ПоәК 042-16. 16 44/03-2013 Баспа №2 04. 01. 2013 ж



жүктеу 1,74 Mb.
бет1/10
Дата22.05.2018
өлшемі1,74 Mb.
#16072
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ПОӘК 042-16.16.1.44/03-2013

Баспа №2 04.01.2013 ж.

беттің -сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16.16.1.44/03-2013

ПОӘК

«Көліктің даму тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



04.01.2013 ж.

№2 басылым



«Көліктің даму тарихы»



ПӘНІНЕН ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«5В090100» - «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті қолдану» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттің өздік жұмысы
1. Дәрістер
Дәріс 1, 2 Транспортың мәні және транспорттық процестің негізі. Жалпы терминдер және түсініктер, жаңа транспорттық жүйенің мазмұны және құрамы

Транспорт сөзі латын тілінен аударғанда « transporto » - апарамын, жеткіземін, тасимын деген мағынасында адамдарды немесе жүктерді тасымалдау, қоғамдық материалдық өндірістің ең маңызды бір облысы болып табылады.

Қазіргі кезде транспорт жүйесіне ортақ қолданыстағы транспорт кіреді. Ал, ортақ қолданыстағы транспортқа темір жол транспорты, автокөлік транспорты, теңіз транспорты, өзен транспорты, әуе транспорты, құбыр транспорты жататын болса, ортақ емес қолданыстағы транспортқа өндірістік транспорт кіреді. Ортақ қолданыстағы транспорт еңбек өнімдерін олардың тұтыну орындарына жеткізу арқылы өндірістік процессті жалғастырады.

Азық-түлікті өндіріс орнынан басқа орынға жеткізуден кейін, дайын өнімді өндіріс аясынан қолдану аясына жеткізуге жүзеге асады. Осы орын ауыстыру аяқталғаннан кейін ғана өнім тұтынуға дайын деп есептелінеді. (К.Маркс)

Жүк транспорты өнім санын көбейтпесе де өндірістік процесстің жалғасы болып табылғандықтан материалдық өндіріске жатады. К.Маркстің пайымдауынша өндірістік сфераға жолаушы транспортын да жатқызуға болады. Транспорттың бұл түрі көптеген адамдардың өндірістік, сондай-ақ жеке мақсаттарындағы орын ауыстыруы кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты болып табылады. Транспорттың бұл түрлерімен қатар жеке қолданыстағы транспорттар (жеңіл автокөліктер, мотоциклдер, велосипедтер, қайықтар және т.б) да бар.

Транспорт – әртүрлі мағынада қолданылады. Оны әдетте:


  • Жүк және жолаушы тасымалдаушы деген мағынасы бар, халық шаруашылық бөлімінде;

  • Материалдық өнімнің және адамдардың орын ауыстыруын қамтамасыз ететін техникалық құралдар комплексінде;

  • Жүк немесе жолаушылардың орын ауыстыруының өзіндік процесінде;

  • Көшелер немесе жол бойынша қозғалатын бірліктер торабында;

  • Белгіленген орынға және нақты мекен-жайға жіберілген жеке жүк партиясында;

  • Адамдық сала түрі немесе мамандық ретінде.

Транспорттық жүйе – тасымалдауды жүргізу кезіндегі өзара байланыста және тәуелділікте болатын әртүрлі транспорттық комплекстер (кешендер). Мемлекетке, аймаққа немесе үлкен қалаға қатысты қолданылады.

Транспорттық бірлік – транспорттың барлық түрлерінің әлеуметтік -экономикалық бірлестігін көрсетеді.

Транспорттық желі (сеть) – елдің барлық мекен-жайларын және жеке аймақтарды байланыстыратын хабарламалардың барлық жолдарының жиынтығы, анықталған территорияның немесе елдің транспорттық қызмет көрсету көрсеткіштерін мазмұндайды.

Жалпы қолдану транспорты – заңға сәйкес барлық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды іске асыруға міндетті транспорт. Оны мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын, қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға ұсынуы мүмкін.

Жеке қолданудағы транспорт – өзінің немесе кәсіпорынның тасымалдауын іске асыратын және барлық басқа клиенттердің талаптарын қанағаттандыруға міндетті емес жеке транспорт.

Магистралді транспорт – негізгі транспорттық министерстволар және ведомстволар: Хабарлама жолдарының Министерствосы, Теңіз флотының Министерствосы, азаматтық авиация Министерствосы , құрылыс және автомобиль жолдарының эксплуатациясының Министерствосы жүргізуге болатын жалпы қолдану транспорты.

Магисралды транспорт - маңызды қалалар мен елдің немесе ірі аймақтардың өндіріс орталықтарын байланыстыратын хабарлама жолдарын белгілеу үшін қолданылады.

Әмбебап транспорт – барлық тасымалдау түрлерін (жүк және жолаушы) жүзеге асыра алатын транспорт.

Дискретті транспорт – тасымалданатын зат (жүк немесе жолаушы) жеке партиялар немесе топтар, тәуелсіз қозғалатын транспорттық бірліктер көмегімен (автомобиль, поезд, ұшақ, кеме) тізбектей тасымалдаушы кез-келген транспорт.

Үзіліссіз транспорт – тасымалдау құралы үзіліссіз ағым түрінде келетін транспорт.

Құбырлық – мұнай тасымалдаушы, өнім тасымалдаушы.
Дәріс 3, 4 Өндіріс бөлімі ретінде транспорттың маңызды спецификасы. Транспорт халық шаруашылық бөлігі ретінде. Транспорттық мемлекеттің дамуы

Транспорттың даму тарихы антикалық және ежелгі заманда, алғашқы шаруашылық және қоғамдық еңбекті бөлісу жаңа туындаған кезде транспорттың қажеттілігі маңызды болған жоқ. Алғашқы хабарлама құралдары қарапайым болды. Оларға тапталған жол, вьюки, аса ауыр жүктер үшін сүйретпелер, жоңылған ағаш бөренелері немесе плоттар, кейінірек челноктарды жатқызуға болады. Одан ертерек уақытқа қайықшалардың пайда болуы жатады. Құлдардың еңбегін эксплуатациялауда құл иеленушілер шаруашылығы кезінде транспорт өзінің дамуында алға қадам жасады. Құл иеленуші мемлекеттер басқа елдерді басып алу, құлдарды тұтқынға алу үшін өзінің сарбаздарын апарды. Әскери талаптар және қажеттіліктер Қытайда, Парсы елінде, Рим Империясында әскери мақсаттар үшін салынған үлкен жолдар транспорттың дамуын қажет етті.

Адамзат өзінің тарихын білуі керек, себебі онсыз ғылымның ары қарай дамуы мүмкін емес. Олардың қалдықтары қазіргі күнге дейін сақталған. Мысалға, мыңдаған километрді алып жатқан римдік әскери жол желісі. Құл, нан, мата айырбастау және сатудың алға өсуі Финикия, Карфаген және т.б. сияқты мемлекет -қалалардың пайда болуына және ескекті, содан кейін желкенді кеме қатынастарының пайда болуына әкелді. Антикалық замандағы Греция, Рим, Египет сияқты мемлекеттерде теңіз кемелері, әсіресе әскери, қарқынды дамыды. Олардың кейбіреулерінде мыңдаған ескіш құлдар болды.

Дегенменде саудагерлер желкенді және желкенді - ескіш кемелерді таңдады, өйткені олардың көлемі кішкентай, көп ескіштерді қажет етпеді және жүкті орналастыру үшін көбірек орындары болды.

Транспорт құралдар өндірісінің бөлігі деп аталса да, құралдық құндылығы жоқ. Үш міндетті элементі бар транспортқа: еңбек құралы (транспорт құралы), еңбек заты (тасымалдау объектілері: жүк, жолаушы) және мақсатқа сәйкес адамдар қызметі. Яғни транспорт өндірістік құралдар, техника өнімі, технология, басқаруды ұйымдастыру саласының тізіміне жатады. Транспорт материалдық өндірістен қарағанда қиынырақ сала.
Дәріс 5, 6 Транспорттық мемлекеттің дамуы

Toyota компаниясы бүгінгі күні өндіріс көлімімен екінші орын алады. Және Жапония мемлекетінде сатылу жағынан бірінші орын алады.

Атақты бренды айтсақ, Жапонияның концерні әлемнің, ең танымалы бренд ондығына кіреді.

Toyota автомобиль компаниясының тарихы 1930 жылдан басталды.




Кличиро Тойода сол уақытта, Toyota Indistries компания негіздеушісінің ұлы, ішкі меншікті жану қозғалтқышының үстінде жұмысты бастады. Ол Еуропа мен құрама штаттарда саяхаттап ерекшеліктерін оқиды. Мысалы: автомобиль жасау сияқты.

Тойоданың басты инженерлер командасы жиналып істі жылдам қабылдады және 1934 жылы бірінші Toyota Type А қозғалтқышы дайын болды. 1935 жылы осы қозғалтқыш арқылы Toyota Model AL атты бірінші жолаушы автомобильі, сонымен қатар кішкентай Toyota C1 шағын жүк машинасы шықты.

Кличиро Тойода 1937 жылы әкесінің кәсіпкерлігінен бас тартып және өзінің меншікті Toyota Motor атты компаниясын тізімге тіркейді.

Жапондықтарда 8 саны – бақытты сан.



ІІ Дүниежүзілік соғыста ауысып жүк машиналарын шығара бастады. Жапондардың армиялары жүк машиналарын өте керек қылды, сондықтан оны оңайлыту үшін, тез бітіру үшін оны қысқартып тез жасады. Мысалы екі фараның орнына, ортасына 1 фара салған болатын.


1947 жылы компания азаматтық автомобильдерін қайта шығара бастады. Компания Toyota Crown үлгісін 1957 жылы АҚШ қа бағыттайды. 1,5-литрлік қозғалтқышымен жапон компаниясынан Американың базарына ең бірінші шыққан автокөлік. Сол уақытта компания Land Cruiser өндірісін бастаған болатын. Компанияның алтын заманы алпысыншы жылдар болды. Toyota 1962 жылы өзінің миллиондық автомобилін шығарды ал сәуір айында Австралияда 1963 жылы конвеерден бірінші автомобиль Жапония шектерінен ары қарай шыққан болатын. Сонымен қатар, компания қымбат емес автомобильдерін шығара бастады.

70 жылдары Toyota «үш китті» Жапон автоиндустриясының бірі болып табылады. Мұнай дағдарысынан 1 жыл бұрын, 1972 ж компания өзінің 10 миллион автомобилін шығарды.



1982 ж Toyota Motor Compfny компанияларымен Toyota Motor Cales, 1950 жылы құрылған, біріңғай гигантты біріктіреді, Toyota Motor Corporafion. Бұл уақытта «Тайота» Жапон компанияларының арасында сатылу жағынан бірінші орынға түсіп, жаңа чToyota Camri табысын бекітіп қояды.

Егер тұтас үнемді автомобильдердің шығу тек қана бұрынғы Тайота атына қауымдасса, онда люксовый Lexus және басқа жаңа ірі үлгілер п.б.

1996 жылы Тайота өзінің 90 миллион автомобилін шығару мерекелерін тойлады және дүниежүзілік автомобильдлік базарда ең ірі ойындарың біреуінде өз статустарын нық қойды. Осы уақытта барлық әлемде Тайота зауыттары ашылады.

1999 жылы компания 100 млн автомобиль шығаруын тойлатты. Бүгін Тайота компаниясы дүниежүзілік автомобиль базарының әлемдік лидері басқа дүниежүзілік гиганттардың жалғыз ғана бәсекелесі болып келеді.


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау