ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжат
|
ПОӘК
|
П 042-22.1.117 /01-2015
|
ПОӘК
Пәннің оқу-әдістемелік материалы
|
№ __ басылым __.___. 2015 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Биология
5В080100 – «Агрономия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2015
МАЗМҰНЫ:
1 Глоссарий
2 Дәрістер
|
3 Практикалық сабақтар
|
4 Суденттің өздік жұмысы
|
ГЛОССАРИЙ
Ассимиляция - ассимиляция. Организмдердің сыртқы ортадан заттарды қабылдап, өздеріне тән күрделі органикалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану арқылы жүзеге асады.
Ауксин - ауксин. Индол тобына жататын фитогармондар.
Биотехнология - биотехнология. Экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттар өндіру және жоғары өнімділігі бар микроорганизмдердің штамдарын, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлар асыл тұқымдарын шығару үшін биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа саласы.
Вегетативтік клетка - вегетативная клетка. Жаңадан өсіп келе жатқан тозаңның ішіндегі клетканың бірі, ол тозаң түтігін түзеді, бірақ ұрықтану процесіне өзі тікелей қатыспайды.
Гаплоид - гаплоид. Сыңар, дара (гаплоидтық) хромосомалар жиытығы болатын ядро.
Гаплопродюсер әдісі - метод гаплопродюсера. Будан ұрықтан ата - анасының біреуінің хромосомаларының жойылып қалуы нәтижесінде шыққан гаплоид өсімдікті алу.
Генетикалық (гендік) инженерия - генетическая (генная) инженерия. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарын іn vitro алдын ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу.
Геном - геном. Белгілі бір түрге жататын организмдердің тек өзіне ғана тән сыңар (гаплоидтық) хромосомалар жиынтығы құрамына кіретін тек өзіне ғана тән бүкіл гендер.
Гиббереллин - гиббереллин. Фитогормон, негізінен флюорендер туындылары (мысалы гиббереллин қышқылы).
Детерминациялану - детерминация. Клеткалардың, ұлпа, мүше және организмнің белгілі бір даму жолына түсуіне дайындылығы, сонымен қатар басқа жолмен дамуға шек қойылады.
Дедифференциялану - дедифференциация. Маманданған, бөліну қабілетінен айырылған клеткалардың жаңадан пролиферацияға (бөлінуге) көшуі.
Дифференциялану - дифференциация. Даму процесінде біртекті клеткалардан морфологиялық белгілері және атқаратын қызметі әр түрлі клеткалар түзу.
Диплоид – диплоид. Хромосомалар саны екі еселенген, яғни әрбір хромосоманы жұптасып келетін ядро, клетка, организм. Диплоидтық хромосомалар жиынтығы сомалық (дене) клеткаларда болады.
Каллус – каллус. Ұлпа, өсімдік клеткаларының ретсіз бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.
Өсімдік клеткаларын өсіру – культура клеток растений. Жасанды қоректік ортада асептикалық өсімдіктердің клеткаларын, ұлпаларын және мүшелерін өсіру.
Жеке клеткаларды өсіру – культура отдельных клеток. Жеке клеткалрды сирек отырғызып қоректік ортада өсіру.
Клеткалар суспензиясы – суспензионная культура. Жеке клеткаларды немесе кішігірім клеткалар топтарын аппаратура арқылы ауамен қамтамасыз етіп және араластыра отырп сұйық қоректік ортада өсіру.
Клеткаларды қорландырып (мерзімді) өсіру – накопительное (периодическое) культивирование. Клеткалар суспензиясын жабық ыдыста бастапқы құйылған қоректік ортасы жаңартылмай өсіру.
Клеткаларды үзіліссіз өсіру – непрерывное культивирование. Клеткаларды сұйық қоректік ортаның үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру.
Клеткаларды ағынды жабық жүйеде өсіру – закрытая проточная система культивирования. Клеткалар өсетін сұйық орта үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.
Клеткаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру - полупроточная система культивирования клеток. Сұйық қоректік ортада өскен клеткалар суспенциясының бір бөлігі оқтын – оқтын алынып тұрады, оның орнына нақ сондай мөлшерде жаңа қоректік орта құйылып тұрады.
Клеткаларды ағынды ашық жүйеде өсіру – открытая проточная система культивирование клеток. Үздікссіз ағып кіріп тұрған жаңа қоректік орта мен төгіліп сыртқа ағып шыққан клеткалар суспензиясының қарқыны (көлемдерінің) тең болуы.
Клеткаларды турбидостатта өсіру – культивирование клеток в режиме турбидостата. Фотоэлементті қолданып биомасса концентрациясын тікелей бақылау арқылы, клеткаларды сыртқы жағдайдан ешқандай шектеусіз, үздіксіз өсіру.
Клеткаларды хемостатта өсіру – культивирование клеток в режиме хемостата. Құрамында өсуді тежейтін концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік орта тұрақты жылдамдықпен биореакторға құйылып түсіп тұрады да, сондай жылдамдықпен өскен клеткалар суспензиясы алынып отырады.
Клеткаларды жаңа қоректік ортаға көшіру (пассаж) – субкультивирование, пассаж, пассирование. Клеткаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар шыны ыдысқа ауыстырып отырғызу.
Клеткалық инженерия – клеточная инженерия. Қайта құрастыру, будандастыру негізінде клетканың жаңа типін жасау әдісі.
Клон – клон. Қоектік ортада жалғыз бір клеткадан көбейген клеткалар.
Клондау – клонирование. Құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНҚ – ы молекуласы бар, бактериялық клеткаларды қоректік агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары қоспасын бөлу.
Корреляция – корреляция. Өсімдік мүшелерінің үйлесімді әрекеттесуі, ол метаболиттермен (трофикалық К.) немесе фитогармондармен (гормондық К.) реттеледі және жалпы өсімдік организімінің үйлесімді өсуі мендамуын қамтамасыз етеді.
Мацерация – мацерация. Өсімдік клеткаларын бөлу (ажырату), клетка аралық заттарды жою немесе еріту мақсатымен істелетін әрекеттер.
Мейоз – мейоз. Клеткалардың бөлінуінің ерекше жолы, әдісі.
Митоз – митоз. Эукариот клеткаларының негізгі және күрделі бөліну әдісі.
Нуцеллус – нуцеллус. Өсімдік тұқым бүршігінің орталық бөлігі.
Өсімдіктерді сауықтыру – оздоровление растений. Өсімдікті жасанды ортада (in vitro) өсіріп, бактериялық, саңырауқұлақтылық және вирустық ауру қоздырушылардан сауықтыру.
Протопласт – протопласт. Өсімдік клеткасы ішіндегі заттардың жалпы атауы.
Регенерант – регенерант. In vitro жағдайында қоректік ортада өсімдік клеткалары мен ұлпаларын өсіргенде пайда болып шыққан өсімдік.
Тотипотенттік – тотипотентность. Өсімдіктердің сомалық клеткаларының өсуге қабілеттілігін толық көрсете алуы.
Цитокинин – цитокинин. Фитогармон, химия жағынан пурин туындылары.
Эксплант – эксплант. Мүшенің немесе ұлпаның бөлігі.
Автотрофтық - автотрофизм. Өсімдіктердің фотосинтез немесе хемосинтез арқылы ауадағы, топырақтағы және судағы анорганикалық заттармен қоректенуі.
Аденозинфосфорлы қышқылдар - аденозинфосфорные кислоты. Аденозиннің фосфорлы эфир қосындысы түрінде мононуклеотидтерге жататын күрделі органикалық қышқылдар.
Адсорбция - адсорбция. Моленкулалық күштердің әсерінен адсорбенттер бетіндегі зат бөлшектерінің көбеюі. Биологиялық мембраналардың қызметтері, ферменттер мен реакцияға қатысушы заттардың өзара әрекеттесуінің алғашқы кезеңі, уытты заттарға қарсы қорғаныш реакциялары, топырақтан қоректік заттардың тамыр жүйесі арқылы өсімдікке сіңуі бәрі де абсорбция процесімен тығыз байланысты.
Алғашқы саңылаулар - первичные поровые поля. Морфологиялық жағынан ерекше, кейінде ұрық клеткалары дамитын алғашқы клеткалар.
Амилопластар - амилопласты. Өсімдік клеткаларында крахмал пайда болатын түссіз пластидтер. Лейкопластардың бір түрі. Көбінесе тамырда, тамыр сабақта, т.б. кездеседі.
Апопласт - апопласт. Судың және ондағы еріген қоректік заттардың сақталуын және өсімдік бойымен тасымалдануын жүзеге асыратын, барлық клетка қабықтарындағы талшық аралық және клетка аралық бстықтардың тұтасып байланысқан жүйесі (бос кеңістік).
Ассимиляттар - ассимиляты. Фотосинтез кезінде хлоропластарда ең алғаш пайда болатын органикалық заттар.
Ассимиляциялық крахмал - ассимиляционный крахмал. Фотосинтез нәтижесінде өсімдіктің хлоропластарында тікелей пайда болатын крахмал.
Әкшіл өсімдіктер - кальцефильные растения. Кальцийі мол, сондай-ақ әк, бор және басқа карбонатты жыныстар шығатын аймақтарда өсіп-өнетін өсімдіктер.
Базофильді өсімдіктер - базофильные растения. Топырақтары сілтілі болып келетін шөл және шөлейт далада өсетін көптеген өсімдік түрлері.
Бастама клеткалар - инициальные клетки. 1) Бөлінгеннен кейін өзгеріссіз меристемалық болып қалатын өсу нүктелерінің клеткалары. Кейбір өсімдіктердің (мүктер, папортник тәрізділер) өсу нүктесінде жалғыз-ақ клетка көпклеткалы организмнің бастамасы бола алады. Басқа өсімдіктер (тұқымды өсімдіктердің көбі) промеристемасында бірнеше бастама клеткалар болады. Бастама клеткалардың туындылары әралуан тканьдік элементтерге сұрыпталады. 2) Бөлінгенде бірнеше клеткалық топтарды пайда ететін эпидермис клеткасы. Олардан устьицалардың тұйықтаушы және жанама клеткалары сұрыпталады. 3) Бірнеше қайталанып бөлінуден ұрықтық бастамасы болатын ұрықтанған жұмыртқа клеткасы.
Безді клеткалар - железистые клетки. Ішінде әртүрлі - эфир майлары, қымыз қышқылды ізбес кристалдары бар, көлемінен немесе ерекше пішінімен оңай көзге ілінетін паренхима тканінің арнайы клеткалары.
Бейімделу - адаптация. Организмнің құрлысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі, сыртқы жағдайларының өзгеруіне организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін жауаптардың жиынтығы.
Биогенді элементтер - биогенные элементы. Организмдердің тіршілігі үшін қажетті құрам бөлігі болып табылатын химиялық элементтер. Оларға көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, фосфор және т.б. жатады.
Биотроф - биотроф. Тіршілік әрекеттеріне қажетті қоректік заттарды және энергияны басқа организмдерден - хайуанаттардан, өсімдіктерден, бактериялардан, саңырауқұлақтардан, т.б. алатын паразит.
Бөліп шығарушы клеткалар - выделительные клетки. Басқа клеткалардың тіршілік әрекеттеріне байланысатын заттардың жиналуына арналған клеткалар.
Бірінші (алғашқы) қабық - первичная оболочка. Ең алғашқы, шыныдай мөлдір тысқы қабат. Жас клеткаларда протопластан пайда болады. Құрлысы целлюлозалық микроталшықтардан құралған тор сияқты. Пектиндік заттардан және гемицеллюлозалардан тұратын аморфты матрикске малынған күйде болғандықтан клетка қабығының созылуына кедергі жасамайды. Алғашқы қабық меристема және мезофилл клеткаларында көбірек байқалады.
Вакуольдар - вакуоли. Ішінде клетка шырыны жиналған цитоплазмадағы көпіршіктер. Клетка шырының құрамыында еріген органикалық және минералдық заттар болады. Басында көптеген майда вакуольдар бір-бірімен қосылып клетканың бүкіл ішін алып жататын үлкен бір вакуольға айналады. Клеткадағы осмостық құбылыстар осы ерігенг заттардың концентрациясына байланысты.
Галоксерофиттер - галоксерофиты. Тұздылыққа, қуаңшылыққа бірдей төзімді өсімдіктер.
Галомезофиттер - галомезофиты. Ылғалдылығы орташа аймақтарда өсетін, тұздық ортаға төзімді өсімдіктер.
Галофиттер - галофиты. Тұзға төзімді, яғни сорланған, кебірленген топырақтарда, сондай-ақ тұзды суларда өсетін өсімдіктер.
Галофобтар - галофобы. Тұзды ортада өсе алмайтын өсімдіктер.
Гекистотермиялы өсімдіктер - гекистотермные растения. Суыққа төзімді, күн энергиясы өте аз түсетін жағдайларда тіршілік ете алатын өсімдіктер (мысалы, полярлық қуаң дала, альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер.
Гелиофиттер - гелиофиты. Күн жарығы мол түсетін жерлерде өсіп, жарықты көбірек ұнататын өсімдіктер.
Гемикриптофиттер - гемикриптофиты. Жертаған өсімдіктер. Жылдың қолайсыз мерзімінде олардың бастама бүршіктері жерде сақталады.
Гемиксерофиттер - гемиксерофиты. Қуаңшылық аймақтар мен ылғалдылығы орташа аралығында өсетін өсімдіктер. Олардың тамырлары өте тереңдеп өседі, транпирация арқылы қарқындылығы жоғары және сусыздануға төзімділігі төмен келеді.
Гетеротрофты мүшелер (органдар) - гетеротрофные органы. Фотосинтезге қабілетсіз өсімдік мүшелері (тамыр, ұрық, жапырақтың түссіз ұлпалары).
Гиалоплазма - гиалоплазма, матрикс. Ішінде ядро, басқа органоидтар және клеткалық алмасудан пайда болған заттар орналасқан өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының ішкі негізгі құрамы.Гиалоплазманың құрамына белок тектес заттар, соның ішінде, ферменттер енеді. Гиалоплазма клетканың құрылымдық бөлшектерін біріктіріп, олардың өзара химиялық қатынастарын қамтамасыз етеді.
Гигрофиттер - гигрофиты. Суды көп керек ететін, тек ылғалы мол топырақтарда өсетін өсімдіктер (орман өсімдіктерінің көпшілігі).
Гигрофобты өсімдіктер - гигрофобные растения. Ылғалды көп керек етпейтін, сондықтан ылғалы мол жерден қашық өсетін өсімдіктер.
Гидатодтар - гидатоды. Өсіәмдіктердің су тамшыларын (гутация) бөліп шығаруға бейімделген устьицалары. ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктерде көп кездеседі.
Гидатофиттер - гидатофиты. Түгел немесе жартылай суға батып өсетін өсімдіктер.
Гидрокриптофиттер - гидрокриптофиты. Бүртіктері суда болатын өсімдіктер.
Гидромезофиттер - гидромезофиты. Гигрофиттер мен мезофиттер аралығында орын алатын өсімдіктер.
Гидроморфизм - гидроморфизм. Гидрофиттердің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері: ауа сақтағыш клетка аралықтарының мықты дамуы, қалқып өсетін жапырақтарда устьицалардың көптігі, борпылдақ және бағана тәріздес тканьдердің нашар бедерленуі, тамыр жүйелерінің механикалық ткандерінің нашар дамуы, кейде жапырақтардың әртүрлілігі.
Гидроморфоздар - гидроморфозы. Суда тіршілік етуіне байланысты өсімдік пішіндерінің өзгеруі.
Гидрофиттер - гидрофиты. Тіршлігін ұдайы суда өткізетін су өсімдіктері.
Гидрофобты өсімдіктер - гидрофобные растения. Суы мол жерден қашықтап өсетін өсімдіктер.
Гипсоксерофиттер - гипсоксерофиты. Гипсі мол топырақта өсетін өсімдіктер.
Гликогаломезофиттер - гликогаломезофиты. Тқздануға төзімді, өз организіміне тұзды өткізбейтін мезофит өсімдіктер.
Гликогалофиттер - гликогалофиты. Тамырлары тұзды нашар өткізетіндіктен, ұлпаларында тұз жиналмайтын өсімдіктер.
Гликофиттер - гликофиты. Тұзсыз топырақтарда және тұщы су қоймаларында өсетін өсімдіктер. Оларға жер бетінде өсетін өсімдіктердің көптеген түрлері жатады.
Гольджи аппараты - аппарат Гольджи. Клетканың өте майда құрылымдық бөлшегі. Жайпақ ыдыс немесе табақша тәрізді қысыңқы көпіршіктерден құрылған. Жан-жағынан одан да майда көпіршіктер созылып жатады.
Граналар - граны. Хлоропластардың ішкі құрлымының негізгі бөлшектері. Олар реттеліп орналасқан тилакоидтар байламына ұқсас. Хлоропласта 10-15 граналар болуы мүмкін, дегенмен олардың бәрі өзара жұмыр, немесе қысыңқы құбыр сияқты граналық тилакоидтар арқылы біртұтас жүйе боп байланысқан.
Гуттация - гуттация. Өсімдік жапырақтарының устьицаларынан судың тамшы түрінде бөлінуі. Гуттация транспирацияның өте бәсендеуінен өсімдік-тердің жер үстілік органдарының шамадан тыс сулануына байланысты. Гуттация астық тұқымдастар өскіндерінде, қырықбуындыларда өте жиі байқалады.
Диктиосома - диктиосома. Клетка цитоплазмасының майда құрылысты бөлшегі. Жан-жағынан ішінде клеткалар тіршілік әрекетінен пайда болған заттары көпіршіктер қалыптасатын мембраналық табақшалар жиынтығы. Әдетте өсімдіктер клеткасында жиынтығы Гольджи аппараты деп аталатын бірнеше диктиосомдар болады.
Диссимиляция - диссимиляция. Тірі ұлпаларда органикалық заттардың ыдырап, энергияның бөлінуі. Клеткадағы қажетті энергияның барлыңы диссимиляцияға байланысты өндіріледі. Тыныс алу мен ашу процестері диссимиляцияның негізгі түрлері болып есептелінеді.
Диффузия (ірігу, таралу, ағу) - диффузия. Бір заттың молекулаларының (газдың, сұйықтықтың, қатты дененің) басқа заттарға тәкелей жанасқанда немесе саңылаулы кедергі арқылы енуі (жүйедегі заттың концентрациясының өздігінен теңелуі).
Дөңгелек саңылаулар - округлые поры. Бірінші қабықтың қабыршағымен ажыратылған, клетканың қалыңдамаған екінші қабығының цилиндр тәріздес қуыстары. Көбінесе паренхималық клеткаларға тән.
Евгалоксерофиттер - евгалоксерофиты. Тұздануға және қуаңшылыққа бірдей төзімді өсімдіктер.
Жазғы тыңыштық - летний покой. Құрғақ, шөл далада өсетін кейбір өсімдік түрлерінің жаздың құрғақшылық кезеңдеріндегі қолайсыз жағдайларға бейімденуіне байланысты тыңыштық күйге өтуі.
Жапырақ жұмсағы - мякоть листа. Жапырақтың үстінгі және астыңғы қа- баттарының арасындағы (бағана тәріздес және кеуекті) паренхима немесе жапырақтың ассимиляциялаушы (мезофилл) ұлпасы.
Жапырақтың ширатылуы - скручивание листьев. Бактерия, саңырауқұлақ немесе вирустардың әсерінен пайда болатын аурулардың бір белгісі.
Жапырақтың бұйралануы - курчавость листьев. Әртүрлі топтағы саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болатын өсімдіктер ауруы. Жапырақ бетінде көптеген дөңестер пайда болып, жапырақ пішіні бұзылады.
Жара меристемасы - раневая меристема. Өсімдіктің жараланған бөліктерінің шеттерінде пайда болатын жаңа ұлпа. Әдетте жара меристемасының қызметін жараланған жерге жанай орналасқан камбий қабаты атқарады.
Жара тозы - раневая пробка. Өсімдіктің кез-келген органындағы ұлпалар жараланғаннан кейін феллоген клеткаларынан пайда болатын, зақымданған ұлпаны сау ұлпадан бөліп тұратын тозды қабат.
Жара ұлпасы - раневая ткань. Жара меритстемасы әрекетіне байланысты зақымданған жерде пайда болатын бұлтық (каллус) түріндегі жаңа ұлпа.
Жартылай өткізгіш қабық - полупронецаемая оболочка. Суды (еріткіш) оңай өткізетін және ондағы еріген заттарды өткізбейтін қабық.
Жартылай өткізгіш мембрана - полупронецаемая мембрана. Өзінен, әдетте тек еріткіш молекулалары ғана өте алатын мембрана.
Жыныс клеткалары - половые клетки. Жыныс органдарында пайда болатын және жыныстық көбеюге қажетті хромосомдар жиынтығы, гаплоидты арнайы клеткалар.
Жіктелу кезеңі - фаза дифференциации. Көлемдерінің ұлғаюы тоқтап, қабықтары суберинмен тығызданып немесе сүректеніп, тиісті қызметін атқаруға дайындалған клетканың өсуінің соңғы кезеңі.
Каротин - каротин. Каротиноидтар тобындағы қанықпаған көмірсутекті қызғылт сары пигмент. Суда ерімей, органикалық еріткіштерде ериді. Барлық өсімдіктердің хлоропластарында және хромопластарында болады.
Каротиноидтар - каротиноиды. Суда ерімейтін сары және қызғылт сары пигменттер тобы. Каротиноидтерге каротин және химиялық тегі жағынан соған жақын ксантофилл, ликопин, фукоскантин және т.б. пигменнттер жатады. Күзде жапырақтардың сароғаюы, сондай-ақ гүл, жеміс түстері де осы пигменттердің болуына байланысты.
Каспари белдеушесі - поясок каспари. Бірқатар өсімдіктердің тамыр клеткалық қабықтарының дөңгелек белдеуше сияқты болып тозандануы немесе сүректенуі.
Кернелу - тугор. Клетка қабығы мен ішкі бөлімдерінің өзара қысымдары нәтижесінде өсімдік клетекалары, тканьдері және органдарының кернелген күйі.Осмостық қысымға байланысты клеткаға су енгенде байқалатын қысым, көленмі ұлғайған сайын протопластқа түсетін клетка қабығының қарсы қысымына теңеседі. Кернеулік қысым мен осмостық қысымның өзара қатынасы судың сіңу процесіне үлкен әсер тигізеді.
Клетка - клетка. Жануарлар мен өсімдіктерді тіршіліксіз жүйелерден ерекшелейтін, морфологиялық және физиологиялық сұрыпталған құрылыстық бірлік. Қарапайым тірі жүйе бола тұрып, клетка өзін-өзі жаңартуға, өндіруге және реттеуге қабілетті. Клетканың негізгі құрамы - ішінде органоидтар мен басқа кіріспелер орналасқан цитоплазма, ядро, вакуоль. Олардың барлығы клетка қабығымсен қоршалған.
Клетка-аралық заттар - межклеточное вещество. Клетка қабықтарының арасында болатын және клеткаларды өзара қиындастыратын полисахаридке ұқсас зат.
Клетка сөлі - клеточный сок. Клетка вакуоліндегі тіршілік әрекетінің нәтижесінен шыққан сұйықтық зат. Химиялық жағынан минералдық тұздардың, амин қышқылдарының, көмірсулардың, органикалық қышқылдардың, суда еритін бояулы заттардың нағыз ерітіндісі болып табылады.
Клеткалардың өткізгніштігі - проницаемость клеток. Клетклардың қоршаған ортадағы еріген заттардың енуін және ұсталып қалуын қадағалау қасиетімен клетка тіршілік процесінде пайда болған заттарды шығару қабілеті. Клетканың өткізгіштігі клетка мембраналарының құрлысына, күйіне және қызмет әрекетіне байланысты.
Клетканың бөлінуі - клеточное деление. Физиологиялық дербес бір ядролы клетканың тепе-тең екіге бөлінуі. Олардың әрқайсысы плазмадағы негізгі заттардың, ең алдымен, ядроның жартысы енеді.
Криптофиттер -криптофиты. Су астында және топырақта қыстап шығып, қайта көктейтін бүршіктері бар тамырсабақты, түйнекті және пиязшықты көпжылдық өсімдіктер.
Кристалар - кристы. Митохондрияның ішіне қарай созылып шығатын түтікше немесе табақша қабаттары.
Ксантофилл - ксантофилл. Каротиноидтарға жататын, спиртте ерімейтін, каротинмен бірге хлоропластарда және хромопластарда болатын сары пигмент.
Ксероморфизм - ксероморфизм. Өсімдіктерде қуағшылыққа бейімделу нәтижесінде пайда болатын морфологиялық, анотомиялық белгілердің жиынтығы.
Ксерофиттер - ксерофиты. Құрғақшылық аймақтарға бейімделген өсімдіктер. П.А. Генкельдің ұйғаруы бойынша ксерофиттер мынандай топтар,ға бөлінеді: суккуленттер, эвксерофиттер, гемиксерофиттер.
Қоректендіруші ұлпалар - питающие ткани.Өсімдіктердің қалыптағыдай сумен, минералдық заттармен және ауа арқылы қоректенуін жүзеге асыратын ұлпалар. Қоректендіруші ұлпалар сіңіргіш, өткізгіш және ассимиляциялық қор жинағыш болып бөлінеді.
Қоректік заттар - питательные вещества. Құрамында өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар қосындылары.
Қоршау - обкладка. Жапырақтың өткізгіш шоқтарына айнала орналасқан клетка қабаттары. Паренхималық немесе склеренхималық бөлектерден құралуы мүмкін.
Қоршаушы клеткалар - обкладочные клетки. Кейбір қарапайым анатомиялық топтарды қоршайтын ерекше клеткалар.
Қышқылшыл өсімдіктер - кальцефобы. Қышқыл және бейтарап топырақтарда жақсы өсіп, әкке бай топырақтарда нашар өсетін өсімдіктер.
Лейкопластар -лейкопласты. Пластидтердің бояусыз, дөңгелек немесе ұршық тәріздес бір түрі. Әдетте эпидермис клеткаларына немесе түссіз тканьдер тән.
Мезоксенрофиттер - мезоксерофиты.Мезофиттермен салыстырғанда құрғақтау, ксерофиттерге қарағанда ылғалдау аймақтарда өсетін өсімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |