Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»



жүктеу 2,91 Mb.
бет14/34
Дата23.11.2018
өлшемі2,91 Mb.
#24354
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі. Әрбір пән мұғалімі бағдарламаны басшылыққа ала отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауы қажет. Ол үшін, жыл бойына бөлінген жалпы сағатты тоқсандарға бөлеміз.

I тоқсан: 1 қыркүйек – 4 қараша (9 апта);

II тоқсан: 10 қараша – 28 желтоқсан (7апта);

III тоқсан: 11 қаңтар -23 наурыз (10 апта);

IV тоқсан: 1 сәуір- 25 мамыр (8 апта).

Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады. 6-дәрісте 7-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бір бөлігі көрсетілген. Сол мысалды басшылыққа алып 7-11 сыныптарға күнтізбелік жоспар жасаңдар.




Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

р№

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Көрсетілетін демонстрация-лық тәжірибелер

Үйге тапсырма

1

2

3

4

5

6

І-тараудың атауы (тарауға бөлінген сағат саны)



















Күнтізбелік жоспар жасалғаннан соң өздеріңе бөлінген тақырып бойынша сабақ жоспарын жазыңдар. Сабақ жоспарын жазудың мысалы 6-дәрісте көрсетілген.

Сабақ жоспары келесі элементтерден тұруы керек:


  • сабақтың тақырыбы мен міндеттері;

  • әрқайсысының уақыты көрсетілген сабақ кезеңдері;

  • білімді тексерудің әдістері мен мазмұны;

  • жаңа материалды оқытудың жүйелілігі мен әдістері;

  • қажетті мәліметтері бар көрсетілім тізбесі.


Бақылау сұрақтары:

    1. Мұғалім қандай жоспарларды құрады? Оларды сипаттаңыз.

    2. Күнтізбелік жоспар қалай жасалады?

    3. Күнтізбелік жоспар жасау не үшін қажет?

    4. Сабақ жоспары қалай жазылады?

    5. Сабақ жоспарын жазу не үшін қажет?

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.

  2. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.

  3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

Сабақтың соңында студенттер жаңа оқу материалын меңгертуге арналған сабақтың жоспарын жазу үшін тақырыптар алады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2-3

ТАҚЫРЫБЫ: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.)

Мақсаты: Физикалық эксперименттерді демонстрациялауда компьютерлік технологияның алатын орын көрсету.

Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:

    1. Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолданудың жолдары қандай?

    2. Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолдануда мұғалім қандай мәселелерді білуі керек?

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау

Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген тақырыптар бойынша компьютерлік техниканы қолданудың жолдары көрсетілген сабақтың жоспарын жасап көрсетеді.



Бүгінгі сабақта өздерің дайындап келген тест тапсырмалары бойынша компьютерлік тест жасаймыз. Қазіргі уақытта компьютерлік тестілеу кеңінен қолданылады. Бұл әдістің маңызы, біріншіден, уақытты үнемдейді, екіншіден, тест сұрақтары кез-келген тақырыпты қамтиды. Тестік қабықша – тестер үшін контейнер функциясын атқаратын арнайы дайын программа. Тест тапсырмаларын құрудың бірінші қадамдық жұмысы: Экзаменатор деп аталатын тест қабықшасын қарастырайық.

  1. Ол үшін берілген бағдарламаны енгізу үшін Пуск – Программы – Экзаменатор – Quest Editor командаларын орындаңыз. Сонда сұрақтар файлын құру үшін бағдарлама терезесі ашылады (11-сурет).


11-сурет. Сұрақтарды редактирлеу бағдарламасының терезесі.


жүктеу 2,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау