ПоәК 042-18-11 20. 92/01-2013 №1 баспа 26. 08. 2013 ж


Style – контурдың стилі Edit Style



жүктеу 3,86 Mb.
бет3/22
Дата13.01.2020
өлшемі3,86 Mb.
#26492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Styleконтурдың стилі

Edit Style – сызықтар үшін меншікті стиль құру

Corners – бүгілген жерлердегі контурдың түрі

Line caps – сызықтар ұштарының түрі

Arrows – бағыттаушылар (стрелкалар)

Calligraphy – каллиграфия (қаламмен немесе қылқаламмен сызылған сызықты баптау)

Behind Fill - контур құюдың үстіне салынады ма екені анықталады. Контур құю үстінде болса, онда контурдың қалыңдығы екі есе кішірейеді

Scale with image - объектпен қоса масштабтау

Құюларды қолдану. Объектінің құю параметрлерін орнату үшін Fill палитрасы қолданылады.

1. Uniform Fill – біртүсті құю (однородная заливка).

2. Fountain Fill Dialog – градиентті құю.

Градиентті құюдың параметрлері:



  • Type – градиенттік құюдың түрін анықтайды: Linear (сызықтық), Radial (радиальдық), conical (конустық), sguare (квадраттық).

  • Center Offat – градиент ортасының ауытқуы.

  • Angle – градиенттің бастапқы бұрышын анықтау.

  • Steps - (шар) қадам саны 256 max

  • Edge pad – объектінің шетінен шегініс.

Түсті араластыру екі режимде жүргізіледі:

  • Two Color (екі түсті)

  • Custom (қолданушылық)

Two Color режимінде екі түс қолданылады.

Mid Point (орта нүкте) – түстік ауысудың шекарасын анықтайды.

Custom – режимінде градиенттік құю үшін түстің шексіз саның қатыстыруға болады.

Fountain Fill Dialog – сұхбат терезесінің төменгі жағында AdobeFlash пакетімен бірге орнатылатын градиенттер: «+» тізімі орналасқан батырмасы көмегімен қолданушы құрған градиенттік тізімді құруға болады. « - » белгісі тізімнен жояды.

3. Pattern Fill Dialog (заливка текстуры) – оюмен құю.

Параметрлері:

  1. Оюдың түрі:

  • Two Color – екі түсті.

  • Full Color – толық түсті.

  • Bitmap – растрлік.

  1. Origin – ауытқуы. Объектінің ортасы бойынша оюдың ауытқуын анықтайды.

  2. Size – оюдың көлемі.

  3. Skew – оюдың наклоны.

  4. Rotate – оюды айналдыру.

  5. Transform fill with object - оюды объектімен қоса өзгерту.

Load – батырмасы көмегімен оюды файлдан жіктеуге болады. Create – батырмасы көмегімен оюды құруға болады.

4. Texture Fill Dialog – текстурамен құю.

Параметрлері:

  1. Texture library – текстуралардың әр-түрлі кітапханаларын таңдау үшін арналған тізім.

  2. Style – текстураның сыртқы түрін өзгерту параметрлер тобы.

  3. Preview –алдын - ала көру.

  4. Tiling – наложение.

  5. Options – көмегімен текстураны растрилизациялау параметрлерін орнатуға болады.

    • Bitmap resolution – растрлік оюдың шешілуі.

    • Maximum file width – пикселдер саны көрсетіледі.

ЕСКЕРТУ: Текстуралық құюларды қолдану, бейнені экранға шығару және қағазға басуын баяулатады.

5. Post Script Fill Dialog – құюдың бұл түрі текстураға ұқсас бірақ қағазға шығару процесінде ол растрлік бейнеге түрлендірілмейді. Бұл жағдайда принтер Post Script (беттерді сипаттау) тілін қолдануы қажет.

Негізгі әдебиет:[ 5, 7]

Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]

Тақырып 3. ACTIONSCRIPT ТАНЫСУ

AdobeFlash мәтіннің екі түрін қолдануға мүмкіндік береді.

  1. Artistic text – фигуралық мәтін

  2. Paragraph text – қарапайым мәтін

Фигуралық мәтін объект деп есептеледі. Сондықтан оған контурдың және құюдың жалпы қасиеттерін және арнайы эффектерді қолдануға болады. Фигуралық мәтіннің формасын (Shape инструменті көмегімен) өзгертуге болады.

Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады және оған мәтіндік процессорларда қолданылатың параметрлерін (өрістер, абзацтық шегіністер, тасымалдау және т.б.) орнатуға болады. Қажет болған жағдайда фигуралық мәтінді қарапайым мәтінге және керісінше түрлендіруге болады. Ол үшін: Text > Convert to Paragraph (Artistic) text немесе Ctrl + F8 командаларын орындау керек.

Қарапайым және фигуралық мәтінді құру үшін: Text - инструментін қолдану керек.

Фигуралық мәтінді құру үшін: жұмыс аймағының кез-келген жерінен шертіп, мәтінді енгізу керек.

Қарапайым мәтінді құру үшін: рамка сызып, мәтінді енгізу керек.

Мәтінді өңдеу үшін қолданылатын сұхбат терезе Ctrl + Shift+T пернелер комбинациясымен шақырылады. Мәтіннің параметрлерін толық баптау үшін F-батырмасы көмегімен Format text сұхбат терезесі шақырылады. Бұл терезенің 5 – бет парағы бар.



  1. Character - cимволдар

  2. Paragraph - абзацтар

  3. Tabs - табуляция

  4. Columns - колонкалар

  5. Effects – маркерлердің түрі таңдалады. Сол маркердің көлемі, буквицаның түрі осы жерде таңдалады.

Мәтіндік блоктарды байланыстыру. Бұрынғы мәтіндік блокпен байланысқан жаңа блок құру үшін мәтіндік блоктың төменгі-ортанғы маркеріне шерту керек. Сонан соң мәтіндік блоктың рамкасын салу керек. Егер мәтін бірінші блокқа толық симасы маркер стрелка тәрізді болады. Екі блокты бір-бірімен байланыстыру үшін алдымен бірінші блоктың ортанғы – төменгі маркерлеріне шертіп, сонан соң екінші блокқа шерту керек. Байланыс көк түсті болады.

Негізгі әдебиет:[ 5, 7]

Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]

Негізгі түсініктер

Құжаттың тақырыпшасында құжат атауы, бейненің масштабы, ағымдағы қабаттың атауы немесе Background (Фон) идентификаторы және бейненің режимі туралы ақпарат көрсетіледі.

Экранда сызғыштарды шығару үшін View > Show Rulers командасы қолданылады. Сызғыш үшін өлшем бірлігі Edit > Preferences > Units&Rulers сұхбат терезесінде көрсетіледі.

Программада 13 палитра бар. Оларды экран бойынша жылжытуға, топтастыруға болады.

Саймандар панелін және барлық ашық палитраларды шығару/жасыру үшін Tab пернесін шерту қажет.

Қалып-күй жолында келесі параметрлердің мәндері көрсетіледі: Document Size (құжат көлемі), Document Profile (құжат профилі), Scratch Sizes – AdobeFlash программасына осы сәтте пайдалануға болатын жедел жад көлемі. программы, Efficiency (Эффективность) – қолданылып тұрған жедел жад үлесі, Timing (уақыт) және Current Tool – ағымдағы сайман атауы.



Меню.

File меню командалары бейнелерді құру, ашу, орналастыру, жабу, сақтау, сканерлеу, импорттау немесе экспорттау, қағазға басу, файлдарды желі бойынша жіберу кейбір операцияларды автоматтандыру және AdobeFlash программасынан шығу үшін қолданылады. File > Jump to (Файл > Перейти в) командасын ImageReady немесе GoLive көмекші қосымшаларға көшу үшін қолданады.

Edit менюында бейнені өңдеу командалары орналасқан: көшірме алу, трансформациялау, кірістіру, белгілі көлемді және формалы қылқалам, әр түлі оюлар құру. Fade (Ослабить) ішменю командалары көптеген операциялардың эффектісін әлсіздетуге арналған. Purge (Очистить) ішменю командалары жадты босатады. Сонымен қатар, Edit менюі көмегімен Color Settings (Характеристики цвета), Preset Manager (Менеджер настроек) және Preferences (Установки) сұхбат терезелерін ашуға болады.

Image менюінің Mode (Режим) ішменю көмегімен бейне түрлендіріледі. Adjustments (Корректировки) ішменю командалары бейненің тонын, ашықтылығын өзгертеді. Image Size (Размер изображения) командасы көмегімен бейненің көлемін немесе шешілуін өзгертуге болады. Canvas Size (Размер холста) сұхбат терезесі жұмыс кеңістігінің көлемін өзгертеді.

Layer менюінің командалары қабаттарды қосуға, көшірмесін алуға, жоюға, өзгертуге, топтастыруға, біріктіруге арналған.

Select менюінің Select (Выделить) ішменюінің All (Все) командасы қабатты толық ерекшелейді. Deselect (Снять выделение) командасы керісінше ерекшелеуді алып тастайды. Reselect (Восстановить выделение) командасы соңғы Deselect командасы қолданылған аймақты қайрадан ерекшелейді. Color Range (Диапазон цветов) командасы түске байланысты ерекшелейді.

Filter менюінің командалары фильтрлерден құралады.

View менюінің командалары экранда не көрсетілетінін, ал не көрсетілмейтінін анықтайды. Gamut Warning (Предупреждение о гамме) омандасы қағазға шығарыла алмайтын түстерді ерекшелейді. Proof Setup (Установки пробного отпечатка) ішменю командалары бейне әр түрлі режимде қағазға шығарғандағы түрін көрсетеді.

Window менюінің командалары палитралардың экранға шығарылуын/жасыруын және бейне терезелерінің өз ара орналасуын басқарады.

Help менюі командалары интерактивті режимде AdobeFlash программасының анықтамалық жүйесіне қатысуды қамтамасыз етеді.



Палитралар. Керекті палитраны ашу үшін Window (Окно) командасын қолданыңыз. Shift+Tab пернелер комбинациясы саймандар панелінен өзге барлық ашық палитраларды көрсетеді/жасырады.

Егер Edit > Preferences > General (Правка > Установки > Общие) сұхбат терезесінде Save Palette Locations (Сохранять расположение палитр) туы орнатылған болса, AdobeFlash программасынан соңғы рет шыққан кезде ашылылып тұрған палитралар программаны іске қосқан сол орындарында орналасады. Үнсіз келісім бойынша палитралардың топтастыруын қалпына келтіру үшін Window > Workspace > Reset Palette Locations (Окно > Рабочее поле > Восстановить расположение палитр) командасын орындау қажет.



Бейнелерді өңдеу

Холст көлемін өзгерту. Холст көлемін өзгерту үшін: Image / Canvas Size командасын орындау керек. Холстың көлемін өзгерту бейненің көлеміне әсер етпейді. Сәйкес сұхбат терезесінің астында жаңа жаңа холстта бейне орналасатын орынды көрсету қажет (холстты үлкейткенде). Холстты кішірейткен жағдайда холстың бүтін болып қалатын бөлігін таңдау керек.

Бейненің көлемін және шешілуін өзгерту. Ол үшін: Image / Image Size командаларын орындау керек. Pixel Dimensions тобында бейненің пикселдегі көлемін көруге болады. Ал Document Size тобында енімен биіктігі және өлшем бірлігін таңдауға болады. Өлшем бірлігі ретінде процент көрсетуге болады. Resample Image (интерполяция) туы бейненің көлемін өзгерткенде пикселдер санын өзгеруін, өзгермеуін анықтайды. Егер бұл ту орнатылса, онда артық пикселдер жойылады немесе жаңа пикселдер қосылады.Constrain Proportions туы орнатылса бейненің пропорциясы сақталады.

Пикселдер санын азайтқан кезде бейненің сапасы аса көп бұзылмайды. Себебі пикселдер белгілі алгоритм бойынша жойылады. Өте аз өзгерістер пикселдер санын 25-50 және 70% азайтқанда болады. Яғни, әрбір 4 пикселдің 25% біреуі, 50% болғанда екеуі, 75% болса үшеуі жойылып тастайды. Бейнедегі пикселдер санын көбейткенде, яғни жаңа пикселдер қосқанда үш әдіс қолданылады.



  1. Bicubic (бикубический) – бұл режимде көршілес 8 пикселдің түсі орташаланып алынады. Бұл әдіс өте баяу. Бірақ ең сенімдісі.

  2. Bilinear (билинейный) – көршілес 4 пикселдің түсі орташаланылады. Тезірек жұмыс істегенмен нәтижесі төменірек.

  3. Nearest Neighber (ближайший сосед) – пикселге көршілес 1 пикселдің мәні беріледі. Ең жылдам әдіс бірақ сапасы төмен.

Негізгі әдебиет: [4, 9]

Қосымша әдебиет: [6]

Түстік модельдер және режимдер

Бейнені бір палитрадан басқаға ауыстыру үшін Image > Mode командасын орындау керек. Түстік палитралар:



Bitmap –черно-белая,

Gray Scale –полутоновая или оттенки серего.

Duptone – полутондық + 1түс.

Indexed Color – индекстелген палитра

RGB - палитрасы

CMYK - палитрасы

Lab Color – палитрасы

Multichannel (многоканальное) – бұл режимде 1 палитрадан 2-ші палитраға жеке каналдарды қарастырмай аралық канал ретінде қолданылады.

Ескерту: Басқа палитраға ауысқанда түс туралы ақпараттың бөлігі жойылып қалуы мүмкін. Сондықтан алдымен бейненің резервті көшірмесін сақтап қойған жөн болады. Түрлендірудің алдында барлық қабаттарды бір қабатқа біріктірген жөн. RGB / Lab және Lab / RGB түс туралы ақпарат жойылмайды. RGB – дан CMYK және LabCMYK – ға ауыстырғанда ақпарат жоғалады. Түрлендіргенде қандай өзгереді екенін View > Camut Varning командасын орындау керек немесе Shift +Ctrl Y пернелер комбинациясын шерту керек. Өзгеретін түстер сұр түспен көрсетіледі.

Палитраның түрлері

Палитраның түрі Palette терезесінде таңдалады. Палитралар түрлері:



  1. Uniform - біркелкі палитра. Өте сирек қолданылады.

  2. Exact (точная) – тура немесе дәл

  3. System – жүйелік

  4. Web – интернеттікі

  5. Local – локальді. Жоғарыда айтылған алгоритмдердің бірімен құрылған индивидуальді палитра.

  6. Master . Image Ready программасында құрылған индивидуальды палитра.

  7. Custom - қолданушылық. Бұл палитраны Color Table cұхбат терезесінде құруға болады.

Бейнені индекстелген палитраға аударғанда Table терезесінде стандартты индекстелген палитраның біреуін таңдауға болады:

  1. GrayScale – сұр шкала.

  2. Spectrum – спектр. Күн түсінің спектрі.

  3. System – жүйелік. Windows және Macintosh үшін 2 стандартты жүйелік шкала.

  4. Custom –қолданушылық. Палитрадағы түсті өзгерту үшін: Color Picker терезесіндегі керекті түсті таңдап OK батырмасын шерту керек. Егер Preview туы орнатылса бастапқы түсті нүктелер таңдалған түске түсін өзгертеді.

Eyedropper (пипетка) – сайманың таңдап сұхбат терезкде мөлдірлікті қолдайтын форматқа ауыстырғанда,мөлдір болатын түсті көрсетуге болады. Палитраны өңдеген соң Sev батырмасын шертіп, сақтаймыз. Load батырмасы алдынғы сақталған қолданушылық палитраны жүктеуге мүмкіндік береді.

Қосымша түстер және мөлдірлікті қосу. Forced терезесінде түстер кестесіне бейнеде жоқ түстерді қосуға болады:

  • Black and Blue

  • Primaries - базалық

  • Web – 216 қауыпсыз түстер

  • Custom – бейнеде жоқ түстерді қосамыз.

Transparency (мөлдірлік ) – туын орнатып, бейнені GIF және PNG форматында

Мөлдір болатын түсті таңдауға болады. Ал ту орнатылмаса, онда мөлдір аймақтар Matte свитогында таңдалған фонның түсімен көрсетіледі.



Түсті растр. Dither (растрлеу) – терезесінде түстердің растрлеу режимі таңдалады. Яғни, палитрадағы жоқ түстерді бар түстермен алмастыру режимі.

None – режимін қолданылғанда бейнеде түстердің ауысуы жағымсыз (резкий) болады.

Pattern (ою) – режимінде жоқ түстер жақын түстерден құралған қайталанатын ою арқылы көрсетіледі. Жақын түстерден құрылған ою түстік растр деп аталады. Қайталануды жасыру үшін diffusion немесе noise режимдері қолданылады. Amount өрісінде растрлеу шамасы беріледі. Ол неғұрлым үлкен болса, индекстелген бейнеде солғұрлым көп түстер қолданылады.

Бейнені монохромды бейнеге аудару

Монохромды бейненің артықшылықтары:



  • Файлдың көлемі кіші болады.

  • Қағазға басқанда сұр түстер тек қара бояумен шығарылады.

Барлық бейне квадратты бірнеше пикселден тұратын растрлік ұяшықтарға бөлінеді. Тон неғұрлым қара болса, солғұрлым растрлік ұяшықта қара пикселдер көп болған және керісінше ұяшықтар қандайда бір бұрышпен орналасқан сызық құрайды. Бұл сызықтар растрлік сызықтар деп аталады. Ұяшықтың ішіндегі қара нүктелер, сызықтар, дөңгелектер, ромбтар түрінде топтасып растрлік нүктені құрайды.Растрлік нүктенің түрін Shape терезесінде таңдауға болады. Сұр бейнені қағазға шығарғанда ол автоматты түрде растрленеді.

Негізгі әдебиет: [4, 9]

Қосымша әдебиет: [6]
ТАҚЫРЫП 4. МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА

Ерекшелеу режимдері. Режимдер саймандар панеліндегі Style өрісінде орнатылады. Үнсіз келісім бойынша оның мәні Normal.

Constained Aspect Ratio – процедураларды сақтау режимін таңдап, тіктөртбұрыштың қабырғаларының немесе эллипстің осьтерінің қатынастарын беруге болады.

Fixed Size (фиксированный размер). Көлемі бірдей аймақтарды ерекшелеуге мүмкіндік береді

Аймақтарға қолданылатын логикалық операциялар.



  1. Инверсия - ерекшеленгенді ерекшелену, ерекшеленбегенді ерекшелеу. Инверсиялау үшін Select > Inverse командасын орындау керек. Бұл операциялардың біртекті фонда бірнеше түсті объектілерді ерекшелеу үшін немесе фонмен қандай да бір операциялар жасау үшін қолданылады.

  2. Аймақтарды қосу. Бірнеше аймақты ерекшелеу үшін Shift батырмасын қолдануға немесе басқару панелінде Add to Selection батырмасын шерту керек. Бұрынғы режимге қайту үшін New Selection батырмасын шерту қажет.

  3. Аймақтардың айырымын алу. Ол үшін Subtract from Selection батырмасын шерту керек. Alt клавишасын ұстап тұрып ерекшелеуге де болады. Бұл режим көрсеткіштің жанында « - » көрсетіледі.

  4. Аймақтардың қиылысуы. Бұл жағдайда Interfect with Selection батырмасын шерту керек немесе екінші аймақты Alt+Shift басып тұрып, ерекшелеу керек.

Ерекшеленген аймақтардың орнын ауыстыру және көшірмесін алу.

Аймақтың орнын ауыстыру үшін Move сайманы қолданылады. Ерекшеленген аймақ тек көлденеңінен немесе тігінен не 450 бойынша орнын ауыстыру үшін Shift клавишасын ұстап тұру керек. Ерекшеленген аймақты кіші аралыққа жылжыту үшін клавиатураны қолданған ыңғайлы. Клавиатурағы стрелка лар көмегімен ерекшеленген аймақты 1 пикселге жылжытуға болады. Егер де Shift –ті басып тұрып жылжытсақ, онда аймақ 10 пикселге ауысады.

Аймақтың көшірмесін алу. Аймақтың орнын ауыстырғанда аймақтың бұрынғы орны фонның түсімен боялынады. Бұны болдырмау үшін аймақты емес оның көшірмесін жылжыту керек. Ол үшін жылжыту кезінде Alt пернесін басып тұру қажет. Ал егер 1 құжаттан басқа құжатқа ауыстырғанда Alt – ты басуы қажет емес. Бір құжаттан екінші құжатқа аймақты кірістіргенде автоматты түрде жаңа қабат құрылады.

Негізгі әдебиет: [4, 9]

Қосымша әдебиет: [6]
Түспен жұмыс істеу

Түсті таңдау. Түсті саймандар панеліндегі екпінді түсті индекаторы көмегімен таңдауға болады. Мұндағы негізгі түс Penclе, Paint Brush, Paint Backet және т.б саймандарды қолданылғанда пайдаланылатын түс.

Бейненің қандай да бір бөлігін ерекшелеп, оны Edit > Fill командасы көмегімен негізгі түспен құюға немесе Edit > Stroce командасы көмегімен контурын сызуға болады. Градиентті құюлар негізгі түспен басталып, фонның түсімен аяқталады.



Фонның түсі – бұл түспен Eraser инструментін қолданған соң бейненің өшірілген бөлігі боялады. Ерекшеленген аймақты осы түспен бояу үшін Ctrl+Backspace пернелерін шерту керек.

Пипетка (Eyedropper). Бұл сайман көбінесе фотосуреттермен жұмыс істеуге арналған. Фотосуреттерді өңдеу үшін екпінді түстерді осы инструмент көмегімен таңдаған ыңғайлы. Сайманды таңдап бейненің керекті түсті жерінде шертеміз. Alt клавишасын басып тұрып фонның түсін өзгертеміз. Әрі қарай сол жақ батырманы басып тұрып керекті орында шертеміз. Фотобейнеде біртекті бөліктер сирек кездеседі. Сондықтан түсті орташалауға болады. Ол үшін саймандар панеліндегі Sample Size өрісінде орташалау режимін таңдаймыз (3 х 3 пиксел немесе 5 х 5 пиксел. Үнсіз келісім бойынша Paint Sample режимі орнатылған)

Color Picker (түсті таңдау) терезесінде төменгі оң жағында кез-келген үш каналды моделді таңдауға болады. Шкаланың оң жағында тіктөртбұрыш қасында белгішелер пайда болуы мүмкін. таңдалған түс СMYK палитрадан шығып кеткенін білдіреді. Яғни, бұл түсті қағазға дұрыс шығару мүмкін емес. Ал қасында төртбұрышта СMYK палитрасының осы түске ұқсас түсті көруге болады. таңдалған түс Web қауыпсіз түске жатпайтының білдіреді және броузерде дұрыс көрсетпейді. Қасында төртбұрышта осы түске ұқсас түс көрсетіледі.



Color палитрасы. Түсті таңдаудың ең қарапайым әдісі – түстік шкалада керекті жерде шерту. Әрі қарай түсті дәлдеу үшін сәйкес сырғытпаны қолданамыз. Екінші тәсіл сырғытпаның жанындағы өрістерге түстің сандық мәнің енгізу. (0 мен 255)

Түстік модельді өзгерту үшін палитраның менюін ашып керекті модельді таңдауға болады.



Swatches палитрасы. Бұл палитрада жиі қолданылатын түстердің жиыны бар. Негізгі түсті таңдау үшін оны шерту керек. Ал түсті фондық түс ретінде қолдану үшін Alt пернесімен қоса шерту керек.

Аймақтарды құю (заливка областей). Құю – бұл аймақтың ішкі облысын құю. Ал обводка ол аймақтың сыртқы түсті сызығы. Аймақты құю үшін Edit > Fill командасы орындалады немесе Paint Bucket саймандары қолданылады. Fill командасы көмегімен ерекшеленген аймақты негізгі түспен, фон түсімен немесе оюмен құюға болады. Foreground Color (негізгі түс), Background Color (фондық түс), Pattern (ою), Black (қар түс), 50 % Gray (сұр), Write (ақ).

Opacity - өрісінде мөлдірлікті орнатуға болады.

Түстерді араластыру режимдері. Мөлдірлік эффектісін құру үшін (жаңа және ескі түстер) әртүрлі түстер араласуы мүмкін. Араласу режимдері әртүрлі қызықты эффектілер алуға мүмкіндік береді. Араластыру режимдерін Mode өрісінде таңдауға болады.Араластыру режимдері:

  1. Normal – жаңа және ескі түс арасындағы аралық түс.

  2. Dissolve – мөлдірлік эффектісі ескі емес түстерді сақтау арқылы құрылады. Мөлдірлік мәні неғұрлым аз болса, соғұрлым аз пикселдер түсін өзгертеді.

  3. Behind – бұл режим мөлдір фонды көп қабатты бейнелер үшін қолданылады. Түс тек қабаттың мөлдір бөлігінде ауысады.

  4. Clear – ерекшеленген аймақтың барлық пикселдері мөлдір болады. Тек көп қабатты құжаттарда қолданылады.

  5. Multipey – көлеңкелер құру үшін қолданылады.

  6. Screen – алдынғыға қарама-қарсы свечение құру үшін қолданылады.

  7. Overlay – бейненің ерекшеленген аймағында контрастность және шыңқайлылығын (насыщенность) көбейтеді.

  8. Soft Light – жұмсақ, жарық.

  9. Hard Light - қатты жарық және т.б.

Paint Bucket сайманы. Бастауына байланысты белгілі түсті пикселдердің барлығын немесе таңдалған пиксел түсіне байланысты сыбайлас аймақты бояйды.

Градиенттік құю. Градиенттік ауысу градиент сайманымен градиент векторы көрсеткен бағытта жүргізіледі. Градиент векторын жүргізу үшін ауыстырудың бастапқы нүктесінде шертіп, көрсеткішті соңғы нүктесіне тарту керек. Вектордың бағыты стрелкалар арқылы көрсетіледі.

Градиент түрлері:

  1. Сызықты градиент – ауысу жолақтары градиент векторына перпендикуляр.

  2. Радиалды градиент – ауысу жолақтары қабаттасқан шеңберлер құрайды.

  3. Бұрыштық градиент – түс сағат тілімен бағыттас өзгереді.

  4. Шағылысқан градиент – алдымен сызықтық градиент құрылады, сонан соң оның айналық бейнесі құрылады.

  5. Ромбтық градиент – градиент векторы ромб диоганалінің бағытын көрсетеді.

Аймақтарды көркемдеп басу (Обводка областей). Аймақтың контурын сызу Edit > Stroke немесе Border командалар көмегімен құрылады.Ол үшін аймақты ерекшелеп, Edit > Stroke командасын орындап , ашылған сұхбат терезеде Widht өрісінде қалындықтың мәнін енгіземіз. Color өрісінде контурдың түсін таңдаймыз. Үнсіз келісім бойынша негізгі түс орнатылған.

Blending (араластыру) тобында мөлдірлік параметрін және араластыру режимін таңдауға болады.

Location тобында ерекшеленген аймақтың шекарасына байланысты контур қалай орналасқанын таңдауға болады.

Орналасу режимдері:

  1. Inside – контур ерекшеленген аймақтың ішінде орналасады.

  2. Center – аймақтың шекарасы контурдың центрі бойынша орналасады.

  3. Outside – сыртында.

Сызықтарды салу. Сызықтарды сызу үшін үш инструмент қолданылады.

  • Pencil (карандаш)

  • Paint Brush (қылқалам)

  • Air Brush (аэрограф)

Салу кезінде бұлар негізгі түсті қолданады, бірақ та әртүрлі сызықтар сызады. Көлденең және тік сызық сызу үшін Shift клавишасын қоса басу керек.

Қылқаламның түрлері:

Hard (қатты)

Soft (жұмсақ) бұлар сол жағында, ал

Chalk (мел)

Spatter (брызгш)

Star (жұлдызша) оң жағында таңдалады.

Сол жақтағы сұхбат терезеде қылқаламның келесі параметрлерін орнатуға болады.



  1. Diametr – егер қылқаламның формасы элипс тәрізді болса, онда диаметр үлкен осьнда анықталады.

  2. Hardness - қаттылығы

  3. Spacing – (интервал) сызықты сызған кезде бір-бірінен белгілі ара қашықтықта орналасады. Егер Spacing туын алып тастаса, онда іздер бірдей уақыт ара қашықтықта пайда болады. Ал олардың жиілігі көрсеткішті қандай жылдамдықпен жүргізгенге байланысты.

  4. Angle – элипстің көлбеу бұрышы.

  5. Roundless – егер 100% болса,

Бұл параметрлерді сандық мәндер енгізіп немесе сырғытпа көмегімен орнатуға болады. Әр инструменттің өз индивидуальді параметрі бар. Қылқаламның Wet Edges параметрі, аэрографта Pressure параметрі, қарындашта Auto – Erase. Егер ту орнатылса, онда ағымдағы негізгі түспен сызылған сызықтар бойынша қарындашпен жүргізгенде қарандаш фон түсімен жүргізеді.

Бейненің фрагменттерін жою және бейнені қалпына келтіру. Бейненің фрагменттерін жою үшін үш ластик инструменті қолданылады.

  1. Eraser (ластик) – бір қабатты бейнеде фон түсімен салады. Фон қабатында немесе мөлдірлікке тыйым салынған қабатта да фон түсімен салады. Басқа қабаттарда пикселдерді мөлдірлетеді.

  2. Background Eraser (фоновый ластик) – пикселдерді мөлдірлетеді. Негізгі түс өзгермейтін режимді орнатуға болады.

  3. Magic Eraser (волшебный ластик) – берілген түсті пикселдердің барлығын мөлдірлетеді немесе егер де қабатта мөлдірлікке тыйым салынса, фон түсімен бояйды.

Басқа түспен боялған немесе жойылған фрагментті қалпына келтіру үшін Арнайы қылқаламдар қолданылады.

  1. History Brush – пикселдерге протоколдағы таңдалған жазба түстерін қайтарады.

  2. Art History Brush – жоғарығындай әрекет жасайды. Сонымен қатар әртүрлі бейнелеу элементтерін қосады. Бейнелеу элементі Stace терезесінде таңдауға болады. Сонымен қатар келесідей параметрлер орнатуға болады. fidetity - протоколда көрсеткен түспен ауытқуы. Неғұрлым мән аз болса, соғұрлым протоколдағы түстерде өзгеріс көп болады.

Area – көлем неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бейнелеу элементі көп болады.

Бейненің фрагменттерін жою және бейнені қалпына келтіру. Бейненің фрагменттерін жою үшін үш ластик инструменті қолданылады.

  1. Eraser (ластик) – бір қабатты бейнеде фон түсімен салады. Фон қабатында немесе мөлдірлікке тыйым салынған қабатта да фон түсімен салады. Басқа қабаттарда пикселдерді мөлдірлетеді.

  2. Background Eraser (фоновый ластик) – пикселдерді мөлдірлетеді. Негізгі түс өзгермейтін режимді орнатуға болады.

  3. Magic Eraser (волшебный ластик) – берілген түсті пикселдердің барлығын мөлдірлетеді немесе егер де қабатта мөлдірлікке тыйым салынса, фон түсімен бояйды.

Басқа түспен боялған немесе жойылған фрагментті қалпына келтіру үшін Арнайы қылқаламдар қолданылады.

History Brush – пикселдерге протоколдағы таңдалған жазба түстерін қайтарады.

Art History Brush – жоғарығындай әрекет жасайды. Сонымен қатар әртүрлі бейнелеу элементтерін қосады. Бейнелеу элементі Stace терезесінде таңдауға болады. Сонымен қатар келесідей параметрлер орнатуға болады. fidetity - протоколда көрсеткен түспен ауытқуы. Неғұрлым мән аз болса, соғұрлым протоколдағы түстерде өзгеріс көп болады.

Area – көлем неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бейнелеу элементі көп болады.

Негізгі әдебиет: [4, 9]

Қосымша әдебиет: [6]

Түсті және жарты тонды бейнелерді өңдеу.

Тонды өңдеудің мақсаты пикселдер арасындағы жарықты және көлеңкені бөліп орналастыру. Яғни, бейненің ашықтылығын және контрактілігін баптау. Жарты тонды бейненің сапасы туралы обьективті бағаны ашықтылық, гистограмма көмегімен беруге болады. Жарты тонды бейне тек бір түстің оттеноктарынан тұратындығынан оның пикселдері бір-бірімен тек ашықтылығымен ажыратылады. Бейненің гистограммасы – бұл көлденең ось бойынша 0 – 255-ке дейінгі ашықтылық деңгейі, ал тік ось бойынша осы ашықтыққа ие болатын бейненің пикселдер саны көрсетілген график. Бейнеде қолданылатын диапазонның бөлігі оның тондық диапазоны деп аталады. Тондық диапазон неғұрлым көп болса, бейненің сапасы соғұрлым жоғары болады. Тондық диапазонды үш бөлікке бөледі:



  1. Сол жақ бөлігі – бейненің қара жерлеріне сәйкес.

  2. Оң жақ бөлігі – ашық жерлеріне сәйкес.

  3. Орта тондар – олардың арасында.

  4. Ең үлкені

Идеалды бейнеде барлық оттеноктардың пикселдері бар болады.

Ашық тондары көп бейне жоғары кілттегі бейнелер деп аталады. Ал қара тондары көп бейне, төменгі кілттегі бейне деп аталады.

Бейненің гистограммасын көру үшін және тондық диапазонды өңдеу үшін Image > Histogram командалары орындалуы тиіс.

Channel (канал) терезесінде каналдың атауын таңдау керек. Канал – бұл түстік моделді құрайтын түстердің диапазоны.

Diminosity (освещенность) – мәнін таңдағанда көлденең ось бойынша барлық каналдардың қасында екпінділігі көрсетіледі. Гистограмманың астында келесідей ақпарат шығарылады.

Mean – қашықтықтың орташа мәні.

Standart Deviation – орташа мәннен орташа ауытқу.

Median - бейненің тондық диапазонының орташа.



Pixel – гистограмма құру үшін ескерілген пикселдер саны. Гистограмманың оң жағында көрсеткіш тұрған орын туралы келесідей ақпарат.

Livel (деңгей) – ашықтылықтың деңгейі.

Count (саны) – ашықтылыққа ие болған пикселдер саны келесі Percentile (процент) %-н берілген ағымдағы ашықтылық деңгейінен артық емес деңгейдегі пикселдер саны.

Тондық диапазонды өңдеу үшін: image > Adjast > Levels командаларын орындау керек немесе ctrl + L пернелерін шерту керек. Ашылған терезеден Channel өрісінде керекті каналды таңдау керек.

Тондық диапазонды автоматты түрде өңдеу үшін: Image > Adjast > Auto levels командасын орындау керек. Үнсіз келісім бойынша пикселдердің саны 0,5 % - н кіші тондар екі жақтан алып тасталады. Егер осыдан кіші немесе көп алып тастау қажет болса, Alt клавишасын басу керек және де Black Clip және White Clip өрістеріне керекті мәндер енгізіп, OK батырмасын шертеміз.



Input Levels мәндері тондық диапазонда кеңейту үшін қолданады. Output levels тондық диапазонды кішірейту үшін қолданылады.

Тондық қисықты өңдеу. Тондық қисықты өңдеу үшін Image > Adjest > Curves командасымен немесе Ctrl+M пернелерін шерту керек. Тондық қисық орналасқан Curves сұхбат терезесі ашылады. Көлденең ось бойынша ашықтылықтың бастапқы деңгейлері, ал тік ось бойынша өңдегеннен кейінгі ашықтылықтың деңгейі орналасқан. Үнсіз келісім бойынша график х = y түзуі болады. Қисықтың астында ашықтылықтың шкаласы орналасқан. RGB моделі үшін қара тондар астынғы сол жағында, ал ашық тондар жоғары оң жағында орналасқан. CMYK моделі үшін керісінше.

Ашықтылықты және контрасттылықты интервалда өңдеу. Бұл үшін қисықтың жеке нүктелерін қозғалту керек. Мұны екі режимде орнатуға болады.

  1. Режим гладкой кривой кривой – жеке нүктелерді жылжытқанда қисық автоматты түрде дөңестеледі.

  2. Режим рисование кривой от руки – бұл жағдайда қисық карандаш көмегімен сызылады.

Контрасттылықты өзгерту үшін қандай да бір тондық интервалдың ұштарын белгілейтін нүктелер салу керек. Нүктелердің біреуін немесе екеуін де қарама – қарсы бағытта жылжытып контрасттілікті өзгертуге болады. Қисықта барлығы 16 нүкте құруға болады. Құрылған нүкте қара түсті екпінді болады. басқа нүктелер шаршы түрінде белгіленеді. Ашықтылықты өзгерту үшін қисықтың керекті нүктесінде шертіп, жоғары немесе төмен жылжытқан жеткілікті. Керекті нүктені ерекшелеу үшін нүктелерді Ctrl + Tab (солдан оңға қарай) және Shift + Ctrl +Tab (оңнан солға қарай) пернелер көмегімен ерекшелейміз. Нүктені жоғары дәлдікпен жылжыту үшін Output және Input өрістеріне мәндер енгізіп жылжытуға болады.

Ескерту: Тондық қисықтың ұштарындағы нүктелерді жоюға болмайды.
Ашықтылықты баптаудың жылдам әдісі.

  1. Brightness > contrast командасы көмегімен. Image > Adjust – менюінен таңдалады. Шектік мәндер -100-ден +100-ге дейін. Өзгерісті көру үшін Preview туын орнатуға болады.

  2. Image > Adjust > Avto levels және Image >Adjust > Auto Contrast командалар көмегімен.

Арнайы түстік эффектілер.

Түстік эффектілерді әдетте өңдеу жүргізілген соң қолданады және тек ерекшеленген аймақтарға қолданады.



Эффектілер:

  1. Шымқайлылықты кеміту (Умыншение насыщенности)

Image > Adjust Desaturate (обесцветить) командасы түсті RGB бейнені жарты тонды бейнеге келтіреді. Бұл жағдайда пикселдердің ашықтылығы өзгермейді. Көп қабатты бейнеде бұл команда тек екпінді қабатқа әсер етеді. Бұл команданы Ctrl+Shift +U көмегіменде орындауға болады.

  1. Инвертирование (қарама – қарсы күйге келтіру). Image > Adjust Invert командасы көмегімен немесе Ctrl+ I көмегімен орындалады. Нәтижесінде түстер қарама-қарсы түске ауысады.

Қызыл – көгілдірге,

Ақ - қараға,

Қара – аққа,

Қарама – қарсы түске келтіру әртүрлі модельдерде әртүрлі болады.



  1. Ашықтылықты тегістеу. Image > Adjust Equalize командасы көмегімен орындалады. Ерекшеленген аймақтағы ең ашық пикселдерді ақ-түске айналдырады. Қалған пикселдерді барлық ашықтылық диапазонын біркелкі толтыратындай етіп ауыстырады. Түрлендіруден кейін бейне ашықтылығы және контрастілігі жоғалмайды.

  2. Ақ-қара бейнеге түрлендіру (Пороговое преобразование в черно-белое изображение) Image > Adjust Thresholt командасы көмегімен орындалады.Шектік ашықтыққа байланысты кез-келген түстерді аққа немесе қараға айналдырады. Шектік мәннен ашық түстердің барлығы аққа айналады, қалғандары қара түске айналдырылады.

  3. Плакаттар. Image > Adjust Posterize командасы көмегімен орындалады. Алдынғы команда сияқты әрекеттер жасайды. Тек қанша түс керек сонша түс қалдырылады.

Өңдеуді орындау реті.

  1. Гигтограмма көмегімен бейненің сапасын бағалау.

  2. Levels немесе threshold командасы көмегімен бейненің ақ және қара нүктелерін табу керек.

  3. Curves терезесінде тондық диапазонды өңдеу.

  4. Түсті өңдеу.

  5. Бейненің насыщенностын баптау.

  6. арнайы түстік эффектілер қолдану.

  7. Unsharp Mask – нереская маска фильтрін қолдану.

Өңдеудің нәтижесін әлсірету. Өңдеудің нәтижесін әлсірету үшін аймақ ерекшеленген болса, ерекшелеуді алып тастамай тұрып Edit > Fade командаларын орындау немесе Shift+ Ctrl +F пернелерін шерту керек. Opasiti сырғытпасы көмегімен колекцияны керекті деңгейге орнату керек.

Негізгі әдебиет: [4, 9]

Қосымша әдебиет: [6]
Маскалар және каналдар.

Бейнеге қолданылатын барлық операциялар тек ерекшеленген аймақтын ішінде жүргізіледі. Бейненің қалған аймақтары өңдеуден қорғалған яғни, «маскаланған». Ерекшеленген аймақ және маска жақын түсініктер. Ерекшеленген аймақ оны сақтағанда маскаға аймақтарды маскалар альфа - каналдарда сақталады. альфа -канал бұл ерекшеленген аймақтарды сақтау үшін құрылатын арнайы каналдар.



Масканы сақтау. Маскалар ерекшеленген аймақ ақ түс болатын, маскаланған аймақ қара түс болатын жарты тонды бейне түрінде сақталады.Ерекшеленген аймақты жаңа альфа -каналдарында сақтау үшін Save Selection as Channel батырмасын шерту керек. Үнсіз келісім бойынша жаңа каналға Alpha1 атауы беріледі. Ерекшеленген аймақты бұрын құрылған Alpha каналда сақтау үшін select >save Selection командасын орындау керек. Ашылған терезеде құжаттың атын, каналдың атын таңдау керек.

Сонан соң жазу тәсілін таңдау керек.



  1. Replase Channel

  2. Ed to Channel

  3. Sabtrapt rom Channel

Альфа -каналдарының параметрі. Егер де бірнеше альфа -каналдары сақталған болса, оларды әртүрлі болу үшін канал атауында екі рет шерту керек. Ашылған сұхбат терезеде қызыл шаршыны екі рет шертіп, Corel Picker терезесінде керекті түсті таңдау керек. Оpasity өрісінде де түстің мөлдірлігін өзгертуге болады. Мөлдірлік тек AdobeFlash – та көргенде көрінеді, бейнеге әсерін тигізбейді. Үнсіз келісім бойынша таңдалған түспен бейненің маскаланған бөлігі боялады. Керісінше таңдалған түспен ерекшеленген аймақты бояу үшін selected areas батырмасын қосу керек.

Альфа -каналда ерекшелеуді жүктеу. Ол үшін керекті альфа - каналда ерекшелеп, Load Channel as Selection батырмасын шерту керек. Жұмыстың бұрынғы режиміне көшу үшін каналдар палитрасының жоғарғы жолында шерту керек немесе керекті альфа -каналды. Ctrl пернесін қоса шерту керек.

Бос альфа -канал құру: Ол үшін Create New Channel (создать новый канал) батырмасын шерту керек. Альфа -каналды жою үшін оны ерекшелеп delete батырмасын шертіп, Carrent Channel сұранысқа иә немесе жоқ деп жауап беріп, альфа -каналды жоямыз.

Дайын каналдар (Плашечные каналы). Дайын түстер (Плашечные цвета) – бұл дайын, қағазға түсірілетін араластырылған бояулар, әрбір плашечный түс үшін жеке канал құрылады. Жаңа плашечный канал құру үшін плашечный түспен бояу керек. Аймақтарды ерекшелеп немесе ерекшелеуді альфа -каналдан жүктеп палитра менюінен New Spot Channel батырмасын шерту керек Түстерді таңдау әдеттегідей жүргізіледі.

Solidity параметрі көмегімен бояудың мөлдірлік дәрежесі таңдалады. Егер мөлдірлік қажет болмаса, параметрдің мәні 100-ге тең болуы керек, сәйкесінше мөлдір бояу алу үшін параметрдың мәні 0-ге тең болуы тиіс. Бұл параметр қағазға басқаннан кейін бейне туралы дұрыс мәлімет алу үшін қажет.

Альфа -каналды плашечный каналға түрлендіру үшін каналдар палитрасында альфа -канал атауында екі рет шертіп, ашылған сұхбат терезеде Spot Color ауыстырғыш орнатып, түсті таңдау керек. Түрлендіруден кейін альфа -каналдарының маскаланған аймақтары таңдалған түспен боялады, керісінше ерекшеленген аймақтарды таңдалған түспен бояу үшін Image Adjust invert командасын орындау керек. Егер де плашечный каналдағы түсті сақтап қалу керек болса, бірақ оны әрі қолданбасақ, онда оны түстік каналдармен біріктіру керек. Ол үшін Merge Spot Channel командасын орындау керек.

Каналдар палитрасында әрқашан алдымен стандартты түстік каналдары, сонан соң плашечный каналдары, ең соңында альфа -каналдары орналасқан.Түстік және альфа - каналдары үшін олардың орналасуы маңызды емес. Плашечный түстер қағазға палитрада орналасқан ретпен түседі.ал палитрада олар жоғарыдан төмен плашечный каналдардың орналасу ретін өзгерту үшін, оны шертіп, төменге қарай тарту керек.

Каналдардың көшірмесін алу. Плашечный немесе альфа -каналды өңдеу алдында оның копиясын жасап алған жөн болады. Көшірмесін алу үшін каналды ерекшелеп палитра менюінен Dublicate channel командасын орындау керек. Ашылған сұхбат терезеде каналға ат беріп OK шертеміз.

Негізгі әдебиет: [4, 9]

Қосымша әдебиет: [6]
ТАҚЫРЫП 5. СЫРТҚЫ ФАЙЛДАР ЖӘНЕ ВИДЕО

Интерлиньяж

Интерлиньяж – жолдардың арасындағы арақашықтық. Дәлірек айтқанда әріптердің биіктігі + жолдың арасындағы бос орынның биіктігі.

Әртүрлі символдары үшін интерлиньяждың әртүрлі мәндерін орнатуға болады. Бірақ солардың ең үлкен анықтауышы интерменьяж болады. Auto мәнін таңдағанда интерменьяж мәні жолдың ең үлкен размері бойынша %-н есептеледі.Үнсіз келісім бойынша 120%-ке тең.

Трекинг және кернинг.

Трекинг – символдар кепіліне байланысты мәтіндегі символдар арасындағы арақашықтықты корректировкалау.

Кернинг – екі нақты символдар арасындағы арақашықтықты орнату. Кернингті орнату үшін курсорды керекті символдар арасына орнатып, символдар палитрасының кернинг өрісінде кернинг шамасын беру керек. Тренингті өзгерту үшін мәтінді ерекшелеп, tracking өрісінде керекті мәнді енгізу керек.Егер символдарды ажырату керек болса, кернингтің оң болуы тиіс. Ал символдарды жақындату үшін кернингтің мәні теріс болуы керек.

Базалық сызықты жылжыту.

Жылжытуды орындау үшін символдар палитрасының baseline Shift өрісінде жылжыту мәнін енгізу керек.



Мәтіндік қабатты растеризациялау.

Ол үшін қабаттар палитрасында осы қабатты ерекшелеп Layer > Rasterize > Type командасын орындау керек. Растрленген мәтін кәдімгі пикселдерден тұратын мәтінге айналады, оған фильтрлерді қолдануға болады.



Негізгі әдебиет: [4, 9]

Қосымша әдебиет: [6]



жүктеу 3,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау