Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Ақша, Несие, Банктер»



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет35/40
Дата19.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#20498
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

75 

 

Девиз-  халықаралық  есеп  айырысуда  әр  түрлі  тӛлем  құралдырының  ӛкілі  ретінде 



пайдаланатын  шетелдік  валютадан  тұратын  тӛлем  құралдары.  Оларға  векселдер,  чектер, 

аударымдар, банктік карточкалар, тӛлем бұйрықтары және т.б. жатады. 

Вексель – жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі. Жай және 

аударма В. түрлері болады. Вексель беруші несие иесіне (вексель ұстаушыға) беретін, заң 

жүзінде  нақты  формада  белгіленген  жазба  түріндегі  борышқор  қолхаты.Құнды  қағаз; 

кредитке  берілетін  ақшаның  бір  түрі.  Оның  иесінің  (вексель  ұстаушының)  белгілі  бір 

уақыт  мерзім  ӛткенде,  векселді  берушіден  ақша  талап  етуге  даусыз  құқық  беруді 

куәландыратын  жазбаша  қарыз  міндеттемесі.  Вексель  нарықтық  экономика  түріндегі 

елдердің  коммерциялық  және  банкілік  іс-тәжірибесінде,  сонымен  қатар  сыртқы  саудада 

және  басқа  да  халықаралық  есептесулерде  барынша  кеңінен  қолданылады.  Векселдік 

міндеттеменің  мәні  мен  маңызы  тек  қана  ақша  (ұлттық  түрдегі  және  шетелдік  валюта 

түріндегі) болуы мүмкін. 

Чек(тексеру‚  бақылау‚  кедергі  жасау)  —  қатаң  түрде  белгіленген  нысандағы  бағалы 

қағаз,  ақшалай  құжат.  Онда  чек  берушінің  чекте  кӛрсетілген  ақшалай  соманы  чек 

ұстаушыға  тӛлеу  жӛнінде  банкіге  берген  жазбаша  ӛкімі  баяндалады.  Чек  қызметін 

банкілер клиент ашқан Чек салымындағы депозиттелген ақшалай сома шегінде кӛрсетеді. 

Чекті  ӛтеу  кӛзі  —  клиенттің  меншікті  қаражаты  немесе  банк  несиесі.  Ақшалай  Чекті 

банкіден қолма-қол ақша алу үшін, несиелік Чекті қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін 

пайдаланады. Несиелік Чекті жоғалған, ұрланған немесе қолдан жасалған жағдайда қорғау 

үшін  кроссолау  әдісі  қолданылады,  яғни  оның  бет  жағында  екі  қатар  сызықпен  қиғаш 

сызу  тартылады  (мұның  мәнісі  оны  пайдалануға  белгілі  бір  шектеу  қойылды  дегенді 

білдіреді). Чек тӛлем айналымында пайдаланылады және онда міндетті түрде ―чек‖ деген 

атау‚ Чек берушінің тапсырмасы (ӛкімі)‚ берушінің атауы және оның тӛлем тӛленуге тиіс 

шоты‚  тӛлем  тӛленетін  валюта‚  чектің  жазылған  күні  мен  мекені‚  Чек  берушінің  қойған 

қолы болуға тиіс. Чекте деректемелердің ең болмаса біреуінің жоқ болуы‚ құжатты заңды 

күшінен айырады. 

Түрлері: 

―бұйрыққа жатады‖ деген ескертпемен белгілі бір адамға жазылған ордерлік Чек; 

―бұйрыққа жатпайды‖ деген ескертпемен белгілі бір адамға жазылған атаулы Чек; 

―ұсынушыға‖ деген жазу жазылған ұсынушыға арналған Чек; 

Ордерлік және ұсынушыға арналған Чектерді индоссамент арқылы кез келген адамға 

(Чек  берушіні  қоса)  табыстауға  болады.  Чек  бойынша  тӛлемге  авальшы  аваль  арқылы 

толық немесе ішінара кепілдік беруі мүмкін. Чек бойынша тӛлемге кепілдікті тӛлемшіден 

басқа  кез  келген  тұлға  бере  алады.  Чек  бір  қаладағы  немесе  басқа  қаладағы  айналымда 

тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін де қолданылады. Чек 

ақша  жиынының  аса  ӛтімді  компоненттерінің  бірі  ретінде  М1  ақша  агрегатына  жатады, 

ӛйткені оны банк барлық қажетті шарттары сақталған жағдайда міндетті тәртіппен тӛлем 

тӛлеуге  қабылдайды.  Чек  айналыстағы  қолма-қол  ақшаның  орнын  толтыру  атқарымын 

орындайды  және  ақша  ресурстарының  үнемделуіне  жәрдемдеседі.  Электрондық  аударма 

жүйесінің енгізілуі құжат айналымын жеделдетеді. Чек транзакциясы, яғни Чек деректерін 

магнитті  тасығышқа  жазу,  микрофильмдеу  банкінің  Чекті  ӛңдеуге,  Чекті  ӛңдеуге, 

сұрыптауға  жұмсайтын  шығынын,  ӛтелген  Чекті  иесіне  қайтаруға  жұмсалатын  пошта 

шығынын  үнемдеуге  жәрдемдеседі.  Экон.  табиғаты  бойынша  Чек-  борышқорлық 

міндеттеме.  Оны  ӛтеу  Чек  берушінің  (борышқордың)  шотынан  Чек  ұстаушының 

(алушының)  шотына  белгілі  бір  ақшалай  соманы  аудару  жолымен  жүзеге  асырылады. 

Чекті  бір  тұлғадан  екінші  тұлғаға  беру  мүмкіндігі  және  Чек  айналымының  дамуы  оны 

айналымдағы  ақша  құжаты  ретінде  сипаттайды.  Чектің  қолма-қол  ақшасыз  қаражат 

ретінде айналыста жүруге жарамдылығы оны жалған ақшаға (квази-ақшаға) айналдырады. 

Чек  иеленушісінің  мүліктік  құқығын  куәландыратын  құжат  ретінде  және  тӛлем 



76 

 

айналымына  қызмет  кӛрсетуге  арналғандықтан  —  саудада  пайдаланылатын  бағалы 



қағазға жатады. 

Аударым - кәсіпорын, фирма тӛлейтін тӛлем, жұмсайтын шығын. Аударым негізінен 

табыстан  алынып,  мемлекеттік  және  жергілікті  бюджеттерге  түседі.  Тозымпұлдық 

аударым,  әлеуметтік  сақтандыруға  аударым,  пайдадан  сақтық  қорына  аударым  т.  б. 

түрлерге бӛлінеді. 

Пластикалық  карточка  –  бұл  ақпараттың  қазіргі  жоғары  технологиялық  алып 

жүрушісі.  Мамандардың  айтуы  бойынша,  пластикалық  карточка  –  бұл  Қазақстанның 

тӛлем  жүйесінің  болашағы.  Пластикалық  карточка  жақында  тек  қана  қолма  –  қол 

ақшаларды  емес,  құжаттарды  да  ауыстырады  (жеке  куәлік  немесе  тӛл  құжат  орнына  – 

карта  суретімен).  Барлық  әлемде  2,5  миллиардтан  астам  адам  тауарлар  мен  қызметтерге 

тӛлем  жасау,  жалақы  алудың  құралы  және  есептеудің  тағы  басқа  түрлері  ретінде 

пластикалық  карточкаларды  таңдады.  Ендеше,  пластикалық  карточка  қолма  –  қол 

ақшалармен  еспетеуге  қарағанда,  қолайлы,  әрі  сенімді  болып  табылады.  Пластикалық 

карточкалар шартты түрде: 

- Халықаралық; 

- Жергілікті; 

- Дебеттік; 

- Кредиттік; 

- Корпоративтік; 

- Жекешелік; 

- Құрама; 

болып бӛлінеді. 

Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар: 

- VISA; 


- Master Card/Europay; 

- American Express; 

Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қызметтері. 

Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары. 

Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі. 

Ӛзіндік бақылау сҧрақтары:  

1.Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қызметтері. 

2. Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары. 

3. Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.  

 Ҧсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау