2. Интрузивтік магматизм. Kөп жағдайларда магма жер үстіне жетпей жер қыртысында кептеліп қалады да сонда қатаяды. Ондай денелерді және оларды құрайтын магмалық жыныстарды интрузивтік, яғни терендік деп атайды. Олардың көлемі мен аумағы орасан зор, Мысалы, Көкшетау облысындағы Зеренді гранит массивінін аумағы 6000 шаршы километрден артық. Неше түрлі әр жасты шөгінді, вулканогенді, метаморфталған жыныстар арасында кептеліп қатайған интрузивтердің пішіні де әр түрлі. Қапталған тау жыныстарының жату жағдайына сәйкес денелерді конкордантты (латынша сәйкес) деп атайды да, ол тау жыныстарын әр бағытта кесіп шалыс жатқан денелерді дискордантты (латынша «дие» — бұзу) деп атайды, жатқан тұсының тереңдігіне байланысты интрузивтік жыныстарды абиссалдық (тереңдік) және гипабиссалдық (жартылай терең) түрлеріне ажыратады.
Абиссалдық интрузивтер жер бетінен ондаған километр тереңде пайда болады. Keйіннен үстіңгі жабуы денудациядан бұзылып-шайылған соң олар жер бетіне шығады. Пішініне қарай тереңдік жыныстардын ең жиі кездесетін түрлері — батолиттер, штоктар, лакколиттер, лополиттер.
Батолиттер (1) өте аумақты, 100 шаршы километрден артық (Зеренді), Батолиттердің жапсар қабырғасы әдетте тік және массивтің өзінен сыртқа қарай құлайды. Төбесі күмбез тәрізді, бірақ тегіс емес, көптеген шоқы, ойыстары болады. Батолиттер көбінесе гранит сияқты қышқыл интрузивтерден түзіледі.
Бисмалиттер (2) тығын, этмолиттер (4) шұңқыр пішіндес денелер.
Лакколиттердің (7) төбе жағы дөңес күмбезделіп, пішіні бөлке нанға немесе жуан саңырауқұлаққа ұқсайды. Өйткені магма тау жынысының арасына кірген кезде оны жоғары көтеріп, өзі сонда пайда болған қуысқа кептеледі, Лакколиттердің аумағы жүздеген метрден бірнеше километрге жетеді, Мысал ретінде Бестау (Пятигорск) лакколиттерін атауға болады.
Лополит (8) деп шыныаяқ пішіндес, шеттері ішіне қарай құлаған денені айтады, Аумағы кей жағдайда үлкен келеді, Мысалы, Оңтүстік Африкадағы Бушвельд лополитінің көлемі 145 мың км2.
Штоктар (3) деп ауданы 100 шаршы километрден аспайтын, беті дөнгелектеніп біткен интрузивтік денелерді атайды. Олар тереңге тік кетеді.
Факолит (9) деп кішігірім линза пішіндес денені айтады. Ол әсіресе ультранегізді жыныстарға тән.
Айтылған интрузивтердің қайсысы болсын теренде түзілгендіктен магмасы өте баяу кристалданады да құрылымдары үнемі толық кристалды ірі, орташа түйірлі болады. Түзілімі ұдайы шымыр, нығыз келеді.
Интрузивтік денелердің пішіндері
Гипабиссалды интрузивтерге дайкалар, желілер, силлдар, некктер жатады. Олар негізінен жыныс арасының шытынап босаңсыған тұстарына кептеледі.
Дaйкалap (5) деп тақта пішінді көлденең қалыңдығы бірнеше метрден аспайтын, ұзындығы әр түрлі, тік жатқан денелерді атайды. Олар жыныс аралығындағы жарықтарды қуалап кіреді. Дайкалар көбінесе параллель бағытта топталып кездеседі. Кей жағдайда олар сақинаша дөңгеленіп топталады.
Желілер (6) дайкадан не құлay бағытының көлбеулігінен, не көбінесе кварц, карбонатты, рудалы т. б. заттық құрамымен айырылады.
Егер магма жазық немесе шамалы еңкіш жатқан тау жыныстарының арасына кіріп, қабаттармен сәйкес орналасса, ондай денелерді силл (пластаралық— 10) деп атайды. Олардың қалыңдығы да ұзындығы да едәуір келеді. Силлдар бір-бірімен қабаттасып та жатады, Олар тұтқырлығы шамалы негізді, орта негізді магмаға тән.
Гипабиссалды магма жер бетіне тақау кристалданғандықтан құрылымы уақ кристалды және порфирлі болып келеді. Порфирлі түрінде минералдардың уақ түйіршіктерінің арасына ірі, кристалдық пішіні жетік кристалдар кездеседі. Мұндай түрде гипабиссалдық жыныстардың атына «порфир» (жыныс қышқыл не сілтілі болса), немесе «порфирит» (магмасы негізді, орта негізді болса) деген сөзді қосарлатып жазады. Мысалы гранит-порфир, габбро-порфирит, диоритовый порфирит.
Магмалық тау жыныстары тереңде жату жайына және химиялық (ендеше минералдық) құрамына байланысты жіктеледі. Химиялық тұрғыдан жыныс құрамындағы кремний тотығының барлық мөлшеріне байланысты бес топқа бөлінеді: қышқыл (SiO2 65 проценттен артық), орта негізді (65—55%). негізді (55—45%), өте негізді (SiO2 45%-тои кем). Сілтілі жыныстарда кремний тотығының мөлшері 65—55% шамасында, бірақ олардың құрамында калий мен натрий көбірек. Қышқыл интрузивтік жынысты гранит дейміз. Ол ортоклаздан (20-30%), қышқыл плагиоклаздан (10—40%), кварцтан (20 -35%), слюдалардан (5—10%), немесе қоңыр амфиболдан, кейде пироксеннен тұрады. Түсі ашық сұр,сарғылт, қызыл.
Орта негізді интрузивтік жыныстың өкілі диорит сұр, жасылтым сұр түсті, орта негізді плагиоклаз (андезин) бен амфиболдан, кейде пироксеннен, биотиттен тұрады. Күрең түсті минералдардың жалпы мөлшері 25— 35 процент шамасында.
Сілтілі интрузив жынысы сиениттің құрамына плагиоклазбен қатар нефелин, ортоклаз кіреді және күрең минералдар мөлшері азырақ болады.
Негізді интрузивтік жыныстардың ең жиі тарағаны габбро. Ол негізді плагиоклаз (лабрадор-анортит) бен пироксеннен немесе қоңыр амфиболдан тұрады; кейде оливин қосылады. Түсі қара, қара сұр, жасылтым. Негізді жыныстардың қайсыбірі тек әдемі көк түспен құлпырған ірі кристалды лабрадордан түрады, оны лабрадорит деп атайды.
Өте негізді интрузивтік жыныстар жер қыртысында шамалы ғана тараған. Олар, негізінен, темір мен магний силикаттарына бай минералдардан құралады. Түгелдей дерлік оливиннен түзілсе дунит деп атайды, пироксеннен құралса — пироксенит дейді, осы екі минералдың қосындысынан құралса перидотит деп атайды.
Гипабиссалды магмалық жыныстар да құрамына сәйкес қышқыл, сілтілі, орта негізді, негізді болып жіктеледі, тек құрылымы уақ кристалды немесе порфир тәрізді. Ол уақ не жабық кристалды арқаудан және оның арасында шашыраған ірірек, кристалдық пішіні жетік жеке минералдардан құралады.
Құрамы гранитке сәйкес өте уақ кристалды, тығыз, кесек қант секілді гипабиссалды жынысты аплит деп атайды. Өте ірі кристалды ортоклаздан, альбиттен, кварцтен, слюдалардан түзілген желілі тау жынысын пегматит дейді. Кейде кварц (25%) пен дала шпаттары (75%) бірін-бірі баса-көктеп өседі де көлденең қимасы араб әріптерінің әдемі өріміне ұқсайды, Осындай келбетті пегматитті жазулы гранит немесс еврей тасы (сынали көне еврей жазуына ұқсастығынан) дейді. Ірі кристалданып, көктеп өскеніне қарай, пегматиттер магманың кристалдану сонында бу мен газдарға қанық қалдық ерітіндіден түзілгенін байқаймыз, Сондықтан пегматиттер әрдайым сирек металлардың шоғырына, таза жетік кристалдарға (мысалы сутас, альбит, слюда, асыл тастар) бай болады. Габброға жататын сұр, жасылтым сұр түсті уақ кристалды, микроскоппен қарағанда жүндей ұйысып жатқан плагиоклаз бон пироксеннен түзілген жынысты диаоаз не диабазды порфирит (порфирлі құрылымды болса) деп атайды.
Интрузивтік жыныстардың практикадағы маңызы. Интрузивтік жыныстардың барлығы дерлік құрылыста қаптама материал, ескерткіштердің іргетасы, құлпытас ретінде пайдаланылады. Алматы қаласындағы көптеген ғимараттар Қордайдың қызыл гранитімен қапталған. Қалада әдемі боз жасыл амазониттік (ортоклаздың бір түрі) гранит те қолданылып жүр; одан значоктар, кеудеге тағатын басқа да белгілер жасайды.
Негізді плагиок- лаздан түзілген, құлпырып, көк сәулелі нұрын шашқан лабрадорит ескерткіш жасауға талтырмайтын сирек зат. Алматыдағы 28 панфиловшылар паркіндегі «Мәңгі алау» тасы осы лабрадориттен жасалған.
Дегенмен интрузивтер алдымен сансыз қазынды байлықтардың бастапқы көзі. Өте негізді, негізді магманың кристалданып қатқан шағында жыныс арасында хром кендері (Кемпірсай, Дөн), түсті металдар мен никельдің сульфидті кендері (Орал, Норильск кендері) жаралады. Негізді-сілтілі плутондар мен цирконийдің, танталдың, ниобийдің, қалайының, фосфордың негізгі кені апатиттің кендері сыбайлас. Мысалы, Кола түбегіндегі Хибин массиві.
Әсіресе металл кендерге орта негізді және қышқыл магмалы жыныстар бай келеді, өйткені олар су буы, газдар сияқты өзімен қоса металдарды ерітіп әкелетін ұшпаларға бай. Кейбір кендер ннтрузивтік массивтердің шетін ала жаралады, мысалы, мыс-профирлі Қоңырат, Бозшакөл. Көптеген кендер интрузив плутондардын сыртқы жапсарында құрылады, мысалы, Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай, Қашар магнетит кеніштері. Әсіресе магмадан ол қатқан сайын жарықшақтарды қуалап, соларға кептелген гидротермалды (желілі) кен шоғырларын айту керек. Олар түсті металдардың (алтын, күміс), уранның, флюориттің шоғырларының негізгі көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |