Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет56/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
118 

 
«Сынған кесені жамауға болмайды». 

 
«Отқа тисе тасқада сызат түседі». 

 
«Отқа салып ӛртесең, алтын сірә жез болмас...». 
Мензуркага  зер  салып  қараңдар.  Шкала  бойынша  әрбір  мензуркадағы  сұйық 
кӛлемін анықтап, бұлардың түрліше болу себептерін түсіндіріңдер. 
Оқытудың алғашқы кездерінде 7-8 сыныптарда оқушылар физика курсын жүйелі 
түрде  оқып-үйренуге  алғаш  кіріскен  кезде  эксперимент  ерекше  мәнге  ие  болады. 
Мұнда  сабақ  сапасы  кӛбінесе  эксперименттің  қаншалықты  дұрыс  алынғандығына, 
қандай дайындалғанына және қалай жүргізілгендігіне байланысты болады.  
–эксперимент сабақтың кӛп бӛлігін алмай, мұғалімнің әңгімесінің 
кейбір негізгі жақтарын ғана иллюстрациялап кӛрсетсе болғаны; 
–  эксперимент  жасауға  арналған  құралдар  мен  қондырғылар  мүмкіндігінше  ӛте 
қарапайым және оқушылардың назарын шаршатпайтындай алуан түрлі болуы қажет; 

 
эксперимент  бақыланатын  құбылыстың  жаңашылдығы  мен  немесе      
нәтижесімен байланысты қызықтыру элементтері енгізілетіндей болып ойластырылуы 
керек 

3


Осының  барлығы  оқушылардың  назарын  оңай  аударады  және  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Білім  кӛзін  сыртқы  дүние 
құбылыстарынан  эксперименттен  іздеуге  мәжбүр  етеді  және  табиғаттың  ақиқаттығы 
жайлы  ғылым  ретінде,  физика  туралы  материалистік  түсінікті  қалыптастырады.  Бұл 
әдістемелік  жүйе  дәстүрлі  оқыту  үдерісіне  ӛзгертулер  енгізу  қажеттігін  кӛрсетіп, 
оқытудың  шығармашылық  қызметін  дамытып,  білім  мазмұнын    жаңа  ӛркениеттік 
бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.  Білім берудің жаңа бағыттарының басты 
ерекшелігі  –  оқытудың  нәтижесін  алдын-ала  болжап,  оқушылардың  физикалық 
эксперимент  негізінде  қызығушылықтары  мен  ізденімпаздығы  негізінде  білімі  мен 
біліктерін  жетілдіріп,  оны  толық  зерделей  отырып,  шығармашылық  әрекетін  үнемі 
дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Физика – математика журналы: 2001.№6., 2002.№5.,  2003. №5. 
2.  В.П.Орехов, А.В.Усова, Физиканы оқыту әдістемесі. 56 б.                                             
3.  Физика пәнінен оқу экспериментін пайдалана отырып, оқушылардың оқу 
біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру жолдары. 
 
4.  ФайзуллаевӘ.Ф., СәндібаеваН.А., Хабаршы №1. Алматы ҚазМемҚызПи 
баспасы. 2007.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  физикалық  эксперименттерді  пайдаланып  мектеп  оқушыларының  
шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье говорится  о формировании творческой деятельности школьников через 
использование физических экспериментов. 
 
 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
119 
 
ҚЫТАЙДАҒЫ МЕКТЕПТІК БІЛІМ  БЕРУ РЕФОРМАСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Сыпырындиева Г.К.– ізденуші (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қай  елдің  де,  қай  халықтың  да  ӛркениеттілігін  оның  білім  беру  істерінен  бӛле 
қарауға  болмайды.  Яғни,  білім  беру  ісін  елеусіз  қалдырған  елден  ешқандай  ӛркенді 
келешек күтуге де болмайды. Жер бетіндегі барлық мемлекеттердің даму процесіне кӛз 
жүгіртсек  те  немесе  жеке  бір  елдің  ғылым  мен  мәдениетінің,  экономикасының 
гүлденіп,  дамыған  кезінде  де  сол  елдің  білім  беруге  ерекше  кӛңіл  қойған  уақытымен 
байланысты  екенін  кӛреміз.  Мәселен,  Қытай  Халық  Республикасының  –  адамзаттың  
ежелгі мәдениетінің бесігі болған елдің білім беру жағдайына назар аударайық. 
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 200 жылдардың ӛзінде (алғашқы Чинь дәуірі) 
Коң-Чию  деген  адам  білім  беру  жүйесіндегі  ақсүйектік  тар  ӛрістіліктің  тамырына 
балта  шауып,  «әуестігіне  қарай  бейімдеп  оқыту»,  «ғылым  алдында  адамдардың 
барлығы  ұқсас»  деген  қағидаларды  алға  қойды,  әрі  осы  қағида  бойынша  оқушы 
қабылдады.  Дегенмен,  оқушылардың  кӛбі  ақсүйектердің  балалары  болғанымен, 
оларды басқа балалармен салыстырғанда, қомақты мӛлшерде оқыту ақысы алынатын. 
Оқушыларға ӛтетін сабақ тек кітатағы білімдермен ғана шектелмейтін. Айталық, әдет-
ғұрыптан  бастап,  музыкалық  білімдер,  шежіре  жаттау,  ӛндірістік  қара  жұмыстарға 
араласу,  хаткерлік,  ғылыми  зерттеудің  жолдары,  т.б.  үйретілетін.  Тіпті  сол  заманның 
әйгілі дін кітабы «назымнаманы» оқып-үйрену де талап етілетін. Сондай-ақ, Коң-Чио 
оқушылардың  саяси-ядролық  тәрбиесіне  де  ерекше  кӛңіл  бӛлген.  Оларға  оқу  оқыту, 
саясатпен айналысу, ел басқарудың қыр-сыры дегендерден тыс, адамгершілік жӛнінде 
білімдерді де мүкіндігінше молынан қамтыған.  
Бір  қызығы,  сол  заманның  ӛзінде-ақ  оқыту  әдісі  тӛтенше  болғаны  байқалады. 
Мәселен,  оқушылардың  сабақ  қайталауына,  жаттығу-пысықтау  жасауына  жеткілікті 
уақыт  бӛлінетін.  Әрі  олардың  ӛзара  талқылау  ӛрістетуіне,  ұстаздарынан  кез  келген 
уақытта түсінбеген, білмеген нәрсесін сұрауына рұқсат берілетін.Сұрауға оқытушы сол 
оқушының  шама-шарқына  қарай  жауап  беретін.  Міне,  осылайша  Коң-Чиюдің  ағарту 
тәсілі ежелгі дәуір мәдениетінің тез ӛркен жаюына,білім беру ісінің жедел қарқынмен 
дамуына үлкен ықпал еткен. Ол кезде мәдениет, ғылым-білім шонжарлардың қолында 
емес,  керісінше,  қуат  алып,  күшейіп  келе  жатқан  білімпаздардың  қолында  болатын. 
Яғни, әрбір  бектік ішкі жақта ӛз үстемдігін нығайта түсу үшін, сыртқы жақта әскери 
саяси,  дипломатиялық  істерін  алға  қарай  жылжыту  үшін  дүйім  жұртты  жарыссӛзге 
шақырып,  ақыл-ойы  елден  асқан  оқымыстыларды  ел  басқару  істеріне  араластыра 
бастайды.  Тіпті,  кейбір  бектердің  маңында  білімдарлар  2-3  мыңдап  болған. 
Елбасылары  (бектер)  керекті  қызметкерлерін  солардың  ішінде  таңдап  қойған.  Бұл 
жағдайдың  адамдардың  білім  алуынағ  ғылым  қуына  құлшыныстарын  арттырғаны 
соншалық, ел ішінен мал-мүлкін, жерін сатып, білім аудың жолына шындап түскендер 
кӛптеп  саналады.  Кейіндері  бұл  дәстүр  ретінде  қалыптасып,  ХХІ  ғасырдың  басына 
дейін «Қыжүй» деген атпен жалғасын тауып отырды [1]. 
Сондықтан  да,  сол  заманның  ӛзінде-ақ  қытай  топырағында  бүгінде  шығыс 
философы  деп  аталып  жүрген  Коң-Зы  (Коң  Фузы,  б.з.б.  551-479  жылдар)  сияқты 
ойшылдардың дүниеге келуін сол кездегі білім беру жүйсінің кемелдігінің жемісі деу 
орынды.  Сол  кездегі  ұстаз  Коң-Зының  ӛзі:  «Кӛрген-білгеннен  іштей  ой  қорытып 
отыру;  білім  алудан  жалықпау;  басқаларға  үйретуден  әсте  бас  тартпау  сияқты 
шарттарды қаншалықты орындай алып жүрмін?» деп ӛзіне жиі сұрақ қойып отырады 
екен. Ал, ол ӛз ғұламалығы туралы: «Мен анамның құрсағынан білімді болып туғаным 
жоқ.  Қайта  халқымның  дәстүрлі  мәдениетін  сүйіп  үйренудің,  сондай-ақ,  ӛзімнің 
ӛтенше қажырлылығымның арқасында жас білгірге айналдым» деп жазады [2]. 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау