ПоәК 042-18-10 108/03-2013 18. 09. 2013 ж. №1 басылым



жүктеу 0,63 Mb.
бет5/7
Дата14.11.2018
өлшемі0,63 Mb.
#19683
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Паразитология нені оқытатын ғылым

Паразитология қандай бөлімдерге бөлінеді

Гельмитология нені қарастырады

Энтомология нені қарастырады

Арахнология нені қаорастырады

Протозоология нені қарастырады
Практикалық сабақтар

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Жұмыс мақсаты: Методикалық жұмыста берiлген стандарттың нұсқа-сымен,ондағы көрсетілген нұсқаулардың түрiмен танысу. Әр нұсқаудың мазмұнын бiлiп, оны дұрыс жүргiзе бiлу және тiркеу жолдарын оқып-бiлу.

Оқу құрал жабдықтары:



  1. Методикалық нұсқау

  2. Тiркеу кiтапшасының үлгiлерi

  3. Жеке тапсырма.

1.Зертханалық – тәжірителік сабақтар


1- ші сабақ Малдарды зерттеу кезіндегі жалпы тәртіптері мен тәсілдері

Малдарды бекіту және оларға жақындау

Сабақ мақсаты. Студенттер ауру малмен жұмыс жүргізген уақытта дұрыс малға жақындай білуді, оларды бекіте білуді үйрету мен қауыпсыздықты сақтауды меңгеру.

Материалдар мен құралдар. Ауыздықтар, мұрын қысқыштары, ерін бұрағыштар, танау сақыйнасы, арқан, мал жығатын заттар.

Сабақты жүргізу тәсілі Еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi - еңбек процессiндегi адамның денсаулық және жұмысқа қабiлеттiлiгiн сақтауға бағытталған заң шығару, әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдастыру шараларының бiрыңғай жүйесi. Техника қауiпсiздiгi бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауапкершiлiк шаруашылықтардың жетекшiлерiне тапсырылады, жаттығу мал шаруашылығында жұмыс iстеуiн өткiзу - малға қызмет етушi мал дәрiгерлiк мамандарға тапсырылады.

Малдардың тексеруi және емдiк-алдын алу манипуляциялардың өткiзуiнде қатал ереженi сақтау керек және бекiту үндеудiң қабылдаулары олардан мал дәрiгерлiк мамандар, қызмет көрсетушiнi қауiпсiздiк және емдiк-алдын алу манипуляциялардың өткiзуiн жетiстiктердi қамтамасыз етедi.

Әрбiр жеке жағдайдағы бекiту әдiсін таңдау не бiр түрден, жас шамасы, әдеттері, малдың темпераментi және жынысына тәуелдi болады.Сонымен бiрге малды бекемдеп байлаудың барлық әдiстерi үш түпкi мақсаттарды қудалайтынын атап өту керек:

1) операция жасалатын аймақа еркін кіре және еркін шыға алуы керек;

2) бекiту уақытында да манипуляциялардың қорғайтын қозғалыстарын шектеу;

3 ) малды бекіту уақытында әр түрлі соққылырдан қорғау;

Асау малдардың бекiту кезінде нейролептиялық немесе есiрткi затты орынды қолдану керек . Әсіресе жылқылардың тістейтінін және артқы аяғымен тебетінін ескерген жөн. Оған жақындау алдында, бiр бүйiрден немесе артынын, алдынан келу керек,бiрақ ол унемі келе жаткан адамды көріп тұруы керек.

Жылқыға жақындар жағдайды оның құлағына мән берген жөн: егер жылқының құлақтары тікірейіп тұрса, демек малдың мазасызданып тұрғаны, бұл жағдайда ол тістеуі немесе алдына, артқа қарай тебуі мүмкін. Дәйектi, байсалды айқай әдетте жылқыны тыныштандырады.

Жылқыларды зерттеу барысында олардың тістейтінін, артқы аяқтарымен тебуін ескерген жөн.

Қысылған құлақтары олардың басқыншылық немесе малдың бір нәрседен қоpқып тұрғанының белгісі. Мұндай жағдайда оны көтеріңкі дауыспен немесе мойынынан сипау арқылы тыныштандыру керек. Жылқыға тек алдынан немесе жылқы қарап тұрған жағынан жақындау керек. Жылқыларды мінгенде мойынында үзенгімен ұстайды және басын жоөғары котеріңкі етіп, қимылдарын бақылайды.

Ал ірі қара малмен жұмыс істегенде оның мүйізінен,артқы аяқтарынан абай болу керек,тіпті байқамасаңыз аяғыңызды баысп кетуі мүмкін. Ірі күйіс қайыратын малдар артқы аяқтарымен алдыға қарай,бүйір бөлігіне және артқа қарай тебеді. Бұл малдармен жұмыс жасағанда батыл әрі сенімді әрекет ету керек және қатты дөрекілік танытпау керек.

Ірі қараны тексеру барыснда қауіпсіздік үшін ірі қараның алдыңғы бөлігінде тұрып, мұйіздерінен ұстап тұру керек және қажет бола басын бір жағына қарай бұрып тұру керек.

Шошқалармен жүмыс жасағанда оларға күш көрсетпеу керек. Оларға жақындау кезінде артынан немесе бүйірінен келу керек.

Жануарларды бекемдеу (бекіту – фиксация)
Жылқыны тұрған қалыпта байлау

Жануарды далада қарауға тура келген жағдайда,ноқталаған дұрыс.Зерттеу үшін атты тізгінен ұстап тұру керек болса,оған жүген не ноқта кейгізеді де, ауызжақтан тізгінен ұстап тұрады. Жүгенделген атты шығыршыққа не бағанаға байлауға болмайды.

Ірі қара малды кавказ тәсілімен жығу үшін жуан және мықты екі арқан керек болады.Бір арқанның ұзындығы 2,5 м жетіп, ұшында жылжымалы тузағы болса, екінші арқанның ұзындығы 3 метрге дейін жетіп ұшында жәй тұзағы болуы керек.

Қозғалмалы тұзағы бар арқанды оң сауырының артқы жағыан, сол сауырының алдыңғы жағынан қыйғаштап жамбасқа саладыда ұштарын

тартып түйін деп байлайды. Түйін сол жақтағы сүбенің шұңқырында жатуы тиіс. Екінші арқанның тұзағы сол жақтағы мүйізге кигізеді де жоғарғы және төменгі жақты қозғалмалы тұзақ жасап орайды. Арқанның ұшын сол жағынан төменнен жоғары қарай бірінші арқаннан өткізіп барып,оң жаққа бүйірге лақтырылады.

Осыдан кейін жығатын адам оңжағынан тұрып, жерге қарай арқаннан катты тарткан уақытта жануар тұрақты калпынанайрылып өз ауанымен оң жағына қарай жығылады. Арқан­ный бос жақ ұшын, тартылып тұрған күйінде, екі мүйізіне байлайды.Ірі қарамалды жығыудың үшінші(кавказша )жығар алдында арқанмен жығу әдісі.

Кавказша жығу тәсіліне бірақ кісі керек; мұнда жануар оншама жарақаттана қоймайды, сондықтан бұл баска тәсілдерден гөрі басымырақ, келеді.

Егер операция жасайтын стол болса, ол қарамалды жығуға қолайлы келеді.


Қой және ешкілер мен жұмыс жасағанда олардың мойын бөлігін және мүйіздерін мықтап ұстау керек.

Құстарды үстел үстінде тексереді. Мұнда бір қолмен екі қанатын ж»не екінші қолымен аяқтарынан мықтап ұстайды.

Практикалық сабақ №2 Малдардың жұқпалы емес ауруларын зерттеу

Сабақ мақсаты. Студенттер ауру малмен жұмыс жүргізген уақытта жалпы клиникалық зерттеу жүргізу тәртібін үйрету және оларды меңгеру.

Материалдар мен құралдар. Термометр, стетоскоп, фонендоскоп, перкуссиялық балға, плессиметр, мұрын-жұтқыншақ зонды, өңеш зонды, ауыз кергіштер, жануарлар.

Сабақты жүргізу тәсілі. Малды зерттеу үшін әртүрлі клиникалық тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде жалпы клиникалық тексеру, арнайы тексерулер, қосымша тексерулер деп бөлінеді.



Жалпы тексерулер; олар қарау, пальпация перкуссия, аускултация, термометрия .

Қарау- клиникалық зерттеулердің ең маңыздысы болып саналады. Табындағы жалпы малдың басын қарап тексеген кезде оның ішіндегі сау емес малдарды бөліп алу, өнімділігі нашар, дұрыс азықтанбайтын, өзінің мінез құлқы пәс, арық, жабырқау. Ондай малдарды сыртқы және ішкі зерттеулер жүргізіп зерттейді.

Сырттан қарап бақылау Онда малдың жалпы жағдайы, тері жабының қалпы. Одан кейін малдың дене бітіміне көшеді: басы, мойны, кеуде клеткасы, құрсағы, жамбас бөлігі, аяқтарына көңіл аударады. Оның нәтижесінде жарақаттары болса оның (жара, қотыр, қабынулар) көлеміне сипатына, орналасқан жерін анықтайды.

Ішкі зерттеулер көздің ауыз қуысының, мұрының, жұтқыншақтың, көмекейдің, қынаптың тік ішектің кілегейлі қабаттарын зерттейді. Буларға арнай зерттейтін рефлектометр, эндоскоп, арнайы айналар қажет.

Пальпация (сипалау) патологиялық үрдістерге жалпы түсінік береді, тексеру нятижесін толықтырушы, органдар мен ұлпалардың беткейлік сипатын, температурасының өзгеруі, көлемі, түрі, консистенциясы, қозғалғыштығы, сезімталдылығын анықталады. Сонымен қатар пульсы, күйіс қайратын малдардың мес қарнының жиырылуы мен толуы. Пальпация саусақтың ұшымен, алақанмен, жұдырықпен, немесе құралдар арқылы жасалады.

Перкуссия (ұру, нұқу) перкуссиялық балшаша мен плессиметр арқылы немесе қол арқылы тұлғаның физикалық қалпы мен 8 cм. тереңдікте орналасқан органдардың шекараларын , олардың өзгерістерін анықтауға болады.

Аускультация (тыңдау) организмдегі физиологиялық және патологиялық дыбыс құбылыстарын анықтауға болады. Аускультация стетоскоп, фонендоскоп құралдары, жайма қолданып құлақпенде тыңдауға болады. Онда брохыладың ысылдағанын, жүрек саздары мен шулары, көкірек шалпылын естуге болады.

Термометрия дене температурасын өлшеу. 5-10 минут ішінде арнай ветеринариялық темометр арқылы өлшейді.
Кесте Сау малдардың тұлға температурасы, пульсы, тыныс алуы


Мал түрі

Т С

пулсы немесе тамыр соғысы

1 мин. саны



тыныс алуы

1 мин. саны



Ірі қара мал

37,5 – 39,5

50 - 80

10 - 30

Жылқы

37,5 - 38,5

24 - 42

8 - 16

қой. ешкі

38,5 - 40,0

70 - 80

12 - 30

шошқа

38,0 - 40,0

70 - 120

10 - 20

коян

38,5 – 39,5

120-200

12 - 30

тауық

40,5 - 42,0

120-150

12 - 30

Клиникалық зерттеу тәртібі

І. Алын ала танысу а)регистрация б) анамнез

ІІ. Міндетті түрде тексеру а) габитусын анықтау б) клегейлі қабықтарын зерттеу в) тері жабынын зерттеу г) лимфатүйіндерін зерттеу д) температурасын өлшеу

ІІІ. Ағзалар жүйелерін зерттеу

IY. Қосымша тексерулер лабораториялық, аллергиялық, бактериоскопиялық, серологиялық

Практикалық сабақ №3 Фармакология, дәрілік заттардың түрлері

Сабақ мақсаты. Студенттерге дәрілік заттарды таза күйіде тағайындалмайды олар тиімде түрде қолданылатындығын үйрету. Дәрі түрін жасап үйрену және оларды меңгеру.

Материалдар мен құралдар. Дәрі түрлері қатты, жұмсақ, сұйық

Сабақты жүргізу тәсілі. Дәрілер коллекциясы, таразылар,мензуркалар, цилиндрлер, колбалар, стакандар су моншасы, пестик пен ступка. Инфундирлі аппарат, электроплита, қайшы, воронка, әйнек таяқшалар мақта, марля, т.б.

Фармакологияда қолданылатын дәрілер : қатты, жұмсақ, сұйық дәрі түрлері.

Қатты түрі таблеткалар, ұнтақтар, болустар, капсулалар.

Таблеткалар арнайы зауыттарда жасалады. Ішке ауыз қуысы арқылы беріледі. Кейде сыртқа пайдалану үшін ерітінді ретінде қолданылады.

Ұнтақтар Ішке десыртқада қолданылады Қнтақ ретінде антибиотиктер, сульфаниламидтер, өсімдік туындылары қолданылады.

Қарапайым ұтақтар бір заттан тұратын. Күрделі заттар екі үш заттан тұратын болады. Көлемін көбейту үшін индифферентті заттар бор, кражмал т.б. қосады.

Болдюстер кілегейлі зат пен ұнтақты араластырып дәрілік зат пен өсімдік заттарды араластырылып жаласалы. Түр нұсқаны әр түрлі болады. Түр беретін қосқыш зат ол ұн және өсімдік түбірінің ұнтағы. Ірі малдарға беріледі.

Пилюлалар ұсақ малдарға беріледі Оларды капсула түрінде қолданады.



Сұйық түрлері Ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар,

Ерітінділер еріткіш арнайы затта ерітілен ерінді деп аталады. Еріткіш ретінде дистилденген су, этил спирті (70, 90, 95), немесе сұйық майлар, Концентрациясы 0.25, 0.5, 1% зат көлеміне байланысты. Оларды тамшы ретінде, шаюға, жууға қолданады. Ампула ретінде инъекцияға.

Қайнатпалар, тунбалар өсімдіктерден алынады. Концентрациясы 1:40, 1:30, 1:10 Ішке, жараны жууға, компресс ретінде қолданылады.

Жұмсақ түрлері (майлар, пасталар, суппозиториялар) Майлар түрін түзуші, май негізі ретінде (вазелин, ланолин, қсімдік майлары)қолданылады.

Пасталар майдың бір түрі айырмашылығы дәрілік заттары ұнтақтары көбірек аз дегенде 25%, бірақ 65% көп емес.

Линименттер суық майлар. Сұйық майларды сілтілердің сулы ерітіндісі мен сабынды- cпиртті ерітіндісімен араластырылады.



Суппозиториялар таяқшалар какао майы қолданылады суықта қатқыл, жылыда жұмсақ болады, тығыз консистенциялы.

Ботқалар иленген наннан, сұйық түрге дейін болады өсімдік туындыларынан алынған дәрілік заттар.
Дәрілерді қолдану және сақтау ережелері

Дәрілік заттар үш топқа бөлінеді:



  1. А – тобы улы заттар. Оларды құлыптың астында ұстайды мөрлеп қояды

  2. Б – тобы қатты әсер етуші заттар. Олады бөлек шкафта қстайды. Улы заттар мен қатты әсер етуші заттарды арнаулы журналдарға тіркеп отырады нөмірлеп шнурлап қояды

  3. Қалғандары ережелерге байланысты жарықсыз қалыпты температурада сақталады.

Газды заттарды сорғышы бар бөлмелерде ұсталады. (хлолы әк, формалин, жанғыш заттар)

Практикалық сабақ №4 Алғашқы көмек көрсету әдістері.

Тыныс алу патологиясындағы терапевтикалық техника

Сабақ мақсаты. Студенттерге дәрілік заттарды Енгізу жолдарын Жалпы терапевтік процедуралар техникасын меңгеру

Материалдар мен құралдар. Эсмарх крушкасы, шелек, дәрі берілетін резиналы бутылка. Мұрын өңеш зонды, воронка, болюс беруші шпатель, инелер шприцтер жгут бинттер мақта, малдар. Малдар және зерттеу заттары Перкуссиялық балғалар. Аускультацияға фонендоскоп, стетоскоп, плессиметр, градус, вазелин, ақ жабын, орамал

Сабақты жүргізу тәсілі Оқытушы дәрі беру жолдарын түсіндіріп, қалай беріледі дозасын үйретеді студенттер өздігінен жұмыс жасайды.


Енгізу жолдары

Энтеральды енгізу жолдары

Ауыз арқылы- перорально

Тік ішек арқылы – ректально

Мес қарынға дәрі жіберу құрсақ қуысы арқылы тимпанияда, алғашында троакар арқылы теседі, сол жерден дәрі жіберіледі.

Парентеральды енгізу жолдары

тері астына

б/етке

тамырға инъекционды



тыныс алу жолына жіберілетін дәрілер ингаляционды

Қан құю


Аутогемотерапия өз қанын өзіне жіберу

Компресстер

Сәуле арқылы емдеу

Массаж


Тыныс жолдарын зерттеу. Зерттеу барысы Мұрынның қуысының кілегейлі қабықшасын зертеу және оған тиесілі қуыстардың қабынуын тексеру. Өкпе шекараларын тессеру Мурын қуысының ауруы ренит. Жануарларда алғашқы ринит және қосалқы ретіндегі ринит ауруын анықтау. Белгілері: Кілегейлі қабықша гиперемияланған, ісінген, мұрыннан мөлдір сұйық ағады, ол ары қарай сұрғылт-ақпаға немесе іріңді қоспаға айналып, мұрын тесігі айналасында қатпарланып қатады. Тыныс алуы қиындайды, жануар жиі түшкіреді, басын сілкейді.

Өкпедегі және өкпенің жеке бөліктеріндегі қабыну үрдісінің дамуымен сипаттталатын ауру.

Белгілері: Ауру жануарлар шаршаңқы, аз қозғалады. Тәбеті төмендеген, кейде әлсіз жөтел байқалады. Тыныс алуын тексеруде жиі, беттік, кейде қиын тыныс алуы қиындайды. Мұрын қуысынан , сұрғылт – кілегейлі қоспа ағады, ол мұрын тесігі маңында өқатпарланып қатады. Көздері жасаурайды, дене температурасы 1-20 С –қа көтеріледі. Мұрны құрғақ жарылған. Кеуде қуысын аускультациядан өткізгенде дымқыл сырыл естіледі. Тор ішінде қозғалған соң жануарларда ентігу пайда болады.


Основы ветеринарии /под редакцией И.М.Беляков, Ф.И. Василевич и др. - М.: Колос, 2004. – С.163-170

Практикум по основам ветеринарии. Т.Е. Бурделев, В.Г. Жильцов М.: Агропромиздат. 1989 –С. 35-42


Практикалық сабақ №5 Жарақаттанған малдарға емдік көмек

Сабақ мақсаты. Студенттерді инструменттер – қолданылатын саймандар ментаңғыш заттар мен таныстыру. Таңу техникасын меңгеру Асептика және антисептиканы меңгеру Материалдар мен құралдар. инелер шприцтер жгут бинттер мақта, малдар

Сабақты жүргізу тәсілі Оқытушы дәрі беру жолдарын түсңндіріп, қалай беріледі дозасын үйретеді студенттер өздігінен жұмыс жасайды.

Инструменттер – қолданылатын саймандар Операция жасаған кезде жануардың терісін және тканьдарын бұзу үшін қандай болса да құрал керек. Хирургиялык құралдарға қәзіргі кезде қойылатын негізгі тілек: олардың жұмыс істеуге ыңғайлы және жақсы стерилизацияланатын болуы. Құралдардың тізімі өте көп болғандықтан, қолайлы болу үшін оны екі топқа бөлуге болады:

1) жалпы кұралдар және

2) арнаулы құралдар.

Жалпы құралдар деп бүл құралсыз операцияның көбін жасауға болмайтын құралдарды айтса, ал арнаулы құралдар — белгілі бір операцияны жасағанда ғана керек болады, мысалы, піштірген кезде эмаскулятор қолданылады.

Скальпель хирургияда ең көп қолданылатьын құралдарға жатады, ол бір бөлек болаттан жасалады. Скальпельдер түрлі типті және түрлі көлемді — сүйір, бауырлы және түймелі болады (90-сурет). Олар кесетін негізгі құралдар болып саналады.

Жараны кеңейтетін ілмешектер. Әр түрлі көптеген ілмешектер — бір, екі, үш тісті жәңе тағы басқа ілмешектер қолданылады (91-сурет).

Пинцеттер жараны байлағанда, тіккен жіпті алғанда, тканьдарды операция жасап ұстағанда қолданылады. Пинцет серпімдік күшпен екіге айрылатын жұка екі болаттан тұратын. кішкене тістеуік болып табылады.

Анотомиялық пинцеттің ұшында тістері болмайды.

Xиругиялық пинцеттің ұшында тістері болады, сондықтан ол анатомиялық пинцеттен гөрі қатты үстайды (92 -сурет),

Қан тоқтататын пинцеттер көбінесе қан тоқтату үшін қолданылады. Олардық ұшында өткір тістері, кейде болып, кейде болмайды

Қайшылар операция жасаған кезінде теренде жатқан тканьдарды (апоневроздарды, шандырларды, мускулдарды және т.с.) кесу үшін, сондай-ақ жараны байлағанда және операция жасалатын жерді дайындағанда қолданылады. Хирургия қайшыларынан жәй қайшының айырмашылығы, онда оңай бұзу және тазарту үшін мүмкіндік беретін топса болады.

Қайшылар тік келген және иілген болады. Тік келген қайшылар ұшты, доғал ұшты не бір ұшы түйме сыяқты, екінші ұшы өткір болады, иілген қайшылар тегістігі жок мүшелерге операция жасап, жаңа шыққан ісіктерді алып тастау үшін және жүнін қырқу үшін қолдянылады


Зондтар іріңді тесіктерді зерттеу, тампондарды енгізу және қабат-қабатын жекелеп кесу үшін керек. Олар түйме тәрізді және жырақалы болады (95-сурет).

Инелер түрлі мөлшерлі болады, олар жараны тігу үшін қол дакылады. Хирургиялык иненің тігіншіңің инесінен айырмашылы ғы — ол кырлы, құлақты және имек келеді (96-сурет).

Инеұстатқыштар түрлі құрлыста болады: олардың бір –бірінен айырмашылық жері –еңалдымен құлпының механизмінде болады (97 -сурет).

Шприцтер тканьға дәрілік заттарды құю үшін колданылады. Шприц шыны, пластмасс түтікпен піскектен тұрады, Түтікке қуысты инені енгізеді де, оны тканьға тығып, ине арқылы оған дәрілік заттар құяды (98-сурет)

Аралар. Сүйекті кесу үшін әртүрлі аралар қолданылады, түрлі енді жұқа араны ерекше жақтауға отырғызуға болады (доға сыяқты ара). Тақта сыяқты тұтқалы ара өте жай жасалған (колара). Кейде сымнан жасалған араларда колда­нылады. Олар мықты емес, жиі үзіледі, сондыктан олардың бірнешеуін жасайды. Жоғарыда айтылған араларға ұқсас тізбекті ара қолданылады (99-сурет).

Қашаулар. Сүйек кашауы қолданылатын жеріне байланысты тік келген ұзын, жалпақ және қалың (үлкен, орташа, кішкене және тағы басқаша) болуы мүмкін (100 - сурет).

Балғалар Қашаудың үстінен ұру үшін әртүрлі балғалар, көбінесе металдан жасалған балғалар колданылады, бірақ кейде ағаш балғаларда қолданылады.

Сүйек тістеуіктері. Кішкентай сүйектерді тістеу үшін, сондай ақ үлкен суйектердің өткір ұштарын тістетіп, алып тастау үшін әртүрлі сүйек тістеуіктерін қолданады

Трепандар. Бас сүйегіне операция жасағанда, бас сүйегін тесу үшін трепандар мен трефиндарды колданады

Распаторлар. Сүйектің, қабығын жылжытып, оны сүйектен бөліп алу үшін әртүрлі распаторлар қолданылады

Элеваторлар сүйек қабығын жылжыту үшін, көбінесе олар сүйекті көтеру үшін колданылады

Таңу түрін үйрену. Мал шаруашылығында қолданылып келе жатқан таңу түрлері : 1.Циркулярлы 2. Спираль тәрізді 3.Бүгіп таңу 4. Жылжымалы таңу 5.Ceriз тәрізді таңу 6. Буынды таңу 7. Тұяқты тану алғашқы туры 8. Аяқталған туры .Мүйіге сегіз тәрізді таңғыштарды салып үйрену мен қатар жараларға микроб түсірмеу және оларды залалсыздандыру мен құрал саймандар түрлерін білу мен көмек көрсете білу.

Таңғыш заттар, тігіс, ілмек түрлері

Таңғыш заттар түрлері. Таңғыш заттары емдік қасиеті бойынша үш түрге бөледі: қорғаушы , қысып тұратын, және бекітуші.


Қорғаушы. Оларды жараларды емдеу үшін қолданады. Таза операциялық жараларда асептикалық таңғыштар салынады (стерилинденген материалдарды пайдаланады). Ондай таңуда жара ластанбайды экссудат сорылады жылуды сақтайды. Іріңді жараларға асептикалық таңғыштар салынады, себебі жара жабысатын жерін антибиотикпен, сульфаниламидтер т.б. заттар мен сіңірілген.

Қысып таңатын таңғыш .Қан тоқтату үшін қолданылады


Бекітуші –Фиксациялау (иммобилиздеуші ) таңғыш. Сүйек сынған кезде пайдаланады.
Таңғыш заттар мен хирургиялық киім-кешектерді зарарсыздандыру. Таңғыш заттар мен хирургиялық киім-кешектерді автоклавта 1.5 атмосфералык кысымда 30 минут боиы немесе 2 атмосфералык кысымда 20 минут бойы зарарсыздандырады. Шұғыл жағдайда хирургнялык киім-кешекті үтіктеп зарасыздандыруға болады. Ол үшін кепсіген киім-кешекті ыстык ауыр үтікпеп үтіктейді. Бірак бұл әдіс ондағыдай зарарсыздандырмайды.

Жібек жіп пен жәй жіпті зарарсыздандыру.

Жібек жіпті шыны (тутіктерге) бос орайды да. 24 сағатка 1 : 2000 есе етіп сұиылтылған диоцид ерітіндісіне салады немесе оралган жібек жіпті сабынды ыстық суда екі минут жуады да жаксылап шайып, шыны шыбыктарға орап, 15 минутка мүсәтір спиртінің 0,5 проценттік ерітіндісіне салады, содан соң 15 минутқа 70 проценттік спиртте дайындалған формалиннің 2 проценттік спирт ерітіндісіне салады.

Мақта және ремиз жіптерді де, жібек жіпті зарарсыздандыру әдісі колданылады немесе бұларды формалиннің 4 проценттік ерітіндісінде 24 сағат ұстайды. Жібек және ремиз жіптерді киім-кешек сиякты автоклавта да заразсыздандыруға болады. Капрон жіпті суда кайнатады.

Кетгутты зарарсыздаидыру. Кетгут орамдарын 72 сагат боиы формалиннің 4 проценттік ерітіндісінде немссе 1 : 2000 есс етіп сұйылтылған ан диоцид ерітіндісінде 24 сағат бойы ұстайды.

Хирургиялык аспаптарды зарарсыздандыру. Аспаптарды жағылған майынан тазартып, кесетін жерлерін дакемен орап, ас содасының қайнап жатқан 2 проценттік ерітіндісіне немесе күйдіргіш натрдың 0.25 проценттік ерітіндісіне салады да 10—15 минут бойы зарарсыздандырады. Зарарсыздандыру мерзімін аспаптар салынғаннан кейін ерітіндінің кайнай бастаған мерзімінен санайды Аспаптарды ірінді ауруларға операция жасағаннан кейін зарарсыздандырғанда жоғарыда айтылған ерітінділерге 2 процент лизол косады және оны 30 минут кайнатады. Шұғыл жағдайларда темір аспаптарды бөлшектеріне ажыратып. шылапшынға салып, үстіне спирт кұйып өртеп зарарсыздандырады. Бірақ бұл әдіспен зарарсыздандырылған аспаптар бузылады, Шприцтерді сілті косылмаған суда каинатып зарарсыздандырады. Бұл үшін шприцті бөлшектеріне ажыратып, дәкеге орап, салкын суға салады да, 30 минут қайнатады. Инъекциялық инелерді, және резеңке заттарды шприцтегідей етіп заразсыздандырады.

Практикалық сабақ №6Азық қорыту мүшелерінің ауруларын зерттеу, емдеу

Сабақ мақсаты. Студенттерді aзық қорыту жүйесін тәртібімен әдістерімен таныстыру. Жұмыс барысында малға алғашқы көмек көрсетудің кейбір тәсілдерін үйрену


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау