14
Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан, ауызекі
тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сӛздер мен сӛз тіркестері – варваризмдер,
кәсіби сӛздер, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілі стилінің
заңдылығын бұзу деп есептелінбейді.
Ауызекі сӛйлеу тілінің тағы бір ерекшелігі - әңгіме тақырыбының
тез ӛзгеріп отыратындығы. Мысалы, екі адам ауа-райы туралы сӛйлесіп тұрып,
күтпеген жерден ӛндіріс мәселесін сӛз етуі мүмкін. Тілдегі экспрессивтік,
эмоционалдық қасиеттер кӛп жағдайда ауызекі сӛйлеуде байқалады.
Ауызекі сӛйлеу стилінде лингвистикалық
факторлармен қоса,
тілден
тысқары
факторлардың
(экстралингвистикалық)
да
жарыса
пайдаланылуы осы стиьдің ӛзіндік ерекшелігі болып табылады (сӛз болып
отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің,
қолының
қимыл-қозғалыстары, дауыс ырғағының (интонацияның) құбылуы т.б.), бұл –
фонетикалық ерекшеліктері, сӛздерге әр түрлі екпін түсіру арқылы да ойға
түрлі экспрессивтік реңк, бояу беріп айтылуы жатады.
Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сӛйлеу
тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сӛйлеудің ауызша түрі, яғни әдеби
формасы функционалды стильдердің барлығында кездеседі. Мұны
публицистикалық стильдің ауызша түрі деп қараған жӛн. Мысалы,
радио-
теледеидер хабарлары, ондағы сӛйленетін сӛздер, сахнада кӛркем шығарманың
оқылуы, лекция, баяндамалардың жасалуы, мұғалімнің сабақ түсіндіруі т.б.
Ауызекі сӛйлеуде ойдың қысқа, тұжырымды болуы, грамматикалық
ерекшеліктерімен тығыз байланысты ) толымсыз, жалаң сӛйлемдер, эмоциялы
жай-күйді жеткізуде лепті, сұраулы сӛйлемдер қолданылады. Сол сияқты сӛз
қайталау
тәсілі бар, кейбір морфологиялық тұлғалар ықшамдалынып беріледі
:
келгесін, кеп, барғасын, боп т.б.
Ойды әсерлі жұмсалуының да шарттары ауызекі тілде жүзеге
асады: эмоционалды-экспрессивті реңдегі сӛздер, сӛйлеу сипатындағы
фразеологизмдер, қарапайым сӛздер де жұмсалады.
Ауызек сӛйлеу стилінің элементтері басқа стиль түрлерінде
мақсатқа сай қолданыла ьереді. Әсіресе, кӛркем әдебиет стилінде кейіпкер
тілінде, шығарманың жанрлық мақсатына
орай авторлық баяндауда да
қолданыла береді.Мысалы Қ.Ысқақов «Ақсу – жер жаннаты» деген романында
кейіпкерлердің аузына
шорту
сияқты одағай іспеттес ауызекі элементтерден
бастап
бет-мордасы
(бет-әлпеті дегеннің орнына)
түйекӛтен
(помидор),
қотқа
жүрмейді, асслау
деген әдеби нормадан тыс элементтерді салады. Бұл сӛздер
тұлғасын ӛзгертіп, кекесінмен,
мысқылмен қолданылған, ӛйткені шығарма
юмормен жазылған дүние, сондықтан стильдік мақсатта жұмсалған тілдік
ерекшеліктер болып саналады.
Тілімізде ауызекі сӛйлеу стилі, оның лексикалық,
синтаксистік
ерекшеліктерін арнайы ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдар қатарына
Р.Әміровтың «Ауызекі сӛйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» А. 1971,
М.Серғалиев, Ш.Нұрғожинаның «Қазақтың сӛйлеу тілінің эмоционалды-
экспрессивті лексикасы». А. 1995 еңбектерін атауға болады.