ПоәК 042-18 17/03-2015 №1 басылым 11. 06. 2015

-дәріс. Синтетикалық материалдардан жасалған киімдердің гигиеналық қасиеті

бет3/8
Дата14.02.2020
өлшемі1 Mb.
#29042
1   2   3   4   5   6   7   8

7-дәріс. Синтетикалық материалдардан жасалған киімдердің гигиеналық қасиеті
Дәріс жоспары:

1. Синтетикалық талшықтар жайлы ақпарат

2. Синтетикалық талшықтардан жасалған сыртқы жылы киімдердегі киім

гигиенасы

3. Синтетикалық материалдардың қасиеттері, киімге әсері
Дәріс мақсаты:

Студенттерге синтетикалық талшық жайлы және одан алынатын киімдердің гигиеналық қасиеттерімен таныстырып, ақпарат беру;

1. Синтетикалық талшықтар жайлы ақпарат

Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта әсер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір-біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.

Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)

Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталардың қолданылуы шұғыл шектеледі. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялылығы мен гидрофобтылығы жатады, нәтижесінде су булары мен басқа да бөлінген газ тәрізді заттарды матаның талшықтары сіңірмейтіндіктен, олар саңылауларда жиналып, киім асты кеңістіктің желдетілуіне кедергі жасайды, бұл ондағы ылғалдылықтың жоғарылауына және адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп соғады.

Бұнымен бірге, синтетикалық маталардың теріс қасиеттеріне статикалық электрлікті жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады, осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде статикалық электрліктің жиналуы адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым жүретін вегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу, бас ауруын тудырады. «Электрленген» киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады. Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы әсер етуі мүмкін.

2. Синтетикалық талшықтардан жасалған сыртқы жылы киімдердегі киім гигиенасы

Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа-, буөткізгіштігі, ылғалсіңіруі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.

Синтетикалық маталардан жасалған іш киімдердің қолайсыз әсерлерін ескере отырып, 3 жасқа дейінгі және жаңа туған балаларға бұл маталардан іш киім тігуге рұқсат етілмейді. Бұл жастағы балалардың денесіне жанасатын киімдеріне (ползунки, колготки) 20% ғана синтетикалық ацетат талшықтарын қосуға, сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған іш киімдеріне мақта-сиблонды матаны (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

3. Синтетикалық материалдардың қасиеттері, киімге әсері

Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:

1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.

2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.

3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.

4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.

5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.

6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.

Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады.

Синтетикалық талшықтарды көмірсутек шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірілген бірнеше топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.), полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык, поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон), полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.

Бақылау сұрақтары

1.«Электрленген» киімнің кемшіліктері қандай?

2.Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеттерін атаңыз.

3.Пайдаланылуына қарай киімнің түрлерін атаңыз.

4.Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы.
8-дәріс. Киімнің түрлі құрамдас пакетіне гигиеналық талаптар
Гигиена(грек. hygіeіnos – дені сау) – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым дегенді білдіреді. Адам денесінің 80% киім жауып, өміріндегі ең маңызды функциялардың бірі – қорғаныштық қызмет атқаратындықтан, оған қойылатын гигиеналық талаптардың да қатаң болатыны айдан анық. Оның ең маңызды талаптарына суыққа төзімділік, ішкі қабаттың ылғал сыйымдылығы, пішінінің ыңғайлылығы, жеңілдігі жатады. Киім тігілген матасына да аса мән беріледі.

Киім тағайындалуы, қызметі сияқты критерийлерге байланысты әр түрлі топтарға бөлінеді. Соның бірі – киім пакеті. Ол бірнеше қабаттарға бөлінеді. Қазіргі таңда негізгі компоненттері ретінде келесі қабаттары қарастырылады: 1 қабат – іш киім; 2 қабат – костюмдер мен көйлектер; 3 қабат – сырт киім.

Киім пакетінің компоненттері әр түрлі қызмет атқаратындықтан, олардың тігілетін маталарына да түрлі гигиеналық талаптар қойылады. Бұл өздік жұмысымда осы киім пакетін компоненттерінің қандай қызмет атқаратынын және де оған қойылатын гигиеналық талаптарды қарастырамын.

Киім пакетінің түрлі компоненттері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар

Киім пакетінің бірінші қабаты – іш киім. Бұл қабаттың негізгі физиолого-гигиеналық қызметі – тер мен дененің басқа да бөлінулерін жұту, дененің демалуын қамтамассыз ету. Сондықтан іш киім жасалатын маталардың гигроскопиялық қасиеттері жоғары, гидрофильді, ауа және буөткізгіш болуы керек. Бұл талаптарға табиғи маталар мінсіз сай келеді.

Киімнің екінші қабаты(костюмдер мен көйлектер) жергілікті киімасты климатының оңтайлылығын қамтамассыз ету, іш киімдегі булану мен ауаны жоюға жәрдемдесу және орындалатын жұмыстың бағытына жауап беру. Гигиеналық тұрғыдан алғанда киімнің екінші қабатына қойылатын ең негізгі талап – жоғары буөткізгіштігі. Костюмдердің, жалпы екінші қабат киімдерін өндіруде табиғи да, синтетикалық та материалдарды қолдануға болады. Мата таңдауда сіңіру қасиеттері жетілдірілген, электрленуі төмен, өте жоғары, жылуөткізгіштігі төмен, буөткізгіштік қасиетіне аралас маталарды қолданған(мысалы, жүн мен лавсан араласы) абзал.

Үшінші қабаттың(сырт киім) негізгі функционалдық тағайындалуына – суықтан, желден, ауа райының жағымсыз критерийлерінен қорғау. Бұл қабаттың маталарының жылуөткізгіштігі төмен, желге төзімділігі жоғары, ылғалөткізгіштігі(гигроскопиялығы) төмен, тозуға төзімді болуы керек. Бұл талаптарға табиғи немесе синтетикалық үлбірлер сай келеді. Киім қабаттарына арналған кейбір маталарға ұсынылатын көрсеткіштер келесі кестеде көрсетілген
Киімнің әртүрлі қабатына арналған материалдарға ұсынылатын гигиеналық сипаттамалар

Параметр

Киімнің әртүрлі қабаттарына арналған параметр өлшемі

I

II

III

Табиғи жағдайда біркелкі 45-65% ылылғалдылықтағы гигроскопиялық, %

4-9

3-7

2,5-5

Максималды ылғалсыйымдылық, г

2

1,5-2

1

Капиллярность, мм/сағ

60-130

40-120

30-100

Буөркізгіштік, мг/(см2*сағ)

4,5

3,5-4

3-3,5

Электростатикалық өрістің тығыздығы, Кв/м

20-25

30

30-35

Термиялық қарсыласу Вт/(м2*єС)

0,08-0,1

0,12-0,16

0,2-0,52

Ауа өткізгіштік, мл/(см2*с), мұндағы Р=4,12 Па

10-20

3-5

1-1,5

Химиялық талшықтардың құрамы, %

Полиамидті және ацетатты – 30-дан көп емес;
Полиэфирлі – 25-тен көп емес

Полиакрилонитрильді, табиғи талшықты полиэфирлі – 40-45

______

Поливинхлоридті (емдік ішкиімнен басқасы) – 5-10-нан көп емес

Полиакрилонитрильді, жасанды талшықты(вискоза) полиэфирлі – 55-60

Синтетикалық(барлық түрі) – 100-ге дейін

Бұрынырақта трикотаждан емдік іш киімдерді өндіруде хлоринді штапельді талшықтар кеңінен қолданылған. Хлоринді ішкиім жоғары жылусақтағыш қасиетке ие және де трибоэлектрлік әсері(материалдың денемен үйкелісі нәтижесінде электростатикалық зарядтың жиналуы) арқасында ревматизм, радикулитпен ауыратындарға жағымды әсер етеді.

Қазіргі таңда қарапайым өмірді киімсіз елестету мүлдем мүмкін емес. Барлық іс-әрекет автоматтандырылған түрде іске асырылатын кезде, киімнің негізгі қызметін барлығы білгенімен, міндеттері туралы көп ойлана бермейді. Онымен қоса киімнің негізгі қызметі – қорғаныштық аз ескеріліп, көп жағдайда сәндік қызметіне көп назар аударылады.

Бұл жұмысымда өмірде қарапайым көрінетін, бәріне таныс зат – киімнің негізгі қызметі және оған қойылатын талаптары жайлы қозғадым. Киім пакетіні, үш қабаттан тұратындығы, және де олардың әрбірінің өз қызметі, тағайындалуы бар екендігі айтылады. Сол қызметіне байланысты, өзің қасиеттеріне қарай материалдың дұрыс таңдалуы керектігі жайында жазылған.

9-дәріс. Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника өндіріс дамуының  соңғы нәтижелері пайдалануы тиіс. Құрастыру көркем модельдеу, сосын киімді тігу – ұйымдастырудың кұрделі процесс. Киім құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Таңдалған пішімге байланысты матаның ені мен түрі – түсі, мата бетінің бедеріне мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты болып келеді.   Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы,иық және жан тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек.Киімнің пішілуі ең негізгі бөліктерден тұрады.Жең түбінің биіктігі тігілетін киімнің формасына байланысты.Сонымен бірге жеңнің тігілуіне,орналасуына,түріне қарай бірнеше топтары бар. Мысалы:тұтас пішілетін жеңдер реглан және жартылай реглан болып бөлінеді.Мұндай жеңнің жең түптері кең келеді.Сонымен қатар қондырмалы жеңдердің де бірнеше түрлері бар. Жең аузы жеңнің таңдалуына байланысты: көмкермелі, бүрмелі, әдіпті, қаттамалы болып тігіледі. Негізінде адам дене бітімі 3 бөлімнен тұрады, бой биіктігі, кеуде айналымы, мықын айналымы.Бұл өлшем адамның жалпы өлшемі болып есептелінеді.  Еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап етеді.Тігін өндірісінің алдында тұрған салмақты мәселелер де тек білікті мандар арқылы шешімін таппақ.Киім ассортименті оның пішінімен селуеті жең және жағасына пішімін айқындайтын үлгі құрылымына байланысты.

Киімнің жылу беру қасиеті

Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.

Балалық шақта термореттеу механизмі жетілмегендіктен, организмнің салқындауы немесе ыстықтауы денсаулық жағдайының жедел бұзылуына әкеліп соғатындықтан, балалар организмі жылу өндіруі 3-4 есеге дейін жоғарылайтын өте жоғары қимыл-қозғалыс белсенділігінде болатындықтан, балалар терісі өте нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор.Балалар киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек.

Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға балалар киімін даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері 1м2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.

Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.

Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.

Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері

Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер, екінші қабаты – көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.

Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді. Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.

Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа-, буөткізгіштігі, ылғалсіңіріуі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.

Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралағын - капюшон, манжет, белбеулермен бекіту арқылы жасалады. Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады. Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды денеге бірқалыпта ұстап тұрады және баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды.

Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі қажет. Киімнің жылу сақтау қасиеті туралы толығырақ мәліметті энергия шығынын, тері температурасының көлемін, жылу ағынының тығыздығын - радиация және конвекция арқылы, дененің белгілі аумағынан белгілі уақытта жоғалатын жылу санын анықтау арқылы алуға болады. Киімнің жылу қорғағыш қасиеті дегеніміз, оның жылу ағынының тығыздығын төмендету қасиеті. Жылу ағыны қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне және киімнің жылу қоғағыш қасиетіне байланысты болады. Жылу беру көлеміне, терінің орташа алынған температурасына, метеорологиялық (микроклиматтық) жағдайға байланысты киімнің организмінің жылу беруіне “қарсыласуына”, яғни, киімнің жылулық қасиетіне сандық баға беруге болады.

10-дәріс. Балаларға арналған киімдер

Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм).

Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000,0г/м2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.

Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж-0,07г/см3, брезент-0,6-0,7г/см3).

Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-99%).

Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3/м2, табиғи жібек секундына-341дм3/м2, капрон секундына-125дм3/м2).

Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16,2г/м2, табиғи жібек сағатына-4,62г/м2, капрон сағатына-1,09г/м2 бу өткізедіт.с.с.).

Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт->90%, мақта матадан жасалған мадополам->18%, жеңілдетілген драп->17,2%, табиғи жібек->16,5%, репс->7-8%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс->1,2%, капрон->5,7%, лавсан->0,5% т.с.с.).

Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.

Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс .

Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.

Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.

Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.

Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және қатал түрде СанНменЕ сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін) қолдануға болады.

Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек.

Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-, буөткізгішітігін, гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер, екінші қабаты – көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.

Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді. Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.

Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа-, буөткізгіштігі, ылғалсіңіріуі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.

Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралағын - капюшон, манжет, белбеулермен бекіту арқылы жасалады. Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады. Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды денеге бірқалыпта ұстап тұрады және баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды.

Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі қажет. Киімнің жылу сақтау қасиеті туралы толығырақ мәліметті энергия шығынын, тері температурасының көлемін, жылу ағынының тығыздығын - радиация және конвекция арқылы, дененің белгілі аумағынан белгілі уақытта жоғалатын жылу санын анықтау арқылы алуға болады. Киімнің жылу қорғағыш қасиеті дегеніміз, оның жылу ағынының тығыздығын төмендету қасиеті. Жылу ағыны қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне және киімнің жылу қоғағыш қасиетіне байланысты болады. Жылу беру көлеміне, терінің орташа алынған температурасына, метеорологиялық (микроклиматтық) жағдайға байланысты киімнің организмінің жылу беруіне “қарсыласуына”, яғни, киімнің жылулық қасиетіне сандық баға беруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау