49
- кеңсе техникасын жылу құралдарынан 50 см қашықтықта орналастыру
қажет;
- озонды дұрыс тарату үшін көшірме техникасын 30 м/сағ. аз емес ауа
алмасуды қамтамасыз ететін бөлмеде орналастырған жөн немесе мәжбүрлі ауа
алмастыру құралдарын орналастыру қажет.
4.4
Жұмыс алдындағы қауіпсіздік талаптары
Кеңсе техникасын іске қоспас бұрын келесі қауіпсіздік шараларын
орындап алған жөн:
- кеңсе техникасының жағдайын визуалды түрде тексеру, көзге көрінетін
ақаулар мен бөтен иістердің жоқтығына көз жеткізу. Ерекше көңілді едендегі
кеңсе техникасына бөлу қажет, ол су төгілген немесе бөтен заттармен
ыбырсытылмаған болуы тиіс. Сонымен қатар, үздіксіз қуат көзі де ерекше көңіл
бөлуді қажет етеді, өйткені өрт шығудың бірден-бір себебі болуы мүмкін;
- қуат көзінің шоғырсымын тексеру: қуат көзінің шоғырсымы розеткаға
толықтай кіріп тұруы тиіс; ол тым ысып кетпеуі тиіс, жалғасым тот басып
қалған болмауы тиіс, қуат көзінің шоғырсымы сызат немесе ақау болмауы тиіс;
- кеңсе техникасын міндетті түрде тек құрғақ қолмен қосу;
- кеңсе техникасын қосу кезінде келесі тәртіпті орындау қажет: ең бірінші
розеткаға қосылу, содан кейін техниканың корпусында орналасқан қосу
түймешігін басу;
компьютер жеке электронды құрылғылардан құралған себепті, оны қосу
кезінде келесі тәртіпті сақтау керек:
- тура розеткаға немесе үздіксіз қуат көзіне қосылу;
- қосу/өшіру түймешігін желілік сүзгіде басу;
- қосу/өшіру түймешігін үздіксіз қуат көзінде басу;
- қосу/өшіру түймешігін компьютердің жүйелік блогында басу.
4.5
Сыртқы (шалғай) жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
техникасының талаптары
Принтерді пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік техникасының ережелерін
сақтау қажет:
- картрижді бөлшектеуге тыйым салынады. Тонер өрт қауіпті болып
табылады. Егер де тонер киімге жұғып қалса, оны құрғақ шүберекпен қағып
тастап, суық суға бір шайып алу қажет;
кеңсе техникасына арналған қағазды пайдалану қажет.
Үздіксіз қуат көзін пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік техникасының
ережелерін сақтау қажет:
- үздіксіз қуат көзінің орнын алмастыру кезінде ток соқпас үшін, қуат
шоғырсымын розеткадан шығару қажет;
50
- шоғырсымды қуат көзінен шығару кезінде қуат көзіне қол тигізуге
болмайды. Қуат көзінің ішінде аккумуляторлы батарея бар, сондықтан ол тіпті
айнымалы тоқтан өшіріліп тұрса да, кернеу астында тұрады;
- қуат көзін өз бетімен бөлшектеуге және аккумуляторлы батареяны алып
тастауға тыйым салынады;
Ксероксты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
- бұрамамен бекітілген ксерокстың қақпағын шешіп алуға тыйым
салынады. Қақпақтың астындағы элементтер жоғарғы кернеуді құрауы мүмкін;
- көшірмені қақпақты ашып қойып орындаған кезде, жарықтың көзіне
қарауға болмайды. Жарық сәуленің тікелей түсуі көзге зиянды;
- Фьюзердің үстінде «Қауіпті, жоғарғы температура!» деген жапсырма
қағаз болған кезде, элементтерге қол тигізбеу қажет, күйіп қалу ықтимал. Егер
де қағаздың парағы фьюзердің білігінде оралып қалса, оны өз бетіңізбен
шығаруға тырыспаңыз. Дереу түрде ксероксты өшіріп, АСУ бөлімінен маманды
шақыру қажет;
- қағазға арналған науаны жай ғана суырып алу қажет. Оқыс қимыл
кезінде науа құлап, пайдаланушыны жарақаттауы мүмкін;
- қалың құжатты көшіру кезінде, оны шыныға қарай қатты басуға
болмайды. Шыны шытынап немесе сынып, өндірістік жарақаттың себепшісі
болуы мүмкін;
- көшірме кезінде ксероксты өшіруге немесе оны розеткадан өшіруге
және оның қақпағын ашуға болмайды. Кенеттен тоқтау оның бұзылуына әкеп
соғуы мүмкін;
- қыстырылып қалған қағазды жою кезінде, ксерокстың ішінде қағаз
қалдығының жоқ екеніне көз жеткізу керек. Қағаздың қалдықтары өрт шығаруы
мүмкін;
- қыстырылып қалған қағазды шығару кезінде немесе басқа да ақаулар
кезінде;
- ксерокстың өткір бөлшектеріне қол тигізбеу;
- пайдаланылған тонер-картриджерді, көшірме-картридждерді өртеу
арқылы жоюға тыйым салынады. Картридждің құрамындағы заттар өрт
шығаруы мүмкін;
- шығындық материалдарды сақтау кезінде, оларды тура күн көзінен
қорғау қажет. Тез тұтанатын материалдардан, жылу құралдарынан, ашық от
көздерінен алыс жерде сақтау.
Апаттық жағдайдағы қауіпсіздік талаптары:
- кеңсе техникасына сұйықтық ағып немесе ол тым ысып кеткен
жағдайда, сондай-ақ түтін, иіс немесе өзгеше шу пайда болған кезде,
пайдалануды дереу тоқтатып, розеткадан қуат көзінің шоғырсымын суырып
шаруашылық бөлімінің жұмысшысын шақыру қажет;
- кеңсе техникасы тұтанып кетсе, көмірқышқыл өрт сөндіргішімен
сөндіру қажет;
Электрлі тоқпен зақымдану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек:
51
- электрлі тоқпен зақымдану кезінде ең бірінші, зардап шегушіні электрлі
тоқтың әрекетінен босату қажет. Ол үшін кеңсе техникасының қуат көзін
тоқтан ажырату керек;
- зардап шегушінің ақыл-есі, тынысы, тамыр соғысы жоқ болса, оны
дереу қатты орынға жатқызып, оған жасанды тыныс алу мен жүрегіне уқалау
жүргізу қажет, сонымен қатар осы әрекеттермен бір уақытта 03 телефонына
хабарласып жедел жәрдем шақыру қажет;
- егер зардап шегуші ақыл есінде болып, алайда талып жатса, оны қатты
орынға жатқызып, жағасын шешіп, ауаны жіберуге мүмкіндік беру қажет,
әрине 03 телефонына хабарласып, жедел жәрдем шақыру керек;
- кеңсе техникасын пайдалану нәтижесінде болған жазатайым
оқиғалардың барлығын АСУ бөлімінің бастығына дереу хабарлау керек.
Кеңсе техникасының қызмет етуі:
- кеңсе техниккасы шаң басып тұрса, оның сыртқы бетіне тазалау жүргізу
қажет. Тазалау үшін құрғақ, жұмсақ матаны пайдаланған жөн;
- қатты ластану кезінде әлсіз сабынды су немесе шыныны жууға арналған
құралды пайдалануға рұқсат етіледі. Нақты жағдайда тазалауды техникамен
жұмыс істеудің соңында жасаған дұрыс;
- принтерлерді тазалау кезінде келесі ережелерге сүйену қажет:
- принтерді тазаламас бұрын, оны қуат көзінен өшіріп, оның сууына
мүмкіндік беру керек;
- алдыңғы панелді ашып өзіңізге қарай тартыңыз да принтерден тонер
мен бірге кассетаны шығарыңыз(лазерлік принтерлер үшін);
- тонер мен кассетаны жарық көзінде ұстауға тыйым салынады. Оның
үстін жауып, қараңғы жерге салып қою керек;
- бүріккіш принтерлер үшін картриджді шығару түймешігін басып,
алдыңғы панелдің қақпағын ашып картриджі абайлап шығару керек;
- тонер мен кассета тұрған және қағаз өтетін жерден лас пен шаңды
құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз;
- бүріккіш принтерлердегі картридж жалғасымдарының қатты кірленуі
кезінде дымқыл шүберек немесе спиртке малынған шүберекпен сүртуге
болады. Жалғасымды абайлап сүртіп алыңыз. Кепкенін күтіңіз;
-тонер мен кассетаны (лазерлі принтер) және картрижді(бүріккіш
принтер)орнына қойыңыз да, алдыңғы панелдің қақпағын жабыңыз;
- бүріккіш принтерде картриджді шығару түймешегін басу арқылы
картриджді орнына салуға болады;
- бүріккіш принтерлердің картридждерін тазалау үшін принтерге
қосылған бағдарламалық қамсыздандыруды қолданатынын ескерген жөн;
- қуат көзінің шоғырсымын желіге қосу;
- ксероксты тазалау кезінде келесі тәртіпті сақтау керек:
- тазалаудың алданда ксероксты желіден өшіру қажет;
- дымқыл немесе шыныны сүртуге арналған сұйыққа малынған
шүберекпен абайлап шыны мен экспонаттау шынысының қақпағын сүртіңіз;
Достарыңызбен бөлісу: |