Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Техникалық оқыту құралдары»



жүктеу 1,22 Mb.
бет5/5
Дата14.12.2017
өлшемі1,22 Mb.
#4117
1   2   3   4   5
Медиавизор мынадай құрылғылардан жинақталған:

  • кері проекциялау экраны;

  • сенсорлық панель;

  • мультимедиалық проектор;

  • салқын ауа алмасу жүйесімен жабдықталған корпус;

  • бағдарламалық жабдық.

Қосымша құрылғылар:

  • компьютер;

  • DVD-ойнатқыш;

  • радиомикрофон;

  • дыбыс күшейткіш (динамик).

Интер-Бим

Интер-Бим (eBeam) – кез келген тегіс бетті немесе қарапайым тақтаны интерактивті тақтаға айналдыратын, оқыту процесіне арналған құрылғы.

Компьютерге және мультимедиалық проекторға жалғанған Интер-Бим құрылғысы қарапайым тақтаға бекітіледі де, оны 2.4 х 1.2 өлшемді интер-активті тақтаға айналдырады. Бұл құрылғыда экрандық маркер (стилус) мен электрондық пернетақта пайдаланылады.
Дәрісханадағы оқушылардың назарын аудару үшін мәтіндік ақпаратқа немесе графикалық объектіге белгілеулер мен өзгерістер жасауға, оларды экрандық кадрлар тізбегі ретінде бөлек-бөлек сақтап қоюға болады.

Интер-Бим құрылғысының сипаттамасы:

  • жұмыс принципі инфрақызыл және ультракүлгін технологияға негізделген;

  • меню жүйесі пайдалануға өте қолайлы жасалған;

  • стилус құрылғысы комьпютердің тышқан құрылғысы қызметін атқара алады;

  • Windows 2000, Windows XP операциялық жүйелерімен жұмыс істеуге арналған;

  • pdf, vector pdf, html, monochrome bmp, 24 bit color bmp, 256-color bmp, eps, jpg, tif, emf, ppt, pps типінде сақталған файлдармен жұмыс істей алады;

  • сабақ барысын avi форматындағы бейнефайлға сақтауды, оны кез келген компьютерде демонстрациялауды жүзеге асырады;

  • Интернет желісі арқылы бағдарламалық жабдық драйверін жаңарту мүмкіндігі қарастырылған;

  • Интер-Бим құрылғысының көлемі 14 см, салмағы 300 г.

Интерактивті панель
Интерактивті панель – сымсыз электрондық қаламсап арқылы пайдаланушыға қолжазбалық мәтін немесе графикалық фигуралар салуға мүмкіндік беретін құрылғы. Панель бетіне мәлімет енгізу электромагниттік технологияға негізделген.

Интерактивті панель көмегімен дайындалған мәліметтер мен слайдтарды әртүрлі форматта сақтауға, қағазға басып шығаруға, электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыға жіберуге болады. Панель Windows жүйесінің кез келген қосымшасымен, Интернет желісімен, электрондық кестелермен, мәтіндік редакторлармен жұмыс жасай алады,

Панельді басқару және оны проекторға жалғау үшін енгізу-шығару порттары мен басқару батырмалары қолданылады.

Интерактивті панельдердің диагоналы 15 және 17 дюйм болып келеді.

Verdict дауыс беру жүйесі

Бұл құрылғы сабақ барысында оқу материалын бекіту мақсатында оқушылардың білімін тексеру мен тестілеуді тез арада өткізуге арналған.

Verdict дауыс беру жүйесін, әсіресе, семинарлар мен тренинг сабақтарды өткізуде пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізеді.

Жүйе инфрақызыл сәулені қабылдағыш құрылғыдан, орталық басқару басқару пультінен, пайдаланушыларға арналған пульттер жиынтығынан, бағдарламалық жабдықтан тұрады. Орталық басқару пульті көмегімен білімді бақылау мен тестілеудің типтері таңдалады және тестілеу бағдарламасы іске қосылады, тестілеуге берілетін уақыт анықталады. Сонымен бірге, бұл жүйе көмегімен дыбыстық және бейне мәліметтен тұратын тест сұрақтарын да дайындауға болады.



Әрбір оқушыға дұрыс деген жауаптарды таңдауды жүзеге асыру үшін жеке пульт беріледі. Оқушының берген жауап нәтижесін анықтау сол пульттегі код бойынша жүргізіледі. Тест нәтижелері мен сауалнамалар қорытындысы сол мезетте өңделіп, экранға шығарылады. Экранға бір ғана оқушының немесе бүкіл сынып оқушыларының нәтижесін шығаруға болады.

инфрақызыл сәулені қабылдағыш құрылғы пайдаланушыларға арналған пульттер

және орталық пульті басқару басқару жиынтығы
Verdict дауыс беру жүйесінде сауалнама жүргізудің мынадай режимдері бар:

  • толық сауалнама (сыныптағы барлық оқушылар жауап бергеннен кейін келесі сұрақ экранға шығады);

  • жылдам жауап беру (жылдам әрі дұрыс жауап берген алғашқы оқушының жауабынан кейін экранға келесі сауалнама шығады);

Бұл жүйе кез келген компьютермен, кез келген проекциялық құрылғымен жұмыс істей береді. Компьютерлік класстың атқаратын қызметін Verdict дауыс беру жүйесін интерактивті тақтамен немесе интерактивті панельмен бірлесе пайдалану арқылы ауыстыруға болады.

Компакт-дискiлер

Мультимедианың басты мәселесi мультимедиалық ақпаратты тарату және жеткiзу. Бұл мәселе оптикалық дискiлердiң түрлi типтерiнiң пайда болу нәтижесiнде шешiлдi.

Компакт-дискiлердiң пайда болуы компьютерде пайдаланылатын кез келген көлемдi ақпараттарды сақтауға, тасымалдауға зор мүмкiндiк туғызды. Қажеттi мәлiметтi қосымша суреттермен, аудиожазбалармен, бейнеүзiндiлермен толықтырып, бiр ғана компакт-дискiге жазып, пайдалануға болады. Компакт-дискiлердiң мұндай мүмкiндiгi мультимедиалық энциклопедиялардың, электрондық оқулықтардың, үйретушi бағдарламалардың шығуына, қолданысқа енуiне себепшi болып отыр.

Компакт-дискiлердiң бiр ғана кемшiлiгi - қатты магниттiк дискiлермен салыстырғанда жылдамдығының аз болуы.

Компакт-дискi бiр бетi жұқа жарық шағылдырғыш қабаттан тұратын пластмассадан жасалады. Жарық шағылдырғыш қабат сақина немесе спираль тәрiздi микроскопиялық ойық жолдардан тұрады. Ойық жолдың енi 0.4 мкм, тереңдiгi 0.12 мкм, ал қатар орналасқан ойық жолдардардың ара қашықтығы 1.6 мкм болады. Дискi бетiнiң 1 дюймдiк (2.5 см) өлшемiнде 16 мың жол (ал жұмсақ магниттiк дискi бетiнiң 1 дюймдiк өлшемiнде бар болғаны 96 жол) орналасады. Лазерлiк дискiлердегi ойық жолдар 650-700 Мб көлемге дейiн ғана ақпарат жазуға мүмкiндiк бередi.

Компакт-дискiнiң сыртқы пiшiнiн сипаттайтын болсақ: қалыңдығы 1.2 мм, сыртқы диаметрi 120 мм, iшкi диаметрi 15 мм болады. Ішкi диаметрiнiң енi 6 мм болатын сыртқы айналасы бекiту бөлiмi деп (clamping area), онан кейiнгi бөлiк дискi мазмұнынан тұратын (table of content) тақырыптық бөлiм (lead in area) деп аталады. Мұнан әрi енi 33 мм болатын мәлiмет жазу бөлiмi орналасады. Ал соңғы бөлiм енi 1 мм болатын терминалды бөлiм (lead out) деп аталады (суретте).



Мәлiмет жазуға арналған бөлiм 1-ден 99-ға дейiнгi логикалық тректерден тұруы мүмкiн. Әртүрлi типтi ақпараттар бiр тректе орналаса алмайды.





Компакт-дискiнiң сыртқы пiшiнi



Компакт-дискiде мәлiметтiң орналасуы

Компакт-дискiнiң бiр секторында шамамен 2352 байт ақпарат орналасады. Әрбiр сектор мынадай бөлiктерден тұрады:

- синхронизация үшiн 12 байт;

- ақпаратты тиiстi блокқа жазу режiмiнiң типiн және адресiн идентификациялауға қажеттi тақырып үшiн 4 байт;

- пайдаланушының мәлiметiн жазу үшiн 2048 байт;

- қосымша мәлiмет үшiн 288 байт.

Компакт-дискiден секундына 175000 байт мәлiмет оқылады (175 Кб/с), яғни секундына 75 сектордағы мәлiмет оқылады деген сөз (175000/2352).

Дискiдегi әрбiр жолдың оқылу ұзақтылығы 4 секунд. Олай болса әр жолда 300 сектор (4х75) болады.

Бiр компакт-дискiде барлығы 72 минуттық мәлiметтер жиынтығы орналасады. Сол мәлiметтердiң көлемi шамамен 663,5 Мб (72х60х75х2048) немесе 756,8 Мб (72х60х75х2336) болады.

Компакт-дискiде шамамен 277000 беттiк мәлiмет сақталады (756,8 Мб/2728 б). А4 типтi параққа 44 қатардан, әр қатарда 62 таңбадан тұратын мәтiн орналасады десек, онда оның өлшемi 2728 байт болады.

Мәлiметтi компакт-дискiге жазудың мынадай режимдерi бар:

- 0-дiк режим, CD-DA (CD-Digital Audio –сандық аудио ақпаратты компакт-диск) дискiсiне аудио ақпарат жазу үшiн қолданылады;

- 1-лiк режим, дискiнi мәлiмет жазу кезiнде қателiктен қорғау үшiн қосымша мәлiмет жазуға керектi 288 байт пайдаланады. Көп жағдайда осы режим қолданылады;

- 2-лiк режим, қосымша мәлiмет жазуға пайдаланылатын 288 байт көлемдi де негiзгi мәлiметтi жазуға пайдаланады. Бұл жағдайда компакт-дискiнiң бiр секторында мәлiмет жазуға қолданылатын көлем 2336 байт болады.

CD-DA және CD-ROM технологияларының физикалық сипаттамалары, атап айтқанда, дискi өлшемi, дискi құрылымы, дискiнi айналдыру жылдамдығы, мәлiмет оқу механизмi бiрдей.
2.9.2 Ақпарат жазу әдiстерi
Лазерлiк дискiлерге ақпарат жазудың екi әдiсi бар: CAV (Constant Angular Velocity –тұрақты бұрыштық жылдамдықпен) және CLV (Constant Linear Velocity-тұрақты сызықтық жылдамдықпен).

CAV әдiсi бойынша дискi минутына 1500 айн/мин тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады. Мұнда дискi бетiндегi жолдар сақина тәрiздi орналасады (а-сурет) және дискiнiң әр бетi 54000 жолдан тұрады. Әрбiр жолда жекелеген бiр ғана графиктiк ақпарат орналасады. Демек, CAV әдiсiмен жазылған дискi 54000-ға дейiн кескiн сақтай алады.

Әрбiр кескiннiң нөмiрi немесе адресi болады. Сол бойынша қажеттi кескiнге пайдаланушының тез арада қол жеткiзу мүмкiндiгi бар.

Мұндай әдiспен жазылған дискiлердiң кемшiлiгi - сыртқы жолдардың өлшемi ұзын болғандықтан олардың көп бөлiгi бос қалады. Дискiнiң мәлiмет беру ұзақтығы 36 минут.






а)

ә)

Лазерлiк дискiлерге ақпарат жазудың
CAV (а) және CLV (ә) әдiстерi
Ал, тұрақты сызықтық жылдамдықпен (CLV) жазылған дискiде тек бiр ғана спираль тәрiздi жол орналасады (ә-сурет). Мұндай дискiнiң мәлiмет оқу кезiнде бұрыштық айналу жылдамдығы өзгерiп отырады: iшкi жолдарды оқу кезiнде ол минутына 1500 айн/мин жасаса, сыртқы жолдарға қарай бiрте-бiрте азайып, ең шеткi сыртқы жолдарды оқу кезiнде минутына 500 айн/мин жылдамдықпен айналады. Мәлiмет беру ұзақтығы 60 минутты құрайды. Мұндай дискiлердiң кемшiлiгi - қажеттi ақпаратқа бiрден жету мүмкiн емес. Яғни, бұл CLV дискiлердiң интерактивтi мүмкiндiгi шектеулi деген сөз.
Компакт-дискiнiң түрлерi

CD – диаметрi 8 немесе 12 см, қалыңдығы 1.2 мм болатын мәлiмет сақтаушы лазерлiк дискiлердiң жалпы атауы.

CD-WO (CD-Write-Once) - бiр рет қана мәлiмет жазылатын компакт-диск. CD-ROM стандартына сәйкес келедi.

CD-WORM (CD-Write-Once-Read-Many) - бiр рет қана мәлiмет жазылатын және бiрнеше рет оқылатын компакт-диск. CD-ROM стандартына сәйкес келмейдi.

CD-DVІ (CD-Digital-Video-Іnteractive) - сандық бейнесигналды ақпаратты жазатын интерактивтiк компакт-диск. Қозғалыстағы бейнекескiндердi сақтауға арналған компьютердiң сыртқы есте сақтау құрылғысы ретiнде қолданылады.

CD-EROM (CD-Eraseble-Read-Only-Memory) – бiрнеше мәрте мәлiмет жазуға арналған компакт-диск. Сондықтан да ондағы ақпаратты өшiрiп тастауға болады.

CD-DA (CD-Digital-Audio) – сандық аудиоақпаратты сақтауға арналған компакт-диск.

CD-І (CD-Іnteractive) – интерактивтi компакт-диск. Арнайы бағдарламалық жабдықпен жұмыс iстейтiн және компьютердiң басқаруын қажет етпейтiн дискiжүргiзушi көмегiмен оқылатын, ақпараттың кез-келген түрiн сақтай алатын компакт-дискi. Көп жағдайда оқыту процесiнде тренажерлiк бағдарламаларда қолданылады. Жалпы көлемi 90 минуттық ақпаратты сақтай алады.

CD-V (CD-Video) - ұзақтылығы 20 минуттық сандық музыкалық ақпаратты және ұзақтылығы 5 минуттық аналогты бейнелiк ақпаратты сақтай алатын, арнаулы дискiжүргiзушiмен жұмыс iстейтiн сандық-аналогтi компакт-дискi.

DVD (Digital-Versatile-Disk) – сандық ақпаратты қайталап жазуға мүмкiндiк беретiн дискi. DVD дискiлердi пайдаланатын құрылғы DVD-плеер деп аталады. DVD-плеер теледидарға немесе компьютерге қосуға, 4.7 Гб сиымдылықты дискiдегi дыбыстық және бейнеақпаратты пайдалануға арналған құрылғы.

DVD-V (DVD-Video) - өшiрiлмейтiн бейнелiк ақпаратты сақтаушы дискi.

DVD-ROM (DVD-Read-Only-Memory) - өшiрiлмейтiн компьютерлiк ақпаратты сақтаушы дискi.

DVD-A (DVD-Audio) - өшiрiлмейтiн аудио ақпаратты сақтаушы дискi.

DVD-R (DVD-Rewritalle) – дискiнi шығарушы компания емес, пайдаланушы адамның бiр рет қана мәлiмет жазуына арналған дискi. Жазылған мәлiмет қайтадан өшiрiлмейдi.

DVD-RAM (DVD-Random-Access-Memory) – ақпаратты бiрнеше мәрте өшiрiп, қайта жазуға мүмкiндiк беретiн дискi.


Бақылау сұрақтары:


  1. Интерактивті тақтаның бағдарламалық жабдығы қандай құралдардан тұрады?

  2. Виртуалды пернетақтаның қызметі қандай?

  3. Жазба кітабы не үшін қолданылады?

  4. Интерактивті тақтаның қарапайым дәстүрлі тақтадан айырмашылығы қандай?

  5. Интерактивті тақтаның жұмыс ұстанымы қандай технологияға негізделген?

  6. Интерактивті проектордың жұмысы қандай технологияға негізделген?

  7. Интерактивті проектор құрамына қандай құрылғылар кіреді?

  8. Интерактивті проектордың әдістемелік тиімділігін атап көрсетіңіз.

  1. Медиавизор құрылғысы не үшін қолданылады?

  2. Кері проекциялы сенсорлық экран қандай жұмыс атқарады?

  1. Медиавизорды құраушы құралдарды атаңыз

  2. Verdict дауыс беру жүйесі қандай режимдерде жұмыс істейді?

  3. Жүйені құраушы құрылғыларды атап беріңіз.

  4. Жүйені қандай оқыту формасында пайдалану тиімді?

  5. Интерактивті панельдің сұйықкристалды панельден айырмашылығы қандай?

  6. Интерактивті панельді интерактивті проектор ретінде қолдануға бола ма?

  7. Интерактивті панельді оқытуда пайдалану мүмкіндіктері қандай?

  8. Компакт-дискілердің физикалық пішініне сипаттама беріңіз.

  9. Компакт-дискілерде неше сектор болады?

  10. Мәлімет жазудың қандай режимдері бар?

  11. Ақпарат жазудың қандай әдістері бар?

  12. CAV әдісімен жазылған компакт-дискі қандай жылдамдықпен айналады?

  13. Тұрақты сызықтық жылдамдықпен жазылған дискіде қандай жол орналасады:?


CРО бойынша әдістемелік ұсыныстар .

Оқытушылармен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары(ОСӨЖ) зертханалық аудиторияларда орындалады , мұнда теориялық білім деңгейін анықтайтын бақылау тапсырмаларын орындау, зертханалық жұмыстардың жүргізу әдістемесіне бағыт беру, есеп-жаттығулар орындау ,зертханалық жұмыс дәптерлерін өңдеу ,зертханалық жұмыстардың есебін тапсыру, курстың тақырыптары бойынша коллоквиум тапсыру жұмыстары орындалады. Оқу жұмысының бұл түрі студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған. ОСӨЖ кеңес беру және бақылау функциясын атқарады.



Әдебиеттер :

  1. Дрижун И.Л. Технические средства обучения в химии.-М: «Высшая школа».-1989

  1. Есжанов А. Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құралдары.//Қазақстан мұғалімі, 16 сәуір, 2008.

  2. Шлыкова О.В. Немного о мультимедиа в профессиональном образовании//Библиотека, 1998. -№4. -С.55-57.

  3. Татарников О. Мультимедиа: со средством и посредством //Компьютер Пресс, 1999. -№1. -С.29-37.

  4. Морозов М.Н. и др. Школьное мультимедиа: мир знаний //Мир библиографии, 2000. -№2. -С.42-45.

  5. Усова А.В. Психолого-дидактические основы формирования учащихся научных понятий. Уч. пособие. -Челябинск: ЧГПИ, 1986. -84 с.

  6. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу құралы. –Қызылорда:ҚМУ, 2004, -81 б.

  7. Вымятнин В.М., Демкин В.П. и др. Мультимедиа-курсы: методология и технология разработки. -Томск, 2003. -265с.
  8. Карпов П. Проекторы в учебном процессе//Техника, кино и телевидение, 1998. -№3. -С.52-54


6. БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ ҚҰРАЛДАРЫ



    1. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ.

  1. Мектепте ТОҚ орны және маңызы.

  2. Химия мұғалімі қызметінің техникалық оқыту құралдарын қолдану үрдісінде жүзеге асуы.

  3. Химия пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығында ТОҚ кешенді пайдалану.

  4. Химияны оқыту үрдісінде құралдарды қолданудың педагогикалық жүйесін модельдеу.

  5. Аудиовизуальды құралдарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.

  6. Техникалық оқыту құралдарының жіктелуі.

  7. Көрнекілік ұстанымын жүзеге асыруда аудиовизуальды құралдардың рөлі.

  8. Химияны оқытудың политехникалық бағытындағы ТҚ.

  9. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі ТҚ қолдану.

  10. Оқушылардың өзіндік дайындықтарында ТҚ рөлі.

  11. Аудиовизуальды құралдардың дидактикалық, гигиеналық, техникалық, ұйымдастырушылық талаптары.

  12. Телекөрсетілімдердің оқыту жүйесіндегі орны, мәні және мүмкіндіктері.

  13. Оқу телекөрілімнің жанры және формалары.

  14. Телекөрілімдер арқылы оқу материалдарын баяндауда оқушылардың танымдық әрекеттерін басқару.

  15. Дыбыс және виедожазбаларды химияны оқытуда қолдану, қолданудың бағыттары, тәсілдері және формалары.

  16. Химияны оқытуда оқу киноларының ролі және әдістемесі

  17. Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық жабдықтары

  18. Медиатека, медиаорталық

  19. Мультимедианың техникалық құралдары



жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау