Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



жүктеу 2,77 Mb.
бет6/13
Дата21.01.2018
өлшемі2,77 Mb.
#7792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өзін - өзі бақылау сұрақтары

1. Кәсіпорындағы аналитикалық жұмыс жоспары нені білдіреді?

2. Кәсіпорында талдаудың ақпараттық базасына не жатады?

3. Жоспарлы, есептік, тіркелмеген ақпараттарға не жатады?

4. Басқаруды талдауды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізгі принциптерін атап өтіңіз.

5.Талдаудың әдістемелік қамтамасыз етілуінің ролі мен жұмысы қандай?

6. Талдауды ақпараттық қамтамасыз етуге қандай талаптар қойылған?

7. Кәсіпорында шаруашылық қызметін талдаумен кім айналысады?

8. Мәлімет көздері шаруашылық қызметін талдау үшін қалай бөлінеді?

9. Шаруашылық қызметін талдау үшін аналитикалық ақпарат талаптары нені білдіреді?

10. Ақпаратты шаруашылық қызмет талдауына дайындау немен аяқталады?

11. Шаруашылық қызметін талдау үшін бастапқы мәліметтерді тексеру қалай жүзеге асады?

12. Шаруашылық қызметтің талдау нәтижелері құжат түрінде қалау толтырылады?

13. Аналитикалық жазбаларда аналитикалық кесте не үшін қолданылады?

14. Текстсіз талдау дегеніміз не?

Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000

Тақырып 4: Шаруашылық субьектілерінің маркетиг қызметінің талдауы

1. Маркетингті талдау мазмұны, мақсаты және міндеттері

2. Маркетингті талдау әдістері

3. Сұраныс пен ұсынысты талдау

4. Сұраныс икемділігіне байланысты бағаның өзгерісіне сату көлемі мен табыстың тәуелділігін талдау.
Рынокты жағдайда өзіндік құндылыққа қол жеткізу үшін өндірістің тұтынушылар мен бақталастарға бейімделуі керек. Өндірістің көлемін жоспарлау үшін, өндірістік қуатта кәсіпорынға қандай өнім, қандай көлемде, қайда және қашан және қандай орындарда сататынын алдын – ала білуі керек. Кез-келген кәсіпорынның қызметі маркетингті талдаудан басталады.

Маркетингті талдау кәсіпорынның функциялануының сыртқы ортасын зерттеуге арналған шаруашылық субъектісінің маркетинг қызметі ретінде қолданылады: шикізат рыногы және дайын өнім өндіру, оның бақталастыққа бейімділігі, сұраныс және ұсыныс, коммерциялы тәуекел, баға саясатын формалау, тактика мен маркетингті қызмет стратегиясын өңдеу.

Маркетингті талдау есептері:

1. Ақпаратты жинақтау,өңдеу.

2. фирманың жеке мүмкіндіктерін болжау, бағалау, талдау;

3. мүмкіндіктерді және бақталастардың белсенділігін талдау және бағалау;

4. рыног конъюнктурасын бағалау және талдау;

5. Сұранысты болжау, оның икемділігін бағалау.

6. коммерциялы рынокты бағалау және жариялау;

7. маркетингті стратегияны негіздеу.

Маркетингті талдау – өндірісті реттеу құралы.

Маркетингті талдау әдісі:


- моделдер, мысалы, шаруашылық портфелінің өзгеруі мен бағалауы үшін қолданылатын фирманың іскерлік белсенділігінің моделі.

- статикалық әдістер – фирманың өзіндік мүмкіндіктерін, оның бақталастыққа бейімділігін, тауардың бақталастыққа бейімділігінің деңгейін, фирманың несиелі-қаржы потенциалын, тауар қозғалысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

- стратегиялық индекс – фирманың тәртібін бағалау үшін қолданылады.

- коэффициенттер әдісі – мысалы, концентрация коэффициенті, пайдалы әсер коэффициенті, тартымдылық коэффициенті

- экспертті баға әдісі;

- қисық икем әдісі, өнімнің өзіндік құнының кері әсерін бейнелейді.

- өткерудің қисық реакциясы

- қисық оқу

- ранжирлеу.
Маркетингті талдаудың негізгі алға қойған мақсаты – өнімге деген сүұранысты оқып білу және тапсырысчтар пакетін формалау. Тапсырыстар портфеліне кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы және оның қолдану деңгейі байланысты болады. Сондықтан сұраныс талдауы үлкен мағынаға ие болады.
Сұранысты талдау процесінде бағаның өсу, мен сұраныс көлемінің қарқыны салыстырылады.

Сұранысты формалау факторларды оқып білу үшін корреляциялы талдау мәнінен тұрады.

Шаруашылық қызметінің тәжірибесі үшін сұраныстағы өзгеріс өнімнің нақты түріне қандай әсер ететінін білуі керек:

TR=P x Q ,

мұнда

TR- жалпы түсім.



P – тауар құны

Q – осы баға бойынша сатылған тауар саны.


Икемді сұраныс шарттарында бағаның төмендеуі сату көлемін бірден көтереді. Икемсіз сұраныста бағаның төмендеуі жалпы түсімді азайтады, сонда сатылым көлемінің кеңеюі – бағаның төмендеуінен шығын компенсациясы үшін жеткілікті болады.

Маркетингті талдау -

- кәсіпорынның функциалануының сыртқы ортасын оқып үйрену тәсілі

Стратегиялық матрица -

- фирманың рыноктағы позициясын сипаттайтын кеңістікті модель

Статистикалы әдіс -

- фирманың өзіндік мүмкіндіктерін бағалау үшін қатысты өлшемдерді қолдану, оның бақталастыққа бейімділігін, несиелі – қаржылық потенциал, тауар қозғалысының тиімділігі, фирманың рыноктағы меншігін анықтау және т.б.

Стратегиялы индекс -

- фирманың тәртібі туралы шешімді бағалау әдісі, фирманың позиция рейтингін анықтау.

Пайдалы әсер коэффициенті -

- пайдалы әсердің он құруға және қолдануға кеткен шығынына қатынасы

Тартымдылық коэффициенті -

-түсімнің тауар сатылымынан шығынға қатынасы

Қиғаш икем -

- өнімнің өзіндік құнының кері тәуелділігін бейнелейтін модель

Қиғаш оқу -

- шығындардың қатысты деңгейінің тауарларды сату (өткізу) көлемінен кері байланысты көрсететін, модель

Қиғаш реакция -

- тауар өндіру уақытының оның өзіндік құнынан өндіріс шығындарының өсуіне қарай төмендеу заңдылығын көрсететін, модель

Ранжирлеу-

- фирма үшін лайықты факторды таңдауға мүмкіндік беретін әдіс

Сұраныс -

- тауар көлемін сипаттайтын экономикалық категория

Икемділік -

- сұраныстың бағаның өзгеруіне дегенр сезімталдығының деңгейі.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары

1. Маркетингті талдау түсінігі.

2. Неге кез-келген кәсіпорын қызметі маркетингті талдаудан басталады?

3. Маркетингті талдау қандай есептерді шешеді?

4. Кәсіпорынның табысының максималды деңгейін қамтамасыз ету үшін маркетингті талдау жүргізудің мәнін көрсетіңіз.

5. Маркетингті талдау әдісі нені білдіреді?

6. Модель әдісін сипаттаңыз

7. Маркетингті талдау жасауда статистикалық әдістерді тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігін көрсетіңіз

8. Ранжирлеу тәсілінің маңызы неде?

9. Ранжирлеу тәсілінің маңызын көрсетіңіз?

10. Маркетингті талдаудағы эксперттті бағалау әдісінің қолдану облысын көрсетіңіз.

11. Маркетингті талдау жүргізу кезеңдерін атаңыз.

12. Рынок конъюнктурасының талдауы қалай жүзеге асырылады?

13. Сұраныс тәуелділігін көрсетіңіз жәнебаға сұранысын көрсетіңіз

14. Сұраныс пен ұсыныс икемділігін қалай есептейміз?

15. Кәсіпкерлердің сатылым мен табыс көлемінің сұраныс пен ұсыныстың түрлі икемділігі жағдайында бағаның өзгеруінен тәуелділігін көрсетіңіз.



Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000

Тақырып 5: Өнімдердің өндірілуі және өткізілуін талдау

1. Өнімдердің өндірілуі және өткерілуін талдаудың мәні мен міндеттері

2. Көлемі, құрылымы және ассортименті бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуын талдау

3. Өндірістің ырғақтылығын талдау

4. Өнімнің сапасын талдау
Нарықтық қатынастардың дамуы басқару қызметкерлерінің кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында басқару шешімдерін жасау мен қабылдауда жауапкершілігі мен жекешелігін жоғарылатады.

Нарықтық экономика кәсіпорындардан ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін, шаруашылықтанудың және өндірісті басқарудың тиімді нысандарын енгізу, шаруашылықсыздықты игеру және т.б. негізінде өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуын талап етеді. Бұл міндеттерді шешудегі маңызды роль басқаруды талдауға беріледі.

Қазіргі кезде кәсіпорындар өздерінің қызметін өздігінше өнімді тұтынушылар және материалды техникалық ресурстармен жабдықтаушылармен жасалынған келісім-шарт негізінде жоспарлайды және өндірілетін өнім, жұмыс пен қызметке деген сұраныс және кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің жеке табысын жоғарылату қажеттілігінен даму перспективаларын анықтайды.

Кәсіпорындар өздерінің қызметінде тұтынушылардың мүдделерін және жабдықталатын өнімдер мен қызметтер сапасына деген олардың талаптарын ескеруі қажет.

Өндірістік бағдарламаны құрастыру және орындау барысында қаржылық-экономикалық салдарлары көзқарастары тұрғысынан оны жүзеге асыру перспективаларын бағалау қажет. Мысалы, материалдарды ауыстыру, басқа кәсіпорындардан жартылай фабрикаттар немесе құрастырушы бұйымдар сатып алу, қосымша келісім-шарттар жасау немесе бұрын жасалған келісім-шарттан бас тарту кезінде өндіріс көлемінің өзгеруімен байланысты шешімдері есептеледі.

Нарықтық экономика жағдайында талдау объектісіне тек қана өндіріс процесі ғана емес, сонымен қатар өндірілетін өнімге тапсырыс алу және оның тұтынушымен келісілген баға бойынша төлемі. Бұл жерде өндірісті талдау және нарықты зерттеу мен бағалау процесі (маркетинг) бір біріне теңдей әсер етеді. Нарықтық қатынастарға өтудің бастапқы кезеңдерінде, нарықтың толықпаған кезінде кез-келген өндіруші не өндірсе, соны сатуына болатын. Бірақ жоғары сұранысқа бағытталған өндірістік бағдарламаны жасау кезінде нарық конъюнктурасы білімдерін қолданғандар көп экономикалық пайда алады. Сұраныстың жоғарғы бағасы үлкен пайданы анықтайды.

Нарықтың толығуы мен сандық сұранысты қанағаттандыру және бәсекенің күшеюіне қарай өндіріс емес өткізу кәсіпорынның мақсаттарын анықтайтын болады. Бәсекелік күресте кәсіпорын не сата алатын болса соны өндіруі керек немесе мүлде ештеңе өндірмеуі керек. Пайданы жоғарылату факторлары ретінде өндірілетін өнім құрылымы мен көлеміндегі өзгерістер өнімнің сапасын жоғарылатуға біртіндеп жол бере бастады (пайдаланудың сенімділігі, тиімділігі, қызмет көрсетудің ыңғайлылығы, баға төмендігі және т.с.с.).

Өнімдердің өндірілуі және өткерілуін талдаудың мақсаты мен міндеттері

- жалпы, тауарлық және өткізілген өнім көлемінің көрсеткіштері бойынша бизнес-жоспардың орындалу дәрежесіне баға беру;

- өндірістің негізгі көрсеткіштері – көлемі, ассортименті, құрылымы, сапасы және ырғақтылығы бойынша динамикасына баға беру;

- жоспарлардың, жоспарлық көрсеткіштердің баланстылығын және тиімділігін, олардың жүктемеленуі мен нақтылығын тексеру;

- өнімді өндіру мен өткеру көлемінің көрсеткіштеріне негізгі факторлардың әсерлері дәрежесін анықтау;

- өнімнің өсуінің қарқынын жоғарылату, оның ассортименті мен сапасын жақсарту үшін ішкі резервтерді қолдану бойынша тиімді іс-шаралар жасау;

Өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын талдауды өнім шығару көрсеткіштерін зерттеуден бастайды (себебі өндіріс шығындары, пайда мен рентабельдік көлеміне әсер етеді).

Өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемі мынадай өлшемдермен көрсетіледі:

Құндық


Өнім өндіру көлемін жалпылама сипаттау үшін қолданылады Натуралдық

өндірістік бағдарламаның орындалуын бағалау үшін қолданылады Шартты-натуралдық

Өнім өндіру көлемін жалпылама сипаттау үшін қолданылады

Өнім өндіру көлемінің жалпылама көрсеткіштерін көтерме бағалар – құндық бағалау көмегімен алады.

Өнім өндіру көлемінің негізгі көрсеткіштері:

Жалпы өнім

Тауарлық өнім

Сатылған (өткерілген) өнім

Жалпы өнім – бұл аяқталмаған өндірісті қосқандағы барлық өндірілген өнім және орындалған жұмыстар. Тапсырыс берушінің шикізатымен өнім өндірген кезде тапсырыс берушінің шикізаттары мен жұмыстар қосылады.

Тауарлық өнім – жалпы өнімнен айырмашылығы бұған аяқталмаған өндірістің қалдығы, тапсырыс берушінің шикізаттарының құны қосылмайды.

Сатылған (өткерілген) өнім – сатып алушыларға жөнелтілген өнімнің құны. Әрекеттегі (келісімді, көтерме) бағалармен есепке алынады.

Өнімдердің өндірілуі және өткерілуін талдаудың ақпараттық көздері:

- кәсіпорынның бизнес-жоспары;

- оперативтік жоспарлар-графиктер;

- бухгалтерлік есеп беру;

- статистикалық есеп беру;

Өнім шығару және сатудың орташа жылдық өсу қарқынын орташа геометриялық және орташа арифметикалық шамалары бойынша анықтауға болады.

Оны орташа геометриялық шама бойынша есептейміз:

=%,

%.

=1,0055, %



Берілген мысалда өнім шығарудың орташа жылдық өсу қарқыны 0,65%, ал өнімді сатудың орташа жылдық өсу қарқыны 0,55%.

Өнім ассортиментіндегі өзгерістердің қорытынды сипаттамасы ассортимент бойынша жоспардың орындалуына есептелінген өнім өндіру көлемінің жоспарлық (базистік) өнім шығаруға қатынасымен анықталатын осыған аттас коэффициент береді. Бұл жерде ассортимент бойынша жоспардың орындалуына әрбір түрлері бойынша нақты өнім шығару есептелінеді, бірақ жоспарланғаннан жоғары емес.

Оның шамасы кәсіпорынның ассортименттік саясатында маңызды өзгерістер болғанын көрсетеді: бірінші бұйымды шығару біршама көбейді, екінші бұйымды шығару қысқарды.

Бір өнім түрлері бойынша өндіріс (сату) көлемінің көбеюі және басқа өнім түрлері бойынша қысқаруы оның құрылымындағы өзгерістерге әкеп соғады, яғни бір өнім түрлерінің үлес салмағы өседі, ал басқалары – азаяды.

Өнім өндірісі мен өткізу құрылымының өзгеруі барлық экономикалық көрсеткіштерге үлкен әсерін тигізеді: құндық бағаланған шығару көлемі, материалсыйымдылығы, тауарлық өнімнің өзіндік құны, пайда (табыс), рентабельдік. Егер қымбаттау өнімнің үлес салмағы көбейсе, онда құндық өлшемдегі оның шығару көлемі өседі, және керісінше.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары

1. Өнімдердің өндірілуі және өткерілуін талдаудың мәні мен міндеттері

2. Көлемі, құрылымы және ассортименті бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуын талдау

3. Өндірістің ырғақтылығын талдау

4. Өнімнің сапасын талдау

Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000
Тақырып 6: Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау


  1. Шаруашылық субъектінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау

  2. Жұмыс уақытын пайдалануды талдау

  3. Еңбек өнімділігін және өнімнің еңбек сиымдылығын талдау

  4. Еңбек ақыға қаржылардың пайдаланылуын талдау

Еңбек көрсеткіштерін зерттеу үшін келесі негізгі міндеттерді шешу керек:

- кәсіпорынның мамандармен қамтамасыз етілуін және олардың қозғалысына баға беру;

- еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеу және бір жұмысшының еңбек өнімділігіне әсер еткен факторлардың шамасын есептеу талдаудың қарапайым әдістері бойынша;

еңбек сыйымдылығына баға беруі еңбек өнімділігінің өсу резервтерін шешу. Жұмыс уақытының тиімді пайдалану есебінен;

- еңбек ақы қорының үнемді пайдалануын зерттеу қызметкер категориясы бойынша және орташа жылдық қызметкердің еңбек ақысы бойынша;

- еңбек ақы қорының үнемді пайдалануының резервтерін шешу;

- өнімнің өсу резервтерін шешу.

Осы негізгі міндеттерді шешу үшін келесі ақпараттық базасын қолданамыз:
Ү.N1-ПФ, Ү.N1-Т, Ү.N1, Ү.N2.
Шаруашылық субъектінің өнім өндіру жөніндегі жоспардың орындалуы басқа керекті жағдайларға қоса адам құрамының толық болуымен оны қажеттілікке сай келуіне байланысты болады. Шаруашылық субъектінің бүкіл қызметкері екі топқа бөлінеді:

-өнеркәсіптік-өндірістік

-өндірістік емес

Өнеркәсіп өнімін дайындау процесіне тікелей қатынастардан өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге

-жұмысшылар

-қызметкерлер жатады.


Осы себептен еңбек жөніндегі тапсырмалар орындалу көрсеткіштеріне зерттеу шаруашылық субъектінің жұмысшы күшімен қамтамасыз етілуін талдаудан басталады. Мұның өзі бүкіл шаруашылық субъекті бойынша қызметкердің топтарымен қызметкерлердің категориялары бойынша іс-жүзіндегі мәліметтерді өткен жылғы көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Шаруашылық субъектіде өндірісте еңбек етіп жүрген жұмысшылармен қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санын өткен жылмен салыстыру керек. Топтар бойынша және жұмыс істеушілердің категориялары бойынша қызметкердің саны өндіріс көлемінің және басқа да жағдайларда өзгеруіне сәйкестендіріліп отырады. Шаруашылық субъектінің жұмыс күшімен қамтамсыз етілуін төменде талданатын шаруашылық субъектінің мысалында қарастырамыз.
Кәсіпорынның қызметкерлермен қамтамасыз етілуін талдау.
Құрамы

2002ж. 2003ж.

өзгеруі (+,-)Саны, адам үлесі, % қызметкерлер саны, барлығы

соның ішінде:

а) жұмысшылар

б) қызметкерлер

соның ішінде:

-басшылар

-мамандар

-басқалары

Кестеде берілген мәліметтер бойынша қызметкерлер саны 37 адамға кеміген, оның кемуі жұмысшылардың 39 адамға кемуіне және қызметкерлердің санының 2 адамға өсуіне байланысты. Жұмысшылардың өндіріске қатынасы тікелей болғандықтан олардың кемуі, үлес салмағының 12,2 %-ке азаюы, яғни өндірістің жұмысшылармен қамтамасыз етілмеуі кәсіпорынға кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық субъектісінің қызметкерлерінің қозғалысына (қабылданған саны бойынша, жұмыстан шыққан саны бойынша, тұрақтанушылық коэффициентіне) көп көңіл бөлінеді.

Ү.N1-Т мәліметтері бойынша жұмыс күшінің қозғалысына баға береміз.

Кәсіпорындағы қызметкерлердің қозғалысын талдау.

N

Құрамы


2002ж.

2003ж.


Ауытқуы (+,-)

1

2



3

4

Есеп беру жылының басына тізім бойынша саны, адам



Жұмысқа қабылданғандар саны, адам

Жұмыстан шыққандар саны

Кестедегі мәліметтер бойынша есеп беру жылының басында тізім бойынша еңбеккерлердің саны 94 адам болған. Жұмысқа қабылданғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 39 адамға кеміген. Жұмыстан шыққандар саны 2 адамға көбейді. Соның есебінен есеп беру жылының соңында қызметкерлердің жалпы саны 49 адамды құраған.

Еңбек өнімділігінің артуы жұмыс уақытының пайдалануына байланысты, жұмыс уақытын пайдалануын талдау 2 бағытта жүргізіледі.


- жұмыс уақытын жоғалтуларды ашу;
- оны тиімсіз пайдалануы.
Негізгі мәліметтер көздері талдау жүргізу үшін Ү.N1-Т ‘’Еңбек ақы есебі туралы есеп беру’’ 5 бөлімі қолданылады. Бұл есеп формасында жұмыс уақытын пайдалану жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.

Еңбек өнімділігі өндіріс тиімділігін арттырудың және қызметтің өзіндік құнын кемітудің маңызды факторы болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз- жұмыс уақытының бірлігінде шығарылған өнім көлемі, ал оған кері көрсеткіш өнімнің еңбек сыйымдылығы болып табылады.


Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері:

-ақшалай көрініс бойынша

-натуралды (заттай) көрініс бойынша көрсетіледі.

Еңбек өнімділігінің артуы объективті заңдардың бірі болып

табылады.
Еңбек өнімділігінің деңгейі - жалпылама көрсеткіш, яғни өнімнің өсімі еңбек өнімділігінің өсуіне тәуелді.

Шаруашылық жүргізу субъектісінің жұмысының өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі еңбек өнімділігі мәніне қарай келесі негізгі міндеттер анықталады:

- еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырманың орындалу дәрежесін анықтау;
- еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырманың орындалу және өнімінің өсуін анықтау;

- еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау;

- еңбек өнімділігінің өсу резервтерін шешу, табу және оптималды басқару шешімдерін қабылдау.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің еңбек өнімділігінің өсуі

жөніндегі жоспарды өңдеу кезінде негізгі көрсеткіш 1 жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі болып табылады. Осы көрсеткіштерді зерттеу үшін келесі ақпараттық базаны қарастырамыз.
Еңбек өнімділігінің деңгейін талдау.

N

Көрсеткіштер



2002ж.

2003ж.


Ауытқуы (+,-)

Өсу қарқыны%

1

2

3



Өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен кіріс, мыңтг

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам

Бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі, тг
Мына кестедегі берілген мәліметтер бойынша өткен жылмен салыстырғанда қызметкерлердің жалпы саны 37 адамға азайған. Оның азаюы жұмысшылар өткен жылмен салыстырғанда 2003ж. 39 адамға кеміді, жұмысшылардың санының үлес салмағы жоғары болған. Сонымен қатар өнім сату бойынша кірістің төмендеуімен байланысты бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 143,4 теңгеге төмендеп кеткен.

Еңбек ақы қорын үнемді пайдалану резервтері. Бұл сұрақты ашу үшін Ү.N1-Т ‘’Еңбек ақы есебі туралы есеп беру’’ 1 бөлімі қолданылады. Еңбек ақы қорының тиімді пайдалануына баға беру үшін келесі кестені құрамыз. Осыған сәйкес еңбек ақы қорының құрамын зерттейік. Ол үшін Ү.N1-Т ‘’Еңбек ақы есебі туралы есеп беру’’ 4 бөлімі қолданылады.

Еңбек ақы қорының құрамын талдау.

N

Құрамы



2002ж.

2003ж.


Ауытқуы

(+,-)


1

2

3



Еңбекақы қоры, барлығы

Тарифтік ставка бойынша төленгені

Жұмыс істелмеген (еңбек демалысы) уақыт

төлемі


Кесте мәліметтері бойынша, еңбекақы қорының негізгі бөлігін тарифтік ставка бойынша төленген еңбекақы құрайды. Ол базистік жылы 7413,0 мың теңге болса, есеп беру жылы 2897,2 мың теңгені құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда есеп жылында 4515,8 мың теңгеге төмендеп кеткен. Сонымен бірге жұмыс істелмеген (еңбек демалысы) уақытына төлемдері есеп жылында 261,5 мың теңге құраған, өткен жылмен салыстырғанда 43,5 мың теңгеге азайған. Бұған әсер еткен факторлардың бірі қызметкерлердің жылдық орташа еңбек ақысының 27,0 мың теңгеге кеміп есеп жылында 49,4 мың теңгені құрағаны болып отыр.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары


  1. Шаруашылық субъектінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау

  2. Жұмыс уақытын пайдалануды талдау

  3. Еңбек өнімділігін және өнімнің еңбек сиымдылығын талдау

  4. Еңбек ақыға қаржылардың пайдаланылуын талдау


Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау