Өзіндік тексеру сұрақтары:
1.Калькуляция дегеніміз не?
2. Алдын ала жасалатын калькуляция ерекшелігі неде?
3 Үрдіспе – үрдіс әдісінің ерекшелігі
5 тақырып: Тапсырыстық калькуляция
Дәріс сұрақтары:
1.Тапсырыстық әдістің қолдану өрісі
2.Тапсырыс бойынша шығындардың есебі
1. Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке-дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлық тікелей шығындар әрбір (жекелеген) тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан сон ол орындаушы - цехқа және бухгалтерияға түседі. әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.
Осы тәсілдің кейбір ерекшеліктері бар, атап айтсақ:
— барлық шығарылған шығындар туралы мәліметгерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс тұрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;
— уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;
— тек бір ғана шотты жүргізу, "аяқталмаған өндіріс" (батыс есебінде барлық өндірістік шығындарын жинақтау тек осы "аяқталмаған өндіріс" шотында көрсетіледі). Осы шотта өндірістің әрбір тапсырысы бойынша шығындардың жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды еңгізуді ұсынады.
Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдісі пайдаланылады.
Тек дайындау цехында (кұю, ұсталык-пресс және т.б.) шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық, әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Цехтар шығындары әрбір (жекелеген) табыстың кескінінде, калькуляциялаудың бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материаддар, шикізаттар, технологиялық отындар мен энергиялар — белгіленген топ кескінінде аналитикалық есепте көрініс табады.
Ал үстеме шығыстары олардың өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша әрбір тапсырыстың өзіндік кұнына жатқызылады.
Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің тиесілі тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде танылады.
2. Тапсырыс орындалып біткен соң және оның техникалық қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содан соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол қоймаға накладнойы өткізу тапсырыстың жабылғаны (мысалға, электротехникалық өнеркәсібінде).
Сондай-ак, кез келген тапсырыстың өзіндік кұны бұрмаланбауы үшін (әсіресе, бітпеген тапсырыстарға катысты) артық немесе пайдаланбаған материалдық кұндылықтар коймаға тапсырылады, ол кезде 20 -"Материалдар" бөлімшесінің шоттары дебетгеліп, 900 немесе 920 шотгары кредиттеледі.
Бұл әдісті қолдану барысында іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған дейін барлық шығындар аяқталмаған өндіріс ретінде қарастырылады. Тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынада: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, нормативтік калькуляцияларды жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасап отыруды қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін өндірістің ұзак циклінде ірі бұйымды әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда) олардың торабына (агрегаттарына, кострукциялык элементтеріне) жекелеген тапсырыс ашуды ұсынады, яғни олардың әрбір конструкциясы аяқталған болып саналады.
Кіші сериялық өндірісте тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір бұйымды немесе бірнеше бұйымды (тапсырыстарды) әзірлеу үшін пайдаланған барлық тораптар мен детальдар (белшектер) есепте бөліп көрсетіледі.
Тораптар мен детальдардын, (бөлшектердін) бірінші түрі бойынша олардың
тәртіпте дайындалатын бұйымдар — екінші, яғни нормативтік әдіспен ұйымцастырылады. Сөйтіп, бұйымның жалпы құны тапсырыс ескерілген жекелеген тәртіпте дайындалғандардан шығындардан және нормативтік әдісі бойынша жалпы немесе сериялық өндіріс тәртібінде есептелген тораптар мен детальдардың (бөлшектердін) жалпы құнынан немесе өзіндік құнынан қүрылады.
Кәсіпорынның экономикалық кьізметінің қызметкерлері жекелеген және кіші сериялык өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды ұсынысы тиіс.Тапсырыстар бойынша шығындар топтастырылып, өндіріс есебінін карточкаларында әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді. Карточканың негізінде өнім бірлігінің өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды.
Өзіндік тексеру сұрақтары:
1.Тапсырыстық калькуляцияняң негізгі ерекшелігі
2.Тапсырыстар бойынша өзіндік құнды анықтау
6 тақырып: Функционалды калькуляция
Дәріс сұрақтары:
1.Функционалдық калькуляция негізі
2. Функционалдық калькуляцияда шығындарды анықтау
3. Функционалдық калькуляция әдістері
1.Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарында: металлургиялық, химиялык, мұнай өңдеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсіпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы; қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат; былғары өндірісінде - күлді, тері илеу және әрлеу саласы бар.
Дайын өнім немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті функционалдық әдіс деп атайды. Сатылық әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді. Әрбір бөлістен кейін шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнім алынады. Бөлініс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттарды, өнімснің сипаты мен басқа да өзіне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердің негізінде белгіленеді. Бұл орайда, бөлініс жөніндегі шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау мүмкіндігі ескеріледі.
2. Тікелей шығыстар (шикізат, негізгі материалдар, шалафабрикатгар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т.б.) әдегге, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердің ішінде — әзірленген өнім түрлері бойьшша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайьн бұйым).
Үстеме шығыстар бөлістердін арасына таратылады, ал олар әрбір белістердің ішінде — шығарылатын өнім түрлерінің арасына таратуға қабылданған коэффициентгердің базасында жасалуы мүмкін.
Бөлістік әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі элементгері — накгы шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қоддану керек.
Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын құжаттауда және жедел (оперативтік) есеп беруінде энергетикалық, материаддық және басқа да шығыңдардың нақты шығынын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тапсырмаларына немесе нормасына негізделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгілеген технологаялық процестің әдіс негізінен бөлістік әдістің жеңілдетілген бір түрі ретінде қарастырылады. Кейде "функционалдық калькуляциялау" терминің бөлістік әдістің синонимі ретінде қолданады. Шыныңда, олардың арасында - айтарлықтай шектеулер жоқ десек те болады.Процесстің ауытқуынан, жұмсалған материалдык шығыстардың кұрамының өзгеруінен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы тиіс.
3.Өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.
Шалафабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын қоса есептейді. Шалафабрикатсыз нұсқасында бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі кайта жасаулардан туындаған өндеу шығындарын косып, содан сон өнімнін өзіндік кұны анықталады.
Бөлістік әдісі кезінде өндірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын ведомостарында жүргізіледі.
Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процессінде әртүрлі сорттағы немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету коэффициентін пайдаланады. Мысалы, ағаш кесу кезінде алғашқы бір шикізаттан кесілген тақтайлар да, кесілмеген тақтайлар да, жаңқалар және отындық кесінді шеттақтайлар да алынады. Мұндай жағдайларда белгілі бір атаудың бірінші сорты өлшем бірлігі (единица) ретінде қабылданады, ал қалған сорттарын коэффициенттердің көмегімен анықтайды.
Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық тұрғыдан сипаттайтын бір өнім (шикізат) бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады. Егер де бір шикізаттан әртүрлі мұнай өнімдері алынатын болса, онда олардың арасында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің өзіндік құнын белгілейді, ал өндеу шығындары әрбір өнім түрінің арасына үлес салмағы бойынша таратылады.
Өзіндік тексеру сұрақтары:
1. Функционалдық калькуляцияның ерекшелігі
2. Функционалдық калькуляция әдістері қандай?
7 тақырып: Нормативтік калькуляция
Дәріс сұрақтары:
1. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің мақсаты.
2.Нормалар, нормалардың өзгеруінің есебі.
3. Нормалардың ауытқуларын тарату әдістері.
1.Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялык және нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнім дайындауға кзжетгі басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардың негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік кұны керсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезінде қодданыста жүрген өндірістік технологияны, жалақы женіндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттардын жұмсалу нормаларын негізге ала отырып, бастапқы массасы, таза массасы, калдыктары, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттарға қодцанылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындарды бекітілген тоқсандык сметасы ескеріледі.
Нормалардын және шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ кәсіпорынның мүдделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялык процесстерін және басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы тәртібін реттеу арқылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылау-өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудің, материалдарды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша (егер энергая және басқа да шығындар тікелей жолмен өнімге жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдын, электр энергиясының тұтынылуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғьшарды орнатудың маңыздылығы зор.
Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер өндірісті ұйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.
Нақты шығындарды норма мен салыстырғаңда ресурстардьң үнемделуі немесе артық жұмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегіңде кәсіпорынның ұйымдық-техникалық жұмыстарыңда біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.
Нормадан ауытқуларға кұжатталған және құжатталмаған болып келеді.
Құжатталған ауытқулар алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша ашылған дабылдары жатады (талап накладнойы, қосымша жұмыстарға жазылған нарядтары, косымша төлемцер және т.б.), сондай-ақ есептеу жолымен анықталған ауытқулар (түгелдеу тәсілімен, нақты рецептурасы бойынша алдын-ала жасалған есептеулер және т.б.)
2.Құжатталмаған ауытқуларға ауытқудың жалпы сомасы мен оның кұжатталған бөлігінің арасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар кұжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан, нарядтарды артык жазғаннан, кем шығудан, шалафабрикаттардың жоғалтулары мен бұзылуынан, аяқталмаған өндірісті дұрыс бағаламауынан шығады.
Егер де өндірісте құжатгалмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік есептің дұрыс ұйымдастырылмағанын куәландырады.
Ауытқу теріс те (артық жұмсалғаны) және оң да (үнемделгені) болуы мүмкін.
Теріс ауытқулар (материалдар, отындар, энергиялар, технологиялык процестерде қарастырылмаған, қосымша жұмыска жасалған төленген және т.б.) өндіріс процесінің дұрыс үйымдаспағандығынан туындайды.
Оң ауытқулар жекелеген учаскелердің жетістіктерін баяндайды (материалдардың тиімді пайдалануын ашу, материалдарды барынша қалдықсыз пайдалану, өнімнің сапсын арттыру, құрал-жабдықты тиімді қолдану және т.б үнемдеуді жүзеге асырады. Кейде оң ауытқулар шын мәніндегі қаражаттын үнемделгенін керсете бермейді, ол тек норманың шын арттырылған денгейін пайдаланғандығын көрсетеді.
Өндірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер шегінде беріледі. Материалдардың берілуін лимиттеу ай басында цехтарда жұмсалған материалдардың деңгейін ескере отырып, материалдардың шығынын қолданыста жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге асырады. Материалдардың жоспардан тыс босатылуына кұжаттар жасау, материалдарға жедел бақылау жасау және оларды жоспардан тыс босатуға алып келген себептерін талдауды қамтамасыз ету керек.
Ақауға шығарылған өнімнің орнын қалыпқа келтіру үшін қажетті материалдарды алуға ақау туралы актілер негіз болады. Онда бұйымның, бөлшектің коды, өнімнің ақауға шығарылған тапсырыс нөмірі көрсетіледі. Өндірістегі шикізат пен материалдардың сандық есебі жоспарлау бөлімінде, ал құндық есебі бухгалтерияда жүргізіледі.
Нормалардан ауыткуларды есепке алу шикізат пен материалдарға, олардың жұмсалуын нормалауға және өндірістік технологиялық процесіне байланысты ұйымдастырылады. Нормалардан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды құжаттау, түгелдеу тағы басқа да шаралар жүргізіледі.
Кұжаттау әдісі материалдарды ауыстыру салдарынан туындайтын ауытқуларды, сондай-ақ жеке-дара материалдардың нормадан артық жұмсалғанын анықтау үшін пайдаланады. Жеке-дара материалдардың шығынын, сондай-ақ материалдардың ауыстырылуымен байланысты ауытқуларды арнайы (дабылдық) құжаттармен рәсімдейді.
Әрбір келіп тускен материалдың партиясын салыстырып көру әдісі өндіріске босатылған, қымбат тұратын (тері, тоқыма жөне т.б.) материалдардын әрбір партиясы бойынша олардың нормадан ауытқуын анықтау үшін колданылады.
Қолданып жүрген нормадан ауытқуды партиялардың шығыс нормасын шығарылған өнімнің нақты шығысымен салыстыру арқылы анықтайды. Егер де бұл аталған әдісті қолдану қиындық тудырса, онда оның орнына инвентарлық әдісті қолданады.
Инвентарлық әдісте материалдардың, нақты шығысын белгіленген норма шығысымен салыстыру арқылы айлық , он күндік, бес күндік, бір ауысымдық (сменалық) ауытқуларын анықтайды. Материалдардың іс жүзіндегі шығынын анықтау үшін: ауысымнын, бес күндіктің, он күндіктің басына немесе әр айдың бірінші жұмыс күніне жұмсалмаған материалдарды түгелдеу (инвентаризация) жүргізеді. Ауытқуларды анықтау, есепке алу үшін кәсіпорынның жоспарлау-диспетчерлік бюросы материалдарды жұмсау картасын жүргізеді. Онда материалдар жұмсаудың ағымдық нормасы, сол материалдан жасалған бұйымдардың (бөлшектердің) саны қөрсетелеуді. Бұйымдардың (белшектердің) саны жұмысшылардың жасап шығарған есеп мәліметтерінің негізінде аныкталады.
Есеп деректері (маліметтері) бойынша оқтын-оқтын қолданылып жүрген нормалардан материал шығындарының ауытқуы туралы цехтар есеп беріп отырады.
Жалақыны ауытқулар есептелген норма мен нормадан ауытқу бойынша ескереді. Бухгалтерия есептелген жалақы сомасының жұмысшылардан алынған өнім саны мен сапасына сәйкестігін байқап отырады. Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқығаны үшін үстеме ақы төлеу өндірістік емес шығындар және жалақы қорын артык жүмсаудың басты себептерінің бірі болып табылады. Жалақы бойынша нормадан ауытқуын талдау үшін және дәл есебін шығару үшін номенклатуралык себептерін және жалақы бойынша нормадан ауытқуды, кінәлілерді табу керек. Сондықтан бухгалтерия октын-оқтын ауытқулар туралы, олардың себептері мен кінәлі түлғалары керсетілген рапорт жасап отыруы керек.
Үстеме шығындарды есептеу мен тарату нақты шығынның сомасын анықтауды, әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы артық жүмсалатын шығындардың алдын алатын кажетті шараларды дер кезінде кабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттық кестеге және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картанын, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нормасының негізінде ағымдағы жедел (оперативтік) бақылауын ұйымдастырады.
Кәсіпорында құндылықтарды сақтау мен есебінде, өндірісті ұйымдастыруында болған кемшіліктер және басқа да өндірістік емес сипаттағы шығыстар толығымен ашылып көрсетіледі. Өндірістік емес сипаттағы шығыстар өнімді шығарумен байланысты болса, онда олар оның өзіндік құнына қосылады, ал егер де олар өнімді шығарумен байланысты болмаса, онда олар өнім түрлерінің арасына таратып, үстеме шығыстардың қүрамында өнімнің өзіндік құнына қосылады.
Кәсіпорынның экономикалық қызметі тарапынан бақылау жасау материалдарды, энергияны, аспаптар мен керек-жарақтарды тұтынудың бекітілген нормалары мен лимитгерін; түрлі жұмыстар мен кызметтерді тұтыну мен олардың құнының белгіленген лимиттерін; басқарудың белгіленген ұйымдык құрылымын, сондай-ақ қызметтердің жөне қызмет көрсетуші адамдар жалақысының окладтарын (ставкаларын) катаң сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.
Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды (егер үстеме шығындардың бұл тобы есепте бөліп көрсетілетін болса) өнім түрлері бойынша таратады, бірақ, ол ксздс өнімді әзірлеу кезінде қолданған кұрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске қажет болған машина/сағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдыктарды пайдалану мен күтіп үстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық (нормативтік) ставкасын пайдалану керек, ал олар, әдетте. бұйымды әзірлеу үшін қажет технология бойынша құрал-жабдықтың жұмыс істеген машина/сағатының саны бойынша, құрал жабдықтың әрбір топтары бойынша белгіленген, шығын коэффициенті бойынша, құрал жабдықтардың машина/сағатының жоспарлы өзіндік құны бойынша есептелінеді. Бұйымдарға (бөлшектер комплексіне) сметалық ставкаларды есептеп шығару неғұрлым оңай: жабдықтардың жұмысымен байланысты шығындар мен механикаландырылған (станоктық) және механикаландырылмаған (қолмен атқарылатын) жұмыстар бойынша бөлек-бөлек алғанда, өндірістік жұмысшьшарының негізгі жалақысының арақатынастарының негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтарды күтіп-ұстау мен пайдалану жөніндегі нақты шығындар сметалық ставкалар бойынша белгіленген шығындарға тепе-тең дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасына бөлінеді.
Үстеме шығыстарды (егер олар жеке топқа белініп алынбаған болса, машиналар мен жабдықтарды күтіп-ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды қоса алғанда) бұйымдардың арасына тарату өндіріс жұмысшыларының негізгі жалақысының сомасына тепе-тең етіп бөледі.
Ірі сериялық және жаппай өндіріс жағдайында шығындардың жиынтық есебі шығындардың калькуляциялық баптары бойынша машиналардың типтері немесе бұйымдардың біртекті топтары бойынша жұргізіледі. Басқарудың цехсыз кұрылымы кезінде жиынтық есеп тұтастай кәсіпорын бойынша, ал цехтық құрылымы бар болса, онда цехтар бойынша жүзеге асырылады.
Шығындардың есебін алу айдың басындағы қолданылып жүрген нормалар және сол нормалардан ауытқыған сома бойынша жеке-дара жүргізіледі. Мұның өзі ауытқудың пайда болу себептерін және оған кінәлі тұлғаларды ашуға мүмкіндік береді. Нормадан тыс ауытқулардың себептері және кінәлі тұлғалар арнайы кодтар бойынша есепке алынады. Олар өнім түрлері мен шығын баптары бойынша есепке алынады, ал олардың иесізденген жағдайында ауыткудың сомасы жекелеген өнім түрлерінін өзіндік кұнына пропорционалды жолмен нормативтік шығыңдар бойынша таратылады.
3.Нормадан ауытқу әртүрлі себептердің салдарынан болса, онда олардың кінәлі тұлғалары мен себептері көрсетілген дабыл қағатын кұжаттармен рәсімделеді.
Сонымен қоса, ауыткулар әртүрлі өзгерістермен байланысты болады, атап айтқанда, материалдық, еңбек, энергетикалық шығыстарының көтерілуінің немесе темендеуінің, ауыстырылуының саддарынан орын алуы мүмкін. Әдетте нормадан болатын барлық өзгерістер есеп беретін айдың бірінші күніне туралап (ұштастырылып) жасалады, сондықтан олар әрекет етіп тұрған норманың еңгізілген кезеңінен бастап нормативтік калькуляцияда көрініс табуы керек.
Ай басына қалған аяқталмаған өндірісі ай барысындағы шығындары және шығарылған өнімге есептен шығатын шығыстары есептік айдағы әрекет етіп тұрган бірыңғай нормасы бойынша жасалатындыктан, ағымдағы норманың өзгеруіне байланысты есептік айдың басына аяқталмаған өндірістің өзіндік кұнын қайта есептеу қажеттілігі туындайды. Қайта есептеудің нәтижесі норманың өзгеруімен байланысты ауытқудың сомасын құрайды. Аяқталмаған өндірісті қайта есептеу түгелдеу кезінде тікелей шоттардың мөліметтері бойынша, ал егер де түгелдеуді жүргізу мүмкін болмағап жагдайда индекстің (коэффициенттің) көмегімен жасалады. Нормалардың өзгеру осы бап бойынша аяқталмаған өндірістің қалдық сомасына нормативтік калькуляцияның жекелеген баптары бойынша есептелінеді.
Мысалы. қолданылып жүрген нормалар бойынша өнімнің бір өлшем бірлігіне шақкандағы материалдардың шығындары 12300 теңге сомада қарастырылған. "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша ай басында аяқталмаған өндіріс қалдығы 328000 теңгені кұраған. Өнімнің өлшем бірлігіне жаңадан белгіленген норматив 12160 теңге құраған. Осы баптар бойынша нормалардың өзгеру индексі 1,138% (12300-12160)^100 құраған, ал аяқталмаған өндірістің баға айырмасы сомасы -(32800 *1,138 ) 3732 теңге болған
Жаңа нормаларды негізге алғанда аякталмаған өндіріс қалдығы 324267 теңге (328000 - 3732) болған.
Жанама шығындардың баптарын тікелей шығындардың жаңа нормасына көбейтіп, сосын оны 100 беліп жанама шығындардың баптары бойынша нормативін есептейді.
Нормалар есептік айдың барысында өзгеруі мүмкін, сондықтан ол нормативтік калькуляцияда керініс таппауы мүмкін. Бұл кезде нормалардың өзгерген жағдайы хабарланып, сол өзгерістердің көшірмесімен рәсімделеді, мысалға: өндірістік бөлімінде — материалдардың шығыс нормасының өзгерісі, еңбек пен жалақы бөлімінде - жұмыстың (еңбектің) кесімді бағасының және өнімділік нормасынын (мелшерінің) өзгерісі, жоспарлау бөлімінде — үстеме шығыстарының баптарынын нормасының өзгерісі.
Нормалардың өзгеруі және шығыстардың жаңа нормативін белгілеу аяқталмаған өндірістің қайта бағалануына әсер етеді. Нормадан ауытқуын анықтау үшін өндіріске кеткен шығынның есеп нормасымен де, нақты жұмсалған шығынымен де есептеп шығарады, яғни бөліп есептеу жолымен анықтайды. Есептелген нормадан ауытқу және норманың өзгерістері өнімнің өзіндік кұнына және аяқталмаған өндірістің қалдығына жатқызылады. Өнеркәсіптің жаппай өндірістік сипаттағы және қысқа өндірістік циклдағы кейбір салаларында нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы тауарлы өнім шығарылымының өзіндік құнына, ал аяқталмаған өндіріс нормативтік( өзіндік құны бойынша толығымен жазылады. Нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы өндіріс есебі ведомостарында керсетілген индекстердің көмегімен тауарлы өнімді шығару мен аяқталмаған өндіріс арасында белінеді. Оларды нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасының калькуляциядағы баптары бойынша бөліп алғандағы нормалар сомасына проценттік қатынасымен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |