ПоәК 042-18-10 108/03-2013 18. 09. 2013 ж. №1 басылым



жүктеу 0,63 Mb.
бет4/7
Дата14.11.2018
өлшемі0,63 Mb.
#19683
1   2   3   4   5   6   7

Зақымдалған аймақтарда пайда болған тітіркендіруші импульстер, үлкен ми жартышарының қыртысы мен қыртысасты орталықтарға жетпей, шеткі жүйке тармақтарында, параганглийлер не симпатикалық ганглийлерде, жұлында қалып қоюы мүмкін. Дегенмен, зақым неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жүйке жүйесінің жоғарғы сатылары қорғаныштық-бейімделу реакциясының реттелуіне қатысады. Бас миы тарапынан бейімделу жауабы жүйке жүйесінің төменгі сатыларының функционалдық мүмкіндігі жеткіліксіз болған жағдайда бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін түзіледі. Ми қыртысының қалыпты функционалдық жағдайында жарақаттанудың әсерінен оларда пайда болған қозудан зақымдану аймағында пайда болған зақымдануларды қалпына келтіруге бағытталған нормергиялық қорғаныштық-бейімделу реакциясы ұйымдасады. Жарақаттану аймағынан не ішкі мүшелердің функционалды бүлінуінен келетін күшті тітіркендіргіштердің ұзақ, кенеттен әсер етуінің нәтижесінде бас ми қыртысындағы тітіркену біртіндеп жинала күшейіп, торшаларының азғындауына әкеледі. Осының нәтижесінде қозу ошағы тежеу ошағына айналады. Егер механикалық, термиялық және химиялық немесе гематоэнцефалитикалық және басқа да кедергілермен сипатталатын инфекция, интоксикация секілді өте күшті тітіркендірулерден болса бұл құбылыстар тез дамиды.

Шамадан тыс тежелуден бас миының координациялық және интеграциялық қызметі бұзылады. Осыған байланысты қыртыстан босаған қыртысасты орталықтарда оң индукция түзіледі. Ол қыртысастының қозуымен және хаотикалық қызметімен байқалады, ол ең алдымен қозудың «іркілу» ошағы түзілетін таламогипоталамикалық аймақтың функционалдық жағдайына әсер етеді.

Осындай «іркілу» ошағының әсерінен қыртысасты орталықта және периферияда жүйкелік дистрофиялық құбылыстар пайда болады және дамиды. Олар кез келген перифериялық жүйкеде түзілген «іркілген» қозу кезінде де байқалады. Бұл кезде жүйкелік орталықтар тарапынан трофикалық реттелуі бұзылады, нәтижесінде клетканың ішікі зат алмасуы нашарлайды және торшалардың, жеке мүшелер мен бүкіл ағзаның өмірәрекеті төмендейді.

Жануарлардың ағзасына күшті жарақаттаушы әсерлер, олар тудырған зақымдар секілді ең алдымен зақымданған жердің трофикалық реттелуін нашарлатады және зат алмасуын бұзады, ол жерде кейін нейродистрофиялық құбылыстар пайда болады.

Малдардың жарақаттанған уақытында олардың патогенезін қорғаныс –бейімделу реакциясының қалыпты және патологиядағы нейрогуморальдық реттелуін негізгі жағдайын дұрыс түсіну мүмкін емес. Жоғарғы сатыда дамыған малдардың организмін есепке алсақ ол өте күрделі биологиялық өздігінен реттелуші жүйе, олар тікелей және керісінше байланысады. Жүйкелік жүйе қорғанысы – бейімделу ролін атқарады, сондықтан организмге маңызды патогенетикалық фактор ретінде кері әсер тудырады.

Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Дәріс №14. Дәрістің атауы. Инфекция туралы ұғым және эпизотологиялық процесс...

Сұрақ атауы 1 Инфекция туралы ұғым және эпизотологиялық процесс.


  1. Сұрақ атауы 2

  2. Жалпы және арнайы алдын алу шаралары

  1. Сұрақ атауы 3 Инфекциялық аурулардың экономикалық зияны



Ері -грекше арасында

Эпизоотология - эпизотологиялық процестердің заңдылығын (себебін, пайда болу жағдайын және инфекциялық аурулардың таралуын) және осылардың негізінде алдын алу шаралары мен күресу шараларын оқытатын ғылым.

Эпизоoтология ғылым ретінде жалпы және жеке-жеке ауру түрлерін қарастырушы болып бөлінеді.

Жалпы эпизоoтология эпизоотияның дамуы мен сөнуі, сонымен қатар пайда болу заңдылығы және инфекциялық ауруладан сақтандыру мен жою әдістерін оқытады.

Жеке эпизоотолгия әрбір инфекциялық ауруларды, олардың пайда болуын себебін, клиникалық, патологиялық белгілерін cипаттайды. Инфекциялық ауруладың көбі жойылған, қазіргі кезде жалпы ауруларға шаққанда оладың проценті төмен. Бірақ осы кейінгі кезде мал шаруашылығында зияны көбірек болып келеді. Олар мал басының төлінің аздығы, жанама шығындар-істелген шаралардың төлем ақысы малдарды карантинде ұстау, ауруды жою, емдеуге кеткен қаражаттар.

Эпизоотологиялық аурулар тек экономикалық шығынмен есептелмейді, ол аурулар адам денсаулығына да қауіп туғызады.

Күрделі бір биологиялық процесс, патогенді микроб - ауру қоздырғышы мен мал организмнің арасындағы белгілі бір сыртқы орта жағдайына байланыстың даму арақатынасын инфекция - деп атайды.

Организм мен микробатың айқын байланыс формасы инфекциялық ауру деп аталады.

Ол қоздырғыштың әсерінен айқын патологиялық процесстің шығу жауабын организм қалпын көрсетеді.

Инфекциялық процестің ағысы қоздырғыштың қасиетімен, организмнің реактивтілігімен айқындалады. Инфекциялық процесске үлкен ықпал ететін сыртқы факторлар (азықпен, күтім).

Жұққан аурудың бәрін ауыру туғызады деп есептуге болмайды, себебі ол жасырын өтіп организмде өзгеріс білдірмейды. Аурудың дамуына қосымша жағдайлар болуы керек. Кейбір қоздырғыштар жыл бойы организмге өтіп клиникалық өзгеістер туғызбайды, туберкулез, паратиф микробтары.

Ол қоздырғыштың қасиетімен, вирулентілік дәрежесіне байланысты. Азықтың шіруі, ылғалдылығы, суық, шектен шыға мал күшін жұмсау. Рацион балансының дұрыс болмауы, әсіресе витаминдердің аз болуы. Ретинол витамин А антиинфекциялық. В тобының аз болуы, фагоциттердің әлсіреуне, микробқа организм қарсылығы азаяды. Пневмония, энтероколиттер аскорбин қышқылының аздығынан болады.

Микробтың патогендік әсері оранизмге биологиялық қасиеттерге байланысты патогендік дәрежесіне, реакциясына организмге енген мөлшеріне байланысты. Микроорганизмнің әсері микробтардан бөлінген токсин арқылы анықталады.

Инфекция түрлері.

Инфекциялық аурулардың барысына байланысты жіті, созылмалы. Шығу тегі бойынша-экзогенді, эндогенді. Қоздырғышпен организм қатынасының сипатына байланысты инфекциялар әртүрлі болады. Ауырғанан кейін иммунитет болмаса, ондай организм қайталап аурыады, ондай құбылысты реинфекция деп аталынады.

Кейбір жағдайда организм мен қоздырғыш арасында тепетеңдік болады, одан кейін инфекция организмге қайта еніп, ауру күшейеді онда суперинфекция дейді. Тағы бір құбылыс ол организмде клиникалылық белгілері жоғалып кейбір жағдайлардың болмаунан қанда қозып, клиникалық белгілері пайда болады онда да рецидив - деп аталады.

Инфекцияның организмге енген мөлшеріне байланысты қарапaйым және аралас инфекция деп бөледі.

Қарапайым инфекция- қоздырғыштың бір түрі ғана .

Аралас-екі түрі және одан да көп болады. Туберкулез және бруцеллез екеуінде енсе организмге, аралас инфекция ол ауыр түрде өтеді.

Инфекциялық аурулардың ерекшелігі олардың өзіне тәндігінің циклдық дамуында.

Организмде инфекциялық процесстің дамуының алғашқы кезеңі-инкубациялық кезең. Ол микробтың енген уақытынан алғашқы немесе бірнеше жылға дейін болуы.

Организм резистенттілігі, қоздырғыш вируленттілігі, мөлшеріне байланысты.

Екінші кезеңі-продрональдық кезең аурудың басталу кезеңі. Ол аурудың өзіне тән емес, жалпы аурудың белгісі біліне бастайды, дене қызуы, аппетитінің болмауы, өнімділігінің азайюы, жабырқауы. Барлық ауруларда кездесетін жағдайлар.

Анық аурудың клиникалық белгілері-стадиясы білінеді-аурудың өзіне ғана тән касиеті анықталады.

Келесі кезең –сөну кезеңі. Клиникалық белгілері бірте-бірте әлсіреп, функциялары бұзылуы жоғалады.

Ақырғы кезең-жазылу және реконвалисценция. Эволюция процессінде кейбір малдарға қалыптасып алады сондықтан: зооноздар-малдарға тән, адамдарға тән антропоноздар. Малдарды зақымдап-адамдарға берілсе зооантропоноздар. Адамнан-малға, малдан-адамға берілсе антропозооноздар. Организм резистенттілігі-жануарларда патогенді микроорганизмнен қорғайтын өзіне тән қорғаныш анықтайтын организм резистенттілігі.

Ол организм мен тек тері арқылы ғана байланысты, ең бірінші қорғаныс механикалық барьер өткізбейтін тері мен кілегейілі қабықтар. Организмнене бөлінетін секреттер, сілекей, көз жасы бактериоцидті қасиеті бар (лизоцим).

Тітіркендіргіш эпителий тыныс алу мүшелерін жауып тұрған (10микроб) дейінгі бөгде затқа әлі жетеді.

Азық қорыту сөлі, лимфалық жүйесі, фагоциттер, гуморальды факторлар лизоцим, пропердин, комплементарлық байланыстырғыш антиденелер т. б.

Арнайы заразды-індетті аурулардан қорғайтын, тұрақтылық ол иммунитет.

Аурудың түріне байланысты иммунитет мысалы күйіс қайыратын малдар сақау мен, бір тұяқтылар аусылмен ауырмайды.

Иммунитет түрін білесіңдер.



Эпизоотологиялық процесс.

Инфекциялық аурулардың жайылмауы оның қоздырғышы ауру малдан сау малға ретімен беріліп отыру нәтижесінде болады. Қоздырғыштың сыртқы ортаға бөлініп щеңбер ретінде жұқтыруын - эпизоотологиялық процесс деп атайды.

Эпизоотологиялық процессті түсіну үшін белгілі биоценоздағы аурудың шығуы мен таралуын микробтың паразит түрімен мал түрінің қатынасын оқып тану керек. Эпизоотологиялық процесспен оған тән заңдылықтар жалпы эпизоотология пәнін анықтайды.

Эпизоотологиялық процесстің тығыз байланысы белгілі бір қоздырғышты жұқтырған мал түрі (инфекция қоздырғышының қайнар көзі), беру механизм және қабылдағыш мал.

Инфекция қайнар көзі ол адам және мал қоздырғыштарының даму орны.

Қалғандары резервтер және инфекция қоздырғышын таратушы.

Инфекция резервуары дегеніміз-жануар әлемнің әр түрі, өсімдік, топырақ, су, онда қоздырғыш өсіп өніп дамып қабылдағыш малға беріледі. Мысалы лептоспироз резервуары кеміргіштер, риккетсид-кенелер.

Эпизоотолгиялық ошақ - ауырған мал орны, территория, індетті, бастаманың сау малға берілуі.

Инфекцияның берілуі механизм және таралу жолы. Беру механизмі инфекцияны-эволюциялы түрде қоздырғыштар бір организмнен екінші көшу қабілеттілігін айтады. Бірінен-біріне беру факторлары олар сыртқы орта элементтер қайнар көзінен сау малдарға тарататын. Қоздырғышты беру жолдары сыртқы ортаның белгілі бір элементтер және олардың бірігіп індетті енуі.

Қоздырғыштың физиологиялық процестерде организмнің заттардың шығуы мен болады-дефикация, несеп бөлу, тыныс алу, сүт сілекей, жас патологиялық жағдайда –жөтел, құсу, түшкіру, ашық патологиялық процестерді-қотыр, абсцесс, эрозия, насекомдар арқылы қан сорғыш.

Беру жолы әртүрлі. 2 түрге бөлінеді тікелей және жан-жағына.

Тікелей немесе вертикальды берілуі-қоздырғыштар ата-енесінен ұрпағына.

Жан-жақты (көлденең және горизонтальды берілуі бір малдан екінші малға берілуі. Тікелей кейде аталық-аналық ұрық клеткасы арқылы беріледі (трансвариальды) берілу дейді. Кейде буаз малдар ішіндегі төліне берілуі плацента арқылы (транспланцентарлы). Жыныс клеткалар арқылы-леикоз. Плацента арқылы бруцеллез. Ауру қоздырғыштарының жан жағына берілуі контактылық, аэрогендік, алиментарлық және трансмиссивтік жолдарға бөлінеді.

Контактілік (жанусу арқылы) құтырық ауруы (тістегенде).

Аэрогендік (ауа арқылы) щаң тозаң, тамшы-тозаңды, туберкулез, аспергилез респитаторлық микроплазмоз,паригрипп.

Алиментарлық (қореқтік)-топырақ арқылы (топаңмен қарасан, братазот, тілме) су арқылы лептоспироз, листериоз, сақау.

Трансмиссивтік-тірі тасмалдауышылар арқылы (маса, сона, кене)

Індеттің аз қарқыны және статистикалық көрсеикіші.-аурудың бір малдан басқа малға таралуы әртүрлі болады, бір жағдайда бірең-сараң ғана мал ауырса,екінші жағдайда ауруға малдар жаппай шалдығады.

Сондықтан да қарқыны (таралу екпіні) жайылу ауқымына байланысты індет процессі үш түрлі болып кездеседі.

Аурудың бірең-сараң білінуі (спорадия) індет (эпизоотия), лаң панзоотия.

Спорадия (грекше sporadikos –бірең-сараң кездейсоқ). Бұл инфекцияның дәрежесідегі қарқыны (сіреспе, зілді қатаральді қызба).

Індет (эпизоотия, латынша ері-арасында зоопоозтия жануар )-індет процессінің орташа дәрежесіндегі қарқынмаен дамуы. Індет кезінде жаңа індет ошақтары пайда болады. Мұндай дисперсиябельдік-жұқпалы аурудың кең таралуына ықпал жасайды.

Індет кезінде аз уақытта көптеген жануарлар ауруға шалдығады-індеттің лапылы (эпизоотолгическая вспышка) аусыл, топалаң құс пастерелледі, шошқа обасы т.б.).

Лаң панзоотия рап-тұтас жалпы індет процесінің ең жоғарғы қарқыны. Кең территорияда жайылып кетеді.

Энзоотия-індеттің қарқынының көрсеткіші емес оның бір ортаға тұрақтануы, жұқпалы ауырудың бір жерде үздіксіз қайталануы, сол территориямен дөп келуі. (территоряльная приуроченность)

Қарқындықты анықтау үшін сандық баға бере бастады. Ауру көрсеткіші ол проценті немесе өлшем бірлігі көрсетіледі.-бірлік көрсеткіші.

А/Б*100(1000,10000,100000)

А- бір кезеңдегі ауырған мал

Б-сол кезеңдегі жалпы мал саны

Өлім көрсеткіші:

С/Б*100

С-өлген мал саны



Б-сол кезеңдегі мал саны

Летальдық-өлім көрсеткіші:

С/А*100

С-өлген мал саны



А-ауырған мал саны
Эпизоотияға қарсы алдын алу шаралары
Жалпы шаралар Қазақстан Республикасы территориясын індетті аурулардан сақтап басқа мелекеттен кіргізбеу ветеринарлық қызметкерлердің негізгі міндетті.

2. Індет жоқ шаруашылықты – індетт қоздырғышын енгізбеу басқа шаруашылықтан

3. Ветеринарлық-санитарлық қадағаоау малды тасымалдаумен, өнімдерін тасымалдағанда.

4. Ветеринарлық өндеу жүргізгенде ветеринарлық санитарлық бақылау

5. Жеке шаруашылықта алдын алу шарасын жүргізу

6. Қамсыздандыру малды

Азыққа көңіл аудару, кеміргіштерге көңіл аудару киіліне көңіл аудару. Малмен байланыста болған адам медициналық тексеруден өтіп отыру. Транспортпен, өңген малмен, (ит, мысық, құс) індетті аурулардың таралуына көңіл болып өңдеу жүргізу. Дезинфекция жүргізу.

Арнайы шаралар-қоздырғыш түріне байланысты. Ауруға қарсы туралатын мал асырау.2. ауру малдарды тауп жою, ол үшін жылдам тауып диагноз қою, эпизоотия ошақты-карантин (купирование).

Депутаттар шешімі арқылы қойылады.


  1. ошақтың ішіндегі ауруды жою

  2. алдын алу шараларын жүргізу.

Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Инфекцияны қалай түсінесіз

Эпизоотологиялық процессті қалай түсінесіз

Эпизоотологиялық процесс неше бөлімнен тұрады

Қоздырғыштардың берілу жолдары

Эпизоотиялық шығын қалай есептеледі

Алдын алу шаралары қандай бөлімдерден тұрады


Дәріс №15. Дәрістің атауы. Биологиялық жүйедегі және арнайы мамандықтардық ішіндегі паразитологияның орны

Дәрісте қозғайтын сұрақтар

Сұрақ атауы 1 Биологиялық жүйедегі және арнайы мамандықтардық ішіндегі паразитологияның орны
{Дәріс конспекті}

Сұрақ атауы 2 Жануарларды инвазиялық аурулардан сақтандырудағы шаралардың ерекшеліктері мен емдеу принциптері.


Паразитология» пәні тоғышарларды және олар туғызатын паразитарлық немесе инвазиялық ауруларды оқытады. Пән төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – гельминтология, жануарларда, құстарда және адамдарда тоғышарлық ететін құрттар (гельминттер), олар тудыратын гельминтоздар (құрт аурулары) жайындағы паразитология ғылымының бір саласы. Екінші бөлім – протозоология, жануарлардың, құстардың, адамдардың денесінде тоғышарлық ететін қарапайымдылар тудыратын протозойлық (протозооз) аурулар жайындағы паразитологияның бір саласы. Үшінші бөлім – энтомология, әр түрлі тоғышар жәндіктердің құрылысын, дамып – көбеюін және және жәндіктердің, олардың личинкаларының тудыратын энтомоз аурулары жайындағы паразитологияның ғылыми саласы. Төртінші бөлім – арахнология, әр түрлі кенелердің құрылысын, дамуын, олар тудыратын – арахноздар (әсәресе қотыр аурулары) жайындағы паразитологияның бір ғылыми саласы. Инвазиялық ауруларды кешенді түрде анықтау (балау) әдістерін үйрету, анықталған ауруларға бірден ең тиімді емдеу әдістерін қолдану, ауруды тудырмау үшін алдын ала сақтық шараларын ұйымдастыру. Инвазиялық ауруларды емдеу және алдын алуында студенттерді эпизоотологияны, өз еліміздің және шет елдердің ветеринариялық фармакологияның жетістіктерін ескере отырып ең тиімді әдістерді қолдануға үйретеді. Осы пәннің негізгі мақсаты – әр түрлі шаруашылықтарда жанурлар мен құстарды инвазиялық аурулардан сауықтыру болып келеді.



Мәселер өзекті жаңалығымен айқындалуы керек. Соған байланысты пәннің алдына келесі міндеттер қойылады:

  • Жануарлар, құстардың, антропозооноздардың инвазиялық ауруларының жіктелуін, морфологиясын, қоздырғышының биологиясын зерттеу және инвазиялық аурулар туралы жалпы түсінік беру

  • Гельминтозды инвазиясының таралуы маусымдығын, жас шамасына байланысты инвазияның экстенсивтілігін және интенсивтілігін, гельминттің иесінің организіміне тигізетін патогенді әсерін, кешенді диагностиканың әдістерін зерттеп, кең спектрлі әсері бар антигельминтиктерді қолдана отырып емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру.

  • Протозоилық аурулар кезінде қоздырғыштардың жаңа систематикасына, электронды микроскоп деңгейінде құрылымының ерекшеліктеріне көңіл аудару. Ерекше көңіл бөлетін жайт қарапайымдылардың көбейіп-дамуы, олардың эпизоотологиялық аймақтарға әсері, патогенезінің ерекшелігі және инвазияның дамуы, қазіргі таңдағы емдеу мен алдын алудың жаңа тәсілдері. Өз еліміздің (профессор Сабаншиев М.С., Искаков М.М., Дзержинский В.А, т.б.) және шет елдердің ғылыми жетістіктеріне көңіл бөлу қажет.

  • Энтомология бойынша жіктелуін, жәндіктедің биологиясын, олардың эктопаразит ретінде және жануарлар, құстар және адамдардың трансмиссивті ауруларының қоздырғышы ретінде қарап зерттеу. Ерекше көңіл бөлетін жайт қан сорғыш қос қанатты жәндіктер, энтомоз ауруын тудыратын қос қанатты жәндіктер. Студенттерді жоғарғы дәрежелі жергілікті (прфессор Ж.М.Исимбековтың мектебі) және шет елдердің энтомологтармен таныстыру.

  • Арахнология бойынша өрмекші тәрізділердің жіктелуін, паразитоформды және акариформды кенелердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін, табиғаттағы орнын зерттеу. Ерекше көңілді акариформды кенелер туғызатын акаразға қарсы емдік және алдын алу шараларды ұйымдастыру, студенттерді өз және шет елдердің ғылыми жетістіктерімен таныстыру.

  • Паразитологияның жаңа бағыттары бойынша, паразитоценология – паразитоценоз құбылысына және олар туғызатын ассоциативті (аралас) инвазиясына толық түсінік беру. Ассоциативті инвазияның моноинвазиямен салыстырмалы түрде патогенезіне көңіл аудару.

Арахнология негіздері. Өрмекші тәрізділер туралы ғылым. Буынаяқтылардың симетриялы денесі буылтықтардан тұрады. Басы кеуде бөлімімен қосылып, бас кеуде бөлімін түзейді. Ал кенелердің денесі біртұтас, бөлімдерге жіктелмеген. Ересек буынаяқтылардың аяқ сагы әр түрлі, осы белгісіне қарап, олардың қай топқа жататынын айыруға болады. Буынаяқтылар дара жыныстыларға жатады. Олар біртіндеп сатылап өседі. Балапан құрт түлеп нимфа, ал нимфадан имаго түзіледі. Ветеринариялық арахнология. Parasitiformes-паразитоформдық кенелерді және Acariformes-акариформдық кенелерді зерттейді.

Акариформды кенелер. Acariformes тегіне жататын ұсақ кенелер қоздыратын инвазиялық аурулар малдың барлық түрінде кездеседі. Бұл ауруларды қотыр деп атайды. Кенелердің ұзындығы 0,1-3мм, денесі екі бөліктен тұрады: протеросома – ауыз қуысы және алдыңғы екі аяқ; гистеросома – екінші, үшінші жұп аяқ және жыныс қуысы. Дамуы жұмыртқадан, балаңқұрттан, протонимфдан, телеонимфадан және имагодан тұрады. Қотырды болдырмас үшін малдарлы екі рет: жазғытұрым және күзде тоғыту қажет.

Энтомология негіздері – шыбын- шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым. Жануарлар денсаулығына жәндіктер өз зиянын бір жағынан эктопаразиттер ретінде тигізсе, екінші жағынан жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Жазда үй жануарларын қосқанатты қансорғыш насекомдар: маса, сона, шіркей, құмыты, шыбындар қатты мазалайды. Қосқанатты қансорғыштар ішіндегі ең ірісі сона болып саналады. Қансорғыштарлың денесі бас, кеуде және құрсақ бөліктерінен тұрады. Барлық табиғи аймақтарда кең таралған. Сазды-батпақты, көкалды-шалғынды, орманды жерлерде ашық жылы күндері ұзақ уақыт жаппай ұшады. Зиянды жәндіктерді және олардың мал денесіндегі балаң сатысын жою үшін инсектицид препараттары қолданылады.

Жәндіктер-тұрақты эктопаразиттер. Оларға мелафагоз, маллофагоз сифункулятоз, биттер, т.б. жатады. Ұсақ, сары, ақшыл-қоңыр, қанатсыз, 1,5-5мм насекомдар. Тұмсығы кеміргіш, басының астыңғы жағында. Көздері жетілмеген. Кеудесі қысқа, үш буынтықты. Оған бір немесе екі тұяқты үш жұп аяқтары бекіген. Насекомдар жұмыртқа салып көбейеді. Одан ересектеріне ұқсас личинка шығады да, екі рет түлеп, ересек жүн-қауырсын жегіштерге айналады. Жүн-қауырсын жегіштер ауру мал мен құстардан таралады, әсіресе жылы қорада мал тығыз ұсталса, күтімімен азықтандырылуы нашарласа. Бұндай жағдайда жәндіктердің өсіп-өнуіне мүмкіндік туады.

Жануарлардың сифункулятозы. Siphunculata отрядына жататын қанатсыз қансорғыш насекомдар. Денесі жайпақ, сопақ, 1,5-5мм, сұрғылт қанатсыз насеком. Дене түктері белгілі бір тәртіппен орналасқан. Тұмсығы істік, тесіп соруға бейімделген. Аяқтары жақсы жетілген. Жазда 10-14, қыста 14-20 күннен кейін жұмыртқадан личинка шығады. Личинка ересек битке ұқсас болып келеді. Барлық табиғи аймақтарда сифункулятоз қыста қора-жайдың жайсыздығымен мал күтімінің нашарлап, азық тапшылығы байқалған кезде өршиді. Мал қорада тығыз тұрса биттер бірінен екіншісіне еркін өрмелеп ауысады. Биттер күтім құрал-жабдықтары және төсеніш арқылы да таралады. Жазда бит саны азаяды, бірақ мал денесінде сақталады.

Ірі қараның гиподерматозы. Hypoderma bovis тері асты оқырасының балаң құрттары туғызады. Қоздырғышының ұзындығы 15мм, денесі қалың түкті бөгелек шыбыны. Арқасында ұзынынан орналасқан қара жолақтары бар. Аяқтары жақсы жетілген. Қанаттары қоңыр түсті. Бөгелектің ұрғашысы мал жүнінің әр талшығына жапсырып 800-дей жұмыртқа салады. Жұмыртқасын салу үшін жайылымда бөгелек шыбыны ірі қараны іздеп 8-10 шақырымға дейін ұшады. Жайылымда барлық мал басы, әсіресе бұзау-тайыншалар тері асты оқырасының балаң құртымен зақымдалады. Гиподерматозбен буйвол, қодас, өркешті сиыр, кейде жылқы мен адам ауырады.

Қой эстрозы. Бұл ауруды қойдың танау, кеңсірік, мандай қуысында дамитын Oestrus ovis личинкалары туғызады. Қой бөгелегінің ересек шыбындары сарғыш-қоңыр, денесінің ұзындығы 10-12мм. Денесін сирек түк басқан. Басы үлкен, сарғыш түсті, домалақ. Қанаттары ірі, олардың жүйкелері ақшыл, қоңыр, аяқтары қысқа, қоңыр, сирағы санынан қысқа, тырнақтары жақсы дамыған. Жетілген личинканың арқасында қара жолақтары болады. Қазақстанның далалық және шөлейт аймақтарында кең таралған. Таулы аймақтарда сиректеу кездеседі. Эстрозбен көбінесе қозы-тоқтылар залалданады.

Протозоология негіздері. Денесі бір торшалы қарапайымдылар туралы ғылым. Ветеринариялық протозоология жануарлар денесінде өмір сүріп, протозооз ауруларын тудыратын бірторшалыларды зерттейді. Оның мақсаты: паразиттің дене құрылысын,

Саркоцистоз жануарлар мен адамдарда кездесетін бір торшалы қарапайымдылар қоздыратын, бұлшық еті трофозоитқа толы цисталармен зақымдалатын инвазиялық антропозооноздық ауру. Ол ауыл шаруашылық жануарлардың барлық түлігінде, бағалы терілі аңдарда, құстарда және адамда кездеседі. Саркоцисталар тұрақты иелерінің, яғни мысық пен ит және адам ішегін мекендеп, онда ооцисталар түзейді. Организмге енген саркоцисталар қан тамырларының эндотелий торшаларында көп ядролы дөңгелек не сопақ шизонтқа айналады. Аралық иелеріне түскен паразиттер 33-45 күннен кейін жүрек еті мен басқа да бұлшық еттерде ұсақ цисталар түзей бастайды. Саркоцистоз жер шарының барлық құрлықтарында кездеседі. Ауру 3-6 айлық, ал кейде одан да үлкен мал төлінде болады. Саркоцисталардың тұрақты иелері саркоцистозбен ауырған малдың етін жеп зақымданады.

Жылқының трипоносомозы (су-ауру) Ауруды бір жіпшелі паразит тудырады. Ұзындығы 20-32мкм, ені 1,4-2,8мкм. Қанның плазмасында, сөл бездерінде, ішкі органдарда, жүйке жүйесінде тоғышарлық етеді. Трипоносомдар 2,4 кейде 6 бөлікке бөліну арқылы дамиды. Олар жіпшесі, толқынды жарғағы арқылы және денесінің жиырылуымен қозғалады. Трипоносомдармен жылқыдан басқа, түйе, сиыр, ит, есек, қасқыр, қоян және зертханалық ұсақ жануарлар зақымданады. Су-ауру трансмиссивті, табиғи ошағы бар ауруларға жатады.

Ірі қара трихомонозы ауруын бір жіпшелі паразит тудырады. Түрі сопақша, дөңгелек, ұзындығы 3-30мкм, ені 3-15мкм. Алдыңғы жағында 3, артында 1 жіпшелері бар. Ыңғайсыз жағдайда трихомонадтар жіпшелерін, толқынды жарғағын жоғалтып, кішірейіп дөңгелек цистаға айналады. Трихомонадтар сиырдың қынабының, жатырының, кілегей қабықтарында, іштегі төлде және төл айналасындағы сұйықта, бұқалардың күпегінде, т.б. тоғышарлық етеді. Трихомонадтар екіге қарапайым бөліну монотомия, кейде көп бөлшектерге бөліну арқылы көбейеді. Табиғи жағдайда ересек ірі қара малы ауырады. Аурудың нақтылы маусымдығы жоқ. Көбінесе күйек кезінде ауруды трихомонозбен ауырған мал таратады.


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау