Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Қыртыстың нерв клеткалары және талшықтары



жүктеу 1,15 Mb.
бет3/5
Дата28.11.2017
өлшемі1,15 Mb.
#2405
1   2   3   4   5

Қыртыстың нерв клеткалары және талшықтары. Адамның жарты шарлар қыртысынң негізгі айырмашылық белгісі – оның күрделілігімен көп қабаттылығында, оның жоғарғы қабаттарында аралық нейрондардың саны өте көп.

Қыртыстағы нейрондардың негізгі 4 типін айырады: 1. Эфференттік нейрондар. Бұған пирамидалық және жіп тәрізді клеткалар жатады. Атына сәйкес пирамидалық клеткалардың формасы пирамида тәрізді келеді. Оның жоғарғы ұшынан қыртыстың беткі қабаттарына дейін жетіп тарамдалатын дендрит шығады; қысқарақ дендриттер пирамиданың негізі мен бүйір жақтарынан шығады. Аксон пирамиданың неігзгі жағынан шығып, кері кететін коллатералдар беріп, жарты шардың ақшыл затына беттейді. Қыртыстың жоғарғы қабаттарындағы пирамидалардың көлемдері кішкене келеді, ал тереңіректе орташа, үлкен және 120 мкм-ге дейін жететін алып клеткалар орналасады . Клеткалардың жоғарғы полюсінен тарамдалатын жіп тәрізді дендрит кетеді де , төменгі полюсінен аксон кетеді. Аксоны жоғары кететін нейрондар - қыртыстың терең қабаттарындағы импульстерді беткі қабаттарға жеткізеді .

Аксоны горизонталь орналасқан нейрондар - импульсті қыртыс бетіне параллель бағытта таратады. Көп тарамдалған қысқа аксонды қондырма нейрондар - импульсті көрші клеткаларға береді. Оған жататындар : жұлдызды немесе дәнді, бұта тәрізді (оның аксоны кішкентай және орташа пирамидаларды орап алады), өрмекші тәрізді клеткалар .

Қыртыстың сұр затына оның астында жатқан ақ заттан өте көп афференттік талшықтар келеді . Олардың ішінен мынадай негізгі талшықтарды айырады: a) проекциялық талшықтар - үлкен жартышарлар қыртысын мидың төмен жатқан бөлімдерімен байланыстырады б) алыс және жақын жатқан участоктарын байланыстырады, бір жарты шардан екіншісіне келетін талшықтарды комиссуральдық деп атайды. Қыртыстың эфференттік талшықтарының өздерінің ішінен проекциялық және ассоциациялық талшықтарды айырады. Бұлардың біріншісі қыртыстың төменгі қабаттарынан, ал екіншісі жоғарғы қабаттарындағы клеткалардан кетеді. Адам туғаннан кейін нерв клеткаларының саны көбеймейді деп есептеледі. Ал мидың массасының үлкеюі дендриттердің өсу есебінен жүреді. Осының нәтижесінде туғаннан кейін клеткалардың орналасу жиілігі біртіндеп азая береді: Үлкейген дендриттер клетка денелерінің арасындағы кеңістіктерді толтырып, олардың өзін біраз ығыстырады. Жасқа байланысты дендриттер құрылысында да біраз өзгерістер жүреді: оларда ерекше қалыңданған кішкене өсінділер (шипики) пайда болады. Шипиктер орталық нерв жүйесінің барлық бөлімдеріне кездеседі, әсіресе олардың саны қыртыстың пирамидалы клеткаларында көп, әрі алуан формалы болып келеді. Қыртыста шипиктер туу қарсаңында пайда болып, олардың саны жасқа байланысты өсіп отырады. Шипиктер түрлі зақымдағыш заттарға өте сезімтал келеді. Мысалы мидағы қан айналу бұзылса шипиктер тез ыдырап кетеді. Дендриттің түрлі участоктерінде шипиктер санының өсіп-көбеюі белгілі аралық нейорондардан қозудың өтуін жеңілдете түседі.


6- дәріс

Тақырыбы: Психофизиологияның жүйелік негіздері

Сұрақтары:

  1. Функционалды жүйе мінез-қылықтың физиологиялық негізі.

  2. Функционалды жүйенің негізгі белгілері.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Организмнің сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Оны мынадан байқауға болады. Шөлді жерлерде тұратын адамдардың жүйке жүйесінің қызметі оларды дене қызуының шамадан тыс жоғарылауынан сақтандырады. Ал таулы жердегі адамдардың ағзасы жүйке жүйесі арқылы оттегін белгілі мөлшерде жұмсап, сол ортаға бейімделуге мүмкіндік алады.

Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.

Жүйке жүйесі адам денесіндегі мүшелердің және мүшелер жүйесінің бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдер болып екге бөлінеді. Олар: орталық бөлік ми және жұлыннан құралады.

Жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең жүлке (борозда) жатады. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік – орталығы болып табылады. Өзекті қоршап тұрған сұр заттың пішіні көбелекке ұқсас, ал оның сыртында ақ зат орналасады. Жұлынның сұр затында алдыңғы артқы және бүйір түбірлері бар. Алдыңғы түбірде ендірме нейроны, артқы түбірде қондырмалы нейрондар(түйіндер) сезім және қимыл нейрондарының арасын байланыстырып тұрады. Алдыңғы түбір дегеніміз – қимыл нейрондарының аксондары. Артқы түбір – ол сезім нейрондарының аксондары. Қимыл және сезім түбірлері омыртқа аралық тесікте қосылып, жүйке түзеді.Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды. Бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан құралған. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйелері таралады. Бұл орталықтарда рецепторлардың белгілі түрлерінен келген хабарлар талдауға және қорытындылауға түседі. Одан қозу толқыны хабарға жауап қайтаратын мүшелерге (жүрек, қан тамыры, қанқа бұлшықеттері және т.б)жеткізіледі. Келіп түскен қозу толқынының әсерінен мүшенің қызметі өзгереді, яғни рефлексті өзгеріс туады қайтарылатын жауап дәл болу үшін ми жүйесінің жоғары бөліктерінің қатысуы қажет. Жұлының қызметін ми реттеп отырады.

Жұлын зақымдалғанда (ісік пайда болады) өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. Омыртқа жотасы сынғанда немесе қыйсайғанда жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі. Мұндай адамның миы әдеттегідей қызмет атқарады, бірақ зақымданған орталық арқылы жұлынның барлық әрекеті реттеу немесе өткізгіштік қызметін атқара алмайды. Дегенмен, зақымданған жұлыннан тыс жатқан орталықтардан келген қозу толқыны жүйелерге тарала алады. Ол басты бұру,шайнау қымылдарын жасай алады.

Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. Жұлынның ақ заты оның өткізгіштік қызметін атқарып және оның әр бөліктерін өзара байланыстырады. Қызу жұлын арқылы жоғары және төмен қарай өтеді. Жоғары немесе сезімталдық өткізгіш арқылы қызу жұлыннан миға жетеді,ал ондағы толқындар төменгі немесе қимыл өткізу жолы арқылы мидан жұлыннан қимылдың нейрондарына таралады да,соңынан жауап қайтаратын мүшеге жетеді. Жұлынның сезімтал жүйке талшықтары арқылы теріден,бұлшықеттен келген қозу оның жоғары өткізгіштік жолымен миға барады. Мидың қабатына бұл қозу толқындарынан әртүрлі сезімдер (ауырсыну,жылылық немесе суық сезімдер) туады. Жұлынның рефлекстік қызметі орталық жүйке жүйесінің тек белгілібөлігі,яғни жүйке орталығы арқылы ғана жүзеге асады. Жүйке орталығының-ми бөлігінде орналасқан және белгілі мүшенің немесе жүйенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының тобы. Мысалы,тізе рефлексінің орталығы-жұлынның бел бөлігінде, зәр бөлудің орталығы – жұлынның бел бөлігінде, зәр бөлудің орталығы – жұлынның сегізкөз бөлігінде, көз қарашығының орталығы – жұлынның арқа бөлігінде орналасады. Жүйке орталықтары көптеген қондырмалы нейрондардан тұрады. Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп созу т.б) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады.

ХІХ ғасырдың басынан бері француз физиологі Бишанның ұсынысы бойынша организмдегі функцияларды анималдық немесе соматикалық және вегетативті деп бөледі. Соматикалық функцияларға сыртқы әсерлерді қабылдау және қаңқа еттері іске асыратын қозғалу реакциялары жатады. Вегетативтік функцияларға бүкіл организмдегі зат алмасуды іске асыратын жүйелер қызметін, сондай ақ өсу мен көбейуді жатқызады. Функцияларды осылай бөлуге орай, оларды реттеуді іске асыратын арнайы соматикалық және вегетативтік нерв жүйелерін ажыратады.



Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі органдарды, тамырлардың, тер бездерінің қызыметін және қаңқа еттерінің, рецепторлардың, нерв жүйесінің өзінің трофикалық иннервациясын камтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын морфологиялық ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуда сегментарлық болмайды. Әр талшық диаметрі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің талшықтары мидан ішкі органдарға қарай бағытталған жолда міндетті түрде үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын органдарды шеткі вегетативтік ганглийлер деп атайды. Ганглий нейрондары мен мидан кететін талшықтар арасында синапстік байланыс болады. Ганглий нейрондарының аксондары тиісті ішкі органдарға жетіп, оларды жабдықтайды .

Ганглийдер түрлі органдармен тканьдерге орталық нерв жүйесінің импульстерін жеткізушілер ғана емес, олар шеткі рефректорлық орталықтарда болып есептеледі, сондықтан белгілі дәрежеде ОНЖ -нен тәуелсіз түрде, өз шеңберлерінде, ганглийлерде тұйықталған рефлекторлық доға арқылы әртүрлі рефлекстерді іске асырып ішкі органдар функцияларын реттей алады. Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден түрады. Симпатикалық нерв жүйесінің орталықтары жұлынның жоғарғы кеуде (1) сегменті мен ІІ - ІV - інші бел сегменттерінің сұр затының бүйір мүйіздерінде орналасады. Бұлардан басталатын преганглионарлық деп аталатын талшықтар жүлыннан алдыңғы түбірлердегі соматикалық талшықтармен бірге шығады. Одан әрі шекаралық симпатикалық бағанға бағытталады. Баған ганглийлеріндегі нейрондардан постганглионарлық талшықтар шығарады. Бұлар организмнің барлық ішкі органдарын , сондайақ қан тамырларын жабдықтау арқылы қаңқа еттерін, терін, миды т.б. иннервациялайды. Біраз преганглионарлық симпатикалық талшықтар шекаралық баған ганглийлерінен үзіліссіз өтіп, шеткі ганглийлерде аяқталады. Бұлардағы нейрондардан шығатын постганглионарлық талшықтар өз тарапынан құрсақ бөліміндегі органдарға бағытталады.

Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық жүйесінде орталық мида , сопақша мида және жұлынның сегізгөз сегменттерінде орналасады. Көзді қозғалатын нервтің бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген және жамбас нервтерінің құрамына кіретін преганглионарлық парасимпатикалық талшықтар өздері жабдықтайтын органдардағы ганглийлерде немесе оларға жақын маңдағы ганглийлерде аяқталады. Ал бұларда постганглийлік талшықтар шығатын нейрондар орналасады.

Көңіл аударатын бір жай, симпатикалық нерв талшықтары парасимпатикалыққа қарағанда организмде әлде қайда кең тараған. Егер симпатикалық нервтер барлық дерлік органдар мен тканьдерді жабдықтаса, парасимпатикалық нервтер қаңқа еттерін, ОНЖ-ің қан тамырларының басым бөлігін және жатырды жабдықтамайды. Олар тек ішкі органдарды және бас органдарын жабдықтайды.

Вегетативтік нерв жүйесі иннервациялайтын көпшілік органдарға, симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар қарама-қарсы әсер етеді. Мәселен, кезеген нервті тітіркендіруден жүрек қызметі әлсіреп, соғуы сирейді, ал симпатикалық нерв, керісінше, оның қызметін күшейтіп, соғуын жилетеді; парасимпатикалық әсерлер тілдегі, сілекей бездеріндегі, жыныс органдарындағы қан тамырларын кеңейтсе, симпатикалықтар – оларды тарылтады; парасимпатикалық нервтер – қарашықты кішірейтсе, симпатикалық нервтер – үлкейтеді; парасимпатикалық әсерлер бронхыларды тарылтса, симпатикалық – кеңейтеді; парасимпатикалық нервтер қарын бездерінің қызметін, ішектің жирылып –босауын күшейтеді, ал симпатикалық нервтер оларды тежейді т.с.с. Тұтас организмде бұл жүйелердің қызметтері өзара келіскен, «теңдестірілген»күйде іске асады. Нақты жағдайда, организм қажетіне лайықтанған бағытта керек болса, бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінікі төмендейді және керісінше. Бірақ, кейде, бір жүйенің тонусының жоғарылауынан белгілі дәрежеде екіншісінің де тонусы жоғарлайтыны байқалған. Сонымен бірге, мәселен, сілекей безінің қызметін симпатикалықта, парасимпатикалық та әсерлер күшейте алады. Организмдегі барлық органдар мен тканьдердің бұл нервтермен жабдықталуы ылғи да қосарланбайтындығы жоғарыда айтылып өтті.

Вегетативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлері аралық мида орналасқан жоғары вегетативтік орталықтарға бағынады. Бұл орталықтар организмдегі көптеген органдармен жүйелердің функцияларын үйлестіреді. Ал олар өз тарапында үлкен ми сыңарлары қыртысына бағынады. Ми қыртысы соматикалық және вегетативтік функцияларды біріктіріп бірыңғай іс-әрекеттік актыларды тудыру арқылы бүкіл организмнің біртұтас жауабын қамтамасыз етеді.

Ерекшелік ретінде айта кететін нәрсе, организм реакцияларының соматикалық компоненттері вегетативтіктерден өзнеше адам еркіне тәуелді түрде орындала алады, яғни оларды ерікке бағындырып күшейтуге немесе тежеуге болады. Басқаша айтқанда олар ылғи да сана бақылауында болады. Вегетативтік компоненттер әдетте мұндай бақылаудан тыс орындалып жатады: кәдімгі күнделікті өмірде адам қалауымен ішкі органдар қызметін өзгерте алмайды. Сондықтан да кейде вегетативтік нерв жүйесін автономды немесе ерікке тәуелсіз деп атайды. Әрине бұлай атау өте шартты түрде ғана мүмкін екендігі түсінікті. Бұған акад. К.М.Быковтың лабораторияларында көптеп жүргізген зерттеулер куә. Бұлар көрсеткендей, кез-келген ішкі органның қызметін шарты рефлекторлық жолмен қалаған бағытта өзгетуге болады. Ендеше вегетативтік нерв жүйесі ми сыңарлаы қытысының бақылауында қызмет атқаратынын атап көрсету керек.

Вегетативтік нерв жүйесі арқылы қозу өту прцесіде түрлі медиаторлардың қатысуында жүреді. Парасимпатикалық нервтердің, сондай-ақ симпатикалық вазодилататорлардың, тері бездерінң симпатикалық нервтернің ұшында ацетилхолин түзіледі, симпатикалық нервтердің постганглионарлық бөлімдерінң ұштарында норадреналин түзіледі.

Вегетативтік нерв талшықтарынң ұштарында түзілетін медиаторларыдң өздері жабдықтайтын клеткаларға соматикалық нервтерде түзілетін медиаторларға қарағанда әсер ету уақыты ұзақ болады. Себебі, бұларда, шамасы, медиаторларды ферменттер активтігі төмен болса керек.

Медиаторлар вегетативтік нерв жүйесі ганглийлеріндегі синапстардың преганглионарлық талшықтары терминальдарында да түзіледі. Мұны алғаш байқағандардың бірі А.В.Кибияков болды. Ол мысықтың жоғарғы мойынының симпатикалық түйініне келетін преганглионарлық симпатикалық талшықтарды тітіркендірген соң, сол түйіннен ағып шығатын Рингер-Локк ертіндісінің құрамынан адреналин тәрізді затты тапқан. Кейін преганглионарлық талшықтар түзетін сипаттарда пайда болатын қоздырушы медиатордың ацетилхолин екендігін анықтады. Ал адреналин симпатикалық ганглийлер нейрондарында тежелу тудыратын медиатор болып шыққан. Ганглийлер синапстарындағы ацетилхолин әрекетінің бір ерекшелігі – оның әсері түйінді атропинмен уландрсада оқтамайды; бірақ никотнмен уландрса ол әсер жойлады. Осыған байланысты оларда ацетилхолин әсерін сезетін құрлымдардың екі типі бар деп есептеледі. Бірі – М-холинрецепторлар–сезгіштігін атропин әсерінен жоғалтады; екіншісі–H- холинрецепторлар–сезгіштігін никотиннің және кейбір басқа ганглиоблокаторлардың әсерәнен жоғалтады. Вегетативтік нейрондар аксондардың ұштарында қай медиатордың түзлетіндігіне қарай ол нейрондарды холинергиялық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілердің аксондарының ұштарында қай медиатордың түзілетіндгіне қарай ол нейрондарды холинергиялық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілердің аксондарының ұштарында ацетилхоолин жасалады. Аксон терминальдарынан босап шыққан медиаторлар –ацетилхолин мен норадреналин –постсинапстық мембранадағы спецификалық белокпен өзара әрекетке түсіп, комплексті қосылыс түзеді. Ацетилхолинмен өзара әрекеттесетін белок холинрецептор деп, ал адреналинмен немесе норадреналинмен өзара әрекеттесетін белок адренорецептор деп аталады. Адреналинмен норадреналин әсер ететін адренорецепторлардың да екі негізгі түрі бар: α және β. Бұлардың әр түрлі органдарда орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір органдарда олардың екеуі де бар, олар бір не қарама-қарсы бағытты реакциялар тудырады; ал екінші біреуінде олардың біреуі ғана кездеседі. Мәселен қан тамырларында екі адренорецептор да бар. Осындағы α – адренорецепторлармен қосылыс түзетін симпатикалық медиатор артериолдарды тарылтады, ал β – адренорецепторлар оларды кеңітеді. Ішектеде α және β – адренорецепторлар болады және олардың екеуі де ішектің бірыңғай салалы еттерінде тежелу тудырады. Жүректе және бронхыларда α – адренорецепторлар болмайды. Мұнда адреналинмен норадреналин тек β – адренорецепторлармен өзара әрекеттесіп жүрек жұмысын күшейтеді және бронхыларды кеңейтеді.

7- дәріс

Тақырыбы: Сенсорлық жүйенің психофизиологиясы

Сұрақтары:


  1. Сенсорлық жүйенің қасиеттері.

  2. Көру жүйесі. Есту жүйесі. Вестибулярлы жүйе.

  3. Соматосенсорлық жүйе.

Ми-жұлын сұйықтығы (ликвор, цереброжұлын сұйықтығы). Мөлдір, түссіз сұйықтық ми қарыншаларының қуысын, ми сауытындағы субарахнолдалық кеңістікті, жұлын каналын ми ұлпасындағы периваскулярының (тамырлар айналасындағы) және перицеллюларлық (клеткалар айналасындағы) кеңістіктерді толтырып тұрады. Ми-жұлын сұйықтығықоректік қызмет атқарады және мидың ішіндегі қысым шамасын анықтайды. Оның құрамында біраз биологиялық белсенді заттар болады. Мәселен, гипотоломус пен гипофиз гориондары, гаммаоминмай қышқылы, ацетилхалин, норадреналин, дофалин, серотонин және метаболизм өнімдері. Ми-жұлын сұйықтығының химялық құрамы қандікіне ұқсас. Онда 90 % су, 10 %-дай құрғақ қалдық болады. Клеткалардың 60 %-ы лейкоциттер үлесіне тиеді. Қалыпты жағдайда 1 мк-мінде 1,5 клетка болады. Ми-жұлын сұйықтығында лизоцим және біраз ферменттер бар. Клиникалық тәжірибеде дигноз қою үшін ми-жұлын сұйықтығындағы Кафеа белок коэффинциенті деп аталатын көрсеткіштің маңызы зор. Коэффициент ондағы глобулин мөлшерінің альбуминге қатынасы арқылы анықталады. Қалыпты жағдайда бұл қатынас 0,2 - 0,3 шама болады. Мидағы ликвор айналу жүйесін үш негізгі буын құрайды: ликвор өндірілуі, ликвор айналасы және ликвор әкетілуі. Ликворды негізінен ми қарыншаларының тамырлар шырмаулары қан плазмасынан сүзу (фильтрация) арқылы өндіреді. Бұл процеске белгілі дәрежеде мидың түрлі құрылымдық элементтері, нейрондар және глиалық ұлпа қатысады. Сызбанұсқа түрінде алғанда ми-жұлын сұйықтығының айналысы мынандай: мидың бүйір қарыншаларынан қарынша аралық тесік (Монро тесігі) арқылы сұйықтық ІІІ-қарыншаға өтеді, одан соң ортанғы мидағы опература (Мажанди тесігі) және латеральдық опература (Лушка тесігі) арқылы ми түбіндегі цистерналарға өтеді де, ортаңғы ми сайына жетеді. Бұдан соң үлкен ми сыңарларының субарахнойдалық кеңістігіне көтеріледі. Ми-жұлын сұйықтығының қозғалысы оның жолының әртүрлі бөлімдеріндегі гидростотикалық қысымдар градиентіне (айырмасы) негізделген. Бұл қысымдар ми сауытындағы қан тамырларының соғуына, веналық қысымның өзгерістеріне және дененің кеңістіктегі қалпына байланысты болады. Ми-жұлые сұйықтығының әкетілуі (30-40%) арахноидалық кеңістік арқылы жүреді де, бойлай жатқан жатқан синусқа түседі. Сұйықтың 10% -дайы ми қарыншаларының тамыр шырмаулары арқылы әкетіледі, ал 5-30% -ға дейінгісі периневральдық кеңістіктер арқылы лимфа жүйесіне түседі.

Айналыста болатын ми-жұлын сұйықтығының жалпы көлемі ересек кісіде қалыпты жағдайда 90-200мл шамасында орташа алғанда 140 мл-дей болады. Бір тәулікте 500 мл-дей ми-жұлын сұйықтығы жасалады. Оның жаңаруы 1 тәулікте 4-8 рет орындалады. Бұл жиілік тамақтану режиміне, денедегі су мөлшеріне, организмдегі физиологиялық процестер тербелісінің белсенділігіне, ОЖЖ-ның қызметіне, т.б. байланысты.



Үлкен ми сыңарлары қыртысының цитоархитекториясы.

Қыртыстың түрлі учаскелерінің құрылыстық ерекшеліктерін оның архитектоникасы деп атайды. Қыртыстағы клеткалардың көлемін, пішінін, олардың қыртыс қабаттарында орналасуын және әрбір қабаттың қалыңдығынондағы түрлі клеткалық элементтердің бір-бірімен сандық қатынастарын (цитоархитектоникасы) т.б. өте ұқыптылықпен зерттеу нәтижесінде, үлкен ми сыңарлар қыртысының бетін толып жатқан алаңдарға бөлуге мүмкіндік туды. Кешірек ми қыртысының ми элинді талшықтарының орналасуы мен құрылыс ерекшеліктерін зерттеуге кірісті (милоархитектоника).


8- дәріс

Тақырыбы: Зейіннің психофизиологиясы

Сұрақтары:

  1. Фильтр теориясы.

  2. Психофизиологиядағы зейін мәселесі.

  3. Нәтиженің алдын-алу теориясы.



Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.

Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажы­ратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.



У. Джеймс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: 1) сезімдік (сенсор­лы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын.

Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және ол үшін ерік күшін қажет етпейді. Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт аралығында орындалып жатады.

Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін. В.Н.Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау деген зейіннің және бір түрін атап көрсетеді.

Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б. болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.

Сыртқа бағытталған зейінтысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады. Ішке бағдарланған зейінпсихиканың өз қорындағы ниетті нысан­дарды бөліп алу қызметін атқарады. Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін арттырады.

Зейін жеке-даралықты және ұжымдық болып та ажыралады. Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін. Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен ауысуы.

оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін, бірақ іс өніміне әсер етпейтін Зейін тұрақтылығы қысқа мерзімді зейін тербелістерінің болуы да заңды.

Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипат­талады.

бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау мүмкіншілігін Зейіннің бөлінуі беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.

– бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара Зейін көлемі байланыспаған заттар саны.

Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі мүмкін. Зейіннің жеке – даралықты ерекшеліктерібірнеше жағдаяттарға байланысты. Олар: жоғары жүйке қызметінің типі, тек өкілінің психикалық даму жағдайы, оның күнделікті психикалық қалпы, үйреншікті қызметінің шарттары.

ОНЖ ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий), ортаңғы ми, мишық, аралық ми (таламус және гипоталамус), алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриапаллидарлық жүйесі және ми сыңарларының қыртысы) жатады. Орталық нерв жүйесінің афференттік және эфференттік жолдар арқылы бүкіл денемен және қол-аяқпен байланысатын бөлігі. Жұлында эфференттік нейрондар я тікелкй, я аралық нейрон арқылы эфференттік нейрондармен байланысады. Жұлында толып жатқан өткізгішжолдардың болыуына байланысты негізгі екі функциясы бар: 1.Рефлекторлық. 2.Өткізгіштік. Жұлын рефлекстерін жұлын бақасында алуға болады(сүрту,бүгілу,жазылу т.б).

Бұл рефлекстердің бір ерекшелігі олардың стереотиптігінде яғнй нақты қайталанатындығында. Жұлынның қызыметін жоғрыдағыдай екіге бөлу шартты түрде алынған нәрсе . Ми мен жұлынның байланысы бұзылған жағдайда жұлынның өткізгіштік функциясы орталық нерв жүйесінің рефлекторлық функциясының бір бөлігі ғана болып қалады.

XІХ ғасырдың басында Белл мен Мажанди импульстер миға жұлынның артқы түбірлері арқылы түсетінін, ал одан алдынғы түбірлер арқылы шығытындығын тапты. Алдыңғы түбірлердің құрамына көбінесе қозғағыш нейрондардың аксондары кіреді (қаңқа еттерін жабдықтайтын). Бұлардың денелері жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жатады. Алдыңғы мүйіздің төменгі бөлімінде аксондары тоқ ішекке, тік ішекке, қуыққа және тыныс органдарына баратын майда клеткалар жатады. Осымен қатар кеуде және жоғарғы бел омыртқалар тұсында алдыңғы түбірлер құрамына клеткалары сұр заттың орталық бөлімінің сыртқы шетінде жататын эфференттік аксондарда кіреді. Артқы түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасып омыртқааралық түйін деп аталатын біраз жуандаған эфференттік нейрондардың талшықтары кіреді.

Түбірлердің функциясын кесіу арқылы байқауға болады (Мюллер тәжірибесі). Егер жұлын бақасының жұлынын ҮІІІ – X – сегменттер тұсынан ашып, оның бір жағынан артқы түбірлерді, 2 – жағынан алдыңғы түбірлерді кесіп, артқы аяқтарын кезек тітіркендірсе, түрліше жауап алады. Артқы түбірлері сақталған аяқты тітіркендіргенде сол аяқтан басқа аяқтар қозғалады. Ал алдыңғы түбірлері сақталған аяқты тітіркендіргенде ешқандай жауап алынбайды. Омыртқалардың эмбриональдық дамуының ерте кезеңінде сегментарлық айқын көрінеді. Дененің әрбір сегменті (метамері), оған кіретін ет, тері және ішкі органдарын қоса, жұлынның сәйкес сегментімен жабдықталады. Бірақ дамудың одан арғы барысында мұндай сегментарлық біртіндеп бұзыла береді. Жұлынның бір сегментінің өзі бір-бірінен алшақ жатқан еттерді де жабдықтай алады. Мәселен, диафрагма ІІІ, ІҮ, Ү мойын сегменттерімен жабдықталады және осы сегменттер мойын мен иық ауданындағы ет пен теріні де жабдықтайды.

Жұлынның көлденең кесіндісіне оның көпшілік бөлегін ақ зат жиынтығы алып жатқаны көрінеді. Оны өткізгіш жолдар деп атайды. Импульсті миға қарай өткізетіндерін жоғары кететін, ал импульсті кері бағытта алып жүретіндерін төмен кететін жолдар деп атайды. Жоғары кететін жолдар1. Жұлыннан миға Голл мен Бурдах шоғыры кетеді. Олар арқылы терідегі, еттегі, сіңірдегі рецепторлардың импулстер өтеді. Бұлар жұлын түйіндеріндегі нейрондардың өсінділері болып табылады. Талшықтардың кейбіреулрі қысқа; сол жұлынның өзіндегі сегменттерде аяқталады, ал кейбіреулері ұзын-сопақша миға дейін жетеді. Сопақша мидан 2- нейрон басталып, көру төмпешіктеріне келгенде 3- нейрон басталады, оның талшығы ми қыртысына жетеді. 2. Артқы мишық жолы(флексиг шоғыры). Ол жұлынның арқы мүйізінің негізінде жатқан клеткалардан басталады. Оның өзі қозуды жұлын түйнінде жатққан нейрондардан алады. 3. Алдыңғы мишық жолы(Говерс шоғыры). Ол да мишыққа барады. Флексигпен Говерстің шоғырына импульстер ет, сіңір, буын рецепторларынан келеді. 4. Сұр заттың дорзальдық мүйізінен шығып көру төмпешіктеріне келіп бітетін жұлынталамикалық жолдар. Бұл арқылы температура, ауру, такильдік тітіркендіргіштердің импульстары өтеді.

Төмен кететін жолдарға: а) пирамидалық; б) руброжұлын ( Моноков шоғыры); в) вестибулиярлық шоғыр т.б. жатады.

Пирамидалық жолдар ми қыртысының қозғағыш аудандарына шығып ми аяқшасы арқылы мидың төменгі бөлімдеріне келеді. Сопақша мидың төменгі бөлігінде пирамидалық жолдың көпшілік талшықтары қилысып қарама-қасы жаққа өтеді де, жұлынның ақзатының бүйір бағандарында бүйір немесе қилысқан пирамидалық жолды құрады. Қалғандары алдыңғы немесе тура пирпмидалық жол құрып жұлынның ақ затының алдыңғы бағанада орналасады. Соңғылар жолдың ақырында ғана жұлынның қарама-қарсы жағына өтеді. Пирамидалық жол талшықтарының бір бөлігі қилыспайды. Ол өз жағындағы қозғағыш нейрондарға келіп бітеді. Қол еттерінің қозғағыш нерв клеткалары қилыспаған талшықтарды өте аз алады, олардың көпшілігі аяқтың нейрондарына келеді, ал дененің басқа бөлімдерінің нейрондарына келетін қилысқан және қилыспаған талшықтар саны шамалас болады. Бір жарты шардың қыртысының қозғағыш ауданын бұзған кезде, ең алдымен күштірек қолдың қимылы, одан кейін аяқтікі және азырақ дене қимылының бұзылу себебіде, мүмкін, осы жоғарыда айтқан пирамидалық жол талшықтарының түрліше таралуынан болар деп те болжамайды. Пирамидалық жол адамдарда жануарлармен салыстырғанда күшті дамыған. Оның талшығының жартысынан көбі қолдың қозғағыш нейрондарына қарай бағытталады—бұл, шамасы, қолдын ерекше күрделі қимыл қызыметін атқаратындығына байланысты болуы керек. Пирамидалық жол арқылы қщзу өтудің тоқтауы адамда қол қимылын жасау мүмкіндігін жоғалтады. Ал жануарларда, мысалы, итте мұндай жағдайда қозғалу функциясы азақ болады. Маймылда қозғалу алғашқыда бұзылғанмен, кейін жарым-жартылай қайта қалпына келеді.

Жүйке жүйесі рефлекс заңына сәйкес жұмыс істейді. Адамның рефлекстері өте көп. Олардың барлығын- шартты және шартсыз деп екі түрге бөлуге болады. Шартсыз рефлекстер- бұл туа біткен рефлекстер. Олар сананың қатынасуынсыз қосылады, олар жұлынмен басқарылады. Бұл рефлекске мысалы, аяқтың ине салуға деген реакциясын атауға болады. Ине салудан болған аяқтың ауыруы импульс ретінде сезгіш жүйке бойымен жұлынның тиісті бөліміне келіп жетеді. Ол жерден қозғалыс жүйке арқылы импульс қайтадан бұлшық еттерге қайтады да, оларды жиырылуға мәжбүр етеді (адам аяғын тартып қалды), адам денсаулығына маңызды организмді қорғауға бағытталған.
9- дәріс

Тақырыбы: Сананың психофизиологиясы

Сұрақтары:


  1. Сана концепциясының негіздері. «Айқын дақ».

  2. Сана, қарым-қатынас және тіл.

  3. Сананың функциялары.

Обьективті шындықтың субьективті бейнеленуін психика дейміз. Психиканың ең төменгі және ең жоғарғы сатылары бар. Ең жоғарғы сатысы сана. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті, адам психикасының формасы.Сананың зақымдануы өте күрделі және психикалық бірліктердің,қасиеттердің барлығына ықпалын тигізеді. Әсіресе ақыл-ойдың дамуындағы кемістіктер. Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Қарапайым акыл-ойдың кемуi: интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді. Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:- тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамымайды. Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілерімен бірге галлюцинация, сандырақ көрінеді, олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады. Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:- симптомдары корсаков синдромына сәйкес келеді. Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады.



Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі:- естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады.

Асемикалық ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары байқалады. Психикалық маразм -психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері.

Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады.Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгейіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобарлы ақыл-ойдың кемістігімен ұқсас келеді.

Эпилепсия жағайындағы негативті бұзылулар тоғызыншы деңгейге дейін баруы мүмкін, мұнда эпелепсиялық деменция жақтары болады. Оның негізгі белгілеріне ойдың, жалпы психикалық процесстердің, инерттілігінің жылдамдығының азаюы, сөз қорының кедейленуі (олигофазия). Сөйлеген сөздерінің мағынасы терең емес,жарамсыз ассоцияциялардан құрылған. Белгілі бір жағдайды талқылайды және одан назарын басқа жаққа аудару қиынға түседі. Естің бұзылуы – бұл эпелепсиялық ақыл-ой кемістігіне тән белгі. Оның құрылымына аффективті-тұлғалық өзгерістер кіреді: қызығушылықтары эгоисттік-утилитарлы қажеттіліктерге бағытталған. Жеке бас реакциясының эмоционалды-ерік аймағында полярлық көрінеді: тұрып қалумен бірге тез қозғыштық, тыныштықпен бірге ашушандық көрністері байқалады.

Бас миындағы ары қарай ұлғаймайтын органикалық зақымдар (жарақаттар, менингоэнцефалиттер, әр түрлі уланулар, странгуляционды асфиксия), мұнда негативті бұзылуларға үлкен мүмкіндік бар: психикалық әреттің төмендеуінен бастап тотальді ақыл-ой кемістігіне дейін. Бас миының прогресшіл органикалық аурулар мен деструкция: атрофикалық (сенильді және пересинильді деменция), дегенеративті процесстер (лейкодистрофия), көптеген тұқым қуалайтын энзопатиялар (гепатолентикулярлы дегенерация, амавротикалық идиотия және т.б.), ми қан тамырларының аурулары (церебральді атересклероз және эндартериит), мидағы прогресшіл инфекциялар (прогресивті сал, ағымды энцефолит) осылардың барлығы психикалық маразмға әкелуі мүмкін (тоғызыншы деңгей).

10 –дәріс.

Тақырыбы: Санасыз әрекеттің психофизиологиясы

Сұрақтары:


  1. Санасыз әрекеттің түрлері мен формалары.

  2. Психикалық қорғанудың феномені.

  3. Үлкен ми жарты шарларының сөздік стимулдарға ықпалы

Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана, астар сана және ашық сана. Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни – организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру).

Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.

Психикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен импульстік-көңіл-күйлік (импуль­сивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылық-әрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері.

Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана, астар сана және ашық сана.

Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни – организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру).

Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.

Психикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен импульстік-көңіл-күйлік (импуль­сивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылық-әрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері.

Астар сана аймағы өте тұрақты, бұлжымас. Бұл деңгейдегі адам әрекет-қылығын тек қана психотерапия және гипноз әдістерімен біршама басқаруға болады.

Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада өз жалғасын табуы мүмкін. Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады.

Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға түспейді. З.Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады.

Дау-дамайлы қалыптан құтылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске мәжбүр болады.

Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд тұжырымдарынан өзгеше. Ол ашық сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай, керісінше ашық сананы ұжымдық бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архетип – адамзат тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп түсіндіреді.

Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу себепті жинақталған астар саналық ұмтылыстары негізінде өз бойындағы мүмкіндіктерін де­рбес іске асыруға талпынады. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге «сыбырлап» тұратын ой не сана емес, ол «көзсіз» сезім, астар сана. Біздің барша бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында жатыр.



Сана құралы - ұғым, түсініктер, ал астар сана көңіл шарпулары мен сезімдерге арқа сүйейді. Астар сана деңгейінде қабылданған нысандар мен құбылыстарға және олардың астар санада қалыптасқан өлшем-шек­теріне «қас-қағымда» шұғыл баға беріледі.

Астар санамен бір қатар З.Фрейд адам психикасының тұғырлы мәндік тетіктері, яғни тұлғаның әлеуметтік ықпал жасау, өзін инабаттылық арна­сында қадағалай білу қабілеттері ретінде танылған жоғары сана – «супер эгоны» ажырата қарастырады. Адамның барша рухани дүниесі – бұл тек өкілінің өзімшілдік тоқырауына қарсы тұратын, идеялық шыңдалуы мен ізгілікті жетілуін білдіруші бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену саласы. Ол көп жағдайларда жоғары сана аймағы.



Ашық сана –адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары мен әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады.

Танымал грузин психологі Д.Н.Узнадзе (1886-1950) және оның шәкірттері өзекті түсініктеме принципі ретінде ұстаным (установка) принципін ажыратады. Бұл принцип мәні – әрқандай ұстанымнан субъекттің біртұтас модификациясын, оның болмысты қабылдауға әрі белгілі нақты тәсілмен әрекеттенуге дайындығын байқаймыз. Узнадзе пікірінше, ұстанымда психиканың ашық сана және астар сана аймақтары бірігімге келеді. Әрбір әрекет – қылық жағдайы ежелден қалыптасқан мінез-құлық, әрекет топтарын жүзеге келтіріп, іске қосады.

Адам психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: 1) бейсана – инстинкттік тума қимылдар; 2) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар, әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер; 3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер. Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік рөл атқарады.

Адам санасы оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену бары­сында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке көрініс береді.

Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-әрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған орны мен құрылымына тәуелді.

Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адам іс-әрекеті заттар мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құрал-жабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын сақтайды.

Афференттік нервтерді бойлап орталық нерв жүйесіне түскен қозу импульстері тиісті эфференттік жолдарға жетуде, сол орталық нерв жүйесінде әр түрлі күрделілікте болатын, түрліше функцияларды басқарып реттеуге қатысты морфофункциональдық құрылымдар (нерв орталықтары) арқылы өту тиіс. Бір нерв орталығындағы нейрондар бірлестігі әдетте белгілі бір рефлекстердің орындалуына қатысады. Егер орталық нерв жүйесінің бір участогін тітіркендірсе тиісті физиологиялық реакция туады, ал сол участокті бұзса, не алып тастаса ол реакция байқалмайтын болады. Осыдан аталған участокте белгілі бір қызметті реттейтін, немесе тиісті бір рефлексті іске асыруға қатысатын нерв орталығы бар деп есептелінеді. Мәселен, үлкен ми сыңарлары қыртысының төбе тұсының (облысының) белгілі бір пункттерін тітіркендіруден иттің алдыңғы аяғының бүгілуін алуға болады, ендеше онда аяқты бүктіретін (жинататын) қыртыстық орталық болғаны. Ми қыртысының шүйде бөлімін алып тастаудан көру бұзылады, ол жерде көрудің қыртыстық орталығы болса болғаны. Миды сопақша мидың үстіңгі жағынан кесіп қиса тыныс алу тоқтамайды, ал төменгі жағынан кессе – тыныс алу қозғалыстары тоқтайды. Сопақша мидың нақты бір бөлімін бұзудан да тыныс алудың тоқтауын көруге болады, яғни сорақша мида тыныс алу орталығы орналасқан т.с .с

Бірақ нерв орталықтарын бұлайша түсіну тар мағыналы әрі шартты. Шындығында, бір функцияға қатысты бір түрлі рефлекстердің орындалуына қатысатын нервтік құрылымдар, топтар, элементтер орталық нерв жүйесінің әр түрлі бөлімдерінде (этадарында) орнала са алады. Сондықтан белгілі бір функцияның нерв орталығы дегенде, әр түрлі бөлімдерде орналасқан, бірақ сол функцияға тікелей қатысы бар барлық нервтік туындылардың морфофункциональдық житынтығын түсіну керек. Әдетте мұндай құрылымдар арасында анатомиялық та, физиологиялық та байланыс болады, сондықтан олар ылғи да өзара әрекеттесе алады. Және олардың орналасуында нерархиялық (субординациялық) принцип сақталған: төменгі бөлімдерде орналасқандар қызметі өзінен жоғары бөлімдерде орналасқандарға бағынады, жоғарыдан келетін импульстерге лайықтап өздерінің функциональдық күйін өзгертеді. Сөйте тұра, жоғарыда айтылып кеткендей әр бөлімдегі құрылымдық элементтердің өзіндік дербестігі бар: басқа бөлімдермен байланыс үзілгеннің өзінде нақты өзіне ғана тиесілі қызметін тоқтатпай атқара береді. Мысалы, тыныс алу орталығыныңьең төменгі бөлімдері жұлында және сопақша мида орналасқан. Бірақ бұл қызметті реттеуге қатысатын нейрондар Варолий көпірінде, ортаңғы ми мен аралық мидың ретикульді формациясында және ең ақырында ми сыңарлары қыртысында да орналасады. Міне осылардағы нейрондардың бәрінің күрделі жиынтығы, «ансамблі» өзара келісе отырып қызмет атқарып, кең физиологиялық мағынада тыныс алуды координациялы түрде реттеп басқаратын тыныс алу орталығын құрады.

Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшеліктері нерв орталықтарын құрайтын нейрондар арасындағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты. Сондай ерекшеліктердің біразы мыналар:

Орталық нерв жүйесі арқылы қозу бір бағытта өтеді: афференттік

нейроннан аралық нейрон арқылы, немесе бірден эфференттік нейронға қарай таралады. Өйткені нейронаралық синапстарда қозу өткізуші медиоторлар тек пресинапстық звенода ғана болады және үнемі бір бағытта, яғни постсинапс мембранасының арнайы сезгіш, құрылымымен ғана өзара әрекетке түсіп ҚПСП тудырады.

Нерв орталықтарында қозудың бір бағытта таралатынын мынадай тәжірибеден көруге болады. Жануар жұлынының бір сегментіндегі артқы және алдыңғы, түбірді кеседі. Артқы түбірде афференттік талшықтары, ал алдыңғы түбірде эфференттік нерв талшықтары болатыны белгілі. Егер артқы түбірдің орталық кесіндісін тітіркендірсе алдыңғы түбірдің орталық кесіндісінен әкеткіш электродтар арқылы осциллографқа әрекет потенциалдарын жазуға болады. Ал еғер алдыңғы түбірдің орталық кесіндісін токпен тітіркендірсе, артқы түбірдің орталық кесіндісінен ондай потенциалдар алынбайды.



  1. Кешіктіріп өткізу. Нейронаралық синапстар арқылы қозу өту

процесінде басты роль атқаратын химиялық заттардың басауына (бөлінуіне), олардың синапстық саңылауға (кеңістікке) өтуіне, одан әрі субеннапстық мембранадағы арнайы рецепторлармен байланысып өзара әрекеттесуіне және соның нәтижесінде мембрананың ион өткізгіштігінің өзгеріп деполяризация жүруіне жұмсалатын уақыттар қосылып орталық нерв жүйесі арқылы қозудың рефлекторлық доғаның басқа бөлімдерімен салыстырғанда көп баяу (жай) өтетіндігіне себеп болады. Осыны кешіктіріп өткізу немесе синапстық кідіру дейді. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру – 0,5 мсек шамасында болатындығы анықталған. Ал қоздырушы постсинапстық потенциалдың (ҚПСП) айнымалы шамаға жетуіне - 1,5 – 2 мсек керек. Олай болса, бұл уақыттарды қосса бір синапс арқылы қозу өтуге 2 – 3 мсек керек екендігі шығады. Осыдан қай арифметикалық жолмен – ақ рефлекс уақытын анықтаған соң, сол рефлекстің доғасында шамамен қанша синапс бари екенін анықтауға болады.

  1. Қозулар жиынтықталуы (суммациясы). Бұл құбылысты нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М. Сеченов (1863) болды. Оның мәнісі – екі немесе одан да көп тітіркендірулерді өзара ұштастырса рефлекторлық реакция тумайды. Жиынтыңталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді, (уақыттық) және кеңістіктік. Уақыттық жиынтықталу - нерв орталғына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар ара сындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Егер келген қозудың әрқайсысы өз тарапынан рефлексторлық реакцияны тудыра алатын болса, жиынтықталу ырғақты тітіркендіру кезіндегі реакцияның күшеюінен, ал жеке стимул күші өздігінен рнфлекс тудыра алмайтын болса, онымен ырғақты әсер ету арқылы рефлекстің алатындығынан көрінеді.

Кеңістіктегі жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады. Мұндай жиынтықталу бір рецептивтік алаңдағы орталыққа тепкіш екі нерв талшығын табалдырықтан төмен күшпен бірінен соң бірін 15 мсек интервалмен тітіркендіргенде де алынады.

Жиынтықталудың механизмі ырғақты тітіркендірулер кезінде, немесе бір мезгілде екі не одан да көп афференттік нерв талшықтары тітіркенген кезде пайда болатын қоздырушы постсинапстық потенциалдардың бірінің үстіне бірі түсуіне күшейе, өсе келе мембрана деполяризациясының айнымалы деңгейге жететіндігіне одан әрі таралатын әрекет потенциалының туатындығына байланысты. Ал бір рет қана тітіркендіру бергенде синапста түзілетін медиатор мөлшері аз болатындықтан субсинапстық мембрана деполяризациясы айнымалы деңгейге жете алмайды.



  1. Ырғақтың трансформациясы. Нерв орталықтары өздеріне келген

импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттңк импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Қозу ырғағы транспормациясының механизмі әртүрлі болады.

  1. Әрекет соңы. Бұл құбылысты алғаш И. М. Сеченов байқаған. Оның

мәнісі жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алады. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса соғұрлым әрекет соңыда ұзаққа созылады. Әрекет соңына екі механизм себепші болады: Біріншіден, афференттік нерв талшығын ырғақты тітіркендіруден кейінгі лепка мембранасындағы үздік деполяризация бірден жоғалмай, клетка бірнеше ондаған м/с бойы қозу импультерін тудыра алады. Екіншіден, ұзақ әрекет соңын тудырады. Бұл нерв импульстері нерв орталығындағы нейрондардың өзара байланысын тұйық сақина тәрізді құрға тізбегі арқылы айналып жүреді деп есептеледі.

  1. Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв

жүйесіндегі бір нейронда әртүрлі жолдармен жүретін импульстер тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылчы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке – жеке тітркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер екі не үш нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффект сол импульстер сол нейрондарға жеке- жеке жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.

11 –дәріс.



Тақырыбы: Ұйқы және түс көру

Сұрақтары:

  1. Баяу ұйқы кезеңдері және тез ұйықтау.

  2. Онтогенез және филогенездегі ұйқы.

  3. Ұйқыға қажеттілік. Түс көру.

  4. Ұйқының маңызы.


Түс Көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академигі И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі.

Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс Көру-ді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматик. емес, психол. құбылыс деп білді. З.Фрейд Түс Көру-дің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К.Юнг бойынша Түс Көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психик. өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді.

Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады. Қазақ дәстүрлі қоғамында да Тус Көру-ге бей-жай қарамағанын, мән беріп, мағынасын жорығанын ауыз әдебиеті мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге болады. Тус Көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, “Түс – балқыған қорғасын” оны жақсылыққа жорысаң – жақсы ниет қабыл болып жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң – жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым бар. Түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдау діни танымға жат емес. Тус Көру-де рухани адамға аян берілетіні, ғайыптан болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) түсінде аян алуы мен түс жору ғылымын иеленуі Құдайдың құдіреті деп сенеді. Тус Көру мен оны жору діни және рухани танымға жат емес, адамның рухани өміріндегі, психол. халіндегі маңызды құбылыс.

Павлов Иван Петрович[1]Ресей физиологы, жоғары жүйке жүйесінің қызметі жайында ілімді жасаушы; осы заманның ірі физиология мектебінің іргесін қалаушы.


  • 14(26).9.1849, Ресейде, Рязань қаласында туып – 27.2.1936 Ленинградта көз жұмды.

  • Петербург ҒА-ның академигі (1907).

  • 1875 жылы Петербург университетін бітірген.

  • 1879 жылы Мед.-хирург. академияны бітірген.

  • 18901924 жылы Әскери-медициналық академияның профессоры, сонымен қатар осы жылдары ұйымдастырылған Эксперименттік медицина институтында кафедра меңгерушісі болды.

  • 1925 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО ҒА-ның Физиология институтына басшылық етті.

Оның ұзақ жылғы жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде ас қорытудың механизмі (атақты “Павловтың фистуласы”) ашылды (Нобель сыйлығының лауреаты, 1904). Бұл зерттеулер – ас қорыту процесінің физиологиясын зерттеуге ғылыми негіз болды. Павлов жүрек қызметінің реттелуі – төрт орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйкелерге байланысты екенін дәлелдеп, ғылымда үлкен жаңалық ашты. Жоғары жүйке жүйесінің қызметін зерттеуді Павлов ас қорыту сілкейінің бөлінуін бақылаудан бастаған (Рефлекс). Павлов адамда бірінші сигнал жүйесімен (бұл жануарларда да болады) қатар, екінші сигнал жүйесі (сөйлей, жаза алатын қабілет) болатынын дәлелдеп берді. Павлов ашқан жаңалықтардың физиология, медицина, педагогика және психологияның дамуы үшін маңызы зор болды.[2]

12 –дәріс.



Тақырыбы: Үйретудің психофизиологиясы

Сұрақтары:

  1. Үйретудің психологиялық және биологиялық теориялары.

  2. Үйретудің жүйелі психофизиологиясы.

  3. Дербес тәжірибе элементтері мәселесі


Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттарндыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргішке организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары.

Үйретудің түрі, төменгі жан-жануарларда байқалады, ол ақырындап азаю және де уақытша жоғалу анық рефлекторлық реакцияда көрсетіледі, бірнеше рет қайталанып стимуляциялық жағдайда. Сонымен, қашу реакциясы, брюхоногиялық молюскаларда байқалады. Шұғыл жарықтан қараңғыға өтуден, ақырындап әлсіздейді және стимулдар қайталаған кезде мүлдем жоғалады (Пьерон 1910) Осындай құбылыстар барлық жан- жануарларда байқалады, бір клеткалардан бастап, әр түрлі стимуляциялық түрлерде. Біріншіден қарағанда осы құбылыстар сенсорлық адаптациямен (ұзақ тітіркену әсерінен сезіну мүшесінің азаюы). Бірақта, осы ұқсастық жай ғана шын мәнінде осы түрдің әлсіздену және жоғалып кету реакциялары үйретуде әдетте өте тез болады, бірнеше жауапты реакциялардан кейін, жауапты рекациялр көбінесе эффектілі болады. Осы үйрену құбылысы немесе тағы басқа құбылыстар негативтік аспектіде үйретудің адаптапциялық мінезі тамаша өкрнекіліктермен байқалады, сондықтанда оларды феномендік негативті адаптация деп аталады.

Шарттылау көбінесе адамда және жан-жануарларда жай (қарапайым) үйретудің прототипі болып саналады. Осы терминді «классикалық» мағынада түсінеміз, бірақта Павлов тәжірибелік ситуациясынада қолданады.

а) Негізгі факті осы тәжірибелерде байқалады, белгілі реакция абсолюттіктен немесе шатрсыздан, тітіркену тітіркенуге ауыстырк қабілетін шақырады, біріншіден нейтралдық, ол абсолюттік, шартсыздық, тітіркенулермен келісіп реакция шақырады. Системалық модификацияның тәртібі ситуацияның қайталануына сол кезде реакция өзгермейді, ал тітіркену ауыстырылған кезде өзгереді.

Ee – шартты тітіркену

Eine – шартсыз тітіркену

N – шартты тітіркенуге бірінші жауап

R – шартты жауап

Осы құбылыс барлық эволюциялық дамуында байқалған. Классикалық схема шартты рефлексі келесіде ауыстырылады (сурет 2). Бірақта белгілеп кетуге болады, жаңа жауап R» бірінші жауап R шартсыз тітіркенумен ұқсаспайды, ол ақырғымен бапйланысқан, байланыс құрылыстың осы тітіркенуді жақсылап қабылдау немесе қашу дайындығын белгілеген.

б) Шарттылау құбылыстарында екі аспектіні белгілеуге болады, онда жоғарыда көлсетілген негативтік үйрену формасы суреттелген, үйрену немесе қабілеттенуге бейім. Таңдану екі немесе бірнеше тітіркенудің таңдау реакциясы Иеркстің (1917) аппаратының қолдануымен пайда болған, ол жан-жануарларды психологиялық зерттеуге қолданылады, шарттылау жағдайларына жақын. Аппарат (сурет 3) камерадан тұрады, екі шетінде отсека бар, ол арнайы шығатын орталық камерамен қосылған. Отсекада екі дифференциялдық тітіркену бар. Біреуінде дәмді приманка орналастырылған, басқасында тітіркенуге арналған электрикалық тоқ қойылған немесе бос болады. Тәжірибе барысында дифференциялдық тітіркендіргіштер ауыстырылады. Осы жағдайда абсолюттік немесе шартсыздық тітіркену(тамақ, электрлік соққы) және шартты тітіркену ( жарық, дыбыс және т.б) спецификалық жауапты реакция шақыртатындарды белгілеуге болады. Ереже бойынша тамаққа жақындау кезінде оны жейді, екінші жағдай қашуда және жүгіруде. Дифференциялдық тітіркену реакциясы бір қалыпты бағытты таңдауға негізделеді. Осы бағыт «абсолюттік» тітіркенулердің орналасуына және тітірекнулерден шақырылған реакциясына тәуелді.

Жан – жаққа бағдар жасаудың жолы жануарларды үйрету көбінесе барлық бақылау және эксперименттері лабиринт жағдайымен байланысқан. Қиындығы таңдау жағдайына ұқсас, онда екіге бөлінген жолда жауап таңдауы пайда болады (сурет 4). Сондай – ақ (таңдау жағдайына ұқсас, онда еіге бөліген жолда) әр пункті таңдау кезде, қашу немесе жақындау бағыты локализациямен бір қалыпты белгіленеді, ал лабиринттің спецификалық сенсорлық мінездемесін шартты мінездемеге жатқызуға болады.

Тамақты шартсыз тітіркендіргіштерге жатқызуға болады, әдетте ол жеу және жақындау реакциясын белгілейді, көрсетеді,ал лабиринттің спецификалық сенсорлық мінездемесін шартты мінездемеге жатқызуға болады, ол жақындау және бағыт реакцияларын таңдайды. Осы екі типтік жағдайда – таңдау және лабиринт аппараты – реакция болады, ол қайталаған ситуацияда пайда болады және бекітіледі, оны шартсыз тітіркену (тамақ, тоқтық соққысы), шартты реакция сияқты қарастыруға болады, ол шартсыз тітіркендіргіштен (объектіге жақындау, объектіден алыстау) шақырылады. Кейбір жағдайларда жан – жануарларда жаңа реакциялар пайда болып және ақырындап бекітіледі. Осы реакцияладың формаларын шартты реакцияға жатқызуға болады.

а) Осы типтің ренакциясы Миллермен және Конорскимен (1928,1934,1937) классикалық шартты рефлекстардан қарағанда, олар «шартты рефленкстің II типі» деген атағын алды.

Сол жағдайда: есту тітіркенуі, мысалы: роялдық дыбысы, тітіркену арқылы жасалған қимыл белгілі сан рет көрсетіледі; иттің аяғын жұлқылаған кезде, қозғалу реакциясын шақырса, егерде осы реакция екінші тітіркенумен ериді, мысалы: тамақтан. Авторларға сәйкес жаңа типтің пайда болуы жалпы классикалық шартты рефлекстің схемасына сәйкес өтеді

Ас тітіркенуі шартсыз болып орындайды, ол сілекей бөлінуін шақырады, ал есту бірлігін ( роял дыбыс) және кинетикалық (қимыл орындауы) тітіркендіргіштері сілекей реакциясында басында күрделі киын ашртты тітіркендіргіштері пайда болады. Сол кезде екінші шарттылау біріншісінң негізінде құралады: есту тітіркенуі шартты болады да, қимылды жауапты шақырады. Сол кезден бастап қимылды реакция сілекей реакциясының кеүрделі шартты тітіркендіргіштерінің бөлігі ғана болмвй, сондай-ақ тыңдау тітіркендіргіштерінің шартты реакциясы болады. Конорский мен Миллер ойынша, екінші типтің шартты ренакциясының ерекшеліктері біріншіден ол приориоцептивтік тітіркенуді шақыру керек, екіншіден шартсыз тітіркенудің тосу немесе қашу шарты болу керек.

б) Скиннердің (1935,1937,1938) суреттерінің және анализдерінің ситуациясы үлкен эксперименттік зертремеге баста болған, жалпы Миллер мен Конорскийдің ситуациясына сәйкес. Оны келесі мысалмен көрсетуге болады: қамауға алынған тышқан, есігі рычагпен жабылған, тышқан рычагты басып үйренеді, егерде ол реакция тамақ алуға әсер етсе. Осы кезде Скиннерге сәйкес «операнттық» типтің рефлексті ісі болады, яғни осындай рефлекс спецификалық тітіркенумен байланыспаған. Бұл рефлекғс шартылау типі R мен мінезделікке онда тітіркену (шартсыз) жауабымен байланысқан, «респоденттік» типінің рефлексінен қарағанда, яғни спецификалық тітіркендіргішпен байланысқан және классикалық шарттылауға мінезделген немесе шарттылау типі S, онда тітіркену (шартсыз) басқа тітіркенумен шартты байланысқан.

Шарттылаудың екі типтерінің негізгі айырмашылығы: операнттық шарттылау немесе шартсыз тітіркену жауапты реакцияның уақытымен сәйкес келеді, ал респондентте басқа тітіркендірілген. Классикалық типтің шарттылауы «респонденттік» тәртібінде болады. «операнттық» тәртібінде «шартты» тітіркену айталықтай болмайды.Екінші айырмашылық біріншімен байланысқан, Скиннер және тағы басқа авторлар (Хилгард, Маркис 1940) белгілеген: классикалық шарттылау жауапты реакцияға қарағанда тәуелсіз беріледі, ал операнттық шарттылау жауапты реакцияға қосылады, сол кезде ас жануарға рычагті басқандай болады. Сол байланыста шарттылау типі R операнттық тәртіпті шақырады.

в) Жан – жануарларды үйрету ситуациялары Скиннердің немесе Миллердің, Конордың схемаларына келеді. 1-ден барлық ситуациялар жатады, онда жануар бір нәрсемен жұмыс істеу керек, есікті немесе жәшікті ашу (педальға басу т.б), 2-ден барлық ситуациялар қимылдар, жануарға белгісіз, үйренбеген.Үйрету феномендерінің пайда болуы және бекітілу реакциялары тез арада болған жоқ. Басқа үйрену формаға қарағанда жаңа шарттарға адаптациялану формасы болады, онда реакцияның белгілі формасы шұғыл және тез пайда болады, дұрыс адаптациясы «тез» жетеді де және оның ақырындап жақсылауы байқалмайды№

1.Үйрету – жаңа тәжірибені меңгеру немесе жаңаға дағдылану.

2.Оқыту – белгілі бір нәтижеге жеткізетін үрдіс (процесс)

Провотворовтың көз-қарасындағы анықтама бойынша үйрету яғни жануарлардың белгілі бір сыртқы әсерлерді қабылдау қабілеті:



  1. Сыртқы әсерлерді олардың арнайы конфигурацияларын «ұстап тұру» (есте сақтау)

  2. Сырттан келген ықпалды «ұстап тұру» арқылы нәтижелі жауап әрекетін қолдану

  3. Алғашқы және соңғы ықпалдарды салыстыра отырып, белгілі әрекеттерді ажыратып жаңа нәтижелерге жету.

Зорина – үйретуді былайша анықтайды: үйрету – бұл жаңа тәжірибенің арқасында қалыптасатын бейімделуші өзгерістер. Ал Фабри – үйретудің негізін комплексті процестердің нәтижесі, сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің салыстырылуы, бағалануы ретінде қарастырады. Әрекеттерді салыстыра нәтижесін тексере отырып, қалыптасатын іс-әрекет деп қарастырады. Үйрету мен инстинктер бір-бірімен тығыз байланысты. Үйрету бұл белгілі бір құбылыс инстинктің қорытынды фазасындағы қозғалысқа ықпал ететін құбылыс және дрессировка құбылысында ең негізгісі болып табылады.

Үйретудің түрлерін топтастыру (О. Меннинг, Г. Томас, Дж. Терс). Топтастырудың түрлері мынандай болып бөлінеді.

І. Ассоциативсіз үйрету - (үйретудің ең қарапайым формалары)

1) үйрену немесе бейімделу

2) сенситизация

ІІ. Ассоциативті үйрету:



  1. классикалық шартты белгілер(КШБ);

  2. инструменталды шартты белгілер(ИШБ).

жүктеу 1,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау