38
мәліметтер базасы ретінде қарастырылады. Басқа мәліметтер базасына көшу
үшін басқа директорийге ауысу керек. InterBase барлық кестелерді GDB
кеңейтуі бар бір файлда сақтайды, сондықтан бұл файл InterBase мәліметтер
базасы болып саналады.
Delphi-дағы МБ нысаналары SQL-ге негізделген және өзінің құрамына
Borland Database Engine толық қуатын қамтиды. Delphi-дің құрамына
сонымен қатар Borland SQL Link де кіреді, сондықтан Oracle, Sybase, Informix
және InterBase МББЖ-не кіру рұқсаты жоғарғы тиімділікпен орындалады.
Сонымен қатарDelphi өзінің құрамына Intercase жергілікті серверін қамтиды,
бұл онлайн режимде кез-келген ішкі SQL-серверін кеңейтуге әзірленетін
қосымшаларды құру үшін арналған. Delphi ортасындағы жергілікті машина
үшін ақпараттық жүйені жобалайтын әзірлеуші(мәселен, бір компьютер үшін
медициналық карточкаларды есепке алудың кішігірім жүйесін құру),
ақпаратты сақтау үшін dbf. форматындағы файлдарды қолдануына
болады(dBase, немесе Clipper сияқты) немесе .db (Paradox). Егер де ол
Windows 6.5 үшін InterBase жергілікті серверді(бұл орнатқышқа кіретін
жергілікті SQL сервер) қолданатын болса, оның қосымшасы ешқандай
өзгеріссіз сәулеттегі клиент-сервермен үлкен көлемдегі жүйеде де жұмыс
істейді. Delphi пакетінің құрамына сондай-ақ мәліметтерді базасын басқару
мен жұмыс істеу үшін көптеген утилит кіреді. Мұнда солардың кейбіреулері
көрсетілген:
- Database Desktop - Paradox-қа көп жағынан ұқсас болып келетін,
Paradox және dBase жергілікті мәліметтер базасының, сонымен қатар
InterBase, Oracle, Informix, Sybase SQL-серверлік мәліметтер базаларының
форматындағы(SQLLinks қолдана отырып) әртүрлі кестелермен интерактивті
жұмыс істеу үшін Delphi-мен бірге ұсынылатын утилит болып табылады.
- WISQL ^Windows Interactive SQL) - InterBase-ке SQL сауалдарын
жіберетін (сондай-ақ жергілікті InterBase-ке) Delphi орнатқышына кіретін,
SQL сауалдары арқылы кестелерді құруға мүмкіндік беретін, интерактивті
құрал. Database Desktop SQL-серверлік мәліметтер базасын басқару бойынша
барлық мүмкіндіктерін құрай алмайды. Сондықтан Database Desktop
көмегімен бір-бірімен өте байланыспаған аз көлемдегі кестелерден тұратын
қарапайым SQL серверлік мәліметтер базасын немесе жергілікті мәліметтер
базасын ыңғайлы құра алады. Егер де үлкен көлемдегі және бір-бірімен
күрделі байланыста тұрған кестелерден тұратын мәліметтер базасын құру
қажеттілігі туындайтын болса, SQL тілін қолдануға болады. SQL
ұсыныстарынң барлық реттілігін скриптке жазып алып, оны орындауға
жіберуге болады. SQL тілінің нақты жүзеге асырылуы SQL-дің басқа түрлі
серверлеріндегі тілдерден аса айырмашылығы жоқ, алайда барлық жүзеге
асыру үрдістері үшін базалық ұсыныстар бірдей болып қалады. Әдетте
тәжірибе көрсеткендей, бағдарламаны орындау кезінде ешқандай кесте құру
қажеттілігі болмаса, WISQL қолданған жөн;
39
- InterBase - бұл реляциондық мәліметтер базасын басқару жүйесі.
BORLAND корпорациясымен ұсынылатын ерікті масштабты сәулеттегі
клиент-сервер қосымшаларын құру үшін: Novell Net Ware немесе IBM PC
негізіндегі Windows NT басқаруындағы сервермен жұмыс істейтін кішігірім
жұмыс тобының желілік ортасынан IBM, Hewlett-Packard, SUN және тағы да
басқа серверлерінің негізінде ірі кәсіпорындардың ақпараттық жүйесіне
дейін;
- Borland ReportSmith. Қосымшаның маңызды құрамдық бөлігі болып,
мәліметтерді басуға шығару - жауап алу болып табылады. Delphi пакетіне
ReportSmith есептерін басу мен генерациясы үшін арналған құрал кіреді.
Есептерді Delphi қосымшаларымен біріктіруге болады. Сондай-ақ, Delphi
визуалды компоненттердің кітапханасы TReport деп аталатын арнайы
компонентті құрайды.
- Borland ReportSmith жауаптарды алу құралы болып табылады және
Delphi ортасына біріктірілген. Есеп Delphi қосымшаларына қосылған болуы
мүмкін. Есептер МБ SQL үшін немесе жергілікті МБ үшін құрылуы мүмкін
және МБ күрделі командаларды білуді талап етпейді. ReportSmith интерфейсі
tool bar, formatting ribbon «drag and drop»типті Windows-тың стандарттық
құралдарын қолданады. Егер пайдаланушы Word for Windows, Quattro Pro for
Windows типтік Windows бағдарламасының стандарттық интерфейсімен
таныс болса, оған ReportSmith интерфейсі «белгілі» болады. ReportSmith 4
түрлі есепті ұсынады: Кестелі, Кросс-кесте(CrossTab), Форма(Form)және
Жапсырма(Label).
ReportSmith«тірі мәліметтер» тұжырымдамасын қолданады, басқаша
айтқанда, нақты мәліметтермен тек көруді (preview) іске қосқанда ғана емес,
барлық уақытта жұмыс істеуге болады. Сонымен қатар, ReportSmith жадыны
басқарудың бейімделген технологиясының көмегімен аса үлкен МБ жеңіл
жұмыс істей алады. ReportSmith-де МБ мәліметтерін таңдаудың нәтижелері
сақталатын орынды басқаруға болады: клиенттік РС жергілікті жадысында,
клиенттік РС қатты дискісінде немесе серверде.
Бағдарламаның интерфейсі. Интерфейс - бұл адам мен компьютердің
тілдесуі. Тәжірибелік деңгейде, интерфейс - техникамен байланыстыратын
стандартты тәсілдердің жиынтығы деп айтуға болады.
Тиімді интерфейсті құрудың маңызы операторлардың қарапайым
тұжырымдалған үлгісінің мүмкіншілігінше жеделдамуында. Бұл өзара
келісіммен жүзеге асырылады. Келісімнің тұжырымдамасы пайдаланушының
компьютермен жұмыс істеу кезінде бірдей әрекетке бірдей реакцияның
болуын күту жүйесі қалыптасады, ал ол өз кезегінде, интерфейстің
пайдаланушылық үлгісін тұрақты түрде бекітеді.
Интерфейстің басқа құрамдық бөлігі болып оның нақтылығы мен
көріктілігі табылады. Бұл панель түрін қолданумен түстерді пайдалану және
басқа да ашық техниканы пайдаланумен жүзеге асырылады. Пайдаланушы