Мамандыққа кіріспе (әлеуметтік педагогика)
Сағат саны – 60с/20с кішігірім топ бойынша.
Құрастырған: аға оқытушы Мұқытова Ж.К.
Түсініктеме
0
Қазіргі кезде дүние жүзінде тәрбиенің теория мен тәжірибесінің дамуында әлеуметтік тәрбиеге үлкен мән беріліп отырғаны мәлім. Тәрбиенің жүйесін жанарту мақсатында мектептің, отбасының басқада әлеуметтік институттардың ықпалын күшейтіп тәрбиені өмір талаптарына сай қарастыру маңызы мәселелерге айналып отыр.
Тәрбие жүйесінде ақцент педагогикалық қарым-қатынас саласына ауысып барлық тәрбие институттарының тәрбиелік потенциалдарын күшейтіп толық пайдалануға бағытталуда.
Жедел дамуды қажет етіп отырған әлеуметтік жұмыс (психолого-педагогикалық, құқықтық, экономикалық, медициналық т.б. көмек түрлері адамға, жеткіншек, жасөспірім балалардың тәртібін түзету, олардың бос уақыттарын микросациумда ұйымдастыру т.б.) арнайы білімі бар мамандарды даярлауды қажет етіп отыр.
Бұл курс осы саладағы психолого-педагогикалық пәндер жүйесін ашады.
Пәннің оқыту мақсаты: Әлеуметтік педагог мамандығының мәні, ерекшелігімен таныстыру арқылы болашақ маманның кәсіптік қабілеттерін қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеуге ықпал ету.
Зерделеу міндеті:
педагогикалық теорияны меңгеруде қызығушылық, қажеттілік тудыруға жағдай жасау;
кәсіптік қабілеттерін, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға ұмтылдыру;
оқу еңбегінің мәдениетін меңгеруге, өздік жұмысты тиімді етіп ұйымдастыруға ықпал ету.
Студент істеуі әрі білуі керек: Тиімді жұмыс әдістерін, формаларын, қарым-қатынас құру жолдарын, баланы адамды қорғау құжаттарын, зерттеу әдістерін, көмек, қамқорлық жасау жолдарын т.б.
Пәнді игеруде басқа пәндермен байланысы: психология, физиология, педагогика, философия, социология т.б.
“Мамандыққа кіріспе” бағдарламасын құру негізіне пән бойынша стандарт, 1993ж. С.Сейфуллин атындағы АГПИ жасаған бағдарлама және соңғы екі жылғы Көкшетау мемлекеттік университетіінің әлеуметтік педагогика кафедрасының тәжірибесі алынды.
Бағдарлама кішігірім топта оқитын және сырттай оқитын студенттерге арналған.
Тақырып жоспары
№ п/п
|
Тақырыптың атымен оның мазмұны
|
Сағат көлемі (лекция, тәжірибелік)
|
Өздік жұмыс
|
Бақылау түрі
|
1.
|
Жоғары мектепте оқу еңбегінің ерекшелігімен мәдениеті
|
2 сағат
лек.
|
4 сағ. Аннотация, тезис, жоспар құру, конспектілеу.
|
Ауызша, жазбаша
|
2.
|
Қоғамдағы дағдарыс, әлеуметтік педагог мамандығының қажеттілігі, тарихи аспектілері
|
4 сағат
(2 лек., 2сем.)
|
4 сағ.баяндама даярлау т.б.
|
Тест арқылы тексеру
|
3.
|
Әлеуметтік педагог мамандығымен танысу, әлеуметтік педагогтың міндеттері, функциялары, қоғамда атқарайтын рөлі.
|
4 сағ.негізгі ұғымдарды жазу, мәнін, мазмұнын ұғу.
|
Ауызша, жазбаша.
|
4.
|
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік білімі негізгі қабілеттері (коммуникативтік, диагностикалық, перцептивтік т.б.
|
4 сағат
(2лек., 2сем.)
|
Педагогикалық жағдай табу
|
Педагогикалық жағдайларды саралау. Педагогикалық диктант
|
5.
|
Этикалық кодекс мақсаты мазмұны. Әлеуметтік педагогтың этикасы, әдебі, адамгершілік қасиеттері.
|
|
6 сағ.реферат дайындау. Атақты педагогтардың ой-пікірлерін жазып келу, пікірлесу
2 сағ.бақылау жұмысы модуль бойынша
|
Педагогикалық жағдайларды саралау. Педагогикалық диктант
|
Бірінші модуль бойынша: 10 сағат (6лек., 4тәжірибелік, 20 сағат өздік жұмыс.
|
|
2 модуль
|
|
|
|
1.
|
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік-педагогикалық атқаратын рөлі. Әлеуметтендіру факторлары, механизмі т.б.
|
2сағат сем.
|
4 сағ.Тәрбие, әлеуметтендіру, әлеуметтік тәрбие, балалық шақ, т.б. ұғымдарға сипаттама беру.
|
Ауызша баяндама жасау.
|
2.
|
Бала, адам құқығын қорғау мәселелері. Негізгі құжаттарға сипаттама.
|
-
|
4 сағ.құжаттар бойынша конспект жасау.
|
Пікірлесу
|
3.
|
Әлеуметтік педагогтың жұмыс орындары, түрлері, формалары, әдістері.
|
4 сағат (2лек., 2 сем.)
|
4сағ.Педагогикалық жағдайларды жинастыру, саралау, негізгі ұғымдарды жазып алу (қиын балалар, дарынды балалар, қайта тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеу т.б.
|
Ауызша Педагогикалық жағдайларды саралау, баға беру.
|
4.
|
Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс құру мазмұны
|
2 сем.
|
4 сағ.конспект жазу (Абай, Сух.отбасы тәрбиесі туралы педагогикалық жағдайларды саралау)
|
Ауызша Педагогикалық жағдайларды саралау, баға беру.
|
5.
|
Қазақстандағы, шетелдегі әлеуметтік тәрбиемен тәжірибенің қалыптасуы.
|
2 лек.
|
4 сағ. Шығарма жазу, реферат дайындау. “менің болашақ мамандығым туралы ойлар”.
|
Жазбаша 2 бақылау жұмысы. Ауызша 2 модульді тапсыру
|
6.
|
Сынақ
|
|
|
Тест арқылы тексеру.
|
Екінші модуль бойынша: 10 сағат (4 лекция, 6 тәжірибелік), 20 сағат өздік жұмыс.
Семинар № 1 (2 лек. сағат)
Тақырып: Болашақ әлеуметтік педагогтардың оқу еңбегінің мәдениетін қалыптастыру жолдары.
Оқу еңбегінің мәдениеті туралы түсінік.
Оқу еңбегін қалыптастыру жолдары: еңбекқорлық және оны қалыптастыруға күн тәртібі, еңбек ету, дем алу, бос уақытты дұрыс ұйымдастыру жатады.
Тамақтану тәртібі оның адамның денсаулығына, еңбек етуіне ықпалы.
Есте сақтау қабілетінің әлеуметтік педагогтың профилактикалық қызметіндегі мәні.
Оқу мәдениетін жетілдіру жолдары (кітапханаларда жұмыс істеу әдістерін меңгеру: каталогтармен, картотекалармен, библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істей білу т.б.).
Практикалық тапсырмалар:
Аннотация, тезис, конспект, жоспар жасау. (Бір мақала бойынша мамандыққа қатысты).
Кітапхана қызметкерлірмен кездесіп пікірлесу, консультация алу.
Әдебиеттер:
Мамандыққа кіріспе. ред. Л.И.Рувинский. Алматы, Ана тілі, 1991. 87-103б.
Лезер Ф. Рациональное чтение: более быстрое и основательное. М., 1980г., 160б.
Вопросы преподавания этнопедагогики и этнопсихологии. Методический сборник. Кокшетау, 1997 (30-36 беттер).
Львова Ю.Л. Творческая лаборатория учителя. М., 1980.
Ерастов Н.П. Методика самостоятельной работы М., 1985.
Педагогика и психология высшей школы/ под ред. Самыгина. Ростов-на-Дону, “Феникс”, 1998-544с.
Семинар № 2
Әлеуметтік педагог мамандығының қажеттілігі.
Мамандықпен танысу.
Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс, тарихи аспектілері.
Қоғамдағы дағдарыс, әлеуметтік педагог мамандығының қажеттілігі басқа мамандықтарымен байланысы.
Әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары мен принциптері.
Әлеуметтік педагогтың функциялары, атқаратын рөлдері. Негізгі ұғымдар: әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік педагогика, әлеуметтендіру, әлеуметтік педагог т.б.
Әдебиеттер
Қазақстанда гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 1994.
Мамандыққа кіріспе, Алматы, 1991.
Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. М., 1999 стр. 61-85.
Никитина Л. Функции и роли социального педагога // Воспитание школьников № 8, 2000.
Иванцова А. Социальный педагог и инспектор по делам несовершеннолетних //Воспитание школьников № 8, 2000.
Никитина Л. Узловые моменты профессии. // Воспитание школьников № 7, 2000.
Практикалық тапсырмалар
Негізгі ұғымдарға түрлі анықтамалар тауып жазып келу, саралау.
Педагогикалық жағдайларды саралау.
Семинар № 3
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік білімі, негізгі қабілеттері, этикалық кодексі
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік білімі, адамгершілік қасиеттері, гуманистік бағыты.
Әлеуметтік педагогтың педагогикалық әдебі.
Әлеуметтік педагогтың негізгі қабілеттері: коммуникативтік, ұйымдастырушылық, диагностикалық, перцептивтік т.б.
Әлеуметтік қызметкердің этикалық кодексі. Негізгі ұғымдар: педагогикалық әдеп, этикалық кодекс, ұстаздық шеберлік, педагогикалық этика т.б.
Әдебиеттер
Мамандыққа кіріспе, Алматы, 1991.
Синица И.Е. Педагогикалық әден және ұстаздық шеберлік, Алматы, 1989.
Шыныбекова Ә. Ұстаздық шеберлік және педагогикалық этика. Алматы, 1989.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 2000.
Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику М., 1997.
Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. М., 1999.
Основы педагогического мастерства. Под ред. Зязнена М., 1989.
Практикалық тапсырмалар
Негізгі ұғымдар бойынша атақты педагогтың ой-пікірлерін жазып келу, саралау.
Педагогикалық жағдайларды шығару арқылы әдепсіздік жағдайларға баға беру, өз ойын дәлелдеу.
Семинар сабағы № 4
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың атқаратын рөлі.
Әлеуметтендіру туралы түсінік, әлеуметтендіру факторлары және әлеуметтік механизмдері. Әлеуметтендіру процесінің тәрбие процесінен айырмашылығы.
Әлеуметтендіру кезеңдері.
Әлеуметтік педагог - әлеуметтендіру субъектісі.
Әлеуметтік педагог – бала, адам құқығын қорғаушы маман.
Адам, бала құқығы туралы құжаттарға сипаттама: Декларация, Конвенция ООН (БҰҰ) Қазақстан Республикасының Конституциясы. Бала, адам құқығы туралы заңдар (2002ж.).
Ш.А.Амонашвили “балалық шақ” туралы. Негізгі ұғымдар. “Балалық шақ” әлеуметтендіру, әлеуметтік тәрбие, тәрбие т.б.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995.
Декларация, Конвенция ООН. // Народное образование № 3, 1993.
Бала құқығы туралы Заң// Егеменді Қазақстан, тамыз 2002ж.
Педагогикалық ізденіс Ш.Амонашвили Алматы, 19-56б. 1990.
Халелова А. Студенттерді әлеуметтендіру процесінің ерекшелігі. // Ізденіс № 4-5, 2000, 191 – 195б.
Педагогикалық энциклопедия сөздігі, Алматы, 1995.
Нұсқабаев О. Мектеп жас ұрпақты әлеуметтендіру институты, Алматы, 1997.
Никитина Л.Е. Социальное воспитание – фактор стабилизации.// Педагогика № 7, 1998.
Реферат тақырыптары:
Жеке адамның қалыптасуында әлеуметтік ортаның рөлі.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институттары.
Тапсырмалар:
Адам, бала құқығы туралы құжаттардан конспект жасау.
Семинар № 5
Әлеуметтік педагогтың жұмыс түрлері, формалары, әдістері.
Әлеуметтік педагогтың міндеті, жұмыс орындарындағы түрлі қызметтері.
Әлеуметтік педагогтың мектеппен микрорайонда жүргізетін жұмыс түрлері. Ақтау орталық тарындағы т.б.
Приюттағы, интернаттағы балалармен жүргізетін жұмыстары.
Әлеуметтік педагогтың қиын, дарынды балалармен жүргізетін жұмыс ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: “қиын балалар”, қайта тәрбиелеу, дарындылық, қабілет, талант, данышпандық, өзін-өзі тәрбиелеу.
Әдебиеттер
Васильков Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика, М., Асадема, 1999.
Закатова И.Н. Социальная педагогика в школе. М., 1996.
Каримов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. № 17 л. Алматы, 1991.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 2000.
Савенков А.И. Основные подходы к разработке Концепции одаренных // Педагогика № 3, 1998. 24-29б.
Қазақстан мектебі № 1, 1999, № 1, 2, 3 – 1998, № 3, 99.
Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социальной педагогики. М., 2001г.
Практикалық тапсырмалар:
Педагогикалық жағдайларды жинастыру (4-5). (“Воспитание школьников”, “Учитель” журналдардың сандарынан).
Педагогикалық жағдайлардан рольдер арқылы көрініс көрсету (әлеуметтік педагог, қиын бала, ата-ана т.б.).
Қиын балаларды қайта тәрбиелеу әдістерін белгілеу.
Семинар сабағы № 6 (2 сағат)
Тақырып: Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс құру мазмұны.
Отбасы тәрбиесіндегі проблемалар отбасының құқығын қорғау қажеттілігі.
Отбасын зерттеу, отбасының типтерін, проблемаларын анықтау мәселелері.
Әлеуметтік педагогтың отбасымен жүргізетін жұмыс түрлері.
Отбасының тәрбие потенциалын күшейту мақсатында басқа тәрбие институттарының күштерін біріктіру, осы саладағы тәжірибелерді тарату. Негізгі ұғымдар: отбасы, неке, отбасы тәрбиесі, әлеуметтендіру, құндылықтар.
Әдебиеттер:
Документы ООН о детях, женщинах и образовании. Сборник документов, М., 1995.
Закон РК о семье и браке, Алматы, 1998.
Куликова Т.А. Сем.педагогика и дом.воспитание. М., 1999.
Педагогика под ред. И.П.Пидкасистого М., 1998.
Подласый И.П. Педагогика кн. 2. М., 2000 стр. 189-235.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана – 2000, Сухомлинский В.А., Родительская педагогика, М., 1987.
Макаренко А.С. Книга для родителей. Киев, 1987.
Мұқытова Ж. Отбасындағы халықтық тәрбие құндылықтары, Көкшетау, 2002.
Практикалық тапсырмалар:
Педагогикалық жағдайларды саралау.
Атақты педагогтардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлерін конспектілеу.
Реферат тақырыбы:
Қазақ ағартушылары отбасы тәрбиесінің мүмкіншіліктері туралы.
Семинар сағаты № 7
Қазақстандағы, шетелдегі әлеуметтік тәрбие мен тәжірибе.
Қазақстанда әлеуметтік тәжірибенің даму барысы. “Үміт”, “Қуаныш” т.б. орталықтардың тәжірибесі.
Шетелдегі әлеуметтік тәрбие мен тәжірибенің ерекшеліктері.
Әдебиеттер:
Назарбаева С.А. Этика жизни, Алматы, 2001, 94б.
Донских А. Новые планы “Бобека” // Каз.правда 2000, 19 августа.
Муфтеева А. “Аялы алақан” в защиту детства.// Экспресс – К. 2000, 1 июля . (О дет.доме в г. Петропавловске) // Экспресс – К. 2000, 29 сентября и др.
Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. М., 1998.
Кремнева Т.Л. Технология обучения практике социальной работы в Великобритании. // Педагогика № 1, 2001 стр. 82-87.
Практикалық тапсырмалар:
Әлеуметтік қызмет саласындағы тәжірибелерді тауып хабарлама жасау.
Шығармашылық шығарма жазу “Менің болашақ мамандығым туралы ойлар”.
1 модуль
Мамандыққа кіріспе (СПК – 1)
№ п/п
|
Тақырып бойынша тапсырма
|
Тәжірибелік тапсырма
|
Бақылау
|
Кесте
|
Баға
|
Теория
|
Тәжірибе
|
Актив
|
Тьюторн
|
СРС
|
1.
|
Жоғары оқу орындағы оқу еңбегінің мәдениеті.
|
Лекция, конспект, тезис, реферат жызу әдістемесі.
|
Оқу мәдениетін қалыптасу жолдары
|
Аннотация, тезис, реферирование т.б. жасау
|
Оқу мәдениетінің қалыптасу әдістерін баяндау
|
Аннотсация, тезис, реферат, лекция, конспект ұғымдарына түсінік жазу.
|
Мамандық бойынша библиографиялық тізім жасау, каталогтармен жұмыс.
|
|
|
2.
|
Әлеуметтік педагог мамандығының қажеттілігі, қоғамдағы дағдарыс, тарихи аспектілері. Әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары, принциптері
|
Педагогикалық диктант. Заңдылықтар-мен принциптердің іске асу жолдарын көрсету, мысалдар келтіру
|
Хабарлама әлеуметтік педагог мамандығының пайда болуы, тарихи аспектілері. Баяндама, хабарлама жасау.
|
әлеуметтік педагог мамандарын даярлау жолдарын белгілеу. Педагогикалық жағдайлар-ды шығару.
|
Баяндама. Мақалаларды тандау.
|
Қоғамдағы проблемаларды айқындау, мысалдар келтіру.
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
|
Атақты педагогтардың еңбектерімен танысу, оқу.
Журналдардан әлеуметтік педагогтың жұмыс тәжірибелерін қарастыру.
|
|
|
3.
|
Әлеуметтік педагогтың міндеттері, функциялары, атқаратын ролі.
|
Мақалаларды саралау (реферирование).
|
Баяндама, реферат қорғау.
|
Педагогикалық жағдайлар-ды саралау
|
Хабарлама, реферат қорғау
|
Мақалаларды аудару, талдау.
|
Педагогикалық жағдайларды жинастыру, жұмыстың түрлеріне қарай.
|
|
|
4.
|
Әлеуметтік педагогтың этикалық және кәсіптік кодексі, адамгершілік қасиеттері, әдебі.
|
Тақырып бойынша педагогикалық жағдайларды саралау.
|
Этикалық кодекстің мазмұнын саралау, қажеттілігін дәлелдеу.
|
Экспериментті саралау
|
Эксперимент бойынша пікірлесу
|
Экспериментті әрі қарай жалғастыру.
|
әдет, этика туралы анықтамалар жазып келу.
|
|
|
5.
|
Әлеуметтік педагогтың коммуникативтік қабілеттері.
|
Негізгі қабілеттерін саралау, өз бойындағы қабілеттерге тоқталу.
|
Реферат қорғау
|
Педагогикалық жағдайлар-ды саралау
|
Реферат мазмұнын саралау, бағалау
|
Жаттығулар жасау, бағалу
|
Атақты педагогтардың ұстаздық шеберлік туралы ой-пікірлерін жазып алу.
|
|
|
1 модуль бойынша бақылау жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |