ПоәҚ 042-18-23 05/01. 201 ж Баспа. №201 ж



жүктеу 169,27 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі169,27 Kb.
#13274

ПОӘҚ 042-18-23.1.05/01. 201__ж

Баспа. № __ _____201__ж.

Бет __10-нан






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘҚ


ПОӘҚ 042-18-23.1.05/02-201_


ПОӘҚ

Оқытушыға арналған пән «Жануарларды ұстау жағдайын оңтайландыру» бойынша бағдарламасы



Баспа №__ күні _____



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ЖАНУАРЛАРДЫ ҰСТАУ ЖАҒДАЙЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ»


мамандық үшін 5В120200 – «Ветеринариялық санитария»

СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


201_ ж
Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырған: ветеринария ғылымларының магистры, Семей қаласының Шәкәрім атындагы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы Муратбаев Даулетбек Манарбекович

«__» __ 2015 ж.


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында

«03» 09 2015 жыл, № 1 хаттама.


Кафедра меңгерушісі, профессор м.а. С.Тусупов

2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында


« 09 » 09 2015 жыл, № 1 хаттама

Төрайымы А. Тлеубаева


3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.

« __ » 2015 жыл, № 1 хаттама


ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова

4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ

Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Сабақ түрілері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу

3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

4 Пәннің форматы

5 Пәннің саясаты

6 Баға қою саясаты

7 Әдебиет



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Муратбаев Д.М.., малдәрігерлік ғылымдарының магистры, «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы

Кафедра – «Ветеринариялық медицина»;

Байланыс ақпараты- тел. 53-19-20, №6 оқу ғимараты, кабинет;

Сабақ өткізу орны- аудиториялар 208, 203, 111.

Пән бойынша кредит саны - 4


1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:

Қоршаған ортаның факторлары мен тірі организмдердің байланысы, олардың мал ерекшеліктеріне, жасы, өнімі, тұқымы т.б. қарап және малға жасалатын жағдайларға, әсіресе азықтандыру, ұстап күтіп-бағу, жаю тәсілдеріне, пайдалану жолдарына байланыстырып, оларға қолайлы физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жағдайлар туғызу болып табылады.


1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Малдарға қойылатын барлық талаптарды ойластырып, малдардың денсаулығын арттырып, мол, жоғары сапалы өнім алу, мал арасында жұқпалы аурулардың шықпау шараларын жасап, жас төлдерді өсіру тәсілдеріне сипаттама беру, кеңістік ортаны әртүрлі мал қалдықтары мен ластанудан сақтандыру, әсіресе топырақты, суды, ауаны, шараларын белгілеу, қора бөлшектерінің қасиеттерін олардың организмге әсерін оқыту.


1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:

Болашақ мал мамандарын малдардың физиологиялық, ауқымдық ерекшеліктеріне байланысты олардан мол өнім алу үшін, белгілі бағытта қалыпты жағдай туғызып, еліміздің мал өніміне сұранысын қаматамасыз етуге дайындау.


1.5 Оқытудың нәтижелері:

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы міндетті:

- білу: сыртқы ортаның әр түрлі факторларының малдар мен құстардың организміне, өнім сапасына тигізетін әсерлері және оларға қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес әр түрлі аурулардың алдын алу жолдарын ғылыми түрде оқып білу, малдарды дұрыс, үнемді тәсілдер мен күтіп-бағу, аз шығын, иесі мол, сапалы өнімдер алу жолдарын біліп оны жақсартуға күш салу;

- игеру: зоогигиенаның әр түрлі тәсілдерін меңгере отырып, оқылмайтын объектілерді (қора, су, топырақ, ауа, азық т.б.) сипаттап, олардың мемлекеттік стандартқа сәйкестендіру жолдарын оқып меңгеруі, малдардың түрін, жасын, өніміне байланысты жасалатын жағдайларды зоогигиеналық талаптарға сәйкестендіріп игере білу;

- ұғып алу: ауаның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін, судың азықтық сапасын тексеру, мал қораларының микроклиматарына санитарлық-гигиеналық баға беруді толықтай меңгере білу қажет;

- түсіну: мал организмдері оларға жасалған жағдайларға байланысты қандай физиологиялық өзгерістерге ұшырайтындығын түсініп, малдың денсаулығын жақсарту, өнімін жоғарлату жолдарын белгілей білу. Сыртқы ортаның мал организмдеріне жүргізетін әсерлерін ғылыми түрде дәлелдейтін түсініктерді оқып үйрену. Әр зерттелмейтін объектерге тиісті талдау жасап, санитарлық-гигиеналық баға бере білу, оларды мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре білу;




    1. Пән пререквизиттері:

      1. Азық өндіру және малдарды азықтандыру І-ІІ

      2. Биохимия жане жануарлар физиологиясы І-ІІ

      3. Малшаруашылығының негізі




    1. Пән постреквизиттері:

      1. Эпизоотология және жұқпалы аурулар ІІ

      2. Ветеринариялық-санитариялық сараптау

      3. Паразитология және инвазиялық аурулар І-ІІ


2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ

Кесте 1





Тема

лекция

практика

1

Зоогигена туралы түсінік.

Зоогиена туалы түсінік және оның даму кезендері. Зоогигиеналық зерттеу әдістері




2

2

2

Қора ауасының гигиенасы.

Биосфераның радиоактивті көрсеткіштері. Атмосфералық ауаның құрамы мен қасиеттері. Ауа райы және климат . Атмосфералық ауаның денататурациясы. Сыртқы ортадан жылу өндіру және жылу жоғалту . Жануарлардың жылуға және суыққа шыдамдылығы. Жануарлардың түрлеріне байланысты жылуреттелудің ерекшеліктері. Тері жабынының термореттеудегі маңызы.




2

2

3

Мал тұратын қорадағы микроклимат және оның жануардың денсаулығына әсері.

Қора ауасының физикалық қасиеттері.




2

2

4

Ауаның санитарлық көрсеткіштері.

2

2

5

Микроклиматты оңтайландыру және жануарлардың төзімділігін, өсуін және өнімділігін жоғарлату.

2

2

6

Топырақ гигиенасы және оны ластанудан қорғау.

Топырақтың механикалық құрамы, физиқалық қасиеттері және оның гигиеналық маңызы. Топырақтың химиялық құрамы және оның жануардың денсаулығына әсер етуі. Топырақтың биологиялық құрамы. Топырақтың өздігінен тазалануы және оның гигиеналық маңызы. Топырақтың сауықтыру және залалсыздандыру




4

2

7

Суға, сумен қамтамасыз етуге және су беруге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.

Малшаруашылығындағы судың гигиеналық маңызы. Су көздерінің гигиеналық маңызы. Судың физиологиялық және санитарлық гигиеналық маңызы. Малшаруашылық фермаларға суды берудің әдістері. Су қоймаларының өздігінен тазалануы. Суды тазалау мен залалсыздандырудың әдістері. Ауылшаруашылық малдар мен құстардың су берудің режимі және әдісі



4

4

8

Азық пен азықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Азық берудің гигиенасы . Азықтардың физикалық жетіспеушіліктерінен туындайтын аурулар. Табиғи жолмен пайда болған токсиндері бар азықтармен улану. Азықтардың биологиялық агенттермен зақымдалуынан пайда болған аурулар.

3

3

9

Жайлымдық ұстау мен кутуге қойылатын гигиеналық талаптар. Тұрақтар, лагерьлер және қалқандарды ұйымдастыру. Жануарларды жаюдың әдістері. Сүт безі мен терінің күту әдістері. Жануарлардың тұяқтары мен мүйізіне күтім жасау. Моцион. Жануарларды шынықтыру.

2

3

10

Жануарларды, жануар тектес азық пен шикізатты тасымалдауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Жануарларды тасымалдаудың жалпы ережелері. Жануарды әртүрлі көлікпен тасымалдаудың ережелері. Малды айдауға қойылатын талаптар.




2

2

11

Малшаруашылық гимараттарды жобалау мен қолданудың гигиеналық негіздері. Құрылысқа арналған жер теліміне гигиеналық талаптар. Басты жоспарға қойылатын гигиеналық талаптар. Құрылыс материалдары және оларға қойылатын гигиеналық талаптар.Технологиялық құралдарға қойылатын зоогигиеналық талаптар. Микроклиматты қамтамассыз ету жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Көңді шығару мен канализацияға қойылатын талаптар. Көңді қолдануға қойылатын гигиеналық талаптар

5

5




Итого:

30

30


3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Зертханалық сабаққа дайындалу барысында әдістемелік ұсыныстар мен олардың жүргізілуін оқып үйрену қажет. Сабақтың мақсатына, сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтарға, сабақ тақырыбының мазмұнына көңіл аудару керек. Сабақ тақырыбына байланысты оқитындар зертханалық сабаққа арналған жұмыс дәптеріне конспект жазу керек.

Зертханалық сабақ диалог, презентация, демонстраивті материалдар (плакат, слайд) түрінде оқитындар пен оқытушының әңгімелесуі арқылы өтеді.

Зертханалық жұмысты орындау барысында оқитындар оқытушыдан керекті мәліметтерді алуы қажет. Зерттеу барысында оқитындар орындалған жұмыстың сапасын талдап және нәтижесін жұмыс дәптеріне жазуы қажет.

Әдебиеттермен жұмыс жасауға арналған әдістемелік ұсыныстар:

Оқуды жоспарлап, есеп беру, әдебиеттерден табылған материалдарды тез және нақты фиксирлеу, содан кейін оны тез және кез - келген уақытта қол жетімді ету керек. Өйтпегенде кең көлемді әдебиеттермен айналысу тиімсіз.



Емтиханға дайындалуға арналған әдістемелік ұсыныстар:

Білім алушы емтихандық сессия кезіндегі арнайы жұмыс тапсырмасы семестр бойы оқыған материалдарды қайталау, барлық материалдарды жүйелеу.

Қайталау - жеке процесс; әр оқушы өзіне қиын, түсініксіз, ұмытқан жерлерін қайталайды. Қайталауға кіріспес бұрын бағдарламаны мұқият қарау ұсынылады, ең қиын, меңгерілмеген бөлімдерді жеке бетке жазып алу керек. Қайталау процесстерінде бағдарлама материалдарын оқу барысында жиналған барлық білім сарапталынады және жүйеленеді: оқулық, дәріс жазбалары, оқылған кітаптардағы конспект, консультация және семинар барысындағы ескертпелер және т.б.

Қысқы және жазғы сессия- жұмыстың ең қиын кезеңі. Қысқа уақыт аралығында семестр бойы оқыған материалдарды меңгеру тәжірибе жүзінде мүмкін емес. Бұл уақыт аралығында материалды тек ғана қайталауға, жүйеге енгізуге және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңес алуға ғана болады.

Сессияға дайындық негізінен бірінші тәжірибелік сабақтан, толық орындалған семинар сабақтардан басталады. Бұл сіздің жеңісіңіздің негізі.


  1. ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)

Пән бойынша дәріс тақырыптары сан 30. Дәріс барысында тақырыптарға жалпылама түсініктеме береді.



БӨЖ орындаудағы әдістемелік ұсыныстар:

БӨЖ реферат, баяндама және эссе түрінде, аудиторияда қорғалатын мультимедиялы презентациялар түрінде өткізіледі.

Реферат, баяндама 3-5 беттен, ал эссе 1-2 беттен аспауы тиіс.

БӨЖ төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:



  • білім алушы жеке өзімен ғана орындалуы және аталған тақырыпқа сай болуы;

  • оқытылып отырған пәннің анықталған тақырыбын ашып және актуалды мәселелерін сараптап, қорытынды жұмыс жасауы;

  • оқу-зерттеу жұмыстарын орындау барысында оқу, ғылыми және тәжірибелік бағыт болуы;

Өзіндік жұмысты орындау барысында білім алушылардың білімін бағалаудың критерийлерінің қорытындысы:

  • жұмыс дайындалған материалдың көлемі;

  • білім алушы оқу материалын игеру дәрежесі;

  • өзіндік жұмысты орындауға арналған сұрақтарға логикалық және нақты жауап беруі;

  • өзіндік жұмыстың аталған тақырыбына жалпы ғылыми көзқарастың болуы;

  • есеп беру материалдарын, текстті және басқа да құжаттарды университет талаптарына сай рәсімдеу.




  1. ПӘН САЯСАТЫ

Қатысу: тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті. Сабаққа қатыспаған жағдайда студент меңгерілмеген сабаққа өзі жауапты.

Тәртібі: Сабақ уақытында пәнді систематикалық бұзу аудиториядан шығарылумен және курс бойы «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.

ОӨЖ орындалуға міндетті және берілген уақытта тапсырылуы тиіс. Кешігіп орындалған жұмыс төмен бағаланады.

Аралық аттестация: аралық аттестацияның қорытындысы сабаққа қатысумен, дәріс және зертханалық сабақтарға дайындалумен, белгіленген уақытта ОӨЖ орындаумен бағаланады.

Көшіру және плагиат: кез келген көшіру немесе плагиат (пайдалану, дайын тапсырманы және басқа оқитындардың шешімдерін көшіру) аудиториядан шығару немесе «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен жазаланады.

Емтихан: емтиханға жіберілген барлық студенттер, компьютерлік тестілеу әдістері арқылы жүргізіледі.

Сабақ уақытында ұялы телефондарын өшіру керек.

Ұсыныстар: оқу процессіне белсене қатысу, барлық тапсырмаларды орындауға тырысу. Курстастарға және оқытушыларға шыдамды, мейірімді болу.

Білім алушылар семестр бойы 50 пайыздан жоғары балл жинаған кезде ғана қорытынды бақылауға жіберіледі.




  1. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Апта және бақылау түрі бойынша баллдардың реттелуі кестеде келтірілген


«Жануарларды ұстау жағдайын оңтайландыру» пәні бойынша баллдардың реттелуі

Кесте 2



Апта

Бақылау түрі

Жалпы балл

Ескерту

1

2

3

4

1

1-7 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30






2

Тәжірибелік сабақтың білімін тексеру

30




3

БӨЖ сабақтың білімін тексеру

40




4

Тәжірибеліксабақтың білімін тексеру

30




5

БӨЖ сабақтың білімін тексеру

50




6

Тәжірибелік сабақтың білімін тексеру


40





7

Межелік бақылау.

80

1 және 7 апта тақырыптары бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау.

1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




8

8-15 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30




9

Тәжірибелік сабақтың білімін тексеру

30




10

БӨЖ сабақтың білімін тексеру

40




11

Тәжірибелік сабақтың білімін тексеру

30




12

БӨЖ сабақтың білімін тексеру

50




13

Тәжірибелік сабақтың білімін тексеру

40




14

Тәжірибелік сабақтың білімін тексеру

БӨЖ







15

Межелік бақылау 2.

80

8 және 15 апта тақырыптары бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау.

8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




Емтихан үшін жалпы балл

400




Академиялық кезен бойынша жалпы балл

1000





7 ӘДЕБИЕТ
7.1 Негізгі әдебиет

7.1.1 Садуақасов М.С. «Ветеринариялық – санитариялық гигиена» Алматы 2008 жыл

7.1.2 Садуақасов М.С. «Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы». ІІ-кітап. Алматы 2010 жыл

7.2 Қосымша әдебиет

7.2.1 Садуакасов М.С. «Мал гигиенасы пәнінен лабораториялық тәжірибе сабағына арналған оқу құралы» Семей 2000 ж

7.2.2 Герщун В.Н., Муслимов Б.Н. «Ветеринарная гигиена», А-та «Кайнар», 1994 г.

7.2.3 Карелин А.И. «Гигиенические основы проектирования, строительства и эксплуатации животноводческих объектов» Москва 1987 г..

7.2.4 Антонов П.П. «Микроклимат на фермах и комплексах» Москва, 1975 г.

7.2.5 Онегов А.П. «Гигиена с/х животных» Москва, 1987 г.

7.2.6 Кузнецов К.Ф., Баланин И.В. «Справочник по ветеринарной гигиене», 1984 г.



7.2.7 Данилова А.К. и др «Гигиена с/х животных» Москва, 1980 г.
жүктеу 169,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау