Персонала при работе с компьютером



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет12/23
Дата14.05.2018
өлшемі0,68 Mb.
#13440
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

34 

 

Мәліметтер қауіпсіздік белгілерінің деңгейі бойынша жіктелгендіктен, 



нақты  пайдаланушы  мәліметтер  базасына  шектеулі  рұқсат  алады. 

Пайдаланушы  мәліметтердің  өзіне  сәйкес  дәрежесіне  қатысты  берілген 

түрлерімен  ғана  жұмыс  істей  алады.  Онымен  қоса,  мәліметтердің  иесі  бола 

алмайды. 

Бұл қауіпсіздік сызбасы қауіпсіздік белгілерін мәліметтер базасындағы 

кез-келген  кестенің  әр  жолымен  байланыстыруға  мүмкіндік  беретін 

механизмге  сүйенеді.  Кез-келген  пайдаланушы  өз  сауалында  мәліметтер 

базасындағы кез-келген кестені сұрай алады, алайда ол қауіпсіздік белгілері 

оның өкілетінен аспайтын, кестенің жолдарын ғана көре алады.  

Бұл  дегеніміз,  мысалы,  кестенің  жолдары,  максималды  қауіпсіздіктің 

деңгейіндегі  жолдар  ретінде  көрсетілген  түрінде,  қауіпсіздік  деңгейі  ең 

жоғарғы  болатын  пайдаланушы  ғана  көре  алады.  Құпиялылығы  нақты 

деңгейде  болатын  пайдаланушылар  өз  дәрежелеріне  сәйкес  кестелердің 

жолдарын  көре  алады.  МББЖ  пайдаланушының  қауіпсіздік  деңгейін 

тексереді,  оның  сауалына  жауап  ретінде,  оның  сауалына  қанағаттанатын 

және сол деңгейге сәйкес келетін кестенің жолдарын қайтарады. 

Мәліметтер базасының ұйымдастыруын қанағаттандыратын талаптар: 

-  жан-жақты  байланыстарды  орнату.  Әртүрлі  бағдарламалаушыларға 

әртүрлі  логикалық  файлдар  қажет.  Бұл  файлдар  мәліметтердің  бір  түрінің 

жинақтарынан  алынады.  Еске  сақтайтын  мәліметтердің  элементтерінің 

арасында әртүрлі байланыс болуы мүмкін. Кейбір мәліметтер базасы күрделі 

өзара  байланыстарды  құруы  мүмкін.  Мәліметтерді  ұйымдастыру  тәсілі  осы 

өзара  байланыстарды  ыңғайлы  түрде  қарастыру  және  оларға  өзгерістерді 

енгізуді жедел қиыстыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Мәліметтер 

базасын басқару жүйесі қолда бар мәліметтерден сұралып отырған логикалық 

файлдарды 

алу 

мүмкіндігін 



қамтамасыз 

етуі 


тиіс. 

Қолданбалы 

бағдарламадағы  логикалық  файлдар  мен  мәліметтерді  сақтаудың  жеке 

тәсілінің арасындағы тым болмаса кішігірім ұқсастық болуы қажет; 

-  өнімділік.  Терминалдың  операторымен  қолданатын  мәліметтер 

базасы,  адам-терминал  диалогын  қанағаттандыратын  жауаптың  уақытын 

қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  мәліметтер  базасының  жүйесі  сәйкес 

рұқсатнамалық  қабілеттілікті  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Шағын  ағынды 

сауалдардың жүйелерінде рұқсатнамалық қабілеттілік мәліметтер базасының 

құрылымына  айтарлықтай  шектеу  қоймайды.  Ал  үлкен  ағындағы 

сауалдардың  жүйелерінде,  мысалы,  ұшак  билеттерін  сақтық  қорда  сақтау 

кезінде, 

рұқсатнамалық 

қабілеттілік 

мәліметтерді 

жеке 


сақтауды 

ұйымдастыруды  таңдауға  әсерін  тигізеді.  Тек  пакеттік  өңдеуге  арналған 

жүйелерде,  жауап  уақыты  аса  маңызды  емес  және  жеке  ұйымдастыру  әдісі 

тиімді пакетті өңдеуді қамтамасыз ету шарттарынан таңдалуы мүмкін. 

-  минималды  шығындар.  Мәліметтер  базасын  құру  мен  пайдалануға 

шығындарды  азайту  үшін  ұйымдастырудың  сыртқы  жадыға  қойылатын 

талаптарды ықшамдататын әдістер таңдалып алынады. Бұл әдістерді қолдану 



35 

 

кезінде 



жадыдағы 

мәліметтердің 

жеке 

көрінісі 



қолданбалы 

бағдарламалаушының  қолданатын  көріністерінен  әлдеқайда  өзгеше  болуы 

мүмкін.  Бір  көріністің  екінші  көрініске  өзгеріуі  бағдарламалық 

қамсыздандырудың, егер қажет болса, аппаратты және микробағдарламалық 

құралдарға  өзгертуді  жүзеге  асырады.  Мұндай  жағдайларда  өзгеру 

алгоритміне  шығындар  мен  жадының  үнемділігінің  арасынан  таңдап  алуға 

тура келеді; 

-  минималды  артықшылық.  Мәліметтер  базасын  басқару  жүйесін 

пайдаланудан  бұрын  болған,  өңдеу  жүйелерінде,  ақпараттық  қорлар  үлкен 

артықшылық  деңгейін  құраған.  Көптеген  таспалы  кітапханаларда  үлкен 

көлемдегі  артықшылық  мәліметтер  болған.  Ақпараттың  өсуі  бойынша 

мәліметтерді  пайдалану  кезінде  де,  артық  ақпараттың  пайда  болуы 

мүмкіндігі  артады.  Жолдың  артық  мәліметтері,  үлкен  жадыны  талап  етеді, 

жаңартудың  бірден  көп  көлемін  қажет  етеді.  Мәліметтер  базасын 

ұйымдастырудың  мақсаты  мәліметтердің  артықшылығын  жоюға  тиімді 

болатын  жерде  ғана  жүзеге  асыру  қажет  және  осындай  қайшылықтарға 

бақылау жүргізіледі.  

-  іздеудің  мүмкіндіктері.  Мәліметтер  базасының  пайдаланушысы 

мәліметтер  бойынша  барлық  қызықтыратын  сұрақтарды  қоюға  құқығы  бар. 

Көп  жағдайларда  сауалдардың  типтерінің  заманауи  коммерциялық 

қосымшалары 

алдын-ала  белгілі, 

сондықтан, 

мәліметтердің 

жеке 

ұйымдастырылуы  қажетті  жылдамдықпен  оларды  өңдеу  үшін  әзірленеді. 



Жүйелерге 

қойылған 

өспелі 

талаптарының 



маңызы 

алдын-ала 

жоспарланбаған  осындай  жауаптарды  қалыптастыру  мен  осындай 

сауалдарды өңдеуді қамтамасыз етуде; 

-  толықтығы.  Егер  мәліметтер  базасы  көп  пайдаланушылармен 

қолданылатын мәліметтерді құрайтын болса, олардың арасындағы байланыс 

пен  мәліметтердің  элементтері  бұзылмауы  өте  маңызды.  Сонымен  қатар, 

қателіктердің  және  әртүрлі  кездейсоқ  жаңылыстардың  пайда  болу 

мүмкіндігін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Мәліметтерді  сақтау,  оларды 

жаңарту,  мәліметтерді  енгізу  рәсімі  кездейсоқ  жаңылыстың  пайда  болуы 

кезінде  мәліметтерді  сақтап,  орнына  келтіре  алатын  жүйе  болуы  тиіс. 

Есептегіш  жүйе  оның  құрамындағы  мәліметтердің  толық  сақталуына 

кепілдік бере алуы қажет; 

-  қауіпсіздік  пен  құпиялылық.  Мәліметтер  базасының  жүйелеріндегі 

мәліметтер  құпиялы  және  сақтаулы  түрде  болуы  тиіс.  Мұндағы  ақпарат 

әдетте оны қолданатын кәсіпорындар үшін өте маңызды. Ол ұрланып немесе 

жоғалып  кетпеуі  тиіс.  Мәліметтер  базасындағы  ақпараттың  өмірге 

төзімділігін  арттыру  үшін  оны  аппаратты  және  бағдарламалық 

жаңылыстардан,  қылмыстық  және  апаттық  жағдайлардан,  сонымен  қатар 

оларды  біліксіз  және  зұлымдық  мақсатта  қолданғысы  келген  тұлғалардан 

оларды  бұрыс  қолданудан  қорғау  қажет.  Мәліметтердің  қауіпсіздігі 

түсінігінің астарынан, мәліметтерге кіру рұқсаты жоқ тұлғалардың қасақана 




жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау