Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Дүниежүзілік шаруашылық географиясы» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар



жүктеу 1,39 Mb.
бет4/7
Дата15.05.2018
өлшемі1,39 Mb.
#13907
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1.Дүние жүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы машина өндірісінің рөлін сипаттап жазыңыз.
2. «Халықаралық экономикалық интеграция ұғымын» сипаттаңыз.


Әдебиеттер

1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с.


2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с.
3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с.
4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г.
5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с.
6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с.
7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с.
8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000.
9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с.
10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998.
11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с.
12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с.
13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с.
14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 .
15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985.
3.Тақырыбы: Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетикалық кешен

Дәріс мақсаты: Өнеркәсіп салаларының географиялық орналасуын, дамуын түсіндіру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп.
2. Отын-энергетика, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсіп салалары.
3. Қоршаған орта мәселелері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді.
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына "астаналық" фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.

Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық аудандарда көбірек орналасады, бұл аумақтарда халықаралық экономикалық аудандар да қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жағалауларына "ығысуы" да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңында сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған.


Өңдеуші өнеркәсіптердің құрылымы, (%)

Салалар

Қазақстан

Дуние жүзі

Дамыған елдер

Тамақ өнеркәсібі

22

11

10

Жеңіл өнеркәсіп

1

4

3

Орман және ағаш өңдеу

2

9

10

Химия және мұнай өңдейтін

11

17

16

Металлургия

42

5

4

Машина жасау

9

50

53

Басқа салалар

13

4

4

Барлығы

100

100

100

Сонымен, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық тиімділік факторы негізінде бір саладағы кәсіпорындарды шашырата орналастыру байқалады.

Отын-энергетика кешені

Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті.

Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты.

Мұнай өнеркәсібі

Мұнай өнеркәсібі — дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.

Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар).
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008 жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.

Мұнай — аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар 500 м-ден төмен тереңдікте орналастырылған.
Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың т болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып қалған "Вальдес" танкерінен суға 40 мың т мұнай ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді.

Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.



Газ өнеркәсібі

Дүниежүзі бойынша газ өндірісі XX ғасырдың ортасынан бастап өркендей бастады, содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты. Табиғи газбен қатар, мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық мақсатта ғана емес, химиялық шикізат ретінде азот тыңайткыштары мен полимер өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды кен орындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері мен Орта Азияда шоғырланған. Қазіргі кезде кептеген елдер (Бруней, Малайзия, Норвегия және Ұлыбритания) табиғи газды теңіздегі газ кәсіпшіліктерінен өндіреді, су астындағы газ жинау қондырғылары 500 м-ден астам тереңдікте жұмыс істейді. Қазіргі кезде дамыған елдердің отын-энергетика құрылымында газ үлесі көмірмен бірдей мөлшерде. 2006 жылы дүниежүзінде 3646 млрд м3 табиғи газ өндірілді, оның 36%-ға жуығы Ресей мен АҚШ-тың үлесіне тиесілі. Қазақстанда 2008 жылы 32,9 млрд м3 табиғи газ өндірілді, яғни жан басына шаққанда 1474 м3-ден келеді.



Көмір өнеркәсібі

Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. XX ғасырдың 50—60-жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып қалған болатын. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір өндіретін жетекші 10 елдің қатарыыа енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір өндірілді. Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса, импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.



Электр энергетикасы

Энергияның экономикалық жағынан ең тиімді, экологиялық жағынан қауіпсіз әмбебап түрі болып саналатын электр энергиясын өндіру үшін алуан түрлі минералды шикізат, су және атом энергиясы пайдаланылады. Минералды отынмен жұмыс істейтін жылу электрстансылары (ЖЭС) шикізат көздерінде және ірі тұтыну орталықтарында орналасады; олардың жалпы электр энергиясының өндірісіндегі үлесі — 63%. Су электрстансылары (СЭС) дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 1/5-ін береді. Су энергиясы ресурстары, негізінен, дамушы елдерде шоғырланған, сондықтан әзірше толық игерілмей келеді. Мысалы, Латын Америкасында су энергиясы қорынын 10%-ы, Африкада 5%-ы ғана игерілген. Энергияның бұл түрін пайдалануда AҚШ пен Ресей алдыңғы орында, бірақ жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша Норвегия басымдылық көрсетеді.



Атом электрстансылары

Атом электрстансыларының (АЭС) да маңызы артып келеді. Олар дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 17%-ын, Францияда 80%-ын береді. Соңғы кездері электр энергиясын сарқылмайтын балама энергия көздерінен (жел, гелио-, геотермалдық, толысу энергиясы) де алатын болды.

Электр энергиясын өндіру жыл сайын артып келеді; соңғы 50 жылда оның көрсеткіші 14 есе артты. Оның басым бөлігі әлемдегі жетекші елдер үлесіне тиесілі болды Қазақстанда 2008 жылы 80,3 млрд кВт/сағ, яғни жан басына шаққанда 4959 кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Елімізді бұл көрсеткіш бойынша басқа елдермен салыстырып көріңдер

Сонымен электр энергетикасының дамуы аумақтық айырмашылықтарға ие. Халқының саны адамзаттың 20%-ын құрайтын дамыған елдердің үлесіне өндірілген электр энергиясының 3/4-і тиесілі.

Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.




Қазақстандағы көмір өнеркәсібі

Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады.



Тарихы

  • 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды.

  • 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды.

  • 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді.

  • 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды.

Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді.

  • 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті.

  • Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды.

  • 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді.

  • Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды.

  • 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады.

  • Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір өндірді.

  • Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалық реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады.

  • 1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. т болды.

Дағдарыс кезеңі

1990 – 97 ж. елде көмір өндіру көлемі 44,6%-ға құлдырады.

Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды:


  1. отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді;

  2. ОЭК жаппай мемлекеттік меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемлекеттік, аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды;

  3. кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді;

  4. ОЭК өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады;

  5. саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды;

  6. энергетикалық саясатта және тиісінше елдің отын-энергетикалық балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергетикалық баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне жете назар аударылмады.Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады.

Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен (58,2 млн. т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн. т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 – 2000 ж. кезеңінде Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз көмір алабының рөлі артты. Қазір республикада өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында “Богатырь Аксес Көмір” Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, “Богатырь” кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет “Екібастұз көмірі” бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар минералдық “Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын” әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған.

2001 ж. көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. т-дан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Көмір өнеркәсібі саласының өндірістік әлуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 – 35 млн. т-ға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды.



Қарағанды, көмір алабы

Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшін электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Кемір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан да жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен электр стансалары.



Екібастұз, көмір алабы

Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі - көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. «Богатырь», «Восточный» жәнө «Северный» кесінділерінде ашық әдіспен өте мықты роторлы экскаватормен қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі жетекші кесінділердің біріне жатады. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омск) салынған.[1]



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау