ПоәК 042-14-1-05. 01. 20. 60/03-2010 №1 басылым орнына



жүктеу 3,44 Mb.
бет6/29
Дата07.02.2018
өлшемі3,44 Mb.
#8989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Дәріс 4


(1 сағат)
Тақырып. Сұйық және газтәрізді отындарға арналған оттықтар

Дәріс сабақтың мазмұны


  1. Сұйық отындарға арналған оттықтар

  2. Газтәрізді отындарға арналған оттықтар

  3. Отынды бүркіп беру құралдары

  4. Бүркіп беру құралдарының құрлысы

  5. Механикалық бүріккіштердің артықшылығы мен кемшілігі

Қазандық агрегаттарында негізінен, сұйық отын ретінде, айдаудың ауыр қалдықтарын және мұнай крекингі (бөлу) әдісімен алынған қара майды жағады. Сұйық отынды, шаң тәрізді отындар сияқты, камералық оттықтарда жағады. Сонымен, берілген оттықта сұйық отыннан басқа, шаң тәрізді отын да жануы тиіс. Бұл жағдайда шаң тәрізді отынды жағу үшін, оны қайтадан жобалап, онда күлге арналған шұқырақ (воронка) және сұйық шлакқа арналған түптеме қарастырылуы керек. Егер оттық тек ғана сұйық отынды жағуға негізделген болса, онда оған жазық горизонтальді түптеме жасайды, бұл жағдайда шлакты(қатты отын қалдығы) оттықтан шығарудың қажеті жоқ.

Сұйық отынды факелді процесте жағу үшін, оны алдын-ала бүркіп алу керек. Оның себебі, бүркілмеген отын жанбайды.

Оттықта сұйық отынды бүріккіштің көмегімен шашыратады, содан сұйық отын жақсы буланып, тез жануға мүмкіндік алады.Қазіргі кезде жылу энергетикасында бүріккіштердің әр түрлі конструкциялары кеңінен тараған. Олар: механикалық, булық, ауалық болып үш түрге бөлінеді; Механикалық бүріккіштердің жұмыс істеу принципті, цилиндірлі камерада сұйық отынды ортадан тепкіш әдісімен бүркуге негізделген.

Камерада қатты құйындалған отын бүріккіштің орталық тесігінен шығады.

Тесіктен ағып шыққан сұйық қабықшалы қабат құрайды. Сұйықтың әрі қарай қозғалысы кезінде қабат жұқарып, кейіннен жеке сұйық бөлшектеріне айналады. Ол үшін сұйық сорап бөлшектерінің көмегімен 10-20 *106МПа қысымға шейін сығылады да, содан кейін бүріккішке беріледі. Өнеркәсіп орындарында өнімділігі 250-1250 км/сағ жететін қысымы 12*106 МПа-ға тең механикалық бүріккіштер шығарады.



Бұл бүріккіш тұрқыдан (корпустан), оған кіргізілген дөңгелектен, соңында бүріккіш дөңгелектен тұрады.



Сурет 1 - Қарамай бүріккіш жанарғылар


1 суретте газдарға арналған шаңтәрізді қатты отынға жанарғылар арналған жанарғылар, ал төменде қарамай жанарғылары.

Механикалық бүріккіштердің қысыммен істейтін түріне, отынның кішкентай тесіктен үлкен қысыммен(1-2 МПа)ағып шығуы арқылы жұмыс істейтін түрі жатады.

Механикалық ротациялы(айналмалы тетігі бар) бүріккіштерде, отын жылдам айналатын стақанға беріледі,соның арқасында отын жұқа қабықшаны құрайды.Стақаннан шығар ауызда,оны ауа құйыны іліп әкетеді.

Механикалық бүріккіштердің артықшылығы: отынды бүрку кезінде, оған бу қолданбайды.

Механикалық бүріккіштердің кемшілігі:оның отын шығар тесіктері ластанып және мұнай өнімдерімен қақтанып қалуы; сонымен қатар,оның өнімділігін реттеу өте қиынға түседі.

Механикалық бүріккіштердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін, бүркуге жататын отынның шартты тұтқырлығы 6 ШТ артық болмауы керек. Ол үшін 40 маркалы қара майды 900С, ал 100 маркалы қара майды 1050С жылыту керек.

Булы және ауалы бүріккіштер бір класқа - яғни, ортаны бүрку бүріккіштеріне біріктіруге болады. Бу бүріккіштерінде су буы (p=0.41.6 МПа) қолданылады. Қара май бүріккішке 0,30,4мПа қысыммен беріледі.

Бу ағынының жылдамдығы үлкен болса , онда бүріккіштен шыққан отын өте ұсақ бөлшектерге бөлінеді.

Булы бүріккіштер өзінің құрылысы бойынша механикалық бүріккіштерге қарағанда, қарапайым. Бірақ 1кг қара майды жағуда қолданылатын 0,30,35 кг бу мөлшері үлкен болғандықтан, ол бу қазандығында шу туғызады. Сондықтан, бұндай бүріккіштер өнімділігі 3,3 кг/с дейінгі бу қазандықтарында ғана қолданылады.
Өздік бақылау сұрақтары


  1. Сұйық отындарға арналған оттықтар туралы не білесіз?

  2. Газтәрізді отындарға арналған оттықтар қандай?

  3. Отынды бүркіп беру құралдарының түрлері қандай?

  4. Бүркіп беру құралдарының құрлысын айтып беріңіз.

  5. Механикалық бүріккіштердің артықшылығы мен кемшіліктері қандай?


Қолданылған оқулықтар


  1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340.

  2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289.

  3. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117.

  4. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107.


жүктеу 3,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау