Персонала при работе с компьютером



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет16/23
Дата14.05.2018
өлшемі0,68 Mb.
#13440
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

44 

 

Ереженің әрекеті сонымен қатар төмендегілерді де қарастырады: 



-  болашақ  өндірістік  әрекетке  жұмыскердің  қол  астында  дайындалып 

немесе сынақ мерзімін өтіп, кәсіптік дайындықты алып жүрген тұлғалар; 

-  бастапқы  кәсіптік  немесе  жоғарғы  оқу  орнынан  кейінгі  оқу 

бағдарламаларын  үзеге  асыруға  бет  алып  жүрген  тұлғалардың  жұмыс 

берушінің жұмысын орындап немесе кәсіби тәжірибені өту кезінде; 

-  әскери  қызметте  жүрген  қызметкерлерді  әскери  қызметке  еш  қатысы 

жоқ жұмыстарды орындауға тартылған кезде; 

- сот шешімімен еңбекке тартылған тұлғалар. 

Әскериленген  апаттық-құтқару  бөлімдерінің,  әскериленген  қорғаудың, 

апаттың, табиғи апаттардың, адам өмірін және мүлікті құтқару салдарын жою 

бойынша ерікті түрде құрылған командалардың жеке құрамы. 

Жұмысшының  еңбек  әрекетіне  байланысты  денсаулығына  қандай  да  бір 

зақым  келген  жағдайда,  нәтижесінде  уақытша  және  бір  немесе  бірнеше  күн, 

сондай-ақ  тұрақты  еңбек  қабілетсіздігіне  немесе  оның  өліміне  әкеп  соққан 

жағдайлар,  өндірістегі  жазатайым  оқиғалар  болып  саналады,  ал  оның 

себебптері мен мән-жайлары нақты Ереже бойынша тергеп тексеріледі. 

Жұмысшының  денсаулығына  тигізген  зақымның  себебіне  қарай, 

өндірістік(кәсіптік) және басқа да зақымдар мен жарақаттар деп жіктеледі және 

рәсімделеді, мәселен: 

- жұмыс күнінің басында немесе аяқталуы кезінде жұмыс орнын, өндіріс 

құралын,  жеке  қорғау  құралдары  мен  тұлғаларды  дайындау  мен  ретке  келтіру 

кезінде; 

- жұмыс күнінің барысында жұмыс орнында, сондай-ақ жұмыс берушінің 

немесе  жұмысты  ұйымдастырушының  тапсырмасымен  жіберілген  іссапар 

кезінде еңбек міндеттерін орындау кезінде болған; 

- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі нәтижесінде; 

- жұмыс берушінің тапсырмасымен қызмет көрсету нысаналары арасында 

жүруімен байланысты жұмыстарды атқару кезінде; 

- жұмыс берушінің көлігінде; 

-  жұмыс  берушінің  қызметтік  мақсатта  қолдануға  жазбаша  түрдегі 

рұқсатымен жұмысшының жеке көлікте жұмысты орындау кезінде; 

-  жұмыс  берушінің  бұйрығы  бойынша  өзінің  немесе  басқа  ұйымның 

аумағында  жұмысты  орындау  кезеңінде,  сонымен  қатар  жұмыс  берушінің 

қызығушылықтарын ескере отырып, жұмыс берушінің мүлігін қорғау кезінде; 

-  жұмыс  орнанда  немесе  іссапарда  жұмысшының  қызметтік  міндеттерін 

орындау кезінде, оған тигізген дене жарақаттары не оны қасақана өлтіру. 

Аталған  тізім  түбегейлі  болып  саналмайды  және  әрбір  нақты  жағдайда 

тергеп тексеру кезінде өндіріспен байланысты арнайы комиссия шешеді.  

Егер де жұмысшыға өз еңбек міндеттерін орындау барысында жазатайым 

оқиғаның  салдарынан  қандайда  бір  залал  тиетін  болса  және  жұмысшының 

сақтандыру  төлемақылары  болмаған  жағдайда  жұмыс  беруші  оған  Қазақстан 

Республикасының нормативті-құқықтық актілерімен қарастырылған тәртіп пен 

шарттарға байланысты келтірілген зиянды өтеуге міндетті. 



45 

 

Тергеп  тексеру  барысында  анықталған  өндірісте  жұмысшылардың 



денсаулығына  зақым  келген  немесе  басқа  да  жарақат  алған  кезде  мынадай 

жағдайларда өндірістік(кәсіптік) жарақат деп саналмайды: 

-  жұмысшының  жұмыс  берушінің  қызығушылықтарына  қатысы  жоқ 

жұмыстарды өз бетімен орындаған кезде жарақат алса; 

-  жұмысшының  өз  денсаулығына  қасақана  зиян  келтірген  немесе 

қылмыстық іс жасаған кезде(сот шешімімен белгіленген); 

-  зардап  шеккен  жұмысшының  денсаулығы  қауіпті  және  зиянды 

өндірістік факторлардың әсерінен тәуелсіз, күрт нашараланған кезде; 

- жазатайым оқиғаның себебі ретінде жұмысшының есірткі немесе қатты 

әсер  ететін  уландырғыш  заттарды  қабылдап,  сондай-ақ  мас  күйінде  зардап 

шеккен болып табылса. 

Жазатайым оқиғаны комиссиямен тергеп тексерген кезде, жұмыс беруші 

еңбек  қорғау  заңдылығын  қадағалауды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік 

органдардың өкілдерін барлық қажетті шарттармен қамтамасыз етеді. 

Әрбір  жазатайым  оқиға  туралы  жұмысшы  немесе  куәгер  жедел  түрде 

жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға хабарлауы тиіс.  

Жұмыс беруші немесе жұмысты ұйымдастырушының міндеті: 

-  зардап  шегушіге  алғашқы  медициналық  көмек  көрсету  мен  денсаулық 

сақтау мекемелеріне жедел жеткізуді қамтамасыз ету; 

- жазатайым оқиға болған жерде тергеп тексеруге дейін жағдайды сақтау, 

басқаша  айтқанда,  жабдықтар  мен  механизмдерді,  сондай-ақ,  оқиға  болғанға 

дейінгі  еңбек  құралының  жағдайын(әрине,  егер  де  басқа  жұмысшылардың 

денсаулығы мен өмірлеріне зақым келтірмесе және өндірістік үрдісті тоқтатпай 

апатқа  әкеп  соқпаса)  сақтауға  және  жазатайым  оқиға  болған  жерді  суретке 

түсіруге. 

Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  жауапты  өкілетті  тұлғалары 

жұмысшылардың  денсаулығына  зақым  келген  немесе  жарақаты  өндірісте 

бірінші  рет  болып  тұрған  әр  жағдайын  жұмыс  берушіге  хабарлауға  міндетті, 

сонымен  қатар  кәсіптік  аурулар  кезінде  -  мысалы,  улану  кезінде,  денсаулық 

сақтау  істері  бойынша  мемлкеттік  өкілетті  санитарлы-эпидемиологиялық 

органдары(әрі қарай - Мемсанэпидқызметі). 

Жұмыс  беруші  өндірісте  болған  жазатайым  оқиға  немесе  жұмысшының 

басқа  да  денсаулық  зақымдары  туралы  жедел  түрде  төмендегілерге  хабар 

береді: 


-  еңбек  бойынша  өкілетті  мемлекеттік  органдарының  аумақтық 

бөлімшелеріне (әрі қарай - аумақтық бөлімшелер); 

- ұйым жұмысшыларының өкілдеріне(кәсіптік кеңес); 

-  сақтандыру  ұйымымен  сәйкес  келісімшарттың  болуы  кезінде 

сақтандыру ұйымына; 

-  кәсіптік  ауру  немесе  улану  оқиғалары  туралы  Мемсанэпидқызметі 

органдарына. 

Жазатайым  оқиға  орын  алған  кезде,  Ереженің  17  тармағында 

белгіленгендей жұмысшы сондай-ақ жедел түрде төмендегілерге хабар береді: 



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау