылғы санақ методологиясы негізінде республикада қазіргі шекара бойынша 1989 жылы 16199145 адам тұрды. Олардың 7846680 ер адамдар (48,4%), 8352474 әйелдер (51,6%) болды. Қала түрғындарының саны 9132067 адам (56,4%), ауыл халқы 7067087 адам (43,6%) құрады.
1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша (25 ақпанда) шетелдерде тұратын Казақстан азаматтарын және олардың жанүя мүшелерін қоса есептегенде, бірақ сол уақытта Казақстанда түратын шетел азаматтарын, олардың жанұя мүшелерін қоспағанда республика территориясында тұрғындардың саны 14953126 адам болды. Олардың 7201783 ер адамдар (48,2%), 7751343 әйелдер (51,8%) қүрады. Оның ішінде 8376814 адам қалада (56,0%), 9576312 адам ауылда (44,0%) тұрды.
Санақ аралығындағы он жыл аралығында Республика халқының саны 1246028 адамға, немесе 1989 жылмен салыстырганда 7,7%-ға кемісе, оның ішінде ер адамдардың саны 644897 адамға 8,2%-ға, әйелдер 601131 адамға 7,2%-га кеміген. Қала түрғындарының республикадағы үлесі 1999 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға, саны 755253 адамға немесе 8,3%-ға кеміді. Ауыл түрғындарының республика халқының арасындағы үлесі он жыл аралыгында 0,4%-ға өскеніне қарамастан, саны 490775 адамға немесе 6,9%-га кеміді. Республика халқының санының 1998-1999 жылдар аралығындағы кемуіне Шығыс Қазақстан облысындағы он жылдағы демографиялық үрдіс өз әсерін тигізді,
Достарыңызбен бөлісу: |