ПоәК 042-14-5-05. 03. 20. 21/ 2013 2013 жылғы № басылым



жүктеу 0,83 Mb.
бет3/3
Дата20.05.2018
өлшемі0,83 Mb.
#15071
1   2   3

28-тақырып : Аралас құрмалас сөйлем.

Дәріс жоспары:

1. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

Дәрістің мақсаты: аралас құрмалас сөйлемнің грамматикалық сипатаны меңгерту

Қысқаша мазмұны

Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан құрмалас сөйлем түрін аралас құрмалас сөйлем дейді. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымынан біраз жайды байқауға болады. Біріншіден, оның құрамында үл компонент болса, бір ғана сабақтаса және бір ғана салаласа байланысу тәсілдері болады, ал компоненттердің саны одан көбірек болса, не салаласа байланысу, не сабақтаса байланысу көбейе түседі. Екіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің компонентерінің арасындағы сабақтаса байланысу болсын, салаласа байланысу болсын, қай-қайсысы да әдеттегі дәстүрлі түрлерін сақтайды. Салалас сөйлемде болатындай, мұнда да салаласқан компоненттердің жалғаулықсыз да, жалдғаулықты да байланысулары, сондай-ақ әдеттегі сабақтас сөйлемде болатындай, басыңқы мен бағыныңқы компоненттердің арасында болатыны сияқты, бағыныңқының баяндауыш тұлғалары да тиісті қосымшаларға аяқталып отырады. Үшіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас, қатып қалған заңдылық жоқ. Компоненттердің бірнешеуі міндетті түрде тек қана салаласып барып, содан соң тек қана сабақтасуға ауысу немесе керісінше, сондай-ақ міндетті түрде салаласа байланысу мен сабақтаса байланысудың алмасып отыруы дегендей қатаң тәртіп жоқ. Тіліміздегі сөйлемдердің мол қолданылу мүмкіндігіне сай, байланысу тәсілдері бірыңғай да, араласа да келе береді.


29-тақырып Күрделі синтаксистік тұтастық.

Дәріс жоспары:

1. Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

Дәрістің мақсаты: Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипатын меңгерту

Қысқаша мазмұны

Күрделі синтаксистік тұтастық туралы Р.Сыздықова: «Бұл категория қазақ тілі білімінде әлі күнге дейін жан-жақты сөз болмай келеді. Оның белгілері, табиғаты, тұтастыққа енген компоненттердің бірігу амалдар деген тәрізді жайыттар зерттелген емес. Сондықтан бұған тіл мамандығының назарын аударамыз» деп, бұл мәселені санау 1970 жылы алға тартса да, бұл мәселе соңғы жылдары ғана зерттеу объектісіне айнала бастады. Ең басты единицалардың бірі ретінде сөйлемге біршама нақты анықтама беріліп, қызметі тиянақталған. Х.Қ.Арғынов сөйлемге «тиянақты ойды білдіретін бір я бірнеше сөздің тіркесі» - деп ең қысқа тұжырым жасаса, А.Байтұрсынов: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой» - деп анықтаған. Ең толымды әрі тұжырымды анықтама «қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» берілген: «сөйлем дегеніміз – хабарлаудың дербес синтакистік единицасы, оның мағынасы предикативтілік, формасы – синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін арнайы грамматикалық тәсілдердің жүйесін қамтып иеленген ең кіші құрылымдық үлгі». Қ.Аханов та осы анықтаманы қолдайды. Ш.Балли: «Сөйлем – ойды хабарлаудың ең қарапайым мүмкін формасы» деп қорытқан.

Тілдік ұғым реінде «айтылыс» нақты анықталмаған, және көбінесе мүлде әртүрлі бағытта түсіндіріледі. Бұл өзі сөйлеу синтаксисінің кең көлемді единицасы. Айтылыстың коммуникативтік бағыттылығы – оның ситуациямен байланысында.

Айтылыс – қатынастың реалды единицасы ретінде тіл мен сөйлеудің бірлігін көрсетеді: Ю.В.Ванников тілдік материалды талдағанда сөйлем мен фразадан бөлек ерекше единица айқындалады деп тауып, оны шартты түрде «айтылыс» (высказывания) деп атып, төмендегіше анықтама беріледі: «Жалпы түрінде айтылыс дегеніміз сөйлеу тізбегінің бір бөлігі, ол бір сөйлем құрайтын бір немесе бірнеше фразадан тұрады» .

Жазушының стилiн анықтауда күрделi синтаксистiк тұтастықтардың, олардың түрлерi мен байланысу тәсiлдерiнiң де өзiндiк орны бар. Себебi күрделi синтаксистiк тұтастықтар шығармада әр түрлi стильдiк қызмет те атқаруы мүмкiн. Күрделi синтаксистiк тұтастықта автор ой жүйесiмен қатар оның әр түрлi экспрессивтiк-эмоциялық, модальдiк реңктерi де берiледi.

Әуелде ауыр қылмыстыларға кешiрiм жасауды жоспарламаған Ораз Мұхамед зынданның жеке бөлiктерiн аралау үстiнде жазалы жұрттың ешқайсысын да кеңшiлiктен қақпады.Бәрi де жазалы емес, жапалы көрiнген. Жапалы емес, жалалы.

Берiлген мысалда күрделi синтаксистiк тұтастық тiзбектi байланысқа құрылған. Бiрiншi сөйлемдегi бiр сөз екiншi сөйлемде, екiншi сөйлемнiң бiр сөзi үшiншi сөйлемде қайталанып келiп отырады. Сол арқылы жазушы кейіпкерлер басындағы күйді мейлінше тереңдетіп, оқырман сезіміне әсерін күшейте түседі.

Күрделi синтаксистiк тұтастықтар кейiпкер портретiн жасауда ерекше қызмет атқаруы мүмкін.

Қырынан қарағанда қыз әп-әдемi болып көрiнедi екен.Тайқылау бiткен тар маңдайы да, артық-ауыс жерлерi қырналып, қажеттi қалыпқа түсiрiлген қою қара қасы да ұнасымды.Екi танауы делдиiңкi, келiссiз мұрны да қырлана қалғандай. Жалпақ, доғал иегi де қайтадан қашалғандай мүсiндi.Тал бойына жараспай тұрған мүше – астыңғы ернi iсiңкi, Үстiңгi ернi түрiк бiткен үлкен ауыз ғана. Әйткенмен, Әлия дәл осы сәтте маған әжептәуiр оңды қыз тәрiздi көрiндi(М.М.).

«Көркем шығарма құрылымында күрделі синтаксистік тұтастықтар бір оқиғадан екінші оқиғаға, бір баяндау планынан басқасына өтуді ұйымдастырып отырады, сөйтіп шығарманың жалпы сюжеттік өрбуін ұйымдастырумен қатар, баяндаудың әр түрлі рең құбылыстары бір-бірімен ауыстырып отыратын стильдік амал ретінде пайдаланылады. Күрделі синтаксистік тұтастық арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық көңіл-күйі ашылады. Белгілі бір оқиға тарамдай бяндалады, кейіпкердің портреті жасалады. Ондайда күрделі синтаксистік тұтастықтар оқиғаның. Автор ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі экспрессивтік-эмоциялық қырларын, модальдік реңктерін және сол арқылы туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді».

Күрделі синтаксистік тұтастықтар өзіндік құрылымы және берілу тәсілі арқылы әр түрлі стильдік қызмет атқара алады.
30-тақырып: Бөгде сөз және оның тыныс белгілері.

Дәріс жоспары:

1. Бөгде сөздің грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Бөгде сөздің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі, тыныс белгілері.

Дәрістің мақсаты: Бөгде сөздің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі, тыныс белгілерін меңгерту.

Қысқаша мазмұны:

Синтаксистік форма дегеніміз белгілі синтаксистік единицаларды қалыптастыратын, құрайтын амалдардың көрінісі.

Кейбір еңбектерде түбір күйіндегі сөздерді де синтаксистік форма ретінде қарайтыны бар. Бұған олар мынандай дәлел келтіреді. Сөз өзінің лексикалық, морфологиялық сипатына қарай белгілі синтаксистік жұмсалысқа бейім тұрады. Сын есім негізінен анықтауыш, баяндауыш қызметіне бейім , үстеу пысықтауыш қызметіне бейім, т. т. Сөз тек лексикалық единица емес, ол грамматикалық та единица. Осы грамматикалық сипатының бір қыры олардың қандай синтаксистік қызметке бейім болуынан көрінеді. Сондықтан да сөздердің өз бойында синтаксистік форма боларлық сапа бар дейміз. Синтаксистік форма негізінен морфологиялық тұлғаларға , формаларға сүйеніп құралады. Мысалы, сөздердің тіркесуі көбіне зат есімдердің септік жалғауларына сүйенеді, баяндауыштың формалары етістіктің шақ, жақ тұлғаларына негізделеді: бардым, бардық. Бірақ синтаксис аясында құралатын формалар сөздердің өзіне тән морфологиялық тұлғаларға ғана сүйеніп құралып қоймайды. Синтаксис морфологиялық тұлғаларды өздігінше жұмсап, тек синтаксиске ғана тән формалар құрайтыны көп.

3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1- тақырып: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.


  1. Тұрлаулы мүшелердің ерекшеліктері;

  2. Бастауыш, оның жасалу жолдары;

3. Баяндауыш, оның жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы жалпы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса синтаксистің теориялық сипаттамасын толықтырып жазғызу. Тұрлаулы мүшелерге қатысты лингвист ғалымдардың көзқарастарын сараптау. Өзіндік ой-тұжырымын айтқызу.
2-тақырып: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш.

    1. Анықтауыштың жалпы сипаттамасы.

2. Тұлғалық және мағыналық белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің белгілерін, сұрақтарын меңгерту.



Әдістемелік нұсқау: Тұрлаусыз мүшелер туралы әр түрлі пікір таластарды жіктеп, оң және теріс түрлерін ажыратқызу. Әр тұрлаусыз мүшелерге қатысты ойларын мысалдар арқылы дәлеледету.
3-тақырып: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

1 . Хабарлы сөйлемдер

2. Сұраулы сөйлемдер;

3. Лепті сөйлемдер.

4. Бұйрықты сөйлемдер

Сабақтың мақсаты: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерінің айырмашылықтарын ашқызу. Олардың өзіндік сипаттарын, қасиеттерін талдату.
4-тақырып: Күрделенген жай сөйлемдер.


      1. Күрделенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Күрделенген жай сөйлемдердің зерттелуі;

Сабақтың мақсаты: Күрделенген жай сөйлемдердің сипаттарын меңгерту

Әдістемелік нұсқау: Күрделенген жай сөйлемдер туралы түсініктерді бекіту. Жай сөйлемдердің күрделену жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуін қарастыру.
5-тақырып. Мезгілдес, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.

1.Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем

2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты: Мезгілдес, себептес салалас жөнінде мәлімет беру.

Әдістемелік нұсқау: Мезгілдес, себептес салалас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.

6-тақырып: Қарсылықты, шартты салалас құрмалас сөйлем.

1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

2.Шартты салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты: Қарсылықты, шартты салалас жөнінде мәлімет беру.

Әдістемелік нұсқау: Қарсылықты, шартты салалас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.

7-тақырып. Кезектес, талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем

2.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты: Кезектес, талғаулы салалас жөнінде мәлімет беру.

Әдістемелік нұсқау: Кезектес, талғаулы салалас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
8 - тақырып. Түсіндірмелі, салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем.

1. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

2. Салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты: Түсіндірмелі, салыстырмалы салалас жөнінде мәлімет беру.

Әдістемелік нұсқау: Түсіндірмелі, салыстырмалы салалас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.

9 - тақырып. Көп компонентті салалс құрмалас сөйлем.

1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері,

түрлері, қызметі.

3. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер жөніндегі теориялық зерттеулер



Сабақтың мақсаты: Көп компонентті салалас жөнінде мәлімет беру.

Әдістемелік нұсқау: Көп компонентті салалас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
10 - тақырып. Мезгіл бағыныңқылы және мезгілдес сабақтас сөйлем.

1.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;

2. Мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты: Мезгіл бағыныңқылы және мезгілдес сабақтас сөйлем жөнінде мәлімет беру.

Әдістемелік нұсқау: Мезгіл бағыныңқылы және мезгілдес сабақтас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
11 – тақырып. Қарсы бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

Қарсы бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;

2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты: Қарсы бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Қарсы бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
12-тақырып: Түсіндірмелі және салыстырмалы сабақтас сөйлем.

1. Түсіндірмелі сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;

2. Салыстырмалы сабақтас құрмалас



Сабақтың мақсаты: Түсіндірмелі және салыстырмалы сабақтас туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Түсіндірмелі және салыстырмалы сабақтас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
13 – тақырып. Мақсат бағыныңқылы және амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

  1. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;

2. Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты: Мақсат бағыныңқылы және амал бағыныңқылы туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Мақсат бағыныңқылы және амал бағыныңқылы құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
14-тақырып. Аралас құрмалас сөйлем.

1. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

Сабақтың мақсаты: Аралас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
15-тақырып. Күрделі синтаксистік тұтастық

1. Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

Сабақтың мақсаты: Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипаты туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау: Күрделі синтаксистік тұтастықтың қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
1 тапсырма: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Мақсаты: Тұрлаулы мүшелер туралы жалпы мәлімет беру.

Жұмыс түрі: Синтаксистік талдау

Әдістемелік нұсқау:

Тұрлаулы мүшелердің сөйлем құраудың негізі екендігін көрсету. Мысалдар арқылы дәлелдеу.



2-тапсырма: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш.

Жұмыс түрі: реферат.

Мақсаты:

Тіл біліміндегі тұрлаусыз мүшелер жөніндегі ғалымдардың пікірлері

Жұмыс түрі: Синтаксистік талдау

Әдістемелік нұсқау:

Мәтінге синтаксистік талдау жасау

Сөз тіркестерін топтастыру ұстанымдарын анықтау. Бұл мәселе төңірегіндегі ғылыми көзқарастарды саралау. Сөз тіркесінің түрлерін жіктеу. Есімді және етістікті сөз тіркестерінің ерекшеліктерін көрсету.

3-тапсырма: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайлы түсінік.

Жұмыс түрі: талдау

Әдістемелік нұсқаулық: Көркем мәтіндегі бірыңғай мүшелерге синтаксистік және стилистикалық талдау жасау.

4-тапсырма: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.



Мақсаты: Жай сөйлемнің түрлеріне тоқталу.

Жұмыс түрі: синтаксистік талдау

Әдістемелік нұсқау:

Айтылу мақсатына, интонациясына қарай жіктелетін сөйлемдерді мәтіннен тауып, олардың өзіндік ерекшеліктері мен жасалу жолдарын айқындау

5-тапсырма: Күрделенген жай сөйлемдер.

Мақсаты: Күрделенген сөйлемдердің ерекшеліктерін көрсету.

Жұмыс түрі: талдау

Әдістемелік нұсқау:

Қазақ тіліндегі үйірлі мүшелердің өзіндік ерекшеліктері. Үйірлі мүшелердің жасалу жолдары. Көркем мәтіндерден үйірлі мүшелерге мысалдар теру.

6-тапсырма: Бөлшектенген жай сөйлемдер.

Мақсаты: Қазақ тіліндегі жалғаулардың грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсету. Жалғаулардың түрлері мен сөздегі орын тәртібін түсіндіру.

Жұмыс түрі: талдау

Әдістемелік нұсқау:

Бөлшектенген сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

7-тапсырма: Мезгілдес, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

Мақсаты:

Мезгілдес, себептес салаластар туралы түсінік беру. Олардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.



Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

8-тапсырма: Қарсылықты, шартты салалас құрмалас сөйлем

Мақсаты:қарсылықты, шартты салаластарды меңгерту.

Жұмыс түрі:синтаксистік талдау

Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

9-тапсырма: Кезектес, талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Мақсаты: Кезектес салаластың жалпы сипатын көрсету.

Жұмыстың түрі: синткасистік талдау



Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

10-тапсырма: Түсіндірмелі, салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем

Мақсаты: Түсіндірмелі салалас туралы түсінік беру.

Жұмыстың түрі: синткасистік талдау



Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

11-тапсырма: Көп компонентті салалс құрмалас сөйлем

Мақсаты: Көп компонентті салаластарға тоқталу.

Жұмыстың түрі. талдау



Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

12-тапсырма: Сабақтас құрмалас сөйлем

Мақсаты: Сабақтасқа жалпы сипаттама беру. Оның түрлеріне жеке-жеке тоқталу, мысалдар келтіру.

Жұмыстың түрі: синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.


13-тапсырма: Мезгіл бағыныңқылы және мезгілдес сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Мезгілдес және мезгіл бағыныңқылының айырым-белгілерін меңгерту

Жұмыстың түрлдері: Синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

14-тапсырма: Қарсы бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Сөйлемдердің ерекшеліктерін түсіндіру.

Жұмыстың түрі: талдау



Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау

15-тапсырма: Түсіндірмелі және салыстырмалы сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Сөйлемнің грамматикалық сипатына тоқталу.

Жұмыстың түрі: талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.


16-тапсырма: Мақсат бағыныңқылы және амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Сөйлемнің грамматикалық сипатына тоқталу.

Жұмыстың түрі: синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.


17-тапсырма: Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Сөйлемнің грамматикалық сипатына тоқталу.

Жұмыстың түрі: синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.


18-тапсырма: Аралас құрмалас сөйлем.

Мақсаты: Сөйлемнің грамматикалық сипатына тоқталу.

Жұмыстың түрі: синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.


19-тапсырма: Күрделі синтаксистік тұтастық.

Мақсаты: Сөйлемнің грамматикалық сипатына тоқталу.

Жұмыстың түрі: синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.


20-тапсырма: Түсіндірмелі және салыстырмалы сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Сөйлемнің грамматикалық сипатына тоқталу.

Жұмыстың түрі: синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.


21-тапсырма: Түсіндірмелі және салыстырмалы сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Сөйлемнің грамматикалық сипатына тоқталу.

Жұмыстың түрі: синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.


22-тапсырма: Түсіндірмелі және салыстырмалы сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Сөйлемнің грамматикалық сипатына тоқталу.

Жұмыстың түрі: синтаксистік талдау



Әдістемелік нұсқаулық:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.



1-СӨЖ: Синтаксистің зерттеу нысаны

Мақсаты: Синтаксис туралы жалпы мәлімет беру.

Жұмыс түрі: конспект

Әдістемелік нұсқау:

Синтаксистің нысанын жн-жқты қарастыру



2-СӨЖ: Сөйлем мүшелернің қазақ тілінде зерттелуі.

Мақсаты:

Тіл біліміндегі тұрлаусыз мүшелер жөніндегі ғалымдардың пікірлері



Жұмыс түрі: конспект

Әдістемелік нұсқау:

Мәтінге синтаксистік талдау жасау

Сөз тіркестерін топтастыру ұстанымдарын анықтау. Бұл мәселе төңірегіндегі ғылыми көзқарастарды саралау. Сөз тіркесінің түрлерін жіктеу. Есімді және етістікті сөз тіркестерінің ерекшеліктерін көрсету.

3-СӨЖ: Тұрлаулы мүшелер

Мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайлы түсінік.

Жұмыс түрі: конспект

Әдістемелік нұсқаулық: Бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық ерекшелігін салыстыру.

4-СӨЖ: Тұрлаусыз мүшелер.



Мақсаты: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жайлы түсінік.

Жұмыс түрі: конспект

Әдістемелік нұсқаулық: Бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық ерекшелігін салыстыру.

5-СӨЖ: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Мақсаты: Бірыңғай мүшелердің ерекшеліктерін көрсету.

Жұмыс түрі: талдау

Әдістемелік нұсқау:

Қазақ тіліндегі бірыңғай мүшелердің өзіндік ерекшеліктері. Бірыңғай мүшелердің жасалу жолдары.

6-СӨЖ: Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

Мақсаты: Қазақ тіліндегі күрделенген жай сөйлемдердің ерекшеліктерін ашып көрсету. Жалғаулардың түрлері мен сөздегі орын тәртібін түсіндіру.

Жұмыс түрі: талдау

Әдістемелік нұсқау:

Күрделенген жай сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

7-СӨЖ: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Мақсаты:

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін меңгерту

Жұмыстың түрі: талдау.

Әдістемелік нұсқау:

Жаттығу жұмыстарын орындау.

8-СӨЖ: Сөйлемнің түрлері

Мақсаты: Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлерін меңгерту.

Жұмыс түрі:синтаксистік талдау

Әдістемелік нұсқау:

Поэзиялық шығармалардан мысал теру

9-СӨЖ: Құрмалас сөйлем синтаксисі

Мақсаты: Құрмаластың жалпы сипатын көрсету.

Жұмыстың түрі: синткасистік талдау



Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау. Прозалық шығармаларға кешенді талдау

10-СӨЖ: Құрмалас сөйлем синтаксисі

Мақсаты: Құрмалас туралы түсінік беру.

Жұмыстың түрі: синткасистік талдау



Әдістемелік нұсқау:

Құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау. Поэзиялық шығармаларға кешенді талдау





жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау