Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені биология 5В080100


Жапырақтың анатомиялық құрылысы



жүктеу 0,59 Mb.
бет5/8
Дата17.01.2020
өлшемі0,59 Mb.
#27015
1   2   3   4   5   6   7   8

Жапырақтың анатомиялық құрылысы. Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1/ Жапырақ тақтасын астыңғы және үстіңгі бет жағынан қоршап жататын жабындық ұлпа үлпекқабат /эпидерма/. 2/ ассимиляциялаушы ұлпадан тұраиын негізгі бөлігі- мезофилл, 3/ мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар. Дорзовентральды жапырақтың үстіңгі бетінің үлпекқабат жасушалары астыңғы бетіне қарағанда ірі, түзу төрт бұрышты болады. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті жарыққа бағытталған жағдайда лептесіктер негізіне жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда лептесік екі бетінде де болады. Қалқып жүретін су өсімдіктерінде лептесік жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде болады. Мезофилл бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Жапырақтары өткізгіш шоқтар әдетте тұйық коллатериалды. Қылқан жапырақтың үлпекқабаты өте қалыңдап, оның астында жабындық ұлпаның бір түрі гиподерма бар. Мезофилл гиподерманың ішкі жағында орналасады. Жасушалары біркелкі және қабықшалары қатпарлы болады. Қылқанның ортаңғы бөлігінде өткізгіш шоқ мезофиллден эндодерма арқылы бөлініп тұрады.

Жүгерінің жадырағының үстіңгі эпидермисінің клеткаларында екі түрлі қарапайым түктер болады- кысқа біз тәрізді жене ұзын жіи тәрізді .



Жапырақтың үстінен кетеріліп кврініп тұратын, үзын түктердің эішдермисінің түп жағыньщ віеткалары біршама үлкен болады. Эпидерманың сыртын кутикула жауып түрады. Үстіңгі және астынғы эпидермаларының екеуінде де устьица аппараттары болады, Өткізгіш шоқтары жабық, коллатеральды, ксилемасы жапырақтың үстінгі жағына, ал флоэмасы асгаңғы жағына қарай бағытгалған болады. Шоқтары үлкен де жөне кіші де болады. Әрбір шоқ, дөңгелек, қабықшалары жұқа болып келетін, хлоропластары жоқ клеткаларымен қоршалып тұрады. Осы клеткаларда фотосинтез процесінін, өнімдері жиналады. Мезофилл ұсақ шоқтардың айналасын қоршай орналасқан, азды- көпті біртектес клеткалардан тұрады. Жапырақ тақтасының ортаңғы жұқа бөлігінде, мезофилл оның тек төменгі жағында ғана болады, ал қалған кеңістігінің барлығы хлорофиллі болмайтын үлкен клеткалармен толтырылған. Жапырақтың осы бөлігінде, эпидермистің астында, склеринхиманың сүректенген сілемдері орналасады. Олар жанырақ тактасының астыңғы жағынан, шоққа дейін жететін шығыңкы төмпешіктер түзеді. Жапырақ тақтасының          калған          бөліктерінде,          склеринхиманың субэпидермалық сілемдері (тәжи). үлкен өткізгіш шоқтарының екі жағынан бірдей жанасып қоршап тұрады. Сонымен, жүгерінің жапырағының екі жағы да бірдей қызмет аткарады және  бірдей болады. Бұл изолатеральды жапырақ.  Құрылысы мұндай болып келу,   біршама  вертикальды  бірдей  болады. Бұл изолатеральды жапырақ. Құрылысы мұндай болып келу, біршама вертикальды бағытта орналасқан жапырақтарға тән. Қылқан жапырақгы өсімдіктердің қылкан деп аталынатын жапырағының құрылысы ерекше болады. Қарағайдың қылқанының қорғаныс қызметін атқаратын жабыны мынадай екі қабаттан тұрады эпидермадан және гиподермадан. Эпидерма кутикуланың калың кабатымен жабылған болады. Көлденең кесіндісінде, оның клеткаларының формасы квадрат типтес, қабықшалары қалың болып келеді. Жапырақтың екі бетінде де эпидерманың деңгейіндегі ойыстау жерлерде устьица апараттары орналасады, олардың астында үлкен ауа қуыстары болады. Ескі жапырақтарының эпидермисінің клеткаларының кабықшалары сүректенеді. Гиподерма бір қатар, бұрыштарында 2-3 қатар, қабыкшалары аздап қалынданып сүректелген, клеткалардан тұрады. Оларда бойына суды жинау және механикалық қызметте аткарады. Гиподерманың астында мезофилл орналасады. Ол қабықшалары кейбір жерлерде клетка қуысының ішіне өтіп, катарлар түзетін (катпарлы паренхима) клеткалардан турады, Бұл цитоплазманың хлоропластары бар, клетка кабықшасына жақын орналасқан қабатының көлемін біршама ұлғайтады. Яғни клетканың фотосинтез процесі жүретін бөлігінің де көлемі ұлғаяды деген сөз. Смола жолдары қатпарлы паренхиманың әр жеріне өтір жатады. Жапырақтың катпарлы паренхиманың, эндодерма арқылы бөлініп тұратын, ортаңғы бөлігінде, коллатеральды типті екі өткізгіш шоғы орналасады. Олардың ксилемалық бөлігі кылқанның жалпақ жағына, ал флоэмалық бөлігі дөңес жағына қарай бағытгалған болады. Яғни, морфологиялық тұрғыдан қарағанда қылқанның жалпақ жағы оның үстінгі беті, ал дөңес жағы астынғы беті болып есептелінеді. Өткізгіш шоқтарының арасында механикалық ұлпа орналасады. Жапырақтың ортаңғы бөлігінің қалған кеністігін паренхималық клеткалар толтырып тұрады.

Гүл бөліктерінің орналасуы. Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері шеңберленіп орналасады. Әсіресе кең тарағандары 4-5 шеңбер құратындар. Бұларды пентациклді (грекше «пента» - бес) және тетрациклді (грекше «тетра» - төрт) гүлдер деп атайды. Пентациклді гүлдер лалагүлділер, амариллис, калампыр, қазтамақ тұқымдастарына тән; ал тетрациклді гүлдер жыланқияқтар, орхидейлер, қаражемістер, бересклеттер, сабынкөктер, ерінгүлділер тұқымдастарына тән. Әр шеңберінде гүл бөліктерінің саны әр түрлі болуы мүмкін. Дара жарнақтыларда үш бөліктен, ал қос жарнақтыларда бес бөліктен, сирек төрт бөліктен (крестгүлділерде, көкнәр тұқымдасында) тұратын гүлдер кездеседі. Мысалы, көп аналықтыларда (мангнолия, сарғалдақтар) гүл бөліктері серіппе тәрізді орналаса­ды. Мұндай жағдайда, әдетте, гүл серіктерінің жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді. Осыған бай­ланысты серіппе тәрізді (ациклді) және циклді, гемициклді гүлдер деп ажыратады. Соңғысында гүл серіктері циклді, аталықтары мен аналықтары серіппе тәрізді орналасады (сарғалдақ) немесе тостағаншасы серіппе тәрізді, ал гүлдің қалған бөліктері циклді (итмұрын). Осыған байланысты төмеңдегідей эволюциялық бағыт белгіленген: ациклді гүл бес бөлімді полициклді бес бөлімді пентациклді бес бөлімді тетрациклді; ациклді гүл үш бөлімді полициклді, үш бөлімді пентациклді, үш бөлімді тетрациклді гүл. Сонымен серіппеліден циклді гүлге өту біртіндеп жүреді, тіпті сол циклді гүлдердің өзінде тығыздалған серіппені байқауға болады.

Адроцей

Гүлдегі аталықтар жиынтығын андроцей деп атайды. Гүлдегі аталықтардың саны әр түрлі, бірден жүзге дейін жетуі мүмкін. Дегенмен көптеген өсімдіктерде олардың саны онша көп болмайды. Мысалы, құртқашаштарда - 3, күрделігүлдерде - 5, лалагүлдерде - 6, бұршақ тұқымдастарында - 10. Аталығы (бөдене шөп, тал) екеу, тіпті біреу ғана болатын өсімдіктер белгілі. Әдетте өсімдіктердің белгілі бір туысында гүлдің аталық саны тұрақты.   

Аталықтың негізгі екі бөлігі бар: аталық жіпшесі және тозаңқап. Тозаңқап әрбір аталықта екі-екіден болып, өзара бір-бірімен дәнекер арқылы байланысып жатады. Тозаңқаптың әрбір бөлігі ұзынынан тағы да екіге бөлінеді, мұның әрқайсысы тозаң ұясы деп аталады. Тозаң ұясында микроспоралар (тозаң) жетіледі. Кейде аталық жіпшелері ұзын, гүл қоршауынан шығып тұрады, кейде өте қысқа болады (картоп). Сол сияқты олардың пішіндері де цилиндр, таспа тәрізді және т. б. ұқсас келеді. Жабық тұқымдылардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы олардағы микроспорофиллдері — аталықтар, ал микроспорангийлері тозаң ұялары деп аталады.

Тозаңның жетілуі. Микроспоралардың пайда болуы микроспорогенез делінеді. Бұл аталық тозаңқабының тозаң ұясында — микроспорангийлерде жүреді.

 Тозаңның сыртын екі қабықша қаптап тұрады. Оның ішкісі — интина өте жұқа үлпек, беті тегіс, серпімді, порасыз негізі целлюлоза заттары сыртқысы — экзина қабырғасы қалың спорополленин (кутинге ұқсас зат) сіңген. Бұл зат экзинада өсімдік түрлері тозаңының әрқайсысына тән мүсінді қалыңдаулар пайда етеді. Экзинада қалыңдамаған учаскелер қалады, ол жерлерде тозаң түтігі өсіп шығу үшін қажетті поралар қалыптасады.

Тозаң ұясында тозаңдар пісіп жетілген кезде тозаңқап кебірсіп, эндотеций шытынап жарылады. Жарылған жерден тозаң сыртқа шашылады. Осыдан соң тозаң қос жынысты гүлдерде өз гүлі аналық аузына және жел, насекомдар т. б. арқылы басқа гүлдер аналығына түседі. Аналыққа келіп түскен тозаң одан бөлінетін тәтгі сұйықтықпен қоректеніп өсе бастайды. Өсу тозаң түтігінің пайда болуымен басталады. Экзина порасы арқылы сыртқа жылжып томпайып шыққан тозаң ци­топлазмасы созылып өсе келе түтікшеге айналады. Тозаң түтігінің өсу барысында тозаң интинасы да созылады, осыдан вегетативті генеративті жасушалардың цитоплазмасы бір бағытқа ығысып жаңа жетіліп келе жатқан тозаң түтігіне қарай жылжиды. Тозаң түтігіне алдымен вегетативті ядро, одан кейін цитоплазмамен қосарласа ілесіп генеративті ядро немесе екі спермия өтеді. Спермиялар — аталық гаметалар.

Вегетатив ядро және екі спермиялы тозаң түтікшесі — жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің аталық гаметофитінің гомологы. Жоғарыдағы құрылымдық сипаттамасына қарағанда жабық тұқымдылардың аталық гаметафитінің тым қарапайымдалғаңдығы анық көрінеді. Жоғары сатыдағы споралыларда аталық гаметофиттің вегетативті денесі көп жасушалы болса, ол жабық тұқымдыларда бір ғана тозаң дәнінен тұрады, ал көп жасушалы антеридий редукцияланған. Папоротник тәрізділердің антеридиінде пайда болатын көптеген сперматозоидтардың орнына жабық тұқымдыларда екі ғана спермий пайда болған. Жабық тұкымдылардың апталық гаметофитіңдегі осы құбылыстың өзі олардың сыртқы орта жағдайындағы шұғыл өзгерістерге, қолайсыз жағдайларға мейлінше бейімділігінің дәлелі іспетті.

Гинецей  

Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атайды. Жеміс жапырақшалары құрылысы жағынан вегетативті жапырақтарға ұқсас. Жеміс жапырақшасының кәдімгі вегетативті жапырақ тәрізді сыртқы және ішкі беттерін эпидерма жауып тұрады. Сыртқы эпидермасында кейде устьице болады.

Жеміс жалырақшасының құрылымдық ерекшелігінің бірі — оның жүйкеленуі. Сырттай қарағанда вегетативті жапырақ жүйкеленуіне ұқсас, бірақ оның өзіне тән зандылығы бар. Жеміс жапырақшасы өткізген шоқтарының негізгі қызметі — тұқым бүршіктерін қоректік заттармен қамтамасыз ету. Әрбір тұқым бүршігіне бір өткізгіш шоқтан келеді. Жеміс жапырақшасының мегаспорофилл гомологы — вегетативті жапырақпен ұқсастығы, оның шығу тегінің жапырақ екендігін дәлелдейді. Жеміс жапырақшалары және сол сияқты вегетативті жапырақтар жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің жіктелмеген жапыраққа ұксас вегетативтік мүшелерінен пайда болған. Жеміс жапырақшасы тұқымды әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғауға (сақтауға) бейімделген редукцияланған мегаспорофилл болып табылады.

Аналықтың құрылысы. Әдетте аналық үш бөлімнен тұрады. Олар: аналық ауызы, аналық мойыны және жатыны. Аналық ауызы — аналықтың ең жоғарғы бөлігі, пішіні бүтін не телімді болып келеді. Телім саны көбіне жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сәйкес, кейде жеміс жапырақшаларының санына қарамастан тұтас болады. Аналық ауызы тәтті сұйықтықты бөліп, тозаңды ұстау және қоректендіру қызметін атқарады. Аналық мойыны аналық жатыны мен ауызын байланыстырады. Аналық мойынының саны кейде жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сәйкес келеді. Мысалы, алмада және алмұртта жатын бес жеміс жапырақшасынан пайда болған, оның мойыны да бесеу. Ал кейбір өсімдіктерде мұндай сәйкестік бола бермейді. Мысалы, қалампырлар тұқымдасының көптеген өкілдерінде жеміс жапырақшаларының саны бесеу, ал аналық мойын үшеу ғана болады.

Крестгүлділер және ерінгүлділерде жатын екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, ал аналық мойыны біреу ғана.

Аналық мойыны кейбір өсімдіктерде қуыс, қайсы бірінде өткізгіш деп аталатын өте борпылдақ паренхимаға толы. Ана­лық; мойынының үш кейпін ажыратады: I) ашық мойын — мұңда аналық мойыны ұзына бойына қуыс (кейбір дара жарнақтыларда); 2) жартылай ашық мойын — мұңда аналық мойынның қуысы секреторлық борпылдақ өткізгіш ұлпамен жабылған; 3) бітеу (жабық) мойын — мұнда аналық мойынның қуысы борпылдақ өткізгіш паренхимаға толы.

Ашық және жартылай ашық мойында тозаң түтігі кедергісіз еркін өседі. Бітеу мойындарда аналық ауызында өсуін бастаған тозаң аналық мойыныңдағы өткізгіш паренхиманың жасуша аралықтары арқылы жатынға бағытталады.

Аналық мойынының ұзындығы өсімдіктердің түріне қарай әр түрлі. Кейбір өсімдікте ол қысқа болса, қайсы бірінде мой­ын мүлде болмайды. Бұл жағдайда аналық ауызы қоңдырмалы болады да бірден жатынмен жалғасады. Аналық мойыны мен ауызы жиектері арқылы кіріккен жеміс жапырақшаларының жоғарғы бөлігінен пайда болады.

Жатын - аналықтың аса маңызды бөлігі. Жатынның ішкі бетінде жеміс жапырақшаларының жиегінде тұқым бүршіктері жетіледі. Жатынның тұйық қуысы – тұқым бүршіктерін және онда жүретін процестерді сыртқы ортаның қолыйсыз жағдайларынан қорғайды. Тұқым бүршігі жиектері кірікпеген мегаспорофиллдердің қолтығында ашық жататын жалаңаш тұқымдылардан жабық тұқымдылардың басты айырмашылығы осыңдай. Жалаңаш тұқымдылардағы сияқты, мұнда да ұрықтанудан кейін тұқым бүршігінен тұкым пайда болады.

Гүл бөліктерінің орналасуына қарай жатын: үстіңгі жатын, төменгі жатын және жартылай төменгі жатын деп бөлінеді (8-сурет).

Үстіңгі жатын гүл кіндігіндегі (табанындағы) гүл серігімен кірікпей бос, дара орналасады, оның қабырғалары жеміс жапырақшаларынан ғана пайда болады. Егер осындай аналық жатынның түбіне гүл серігі, аталық сияқты гүлдің қалған бөлімдері орналасса, ондай гүл аналық асты гүлі деп аталады.

Төменгі жатын ойыс гүл табанымен, гүл серігі және аталықтардың негізімен толығынан кірігіп кетеді. Гүл бөліктері жатынның жоғарғы деңгейінде орналасады. Төменгі жатынды гүл аналық үсті гүлі деп аталады.

Егер жатын ойыс құмыра тәрізді гүл табанымен (гипантий) кірікпей орналасса, онда оны ортаңғы жатын деп, ал гүл деңгейлес гүл деп аталады. Гипантий гүл серігі мен аталық жіпшелерінің кірігуінен пайда болады.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

1.Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысынан қандай ұлпаларды ажыратуға болады?

2.Дорсовентральды және изолотеральды жапырақтардың анатомиялық құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
Ұсылынған әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, Дәуір, 2005.

  2. Мұхитдинов, Н.М. 
    Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы: оқулық / Н.М. Мұхитдинов; Ә.Б. Бегенов, С.С. Айдосова.- 2-бас., өңд., толық.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2001.- 279 б. 

  3. Мәкенова, М. Ботаника курсының практикумы: оқу құралы / М. Мәкенова.- Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2000.- 236б. 

Қосымша

  1. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы: оқулық / Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С.- Алматы: Санат, 1998.- 368 б..

  2. Мұхитдинов, Н. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы/ Н. Мұхитдинов; Ә. Бегенов, С.Айдосова.- Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993.- 340б. 



3 МОДУЛЬ Өсімдіктер әлемі мен тірі табиғаттың жүйесі.

5 Дәріс

Төменгі сатыдағы өсімдіктер.

1. Ядросы қалыптаспаған организмдер әлемі - Procaryota.

2. Ядролы организмдер. Саңырауқұлақтар.

3. Төменгі сатыдағы өсімдіктер.



Балдырлардың жалпы сипаттамасы және систематикасы.

Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде фото – афотрофты өсімдіктердің қатарына жатады. Бұлардың тіршілік ортасы көбінесе су немесе ылғалды жерлер болып келеді. Сол сияқты топырақтың астынғы және топырақтың үстіңгі беттерінде қоныстанған түрлерімен қатар, ағаштардың қабықтарнда? Тастарда кездеетін түрлері әліде болса мұқият зерттеуді қаже етеді. Әртүрлі экологиялық жағдайларға байланысты қоныстанған балдырлар түрлері бірігіп ценоз түзеді. Яғни, белглі ораға белгілі бір балдырлар түрі тән. Көк жасл балдырларды, нағыз ядросы, хрооофорасы, митохондриясы жоқ болған себептен, бактерияларға біріктіріп, прокариотты топтарға жатқызад. Ал қалған балдырлар оптары эукариотарға, яғни ядролы өсімдікер топтарына жатады. Төменгі формадағы саңырауқұлақтардың сыртқы қабығы жоқ, жалаңаш, тек сыртқы қабаты цитоплазма қабығымен ғана қапталған.

Ал жоғары формадағы балдырлардың клетка қабықшасы бар, олар пектиндік заттардан және гемицеллюлозадан тұрады. Клеткада вакуоль, эндоплазмалқ тор, рибосома, митохондрия, Гольджи аппараты, хромотофорлар орналасқан. Көк жасыл балдырлардын басқаларында өзге органеллалармен қоса хромотофорлар жақс көрінеді. Олар жасыл өсімдіктерде хлоропласт деп аталса, бұларда хротомофора деп аталады. Бұлар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластарымен салысырғанда әртүрлі пішінде, атап айтқанда дән, белдік, жіпше, жұлдызша спираль тағы басқа формада болады.

Барлық эукариотты балдарларда ерекше пиреноид бар, ол көбінесе хромотофораның ішінде, немесе одан тысқары орналасады. Клеткасы балдыр түріне байланысты бір немесе көп ядролы болады.

Балдырлардың көбеюі.

Вегетативтік көбеюі талломдары бөлінуі арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда протопласт ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.

Жыныссыз көбеюі. Бір клетка екіге, төртке, сегізге бөлініп, соған сәйкес зооспора түзіледі. Коньюгаттарда, хараларда, диотамдардың кейбір түрлерінде, қоңыр балдырлардың фукус туысна жататын түрлерінде жыныссыз көбейу процесі байқалмаған.

Жынысты көбею жолы. Бұлар барлық балдырларға тән. Ек жнысты көбею жолы көк жасыл балдырларда ғана жоқ. Жынысты көбейу дегеніміз екі жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Олар арнайы аналық клеткаларда – гаметангияларды түзеді. Олар қосылып зигота түзеді. Жыныс процесі бірнеше этаптан түрады. Екі гаметаның цитолазмасы қослған кезең плазмогамия деп аталса, олардың ядролары қосылған кезең кариогамя деп аталады. Сонымен, зиготаның ядросы диплоидты, яғни жұп хромосомды. Жыныс ппроцесінің соңғы кезеңінде диплоидты ядро редукциялық жолмен (мейоз) бөлінеді. Яғни хромосом саны екі есе азаяды.

Қосылатын гаметарлардың морфологиялық айырмашылықтарына байланысты изогамия, геерогамия, оогамия деп бөлінеді.

Тағы бір жынысты көбею жодарына коньюгация жатады. Бұл процесс физиологиялық жағынан гаметалардың қызметін атқаратын, вегетативтік дифференцацияланбаған, екі клетканың ішіндегі заттардың қосылуы арқылы жүреді. Балдырларды ұрпақ алмасу бар – диплоидты жыныссыз спорофит және гаплоидты жынысты гаметофит. Екі ұрпақ та морфологиялық жағынан бірдей болса, оларды изоморфты ұрпақ аласу дейміз. Ал егер сыртқы пішіні жағынан әртүрлі болса, оларды гетероморфты ұрпақ алмасу дейміз. Изоморфты ұрпақ алмасу теңіз балдырлары мен жасыл балдырлардың арасында ульаға, энтероморфтыларға, кладофораға, хетоморфаға тән, сол сияқты жасыл және қызыл балдырларда да кездеседі.



Прокариоттар. Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады. Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы.

Саңырауқұлақтардың 100000 мыңдай түрлері белгілі. Зерттейтің ғылым микология деп аталады. Саңырауқұлақтарда хлорофилл болмайды. Қоректену ерекшеліктеріне қарай не сапрофиттер , не паразиттер болып табылады. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді жіне солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтардың денесі мицелий немесе грибница деп аталады.



Систематикасы.

Саңырауқұлақтарды жеті класқа бөледі: Chytrodiomycetes, Hyphochytromycetes, Oomycetes, Zygomycetes, Ascomycetes, Basidiomycetes, Deuteromycetes.



Қыналардың жалпы сипаттамасы.

Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады.

Олардың құрамына кіретін балдырлар көк – жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ. Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.

Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туысы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы.

Қыналар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді.

Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.

Гетеромерлі талломның құрылыс ерекшеліктерін ксантория мен пармелия сияқты жапырақшалы қыналардың көлденең кесінділерінен байқауымызға болады. Кесінді препаратынан талломның үстіңгі қабатының өте тығыз шиыршықтала оралған жуан қабықты саңырауқұлақ гифтерінен тұратындығын көреміз. Бұл жалған ткань плектинхима деп аталады. Плектенхима бірнеше қабатты, оның ең үстінгі қабаты түсті, ал төменгі қабаттары түсіз болып келеді.

Плектинхиманың астында, босандау орналасқан гифтермен қоршалған, шар пішіндес бір клеткалы жасыл балдырлар топтарынан тұратын гонидиялық қабат орналасады. Гонидиялық қабаттың астында өзек орналасады. өзектегі саңырауқұлақтар гифтері түссіз келеді әрі өте бос байланысқан, олардың аралары ауаға толы.

Талломның ең астынғы қабаты құрылысы жағынан беткі қабатына ұқсас, яғни тығыз орналасқан жуан қабықты гифтерден тұрады. Осы қабаттан тарайтын бір қатарлы саңырауқұлақ жіпшелері, немесе ризоидтер, ал көпшілік жағдайларда ризиндер (өзектен өтетін жіпшелер шоқтары) қыналардың субсртаттарға бекініп өсуін және қоректенуін қамтамасыз етеді.

Нағыз бұталы қыналардың цилиндірлі талломдарының құрылысы да гетеромерлі типке жатады. Олардың көлденең кесінділерінен талломдарының бірнеше концентрлік қабаттардан тұратынын көруге болады: шеткі бөлігінде тығыз сыртқы қабат, одан ішке қарай бір клеткалы жасыл балдыр шоқтары орналасқан гонидиялық қабат, ортасында түссіз өзек және ең ортасында орталық білеу – остьік цилиндр орналасады. Остьік цилиндр серпілмелі шеміршек тәріздес тканьнен түзілген және механикалық қызметатқарады.

Қынаның көбейуі.

Олар жай екіге бөлінуі арқылы, немесе автоспора түзу арқылы көбейеді. Кейде гамета арқылы жынысты көбейеді. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақ өзіне сай спора құратын орган түзеді. Перитейий қына қабатына кіріп томпайып орналасады.

Апотеций ол қына қабатының бетінде дөңгелек астау тәрізді немесе төмпешік тәрізді өсінділер түрінде болады.

Құрамында қалталы саңырауқұлақтары бар қыналарда жыныс процессі тән.

Аскомицеттерден пайда болған аскоспора маңайында өздеріне сай балдыр болса, оны орап қынаның қабатына айналады.

Қыналар соредий және изидий деп аталатын орган арқылы вегетативті көбейеді. Соредий жапырақты, бұталы қынаға тән.

Бұталы қыналарда түзілген бірінші реттік талломдардан, екінші реттік талломдар түзіледі де, олар бұтақтанады немесе бұтақтанбауы да мүмкін. Екінші реттік бұтақтанған талломдарды подециялар деп атайды. Подециялар көбінесе кладония түрлеріне тән, олардың формалары тебен, таяқ, жоғарғы бөлігі жұмырлана кеңейген бокал пішіндес болып келеді және жиі тармақтанып бұтақтануы мүмкін. Бокал тәрізді формаларында подециялардың шеткі жақтарын жағалай жаңадан подециялар түзіледі.


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау