«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис
Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация
2-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1.Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің мазмұнындағы астарлы ой мен көтерілген мәселе бойынша дәйексөздерді анықтаңыз. Мәтіндегі ақпаратқа сай перифраз түрінде құрастырылған сұрақтардың жауабын кестеге жазыңыз. Жұбыңыздың жауабымен салыстырып, ойыңызды тұжырымдаңыз.
2. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтаңыз. Мәтіннің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Қазақстан – Еуразия кіндігінде орналасқан, шығыс пен батыс дәстүрлерін байланыстырушы дәнекер жол. Елдің көне мәдениеті мен көркі әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі бойынша, нақтырақ айтсақ, танымдық, сауықтыру, этникалық, экологиялық, шипажай - сауықтыру, жасөспірімдер мен балалар, аңшылық т.б. түрлері бойынша қызмет ете алатын дәрежеде.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан – көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт алатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Бұл – еліміздің жат жұрттарға таныла бастағанының белгісі. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде. Статистикалық көрсеткішке көз жіберсек, республикада 430 туристік фирмалар әлемнің 80-нен астам елімен серіктестік қызмет істейді, сондай-ақ, тілге тиек ететін жайт – Қазақстан бүгінде әлемнің жетекші туристік елдерімен әуе қатынасын орнатты. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асыра бастаған Жібек Жолын дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысушы мемлекет екені анық. Ғылыми ізденіс жұмысында тек туризм саласын дамытуды ғана емес, сондай-ақ Жібек Жолы бойында көршілес жатқан елдердің қарым-қатынастарын да жетілдірілуі көзделуде. (186 сөз). https://bilim-all.kz/article/6518
2-мәтін
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында туризмнің, әсіресе, эко және этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында айтып берді.
– Қайрат Серікұлы, туристік саланың жалпы беталыстары қандай? Қазақстанның осы күн тәртібіндегі орны қандай? Биыл қандай жаһандық өзгерістер болды?
– Әлем де үздіксіз дамып жатыр. Туризм көптеген елдерде басымдықты сала. 2030 жылы 1,8 млрд. адам ағымы күтіліп отыр. Осынша адам халықаралық шекаралардан өтетін болады. Қазақстанда ол әлі де болса енді басталуда. Әлем Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы енді ғана біліп жатыр. Еліміз бағыт ретінде бұрыннан бәріне белгілі, бірақ бұл жерде туризмнің алуан түрлері бойынша қандай мүмкіндіктердің бар екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы әлем енді біліп жатыр. Бізде динамика жақсы. Орта есеппен 10% деңгейіндегі келушілер туризмі бойынша біз жыл сайын өсіп келеміз. Соңғы 5-6 жылда ішкі туризм бойынша да оң динамика бар – 10-15% деңгейінде.
– Эко және этнотуризм бойынша, жеткілікті дамыған, шетелдік келушілер арасында барынша сұранысқа ие қандай бағыттарды атап өте аласыз?
– Экотуризмнің бүгінде аса дамыған өңірі – Алматы өңірі. Бұл өңір әзір әрі ең көп туристерді қабылдайтын өңір. «Алматы облысының алтын алқасы» туры бар. Оны Жетісу деп те атайды. Тур Ұлттық парктерді, Көлсай көлін, Қайыңды көлін, Шарын шатқалын, Іле Алатау Ұлттық паркін қамтиды. Сондықтан мұнда туристер көптеп келеді. Щучинск – Бурабай курорттық аймағының әлеуеті зор. Бурабайға бүгінде туристер көптеп тартылады. Мұны экотуризм деуге келмейді. Бірақ оның элементтері бар – адамдар табиғатта демалу үшін, атқа мініп, қымыз ішу үшін келеді. (252 сөз). https://primeminister.kz/kz/news/
Достарыңызбен бөлісу: |