Антисептика жөніндегі жалпы түсінік.
1867 ж. Листер бір қатар тәжрибе жасап, хирургтің басты міндетіне— жараға түсіп үлгірген, шіруге себепкер болып тұрған ұрықтарды жою және сол жараға ұрыктардың жаңадан тусуіне жол бермеу шаралары саналады деген кортынды жариялады. Бұл мәселені шешу үшін ол 3-5 проценттік карбол қышкылының ертіндісін ұсынды. Емнің мұндай әдісі антисептикалық әдіс деп аталды.
Антисептика – жараны және оған байланысқан ұлпаларды операциялық алаңды химиялық заразсыздандырушы заттар арқылы заразсыздандыру әдісі.
Антисептика (грек тілінен аnti – қарсы және septikos – шірік) жараны залалдандыру әдісі.
Антисептиканың төрт түрі болады – олар:
Механикалық антисептика – бірінші балауса жараны 1,5 – 3 тәулік берілген алғашқы хирургиялық өңдеу.
Физикалық антисептика. Оған: орташатұздар, пудра және т.б гигроскопиялық ұнтақтарды пайдалану; ашық емдеуде жараны ауамен кептіру; жара үлкен әкссудат сарғыш қасиеті бар марлі байлағышты тану; орташа тұздар гипертониялық ертіндіні 10–20% қолдану; тар марлі жолағын немесе толы резеңкелі түтікше қолдану жатады.
Химиялық антисептика. Органикалық және бейорганикалық заттар көмегімен қоздырғыштардың өмір тіршілігін және вируленттілігін төмендетеді, жарадағы жасушаның реактивтілігін күшейтеді, операциялық алаңның, хирургиялық қолының терісін, тігетін затты, қолғапты, құралдарды залалсыздандыру.
Биологиялық антисептикті антибиотиктермен, вакциналармен, спецификлық сарысулармен, антивирустармен, бактериофактармен жүзеге асады. Бұл антисептик ағзаның қорғаныш күштерін жоғарылатады, микробтар өсуі үшін қолайсыз орта тудырады немесе оларды жояды.
Асептик (грек тілінен – А теріс бөлігі жоқ дегенді білдіреді және septikos – шірік) – жараның асқынуының ескерту әдісі барлық заттардың физикалық заттармен залалсыздардыру әдісімен. Бұл заттардың залалсыздандырылуы қайнаған немесе автокловтаға қысыммен буымен жүреді.
Қазіргі кездегі асептика түсінігін антисептиктен бөліп алуға болмайды. Сондықтан жалғыз кешенді асептикті–антисептикті хирургиялық жұмыс әдісі бар, сол кезде есептік кең ауқымды көлемде осы сөздің антисептикалық заттарды қолдануымен қатар, антибиотиктер және биологиялық препараттармен жүреді.
Ветеринарлы хирургиялық жұмыстың асептикті – антисептикті шаралар көлеміне: 1) операция орындалатын бөлмеде ауалы және тамшылы инфекция профилактикасы; 2) операцияға хирург қолының дайындығы; 3) жануарды және операция орнын операцияға дайындау; 4) құралдар стерилизациясы; 5) танығыш материал және шүберек стерилизациясы; 6) тігу үшін арналған материал стерилизациясы; 7) қолғап стерилизациясы; 8) шірік операциялы жараның қосымша профилактика шаралары.
Тамшылы инфекцияны болдырмау шаралары Ауыз қуысы мен мұрын жұтқыншақ әртүрлі микроб қойнауы болып есептеледі (гемолитикалық стрептококк)
Кастрация
Кастрацияның маңызы. Аталық пен аналықтарды ұрық бездері екі негізді қызмет атқарады: олар жыныстық клеткалар түзеді және гормон бөледі.
Гормондар, қанға түскеннен кейін жүйке жүйесі арқылы организмнің жағдайына үлкен ықпал етеді. бөліктерінің экстерьерлік түрі, мал түріне тән сай, ерекшеліктері, сонымен қатар мінез-құлқы, тағы басқа жыныстық қасиеттері ерекшеленеді. Кастрация зат алмасуды түбірімен өзгертеді; осы тұрғыда организмде жаңа физиологиялық жағдайлар туындап, мүшелер мен ұлпаларға және мінез құлқынына әсер етеді.
Кастрация жас малдарға ертерек жасалғанда организм толық жетілмегендіктен, органдар дамып болмағандықтан үлкен әсерін тигізеді. Ондай аталықтар, әлсіз болып, азыққа тойымсыз азық түріне қарамастан жей беретін қомағай келеді. Эксплуатацияға төзімді де ыңғайлы келеді. Текелер мен қабандардың өздеріне тән иісі жолалады, еттінің дәмі өзгереді, жақсарады.
Жыныстық іс – әрекеті жойылғандықтан энергия бөліну үрдісі төмендеп, организм семіруге бейімделеді, пішілген қойлардың тек еті ғана көбеймейді, жүн сапасыда өзгеріп жақсарады.
Кастрацияның оң және теріс көрсеткіштері. Сонымен аталық пен аналық организмдерінде май ресурстарының деңгейін көбейтіп халықтың азық қорын арттырады. Уақытында өткізілген кастрация мал жайлымына жайлы және туыстық будандастыруды азайтады .
Асыл тұқымды аталық малдарды ғана ұрық алу мақсатында және сапалы ұрпақ алу мақсатында ғана қалдыру керек. Аталық малдарды 18 айлығында пішіледі. Аталық малдардың жыныс мүшелерінің қабынумен өтетін ауруларының алдын алуда – пішудің маңызы зор.
Еркек малды түріне, тұқымына, тез жетілуіне, пішу мақсаттары және орындалатын операцияның тәсіліне тәуелді оларды әр түрлі жасында пішуге болады. Жұмысқа пайдаланатын айғырларды 5 жастан асқан мерзімде пішеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық малдарының ішінде еркек малдар арасында аталық малдардың жыныс мүшелерінің аурулары көптеп кездеседі;олар жыныс бездерінің жарақаттары, олардың фистулалары, үлкен абсцесстерде және созылмалы қабынуларда, ішкі жыныстық бөліктерінің катерлі ісіктерінде, ал аналықтарда – бір аналық бездегі тоқталған сары дененің кистозды жарақаттануында.
Кастрацияның кері әсері олар; инфекциялық ауруларда, көтерем болып арықтауда, инфекцияның бір белгісі ретінде дене қызуының көтерілуі.
Анатомотопографиялық деректері
Шап аймағы алды мен артынан байланыс арқылы медиалды сыртқы шеті құрсақ бұлшық еті алдыңғы жағы мұрын төмпешігінен өтетін вертикалды сызық. Шап аймағының латералды және құрсақ қабырғаларына санның жалпақ қатайтқышының фасциялары бекиді.
Құрсақтың қиғаш бұлшық еті шап аймағында жұқа болып келедіде каудалды шетінде шап байланысына жетпейді осы аралықта жіңішке немесе жалпақ саңлау қалады. Бұл бұлшық етсіз бөлшекті апоневротикалық шап аралығы деп атайды. Оның сырт жағы құрсақтың тік б/ еті мен артқы жағы іштің қиғаш б/еті мен шап байламдарымен және шат тарамыстары бөлшектеледі.
Шап каналы – canalis ungulnalis құрсақ қуысында басталады ішкі шап сақинасы – аnulus ungulnalis abdominalis s, internus cыртқы тері асты сақинасы мен аяқталады. Ен қабаттары: ума ен қабы , б/етті эластикалық қабы, фасция, жалпы қынаптық қабы,арнайы қынаптық қабы, ақтық қабат,ен және ен қосалқысы,үрық жолы
Ұма (scrotum) теріден, серпімді мускул қаптан және купер шандырынан құралады. Ұманың терісі (cutis scroti) жұқалау болады; иттерде мысықтарда және ұсақ күйістерлерде жүндес болады; жылқылардың, ірі қарамалдардың және шошқалардың ұмасындағы түгі аз және майда болады. Ұмасының дәл ортасында, оңға және солға екі бөліп тұратын көзге айқын түсетін жігі болады.
Серпімді мускул қабығы (tunica dartos) тері астылық қабат пен шандырдан құрылады; оның толып жатқан бірі мен бірі айқасқан, беті тегіс, талшық байланысып тұрады, сондықтан мускулдардың талшықтары жыйырылған кезінде ұмасы да жыйырылады, бетін ажым басады.Сонымен қатар серпімді қабығы ұманың қабырғасын жасайды, сөйтіп ол ұманы оң және сол жақ екіге бөліп, ұма қуысын жасайды.
Купер шандыры (Fascia ubdartoica) өте тығыз фибриозды тақташық тәрізді болады, ол серпімді мускул қабықпен тығыз қосылған және астыңғы ткандарымен қопсық бірігеді.
Мускул-ең көтергіш (сырты) –musclus cremaster- кесе жолақ мускулдан құралады да, жалпы қынап қабығын сырт жағынан жауып, онымен өте тыңыз байланысады. Ен көтергішін сыртқы беткейінен жұқа шандыр қаптайды, ол ұманың ішкі жақ қабырғасымен біріктіргіш тканьдай қопсық жалғасады. Мускулдары жыйырылған кезінде ен жоғары тартылады.
Еннің қынаптық қабығы (tunica vaginalis). Әрбір ұма қуысының ішіндегі еннің көтергіші жағынан екі қабығы болады; 1) өзара берік қосақталған (tunica vaginalis commununis)екі тақтадан құрылатын (сыртқы тыңыз талшықты және ішкісі серозды-іштің жапырағы) және соның болуы арқасында қынап қуысы құрылатын, өзі қынап қапшығы сияқты келетін жаллпы қынап қабығы болады (cavum vaginalis); 2) арнаулы не өзіндік қынап қабығы (tunica vaginalis propria) болады, ол іштің сыртқы жапырақшасы. Ол ен мен сағақты тікелей және берік қоршап тұрады, салбырай түскен кезінде ілесе жүреді.Әлгідей арнаулы қабықпен, сондай-ақ тамырлар мен нервтері де қоршалған, олар ен бауын құрастырады.
Үй жануарларының қынап қуыстарында еннің тұратын жағдайы әртүрлі болады. Жылқылар мен етқоректілердің ендері ұзын болады да, горизонталь бағытта тұрады. Олардың бүйірлік беткейінде басымен қосылған сағағы арт жағына қарай созыла жатады.
Күйістілердің ендері тіке бағытта болады, ал талғаусыздардікі қыйғаш жатады. Сағақтары ендерінің алдыңғы жағында басы төмен қарай алға бағытталған, ал құйрығы жоғары қарай артқа бағытталған.
Қынап дорбасындағыдай-ақ қынап каналынждағы ішкі жапырақшасы яғни қынап қабығының серозды тақташық қынап қабығына ауысады. Ол қабық жылқылардың ішінде, ал күйісті жануарларда астыңғы жағында, етқоректілерде, шошқаларда үстіңгі жағында орналасады да, ауыспалы тарамыс құрастырады.
Ауырлау келетін сол жақ ені, оң жақ енінен төменірек салбырап тұрады, кезінде санының ішкі жағынан, қақтығып, қыстырылып қалудан аман болады.
Бұқаларды кастрациялау
Бұқаларды шаруашылық мақсатта кестіреді. Кастрациядан жануар сүйегінің недәуір артық өсетіндігі айқындалған. Кестірілмеген бұқаларға қарағанда өгіздердің салмағы анағұрлым артады.
Олар әрқашан жуас болады, жұмысқа пайдаланылады, семіртуге де жақсы болады, олардың еті жұмсақ және дәмді келеді. Семіртуге қойылған еркек бұзауларды 2 – 3 айлығында, ал жұмысқа пайдаланылатындарын – біржарым – екі жасында кестірген жақсы болады. Жылдың ыстық және салқын кезінде кестірген жақсы болмайды.
Жас бұқашықтарды жатқызбастан кестіруге де болады. Бұқашықты мықтап мүйізінен байлайды, көмекшінің бірі танауының шеміршегінен басады, ал екіншісі мықынына тірей басып, оны қабырғаға қысады.
Кестіру әдістері ішінде көбірек қолданылып жүргендері: 1) байлап кестіру, 2) қысқыш салып кестіру, 3) жіппен қыйып кестіру.
Байлап кестіру. байлап кестіру. Ол үшін бұқаны сол жақ бүйіріне жығады. Тиісті шарасы жасалып болған ұманы ұстап, қатпарлары әбден жазылғанға дейін тартады. Содан кейін 2 – 3 см шамасы кең алып, ұмасының дәл ұшасын скальпелмен кеседі. Кесілген ұмадағы тесігінен жалпы қынап қабығымен қоршалған екі ені бірден шығады. Енді тартып ұмасынан шығарып алады, сол кезде екінші қолымен терісін ішке қарай жылжытады, онда тіпті ен бауына, өзінің үстіңгі жағынан 3 – 5 см жоғары салуға келетіндей етіп жылжытады.
Жалпы қабығын ішке қарай жылжытып болғаннан кейін, жәрдемші адам бір қолындағы қысқышпен енді ұстайды, ал саусағының арасында ен бауы қыстырылған екінші қолымен терісін ішке қарай жылжытады. Сол уақытта Б.М. Обухов ұсынған әдіс бойынша, кестіру түйіні тәрізді етіп дайындаған жіпті танады. Кестіру түйінінің жібі тканіне терең сіңіп кететіндей етіп байлайды, әйтпесе ол түсіп қалады.
Профессор Студенцов ірі бұқаларға екінші қайтара таңу әдісін қолдануды ұсынады, оның үшін жалпы қынап қабығы алдын ала айналдыра кесілгеннен кейін бірінші таңуының 1,5 – 2 см төмен алып, беті ашылған ен бауын екінші қайтара буады. Ен бауының жоғары қарай жылжып кетпеуі үшін әр жерінен таңылған екі жіптің басын бірге қосып өзара байлап тастайды. Осы тәртіппен екінші ені де алынады.
Кестірілген жануарлар 2 – 3 күндей бақылауда болады. Жарасының ернеулеріне креолин, йодоформ не лизол майын жағуға да болады. Исі күшті майлар жылдың ыстық кезінде жағылады сонда жарасына шыбын үймелемейді. Екі күннен кейін күніне екі қайтара 20 – 30 минуттан серуендету қажет, азықтандыру мен операция жасалған мүшесін бақылап отыру керек.
Қысқышпен кестіру. Бұл әдіс әсіресе жас бұқашықтарды кестіруге қолайлы болады. Кестіруді ұмасының бір жақ бүйірін ала тілу жолымен орындалады.
Операцияға дайын ұмасын хирург сол қолымен айқара ұстайды да, саусақтарымен операция жасалатын жерінің терісін кереді. Содан кейін қынап қабының тереңдігіне жеткізе бүйір жағынан ұзыншалап тіледі де, сол тесігі арқылы енін суырып алып, аралық тарамысын жыратып жібереді. Жалаңаштанған ен бауына, көмекші адам қысқыш салады да, оны қысқышпен езіп жібереді, содан кейін хирург енді бұрап алады. Осы әдіспен екінші ені де аланады. Эмаскулятор қолдануға да болады.
Буу әдісі. Кестіруден қан шықпайды. Ұманың жіңішке мойындағы жүнін айналдыра қырқып алады, спирт сүртеді және қазық бау шалып жәппен байлайды. Қатты таңылып, ендерінің ажыратылуын қамтамасыз ету үшін, жіптің ұштарына байланған ағаштармен бұрап, мықтап буады. Кейде әлгәндей етәп жіппен бумас бұрын, ұмасының жіңішке мойынына қысқыш салады да, бес минут бойы тканын қысып тұрады. Содан кейін қысқышты басады да, қысудан оясталып қалған жерінен, қазық бау шалады, оның босап кетпеуі үшін, үстінен ілмектеп байлайды. Бірнеще күннен соң ені ұмасымен және ондағы жібі де бірге түседі.
Кастрациядан кейінгі асқынулар.
Қан ағу. Ұмасының артериясы мен венасынан және көп мөлшерде ен бауының тамырлы бөлігінен қан ағатындығы байқалады.
Себептері. Дұрыс буылмағандықтан жібінің шешіліп кетуінен болады. Ішке қарай тартқан кезінде, жалпы қынап қабығының тілігі арқылы енінің күшпен түсіп кететіндігінен болады, бұл жағдайлар ен бауы тамырларының үзілуіне әкеліп соқтарады, ен бауы тканьдарының тұрақты болмауына (борпылдақтығына) байланысты болады.
Клиникалық белгілері. Қанның операциядан кейін іле – шала да, бірнеше уақыт өткізіп барып та, ағуы мүмкін. Ұма тамырының қаны тамшылап қана ағады, ал ен бауының тамырларынан созылып, шапшып ағады.
Емдеу. Ұмасынан ағып тұрған қаны көп ұзамай – ақ тыйылады, ал егер де ол көпке созылып бара жатса, онда тікелей ұмасының қан ағып тұрған тамырлары орналасқан жерін қан тоқтатқыш пинцетпен қысады. Ен бауы тамырларынан қанының ағуы тыйыла қоймаса, жіппен тіккен сенімдірек болады. Кестірілген қуысына қайнатылған, кейде зиянсызданған марлядан тампон, не барлығынан да жақсысы кальцилі плазма құю әдісін де қолданады. Тампон бір күннен кейін алнады.
Сақтық шарасы. Ашық әдіспен кестіргенде жалпы қынап қабағының қуысы ішінен енді тек аралық тарамыстың арғы жағынан ғана суыру керек. Аралық тарамысты жалпы қынап қабығымен қосылған жеріне жақын кеседі.
Шарбы түсуі. Шарбының операция жасап жатқан кезде және одан кейін де түсетіндігі байқалады.
Себептері. Шап шеңберлерінің кеңдігіне және шап тесіктері дұрыс малдардың операция кезінде өте мазасызданып, бұлқынуына байланысты болады. Шарбы кесу жарасы арқылы түседі. Кейде ол қынап каналының ішінде қыстырылады да, шамалы ғана түседі, ал кей жағдайда салбырап кеткен шарбы жерге де жетеді. Ондай кезінде жануар тынышсызданбайды, тамыры өз қалпынша соғады. Түсіп кеткен шарбы ластанады, инфекция түседі және жабысқақ геперимия салдарынан ісініп кетеді.
Емдеу. Шарбының түсіп кеткен бөлігін зиянсызданған марля салфеткамен не орамалмен оқшаулайды. Кестіру жарасының шетіне йод тұнбасын жағады, ластанған жерлерін жалаңаштау үшін, оларды жоғары қарай ауыстырады. Содан кейін қынап каналынан шығарылған шарбыны жіппен буады да, буылған жерінен 1 – 2 см төменірек кесіп алады. Шарбының қалған жерін ішқуысына салады, жарасын ашық қалдырады. Түсіп кеткен шарбыны салу үшін ірі малды жығудан аулақ болу керек, өйткені жығамын деп жүргенде, шарбысы түсіп, тағы ластануы мүмкін.
Сақтық шарасы. Ішек ілмектері мен шарбысы түсіп кетуге бейім жануарды кестірер алдында, шап тесіктерін мұқият байқайды, оларды ашық әдіспен кестірмейді.
Қабынған ісіну. Ол жарасына инфекция түсуден және жануардың дене құрылысына байланысты болады. Ісіну қабығының дамуына, сондай – ақ операция кезінде болатын дөрекі істер, қатты тітіргендіргіш химиялық заттардың қолданылуы мен жануардың серуенге шығарылмай, бір орында үнемі тұра беруі нашар жағдай тудырады. Ісінулердің шектелген (тек ұмасы ғана ісінеді) және жайылған түрде (ұмасы, күпегі және тіпті іш қабы да іседі) болады.
Клиникалық белгілері. Тканьдары ісінеді, ауырымпаз температурасы көтеріңкі келеді. Саусақпен басып байқағанда шұңқырайып қалады да, оның орны баяу толады. Терісі тырсиып тұрады. Денсінің жалпы температурасы 2 – 3 градусқа артады.
Емдеу. Кестіру жарасының жабысып қалған жерін, йод жағылған саусақпен бұзады, ұмасының ішіне жиналған қабыну сұйығы мен қойыртпақталған фибринді алып тастайды. Бұрынғы сыншы қайтадан жабысуының бетін қайыру үшін, кестіру жарасының қуысына 5 проценттік бор майын, вазелин майы араласқан йодоформ (1: 1000)не қабынуын бәсеңдеткіш басқа бір май жаққан жөн. Температурасы көтеріліп, ісігі зорайып кетсе, профессор Оливков мынадай құрамды ерітіндіге малынған марлядан дренажды салуды ұсынады: Jodoformii 10,0; Aetheris aethylici 20,0; ol. Vaselini medicinalis 70,0.
Егер де терісі тым көтеріңкі болса, онда оның қансызданып қалмауы және бұзылған тканьдарыныңқабыну сұйықтарының шығуына жағдай жасау үшін, ісігін вертикаль бағытқа тілген дұрыс. Тіліктерін «екі жағынан бірдей, сыртқы күпек тесігінен бастап, артына қарай 3 – 4 см ұзындыққа және 2 см аспайтын тереңдікке тілу әдісі» ұсынылады (Оливков). Егер де жануар денесінің температурасы көтеріңкі күйінде қала берсе, онда оған қызуын төмендететін дәрі береді.
Сақтық шарасы. Операцияны дөрекі жасауға жарамды, кестірілгеннің артынан 15 – 20 минуттан кейін, серуендетіп жүргізу керек. Серуенге желден, тозаңнан, ластан қорғалған аулаға ғана шығару керек, өте сақтық шарасын қолдану қажет.
Вагиналит. Әдетте 5 -6 күнге қарай өршиді. Ол жалпы қынап қабығы ернеулерінің ерте жабысып кетуінен болады, соның салдарынан кестіру жарасы құм сағатының түріне айналады. Шығар тесігі болмағандықтан қабыну сұйығы жалпы қынап қабығы қуысының ішіне жиналады.
Клиникалық белгілері. Кестірілген жерінің жарасы беріштеніп, бітіп келе жатқан кезінде (5 – 6 күндерінде және одан да кейінірек) ұмасында ауырымпаз ісік пайда болады, ол үлкейіп кетеді де, жайылма ісік өршиді. Сол кезде жануардың температурасы көтеріледі, жалпы халі төмендейді, жүріс – тұрысы қиынға айналады. Шаншу тәрізді аурулар мен іш қабырғасы ауырымпаз жағдайға ұшырауы мүмкін.
Прогнозы. Сақтық тілейді, перитонитқа айналып кетуі де мүмкін.
Емдеу. Кестіру жарасының ішіне, түбіне жеткізе саусақ тығады, жалпы қынап қабығына жеткізе беріштеніп келе жатқан ткаының қабатын ірейді. Содан кейін, іле – шала, ұысым күшімен қабыну сұйығы жасалған канал арқылы сыртқа шығуға тырысады, соның нәтижесінде жануардың температурасы төмендейді, ісігі қайта бастайды да, жайылма ісігі жоғалып кетеді. Екінші қайтара тағы да жабысып қалмауы үшін, профессор Оливков кестіру жарасын тығындап (дренаж салып) қоюды ұсынады.
Жарақат және жарақаттану факторлары
Жарақаттанудың этиологиялық факторларын анықтау.
Жарақаттану кезінде нейрогуморальды реакциялар
Жарақаттар және жарқаттаушы факторлар – деп айыруға болады. Жарақат –травма (trauma) грек тілінен аударғанда жара, зақымдалу дегенді білдіреді.
Жарқаттаушы факторлар экзогенді сыртқы ортаның әсерінен туындайтын және эндогенді ішкі ортада витаминді - минералды заттардың бұзылуынан, басқада алмасулардың, қан айналымының бұзылуынан аутоиммундық реакциялардан, аутотоксикациялардан басқада ішкі құбылыстардың өзгерулерінен және жараақаттаушы заттар азық пен асқазан – ішек трактысына түсуінің нәтижесінде туындайды. Тағыда мұнда зақымдаушы заттарға ішкі қуыс мүшелерге әртүрлі себептермен және микроозганизмнің әсерінен тас тұзуші әрекеттердіде жатқызуға болады.
Зақымдаушы факторлардың ерекшеліктеріне байланысты жарақатты негізгі бес түрге бөлуге болады.
Механикалық жарақат немесе ашық және жабық жара тері мен кілегейлі қабаттардың бүтіндігі бұзылады. Жарақат нәтижесінде туындайдын жарақаттар, контузия, (соntusio), созылу (distorsio) , шығу (luxatio), сыну (fractura), шайқалу (commotio), қысылу (compressio)
Физикалық жарақат жоғарғы және төменгі температурадың сәулелі және радиациялық, электр тоғының және табиғи тоғ (найзазай) әсерінің нәтижесінде туындайтын жарақаттар
Химиялық жарақат күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерініңнәтижесінде туындайтын жарақаттар
Биологиялық жарақаттар патогенді микроб, вирустардың макропарзиттер мен олардың токсиндерінің әсерінен және өсімдікпен жануар тектес туындылардың уынан туындайтын жарақаттар
Жүйкелік – стресстік жарақаттар малшаруашылығының өнеркәсібінің технологиясының даму деңгейі толық еместігінен өнімі көп малдардың физиологиялық және атаптациалық мүмкіншілігіне жауап бере алмайтындықтан пайда болады. Бұл жарақаттар әсер еткеннен кейін функционалдық бұзылулар туындайды, соның арқасында ұлпалардың, жасушалардың, мүше және жүйелердің реактивті зақымдалуы болып ол өте ауыр немесе жеңіл ауру ретінде өтетін ауруларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Мұндай жарақаттар ұзақ және қатты өтетін акустикалық (акустикалық жарақат), сәулелік әсер ету (оптикалық жарақат), эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуден, өндірістік –технологиялық шулар нерв – жүйке жүйесіне жағымсыз әсер етеді. Әсер ету күшіне және уақытына байланысты жіті және созылмалы жарақаттану факторлары да болады. Екі немесе бірнеше жарақаттаушы факторлар әсерін тигізсе онда ол топтасқан (комбирленген) жарақат болып саналады.
Тікелей жарақат - зақымдаушы фактор әсер еткен жерде болады.
Тікелей емес жарақат - зақымдаушы фактор әсер еткен жерден тыс жерде болады, яғни биіктен құлағанда, аяқтан тартқанда, сіңірдің созылуы, басқа бір буынның шығып кетуі, сынуын тағы басқа жарақаттар.
Бір ғана жарақат монотравма, немесе бірнеше жарақат политравма – бірнеше мүшелердің жарақаттануы болуы мүмкін.
Травматизм – бірыңғай немесе әртүрлі жарақаттардың жиынтығы.
Жарақаттанудың алдын алу мал шаруашылығында әрбір қызмет ететін мамандардың басты міндеті болып танылады. Егер мал мен жануарлар жарақат алатын болса, онда оның өнімі, етінің, сүтінің, күйінің, жүнінің сапасы төмен болады.
Жарақат түрлері: өнеркәсіптік – технологиялық, азықтық, пайдаланудан, жылқы-спортының жарақаты, жыныстық жарақат, тасымалдау, әскери, улы жыландардың, шаян, бүйі уының әсерінен болатын жарақаттар. Сәулелі жарақат деп -мал организіміне иондаушы радияцианың әсерін тындайтын жарақатты айтады.Бұл сәуле ауруының дамуына , не болмаса сәулелі күйікке әкеледі . Альфа және бета бөлшектерінің сырттан сәулеленуі , клеткалар ішіне кіредіде терінің зақымдануына әкеледі . Ал рентген және гамма-сәулесі немесе неитрондар сәулесіне түскенде , ішке кіру қабілеті жоғары , көбінесе ағзаның толықтай жаралануына әкеледі,оны- сәулелі ауру деп атайды.
Жарақаттар және хирургиялық инфекциялар малдардың резистенттілігі мен иммунитетін төмендетеді.
Жарақат кезіндегі нейрогумаральдық жауап. Қалыпты және патологиялық жағдайдағы қорғаныштық – бейімделу реакциясының нейрогумаральдық реттелуін түсінбей жарақат пен басқа да аурулардың дамуын түсіну қиын. Жануарлардың организмі өз - өзін реттейтін күрделі биологиялық жүйе болғандықтан тікелей және қайтымды байланыс принципі бойынша реттеледі. Бұл кезде жүйке жүйесі қорғаныштық – бейімделушілік қызметті атқара отырып, аурудың даму барысында организмге керісінше әсер етіп, кейде патогенетикалық әсер етуі мүмкін.
Организмнің жеке торшалары мен барлық жүйесінің морфофункционалдық бүтіндігі мен қарсы тұру қабілеті сыртқы ортаның әсерінде және жүйке жүйесінің жағдайына, , сондай – ақ, өзара байланысты эндокринді жүйенің қызметінің толықтығына байланысты болады. Жүйкелік - эндокринді жүйенің координациялық бейімдеуші қызметінің нашарлауы периферия торшаларының физиологиялық және күресу қызметтерін әлсіретеді. Осының нәтижесінде, әдетте торшаларды бүлдірмейтін сыртқы орта факторлары олар үшін жарақаттаушы болып табылады.
Осылайша, организмнің кез келген бөлігіндегі торшалардың өміршеңдігі, физиологиялық жағдайы бүкіл ороганизмнің функционалдық жағдайына, оның нейрогуморальдық реттелуіне байланысты болады.
Эволюциялық даму және қалыптасу процессінде жануарлардың орталық жүйке жүйесі мен оның шеткі тармақтары арқылы ұлпалық торшалар өздерінің тікелей тітіркендіруге жауап беру қасиетін сақтап қалған (жара, күйік, инфекция және т.б.).Сондықтан олар тітіркендірулер мен зақымдардарға өздігінше өздеріне тән нақты қорғаныс реакциясымен жауап береді. Бұл кезде тек зақымдалған емес, маңындағы торшалардың да реактивтілігі өзгереді.
Зақымдану аймағында пайда болған күшті тітіркенулер сигналдық импульстер ретінде симпатикалық тізбектің афференттік жолдарымен (перифериялық талшықтармен) ретикулярлы түзілістер пен қыртысасты орталықтарға жетеді, олардың әсерінен ол жерде қозу пайда болады. Бұл жерден ол эфферентті жолдармен үлкен ми жарты шарының қыртысына беріледі, ол жерде қозу ошағы түзіледі. Соңғысы қозған қыртысқа оның функциясын реттей отырып жауапты импульстер жібереді. Қозған қыртыс эфферентті жолдармен барлық мүшелерге, әсіресе, зақымдалған аймаққа бүкіл ағзаның қорғаныштық-бейімделу және өзге реакциясын басқарушы трофикалық және басқа да импульстерді жібереді. Осымен біруақытта бас ми қыртысының қозу ошағынан импульстер эфферентті өткізуші жолдарға да түсіп, сол арқылы зақымдалған ошақтарға жетеді. Соңғысынан ми қыртысы зақымдалған аймақтарда жіберілген импульстердің әсерінен өзгерген сигналды қайтадан алады.
Достарыңызбен бөлісу: |