Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Дүниежүзілік шаруашылық географиясы» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 1,39 Mb.
бет5/7
Дата15.05.2018
өлшемі1,39 Mb.
#13907
1   2   3   4   5   6   7

Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі

Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т-сы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан:



  • Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. т жалпы геологиялық қор және 3,04 млрд. т барланған қор;

  • Батыс Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. т және 1,79 млрд. т;

  • Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. т және 18,52 т;

  • Оңтүстік Қазақстанда – 33,0 млрд. т және 0,48 млрд. т. Салада 62 өнеркәсіп орны мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998), олардың өндіріс көлемі 2698,5 млн. теңге болды.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Электр энергиясын өндіру, машина жасау, химия, өнеркәсібінің негізгі аудандарының орналасуы бойынша карта-сызба сызыңыз.
2. Қазіргі кезеңдегі өнеркәсіп салаларының қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыз.
3. Өңдеуші өнеркәсіп салалары дамыған елдерге сипаттама жазыңыз.
Әдебиеттер
1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с.
2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с.
3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с.
4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г.
5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с.
6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с.
7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с.
8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000.
9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с.
10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998.
11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с.
12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с.
13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с.
14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 .
15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985.

4. Тақырыбы: Металлургия және машина жасау өнеркәсібі



Дәріс мақсаты: Дүниежүзілік машина жасау өнеркәсібіне сипаттамам беру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын негізгі өнім түрлері. Бұл саладағы мамаандану мен шоғырлануға не себеп болады?

  2. Жаңа индустриялық елдерде неліктен машина жасау, соның ішінде ғылым мен еңбекті көп қажет ететін салалар өркендеуде?

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Машина жасау – ауыр өнеркәсібінің еңбек құралдарын, тұтыну заттарын және қару жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы. Машина жасау өндірісі энергетика, электротехника, станок жасау және құрал-саймандар өнеркәсібі, аспап жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, т.б. салаларға бөлінеді. Қазақстанда машина жасау екінші дүние жүзлік соғыс жылдарында басқа республикалардан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалды. Соғыстан кейін бұл сала жоғарғы қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды. Республиканың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар, тау-кен, көмір, мұнай, металлургия, тамақ кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсіпке қажетті жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, көлікке, құрылысқа арналған машиналар мен құрал-саймандар және электротехникалық аппараттар мен станоктар – барлығы мыннан астам өнім түрлерін шығарады. Алматыда метал кесу станогын, электр аппаратурасын, гидротехникалық жабдықтар, Қарағандыда тау-кен шахтасы жарағын, кокс – химия техникасын, Шымкентте прессавтомат, карданвал, Өскеменде түсті металургия жабдығын, конденсатор, Павлодарда трактор, Астанада ауыл шаруашылығы техникасы, Қостанайда дизель маторын, Ақтөбеде ренген аппаратурасын, Атырауда мұнай өндірісіне қажетті машина мен жабдықтар, Талдықорғанда (Алматы облысы) аккумулятор, Кентауда эксковатор шығаратын өндіріс орындары жұмыс істейді [2; 77].

Машина жасау өнеркәсібі дүние жүзлік шаруашылықтың материалдық сферасындағы өнеркәсіп саласының бірі. Ол маңыздылығы бойынша отын-энергетика кешені мен металлургия өнеркәсібінен кейін үшінші тұрады. Машина жасау өнеркәсібі еңбекпен қамтылуы мен шығарған өнімнің құны бойынша басқа өнеркәсіп салаларға қарағанда алда тұр. Бұл машина жасау өнеркәсібі басқа салаларды керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететіндігімен түсіндіріледі.

Машина жасау өнеркәсіп кешені басқа да сала аралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол отын-энергетика кешені өнімдерісіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ, отын-энергетики кешені машина жасаудан энергетикалы, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Мншина жасау өнеркәсіп кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, өзі оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы мен жоңқаларын) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларрды өндіру, керсінше, машина жасау өнеркәсібісіз мүмкін емес. Жеңіл өнеркәсібі машина жасаудан қажетті станоктар, құрал-жабдықтар алады да, машина жасау өнеркәсібіне қажетті техникалық маталар, тері т.б. шығарады. Сонымен машина жасау өнеркәсібі әлемдік шаруашылықтың барлық салаларын еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді және олардың өнімдерін (пластмасса, резина, шыны және т.б.) мен металлдардың ең негізгі тұтынушысы болып табылады.

Машина жасау кешені өндірісті құрал-жабдыұтармен, детальдармен, қосымша бөлшектермен қамтамасыз етумен бірге ол ғылым мен техниканың жетістігін өндіріске енгізуге, өндірісті автоматикалық жүйеге көшіруге, еңбек өнімділігін арттыруға, материалдық шығынды азайтуға, халық тұрмысына қажетті ұзақ уақытқа қолданылатын тауарлар шығаруға, адамдардың уақытын үнемдеуге және дұрыс пайдалануға көмектеседі. Машина жасау өнеркәсібінің маңызы – оның шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдықтар, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер, теледидар, тұрмыстық техникалар) шығарумен анықталады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тығыз байланысты. [6; 25]

Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты жоғарыда аталғандай металлургиядан алады (болат, шойын, түсті металлдар). Дайын өнім алу үшін шикізат бірнеше сатыдан өтеді. Машина жасау өнеркәсібінің технологилық сатысы бойынша дайындау, механикалық өндеу және жинау болып бөлінеді. Дайындау сатысы металды көп жұсайды, сондықтан шикізат көздеріне жақын орналасады. Бұл сатыда сұйық металды арнайы алдын ала дайындалған пішінге құяды. Одан келесі сатыда, яғни механикалық өндеу сатысында алынған құйманы өндеп бөлшектер дайындайды (станокта кеседі, жонады т.с.с.). Үшінші сатыда машина жасау зауыттарда бөлшектерді құрастырып дайын өнім шығарды. Мысалы, автомобиль, станок және т.б. Осы саты орналастыруды жан-жақты әр түрлі вариянттармен территориялық ұйымдастыруға болады [6; 26].



Машина жасау өнеркәсібінің салалары, оның сипаттамасы

Машина жасау өнеркәсібі шығаратын өнім түрлеріне байланысты көптеген салаларға бөлінеді. Соның ішінде Қазақстанда дамыған салалары: автомабиль жасау өнеркәсібі, трактор және ауыл шаруашылық машина жасау, энергетикалық машина жасау, металлургиялық машина жасау, тау-кен машина жасау, мұнай мен газ өндіру кәсіпорындарына арналған құрал-жабдықтар өндірісі, химия машина жасау өнеркәсібі, электротехникалық өнеркәсіп, құрылыс жол жөндеу машина жасау, кеме жасау, радиоэлектрондық өнеркәсіп, металдық құрастырмалар, жабдықтар жасау, аспап жасау, құрылыс құрастырма құрал-жабдықтар жасау және т.б.

Автомобиль жасау өнеркәсібі. Бұл сала ХІХ ғасырдың сонында пайда болды. Ол жаңа салаларға жатады. Бұл саланың басқа салаларға қарағанда орны ерекше. Автомбиль өнеркәсібі басқа өнеркәсіп салалардың өнімдерінің негізгі түтынушысы болып табылады (шойын, болат, алюминий, пластмасса, қорғасын, каучук, электрондық бұйымдар және т.б.). Ол ғылыми-техникалық процес әсерінен жылдан-жылға дами түсуде. Елімізде автомобиль өнеркәсібі Шығыс Қазақстан облысында (Өскеменде «Востокмашзавод», «АЗИЯ АВТО», Семейде «СемАЗ»), Алматы облысында (Алматыды «ІскерГАЗ») жақсы дамыған.

Трактор және ауыл шаруашылық машина жасау – ауыл шаруашылық машиналар мен құрал-саймандар шығаратын машина жасау өндірісінің саласы. өнеркәсіптің бұл саласы. Трактор және ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібі бұрынғы өндірістік базаны қалпына келтіпу және реконструкциялау арқылы жүргізіледі. Олраға «Қазастантрактор» ААҚ (Павлодар), «Астана-Тенопарк» ААҚ (Астана), «Қызылордакүрішмаш» ААқ (Қызылорда), «Оралагромаш» ААҚ, «Алматы «Поршень» зацыты» ААҚ т.б. кәсіпорындар кіреді [7; 150].

Ауыл шаруашылық техникасы — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шарушықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасын қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады. Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады. Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т.б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл шаруашылық техникасы шығарылады.

Станок жасау – машина жасаудың жетекші саласы. Халық шаруашылығының барлық саласы үшін металл өндейтін станоктар, автоматт және жартылай автоматты, автоматты комплекстер өндіру.

Прибор жасау – машина жасаудың өлшеуіш, реттеуіш приборларын автоматтандырумен басқару жүйесінің құралдарын шығаратын саласы. Қазіргі прибор жасау әр алуан мақсатқа қолданылатын приборлардың көптеген түрлерін өндіреді. Приборлардың негізгі топтары: математикалық және есептеуші машиналар мен приборлары, жылу тежегіш приборлар,заттың құрамын анықтайтын приборлар,электр өлшеуіш, приборлар, материалдардың механикалық қасиетін өлшейтін приборлар, физикалық зерттеулерге арналған приборлар, метрологиялық приборлар, бұрыштық және сызықтық жылдамдық пен үдеуді өлшейтін приборлар, уақыт өлшейтін приборлар, метеорологиялық, акустикалық приборлар, уақыт өлшейтін приборлар, лабораториялық, астрономиялық, геодезиялық, агротехникалық, медициналық приборлар, арнайы мақсатқа қолданылатын (авиациялық, автомобиль) приборлар т.б. Өлшеуіш приборлар көрсету нәтижесіне қарай көрсеткіш, тіркегіш, жинақтауыш, сигналдық, және реттеуіш приборларға бөлінеді. Өнеркәсіптің барлық саласында кең қолданылатын приборлар бұйымдарын (мысалы, манометр, термометр, щығын өлшеуіш, ылғал өлшеуіш, тығыздық өлшеуіш, амперметр,вольтметр т.б.) шарты түрде жалпы өнеркәсіптік приборлар, ал бір ғана салада қолданылатын приборлар бұйымдарын (Мысалы, автопилот, жылдамдық, көрсткіш,нивелир, теодолит, электрокардиограф т.б.) арнайы приборлар деп аталады.

Энергетикалық машина жасау – двигательдер мен оларға байланысты аппаратураларды және бастапқы двигательдердің жұмыс істейтінденелері болып табылатын энергия тасмлдағыштарды )су буын, газды, сығылған ауаны) жасауға және пайдалануға әзірлеуге қызмет ететін қоңдырғыларды шығарады.

Негізі өнімдері: бу, гидравикалық (су) және газ турбиналарын, іштен жану двигательдерді, газ турбиналы айдағыштар, бу генераторлары, гидронасостар,турбокомпрессорлы машина, турбо желдеткіштер т.б. түрлері.

Энергетикалық машина жасаудың экономикалық мәні халық шаруашлығының барлық салалары энергетикасының техника негіздерін жасаудағы рлімен анықталады. Осыған орай энергетикалық машина жасау өнімдерін қолданылатын салалары да әр қилы болып келеді.

Кеме жасау – машина жасау өнеркәсібінің кемелерді жасайтын әрі жөндейтін саласы.

Химия машина жасау – машина жасаудың химия өнеркәсібі үшін технологиялық жабдықтар, сондай-ақ комплектілік технологиялық линиялар мен қондырғылар дайындайтын саласы. Химия машина жасау негізгі бұйымдары: жылу масса алмастырғыш, реакциялаушы, кептіпгіш аппаратура, сұйық бір текті емес системаларды айыру жабдықтары, химия өнімдерді араластыру және топтау, газ қоспаларын айыру, резина қоспалар мен пластикалық массаларды өндейтін машиналар.

Химия машина жасау кәсіпорны шығратын химия аппаратура өзінің техникалық экономикалық сипаттамасы, түрлерінің саны және көлемі жағынан негізінен заманғы техникасына сай келеді.

Машина жасау өнеркәсіптер өндірістік мамандану бойынша мынандай топтарға бөлінеді:



  • заттық мамандану салалары: станок, прибор жасау, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы т.б. машиналарын жасау;

  • бөлшектік мамандану: подшипник, қосымша бөлшектер мен детальдар, узельдер, металдық конструкциялар т.б.;

  • технологиялық мамандану: метал құю, өндеу және жөндеу, ұсталық-престік бұйымдар т.б. жөндеу жұмыстары өндірісі.

Мамандану процесі арқасында негізгі кәсіпорынның айналасында бір-бірімен өзара байланысты қосымша кәсіпорындар пайда болды, яғни дайын машиналар мен техникалар шығару үшін өндірісті ұйымдастыру формалары: мамандану, шоғырлану, серіктесу, септесу дамиды. Өндірісті ұйымдастыру формаларының дамуы территориялық (локалдық) машина жасау тораптарының, аудандарының, кешендердің құрылуына себеп болады. Белгілі бір дайын өнім шығару үшін машина жасау зауыттарының бір-бірімен территориялық икемді өндірісті құруға, ғылым мен техниканың жетістіктерін жылдам енгізуге, тұтыну нарығының сұранысына жылдам жауап беруге мүмкіндік жасайды. Технологиялық процестің стадияларына (сатыларына) және орналасу ерекшеліктеріне байланысты машина жасау өнеркәсібі мынандай топтарға бөлінеді:

  1. Ауыр машина жасау өнеркәсібі. Мұның құрамына металлургиялық тау-кен, көтерме көлік құрал-жабдықтары, энергетикалық блоктар (бу қазандары, атом реакторлары, турбина мен генераторлар), металды көп жұмсайтын габариттік құрал-жабдықтар. Кәсіпорындары негізінен толық өндірістік циклді болады және металлургиялық базаларға жақын орналасады.

  2. Жалпы машина жасау өнеркәсібі. Бұған әр түрлі металдық конструкция жинау және ірі габаритті, бірақ жинауы күрделі емес (автомобильден басқа) машина жасау өнеркәсібі, өнеркәсіпке және құрылысқа технологиялық құрал-жабдықтар (жеңіл және тамақ өнеркәсібіненбасқа), ауылшаруашылығы машиналарын жасау (трактордан басқа) өнеркәсіптері жатады. Шикізатты (металл) көп шығындайтын салалар мен кәсіпорындар металлургия базаларына жақын орналасады.

  3. Орта машина жасау өнеркәсібі. Автомобиль, трактор, станок жасау, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылысқа керек орта және кіші мөлшердегі машиналар мен құрал-жабдықтар өнеркісптері кіреді. Мұның құрамына технологиялық сатылар бойынша маманданған көптеген кәсіпорындар кіреді. Оларға серіктесу (кооперация) және септесу (комбинирование) арқылы территориялық ұйымдастыру тән.

  4. Дәл машина жасау жасау өнеркәсібі – дәл машиналар мен механизмдер, аспап пен инструмент жасау, компьютерлік техника, робототехника, автоматиалық құрал-жабдықтар, космос, т.б. өнеркәсіптер жатады. Бұл салалардың технологиялық процесі дәл механикалық өндеу мен жинауды қажет етеді. Сондықтан олар жоғарғы білікті жұмысшылар бар аудандарда орналасады.

  5. Металдық дайын құрамалар мен жабдықтар өнеркәсібі. Металдық дайын құрамалар дайындау шикізат көздеріне, ал металдық жабдықтар шығару, тұтыну рыногына жақын орналасады [2; 78].

Машина жасау кәсіпорындардың орналасу ерекшеліктері

Машина жасау өнеркәсіптердің орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Әйтседе негізгі әсер етуші факторлар ғылым, шикізат, тұтынушы, электро-энергетикалық, еңбек пен көлік болып табылады.

Ғылым. Бүгінгі таңда машина жасау өнеркәсібін ғылыми жетістіктерсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан қазіргі замандағы күрделі техниканы өндіру ғылыми базасы жоғары дамыған аудандар мен орталықтарда шоғырландырылады. Ғылыми потенциал – машина жасау кәсіпорындардың негізгі қалаушы фактор. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады.

Шикізат. Машина жасау өнеркәсібінің кейбір салалары (металлургиялық, энергетикалық, тау-кен шахта құрал-жабдықтар) қара және түсті металлдарды көп қолданады. Соған байланысты осындай өнім шығаратын машина жасау зауыттары шикізатты тасмалдауға шығынды азайту үшін көбінесе шикізат көздеріне жақын орналасады.

Еңбек. Машина жасау өнеркісібі көп еңбек күшін мен жоғарғы білікті мамандарды қажет етеді. Сондықтан машина жасау өнеркәсіптің салалары мемлекеттің халық көп шоғырланған аудандарда, әсіресе инженерлі-техникалық кадрлары бар жерлерде орналасады. Ерекше еңбек күшін қажет ететін салаларға авиациялық кешен, станок жасау, электро-техника өндірісі салалары жатады. Мысалы, конденсатор мен аспап шығаратынзауыттарда әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында – Өскемен қаласында орналастырған.

Көліктік. Машина жасау өнеркәсіптерін орналастыруда шикізатты әкелу мен дайын өнімді аппару мүмкіндігінде үлкен манызы бар. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік көліктік факторлардың рөлі артады. Оның барлық зауыттары үшін, әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болып табылатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Мысалы, темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте – алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік береді [16; 25].

Тұтыну. Машина жасау өнеркәсіптерінің орналасуында сондай-ақ жеткілікті мөлшерде тұтынушы рыноктың болуыда анықтайды. Дайын өнімдерді тасмалдауға кететін шығын (құрал-жабдықтар, трактор) оларды шығаратын металды тасмалдау шығынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасмалдауға қолайсыз машиналарды оларды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерлерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтары көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы (Ақмола облысындағы Макинск) дамыған аудандарда орналастырылады.

Машина жасаудың географиялық орналасуының жеке факторы ретінде әскери-стратегиялық аспектіні айтуға болады. Мемлекеттің қауіпсіздігін ескере отырып машина жасау өнеркәсібінің (көп салалары) қорғанысқа негізделген өнімдер шығаратын салалары мемлекет шекарасынан алыстатылған. Олардың көбі жабық қалаларда шоғырланған.

Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар ерекшеліктер әсер етеді. Ең алдымен бұл – шығарылатын өнімдердің күрделігі. Ол оның салалары мен сала ішілік кәсіпорындарының мамандану қажеттілігін туғызады. Маманданудың үш түрі – бұйымдық, тетеіктер шығару және технологиялық түрлері бар.

Машина жассаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін шығарады. Бір салаға жататын зауыттар да өз мамандануы бар.Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт – күріш жинайтын машина, Астанадағы – трактор тұқым сепкіштерін, Павлодардағы зауыт – тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандану - бұйымдық мамандану деп атайды [16; 126].

Машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес (Станок, автомобиль т.б.), оның тетіктерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды тетік бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордағы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы – ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель двигательдерін шығарады.

Машина жасау зауыттарының үшінші ббір мамандану түрі – технологиялық мамандану. Машина жасау үш негізгі технологиялық стыдан тұрады:

1- Құю, соғу немесе бастырмалар арқылы тетеіктер даярлау;

2- тетеіктерді станоктарда механикалық өндеуден өткізу;

3- тетіктерден дайын өнім шығару.

Егер зауыт өндірістің барлық үш сатысын жүзеге асырмай, тек біреуімен айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер сатысы бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, өскемендегі «Азия-Авто» автомабил құрастыру зауыты автомобильдерді тек дайын тетіктер жиынтығынан құрастырады.



Түсті металлургияның әлемдік шаруашылық жүйесінде алатын орны

Металлургия (грекше: metallurgeo- руда өндіремін, металл өндіремін, metallon- рудник, металл және ergon – жұмыс) ғылымын техниканың және өндірісінің рудадан әр түрлі металлдар тағы басқа материалдар өндіру және металл қортпаларының химиялық құрамы мен құрылымын яғни қасиеттерін өзгерту мәселесімен шұғылданатын саласы. Металлургиялық процестерге жер қойнауынан қазып алынған руданы алдын ала өндеу бұлардан металлдар мен қорытпалар өндіру және оларды бөгде қоспалардан арылту, яғни тазарту, металлдар мен қортпаларға қажетті пішіндер мен қасиеттер беру жұмыстары жатады.

Жалпы алғанда « Металлургия » термині галоидтар мен газдардан өзге элеметтерді өндіру процесстерін қамтиды. Қазіргі техникада металлургия темір негізді қорытпалар (шойын, болат, прокат) өндіру мәселесімен шұғылданатын қара металлургия және бұдан басқа металлдарды өндіруге арналған түсті металлургия деген салаларға бөлінеді.

Түсті металлдар – темірден басқа барлық металдардаң өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металлдар темір емес металдар деп аталады. Түсті металлдар: ауыр (мыс, қорғасын, қалайы, мырыш, никель), жеңіл (алюминий, магний, титан, натрий, калий, т.б.), сирек кездесетін металдар (висмут, кадмий, сурьма, мышяк, кобольт, сынап), қоспаға тиімді металдар (вольфрам, молибден, тантал, ниобий, ванадий), асыл металдар (алтын, күміс, платина және платиноидтар), шашаранды және өте сирек кездесетін металдар (цирконий, галий, индий, талий, германий, стронций, селен т.б.), радиоактивті металдар (уран, технеций уран және трансуран элеметтері, берилий, осмий, радий) деген топтарға бөлуге болады. Шектеулі мөлшерде өндіріліп, өндіріс саласында жуырда ғана қолданыла бастаған металдар сирек металдар деп аталады. Оларға барлық сирек, сирек жер және радиоактивтік, баяу балқитын металдардың көпшілігі мен кейбір жаңа металдарды жатқызады. Түсті металдармен олардың қорытпаларын өндіруде кен - тастық шікізатты өндіруден бастап дайын өнім алуға дейінгі сатысын қамтитын саласын түсті металургия деп атайды. Оның негізгі тармақтарына алюминийлік, никель - кобальттық, мыс, қорғасын - мырыштық, қалайылық, сирек металдық, вольфрам- молибдендік, титан - магнийлік, сүрмелік, балқыма шпаттық, электродтық, қатты қорытпалық, түсті металдарды өндеу, арнайы шала өткізгіштік, екіншілік металлургия жатады. Сондай- ақ түсті металлургия өндірісіне алмаз, электродтар, кейбір химиялық қосылыстар (сирек кездесетін элеметтердің тотықтары, күн қышқылы, тынайтқыштар, химикаттар т.б.) өндірісі де кіреді.

Түсті металлургия саласы, қара металлургия өндірісі сияқты өнеркәсіптің ескі салаларының бірі. Ол сонау өндірістік төнкеріс дәуірінде пайда болған. ХХ ғасырда түсті металлургияның дамуын 3 кезеңге бөліп қарастырады:

1-кезең. 100 жылдықтың бірінші жартысында ауыр металдарды - мыс, мырыш, қорғасын, қалайы өндірумен сипатталған.

2-кезең. 1950 – жылдың басы мен 1970 жылдың аяғына дейінгі кезеңде жеңіл металдарды - алюминий, магний, титан және т.б. қорыту тез қарқынмен дамыды, соның нәтижесінде алюминий өндірісі барлық өндірістерді қуып жетіп бірінші орынға шықты.

3-кезең. 1970 жылдың ортасынан осы уақытқа дейін созылған бұл кезең дүние жүзі шаруашылығы энергетикалық және шикізат базасының аздығымен, қоршаған ортаны қорғауды күшейтумен сипатталады. Осы кезеңде көбінесе қоспалы металдар (вольфрам, молибден, ванадий, тантал, ниобий), сирек кездесетін металдар (висмут, кобальт), шашыранды (германий, селен, цирконий) және «ХХ ғасырдың металдарын » дамыту қолға алынды. Сонымен бірге дәстүрлі түсті металдарға, соның ішінде бағалы металдарға деген сұраныс сақталды. 3 - кезеңде шикізатты екінші рет қолдану да дамыды. Нәтижесінде 1990 – жылдың басында барлық қалайының 1/5 бөлігі, алюминий мен қорғасынның 1/4 тен 1/3 дейін 2/5 мысты, қорғасынның 1/2 бөлігі әлемде қайта қорыту әдісімен өндіріле бастады. Сондай- ақ бұл кезеңде негізінен барлық түсті металдардың өндірісі әр түрлі қарқынмен өсті. 2006 жылы алюминийден 33 млн. тонна, рафинадталған мыстан 15 млн. тонна, ал қорғасын мен мырыштан 12 млн. тонна өнім алынды 14, 247 .

Дүние жүзінде 70 – тен астам түсті метал балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды. Түсті металдардың барлығы аз уақыттан бері ғана пайдалана бастады. Ғылыми – техникалық ревалюцияның (ҒТР) нәтижесінде олар кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар , ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдарды қажет етті. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар.

Қорғасын, никель және қалайы жемірлеуге (корразия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен сипатталады. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте ауқымды: медициналық аспаптармен материалдардан бастап күрделі электроника және ядролық техника осы металдардан жасалады және әр металл «өз кәсібін тапқан». Мысалы: аллюминий «қанатты» металл болса, қалайы «консерві құтыларының » металы болып саналады. Аллюминий жеңілдігімен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты ол шаруашылықта кеңінен қолданылады. Магниттік қасиеттерінің болмауы, әсіресе, авиация, электроника және кеме жасауда, ал улы болмауы – тамақ өнеркәсібі үшін құнды болып саналады. Аллюминийдің жемірілімге төзімді болуы – көлік пен құрылыс үшін тамаша сапалы өнім болып табылады. Оны алатын шикізат құрамында алюминий тотығы (глинозем) бар боксид. Оның қорымен (әлемде 28-орында) еліміз 50 жылдан астам уақытқа қамтамасыз етілген.

Көптеген түсті металдармен сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстын қалайымен (қола) мырышпен (жез), никельмен (мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бұрыннан қолданып келсе, ал берилий қоласы ҒТР дәуірінде пайда болды. Дюралюминий беріктігі жөнінен болаттан кем түспейді, ал салмағы одан 3 еседей жеңіл. Оны ұшақ жасауда кеңіңнен қолданады. Берилий қоласы – мыстың берилиймен (1,5 – 3) қорытпасы жемірлеуге төзімді және өте берік. Одан сағаттың, басқада дәл механизмдердің, электрониканың, байланыс құралдарының, автомобильдердің бөлшектерін жасайды.

Түсті металдар өздерінің «салмақ дәрежелері» бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, родий мен цезийдің әлемдік деңгейдегі қорытпалары ондаған килограммен өлшенсе, мыс пен алюминий миллиондаған тоннамен шығарылады.

Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттер көп болады. Бұл – тасымалдауға қолайлы шикізат  12, 15 .

Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмаздың ірі кен орындары бар. Австралияда түсті металлургия өндірісі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгада, алмаз, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде орналасқан. Америка құрлығында түсті металдардың бай қоры түсті металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Мұнда Чили мыс белдеуі (Анд мыс белдеуі), Чили, Перу, Мексика аумағын өтіп, Солтүстік Америка кордильерасымен жалғасып жатыр, осыған орай ірі монополистік компаниялар (Анаконда, Кеннеконт, Коппер, Нью-Верде) жұмыс істейді. Еуропа құрлығында сирек металдардың бай қоры Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлерінде түсті металлургия өнеркәсібінің дамуына жол ашты.



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау