ПоәК 042-18-11 20. 92/01-2013 №1 баспа 26. 08. 2013 ж



жүктеу 3,86 Mb.
бет1/22
Дата13.01.2020
өлшемі3,86 Mb.
#26492
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ПОӘК 042-18-11.1.20.92/01-2013

№1 баспа 26.08.2013 ж.

беттің -сі



Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетi

3-деңгейлi АӘК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-11.1.20.92/01-2013



ПОӘК

«Қолданбалы графикалық жүйелер» пәнінен жұмыс-оқу бағдарламасы

1 баспа


26.08.2013 ж.


«ҚОЛДАНБАЛЫ ГРАФИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру»

мамандығы үшiн

Семей


2013
мазмұны

1. Глоссарий


2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы


1. глоссарий



ЭЕМ архитектурасы - ЭЕМ-ң құрылымдық, схемотехникалық, логикалық ұйымдастырылуын көрсететiн абстрактiлi көрсетiлуi.
Жадының сызықтық кеңiстiгi – адрес номерлерi тiзбектi түрде тағайындалатын жады ұяшықтарының жиынтығы.
Басқару құрылғысы - команда кодтарын дешифрациялап, қажеттi басқару сигналдарын таратады.
Арифметикалық-логикалық құрылғы мәлiметтердiң қажеттi арифметикалық және логикалық түрлендiрулерiн жүргiзедi.
Регистрлер басқарушы ақпаратты, яғни адрестер мен мәлiметтердi сақтауға арналған.
Байт ЭЕМ-ң негiзгi жадысының минималды адрестелетiн бiрлiгi.
Сегменттер програмалар мен мәлiметтердi негiзгi жадыда орналастыруға арналған арнайы облыстар.
Стек мәлiметтер мен адрестердi уақытша сақтауға арналған жадының арнайы ұйымдастырылған облысы.
Сөз – тiзбектi адресi бар екi байттан тұратын тiзбек.
Қос сөз – тiзбектi адрестер бойынша орналасқан төрт байттан (32бит) тұратын тiзбек.
Төрттiк сөз - тiзбектi адрестер бойынша орналасқан сегiз байттан (64 бит) тұратын тiзбек.

2. Дәрістер


Тақырып 1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Кіріспе. Векторлық және растрлық графика негіздері

Компьютер бейнелерді өңдеу үшін олар сандық түрде көрсетілуі керек, яғни кодталған болуы тиісті. Суретті кодтау үшін оны пиксел (Pixel) деп аталатын кішкентай біртекті бөліктерге бөледі. Суреттегі барлық түстер нөмірленеді және әрбір бөлік үшін оның нөмірі көрсетіледі. Осындай тәсілмен кодталған суреттер растрлық бейнелер (растр, bitmap – карта бит) деп аталады. Ақ-кара суретте әрбір пикселді көрсету үшін 1-бит жеткілікті. Түсті суреттерде бейнелеу үшін түстер саны 2N –дәрежесі болады, мұндағы N – пикселдің (нүктенің) түсі туралы ақпарат сақтайтың биттер саны. 8–биттік бейнеде 256 түс бар, 24 – биттік бейнеде 16000000-нан астам түсті көрсетуге болады.

Пикселдің түсін анықтайтын ақпараттың көлемі түстің тереңдігін (глубина цвета) анықтайды. Кодталған берілгендер негізінде бейнені құру үшін пикселдің көлемін анықтау керек. Тәжірибе жүзінде пикселдің көлемі орнына басқа екі шама қолданады: бейненің көлемі және оның шешілуі.

Шешілу (разрешение, resolution) - бейнені құрайтын пикселдердің орналасу тығыздығы, яғни, бір аудан бірлігіндегі орналасқан пикселдер саны.

Шешілуді әр түрлі құрылғыларға байланысты қарастыруға болғандықтан, шешілу өлшенеді:

1. бір дюймде орналасқан нүктелер санымен – dpi (dots Per Inch).

2. бір дюймде орналасқан пикселдер санымен – ppi (pixels per inch)

3. бір дюймде орналасқан сызықтар санымен (линеатура) – lpi (lines per inch)

Мониторда суреттерді бейнелеу үшін 72 dpi-120 dpi аралығында, ал қағазға 300 dpi болып шығады. Өте жоғары, сапалы бейнелерді түсті принтерде шығару үшін бұдан да жоғары шешу (разрешение) қолданылады.

Растрлық бейнелер есептеу техникасында кең қолданылады: фотосуреттер, интернеттегі суреттер.

Растрлық бейнелердің кемшіліктері:


  • Оларды үлкейту немесе кішірейту яғни, масштабтау қиынға түседі;

  • Жадта және дискіде көп орын алады.

Осы кемшіліктерден айырылу үшін бейнелерді кодтаудың векторлық тәсілін қолданады.

Кодтаудың векторлық тәсілінде суретті құрайтын геометриялық фигуралар: қисықтар, түзу сызықтар. Компьютер жадында математикалық фигуралар: дөңгелек, квадрат, эллипс, т.с.с. фигуралар, геометриялық абстракциялар түрінде сақталады. Мысалы, дөңгелекті кодтау үшін оны жеке пикселдерге бөлу қажеті жоқ, тек оның радиусын, ортасының координатасын, түсін сақтауға жеткілікті. Векторлық форматтағы бейне бір-біріне тәуелсіз өңдеуге болатын бөліктер жиынынан тұрады. Бұл бөліктер объекттер деп аталады. Бірнеше бөліктен жаңа объект құруға болады. Сондықтан объекттер түрі күрделі болуы мүмкін. Әрбір объект үшін оның көлемі, орналасуы сандық коэффициенттер түрінде сақталады. Сондықтан бейнені масштабтау қарапайым математикалық операциялар (графикалық элементтінің параметрін масштабтау коэффициенттеріне көбейту) көмегімен жүзеге асады. Ал бейненің сапасы өзгеріссіз қалады.

Векторлық графикамен жұмыстың кемшіліктері:


  • Нақты бейненің моделін құру күрделі.

Векторлық бейнені растрлық мониторда көреміз және растрлық принтерде шығарамыз. Сондықтан векторлық бейне экранға шығарылғанда растр түріне келтіріледі.

Векторлық графиканы растрге айналдыру дискретизация деп аталады. Ол үшін арнайы алгоритмдер қолданылады.

Жоғарыда айтылғандай растрлық бейненің әрбір нүктесі түс туралы ақпаратты сақтайды. Векторлық объектте оның контуры және боялған аймақтың түсі туралы ақпаратты сақталады. Түстің тереңдігіне байланысты бұл ақпарат 1 – 32 биттен тұрады. Миллионнан астам түсті бейнені кодтау үшін түстерді номерлеу қолайсыз болады. Түсті бейнелерді бейнелеу үшін кез-келген түсті бірыңғай анықтау үшін түсті көрсетудің бірнеше түсті көрсету модельдері (цветовые модели) құрылған. Физика курсынан күннің сәулесін әр-түрлі түстерге бөлуінің болатынын білеміз. Сонымен қатар, әр түсті сәулелерді керекті қатынаста жинап, ақ түсті алуға болады. Сол сияқты қатынастарды кішкене өзгертіп, кез-келген түсті алуға болады. Теледидар және мониторлар люминафорынан көк, қызыл және жасыл түс шығады. Осы үш түсті араластырып көптеген түстер алуға болады. RGB-түсті көрсету моделі осыған негізделген (R-red, G-green, B-blue). Бұл модельде кез-келген түс құрамын сипаттайтын үш санмен беріледі. Компьютерлік құрылғылардың көбісі осы модельді қолданылады. Осы үш түсті алғашқы (негізгі, аддитивті, І-ретті) түстер деп атайды. Оларды жұптап араластырса көгілдір Cyan, Magenta, Yellow (циан, пурпурлы, сары) субтрактивті (ІІ-ретті) түстер пайда болады. І-ретті және ІІ-ретті түстер базалық түстерді құрайды.

Өкінішке орай, RGB моделінде кейбір түстерді алуға болмайды. Бейнені принтерден шығарғанда қағазға тек белгілі түсті көрсететін түсті бояу жағылады. Барлық қалған түстер сіңіп кетеді немесе күн сәулесі әсерінен жойылады. Түстердің шегеруінің негізінде CMYK түсті көрсету моделі құрылған (C-Cyan-циан, M-Magenta-пурпурлы, Y-Yellow – сары, K-Black-қара). Бұл модель полиграфияда көп қолданылады.



RGB және CMYK модельдері нақты құрылғылармен нақты жұмыс істеуге ыңғайлы да, адамның көзі қабылдауға қолайсыз. Қолданылатын техникалық құралдарға тәуелсіз түсті көрсетудің бірнеше модельдері бар.

  • HSB – бұл модельде әрбір түс түстің тонымен hue- түстің шымқайлығымен (насышенность) Saturation және түстің ашықтығымен (яркость) Brightness анықталады. Бұл модельмен программалар жұмыс істейді. Түстер әрі қарай экранға немесе принтерге шығару үшін RGB немесе CMYK моделіне келтіріледі.

  • HBW – бұл модельді ең қарапайым және түсінікті деп саналады. Бұл модель түстің тоның тандап - (hue), оған немесе ақшылдық (Whiteness) немесе қаралық (Blackness) қосуға негізделген.

Көбінесе түстерді сипаттау үшін бекітілген палитралар, яғни берілген түстер тізімі қолданылады. Палитралардың жиыны өте көп. Ең көп пайдаланылатыны, кең таралғаны PANTONE палитрасы. Палитраны қолдану жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Негізгі әдебиет: [14, 9]

Қосымша әдебиет: [12, 15]
Тақырып 2. AdobeFlash редакторымен танысу. Қолданушы интерфейсі

Windows стандартына сәйкес тақырыпта жолының астында меню жолы орналасады. Оның астында стандартты саймандар панелі (toolbar) орналасады. Оның астында (Property bar) атрибуттар панелі орналасады. Терезенің сол жағында саймандар панелі (tollbox), он жағында түстер палитрасы (Color palette), төменгі жағында қалып-күй жолы (Status Bar) орналасады ( жоғары жағында орналасуы да мүмкін).

Қалып-күй жолын баптау. Экранда қалып-күй жолын әдістің біреуімен баптауға болады:

  1. Тышқанның көмегімен

  2. Қалып-күй жолында тышқанның он жақ батырмасын шертіп, Customize > Status Bar > Position > Top (Bottom) командасы көмегімен

Қалып-күй жолының енін өзгерту үшін Customize > Status Bar > Size > One line (Two lines) командасын ың керектісін орындау қажет. One line – ені бір жол, ал Two lines – ені екі жол.

  1. Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bar бетінде Status Bar Property параметрлер тобында керекті түрін таңдау керек.

Қалып-күй жолын алып тастау үшін: келесі әрекеттердің біреуін орындау керек (сәйкесінше қалып-күй жолын экранға шығару үшін).

  1. Жұмыс аймағының контекстік менюінің View > Status Bar жолының қасына туды орнату немесе алып тастау.

  2. Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bars бетінде сәйкес туды алып тастау.

Қалып-күй жолының элементтерін көрсету/жою үшін Workspase > Customization > Commands бетінің жоғарғы бөліктегі тізімінен Status Bar жолын таңдаймыз. Қалып-күй жолына жаңа өріс қосу үшін оны сұхбат терезесінен Қалып-күй жолына алып қоямыз. Қалып-күй жолынан өрісті жою үшін оны сұхбат терезесіне кері апарып қоямыз немесе қалып-күй жолының контекстік менюынан Customize > Status Item > Delete командасын орындаймыз.

Қалып-күй жолында көрсетілетін ақпараттар:



  1. Mouse Position –тышқан көрсеткішінің ағымдағы координаталары.

  2. Info line – қолданушы орындаған әрекеттерге сәйкес орындауға мүмкін болатын түрлендірулер туралы түсініктеме.

  3. Object Detales – ерекшеленген объект туралы толық ақпарат.

  4. Object Information – ерекшеленген объект туралы жалпы ақпарат.

  5. Time – ағымдағы уақыт.

  6. Date – ағымдағы мерзім және аптаның күні.

  7. Outline – объект контурының түрі, түсі және қалыңдығы.

  8. Fill – құюдың түрі.

  9. CAPS, NUM және SCRООL – индикаторларын өшіру немесе қосу.

  10. Memory Allocated – қосымша қолданылған жадтың көлемі.

  11. Swap Remaining AdobeFlash – қа қажет болып қалатын жадтың көлемі.

  12. SnapStatus – ағымдағы байланыс түрінің атауы.

Сызғыштар. Сызғыштарды көрсету және алып тастау үшін View > Rules командасын немесе жұмыс аймағының контекстік менюнан View > Rules командасын орындау керек.Үнсіз келісім бойынша координатаның басы AdobeFlash терезесінің төменгі сол жақ бұрышында болады. Координаттар басының орнын өзгерту үшін сызықтардың қиылысуында орналасқан батырманы шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей керекті жерге апару керек. Сызықтардың орның өзгерту үшін Shift клавишасымен қоса сызғыштарды жаңа орынға орналастыру керек.

Үнсіз келісім бойынша өлшеу дюймде жүргізіледі. Өлшеу бірлігін өзгерту үшін Esc пернесін шертіп, қасиеттер панеліндегі Drawing Units тізімінде керекті өлшем бірлігін таңдау керек.



AdobeFlash –ның менюін баптау. Менюді баптау Options cұхбат терезесінде жүргізіледі. Options cұхбат терезесін экранға шығару үшін келесі әрекеттердің біреуін орындау керек:

  • Tools > Options командасын

  • Ctrl + I пернелер комбинациясын шерту

  • Property Bar панеліндегі Options батырмасын шерту

Docker – терезелері. Docker терезелер жұмыс істеу кезіңде объектінің параметрлерің динамикалық өзгертуге арналған. Сұхбат терезелеріне қарағанда Docker терезелері модальді емес яғни олар ашық тұрып қолданушыға кез келген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Docker терезені экранға шығару үшін келесі әрекеттерді біреуін орындау керек.

  1. Window > Docker

  2. Тағайындалған сәйкес перненің көмегімен

  3. Жиі қолданылатын Docker терезесі меню командасымен шығарылады. Docker терезелер экранның соңғы рет орналасқан орнында тұрады.

Жиі қолданылатын терезелер: Transformation, Scrapbook

Негізгі әдебиет:[ 5, 7]

Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]
Макет құру

Макет құру – бұл дизайнердің ойын жүзеге асыру үшін беттің және макет элементтерінің (мәтіннің, растрлік және векторлық бейнелердің) орналасу параметрлерін баптау. Жаңа құжат құрғанда AdobeFlash автоматты түрде А4 (210х297 мм) форматын орнатады. Форматты өзгерту керек болса, ашылатын форматтар тізімінен керекті форматты таңдау керек немесе қасиеттер палитрасында тиісті өріске қажетті көлемді орнату керек. Беттің макетің толық баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document > Page бетін ашамыз. Бұл бетте 4 пункт бар:



  1. Size (көлем) – бұл пункте беттің параметрін баптауға болады. Алдын ала көру терезесінде енгізілген өзгертулерді байқауға болады.

  2. Logout (макет) – бұл пункте ашылатын Logout тізім көмегімен 6 шаблонның біреуін таңдауға болады :

    • Full Page (толық бет)

    • Book (кітап)

    • Book Let (буклет)

    • Tent Card (Открытка)

    • Side Fold (карточка с боковым сгибом)

    • Top Fold Card (карточка с верхним сгибом)

Макеттің өзгеруі алдын ала көру терезесінде бейнеленеді. Facing Page (айналық беттер) туын екі жақты басылым үшін қолданады.

Start on тізімі (начать с ...) бірінші беттің номері жұп немесе тақ болатынын анықтайды.

3. Label (наклейки) компакт дискімен бірге болатын 800 – ден астам стандартты наклейкалар пакетінен наклейканы таңдауға мүмкіндік береді. Егер де керекті нұсқа жоқ болса, Customize Label бөлуді баптау батырмасына шертіп, ашылған сұхбат терезесінде бөлу параметрлерін болады.

4. Background (фон) – бұл пункт беттің фонын таңдауға мүмкіндік береді. Ауыстырғыштар көмегімен 3 нұсқаны таңдауға болады.

  • No Background (фон жоқ)

  • Solid (бір түсті фон)

  • Bitmap (растрлік форматтағы бейне).

Print and Export Background туы фонды экспорттауға және қағазға шығаруға мүмкіндік береді. Егер ту орналатылмаса, онда фон экранда көрінеді де, қағазға басылмайды және экспорттағанда сақталмайды.

Object Manager (объектілер диспетчері) терезесін қолдану. Күрделі құжаттармен жұмыс істегенде объектілер арасында ыңғайлы түрде ауысу үшін Object Manager терезесі қолданылады. Бұл терезеде иерархия түрінде құжаттағы бар барлық беттер, қабаттар және объектілер орналасады. Бұл терезе көмегімен қабаттағы объектілердің орналасуын өзгертуге болады. Объектілерді ерекшелеуге, топтастыруға, көшірмесін алуға және де контурдың түсін өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл терезені ашу үшін Window > Docker > Object Manager командасын орындау керек. Object Manager терезесінде ерекшеленген объект жұмыс аймағында да ерекшеленеді. Үнсіз келісім бойынша әрбір қабат (Laуer) реттік номер жазуымен белгіленеді. Қолданушы қабаттың атауын өзгерте алады. Ол үшін қабаттың атауының үстінен екі рет шерту керек.

Қабаттың атауының сол жағындағы көздің белгішесі осы қабаттағы орналасқан объектілерді көрінбеуіне әсер етеді. Принтер белгішесі осы қабатта орналасқан объектілерді қағазға басуға рұхсат етеді немесе тыйым салады. Қарындаш белгісі осы қабатта орналасқан объектілерді өңдеуге рұхсат етеді немесе тыйым салады. Терезеде құжат туралы қандай ақпарат көрсетілетінің анықтау үшін және құжатты өңдеу үшін келесі басқару элементтері қолданылады.



Show Object Property (объектінің қасиетің көрсету) - объектінің атауының қасында объект туралы ақпарат жазылады (контурдың түсі және қалыңдығы, құюдың түсі).

Edit Across Layer қабаттар арасында өңдеу, терезеде қай қабат ерекшеленгеніне байланыссыз кез – келген қабаттағы объектіні өңдеуге мүмкіндік береді.

Layer Manager View (түрлер диспетчері) – бұл режимді қолданғанда терезеде тек қабаттар ғана көрсетіледі.

New Layer - жаңа бос қабат құрады

New Master Layer - бұл жаңа шаблон бет құрайды.

Delete – ерекшеленген қабат, объект немесе объектілер тобын жояды.

Объектіні бір қабаттан екінші қабатқа ауыстыру немесе көшірмесін алу үшін терезе менюінің Move to Layer немесе Copy to Layer командаларын орындауға болады.



Объектілерді туралау және бекіту. Snap to Grid кнопкасы бойынша объектілерді тор бойынша туралау режимі іске қосылады. Тордың параметрлерін баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document Grid терезесінде баптауға болады. Freguency (жиілік, частота) – көлденеңінен және тігінен өлшем бірлігіне келетін тор сызықтарының жиілігін орнатады. Spacing (арақашықтық) – тордың қадамы. Show Grid (торды көрсету) – торды көрсету немесе алып тастау. Snap to Grid (торды бекіту) – торды сызықтарға бекіту. Show Grid as Lines ( тор сызықтарын пунктермен көрсету). Show Grid Dots (тор сызықтарын нүктемен көрсету)

Жоғары сапалы құжат құру үшін, жұмысты тез және жоғары деңгейде жүргізу үшін белгілі ережелерді сақтау керек. Күрделі құжаттардың макетін құру үшін келесі кеңестерді орындаған жөн.



  1. Құжатты жоспарлау – яғни, бейне қай мақсатпен құрылады және соңғы нәтиже қандай болады екенін анықтау.

  2. Эскиз құру – жұмыстың алдында қағазға графиканың және мәтін элементтерінің орналасуын көрсетіп алу.

  3. Шаблон дауындау – бұл объектілерді туралауды жеңілдету.

  4. Құжатты құру.

  5. Алдын ала қағазға шығарып, нәтижені көру.

  6. Құжатты қағазға немесе плёнкаға шығару.

Негізгі әдебиет:[ 5, 7]

Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]

Бірнеше объектілермен жұмыс

Объектілердің орналасу ретін өзгерту үшін керекті объектіні ерекшелеп, менюден Arrange (туралау) > Order (реті) командасын орындау керек.



  • To Front - таңдалған объект алдында тұрады.

  • To Back - таңдалған объектіні артына орналастыру.

  • Forward One – таңдалған объектіні бір обьекке алдыға орналастырады.

  • Back One - таңдалған объектіні бір объектке артқа орналастыру.

  • In Frond Of - қай объектінің алдына орналастыру керек екенін көрсетеді.

  • Behind - қай объектінің артына орналастыру керек екенін көрсетеді.

  • Reverse Order – ерекшеленген объектінің өзара орналасуын көрсетеді.

Объектілерді құрастыру (комбинирование). Комбинирова–ние – бірнеше объекттерден жаңа объект құру. Объекттерден жаңа объект құрастыру үшін алдымен керекті объекттерді ерекшелеп алу керек. Сонан соң қасиеттер палитрасында батырмасын немесе Ctrl+L пернелер комбинациясын шерту немесе Arrange > Combine командасын орындау керек.

Объектілерге қолданылатын бульдік ( логикалық ) операциялар.

  1. Weld (обьединение) – біріктіру. Байланыссыз біріктіру нәтижесінде объектінің контуры және құю соңғы ерекшеленген объектінікіндей болады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектінің контуры мен құюы алынады.

  2. Trim – айырым алу. Соңғы ерекшеленген объектіден басқа объектілермен ортақ бөлігін алу нәтижесінде жаңа объект құру үшін қолданылады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектіден шегеріледі.

  3. Intersect – қиылысу. Соңғы ерекшеленген объект негізінде объектілердің қиылыспайтын бөліктерін алып тастау нәтижесінде жаңа объект құруға мүмкіндік береді. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объект алынады.

Объектілерді туралау. Объектілерді өзара туралау және белгілі ретпен орналастыру үшін Align and Distribute командасы қолданылады. Команданың орындау нәтижесінде екі бетпарақтан тұратын сұхбат терезесі шығады.

Align Top - ерекшеленген объектілер жоғарыдан тураланады

Center - объектілердің көлденең ортасынан тураланады.

Botton - ерекшеленген объектілер төменнен тураланады.

Left - ерекшеленген объектілер сол жағынан тураланады.

Center - ерекшеленген объектілер тігінен тураланады.

Right – объектілер он жағы бойынша тураланады.

Edge to Page - парақ бойынша туралау

Center of page – ерекшеленген объектілер беттін дәл ортасында орналасады.

Align to Grid - ерекшеленген объектілер тор түйіндеріне бекітіледі.

  1. Distribute – бұл бетпарақтағы тулар көмегімен бет көлемінде және қандайда бір объект бойынша объектілерді бір – бірлерімен бірдей арақашықтықта орналастыруға болады. Орналастыруын көрсету үшін Distribute of тобының тулары қолданылады.

Extent of Selection - ерекшеленген объектілер бойынша.

Extent of Page – бет бойынша

Preview батырмасы көмегімен құжат терезесінде өзгерістерді көруге мүмкіндік береді.

Reset батырмасы барлық туралау және орналастыру командаларын болдырмайды. Объектілерді немесе объектілер тобын туралағаннан соң байқаусыз өзгерістерден сақтау үшін объектілерді бекітіп қойған жөн. Ол үшін: Arrang > Lock Object командасын орындау керек. Нәтижесінде объектке ешқандай операциялар қолдануға болмайды. Блокты алып тастау үшін Arrange > Unlock Object командасын орындау керек.

Объектілерді көбейту (көшірмесін алу). Объектілерді көбейту үшін Duplicat және Clone командалары қолданылады.

Duplicate – операциясының нәтижесінде объектінің дәлме-дәл көшірмесі алынады да көшірме жеке объект болып табылады. Бұл команданы орындау үшін Ctrl+D комбинациясын және «+» пернесін басу керек.

жүктеу 3,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау