6
492201
АСПАПТЫ ЖАЛҒАР АЛДЫНДА:
Аспапты жалғар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз. Аспапты дұрыс монтаждамауға, жалғамауға және қолданбауға
байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді.
Пиролитикалық тазалау кезінде аспапты қауіпсіз қолдану
Пиролитикалық тазалау функциясын қоспас бұрын духовкадан
барлық жабдықтарды алып тастаңыз! торды, жиектемесі бар істікті,
табаларды, етке арналған температуралық зондты, алмалы-салмалы
және телескоптық бағыттағыштарды, сонымен қатар духовка
жиынтығына кірмейтін ыдыстарды.
Пиролитикалық тазалауды қосар алдында духовкадағы барлық
алмалы-салмалы бөлшектерді алып тастаңыз және төгілген
сұйықтықты тазалаңыз.
Пиролитикалық тазалау кезінде духовканың сыртқы беті қатты
қызады. Күю қауіпі бар! Балаларға духовкаға жақындауына рұқсат
етпеңіз.
Пиролитикалық тазалауды қоспас бұрын
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және осы
функцияны дұрыс әрі қауіпсіз қолдану сипатталған
«Тазалау және қызмет көрсету» бөлімінің
нұсқауларын орындаңыз!
Духовканың түбіне кез келген заттарды қоюға
тыйым салынады!
Тағам бөліктері, пісіру майы мен шырынының
қалдықтары пиролитикалық тазалау кезінде жануы
мүмкін.
Жану қауіпі! Әр пиролитикалық тазалау алдында
духовкадағы ірі тағам бөліктерін және басқа да
ластарды тазалап алыңыз.
Пиролитикалық тазалау кезінде духовканың есігін
ашуға тырыспаңыз!
Духовка есігіндегі блоктауға арналған саңылауға
заттардың түспеуін қадағалаңыз, өйткені бұл
пиролитикалық тазалауды орындау кезінде
автоматты түрде блоктауға кедергі келтіруі мүмкін.
Егер пиролитикалық тазалау кезінде электр
энергиясы өшіп қалса, бағдарламаны орындау
2 минут өткен соң тоқтатылады, бұл ретте
есік блокталған күйінде қалады. Есікті электр
энергиясын беру қалпына келтірілгеннен кейін,
есік суып қалған жағдайда да 30 минут өткен соң
ғана ашуға болады.
Пиролитикалық тазалау кезінде аспаптың металл
бөліктеріне қолыңызды тигізбеңіз.
Пиролитикалық тазалау нәтижесінде духовка мен
Пиролитикалық тазалауға жарамды жабдықтың
ішкі қабырғаларының түсі өзгеруі және күңгірт
тартуы мүмкін.
Пиролитикалық тазалау өте жоғары температура
кезінде жүргізіледі, сондықтан духовкадан тағам
қалдықтарынан бу мен түтін шығуы мүмкін.
Пиролитикалық тазалау кезінде бөлмені жақсылап
желдету ұсынылады. Үй жануарлары пиролиз
кезінде бөлінетін кез келген булануға өте
сезімтал болуы мүмкін. Оларды пиролитикалық
тазалау кезінде асханадан шығаруды және ол
аяқталғаннан кейін бөлмені жақсылап желдетуді
ұсынамыз.
7
ПИРОЛИТИКАЛЫҚ ТАЗАРТУЫ БАР
ЭЛЕКТР ІШІНЕ ҚОНДЫРЫЛҒАН
ДУХОВКАСЫ
(АСПАП ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ — МОДЕЛІНЕ ҚАТЫСТЫ)
4
3
2
1
Басқарупанелі
Есігі
Есіктің тұтқасы
Даярлаудың
бағыттауыштары
және деңгейлері
Духовканың ішіне
қондырылған
сөндіргіші
492201
Суретте қоса салынатын духовкалар модельдерінің бірі келтірілген. Нұсқаулық түрлі модельдер үшін
әзірленген, сондықтан сіздің аспабыңызда жоқ функциялар мен жабдықтарды қамтуы мүмкін.
МАЛЫНАТЫН АУЫСТЫРЫП ҚОСҚЫШТАРЫ
Ауыстырып қосқышы ұяшығынан шығатындай етіп оны басыңыз, содан кейін, бұрап отырып, ауыстырып
қосқышты қажетті қалпына орнатыңыз.
Ауыстырып қосқышы ұяшығынан шығатындай етіп оны басыңыз, содан кейін, бұрап отырып,
ауыстырып қосқышты қажетті қалпына орнатыңыз.
8
АЛМАЛЫ БАҒЫТТАУЫШТАРЫ
Алмалы бағыттауыштары тағамдарды бес деңгейде (деңгейлерді есептеу төменнен жоғарыға қарай
жүргізіледі) дайындауға мүмкіндік береді. 4 және 5-деңгейлі грильде даярлау үшін қолданылады.
ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ БАҒЫТТАУЫШТАРЫ
Телескопиялық бағыттауыштары 2, 3 және 4-деңгейде орнатылуы мүмкін.
Телескопиялық бағыттауыштары жартылай жылжымалы немесе толық жылжымалы болулары мүмкін.
ҚОСА САЛЫНҒАН СӨНДІРГІШТЕРІ
Жұмыс істеп тұрған аспаптың есігін ашқан жағдайда қоса салынған сөндіргіштері желдеткішті,
парагенераторды және барлық қыздырғыш элементтерін сөндіреді де, есікті жапқаннан кейін оларды
қайтадан іске қосады.
САЛҚЫНДАТҚЫШ ЖЕЛДЕТКІШІ
Аспап корпусы мен оның басқару панелін салқындататын салқындатқыш желдеткішімен жабдықталған.
САЛҚЫНДАТҚЫШ ЖЕЛДЕТКІШІНІҢ ҰЗАРТЫЛҒАН ЖҰМЫСЫ
Қосымша салқындату үшін желдеткіш аспапты сөндіргеннен кейін бірталай уақыт тағы да жұмыс істеуді
жалғастырады.
492201
ШЫНЫ ТАБА қыздырудың барлық режимдерінде
даярлау үшін
қолданылады, соның ішінде
микротолқындармен, сондай-ақ сервирлеу табағы
ретінде қызмет ете алады.
ТОР тағамдарды гриль астында даярлау үшін
қолданылады, сондай-ақ оның үстіне ыдысты және
тамағы бар табаны қоюға болады.
Торда шектеуіш дөңесі бар, сондықтан
алып шығу барысында торды алды жағынан сәл
көтеріңіз.
Пиролитикалық тазартуды іске қосар алдында духовкадан, пиролитикалық
табақтарынан басқа, барлық керек-жарақтарын және жабдықты алып
шығыңыз!
ЖАБДЫҚ
9
492201
ТАЯЗ ТАБА sнан пісірілімдерін даярлау үшін
арналған.
ТЕРЕҢ ТАБА етті қыздырып пісіру және шырынды
пісірілімдер даярлау үшін арналған.
Сондай-ақ май мен ет шырынын жинау үшін
пайдалануға болады.
Даярлау барысында терең табаны 1-деңгейге
орнатуға болмайды, терең табаны гриль немесе
шанышқыда даярлау барысында май мен еттің
шырынын жинау үшін пайдаланған жағдайлардан
басқада.
Қыздыру кезінде пісіруге арналған жабдық
біраз майысуы мүмкін, бұл оның жұмыс
жасауына әсер етпейді. Салқындағаннан кейін
жабдық бастапқы пішіміне оралады.
Алмалы бағыттауыштары барысында тор мен
табаны бір деңгейдің екі шыбығының арасына
тура салыңыз.
Телескопиялық бағыттауыштарына торды,
таяз немесе терең табаны орнату үшін,
қажетті деңгейдің бағыттауыштарының жұбын
жылжытыңыз.
Табаны немесе торды телескопиялық
бағыттауыштарына орнатыңыз да, оларды
духовкаға соңына дейін итеріп қойыңыз.
Бағыттауыштары духовкаға аяғына дейін
итерілгеніне көз жеткізіңіз де, есігін жабыңыз.
2
3
4